Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Аймақ хабарлары

Жанбай балықшыларына оқ атқызған шекарашылар капитаны тағы да ақталды

Полицияның арнайы тобы теңізді заңсыз балық аулаушылардан қоруға шықты. Атырау, Каспий теңізі.

01.02.2010
Сәния ТОЙКЕН

Қазақстан әскери сотының қадағалау алқасы Каспий теңізінде 2008 жылдың тамызында балықшылар қайығына оқ атқан шекарашылар тобын басқарған Руслан Шүршеновті ақтап шығарған Әскери соттың шешімін күшінде қалдырды. Шекарашылар оғынан Атырау облысы Исатай ауданындағы Жанбай ауылының екі тұрғыны қаза болған-ды.

Қазақстан әскери сотының қадағалау алқасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің «Астана» қайығының командирі Руслан Шүршеновке қатысты Бас прокуратураның наразылығын қанағаттандырмай тастады.

Бас прокуратура өз наразылығында өткен жылғы маусымның 2-сіндегі Ақтау гарнизоны әскери сотының Шүршеновты 6 жылға бас бостандығынан айырған үкімін күшінде қалдыруды сұраған еді. Капитан Шүршеновке қызмет бабын асыра пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер жасады деген айып тағылған болатын. Алайда, әскери соттың қадағалау алқасы Шүршеновтың әрекетіне қызмет талаптарына сай жасалған деген баға беріп, Қазақстан әскери сотының былтырғы жылы тамыздың 4-індегі қаулысын өзгеріссіз қалдыруды ұйғарған.

Әскери сот қадағалау алқасына судья Б.Қараманов төрағалық еткен. Алқа құрамында одан басқа В.Рычков, Б.Дәрібаев, К.Саманбетов сияқты судьялар болған.

Дегенмен, қаза болған балықшылар отбасы әскери соттың қадағалау алқасы отырысының қашан болатыны жайлы дұрыс ақпарат алмағандарына шағымданады.

СОТҚА ШАҚЫРУ КЕШІГІП КЕЛГЕН

Қаза болған балықшылардың бірінің әкесі Ғарифолла Таңатаров 2010 жылғы қаңтардың 22-сінде Қазақстан әскери сотынан қадағалау алқасының мәжілісі 2010 жылдың 30 желтоқсанында өтетіні көрсетілген шақыру қағаз алғанын айтады.

«Бізді бір жыл бұрын сотқа шақырғандары қалай және неге осыншама ұзаққа созылып отыр?» деген сауалмен Ғарифолла Таңатаров Батыс аймағы әскери прокуратурасымен байланысқан екен. Ондағылар сот процесінің былтыр, яғни 2009 жылы желтоқсанның 30-ында өтіп кеткендігін хабарлапты.

– Әскери сот іс қаралатын күнді қате көрсетіп, бізді алдап соқты. Оның үстіне, әскери соттың қадағалау алқасының шешіміне үзілді-кесілді қарсымыз. Баламыздың өлімінің бұлайша бағалануы біздің қайғымызды ұлғайта түсті. Қазір туыстар менің жолыма ақша жинап жатыр. Қазақстан Жоғарғы сотына Астанаға қайта барып арызданбақпын. Одан ешнәрсе шықпаса, халықаралық сотқа шағынамын. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығына арқа сүйеуім керек, – дейді Ғарифолла Таңатаров.

Оның айтуынша, бұған дейін олар Қазақстан Әскери сотының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің «Астана» қайығының капитаны Руслан Шүршеновты ақтап шығарған шешіміне наразылықтарын Қазақстан президентінің әкімшілігіне, парламент мәжілісіне жолдаған.

«Атырау облысынан сайланған кейбір парламент депуттары ауылға келгенде араласып жатырмыз дейді, бірақ мен ешқандай өзгеріс көріп отырғаным жоқ.Тек Бас прокуратурадан осы шағымдарымыз негізінде Қазақстан әскери сотының қадағалау алқасына наразылық білдіргендері хабарланған хат алдық. Ал оның нәтижесі осындай», – деді шарасы таусылған әке.

Балықшылар өліміне қатысы жоқ деп ақталып шыққан капитан Руслан Шүршеновтың адвокаты Бақберген Айтмағамбетов бұл оқиға жайлы «теңіздегі ықпал ету аймағына таластан туған қақтығыс» деген болжам жасайды. Оның ойынша, балықшыларды Шүршенов басқарған шекарашылар емес, теңіз үстінде кездескен басқа елдің браконьерлері атуы мүмкін.

– Бүгінде Каспий теңізінің белгілі бір қылмыстық топтар арасында жасырын бөліске түскенінен бәрі хабардар. Бірақ оны ресми түрде ешкім ашық айтпайды. Бұл мәселеде мемлекеттік билік, үкімет қандай нақты шаралар қолданып отырғанынан хабарым жоқ, – деп мәлімдеді Бақберген Айтмағамбетов.

