Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:52

ҚАЗАҚСТАН

Желтоқсан құрбандарын еске алу жиынында сөйлеген қайраткерлер елді «тыныштық сақтауға» шақырды

17-желтоқсан күні Алматыдағы Республика алаңында тағы да жиын өтті. Тәуелсіздік ескерткішіне гүл шоқтарын қойған соң ел алдында сөйлеген саясаткерлер жұртты арандап қалмаудан сақтандырып, тыныш қайтуын сұрады. Жұрттың көбі бұл үндеуге құлақ асса, біраз жұрт сол жерде кешке дейін жүріп тарады.

Мәтін көлемі - +

ШАХАНОВ ТАҒЫ ДА ЖҰРТТЫ «АРАНДАП ҚАЛМАУҒА» ШАҚЫРДЫ

17-желтоқсан күні сағат 11 шамасында Алматыдағы Республика алаңына жүздеген адам жиналды. Олардың арасында Желтоқсан құрбандарына арнап гүл шоқтарын қоюға келген ұлт патриоттары мен саяси партия жетекшілері де болды.

Бір кезде, алаңдағы Тәуелсіздік ескерткішінің жанында үйіріліп тұрған жұртқа Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы жағынан
Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы жағынан Тәуелсіздік алаңына Қазақстанның әнұраны «Менің елім» әнін шырқап, қол ұстасып келе жатқан адамдар. Алматы, 17 желтоқсан 2009 жыл.
Қазақстанның әнұраны «Менің елім» әнін шырқап, қол ұстаса тізілген ондаған адам келіп қосылды.

Бұдан соң осы жердегі жекелеген адамдардан Қазақстан билігі тарапынан Қазақстан халқы ассамблеясы арқылы ұсынылған «Ел бірлігі» доктринасына, Қытайға қазақ жерін беруге қарсылық айтылған сөздер естіліп жатты.

Жиналғандардың толқуын басу үшін ортаға «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының жетекшісі, ақын Мұхтар Шаханов шығып, «Ел бірлігі» доктринасын респубилка бойынша талқылау тоқтатылғанын және ұлт патриоттары тарапынан билікке қойылған ұлттық мәселелер жөніндегі талаптар мен сұрақтаға билік жауап қайтарғанын атап өтті.

Мұхтар Шаханов өз сөзінде мемлекеттік тілге және басқа ұлттық мәселелерге байланысты Қазақстан билігі нақты іске кірісуге уәде еткенін айтты.

– Егер билік айтқан уәдесін орындамайтын болса, онда біз өзіміздің талаптарымызды алға қоямыз.Бәріміз ұлттық мүдде төңірегінде бірігейік. Бөлінбейік. Артық-ауыс қимыл болмасын жігіттер! Ең бастысы халық оянды. Бәріміз қазір құран оқиық. Сосын қайтайық, – деді Мұхтар Шаханов.

ЖЕР ТУРАЛЫ

Алаңға жиналған көпшіліктің алдында сөйлеген «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов Қытай 1 млн. гектар егіншілік мақсатта Қазақстаннан жалға беруді сұрап отырғаны жөнінде сөзді президент Назарбаевтың өзі қозғанын еске салды.

– Қытайға 1 млн. гектар жер берілетін болса, әр 1 гектар жерге 15 адам келіп жұмыс істесе, Қытайдан 15 млн. адам келеді. Бір жылда бір бала туса, 50 жылда 50 млн. адамға өседі. Онда бәрі бітті деген сөз. Сондықтан, жерді жалға беру туралы кім айтты? Назарбаев айтты. Ендеше, Назарбаевтың өзі шығып жердің ешкімге берілмейтінін айтсын! – деді Болат Әбілов.

