Келесі бағдарлама






 

Қазақстан

Евгений Жовтистің тағдыры екі-ақ күнде шешіліп, төрт жылға сотталып кете барды

Балқаш аудандық сотының төрағасы Чолан Толқынов. 3 қыркүйек, 2009 жыл.

03.09.2009

3 қыркүйекте Алматы облысы Балқаш аудандық сотының төрағасы Чолан Толқынов Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директоры Евгений Жовтисті кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.


ЖАРТЫ САҒАТТА ЖАЗЫЛҒАН ҮКІМ

Бейсенбі күні Алматы облысы Балқаш ауданының орталығы -Бақанаста жол жүру ережесін бұзу салдарынан кісі өліміне себепкер болды деген айып бойынша Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтиске қарсы сот поцесі аяқталды. 
Құқыққорғаушы Евгений Жовтис айыпталушы орындығында отыр. Бақанас, 3 қыркүйек, 2009 жыл.


Судья Чолан Толқынов құқыққорғаушыны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкімді оқып бола салысымен, Евгений Жовтисті сот залынан бірден қамауға алып кетті деп хабарлады құқыққорғаушы Андрей Свиридов.

Сонымен қатар, ол сот үкімі прокурордың бұдан бұрынғы айтқан талаптарымен сәйкес келгендігіне назар аударады.

Жовтистің адвокаты Виталий Воронов болса шығарылған үкімнің алдын ала дайын болғандығына күмән келтірмейді.

 

«Бес беттік үкімді судья жарты сағаттың ішінде жазып шығуы мүмкін емес. Бұл Қылмыстық кодекс талаптарының өрескел бұзылуы, адамды қорғау және қорғану құқының бұзылуы», - деп мәлімдеді адвокат Азаттық радиосына берген сұхбатында.


АДВОКАТТАР ЖАРЫССӨЗДЕРГЕ ҚАТЫСПАДЫ, ТУЫСТАР БІР БАЙЛАМҒА КЕЛЕ АЛМАДЫ

Бұған дейін сотталушының жақтаушылары тараптардың жарыссөздеріне қатысудан бас тартқан болатын. Ал Евгений Жовтистің өзі бұл сот процесін «саяси жаза» деп атап, соттағы соңғы сөзін айту мүмкіндігін де пайдаланбады.

Евгений Жовтистің қорғаушылары сот процесіндегі жарыссөздердің бейсенбіге белгіленуін де қолдамаған еді. Алайда судья Толқынов жарыссөздерді  кейінге қалдырмайтындығын айтып, тараптардың дайындығына 40 минут уақыт белгіледі. Ол жарыссөздерге адвокаттар қатысқан жоқ, прокурор ғана сөйледі.

Сәрсенбі күнгі сот мәжілісі барысында сөйлеген қаза болған азаматтың туыстары соттан Жовтистің жазалануын талап еткен еді.

Жовтистің қорғаушылары болса Қанат Молдабаевтың туыстарының бұған дейін сотталушыға шағымы болмаған еді дейді.

Соттың алғашқы күні сөйлеген марқұм Қанаттың ағасы Манат Молдабаев "Жовтиске тағар кінәміз жоқ. Бірақ мәселені мен жалғыз шешпеймін туыстардың басқасы не айтатынын білмеймін" деп анасы жазып берген өтінішті сотқа тапсырған болатын. 
Евгений Жовтистің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Алтай Жәнібеков.Бақанас, 3 қыркүйек, 2009 жыл.


Онда қайтыс болған жігіттің анасы Жовтис өзінен кешірім сұрағанын, марқұм ұлын жерлеу рәсімін ұйымдастырып, өткізуге көмектескенін, материалдық шығынды мойнына алып, 15 мың доллар төлегенін жазған.
 
Дегенмен Қанат Молдабаевтың әкесі жағынан туыстары және әпкесі Жовтиске қарсы қылмыстық іс қозғалып, оның сотқа тартылуын талап еткендерін айтады. Бейсенбідегі соттың соңғы мәжілісінде Қанат Молдабавтың әпкесі Толқын Құдабекова сөз алып, бауырының қазасы туралы қашан, қалай естігені жайында айтып берді.

Сот процесінің алғашқы күні Евгений Жовтистің адвокаты Виталий Воронов судья Чолан Толқыновты ауыстыру туралы өтініш түсірген болатын. Сот қорғаушының ұсынысын қанағаттандырған жоқ. Сондай-ақ, сот айыпталушының қорғаушыларының тергеуді толығымен қайта жүргізу туралы талабын да орындамады.
Жовтистің адвокаты Виталий Воронов, Бақанас, 3 қыркүйек, 2009 жыл.


Осы процесті бақылаушы режиссер Болат Атабаев Жовтиске қатысты сот үкімін «әділетсіз» деп есептейді. Оның айтуынша, жол апатынан қаза болған Қанат Молдабаевтың "ішкілікке әуестігі" туралы әңгімелер сотта айыпталушының өз қалауы бойынша айтылмай қалған.  

 

«Бақанас - менің туған жерім. Маған Гүлнәр есімді жергілікті тұрғын марқұм болған жігіттің қайғылы оқиға болған күні алкогольдік ішімдік ішкендігін айтты. Бірақ Евгений Жовтистің өзі, марқұмның өткен өмірін қазбалау арқылы анасының жүрегіне ауыр тимес үшін, бұл жағына сотта көп назар аударылмауын сұрады. Жовтистің бұл әрекеті құптарлық»,- деді Болат Атабаев.


ДОС КӨШІМ ІСТІҢ САЯСИ АСТАРЫНА СЕНІМДІ

Евгений Жовтистің қоғамдық қорғаушыcы Дос Көшім сот шешіміне шағым түсіретіндіктерін айтып, мұндай қатаң үкімнің астарында саясат жатыр дейді :

 

«Бұл жазаны мен Жовтистің абайсызда жасаған жағдайына сай келмейді деп ойлаймын. Сондықтан біз апелляциялық шағым түсіріп, бұл істі аяғына дейін жеткізуге тырысамыз. Адамды қағып кету салдарынан қаза болған кезде тараптар өзара келісімге келтін жайттар болады. Осының алдында ғана дәл осыған ұқсас оқиғаға тап болған "Время" газетінің журналисі Тоқнияз Күшіковтің де сотталуы бұл істердің аржағында саясат тұр ма деген ойға итермелейді,- » деді Дос Көшім Азаттыққа берген сұхбатында.

Бақанастағы сотқа қатысып отырған журналистер мен саясаткерлер, қоғам өкілдері.


Тамыз айының аяғында Қапшағай қаласының соты көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен "Время" газетінің журналисі Тоқнияз Күшіковті төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған болатын. Ол оқиғада да жүргінші машинаның қағуы салдарынан қаза тапқан еді.


Осы сот процесі қарсаңында халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» ұйымы, ЕҚЫҰ және қазақстандық құқыққорғаушылар Қазақстан билігінен Евгений Жовтистің ісінің әділетті қаралуын сұраған еді. АҚШ, Ұлыбритания, Германия елшіліктерінің өкілдері істің барысын қадағалап отырды.

Евгений Жовтис өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі «тапсырыс» деп бағалайтындығын мәлімдеген-ді.

Естеріңізге салар болсақ, құқыққорғаушы Евгений Жовтис «Тойота» маркалы автокөлігімен шілденің 26-сы күні сағат 22.30-дың шамасында Қараой-Алматы тас жолының 131-шақырымында 34 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Қанат Молдабаев оқиға орнында қаза тапты. Тамыздың 17-і күні полиция осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғандығын жариялады.
Бұл форум жабық
     
Пікірлер
Кімнен: ОБСЕ Қайдан: Еуропа
04.09.2009 01:54
1 адым. Сотау, орнына қою.
2 адым. ЕвроОдақ өкілдерін жалынту, жалбарынту.
3 адым. 2010 жылға орай, Президент РахымШылығы.

Кімнен: Тәңірберген Қайдан: Алматы
04.09.2009 11:45
Жовтисті жазықсыз соттау Қазақстан Республикасының әлі де құқықтық мемлекет еместігінің айқын көрінісі. Енді әлем елдерінің көптеген өкілдері Президентке хат жолдайды деп ойлаймын. Сосын қалам қалай қисайса солай болары хақ. Жовтиске бостандық берілсін!!!

