Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:01

БЛОГСТАН

Чехия астанасында жолаушымен қазақ тілінде сөйлескен Йозеф қазақ достары мен қазақтың дәм-тұзын сағыныпты

Прага метросындағы көлікте отырмын. Күнделікті көрініс. Жолаушылардың көпшілігі газет-кітаптарына үңіліп, кейбірі мен сияқты шетелдіктерге көзінің астымен сынай қарап, тағы бірі тосыннан келген тексерушіге билеттерін көрсетіп жатыр. Кезек маған да келді. Жымия қараған билет тексеруші маған қызмет белгісін көрсетті де, қазақ тілінде «Cәлеметсіз бе?» деп амандасты.

Мәтін көлемі - +


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕСЕТІН ЧЕХ БИЛЕТ ТЕКСЕРУШІСІ


Өз құлағыма өзім сенбей, мүмкін қағыс естідім бе деген оймен, оған жол жүру құжатымды көрсеттім. Енді оның маған тағы да қазақ тілінде «рахмет» дегенін ап-анық естідім. Шет елдік азаматтың ана тілімде сөйлегендігіне таңданып, тағы да сәл тосылып қалдым да, «Сіз қазақшаны қайдан білесіз?» деп қуанышымды жасыра алмай күліп жібердім.

Ол маған: «Қазір чех тексерушілері қазақша сөйлейтін болған» деп жауап қайтты. Қалжыңды да қазақы мәнермен айтқан бұл чех азаматынан қазақ сөздерін естігенім көңіліме қуаныш сыйлады.

Чех азаматының менің ана тілімді қалайша, қашан меңгеріп алғанын білуге ынтыға түстім. Өзім куә болған бұл жаңалықты әріптестеріме жеткізіп, олармен бөліскім келді.

Сөйтіп, метрода кездескен жанға бірден қолқа салып, өзінен сұқбат алғым келетіндігі айттым. Ол өтінішімді қабыл алды. Бірақ, Қазақстаннан кеткеніне 3 жылдай уақыт болып қалғанын айтқан Йозеф есімді бұл азамат өз ойын толығырақ өзге тілде – Қазақстанда қазақтардың тағы бір тілі болып кеткен – орысша жеткізгісі келді.

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫДАЙ ДӘМДІ ЕТ ЖЕЙ АЛМАЙ ЖҮРМІН»

Қызық болғанда, Йозеф бірден қазақтың ұлттық тағамы – асылған етті сағынғанын айтты. Өз айтуынша, дәл Қазақстандағыдай «бесбармақты» еш жерден кезіктірмепті.

«Қазақстанда жеген ет ерекше дәмді еді, қанша рет Чехиядағы үйімде қазақша ет асып жеуге тырыссам да, бұл жердегі малдың етінің дәмі жоқ болып шықты», – деді ол.

Атырауда чехиялық «Кубик» деген фирмада жеті жылдай жұмыс істеп қайтқан Йозеф Свобода өзінің қазақ тілінде сөйлеу тәжірибесін дамытқысы келетінін айтты.

Ол Атырауда дүкенге барғанда қазақша сөйлеген кездерін еске алды.

«Нан алайын деп едім», «Сізден бір нәрсе сұрауға бола ма?» деген сөйлемдерді жиі қолданғанын, өзі жиі араласқан қазақ достарын да сағынышпен еске алды.

Жұмыс уақыты болғандықтан, сұқбатымыз ұзаққа созылмады. Әйткенмен, осы аз уақыттың ішінде, чех ұлтының өкілінен өз ана тілімде естіген жүрегіме жақын сөздер шет елде жүрген маған алыстағы туған жерімнен жеткен сағынышқа толы ыстық сәлемдей болды.

Ерекше сезім бөлеген менің ойыма, Қазақстанда жеті жыл емес, жетпіс жыл тұрып, қазақ тілін білмей жүрген жандар да бар екендігі орала берді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз

Тегтер: қазақ , ет , тілі , шетелде , тексеруші , йозеф , дәмі , бесбармақ , аырауда , метро , свобода , чехия , билет , прага

Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Алтын Прагага гашык адам Қайдан: Казакстан
18.02.2010 22:43
+0 / -0
Мына ангiменi окып отырып, семьямызбен 1 айдан артык уакыт чех жерiнде демалганымыз тусiп кеттi. 15 кундей Прагада жаттык. Бiз турган "Старе место" ауданынын "Mustek" метросына жакын MY деген улкен амбебап дукен болды. Сол дукенде жумыс iстейтiн коп охрананын бiреуi Кыргызстанда бiрнеше жыл жумыс iстеген корiнедi.Улты чех. Бiздi корiп "кыргызсындар ма"- деп жабыса кеттi. Ангiмесi коп, сол жакты ансап зорга журмiн дейдi. Халкы кандай шiркiн , адамдардын бiр-бiрiне деген карым-катынасы кандай деп сагынышын айтты. Кун жылынганда сол жакка бiржола кетемiн деген.Бiз осы кыстын басында жолыктык ол адамга. Алi турган болар.Азият корсе "кыргызсын ба" деп жабыса кетедi.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.02.2010 14:36
+0 / -0
Тілді құрметтеп ,сыйлап ,дамытып,жалғастырып жүрген адамдарға құрметім зор.Ал өкінішке қарай,өз тілін ,дінін ,ділін білмейтін надандар әліде көп ақ.....
Соларға сабақ болғай.

Кімнен: ArKazakh Қайдан: Almati
19.02.2010 18:06
+0 / -0
Anggimengizge kop rahimet!!! eger Kazakhstandagi barlik kazakh kazakhsha soylese elimizdegi ozge ulittardi koyip shetelden kelgen konahtarda kazakhsha soyleuge mazhbur bolushi edi Kairan ''AltinOrda''mai ! ozge zherden kelgender Kipshakh zherine en'gende kipshakh tilinde soyleushi edigoy! al kazir bizde kazakh tilinde soyleudi mahtanish etkenning ornina mensinbeidi bul nedegen arsizdik! nedegen korgensizdik! nedegen satkhindik! oris tilinde sarnay zhonelemiz Aughanstandagi Pushtinder ayitkhanday nagiz Lelinning balalari, oz ''Ana tilimizdi kurmettemegendik Ata-Babamizdi siylamagandik'' .kairan baba tili sen kashan kogeresing!!!......???

Кімнен: адилбек Қайдан: отырар
19.02.2010 22:15
+0 / -0
ертеде, казирги территориясында хазар деген ел болган,оларга оз жеринде оз тилдеринде сойлеу уят саналган,жергиликти халык келимсектердин етектерин котерип журген,кейинирек олар типти жер бетинен жок боп кетткен,ол бизим казирги окимет басындагылардын арасынан коремиз.

Кімнен: Мақсат
20.02.2010 20:13
+0 / -0
Бұл чех азаматының әйелі қазақ болған ғой, қазақша сөйлеп үйренген болса, олай болмаса, оған үлкен респект қазақтардан.

Кімнен: Праганың бұрынғы тұрғыны
20.02.2010 21:21
+0 / -0
Ой, Праганың метросын көріп, сағынып кеттім. Не дегенмен, біраз жыл мекендеген елің ыстық болады екен. Енді тіпті ондағы контролерлер қазақша сөйлеп жатса, қалай жүрегің жылымайды. Алла тағы бір сәтін салса, алтын Прагаға баруға дайынмын.

Бәріңізге де мүмкіндік болса, Чехия астанасын көріп қалыңыздар дегім келеді.

Кімнен: Нұрбек Қайдан: Атырау қаласы
20.02.2010 21:24
+0 / -0
Ия, бұл чехты шынымен Атырауда көрген сияқтымын. Нешінші жылдары келіпті бізге? Толығырақ мәлімет берілмепті ғой мұнда.