Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:00

Қытайда алтыншы жалпыұлттық халық санағы өтіп жатыр

Биылғы халық санағына арнайы униформа киген, қолдарында куәліктері бар 6,5 миллионнан астам санақшылар қатысып отыр. Он жыл бұрын Қытайдағы қазақтар саны 1 миллион 114 мың адам болатын.

Ұлттық мейрам күні қызын көтеріп келе жатқан қытай азаматы. Бейжің, 1 қазан 2009 жыл.
x
Ұлттық мейрам күні қызын көтеріп келе жатқан қытай азаматы. Бейжің, 1 қазан 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

2010 жылғы қарашаның 1-іне дейін дүниеге келген қытай азаматтарының барлығы да санаққа ілінді. Ал қарашаның бірінен кейін дүниеге келгендер Ұлттық статистика бюросының жоспары бойынша енді он жылдан соң, 2020 жылы болатын халық санағында есепке алынатын болады.


ЕСІК АШПАЙ ҚОЙСА ПОЛИЦИЯ ШАҚЫРАДЫ

Қытайдағы бұл жолғы санақта жұрттың 90 пайызға жуығы анкетадағы 18 сұраққа жауап береді. Оның ішінде аты-жөні, жынысы, этникалық тегі, тұрғын жағдайы, білімі, тағы басқалары бар. Кездейсоқ тәртіппен алынған қалған 10 пайыз адамдарға 45 сұрақтан тұратын барынша жан-жақты анкетаны толтыру ұсынылған. Шетелдіктер үшін сегіз сұрақтан тұратын анкетаның оңайлау түрі жасалған.

Халық санағын өткізуге орталық үкімет 700 миллондай юань (шамамен 133 миллион доллар) бөлген.

Бейжіңдегі Сhina Daily газетінің жазуынша, халық санағын жүргізушілер өздеріне қажетті ақпаратты үлкен қиындықпен алатын көрінеді. Өйткені, ауылдық жерлерден қалаларға келгендерді айтпағанның өзінде, Қытайдағы көптеген адамдар өзінің жеке істері жайында артық ақпар беруді қаламайды екен. Мұндай ішкі миграция соңғы кездері Қытайда бұқаралық сипат ала бастады.

Бейжіңнің өзіндегі астананың көптеген тұрғындарының қол телефондарына санақшылармен ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырған хабарламалар жолданды.

Жоғары шенді үкімет шенеуніктері әр адам жайындағы жеке ақпарат өте құпия болады деп ант-су ішіп отыр. Атап айтқанда, бұл жайында санақ жөніндегі ұйымдастыру комитетінің басшысы, вице-премьер Ли Кэцян мәлімдеді.

Жергілікті газеттердің хабарлауынша, егер тұрғындар санақшыларға жаппай есік ашпай қойса, онда санақ жүргізуге жауапты адамдар полициядан көмек сұрауға құқылы.

Қытайда шетелдіктерді бірінші рет санаққа енгізіп отыр. Осыған байланысты арнайы даярлық жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа екі және одан да көп тіл білетін аудармашы-еріктілер тартылды. Сұрау салу анкеталары да кемінде бес тілге аударылған. Оның ішінде ағылшын, француз, неміс тілдері бар. Қытайда қысқа мерзімді іссапарда жүрген шетелдіктер санаққа ілінбейтін болды.


«ҚЫТАЙ БОЛЫП КӨРІНУ ҚИЫН»

Қытайда бұған дейінгі халық санақтары 1953, 1964, 1982, 1990 және 2000 жылдары өткізілген. Осыдан 10 жыл бұрын жүргізілген соңғы халық санағына сәйкес, Қытайдағы халық саны 1 миллиард 295 миллион адам болды.

Әзірге Қытай бұқаралық ақпарат құралдарында елдегі ең көпұлтты аймақтардың бірі – Шыңжан-Ұйғыр автономиялық районындағы
Көшпелі қазақ отбасы. Шыңжан-Ұйғыр автономиялық районы, 23 қыркүйек 2010 жыл.
халық санағының өтуіне байланысты ерекше хабарлар жоқ.

1990 жылы өткен төртінші бүкілқытайлық халық санағының ресми деректері бойынша, бұл автономиялық районда 48 ұлт өкілдері тұрған. Ол кезде районда 1 миллион 114 мың қазақ пен жеті миллионнан астам ұйғыр тіркелген. Айтпақшы, осыдан он жыл бұрынғы деректер бойынша, мұндағы тұрғын қытайлардың саны ұйғырлардан бір жарым миллионға аз болған.

Өткен жылдың соңында «Алтынорда» интернет-басылымының хабарлағанындай, «Қытайдағы қазақтардың саны ресми түрде бір миллион үш жүз мың адам. Және де көптеген қазақтардың қытай болып жазылып кетуі де жоққа шығарылмайды. Бірақ, шындығында, бұл қиындау шаруа. Өйткені, араларындағы айырмашылықтары көп болғандықтан, Қытайдың өзінде қазаққа қытай болу қиындау».

Биылғы жылы Гонконг, Макао мен Тайвань тұрғындары бірінші рет халық санағына ілікті. World News Forcast интернет-басылымының хабарлауынша, бүкілқытайлық халық санағының Тайваньда қалай өтіп жатқандығы жайында әзірге ақпарат жоқ көрінеді.


ЖАЛҒЫЗ БАЛА САЯСАТЫ

«Бір отбасына – бір бала» саясаты арқылы халықтың өсімін тежеу бағдарламасын қытай өкіметінің қайта қарау, қарамауы басы ашық мәселе болып отыр.

Ел өзін-өзі асырай алмай қалады ма деген қорқынышпен қытай билігі бұл тәртіпті 1979 жылы енгізген. Халықтың табиғи өсімін тежеу үшін екінші баласы дүниеге келгендерге айып салынып, әкімшілік жағынан қысым көрсетілген.

