Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:51

САЯСАТ

Желтоқсан оқиғасынан бері 23 жыл өтсе де қазақ қоғамында арылу дәстүрі қалыптаспады

Қазақстанда өткен кезеңдегі күнәлар үшін кешірім сұрап, одан арылу дәстүрі әлі күнге қалыптасқан жоқ. Желтоқсан оқиғаларынан кейінгі 23 жыл ішінде ондай қадам жасауға бір ғана адамның батылы барды. Ол – биліктен оппозицияға өткен саясаткер еді.

Совет милициясының сержанты мен наразылық шеруінен ұсталған адам. Алматы, желтоқсан, 1986 жыл. Алматыдағы орталық мемлекеттік мұрағаттағы сурет.
x
Совет милициясының сержанты мен наразылық шеруінен ұсталған адам. Алматы, желтоқсан, 1986 жыл. Алматыдағы орталық мемлекеттік мұрағаттағы сурет.
Мәтін көлемі - +
Жұлдыз ТӨЛЕУ
ЖАРМАХАННЫҢ ЖАЛҚЫ ІСІ

Осыдан 23 жыл бұрын алаңға шыққан жастарды «нашақорлар, бұзақылар, маскүнемдер» деп айыптаған Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінде, заң органдарында белді қызметте жұмыс істегендер мен комсомол жастар одағының белсенділері – бүгін тәуелсіз Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғалары.Совет заманында қуғын-сүргіндерге атсалысқан, ал қазірде Қазақстанның билік басындағы тұлғалар бір кездегі іс-әрекеттері үшін күні бүгінге дейін ар алдында тәубаға келіп, кешірім сұраған емес. Керісінше, олар өздерін, сол кездегі істегендерін барынша ақтап алуға тырысты.

Жармахан Тұяқбай (сол жақтан екінші) және басқа оппозиция қайраткерлері Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың құрметіне ілінген тақтайша алдына гүл шоқтарын қойды. Алматы, 17 желтоқсан 2008 жыл.
Әзірге Қазақстанда Желтоқсан оқиғасы кезіндегі іс-әрекеттері үшін қоғам алдында, жазықсыз жазаланып түрмеге отырғызылған кісінің алдында кешірім сұраған бір-ақ адам бар. Ол – «Азат» социал-демократиялық партиясының теңтөрағасы Жармахан Тұяқбай. Ол Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргінге мемлекеттік айыптаушы органның өкілі ретінде қатысқан.

Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі – бүгінде мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан. Ол Алматыдағы оқиғаларға қатысқан жастарға қарсы жазалау шараларын жүргізгендерден ешкім осы күнге дейін өзінен кешірім сұрамағанын айтады. Бірақ соған бола, өткенді қазбалаудың қажеті жоқ деп есептейді ол.

– Желтоқсан оқиғасында мен алаңға шыққан кезде билікті былай қойғанда Алматыдағы жақын туыстарым, қандас бауырларымнан мені жазғырған, сол кездегі билік режимін қорғап, жақтаған сөздерді естідім. Осы оқиғадан кейін олар мені үйлеріне жолатқысы келмеді. Солар қазір аман-есен жүр. Мен қазір енді соларға «кезінде маған қарсы болдың, күстәнәлап едің» деп көзге шұқып жатсам, не болады? Олай болса елдіктен кетеміз, – деді Бекболат Тілеухан Азаттық радиосына.

АР АЛДЫНДА АҚТАЛУ

Оппозициялық саясаткер, экс-сенатор Зәуреш Батталова қазіргі билік өзгермей қоғамда өткеніне өкініш білдіріп қателіктерден арылу, яғни кешірім сұрау процесі жүрмейді дейді.

– Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастарды «нашақорлар» деп кінәлаған адамдардың бәрі басшыға жалтақтап, президент
Алаңға шыққан жастарды «нашақорлар» деп кінәлаған адамдардың бәрі басшыға жалтақтап, президент тарапынан қандай іс-қимыл болады, соған қарап икемделеді.
тарапынан қандай іс-қимыл болады, соған қарап икемделеді. Олар жеке өз бетінше саяси шешім қабылдай алмайды. Кешірім сұрауды – биліктің саясатынан тыс кету деп қабылдайды. Оқиғаға қатысы барлардың кешірім сұрауға ерік-жігерлері жетпейді. Демек, халықтан жасыратын бірдемелері бар деген сөз, – дейді Зәуреш Батталова.

Тағы бір экс-сенатор, оппозициялық саясаткер, «Кенесары» қоғамдық қорының төрағасы Уалихан Қайсар да Желтоқсан кезінде бейбіт азаматтарға қарсы жасалған істерге араласқандардың кешірім сұрай алмауларының себебін былайша түсіндіреді.

– Менің ойымша, олар Желтоқсанға Назарбаевтың тікелей қатысы бар екенін біліп, Назарбаевтан қорқып, кешірім сұрай алмайды. Егер олар халықтың алдына шығып, кешірім сұрайтын болса, онда олар билік үшін жат болып шыға келеді. Тағы бір себебі, қазіргі билікте отырған адамдардың көбі – қорқақтар. Ондайлардың өз тәуелсіз азаматтық көзқарасын білдіруге қабылеттері жоқ, – дейді Уалихан Қайсар.

КЕШІРІМ СҰРАУ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНАН АЛЫСТАП КЕТКЕН

«Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов қуғын-сүргінді қолдан жасауға қатысқан қазақ билігінің бүгінгі үнсіздігінің себебін, олардың коммунистік партияның идеологиясымен ауызданып өскендігімен байланыстырады.

– Бізде тіпті әлі күнге дейін советтік жүйеге саяси баға берілген жоқ. Тіпті, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне дейін, миллиондаған халықты қырған совет режимінің, сұрапыл қуғын-сүргін заманының өзіне саяси баға беруден біздің билік алыс жүреді. Бұған, бір
Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыда 1986 жылы желтоқсанда шеруге шыққан жастарды бастап жүргені туралы айтқанын мысқылдайтын сатиралық сурет. Оның жанында Михаил Горбачев пен Борис Ельцин бейнеленген. «С-Демократ» тәуелсіз газетінде 1992 жылы шыққан сурет. Басылым шығарушысы және редакторы – Андрей Свиридов.
жағынан, билікте әлі күнге дейін Коммунистік партияның, комсомолдың тәрбиесін алған адамдардың отырғанының әсері бар. 1986 жылы желтоқсанда билік жүйесінде басшы қызметтерде болған адамдар енді қазір өздерін сол кезде жастарға қорған болып, басқаша қимыл жасаған қылып көрсеткісі келеді.

Әлихан Байменов өткендегі күнәлары үшін кешірім сұрап, одан арылу дәстүрі Сталиннің шекпенінен шыққан кейбір постсоветтік елдерде әлі күнге қалыптаспай отырғандығын айтады.

– Бүгінде Ресейдің бірқатар тарихшылары XX ғасырдағы тоталитарлық жүйені ағартып алуға тырысып, «Ресей ешкімнің алдында ақталуға тиіс емес» деп жазып жүр. Ал сталинизмнің жасаған адамзат болмысына қарсы жантүршігерлік қылмыстары үшін ешкім кешірім сұраған жоқ, – дейді «Ақ жол» партиясының төрағасы.

Биыл Алматыда Желтоқсан оқиғаларын еске түсіру күндері әртүрлі оқиғаларға толы болды. Қазақстан үкімет Қытайға бір миллион гектар қазақ жерін жалға береді екен деген қауесет қоғамды дүрліктірді. Бұған қоса, әлдекімдер жастарды желтоқсанның 17-күні Республика алаңына наразылық акциясына шақырып электронды хаттар мен sms-хабарландырулар таратты.

Алматы әкімінің орынбасары Виктор Долженков наразылық акциясы кезінде журналистерге түсініктеме беріп тұр. «Республика» газетіндегі сурет.
Бір атап өтер жайт, желтоқсанның 16-17 күндері Республика алаңында биліктің атынан халықпен бетпе-бет кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов шығып жүрді. Ол жанындағы өзге адамдармен бірге алаңға жиналған жүздеген адамды сабырлылық танытуға, арандатушылық әрекеттер мен кикілжіңге жол бермеуге шақырумен болды.

Бұл күндері Республика алаңынан қала әкімінің тағы бір орынбасары Виктор Долженков көзге шалынбады. Қазіргі кезде ол қала әкімдігінде экономика және өнеркәсіп салаларының жұмысын үйлестіреді.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары кезінде Виктор Долженков Алматының Фрунзе аудандық атқару комитетінің төрағасы болатын. Сол кезде шеруге шыққан қазақ жастары мен оларды күшпен басуға биліктің жіберген әскер арасындағы қан-жоса қақтығыстар сол ауданның аумағында болған-ды.

Виктор Долженковтың есімі Желтоқсан оқиғасын тексеру үшін құрылған парламенттік комиссияның қорытындысында жастардың бейбіт жиынын күшпен басып, қуғын-сүргін ұйымдастырған жауапты тұлғаларды анықтау мақсатында жасалған тізімде аталды.

Бірақ көп ұзамай, қоғамда «Мұхтар Шахановтың комиссиясы» аталып кеткен осы парламенттік комиссия таратылып, жұмысы жол ортада қалып қойды. Әйткенмен, Қазақ ССР Жоғары Кеңесі құрған сол комиссиясының әлгі айтылған «қара тізімінің» қалай жасалғандығы да сауалдар туғызады. Мысалы, сол тізімге енген Виктор Долженковтың сол замандағы тікелей басшылары ол тізімге кірмей қалды. Алайда бұл жайында қоғамға ешкім ешқандай түсінік бермеді.

Кейбір саяси күштер 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының шынайы себеп-салдарын анықтау мақсатындағы зерттеу жұмыстарын аяғына жетпей тоқтату үшін біршама күш-жігерін жұмсады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: белгісіз
19.12.2009 19:44
+0 / -0
жалгыз Жармакан Туйакбай емес Заманбек Нуркаділовта халыктан кешірім сұраган, точно білем, митингта
Пікір алмасу

Кімнен: аса
19.12.2009 21:25
+0 / -0
Нұркадилов желтоқсан үшін емес, Алматының әкімі болып тұрған кезде НАН заказы бойынша Советский аудандық советін өзін өзі таратуды ұыймдастырғаны үшін халықтан кешірім сұрады, сол сценарий бойынша НАНға мықты оппозицияда болған Жоғары совет таратылды. Серикболсын Адбильдинді солайша нейтрализовать етті. Ал оның орнына сайланған Жоғарғы совет те көп тұрған жоқ, онда да тәуелсіз, оппозиция депутаттар аз болған жоқ, солардан қорыққан НАН Таня Квятковская деген өзінің жансызын пайдаланып таратты. Депутаттардың кейбірі келіспей наразылық білдіріп, аштық жариялады. Бірақ оларды сол парламентте төраға болған жазушы Абиш Кекильбай сатып кетті. Абиш ана жолы 70ке толды, НАН оған Герой турда деген темір тақты кеудесіне, арқасынан қақты, Абиш жылап НАНнын колынан суйді жабысып елдің көзінше. Они вдвоем задушили в свое время ростки демократии в нашем молодом государстве, олардын кара істерін кейінгі жастар білуі керек. Олар тіпті енді жүз жерден жалынып кешірім сұраса да арыла да, құтыла да алмайтын қараниет істер жасаған
Пікір алмасу

Кімнен: Сұрақ
20.12.2009 01:55
+0 / -0
Осы Әбіш Кекілбаев Қалетаевтың әкесі емес пе? Екеуі Қазақстанның екі бұрышынан болса да, бір-біріне қатты ұқсайды. Әсіресе, сөйлеген кезде, ауыздары. Мінездері де, біреуді мақатағанда жан-тәнімен беріле сөйлеген сөздері де.
Пікір алмасу

Кімнен: Сұрақ
20.12.2009 02:45
+0 / -0
Біздің шалдардың бәрі аңқау ғой деймін. Немесе аферист, өздерінің жеке басы үшін өтірік "ауыш" болып, НӘН-мен қулықтарын жарыстырып жүре беретін шығар?.

Кімнен: m Қайдан: Almaty
19.12.2009 19:50
+0 / -0
ол кезде Долженков түгіл, Назарбаевтың қолынан да түк келмейтін
Пікір алмасу

Кімнен: Сұрақ
20.12.2009 02:35
+0 / -0
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
Кімнен: m Қайдан: Almaty
Сіздің бұған қосарыңыз
19.12.2009 19:50
ол кезде Долженков түгіл, Назарбаевтың қолынан да түк келмейтін
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Менің бір таңқалатыным, біздің Қазақстанда, именно қолынан түк келмейтін, білімі таяз, тіптен заочно "оқыған", мәдениетсіз адамдар ғана өседі. Шамасы олар пара алудан, пара беруге арланбайтындықтан болса керек. Мекемеде бір білімді адам болса, қалғандары оны "ещак" қылып, мойнына мініп алып, соған бар жұмысты істетіп, өздері тек пара алу, пара беру жұмыстарымен ғана айналысады. Ондай арсыз адамдар өзінің әрекетінің дұрыс, дұрыс емес екенін де ажырата алмайды. Егер, өз кінәсін түсінбесе, мойындамаса, одан кейін ондайлар кешірім сұрауды қайдан біледі?

Кімнен: Мен Қайдан: Басқа планетадан
19.12.2009 19:58
+0 / -0
Покаяние - қазақ тілінде арылу емес, тәубеге келу, райдан қайту деген мағынаны білдіреді. Және т.б. атаулары болуы мүмкін.
Ал биліктегілердің райдан қайтпауы, тәубеге келмеуі түсінікті. Өйткені қолдары қанға малынған.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
19.12.2009 21:07
+0 / -0
Депутат Бекболат Тілеухан мырза! Бірақ соған бола, өткенді қазбалаудың қажеті жоқ деп есептейді екенсіз. Айтқан сөздеріңізге жауап бере аласыз ба? "Соған бола"-ны қалай түсінсе болады? Мұхтар Шахановқа Мәскеуде 17 күні орыс офицері 168 адам өлді деген хабар берілді. Ол тек 17 күні ғана өлтірілгендер! Ал кемтар болып қалған, соққыға жығылған, түрмеге жатқызылған, жұмыстан орындары мен оқу орындарынан қудаланған жастар, тағысын тағы қазірге дейін ақпарат көздерінде айтылып жатыр. Сол қыршынынан қиылған қандастарымыздың бір ананың жалғызы, бір ананың еркелері Енді олардың орынын қалай толтырмақсыз? өткенді қазбалаудың қажеті жоқ деп па? көзге шұқымайм, сол өлімге себепшілер тіпті кешірім де сұрауға шамалары келмейтіндер, билікте отыруға лайық па??
Пікір алмасу

Кімнен: Сакен
19.12.2009 21:49
+0 / -0
Бекболат Тілеухан ешқашан Назарбаевқа сын айта алмайды, кишка тонка! Ана жолы хандар ескерткіші туралы скандал болғанда журналистер оған сұрақ қойып еді бұтына жіберіп қоя жаздап, ештеңе демей тұра қашты. Ал қазіргі шығып жатқан фильмдер туралы мақаласын оқыңдар, тура көк долы қатынның бейбастақ сөздері секілді, анадай сөздер әнші, депутаттан емес мәдениеттен жұрдай біреудің айтатыны. Бекболат сарай әншісі ғана, только и всего.
Пікір алмасу

Кімнен: ЛОХ
20.12.2009 02:08
+0 / -0
Сакен, Бекболатты сарай әншісі деп дұрыс айттың. Бекболат пен НӘН-нің өлең жазғандағы мәнерлері бірдей. Соған қарағанда, Бекболатқа өлеңді НӘН жазып береді, немесе керісінше.
Бекболат та қызық адам, айтқан сөзі мен істеген ісі бір-біріне қарама-қайшы. Мен оны қандай адам екенін түсінбей-ақ қойдым. Бұл екеуі халықты "ЛОХовать" еткенде бірі бірінен асып түседі.
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат
20.12.2009 03:03
+0 / -0
Желтоқсан үшін ешкімге кешірім сұратудың қажеті жоқ. Уақыты келгенде, оларды үнемі қатал жазалап отыру керек. Өйтпсе, ертең тағы да кешірім сұрай саламыз ғой деп, қазақ халқына генеоцид жасала береді. Қазақ халқының қырылғанын еске алу күнін арнайы белгілеп, қаулы, заң шығарып қою керек.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.12.2009 22:09
+0 / -0
Біздің Ата заңымыз Қазақстан Конституциясы бойынша және "Тұңғыш президент" туралы заң бойынша республиканың президенті (әлі күнге дейін бізде бұл екеуі бір адам екенін білесіздер) жасаған істері үшін, тек жалғыз бір жағдайда ғана, яғни "СОҒЫС УАҚЫТЫНДА МЕМЛЕКЕТКЕ ОПАСЫЗДЫҚ" істесе ғана қылмыстық жауапқа тартылады, ал басқаларына жауап бермейді дегенді енгізіп тастаған. Ол не үшін?

Желтоқсан көтерілісі тұрмақ, қазір бүкіл жұртты қырғызып тастаса да оны жауапқа тарта алмайсың, себебі Ата заң мен өзге заңдарда солай жазылған. Сондықтан, Шахановтікі дұрыс, артты қысып, тыныш отырғаннан басқа амал жоқ қазақтарда

Пікір алмасу

Кімнен: Азамат
20.12.2009 03:15
+0 / -0
Өзінің қалауы бойынша заңсыз "Заң" шығарып алғанда, ол "Заңының" заңсыздығын халық дәлелдей алмайды деп отырмысың? Бір ғана мысал: "Тұңғыш президент туралы" Заңның алдындағы жасалған заңсыздықтары да бір төбе. Қазақстанда заң жоқ. Заң деген бір адамның ішкі түйсігі, болды, басқа ештеңке емес.

Кімнен: Қомшабай Қайдан: ЖАҢАӨЗЕН
19.12.2009 22:34
+0 / -0
Бекболаттың "өткенді қазбаламау керек" деп кімді қорғаштап тұрғаны түсінікті.Ол не деген сөз,әділеттілік қайда,мұсылманшылық қайда.Бекболат кезінде желтоқсанға қатысқанмен ,қазір сол желтоқсанда Алматыны қазақ жастарының қанына бөктіргендердің арасына сіңіп кетті,яғни сатылып кетті.Сол биліктегі қаныпезерлердің бұлбұлына айналды.Ал Әбіш ағамыз жөнінде айтуға сөзіміз шығын.Жерлесіміз деуге ұялатын жағдайға жеттік.Мұндайларды зиялы қауымның қатарына қоса алмаймыз,керісінше қоғамды,қазақты артқа,құрдымға тартушылар.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
19.12.2009 22:44
+0 / -0
Сарай әншісі болу оңай емес!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
19.12.2009 23:22
+0 / -0
168-ің не, К+тен екі үш күн болды беріліп жатқанына.... Қалдыбай Әбенов айтады;- Ұзындығы 800метр траншеядан қазақтың 2000 жас-бозбаласының өлігін таптық деп....

Кімнен: Желтоқсан Қайдан: ОҚО
19.12.2009 23:33
+0 / -0
Желтоқсандағы өлгендер мен барлық жапа шеккендер тізімін жинақтау қажет және барлығын газетке, болған оқиғалармен жариялау қажет. Халық білгені дұрыс. Таза шындыққа газетті жауып тастай алмас. Өмір мәңгі емес, әрбір ел басқарушылар кезегімен кейінгілерге орнын босатады. Бірақ ешкімнен қорықпай, бұрмаланбай өткен тарихымыз ақиқаты дұрыс жазылғаны тиіс.

Кімнен: балуанияз Қайдан: Ақтау
20.12.2009 00:20
+0 / -0
Тәуелсіздік келгеніне 18 жыл болды.Содан бері бізде билік өзгерген жоқ.1986 жылы басқа одақтас республикалар ұйықтап жатырғанда,қазақ жастары Мәскеудің әміршілдігіне бірінші болып қарсы шығып,еркіндікті,демократияны талап етіп бүкіл дүниені дүр сілкіндірген жоқ па еді.Сол қазақты демократияға дайын емес деп жүрген адам ,қандай қазақ.Түсінген адамға бұл қазақты кемсітушілік.Бойында қазақтың қаны бар адам айтатын сөз емес.Сол 18 жылда биліктің жасаған қылмысы көп,соның ішінде ең ауыры1986 жылы желтоқсанда бейбіт шеруге шыққан қазақ жастарын қанға бөктіріп басуы.Әділдік сұрап қыршын кеткен жүздеген,мыңдаған жастардың қаны ешуақытта кешірілмейтінін олар біледі.Әшкере болып жазаланудан,халықтың қаһарынан қүты қаша қорқады.Сондықтан да билікті бермейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2009 03:18
+0 / -0
Сол жылы әскери қызметін өтеп жүрген бір қырғыз солдаты еліне барғанда артынан жіберген "мақтау қағазын" кері салып жіберген деп баспасөзден оқып едім. Бізддің билік қарапайым солдат құрлы болмады. Не айтасыз! Қырғыз бауырымызға мың алғыс!

Кімнен: санжар
20.12.2009 09:22
+0 / -0
олардан ешкім де кешірім сұрамайды, ол тема қазір назарбай баласы отырған кезде жабық тема, сол кеткенде басқалар айта бастауы мумкін

Кімнен: Есімде Қайдан: Ескеалған
20.12.2009 11:41
+0 / -0
Арман барда дәрмен жоқ кезекдерді кезіп келе жатқанға оқсаймыз, алда екмың оныншы жыл, барымызды шашып қарсы алуға дайындалып жатырмыз. жоғардағы айтып жатқандарымызды мүлдем ұмыт қалдырып
келесі желтоқсанда қайта бастаймыз сүйтіп 23 жылды да арытқа тастаппыз. біздіде біреу жауынгер халықтың ұрпағы болған дейді-ау!
Батыр қыздарымызды 8 мартта неге еске алмасқа? 9 майда кеңес үкіметін қорғағандарды еске алғанша, қазақ мемілекетін құру жолында күрескен бергісі қайратқа дейін неге еске алмасқа?...

Кімнен: Сол жақтан Қайдан: Сол жақта
20.12.2009 15:57
+0 / -0
2000 адамның өлігі неге тексерілмейді? Жалпы қазаққа қырыла беруді маңдайына жазған. Осы режиссердың тірі жүргеніне таң қалам.

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА Қайдан: АСТАНА
03.01.2010 18:19
+0 / -0
Қандай пікір таласынан болмасын - Халқымызға, оның Тәуелсіздігіне - пайдасы тимесе, желбуаз және бірін-бірі мұқатқан жексұрын сөздер болып қала береді. Осынау, Тәуелсіздіктің 18-жылы көп нәрсенің бетін ашты. Ең бастысы - Қазақ халқының Үкіметі (Президенті, Парламенті, Сенаты) жоқ екенін, бүгінгі күнге дейін Ұлттық Идеологиясын жасай алмай отырған тобыр-мариенетка екендерін дәлелдеді. Аздап қана көздеріңіздегі ТОМАҒАНЫ сыпырып, ойланыңыздар шы?. Сонда, Мемлекетіміздің қай саласында кемшілік жоқ ? Бейне. жабусыз жатқан ҚАЗАН тәрізді. Оны кім жаламай жатыр. Тіпті Атазаңымызға жат - ассамблеяны пайдаланып,Автономия құруға дайындалушылар астыртын жұмыс жасауда?! Ал мынау "Ел бірлігі" деген доктрина Қазақ халқын қорлаудың ашық түрі. Оның үстіне мұны жазған адамдардың сауатсыз тәрбиесіздігі соншама, бұлардың фамилияларын жариялап, заңды түрде Ассамблиясымен қоса сотқа беру керек. Мынау ХХІ ғасырда екі түрлі Елбасқарудың құдіретін білмейтін адам - ЕЛБАСЫ болуға қақысы жоқ!
Біріншісі - тек Халық үшін қызымет ететін - БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ;
Екіншісі - ғылыми негізде жүргізілетін - ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ;

Бұл екеуі де Назарбаевтың жүйесінде жоқ ! Сонымен қоса НӘН-нің бағдар етіп ұстаған Батыста да жоқ ! Олай болса, біздің мемлекет өте ауыр жолда және қате бағдарда екенін мойындауымыз керек. Біздердің улап-шулап жүрген мәселе сымағымыздың барлығы да ұсақ екенін түсініп, иісі Қазақ болып, халқымызға жат Үкіметтен құтылмай, нағыз Тәуелсіз ел болуымыз мүмкін емес! Ендеше, екіге бөлініп алып, Әзілхан мен Мұхтарды мақтап-даттағанның өзі ұят! Елдік мәселені талқылағанда азаматтық деңгейде болғанымыз жөн. Ата-бабамыздың аруақтары қолдап, өз арамызда жүрген арсыздардың санасы оянса екен. Елі-жұртымызға бірлік, жігер, намыс келсін !!!...