Ол өзінің айғақтарды, нормативтік-құқықтық базаны сараптай келе, шекарашылардың заң шеңберінде іс-әрекет жасағанына көз жеткізгендігін айтады. Адвокаттың пікірінше, шекара туралы, шекарашылар қызметі туралы заңға сәйкес белгісі, жалауы жоқ бөтен кеме тыйым салынған аймаққа кіріп, берілген бұйрықтарға бағынбай, қашқан жағдайда шекарашылар қару қолданып, тоқтатуға құқылы. Яғни, Руслан Шүршенов тек заңға бағынып, әрекет еткен дейді оның адвокаты Бақберген Айтмағамбетов.

ТЕРГЕУ МЕН СОТ

2008 жылы тамыздың 14-інде Каспий теңізінде Атырау облысының Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылынан 100 шақырым қашықтықта шекарашылар қайығы жанбайлық төрт балықшы мінген қайыққа оқ жаудырған еді.

Қайықтағы 33 жасар Қайрат Садықов басынан тиген оқтан оқиға орнында көз жұмса, 23 жасар Асқар Таңатаров іші мен аяғынан тиген оқтан жағаға жетпей қансырап өлген еді. Аман қалған екі балықшы өздерінің қалай тірі қалғандарына әлі күнге дейін қайран қалады.

Кейіннен жанбайлықтар қайықты 28 жерден оқ тескенін анықтаған.

Бұл қайғылы оқиғадан кейін ашу-ызаға мінген жанбайлықтар ұйымдастырылмаған митингке шығып, жергілікті биліктен кінәлілерді тауып, жазалауды талап еткен еді.

Олар шекарашылар отряды бекетін таспен атқылап, қанды оқиғаға жауап сұраған-тұғын. Шағын Жанбай ауылын сол жолы облыстағы барлық қарулы күштер қоршап тұрған еді.

Тек құқық органдарының өкілдері балықшылар өліміне айыптыларды тауып, жазалайтынын айтып уәде берген соң, жиналған жанбайлықтар үйлеріне тарқасқан.

Көп ұзамай жанбайлықтар балықшыларға оқ атқан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтау шекара қызметі қарамағындағы «Астана» катері екендігінен хабардар болды.

Бас прокуратура хабарлағандай, ҰҚК әскери полициясының жетінші тобы мен ішкі істер министрлігінің Атырау облыстық әскери-тергеу бөлімі қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылып, тексеру жүргізілді. Осы факті бойынша «Шекара қызметін атқарудағы ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған заң бұзушылықтар» жөнінде қылмыстық іс қозғалды.

Каспийдегі қайғылы қақтығыстан кейін 2009 жылғы маусымның 2-сінде Ақтау гарнизоны әскери соты шекара қызметінің «Астана» кораблінің командирі Руслан Шүршеновты қызмет бабын асыра пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер жасағаны үшін айыпты деп тауып, оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Алайда, араға екі ай салып, 2009 жылғы тамыздың 4-күні Қазақстанның Жоғарғы әскери соты Руслан Шүршеновке берілген Ақтау әскери гарнизоны сотының бұл үкімінің күшін жойып, «қылмыстық құрамы болмағандықтан» істі тоқтатқан еді.

БІРІНШІ БОЛЫП ОҚ АТҚАН КІМ?

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Батыс» шекара құрамы басқармасы балықшыларды браконьерлер қатарына жатқызуға тырысқан. Олардың айтуынша, балықшылар бірінші болып «Калашников» автоматынан оқ атқан.

Алайда, ауыл адамдары оқ астында қалған қайықтағы балықшылардың «Атыраубалық» компаниясынан алған арнайы рұқсаты болғанын айтады.

Бірақ, «Атыраубалық» компаниясының президенті Ғабит Жайшыбеков Бас прокуратураға берген түсініктемесінде балықшылардың «Атыраубалықпен» ешбір келісім-шарт жасамаған деп көрсеткен.

– «Атыраубалықтың» Жанбайдағы өкілі Ержан Амандықов «рұқсат қағаздарың дайын, теңізге шыға берулеріңе болады» дегеніне қарамастан, адам өлімінен кейін айтқан сөзінен танып отыр, – дейді қанды оқиғадан тірі қалған балықшының бірі Бектілеу Мауытов.

Қаза болған Қайрат Садықовтың әкесі Сабыржан Садықов болса теңізге шыққан балықшылардың қолында оқ ататындай ешқандай қару болмағанын айтады.


Әскери сот балықшылардың қазасына айыпты деп танылған Руслан Шуршеновты ақтап үкім шығарғаны туралы видео

Алматы, 7 тамыз 2009 жыл.


Сіздің JavaScript сөніп қалды, немесе сізде Adobe's Flash Player-дің ескі нұсқасы. Flash player-дің соңғы нұсқасын жүктеңіз.

Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: ауылдан
01.02.2010 17:46
бұл балалардың ата-анасы шағымдануды тоқтатпау керек деп ойлаймын. Айтпақшы Шуршенов повышенияға кетіпті дейді...награда за обстрел...

Кімнен: bokky Қайдан: hetay
02.02.2010 20:31
Кұштының арты тирмен тартқан заман ғой , қайтесыздер , алі жетпеген құдайшыл болады деймыз дағы

Кімнен: 123 Қайдан: Ақтау
04.02.2010 18:09
бұл мақалада істің мән-жайын ашып көрсетпеген. бір қарағанда капитан Шуршенов кинәлі деп көрінеді. Дұрыс пікір жасау үшін интернеттен толық ақпарат біліп алған жөн.
Каспийда браконьерлік қазіргі күнде асқынып кеткен аурудай. Бұнда қандай жағдалар болып жатыр, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін толық білмей, сыртта отырып алып "кінәлі" деп айыптау оңай әріне.
Өлген азаматтарды аяйсың ғой, бірақ олар қандай іске бара жатқандарын жақсы білген. Тоқтатқанда тоқтамай қашқан, онымен тұрмастан оқ жаудырған.
"Когда команда Р. Шуршенова, неся службу по охране госграницы, пребывала на территории континентального шельфа, в 4 часа утра по радиолокационному прибору увидела неизвестный объект. Согласно закону, пребывание на территории континентального шельфа в ночное время любого судна категорически запрещается. Подплыв к лодке, они дали команду остановить судно для досмотра, выстрелив для этого из ракетницы. Однако с противоположной стороны было применено оружие. Старший консультант береговой охраны управления пограничной службы КНБ РК Серик Калдыбаев подтвердил, что действия пограничников были законны. "Считаю действия капитана Р. Шуршенова и его команды правомерными, так как они действовали в рамках законов "О государственной границе" и "О пограничной службе", - заявил он."
Негізі, браконьерлер шекарашыларданда озық қамтылған, байдалары, мотор-двигательдері де күшті, онымен тұрмай қару ала шығады қызыл балық аулауға.
Сонымен қатар, полицияларда, басқаларда "өзін өзі қорғау" деген бар заңда. Сондай өздеріне оқ атқанда, өздерін қорғамай, оққа ұшырап қала берсе, ал борышын атқарса сотталса, сонда шекараныда, Каспийдің жоқ болып бара жатқан экосистемасында кім қорғайды? Әскердің аты әскер. Шуршенов өзінің борышын атқарған, ал атқарсада сотталған. Шуршеновті кінәлі деп санай алмаймын, Ақтау гарнизонының әскері сотын іске олақ-шолақ қарап, елдің "жәй жүрген балықшыларды өлтірседе ақтапты" дейтін сөзінен қорқа, капитан Шуршеновты соттауға асыққаны үшін өзін сотқа беру керек деп білем. Әділеттік болу керек, не болғандада.

Кімнен: Сарапшы
06.02.2010 18:31
Менің теңізде балық аулап, балық, уылдырық сатумен айналысатын браконьер танысым бар. Сол үшін төрт рет сотталсада "кәсібін" тоқтата алар емес. Әйелі балық, уылдырық сатушы. Ұл-қыздары да оңбады, адам болмады. Оларда бұзылған, наркоман, сотталумен жүр. Өзіде, балалары да адам өлтіруден де тайынбайды. Ондай отбасылар өте көп. Алланың жаратқан табиғатына қиянат жасаған адамның оңғанын көрмедім.
Елін-жерін қорғап жүрген қазақ әскерінің командирлерін кім-көрінген бұзақылардың басынуына жол бермеу керек !!! Шекарашы бауырларым !!! Сендер нағыз еркексіңдер!!! Ешқашан еңселеріңді түсірмеңдер !!! Аққа құдай жақ !!!

Кімнен: балыкшы Қайдан: курык,мангыстау,Адайстан
08.02.2010 03:05
еркек емес олар иттер.талайын тамактандырып журмиз, куйрыгын бултандаткан аш иттей тениз жагалап сумендеп жетип келеди кайык корсе.балык берип,долясын берсен кетеди,бермесен артына тусип,балыкпен устайды кайыгынды тартып алады(конфискация).оз жеримизде балык аулай алмайтын не корлык!кайдагы жок бир шурегейлер келип тенизге каратпауга тырысып багады.акемиз ,ата-бабаларымыз аулап келди осы тенизден.бари де пара алади ол пограндардин,нагиз иттер олар.тенизге карумен шыгатын кавказдыктардан с...ип кояды,кашып кеткен талай случайлар болдыгой.шуршеноп типичный коркак,аузын шуртитема типти.... Ералиев деген болшевик сиякты.ол да тартип орнаткысы келди тениз жагасына.
     
Мәтін көлемі - +