Егер халық санағының нәтижесі әлгіндей саясаттың елдегі демографиялық өсімге теріс әсер еткенін байқатса, онда Қытайдағы бала санын шектеу бағдарламасының тоқтатылуы мүмкін деген болжам айтады World News Forcast интернет-басылымы.

2000 жылғы халық санағында 50 жылдың ішінде Қытайда тұрғындар саны екі еседей өскендігі анықталған болатын. Оның үстіне, ішкі пропорция бойынша, халықтың қартайғандығы байқалып отыр. Қарт адамдардың саны күрт көбейіп кетті. 2050 жылға қарай Қытайда жастары 65 жастан асқандардың саны 400 миллиондай болады деген болжам айтылып жатыр.

Бұдан бөлек, отбасылардың қыз балаға қарағанда ұл баласы болғандығын қалайтындығы да белгілі. 1990 жылы дүниеге келген 100 қыз балаға 111 ұл баладан келген. Ал 2000 жылы 100 қызға 117 ұл баладан келді.

Қытайдағы биылғы халық санағының нәтижелері келесі жылдың сәуір айында жарияланбақ.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.11.2010 10:24
+0 / -0
Мәә, шатасып кетпей ме екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.11.2010 14:38
+0 / -0
біздегідей жемқорлыққа жол бермегендіктен шатасып кетеді деп алаңдамай-ақ қой.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
09.11.2010 11:33
+0 / -0
Біздегі сол халық санағы 2 жылға жуықтады, әлі нақты қорытындысы жоқ. Ал қытайлықтардың санын білуі үші кем дегенде 20-30 жыл керек шығар деген ой кетпей отырғаны...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.11.2010 13:46
+0 / -0
неменеге шатасады, біздің стат агенттік бстығы сияқты қалтасына ақшаны толтырып алып қашып кете де алмайды ғой байқұстар..

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмегенге Қайдан: қытаи
09.11.2010 14:58
+0 / -0
былтырғы онбес миллион халықты дурыстап санаи алмаи абден шатасқандарды көргесін солаи оилап отырған боларсың!естісек бас санақшы минстр қашып кетіпті,соңғы есепті дурыстаи алмаған ғо шамасы....

Кімнен: Бейжіңдік Қайдан: Бейжің
10.11.2010 00:42
+0 / -0
Қытайдағы қазақтар саны 1 миллион 114 мың адам дегендерің он жыл бұрынғы мәлімет пе әлде 1990 жылғы ма?

Анау Народецкий деген аққұлақтың мақаласын қате аудардыңдар ма? Аққұлақ қателесті ме?

Кімнен: songhar Қайдан: almate
10.11.2010 14:09
+0 / -0
1милліон 114 мың дегені өтірік.Сіз маған сенеңіз.1982ж санақта қазақ саны 1милліон 111 мың,1990ж 1милліон 332мың болған.Ал,2000жылғы санақта 1милліон 250 мың дегенді алдынғы екі реткі ресіми санақ сифрынан емес,өзге мақаладан көргем.қазақтар жан-санының азаюы шын болып қаралса, 1988жылдан бастап жолға қойылған ЖОСПАРЛЫ ТУЫУдың зардабы.үйткені, қытай қазақтарының өлім-жітім мөлшері қытайдағы 56 ұлттың ішінде 1- орында екенін бейжиңнен қазақ тілінде шығатын ҰЛТТАР жорналынан оқыдым-ау деймін.Ал, жаңсақ мәлімет деп қарасақ, қытай өздері ғана атайтын ХӘНЗУ ұлтының санын арттыру үшін шығар.мемлекетті құраушы көп ұлттың салмағы қаншалық басым болса ұлттар саясатын жасау тіпті де оңай,ұлттар ара қайшылықты мәселелерді шешу тіптіде онанда оңай болады.көріністе үрей тудыруға қолайлы болатында шығар.

Кімнен: urey Қайдан: astana
12.11.2010 00:24
+0 / -0
ketaydage Bagdat degen kompozitordeng jazgan Koktem degen ani bar oneng sozin kazirgi ketay kazaktareneng jagdayena birlestirip belay ozgertemin:
Tangmen birge oyanaseng,
Seng-seng ketay dubirinen.
San ongirde salade aser
Jat jayelgan bul ongirde.
Karangdarxe jernetinen
ne kalde eken ketay jurgen
ketaylardeng kur sesinen
El juregi dupildegen.
kunning oxip nurle kozi,
tutin baskan kala tage
uning oxip boldeng mezi--ol bul sesin
irge elde -ali baykatade

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.11.2010 12:18
+0 / -0
Қытайдың халық саны бізден 100 есе көп, бірақ санаққа жұмсалатын ақша бар болғаны 4 есе ғана артық. Яғни бізде 16 милл. адамға 34 милл. доллар жұмсаса, Қытайда 16 милл. адам үшін 1.4 милл. доллар жұмсайды.
Ағайындар, осы ЖЕМҚОРЛЫҚ бұл елдің түбіне жетеді. айтқан жерден аулақ, үміттен ада емеспіз. Осылай, жылап-жылап, қайтадан жұмысқа кірісеміз, берекесіз ел үшін.

Кімнен: Bawarkizi Қайдан: Semeyden
15.11.2010 13:04
+0 / -0
kitaylar osi karkinmen ose berse ne bolarin ozderin de boljay berinder. Kazaktar biz kawan sogan jetemiz a.
Пікір алмасу

Кімнен: Дулат Қайдан: Урумжі
16.11.2010 00:22
+0 / -0
оләй болса...тұмәй сіздар ма!!! (: (: (: