Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 05:52

ӘЛЕУМЕТ

Алматы метрополитенінің алғашқы желісі сынақтан өткізілді

Қазанның 21-і күні Алматы метросының алғашқы желісінің жолдары сынақтан өткізілді. Метрополитеннің жолаушылар тасымалдайтын вагонына мінген Алматы қаласының әкімі, мамандар мен журналистер үш станса аралығын жүріп өтті.

Мәтін көлемі - +

Ұзындығы тоғыз шақырымға жуық қашықтықты құрайтын алғашқы желінің бойында «Райымбек», «Жібек Жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Тұлпар» және «Алатау» бекеттері орналасқан. Оның бағыты Райымбек даңғылынан Фурманов даңғылының астымен оңтүстікке қарай Абай даңғылына, одан әрі батысқа қарай Гагарин даңғылына және Жароков көшесіне дейін созылады.

Алматы қаласы әкімі Ахметжан Есімов бастаған топ қазанның 21-і күні метрополитеннің жолаушылар тасымалдайтын вагонына мініп, «Алмалы», «Жібек Жолы» және «Райымбек батыр» бекеттерінің аралығындағы жолмен жүріп өтті. Сынаққа қатысқандар мінген вагонды бұл жолы дизельдік мотовоз тіркеуге алып жүрді.
Сынақ кезінде жолаушылар вагонын дизельдік мотовоз тіркеп алып жүрді. Алматы, 21 қазан 2010 жыл.


Метро желісінде жолаушылар Оңтүстік Кореяның Hyundai компаниясында әзірленген вагондармен тасымалданатын болады.

Мамандардың есептеріне жүгінсек, Алматы метрополитенінің бірінші желісі тәуілігіне 300 мың жолаушыны, ал жылына 110 миллион адамды тасымалдауға мүмкіндік береді. Метроның екінші желісі іске қосылғанда бұл көрсеткіш жылына 305 миллион жолаушыға дейін артпақ.

Метроның екінші желісінің бағыты Абай даңғылынан «Қалқаман» кентіне дейін және «Райымбек» станциясынан Алматы-1 темір жол вокзалына дейін жолаушы тасымалын қамтамасыз етеді. Гагарин даңғылынан «Қалқаман» кентіне дейінгі жолдар шағын салынады, мұндағы станциялар ашық болады деп жоспарланып отыр.

Ал Алматы-1 темір жол вокзалынан Алматы-2 вокзалына дейінгі желінің бір бөлігі эстакада түрінде салынбақ.

Бейсенбі күні алғашқы желінің үш бекетінің арасын жүріп өткен сапардан соң Алматы әкімі метрополитен вагоны «жолаушыларға қолайлы, жүріс сапасы жақсы» деген
Алматы метросының «Жібек Жолы» бекеті. 21 қазан 2010 жыл.
баға берді. Метро құрылысының бірінші желісі кестеге сәйкес жүріп жатқанын атап өткен Ахметжан Есімов «Байқоңыр» бекетінен басқа алты бекеттің барлығында құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталатынын айтты.

«Байқоңыр» бекетінің құрылысын 2011 жылы үшінші тоқсанда бітіру жоспарланған. Әкімнің айтуынша, республикалық бюджетке енгізілген өзгерістер нәтижесінде метро құрылысына биыл 10,5 миллиард теңге бөлінді.

«Бюджет жоспары бойынша келесі жылы 24 миллиард теңге бөлінеді. Бұл метроны тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға беруге мүмкіндік туғызады», – деді Ахметжан Есімов.

Алматы метрополитеннің құрылысы Совет одағы кезінде, 1988 жылы басталды. ССРО тараған соң біршама уақыт тоқтап қалған метро құрылысы кейіннен қайта жалғасты. Бұған дейін 2009 жылы пайдалануға беріледі деп хабарланғанымен ол мерзімде бітпей қалған Алматы метросының алғашы желісін 2011 жылы желтоқсан айында іске қосу жоспарланып отыр.




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы
21.10.2010 19:52
+0 / -0
Шіркін-ай десеңші, осы метроның арқасында қаншама лас қаражат жуылып, қаншама ақшалар шенеуніктердің қалтасына көшті!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.10.2010 11:22
+0 / -0
Ұрлықтан басқаны біздікілер білуші ме еді?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.10.2010 01:41
+0 / -0
Оны айтасыз, мешіт салғанда да солай болған!

Кімнен: Керей
22.10.2010 12:57
+0 / -0
Осындай кертартпалыкты кою керек кой! Жарайды жесин ал! Ким жемей жатыр! Ертен колына билік тисе сен кайтесин! А Ауыл казагы айтшы! Жагаласып жерсин озгелермен! Бастысы бул метро кабыргасын котерди! Айналасы улттык накыштармен орнектелипти! Осынын ози бизздин казак болып келе жатканымыздын кориниси емес пе! Куанудын орнына жылайтынымыз ай осы!
Пікір алмасу

Кімнен: Ауылдың қазағы
22.10.2010 18:23
+0 / -0
Мен үшін саспа Керей, менің қолыма билік тисе ең алдымен мына ұры-қары билікті бұтынан ілгізіп, дарға астырар едім тоналған, зорланғн, қорланған қара қазағыма!
Билікке таласып жүрген тағы мен жоқ, осы сені-ақ презик қоя салайық.
Ал, бірақ, мына тексіз Ұрысұлтанның ашкөздігінен шет елдің алаяқ алпауыттарына еліміз, жеріміз, жер байлығымыз кетіп барады. Жастарымыз жарамсақ, орта жастағымыз көбікауыз қырт, кәрілеріміз байдоситтей жарамсақ болып, құрып бара жатырмыз қазақылығымыздың исі де қалмай...
Мен соған қапаланамын.
Ол метроң ашкөз қарақшы биліктің кесірінен ертең қытайдікі ма, орекеңдердікі ме, солардыкі болып кетейін деп тұрса, сен артыңды шапалақтап әлденеге мәз болып, шаттанып отырсың.

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
22.10.2010 20:34
+0 / -0
Не болса да ашылғаны дұрыс болыпты. Халық игілігін көрсін.

Кімнен: Nurlan JASTABAN Қайдан: Urimji
27.10.2010 03:25
+0 / -0
Ashilghani jaqsi bolipti , Metro jaqsi kolik , men buni Beyjing jane Shangxay qalasinda korgem ...