Кімнен: Архимед Қайдан: Актобе
04.09.2009 12:40
Ұлттың жанашыры болып жүрген азаматты түрмеге тыққанда ұтқан қай жақ,әрине,билік.Ал,көпшілік,теңселіп қалды.Алдыңа келсе,атаңның да құнын кещ!-деп бабаларымыз бекер айтпаған,оқиғадағы жәбірленуші туыстар өте ұят жасап,барлығымызды жерге қаратты,пайдаланып болып,әртүрлі сөйлеулері екіжүзділік,ия,тағы бір әділетсіз іс біздерді әлемге күлкі етпек?

Кімнен: Карапайым халык Қайдан: Астана к.
04.09.2009 13:02
Болат Атабаев деген кисинин пикири шагым айтамын. Сонда олген адамды бурынан ишетин адам деп айыптауга бола ма екен. Ким ишпейди екен. Жургизуши жолда абай болу керек себеби ол темир жургизип келеди. кателиги ушин несине оны коргауга алек болады екен. Ал ана жигитке ким жаны ашиды екен. Онын ата анасы кандай куйде. Бари тек саясатты ойлайды алде пендешликти. Адам емеспе ен биринши орында.

Кімнен: Халык Қайдан: Астана каласы
04.09.2009 13:07
Не айтып отырсыздар кимге сонша жаныныныз ашып отыр. Кайгылы уйге жаныныз ашымайма.

Кімнен: Нағыз қазақ Қайдан: Ақтау
05.09.2009 00:11
Меніңше, өлген жігіттің семъясы енді 15 000 долларды иесіне қайтарып беруі керек. Басқа жол жоқ. Бір туысқанын жерлеуге ақша таппаса оның несі туысқан?

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
05.09.2009 15:12
Ешқандай құжаты, рұқсаты жоқ қыз бала әкесінің көлігін ұрлап мініп қала ішінде тратуарда кетіп бара жатқан екі азаматты қағып екеуі де қаза болды. Сот 5 жыл берді,дұрыс. Ал, мынада мүлдем басқа.Байқаусызда болған оқиғалардың ішінде адам басқандарының сотталғанын естіген жоқпын. Біздің елде әділ сот жоқ.........Оған дәле көп. Қазіргі жағдай 1937 жылғы жағдайдан айырмашылығы шамалы. Бізде демократия болған емес, жоқ та! Сотқа ештеңе бермеген соң осындай шешім болған шығар.

Кімнен: 999
05.09.2009 16:00
Евгений Жовтис осыдан бираз бурын Казакстанда кабылданган диндер туралы занды айыптаган болатын.Онын ойынша Казакстан турли секталарга "кысымшылык" жасап жатыр екен -мыс.Ол бул маселени Еуропа денгейне дейн котеруге уаде берди. Жалпы Жовтис ,Машкевич сияктылар Казакстанга кандай жаксылык жасап жатканын оздерин кунде корип отырсындар.Ози де кырык курау боп тозыгы жеткен Казакстанга бул кай "жаны ашыгандык?" Бурын мен бул кисини откир ойлары ушин курметтейтинмин,ал ол сол курметти бир мезетте озине кайта сатып алды.Агайын адаспандар кимди коргап ,кимге болысып жатырсындар оны оздерин де билмейсиндер.Б.Атабаев,Ж.Куанышалин сияктыларга айтарым:Казак азаматтары екедерин рас болса ана олген бауырларыннын аруагын ойландар,оны гайбаттап семьясын корламандар.

Кімнен: Алдаспан Қайдан: Қазақстан
05.09.2009 17:26
Сот алдында барлық адам тең.ол қара болсын ,хан болсын.Евгени Жовтис қылмысты болса,тіиісті жазасын алуы керек.егер шынайы қылмысы дәлелденетін болса ғана.қылмыссыз болса,босатылуы керек.Халықаралық құқық қорғаушы ретінде емес,заң алдында,қарапайым азамат ретінде мәміле жасалуы керек.Өз басым Евгени Жовтис деген осы азаматты аса үната бермеймін.Халықаралық құрлымдардың араласуына қарағанда,бұл адам батыс елдері үшін,солардың мүддесі ұшін,еңбек етіп отырған адам.Қазақ ұлтына,мемлекетіне,ешқандай дүрыс көзқарас қалыптастырмаған,гуманитарлық білімі таяз,быр сыдырғы кеткен адам.мемлекеттік тілді мүлде білмейтін,мемлекет құрушы ұлтты силамайтын адам.ол сол мемлекеттің бүкіл болмысына терең бойлап ене алмайды.ұйткені ол жергілікті халықтың қанды коз жасы тамған тарихын түсінбейді.оның коптеген ойлары мен көзқарастарын мүлде қабылдауға болмайды.Евгени Жовтис қана емес,Қазақ ұлтына,және оның тіліне,мемлекеттілігіне қарсы шығып жүрген,іштен шыққан шыбар жыландар:Олжас сүлейменов,Нүрлан Ерымбетов сияқты,аттөбеліндей адамдарға не айтамыз?бізге қүрғақ идеиялистер керек емес.Қазақ халқы онсызда зерек,тумысынан гуманитарлық,философиялық,өмір тәжірибесі қалыптасқан,халықтық мол рухани қазынасы бар, есті, сергек халық.қайдағы бір ескі, орыс ұлтшылдарының,халықаралық құқық қорғаушы дейтіндердің,замана көшінен қалған,алай істеңдер, бүлай істеңдер деген ақылы керек емес.бізге ұлттық мемлекетті нығайту ұшін,ұлттық идеиялогия керек.ұлы Алаш қайраткерлерінің идеиясы керек.Евгенилерге сенсек,ертеңімізден де ,болашағымыздан айырыламыз.Халықаралық қоғам,құқық қорғаушы дегендер батыс елдерінің мұддесі ұшін қызмет істейтін қүрлымдар.олардың еркіне салса,бізді бәрінен айырғысы келеді.сонда халықаралық құқық қорғаушы дейтіндердің сөзіне құлақ ассақ,бұкіл Қазақ тыр-жалаңаш көшеге шығып кетсеңде олар саған разы болмайды.біз неше түрлі діндерге,секталарға, кіруіміз керек.алуан түрлі тілде сөйлеуіміз керек.көше-бойы жез-өкшелер ұйін ашып,қаптаған шетелдіктерге құрақ үшуымыз керек.бәрі-бір сондада олар саған разы болмайды.батыс елдерінің озық демократиялық үлгілерінен,тәжірибесінен үйренуге,қабылдауға болады.бырақ өз ұлттық ерекшелігімізге бағыттап қабылдауымыз керек.Евгени Жовтис,Нүрлан Ерымбетов және басқада ұсақ-түйек, бүржуазиялық саясат танушы,құқық қорғаушы дейтіндерге айтарым:Қазақ ұсақ-түйек ұлт емес,заманында имперя деңгейіне дейін көтерілген,өз бітім-болмысы қалыптасқан,мәдениеті, тарихы бар,өз териториясында неше ондаған мемлекет құрған,әлем тарихына белгілі ірі халық.бұл халық қашанда ірі сөйлеуды үнататын халық,ел бастаған көсемдері мен сөз бастаған шешендеріне дейін,қадырын түсініп,бағалай білген дана халық.саясатшы болу үшін де,ойшыл болу үшін де үлкен кемеңгерлік,қабілет дарын керек.біздің көптеген атқа мініп жүрген,ел басқарып жүрген азаматтарымыз,саясатшыларымыз бүл салаға дайындықсыз келгендер.бүл біздің ұлттың үлкен қасыреті.Өз басым шетелде туылып өскен Қазақтың қарапайым азаматымын.мені өз ұлтымның дағдыры ғана алаңдатады.мен өз халқымнан басқа ешкімгеде сенбеймін.жаны сірі,жансебіл халқым қашанда аман болсын.Евгени Жовтис сияқты азамат нақақ болса,ақталып шығуын тілеймін.ит талап кетседе,шақырып алып,маңдайынан сипап,тамақ құятын,компыс халықтың ұрпағымын ғой мен.қасқа маңдайдан салып жатсада есін жимайтын,аңқау халқым менің.

Кімнен: shetelkazakh Қайдан: europa
08.09.2009 04:53
aldaspan-ga kim bolsanda narse biletin kozin ashik basin jumistaitin kazakh ekensin.men osilardin arasinda turam.men bulardi jaksi bilem ,sen de jaksi biledi ekensin .baskalari bilmeitinin okinishti.
     
Мәтін көлемі - +

Мультимедиа