Оппозиция жетекшілері Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл қоюға келе жатыр. Алматы, 17 желтоқсан, 2009 жыл.
Тәуелсіздік ескерткішінің алдында Желтоқсан оқиғасы құрбандарының аруақтарына Құран оқылып, дұға бағышталды. Жиын барысын полицияның қалың күші бақылап тұрды, алаң арқылы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Бұдан кейін саясаткерлер осында жиналған жүздеген жұртпен бірге 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың құрметіне ілінген тақтайша алдына және 2006 жылы күзде ашылған «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Аталған шаралардан кейін халық біртіндеп тарқай бастады. Әйткенмен, жұрттың бір бөлігі Желтоқсан мен Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы «Тәуелсіздік таңы» ескерткішінің маңында бірнеше сағат бойы тұрды.
Полицейлер Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға жиналған халықты бақылап тұр. Алматы, 17 желтоқсан 2009 жыл.

Сонымен бірге Республика алаңында ондаған адам өздерінің «Ел бірлігі» доктринасы мен жерді жалға беруге қарсы екендіктерін айтып, оны билікке жеткізу үшін осы жерге Алматы қаласы әкімшілігінен арнайы өкіл келуін талап етті.

Бірақ та, жиналғандарды үш қатар қоршаған полиция қызметкерлері оларды Республика алаңындағы Тәуелсіздік ескерткішінің алдынан тықсырып алаңның шетіне шығарды. Дауыс зорайтқышпен сөйлеген құқық қызметкері монумент маңына тазалау жұмыстары жүретіндіктен алаңның сол тұсын босатуды сұрады.

Алаң шетіне ығыстырылған жұрт қас қарайғанда бір-ақ тарқасты.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
17.12.2009 23:27
+0 / -0
Меніңше бұл жолы желтоқсаншылар жеңіске жетті! Жендеттердің қарқыны басылған... Жиналғандар арандату әрекеттеріне ұрынбады. Алаңда ішінара мәдениет әдебиет өнер қайраткерлері де бой көрсетті. Лайым осылай болғай!

Кімнен: қажы мұхамбет қаракедей Қайдан: иран . горган
18.12.2009 00:16
+0 / -0
Ағайынның азары болса да безері болмас дегендей , бйліктегілер елдің
сесін естіп оған мән берер сияқты ғой . Сонымен ымыраласып бітісу керек . Мұса пайғамбар (ғ.с.) да құдаймын деп дандайсыған пырғауын-
мен де жәймен сөйлеуге тура келді деген хабар бар Құран кәрімде .Ар-
уақтарына дұға бағышталған Желтоқсан құрбандары да бір аударылып
қалмады ма екен ?!

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
18.12.2009 08:13
+0 / -0
Желтоқсан оқиғасына қоса Тәуелсіздік күнін де айту керек еді. Тәуелсіздік күнін Желтоқсанға әкеп танғаны үшін билікке осылай наразылық көрсетіп айтпай қою дұрыс емес. Жылында бір келетін жалғыз мерекемізді қақаған сары аязда тойлайтын болғанымызға бәріміз де наразымыз. Бірақ та қазақтар азшылық болатын Жоғарғы Кеңесте (Қазақстанда) бұдан басқа шара болды ма. Кеңес Одағы тарап де-факто жоқ болғанымен оның сасық пиғылы, өлімші рухы әлі де өмір сүріп жатты. Мейлі билік болсын, халық болсын, бізде сол кезде басқа шара да талғам да жоқ еді. Ендеше қазақ халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтай салуға неге сонша сараңдық танытасыздар Азаттық-ау. Назарбай бұл күнді Желтоқсанға әкеп танғанына қазақ халқы кінәлі емес ғой. Бірден елдігімізді осы күні жариялаған екен, онда Сіз бен біз бұл күнді де ұлықтап тойлауға, айтуға тиістіміз. Әр нәрседе бір жақты болуға болмайды. Жовтистерге, Народецкийдің қаптаған мақаласымақтарына табылатын қалың орындар неліктен бір Тәуелсіздік күніне жалғыз мақала арнауға табылмады? Азаттықтан Тәуелсіздік туралы, қазақтың рухын көтеретін дүниелер туралы оқығым, тыңдағым келеді. Әйтпесе мезі болған кей тақырыптар туралы оқымақ түгіл көргім де келмейді. Сайт бетіне өздеріңіз қараңыздаршы, неге толы екен? Бұндай хабарлар оппозиция деймін бе әлде билікке наразылар деймін бе әйтеубір белгілі бір қауымға ұнайды. Сондай-ақ билікті жақтаушыларға, мақтау-жыраушыларға тіпті ұнамайды. Бұндайда билікті жақтап та даттап та жарытпайтын біздердей шетелдегі дүбәра қауымды да ескеріп неге біруақ басқаша хабар таратпайсыздар? Мен неліктен Тәуелсіздік күні туралы бір мақала да таба алмай зар болуым керек? Қазақ Елі сонда бұл күні әсте орнамаған, ғайыптан келген немесе бұрыннан тәуелсіз ел болғаны ма?

Кімнен: Тәке Қайдан: Елден
18.12.2009 10:19
+0 / -0
Halmurat... Өзіңіздің пікіріңіз бір мақала ғой..Бұдан артық не керек!

Кімнен: Hitayby Қайдан: ileden
18.12.2009 11:28
+0 / -0
Қалмұрат дұрыс айтады. қазақ еліндегі қандастарды білмеимін, бірәқ шеттегі қандастар үшін де қазақ елінің ақ тұйенің қарны жарылған мереилі күндерін, қараңғы болмас тұндерін, елді, жерді, халықты шаттандыратын сұйыныш, ақжолтай хабарларын көрмеитін болып кеткеніміз неліктен? азаттықтар азығын опозотсядан айырып жатқаны ма? нән дән бермеи тұрғаны ма? азаттықтың "өсектеріне" сенсек, қуанышымыздан горі, жұбанышымыз басым. 360 күн жұбансақ та, 5 күн қуансақ етті…

Кімнен: Ар Қайдан: Қазақия
18.12.2009 12:16
+0 / -0
Он алтыншы Желтоқсан күні - Қазақ халқының ұлт-азаттық күресте шәйіт болған ұлт қаһармандарын еске алу күніне айналуы тиіс. Тәуелсіздік үшін қазақ ерлері үш ғасыр бойы түрлі тәсілдермен күресті, соғысты да, қорлықты да көрді. Бірақ қазақ ұлты әлі шын мәніндегі ұлттық елдікке, дербес мемлекеттікке қол жеткізе алмай жатыр.
Биліктің ұлт сатқынына айналған өкілдері даярлаған Доктринаны оқыдым.
Бұл нағыз масқара нәрсе.
Бұндай масқаралыққа орыстың ақ патшасының ойы да жетпеген, ең сорақы арамылық дегеннен басқа айтар еш шара жоқ. Қазақ бұндай қорлықты көтергеннен гөрі барлығымыз ақ өліммен өліп қалғанымыз артық, ең болмағанда көрде ақ боп жатармыз.

Кімнен: КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛА Қайдан: АСТАНА
18.12.2009 12:19
+0 / -0
Быйылғы Тәуелсіздік не берді десек, Қазақ халқы 18- жыл өткенде ғана өзінде Тәуелсіздік жоқ екенін түсіне бастады.Жалпы бізде Тәуелсіздік мейрамы ешқашанда тойланып көрген жоқ. Үнемі аталған тәрізді, үш түрлі сыйпатта өтеді:
І. Назарбаевтың бүкіл республикадағы жағымпаздары мен жандайшаптары өздерін бай-бағылан "ақсүйек" санап, театрда Ән мен Күй тыңдап, бірдеме бітіріп тастағандай шалқиып отырады;
ІІ. Бүкіл Назарбаев шашпауын көтеріп жүргендер, тіпті алаңға да шықпай, ішкені алдында, ішпегені артында Қазақтың несібесін шайнап, күлкіге мас, өз Отандарында мұндай шаттықтың жоқ екендігін білетіндіктен, есіктерін тарс жауып мәз болысып ішіп-жеуге кіріседі;
ІІІ. Аш-жалаңаш шындық іздеген Қазақ халқы 18-жыл бойы күңірене күйзеліп алаңға шығады, оларды мұздай қарулы полиция нөпірі қоршап алып, дұрыс пікірін де айтқызбауға тырысады. Бұл біздің қоғамның ақиқаты.

Осы көріністен Қазақ халқының Тәуелсіздігі байқала ма?.. Тіпті қазақтың Тәуелсіздігінің көрінісін көрсетпеу үшін, І-ші Желтоқсаннан бастап Шыршаларды қаптатып, Желтоқсан көтерілісінің Рухын таптауға тырысады. Мұндай Тәуелсіздік кімге керек ? Қазақ Елінің қорғаушылық міндетін Атазаңымыз бойынша міндетіне алған Президент Назарбаев осының бәріне жауап беру тиісті. Жауап беретін уақытта жетті. Елді бүйтіп басқарғанша, анау Б.ЕЛЦИННІҢ жолымен жөнін тапқаны дұрыс ! Сонда, соры қайнаған Қазақ халқы да риза болып, алғысын айтады...
Пікір алмасу

Кімнен: Антивирус Қайдан: Әр бір қазақтың САНАСЫНДА
18.12.2009 15:23
+0 / -0
"...Желтоқсан құрбандарын еске алу жиынында сөйлеген қайраткерлер елді «тыныштық сақтауға» шақырды"
...............................................................................................
БИЛІКТЕГІЛЕР мен "қайраткерлер" неден қорқады???

1. Желтоқсан-86 да жастарды алаңға кіруге рұқсат беріп, кетуге тосқауыл қойып, арандатып қан-жоса етіп, қырғынға ұшыратуды көздеген ОТАРШЫЛАР мен олардың артын жалаған ИТАРШЫЛАР бүгінде жоқ емес пе? Әлде олардың ізбасарлары әлі күшінде ме?


Кімнен: qarasai Қайдан: shamalghan
18.12.2009 15:19
+0 / -0
qulmurat,qirin tartqan qurghaq sozdi qashan qoiasing,bul egemen qaz.emes,qur zhiltirai beretin.qazaq tildi erkin aqparat zhalghiz Azattiq ekenin uqpasang,dunieni bilghamai tinish otir

Кімнен: Асылбек
18.12.2009 16:01
+0 / -0
шынында да, qulmurat бауырым, осы ақпаратты бізге жеткізіп отырғаны үшін қайта Азаттыққа рахмет айтуымыз керек, себебі олар болған оқиғаны қаз-қалпында, күнбе күн хабарлап отырды. Ал әділін айтшы, осы өткен екі күнде Алматыдағы алаңда болған жайттарды Азаттықтан басқа қай жерден көріп, оқып, тыңдадың? Қазақ зиялылары сол күні алаңға шығатыны туралы күні бұрын баршаны хабардар етсе де басқа бақ-тар оны берген жоқ, мен тапжылмастан барлық телеканалдарды күттім, кейбіреулері мейрамда біз демаламыз деп жатып алды. Қазақтың жері, тілі, ділі туралы мәселе көтеріліп айтылып жатқанда бұл неғылған мейрам, демалыс? Бұл сылтау ғана, оларға көрсетпеңдер, естіртпеңдер деген нұсқау берілгені сөзсіз. Ал сен, qulmurat, Азаттықты сынағанша, біздің бәріміз салық ақшамызды төлеп бюджеттен ұстап отырған хабар, еларна, қазақстан телеарналары 16-17 желтоқсанда алаңда не болғанын неге көрсеткен жоқ деп сұрамайсың ба онан да? әлде сен солардың бірісің бе?
Пікір алмасу

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
18.12.2009 17:27
+0 / -0
Масылбек пен Шамалғанға:
Қарадан қарап неге тарыласыздар?
Билікті сіздердей асыра қаралаушы да, базбіреулердей лепіртіп-көпіртіп мақтаушылар да бар екендігі қоғамның демократиялық бағытта екенін білдірмей ме. Сонымен қатар біздердей шетелдегі үшінші көзқарастағыларды да ескеріңіздер деп Азаттыққа айтылған ағайындық өтінішіме, өкпеме неліктен талақтарыңыз тарыс айырыла қалды?
Барды бар деп, жоқты жоқ деу керек. Яғни билікте жақсы мен жаман жағы қай-қайсыда бар. Бұл екеуі тең айтылса, ей Масылбек сен түгіл анау атасы бөлек Шамалған сенің де құлың болмаймын ба?
Пікір алмасу

Кімнен: Асылтас
18.12.2009 20:14
+0 / -0
не деген сүйкімсіз адамсыз, сөзіңіз де, өзіңіз де бір тілі ащы енелер сияқты өмірі бір кері тартып, біреуді кекетіп, мұқатып жүресіз. Одан да ештеңе жазбай-ақ қойыңызшы, бір құмалақ бір қарын майды шірітеді дегендей, сіз нағыз ірітетін адам сияқты сөйлейсіз. Ер-азамат емессіз бе, не болды сонша әркімге бір тиісіп. Қашан оқысам да, Азаттықты жамандап отырғаныңыз, өзі үш әріптің адамы емессіз бе, арандатушы?

Кімнен: Албанның қызы Қайдан: Алматы
18.12.2009 16:45
+0 / -0
16-сы күні біраз жастарды ұстап кеткені туралы жазсаңдар ауыздарың қисайып қала ма? Ертесі күні де босатпай, босатқандарын әбден соққыға жығып жібергендерін қайтерсің оңбағандардың! Жазығы - көшеде әнұран айтып, ту ұстап жүргендері! Егер үнемі осылай болса, жетіседі екенбіз!
Пікір алмасу

Кімнен: мұрат
18.12.2009 17:06
+0 / -0
олар кімдер екен? қанша адам, қайдан келгендер? орынбасар әкім Сейдуман тиіп-қашып қана айтты ғой -- http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_almaty_december_independence_day_meeting/1905808.html

Кімнен: Samat Қайдан: Atyrau
18.12.2009 17:49
+0 / -0
ҚР Ата заңымыздағы Қазақ халқы мемлекет құраушы ел деген сөз қайта қайтрылмай қазағымыздың соры әлі алда болады. білуімше 1994 жылы қайта өзгерістер енгізіліп сол параграф Қазақстан халқы деп өзгертілген.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2009 17:54
+0 / -0
Шаханов билікпен ымыраласып Доктрина қабылдамақ!?! Ұсыныстарымызды қосамыз дейді. Ондай Доктрина қазаққа тіпті керек емес. Ассамблеясы да керек емес. Нән оны ООН-мен теңеді керек болса. Қазақта ел бар, жер бар, Атазаң бар, басқа ешбір керектігі жоқ. Қажетсіз құжаттарды талқылауды қойғызу керек!

Кімнен: АЛАШ Қайдан: Атырау
18.12.2009 19:50
+0 / -0
Тәуелсіздік пен Желтоқсан жайындағы пікірлер көп-ақ. Әйтседе, көбінің бағдарсыз-бағыттары жоқ. Маған осы пікірлердің ішінде - КӨКБӨРІ СҰҢҒЫЛАНЫҢ - сөздерінде аса терең де үлкен мәні бар сияқтанып көрінеді. Өз пікірімше де нағыз Тәуелсіздік қазақта жоқ. Бізді мариенеткалық үкімет басқарып, азапты жылдарды бастан кешудеміз.Егер зайырлы демократиялы Ел болсақ, осындай Елдер тәрізді билікті ауыздықтап, дұрыс басқара білетін Үкіметімізді сайлауымыз керек. Билік күш көрсетсе Халықаралық ( ООН, ОБЕСЕ) ұйымдарға жазып, көмек сұрауды ойластырса жөн сияқты. Қоғамдық және Партиялық ұйымдар осылай іс бастауын күтеміз...

Кімнен: Ұлан
18.12.2009 20:16
+0 / -0
Бұл жерде Алтынбек пен Заманбек ағалар жетіспей тұр, олардың орны бөлек еді. Билік те біледі кімді құрту керектігін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2009 20:20
+0 / -0
Ағайындар, Азаттықтың осы мақала жанындағы сурет баянын міндетті түрде көріңіздерші, Желтоқсан зары деген ән қандай, сай-сүйегіңді сырқыратады. Желтоқсан құрбандарының жарияланбаған суреттерінен таныстарыңызды тауып қаларсыздар. Көп адам хабарсыз кетті деп еді, мүмкін ең болмаса суреті табылар.

Кімнен: qarasai Қайдан: shamalghan
18.12.2009 20:40
+0 / -0
qulmurat,bizdegi bilikting qazaqti qurtqannan basqa ne qizmeti bar edi,al Azattiq tek zheltoqsan turali ghana zhuz maqala berdi,arturli ming pikirge zhol ashti, tauelsizdikti,demokratiani tu etip koteru degen osi , biraq quldiq sana basinga berik ornaghan sen ne ughasing
Пікір алмасу

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
19.12.2009 09:57
+0 / -0
Болар елдің баласы бір бірін батыр дейді, ал азар елдің баласы дәл сізше мені құлмұрат дейді, бәрін бастаған өзіңіз ғой. Сөзді ұққанға айт деген атам қазақ, өкініштісі сол, сізде сөз ұға қоятындай түр көрінбеді, сонда да айтайын. Құлдық сана менен гөрі сізде басым екен. Сөйлемесе сөз атасы өледі деген, Азаттыққа бір өтініш айтқаным үшін неге сонша тарылдыңыз?
Бар болғаны Жовтис пен Народецкийге табылатын көп орын қазағымның жыл он екі айда бір келетін жалғыз Тәуелсіздік күніне табылмады ма дегенім бе? Тәуелсіздікті бағаламаған мен құлмын ба әлде сіз құлсыз ба? Желтоқсанды айтпа деген бір сөйлем жоқ ғой пікірімде. Бар есіл дертіңіз НАН жоғалса екен, ертең ұжмақ орнайды дегенге саяды ғой. Айтпады демеңіз НАН кетсе де сіздердей "сана-и құлдар" көптеп барда бұл ел оңа қоймайды. Өйткені еліңнің жақсылығын бағалай әрі асыра алмайтын сіздей көрсоқырлар не тыңдырушы еді? Баяғы улап-шулап жата бересіздер. НАН кетсе де әуелі әрі беріден соң анау қырғыздарға ұқсап Ақаевты көксегендей қайран НАН-мыз-ай деп шулайсыздар білем. Біз қазақтар адамның тірлікте қадірін білмейтін халықпыз. Мен билікті жақтап отырғам жоқ, тек соңғы жылдары осы сайттан билік туралы бір жылы сөйлем оқымағаныма қайран қалып қана отырмын. Бұл не деген қаралау, күйелеу?

АСЫЛТАСқа: Атыңызға затыңыз сай емес екен. Ерлердің ісіне араласпаңыз, бұл жерде қатын өсек айтылған жоқ, айтсам өз пікірімді ғана айттым. Мен сізге арнап пікір жазған жоқпын, ұнамаса оқымай-ақ қойыңыз. Ал Азаттыққа өтініш, өкпе, наз айту менің ешкіммен бөліспейтін жеке дара құқым. Сондай-ақ тыңдағым, оқығым келетін дүниелерді де ұсыныс ету менің ешкіммен бөліспейтін құқым. Ал пікірімді шығару-шығармау да Азаттықтың жеке дара құқы. Осы сіздер шетте бес млн қазақ бар екенін ұмытып кететіндеріңіз қалай, неге біздер үнемі қалың "өсек аян" мен у-шуды тыңдай береміз? Неге бізбен біруақ санасып сәлде болса шуақты хабар таратпайсыздар? Осыны талап еткенім үшін мен неге айыпты боламын?

Пікір алмасу

Кімнен: марат
19.12.2009 21:41
+0 / -0
дурыс айтасыз халмурат, радио аззатык жаксы хабарды неге бермейди, потому что олар жамандай беруди гана биледи. Президент постоянно халыкты жаксы болсын деп жумыс истеп жургенин айтты ана жолы телевизорда жауап бергенде, ол даже тунге дейин отырып жумыс истейди, ради нас всех, ради тебя, меня и других на этом форуме. Сондыктан биз президентке поддержка жасаумыз керек, аззатык сайты секилди жамандайтын сайттарды окымау керек, даже вообще жауып тастаган дурыс, потому что постоянно клевещет биздин президентти. Аззатыкты полный игнор жасаумыз керек!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.12.2009 23:03
+0 / -0
Сейдуманов екi кун катарынан келуiне мажбур болганына кулкiм келедi.Сол топты озi бастагандай бiрденеден куркалгандай ортадарына кiрiп келе жатыр. ХААА ХААА.

РАДИО АЗАТТЫК ЖIГIТТЕРДI полиция алып кеткен ТУГЕЛ ЖIБЕРДIМЕ БIЛГIМIЗ КЕЛЕДI

Кімнен: кеңес Қайдан: көкбөрі
19.12.2009 00:39
+0 / -0
Есі дұрыс адамға президенттің өзі емес, президент әкімшілік хатшысы келтірген жауабы мазақ сияқты.онда доктринаны талқылау бірақ емес, "уақытша тоқтатылды" және басқа мәселер де "келешекте іске асырамыз","шешудің жолдары қарастырылуда" деген жауаптар беріліпті ғой.Мүмкін қазақтардың мәселесі бар қазақ орыс тілінде сөйлеп,қазақстандықтарға айналған кезде айтылатын шығар. Осы НӘН-нің соңғы жылдары қазақша сөйлеуі күрт азайып кетті ғой.аты-жөніндегі -ев,-евич-ті алып тазтаса,ата бабасының киесі атады деп ойлай ма екен?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.12.2009 08:43
+0 / -0
қымбатты қазақтар, егер тек қана эмоция берілмей мәселенің байыбына үңылып көреікші. Неге бізге өзге елдерге жалға жер беру туралы мәселе айтылып жатыр? өйткені өзіміз жерді өңдеп, онымен дұрыс жұмыс естегіміз келмейді, шынын айту керек, жалқаумыз, еріншекпіз, құр бос сөзге әуеспіз, айтыңдаршы тәуелсіздік алғалы бері қаншама агроном, инженер, механик, мал дәрігерін шығарып ауылды көркейтуге, жермен жұмыс істеуге жібердік? Жоқ қой! Бізде елдің бәрі юрист, банкир, экономист болып кеткен жоқ па? Ал шынтуайтына келгенде ол юрист, экономитсердің бәрі шаласауатты, тіпті сауаты жоқ десе болады, ол өтірік емес. Бір кездері ауылға қатардағы ең қажетті мамандар дайындаған спту, сельхозтехникумдар қайда? Олардың бәрі Сарағаш Университеті, Шамалған академиясы секілді липовый вуздар болып кеткен, жаңағы юрист пен экономистерді соларда дайындап шығарады.

Ал ендеше өзіміз қолда бар байлығымыз Жер Ананы дұрыс күтіп баптай алмай тұрып, оны өзгелер өңдеуге сұраса өңешімізді керіп айқайлап шыға келеміз. Ойланайықшы, халайық, осымыз қалай?
Пікір алмасу

Кімнен: Шындық Қайдан: Уақыттан
21.12.2009 06:50
+0 / -0
---------------------------------------------------------------------
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
Сіздің бұған қосарыңыз
20.12.2009 08:43
қымбатты қазақтар, егер тек қана эмоция берілмей мәселенің байыбына үңылып көреікші.
Ал ендеше өзіміз қолда бар байлығымыз Жер Ананы дұрыс күтіп баптай алмай тұрып, оны өзгелер өңдеуге сұраса өңешімізді керіп айқайлап шыға келеміз. Ойланайықшы, халайық, осымыз қалай?
-----------------------------------------------------------------------------------------
Иә, эмоцияға берілмей-ақ ойлансақ, ойланайық. Сонда саған қазақтың жері көзіңе сүйел болып, кедергі жасап тұр ма? Осы жерден тезірек құтылу керек болып тұр ма? Ол жер орнында қарап тұра берсе болмайды ма? Әлде ол бір жаққа ұшып кетіп қала ма? Міндетті түрде ол жерді игеру керек пе, немесе міндетті түрде біреуге игеруге бермесе болмайды ма? Миллиондаған жыл тұрған жер дәл осы НӘН-нің заманында жоғалып кетейіндеп жатыр ма? Әлде осы НӘН-нің заманымен өмір тоқтап, таусылайын деп жатыр ма? Мүмкін қазақ басқа жаққа көшіп кеткелі жатқан шығар? Сол үшін оны тезірек пайдаланып қалу керек пе? Сен бір жаққа асығып бара жатқан сияқтысың ғой. Көңілің НӘН-нің көңілі сияқты, жүрегің лүпілдеп, ешнәрсеге тұрақтай алмай алып-ұшып бара жатыр ғой.
"Сынықтан басқаның бәрі жұғады"- деген қазақтың ғылыми сөзіне, сендерге қарап тұрып, қалай дәл айтқан деп таң қалдым. Неге олай- деп, ойланып, ұза-а-ақ отырып қалдым. Сол кезде ойыма мынау орала кетті: Белгілі бір тұрағы жоқ, көшерін қой білетін, қонарын сай білетін көшпенділер бір бірімен жауласып, бір жерде қанша отыратынын да білмей, жау келе жатса "ойбай жау келеді, аттан"- деп, үдере көше-қашып, мыңдаған жылдар бойы анасынан туғаннан жүректері лүпілдеп, үнемі қорқыныш пен тұрақсыздық қанына, санасына әбден сіңіп қалған ғой. Сондықтан да қазіргі қазақтың қай іс-әрекетін, істеген ісін қарасаң да бәрі уақытша, кішкене болса да тұрақтылық жоқ. 33-ші жылғы аштықтан бастап, отырықшылыққа ауыстырса да, бүгін-ертең көшіп кететін адам сияқты көңілі дызақтайды да тұрады. Ешқандай кінәсі болмағанның өзінде жұрттың алдында қараптан-қарап ақталып, есеп беріп, көңілі кішкентай баланың көңілі сияқты паравоздың алдына түсіп алып, шәйтән секілді жүгіреді де жүреді. Айналайындар-ау, осы НӘН бірдеңе айтса болды, соны істеп, бірдеңені қиратпасаңдар болмайды ма? Қытай болмақ түгілі, дүние төңкеріліп кетсе де, қорықпай, үрікпей, басқаға жалтақтамай-ақ әрқайысымыз өзіміздің азаматтық борышымызды, алдымыздағы жұмысымызды тап-таза, тұп-тұйнақтай етіп орындап, шымшық торғай секілді шошаңдамай, есейетін кезіміз келген жоқ па? Осындайда, шіркін, соғысқа қатысып, шыныққан аталардың салмақты мінездері, ойлы көздері және істеген істері еске түседі.

Кімнен: Ерсін Қайдан: Қазақия
20.12.2009 09:52
+0 / -0
Аты-жөні көрсетілмеген, сіз сонда ол жерді қытайға беру керек деген ойдасыз ба? – Қытайға 1 млн. гектар жер берілетін болса, әр 1 гектар жерге 15 адам келіп жұмыс істесе, Қытайдан 15 млн. адам келеді. Бір жылда бір бала туса, 50 жылда 50 млн. адамға өседі. Онда бәрі бітті деген сөз – депті Болат Әбілов. Ертең қытайдың арзан көжесін қайыр сұрап ала алмайтын күн туатынын ойлаудың өзі қорқынышты
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі