Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:03

ЕРКІН СӨЗ

Дінмұхамед Қонаев. Оның ел алдындағы жалған бейнесі көзі тірісінде қалыптасқан еді

Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама-қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Бірақ, қайраткердің көзі тірісінде-ақ оның бедел-бейнесінің даулы тұстары көп еді.

Мәтін көлемі - +

ҚОНАЕВ КҮЗЕТСІЗ ЖҮРЕТІН

Дінмұхамед Қонаев кішіпейіл басшы есебінде танылды. Ол ертеменен Коммунистік даңғыл мен Киров көшесінің (бүгінгі Абылайхан даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің) қиылысындағы үш қабатты үйден шығып, ылдидағы Үкімет үйіне қарай жайбарақат жұмысқа бара жататын. Қонаев сол үйде көп жылдар бойы тұрды, тіпті, Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы болған кезінде де, қаланың орталығында үш бөлмелі пәтері бола тұра әлгі үйде тұрды. Ал басқа үйге көшкенде Қонаев пәтерін өзінің кадрлық саясатын қатты сынап жүрген жазушы Әлжаппар Әбішевке сыйға тартып кетті.

Мен де сол кезде Алматының орталығында тұрдым, менің де жұмысқа баратын жолым Коммунистік даңғылдың бойы еді. Анда-санда алдымнан жалғыз келе жатқан ұзын бойлы Қонаевтың сымбатты тұлғасын сыртынан көретінмін. Осыны айтсам, адамдар сенбейді: қалайша ол күзетсіз жүр деп. Расында да күзет қызметінің саны көбейтіліп, кім көрінген жанына күзет қаптатып жатқан уақытта мемлекеттің бірінші адамы жұмысқа жаяу және күзетсіз барады дегенге сену өте қиын.

Министрлер кеңесінің төрағасы болғанда Қонаев академик атағы үшін өзіне төленетін 340 сом шамасындағы ақыдан бас тартқанын білеміз. Бұл ақшаны ол балалар мен жас ғалымдарға көмектесу мақсатында жұмсауға бұйырды. Осындай кішіпейілділік оның туа бітті қасиеті екені көзге көрініп тұрды және жұрттың оған деген сенімін күшейтті. Оның жеке басының байлық-дәулетке қызығушылығы байқалмады.

Оның айналасындағы адамдардың арасында оны ұлықтаудан жарыс болған жоқ, есесіне олар оның көшбасшылық беделін қызғыштай қоритын, оның жетістіктеріне қылау түсірмеуге тырысатын.

ЕКІ КҮН ҒАНА КӨРСЕТІЛГЕН ҚОЙЫЛЫМ

1987 жылдың қыркүйегінде Нұрсұлтан Назарбаев «Дружба народов» журналына сұхбат беріп, Дінмұхамед Қонаевты әшкереледі. Назарбаев оның өмірдің табиғи қажеттіліктерінен алшақ кеткенін, кадр таңдау әдісін, т.б. сынға алды.

Арада тура үш жыл өткен соң, дәл солай қыркүйектегі санында, бірақ, «Бірлесу» тәуелсіз газетінде Дінмұхамед Қонаевтың сұхбаты
Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) және Дінмұхамед Қонаев (оң жақта).
жарияланды. Ол былай деп мойындаған: «Өзімді өзім ақтайын деп отырған жоқпын, дұрыс та, бұрыс та шешімдер қабылдадым: қателік те болды, жетістік те болды. Жалғыз ғана көзімнің жеткені – көп уақыт билік басында болуға болмайды. Айналаңдағы адамдарды тану түйсігің жоғалады, тың ойларды түсінбейсің немесе қабылдамайсың, өзіңе өзің сын көзбен қарауды қоясың. Сосын міндетті түрде қателіктер жасайсың, әсіресе кадрлық саясатта. Негізінде айналаңа өзіңе табынушыларды емес, идея беретін ақыл-парасат иелерін жинау керек».

Қонаев билікте болған кезде өмір сүріп, жұмыс істеген біздің бәріміз адамды биік қызметке қою үшін еңбегіне қарамайтынын, қызметке келгендердің бас салып өз руластары мен жерлестерін сүйрегенін көрдік. Дінмұхамед Қонаевқа руға бөлінудің етек жайғанын, оның қоғамға қауіптілігін тіке айтқандар да болды.

Қазақтың алдыңғы қатарлы жазушыларының бірі Әлжаппар Әбішев Қонаевқа жазған хатында былай деген: «Неліктен халықтар достығының зертханасы боп саналатын Қазақстанда өз жүздеріміз бен руларымыздың арасында достық жоқ? Руға бөлінуді ойлап жүргенде басымыз бөгде біреудің аяғының астында қалып жүрмесін!»

Бірінші басшымен сөйлескеннен де, арызданғаннан да еш нәтиже шықпады. Жазушы бостан бос дабыл қағуды доғарып, өз ойын халыққа пьеса арқылы жеткізуді қолға алды. Сол кезде дүниеге «Даңғойлық пен ар-ұят» шығармасы келді. Осы туынды бойынша Алматыдағы Әуезов атындағы театрда белгілі режиссер Әзірбайжан Мәмбетов қойған және басты рольдерде ең танымал әртістер Асанәлі Әшімов пен Ыдырыс Ноғайбаев ойнаған спектакль халықты дүр еткізді.

Алайда, екі күннен кейін спектакль қойылымнан алынып, ауторы ҚКП ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы Саттар Имашевпен әңгімеге шақырылды. Ол спектакльді көрмепті, пьесаны оқымапты. Бірақ, екі сағат бойы жандайшап жеткізушілерден естіп алған «Қанша жерден дана басшы болса да, айналасына жағымпаздарды жинап алып отырғанда қателікке ұрынбауы мүмкін емес», «Аспан ашық, жол тегіс. Бірақ, тізгінді тура бір мас адам ұстап отырғандай, қорыққанымыздан діріл қағамыз» деген спектакль кейіпкерлері айтатын «идеологияға жат» сөздердің төңірегінде әңгіме жүргізген.

Бұл сөздердің қай жерінен ерсілік көріп тұрсыз деп сұрайды жазушы. Бірақ жауап ала алмайды. Билікке жағымсыздау тиетін сын бар, әрине, бірақ, оны жат санаға жатқызу мүмкін емес. Жазушының бұл жөніндегі естеліктері оның «Шерлі шежіре» атты кітабында бар.

ҚОНАЕВ КЕЗІНДЕГІ ОРЫСТАНДЫРУ

Жуырда Қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп жариялаған заңның 20 жылдығы атап өтілді. Бірақ, мемлекеттік тіл өз дәрежесіне сай болып отырған жоқ. Құр әңгіме, үндеу немесе үгіт-насихат. Қазақ балабақшалары мен мектептері әлі күнге аз болып отырғанда басқа себептер туралы айтудың да жөні жоқ.

Советтік Қазақстанның бір кездегі басшысы Жұмабай Шаяхметов орыстың көптігіне қарамастан, ана тіліне деген құрмет пен көңіл бөлуді іс жүзінде көрсетіп, кейде ОК бюросын қазақ тілінде жүргізетін. Нұршайықовты Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы етіп бекітетін ОК бюросын Шаяхметов қазақ тілінде жүргізіп, артынан өзі орысшаға аударғанын белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың естелігінен білеміз.

Шаяхметов ОК хатшысы болып бекітіліп жатқан ОК комсомолы Анатолий Шаловтан өз өмірбаянын пленумға қатысушыларға қазақша айтып беруін сұраған. Сөйткен Шалов кейіннен Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы, ҚКП ОК әкімшілік бөлімінің меңгерушісі
Дінмұхамед Қонаевтың Алматыдағы мұражай-үйіндегі суреттері.
болды, ал, зейнеткерлікке шыққан соң Алматы қалалық ардагерлер кеңесіне жетекшілік етті. Ол мемлекет қайраткері және адам есебінде Жұмабай Шаяхметовты ерекше жылылықпен еске алатын.

Тілдің қадірін қашырғанымыз соншалықты, ана тілімізде сөйлеуді қорашсынатын халге түстік. Қоғамдық іс-шараларда, үйдегі отырыстарда менен жасырып бірдеңе айтып жатыр деген ойға қалмасын деген желеумен сонда отырған бір орыс үшін туған тілімізде сөйлеуге қысылатын болдық.

Дінмұхамед Қонаевтың қабылдауында екі қазақ, бір орыс отыр. Олар аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына бекітілейін деп жатқандар еді. Ана тілінде амандасқан екі қазақты Қонаев сол жерде тоқтатып, жалпыға түсінікті орыс тіліне көшулерін сұрайды. Үшінші жолдас әлденені жасырып отыр деп жаман ойлап қалмас үшін.

Сол үшеудің бірі менің ескі танысым Рахымбай Тазабеков болатын. Ол ауылда туған адам. Зоотехник болып өмір бойы ауыл шаруашылығы саласында істеген нағыз ауылдың қазағы. Оған республика басшысының өзі секілді екінші қазақтан орысша сөйлеуін талап етуі оғаш болып көрінген.

БЕСІНШІ БАҒАН

Менде ұйғыр жазушысы Әбдікерім Ғаниевтің «Исмаил Юсупов: «С чистотой помыслов» атты деректі повесі бар. Содан үзінді келтірейін: «Республикаға басшылық етуге мен келгенде «менің қаракөз достарым» Қазақстанның басына ұйғыр келді деді. Ал, Қонаев туралы ондай әңгіме айтылған жоқ. Оның ұлты татар еді ғой. Мұны мен Қазақстанның бұрынғы басшысы ретінде толық жауаптылықпен мәлімдеймін. Қонаевты және оның ата-анасын менен артық ешкім білмейді. Себебі, менің ата-анам оның ата-анасымен Алматыда көрші тұрған. Ал, біз Д.А.Қонаев екеуміз бала кезден бірге өстік, сосын Сопы Зарват атындағы ұйғыр орта мектебінде бірге оқыдық.

Қазақстан басшысын ұлттық кадрлар сапынан бекітеміз деген мәселе көтерілген уақытта Қонаев өз паспортын бір-ақ түнде жойып жіберіп, ұлты қазақ деп көрсетілген жаңасын алған болатын. Оның сол қулығын мен жақсы білетінмін. Бірақ, ол деректі ашық айтатын уақыт ол кезде әлі келмеген еді».

(1962 жылы Исмаил Юсупов Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып бекітіліп, екі жыл жұмыс істеген.)

Партияның көнекөз қызметкері Сатыпалды Тотанов «Өткен өмір өткелдері» деген кітабын шығарды. Кітап бірінші жақ – қатысушы және көзбен көруші тарапынан баяндалған әртүрлі деректерге толы. Деректер біреудің шамына тиер-тимесіне қарамастан, боямасыз, қаз-қалпында берілген. Естелікте нешетүрлі қызықтар жетіп-артылады.

Партиялық қызметтен кеткеннен кейін Сатыпалды Тотановқа республика үкіметінің жанындағы дін жөніндегі кеңесті басқару тапсырылған. Сол кеңестің Қарағанды облысы бойынша бөлімшесінің басшысы Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағатты басқарған
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев (сол жақта), Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан екінші), СОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақта). Целиноград,1985 жыл.
кезінде Қонаевтың өз қолымен толтырылған анкетаны көріп қалғанын айтқан.

Анкетада Дінмұхамед Қонаевтың ұлты татар деп көрсетілген. Қарағанды облысы бойынша кеңестің жетекшісі әлгіндей анкетаның табылғанын сол уақытта Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы болып қызмет ететін Нұрсұлтан Назарбаевқа айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев ол құжатты екеуінен басқа ешкім білмейтіндей етіп тығып тастауды сұраған.

Одан соң заман өзгерді. Сатыпалды Тотанов қалалық Ардагерлер кеңесінде жұмыс істеп жүрді. 1990 жылдың 20 сәуірінде Нұрсұлтан Назарбаев Лениннің 120 жылдығын қалай атап өту керектігін ақылдасу үшін Алматының әр ауданынан 10 ардагерді өзіне шақырып алады.

Әртүрлі сұрақтарға, оның ішінде Дінмұхамед Қонаевқа қатыстыларына да жауап беріп отырған Назарбаев оған қатысты артық сөз айтпауды, тыныш демалуына мүмкіндік беруді сұрады. Сатыпалды Тотановтың естелігі бойынша, сол жолы Назарбаев отырғандарға қарап, кішкене ойланып алып, күтпеген жерден: «Қонаев қазақ емес, партияға өту үшін өз қолымен толтырған анкетасында ұлтын татар деп көрсеткен» деп айтып салған.

Заман сондай еді, адамдарға мансап үшін советтік төлқұжаттың көпірме бесінші бағанындағы жазуды өзгертуге тура келген. Өзбекстандағы көптеген қазақ пен тәжіктер өзбек болып жазылуға мәжбүр болған дейді ғой. Кейбіреулер мансабын өсіруге еш кедергі болмас үшін қазақ болып жазылатын ондай жасырын жайт Қазақстанда болған және әлі де бар.

СӘТПАЕВТІ КӨРЕ АЛМАУ

1975 жылы теруден алынып тасталған жазушы Медеу Сәрсекеевтің Қазақстан Ғылым академиясының бірінші президенті Қаныш Сәтпаев туралы кітабын еске алайық.

Жазушы қаламақысының біршамасын алып, жұмсап үлгерген баспадан шығуға дайын тұрған кітапты кімнің не себеппен өндірістен алып тастағанына жауап ала алмай өзінің әуре-сарсаңға түскенін, еш нәтиже шығара алмай әрі-бері сенделгенін кейін жеке бір кітап етіп жазып шықты. Дінмұхамед Қонаев оның екі бірдей хатын жауапсыз қалдырған.

Жазушыны Қазақстан Компартиясы ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы Саттар Имашев он үшінші күні қабылдаған, бірақ, нақты жауап беруден жалтарып баққан. Ол жазушының Сәтпаев туралы кітабын жарияламауын сұрап, не ұсынбады десеңізші, моралды-материалды игіліктің барлық түрін беруге даяр болған. Бірақ, ақыр-аяғында бұл «үйде» өзінен басқа да адамдардың бар екенін айтып, шындықтың бетін ашпасқа амалы қалмаған. Әлгіден соң басқа сөздің қажеті жоқ, бәрі де түсінікті болған.

Қаныш Сәтпаев туралы кітап тек бес жылдан кейін ғана, 1980 жылы Мәскеуде «Молодая гвардия» баспасынан жарық көрді. 1994 жылы «Санат» баспасынан Медеу Сәрсекеевтің «Қуғындалған Сәтпаев» деген Сәтпаев туралы әңгіменің оқырмандарға жетуі ауыр да ұзақ болған қиын жолы туралы кітабы шықты.

Көптеген деректердің арасында мынадай да бір өте қызық дерек бар. 1981 жылы Дінмұхамед Қонаевқа ССРО геология министрі Евгений Козловский келеді. Сол министр Сәтпаевты мақтаныш көретінін, Үлкен Жезқазғанды ашқан осынау ірі геолог ғалымның алдындағы борышы жайында сөз қозғайды.

Сол кезде Дінмұхамед Қонаев министрді тоқтатып, «Сіз қателесіп отырсыз, Жезқазғанды түбегейлі зерттеп, ашқан адам – геолог Сейфуллин. Сәтпаев оның еңбегін пайдаланып кеткен» дейді.

Министр дауласпады, өйткені, СОКП ОК Саяси бюросының мүшесіне бәрі жарасымды. Сәтпаев халықаралық қорының президенті Кәкімбек Салықовтың сөзімен жауап берейік: «Қаныш Сәтпаев дүниеден өткеннен кейін советтік замандағы кейбір басшылардың оның есімін ұмыттырып жіберуге тырысқанын үлкен қынжылыспен айтуға тура келеді. Оның бәрі биікке қалықтап шыққан даңқының көлеңкесінде қалудан қорықты».

Десе дегендей-ақ, Қаныш Сәтпаев – Қазақстан Ғылым академиясының бірінші президенті, одақтық Ғылым академиясының мүшесі болған тұңғыш қазақ, осы академия төралқасының мүшесі, Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтар жөніндегі Мемлекеттік комиссияның мүшесі, Жоғарғы аттестациялық комиссияның мүшесі.

Академик Шапық Шоқин оған тағы бір өте биік баға береді: «Синтетикалық ақылдың ойшылдары өте сирек туады. Барынша синтетикалық құрылымдағы ақыл-парасат иелері кеңінен танымал: Леонардо да Винчи, Эйнштейн, Андрей Сахаров. Олар немен шұғылданса да қайталанбас тұлғаға айналады. Мен еш күмәнсіз Қаныш Сәтпаевты да осы айрықша ақыл-парасатқа ие ойшылдардың қатарына жатқызамын».

Ал тіпті Қазақстанның өзінде беймәлім геолог Сейфуллинді онымен салыстыруға да келмейді.

БЕЙСЕБАЕВТЫҢ ЕСІМІН ҚОНАЕВ ҚАЛАЙ ҰМЫТТЫРДЫ

Жоғарғы жақтағы өмір халыққа беймәлім, ондағы болып жатқан жайттардың бір ұшқыны ғана жетеді жұртқа. Сондай жайттардың бірі – Қонаевтан кейінгі ең маңызды адам, республиканың министрлер кеңесінің төрағасы Мәсімхан Бейсебаевтың зейнет жасына жетуіне байланысты зейнеткерлікке шығуы.

Бейсебаевтың күш-қайраты әлі бойында, нағыз бабына келген шағы еді. Оның зейнеткерлікке шығуы өзі үшін де, отбасы үшін де тосын жағдай болғанын біз біраз уақыт өткенде бір-ақ білдік.

Мәсімхан Бейсебаевтың көмекшісі, кейіннен Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары болған Жарысбек Әбутәлипов сол кезді былай деп есіне алады:

«1970 жылдың 31 наурызында күндізгі сағат он бірде оны Д.А.Қонаев шақырып алып, Жоғарғы Кеңес Төралқасының жетекшісі Ниязбеков пен ОК-тің екінші хатшысы Титовтың қатысуымен оның зейнеткерлікке шығуы керектігін жария етті. Сол күні-ақ сағат 14-те ОК бюросы Бейсебаевты қызметінен босатып, орнына Бәйкен Әшімовты тағайындады.

Оның алдында ССРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Бейсебаевпен ССРО Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы Н.К.Байбақов, Мемлекеттік жабдықтау төрағасы Э.Дымшиц, қаржы министрі В.Ф.Гарбузов жолығып, республика үкіметіндегі тыңғылықты жұмыстары үшін алғыс айтқан болатын. Сол кезде олар: «Мәке, әлі шашыңда бір тал ақ жоқ. Жұмыс істей бер, біз саған көмектесеміз» деп қалжыңдап еді.

ССРО Министрлер кеңесінің төрағасы Алексей Косыгин Мәсімхан Бейсебаевты іскерлігі, принциптілігі және шыншылдығы үшін сыйлап, бағалайтын. Көп ұзамай, осындай тамаша қасиеттердің иесі – оны Қазақтың шалғын-жайылым шаруашылығы институтының директоры етіп тағайындады. Институт енді ғана құрылып, әлі қалыптасып үлгермеген еді. Бейсебаев қажетті қаражаттың бөлінуіне себеп болып, екі жылдың ішінде кешеннің құрылысын аяқтады. Бірақ, тағы да оның қызметтен кетуін талап етті. Ал, бұл кісі сондай жұмыс істегісі келіп құлшынып еді!»

Республика мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы Камалбай Кетебаевтың естелігінен:

«Оның айналасындағы қайраткерлер де зейнеткерлер еді, сондықтан мұндай шешімнің себебін ешкім түсіне алмады. Мен, өз басым ірі мемлекет қайраткерін қудалаудың нағыз себебін білетін едім.

1969 жылдың соңына қарай бірде біз ол екеуміз алдағы жылдың кейбір мәселелерін талқылап отырғанбыз. Сол сәтте үкіметтік телефон шыр ете түсті. Тұтқаны көтерген Мәсімхан Бейсебайұлы байыппен тыңдап алды да: «Димаш, мен ол алаяққа ұсыныс бермеймін» деп нық сөйледі. Телефон тұтқасын қойған соң менің жүзімдегі сауалды көрді де, сауда министрін Министрлер кеңесі төрағасы орынбасарының бос тұрған орнына ұсынып жатқанын айтты. Ол қызметте Зорин болған, бірақ, оны зейнеткерлікке шығарып жіберген.

Мәсімхан Бейсебаев үкімет басынан кеткен сол бір кез басшы қызметтерге дайындығы нашар және барлық кезде шыншыл бола бермейтін, жалғыз ғана білетіндері қамқоршыға қызмет ету, яғни, тоқыраудың өзегін құраған кадрлар келіп жатқан екіұдай уақыт еді. Сондайлардың жолында темірдей берік, биік парасатты Бейсебаев тұрды. Бұл Бейсебаевтың принципшілдігінің бір ғана көрінісі, ал, бұл секілді жайттар талай рет болған, сол себепті оны неліктен зейнеткерлікке шығарып жібергені өздігінен-ақ түсінікті».

Бір кездері бірталай қайраткер жиналып, салынуының басы-қасында Қонаевтың өзі болған Алматы облысындағы Қапшағай қаласына оның есімін берейік деп ұсыныс жасады. Бірақ, су қоймасы, электр станциялары, тұрғын үйлер, теміржол көпірі, балық зауыты, фарфор шығаратын фабрика және басқа да нысандардың құрылысының басы-қасында Бейсебаев та болды ғой!

БОЛАШАҚТА БӘСЕКЕЛЕС БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ АДАМДАРДЫ ЫҒЫСТЫРУ

«От Сталина до Горбачева» деген кітабында Дінмұхамед Қонаев ОК-тің идеология жөніндегі хатшысы болған Мұхаметқали Сужиковты кенеттен сынға алады.

Кітаптан үзінді оқиық: «Шаяхметовтың оң қасиеттерін ескере отырып, оның маңдайалды ұлттық зиялы қауым өкілдеріне қатысты ірі қателер жібергенін айтпасқа болмайды. Әсіресе, Мұхаметқали Сужиков ОК-тің идеология жөніндегі хатшысы болып қызмет еткен 1951-1954 жылдары сол қателер салған сызат ерекше тереңдеп, салдары ауырлап кетті. Мәселен, керемет эпос үлгілерінің халыққа қарсы мазмұны туралы Қазақстан Компартиясы ОК-нің жойқын қаулысының өзі неге тұрады! Сол эпос үлгілеріне қатысты қаншама ғалымдардың, тарихшылардың, филологтардың және тұтас бір ұжымдардың ғылыми еңбектері еш болды десеңізші!»

Енді анықтама берейік. Мұхаметқали Сужиков идеологияның басына 1951 жылы қараша айында Ақтөбе партия обкомының бірінші хатшысы қызметінен келді. Ол 1950 жылғы 26 желтоқсанда елдегі ең басты коммунистік басылым – «Правда» газетінің бетінде «За марксистско-ленинское освещение вопросов истории Казахстана» деген мақала жарық көргеннен кейін келді. Ол мақала редакциялық алқада төрт рет талқыланған.

Мақала сынға шындап ілікті, Жұмабай Шаяхметовтың өзі мәселені ушықтырмауды сұрауға мәжбүр болды. Мақала Этнография және археология тарихы институтында өткен жабық партия жиналысында 1951 жылы наурыз айында талқыға түсті, яғни ОК-ке Сужиков келгенге дейін. Сөз сөйлеген он бір адам «Правданы» қолдап шықты.

1951 жылдың қазан айында СОКП ОК-нің нұсқауымен Қазақстан КП ОК-ның пленумы «Республика бойынша партиялық ұйымдардағы идеологиялық жұмыстардың жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы» мәселе қарады. Бұл іс Қазақстанға қатысты арнайы қаулының қабылдануына дейін жетпей, «Правда» мақаласының талқылануымен ғана тоқтағанына шүкір дейді тарихшылар.

Мәскеудің қысымын әлдеқайда қарымды әріптестерін көре алмаған өз тарихшыларымыз ғана емес, сонымен бірге ОК аппаратының кейбір басшы қызметкерлері де одан сайын күшейтті. Кейіннен Қостанай облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған ОК-тің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Храмков сол пленумда түсінбеушілік туғызып алармын деген қорқынышпен бұған дейін пікір білдіре алмағанын мәлімдеді.

«Правда» өкіліне Кенесары қозғалысын реакциялық деп санамайтынын айтқан Жұмабай Шаяхметов 1944 жылы «Социалистік Қазақстан» газетіндегі мақалада Абылай, Кенесары хандарды және Наурызбай батырды халық қаһармандарының қатарына жатқызғаным дұрыс болмады деп мойындады.

Енді мынадай бір заңды сұрақ туындайды: неге Дінмұхамед Қонаев Сужиковтың бастамасымен шықты дейтіндей бір де бір жойқын қаулыны атамаған?

Сужиков Ақтөбе, Қызылорда, Семей облыстық партия комитеттерінде, ҚКП ОК-інде хатшы болып қызмет атқарғанда басалқы, біреудің ығына кететін емес, өзіне келер қауіп-қатерді ойламастан халықтың ыңғайына қарай жүретін жан ретінде танылған.

Ол басшылардың ішінде бірінші болып Семей ядролық сынақ алаңының зиянын анықтап, Қазақстан КП ОК-мен алдын-ала келіспестен, партия облыстық комитеті бюросының атынан тікелей Хрущевке хат жазды. ОК-тің бірінші хатшысы Николай Беляевке бір дана шифровкасын ғана тапсырды.

Оның бұл бастамасы Мәскеуге де, Алматыға да ұнамады. Іле-шала Теміртау оқиғасы дүр ете қалды. Мұхаметқали Сужиков жұмысшылардың толқуын әділетті санап, ОК-нің пленумында Қонаев басқаратын партия және үкімет басшылығын өткір сынады. Содан кейін Сужиковты облыстың басынан кетірді.

Оны республиканың Мемлекеттік баспа комитеті төрағасы етіп тағайындаған кезде зейнеткерлікке дейін төрт жыл қалған еді. Білімі, бұрынғы жұмыс тәжірибесі жағынан ол мұндай шағын салада жаңа бастаушының деңгейінде болды. Енді, бір қарағанда зейнеткерлікке дейінгі жылдарды осы қызметте отырып, жайбарақат өткізуге тиіс еді. Республика басшылығы да сөйтіп есептеген болса керек.

Алайда, келешек үшін жұмыс істейтін шығармашыл адам болған соң тыныш отыру оған жат еді. Ол енді бұл жаңа қызметінде қаланың әр тарапына шашырай орналасқан баспагерлер мен полиграфистердің жұмыс жағдайы мен күнделікті өмір деңгейлерін жақсартуды мақсат етіп қойды.

Барлық баспаларды, қосалқы қызметтерімен қоса полиграфиялық кәсіпорындарды, кітап қорын, керекті мамандарды даярлайтын оқу орындарын, жұмыскерлерге арналған тұрғын үй және бала бақшаны жинақтап орналастыру үшін үлкен аумақ керек болды. Мұндай жобаларға лимит, қаражат, т.т. керек. Оның бәрін одақтың Мемлекеттік жоспарлау органы, қаржы министрлігі арқылы шешу қажет.

Сөйтіп жүріп, қалашықтың құрылысы басталды. Басқа одақтас республика өкілдері қызыға да қызғана қарайтындай, бұл Одақтағы осындай алғашқы қалашық еді. Бірақ, 60 жылдық мерейтойы жақындап келіп қалған тұста, Алматы түбіндегі шипажайда демалып жатқан Мұхаметқали Сужиковты шақырып алып, зейнеткерлікке шығуға тиіс екенін мәлімдеген.

ТУРА 60 ЖАСҚА ТОЛҒАНДА ҚАРСЫЛАСТЫ ҚЫЗМЕТТЕН ШЕТТЕТУ ДӘСТҮРІ

Тура осылай 60 жасқа толған күні Жұмабек Тәшеновты да зейнеткерлікке шығарған. Жұмабай Шаяхметовтың кезінде облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған, кейіннен Хрущевтің тұсында Жоғарғы Кеңес төралқасының және Министрлер кеңесінің төрағасы болған Тәшенов туралы Қонаевтың естелігінен оқиық:

«Хрущев маған республика Министрлер кеңесінің төрағасы Тәшеновты қызметінен босатуға нұсқау берді. «Оған Министрлер кеңесінің төрағасы болып істеу қиын, көлемі шағынырақ жұмыс беріңдер оған».

Жоғарғы Кеңесте Жұмабек Тәшенов жап-жақсы-ақ жұмыс істеді, бірақ, оның Министрлер кеңесіне ауыстырылуы меніңше дұрыс шешім болған жоқ. Төраға ретінде ол республика үкіметі жұмысының негізгі тұстарын қамти алмады. СОКП ОК-не оның үстінен арыз қарша борады. Оған негіз болған оның сыйымсыз мінезі, шыдамсыздығы және мақтанғойлығы».

Жұмабек Тәшенов облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып Шымкентке кетті, зейнеткерлікке де осы қызметінен шықты.

Оңтүстік Қазақстанның үш бірдей мақталы ауданын Өзбекстанға беруге үзілді-кесілді қарсы шығып, Никита Хрущевпен ашық та шулы дауға түскен Тәшенов екені бәрімізге белгілі.

Тың жерлердің бірыңғай басқармасын құру үшін Қазақстанның бес солтүстік облысының Ресейге берілуіне де қарсы шыққан сол еді. Никита Хрущевтің ол ойы Қазақстан құрамында Тың өлкесін құрумен аяқталды.

Жазушы және диссидент Кәрішал Асанов Жұмабек Тәшенов жайында екі кітап шығарған. Сол еңбектерінде туған жердің жат қолға өтуіне қарсы Тәшеновтың жүргізген табанды күресі турасында айтылады.

Жуырда ғана жасы 82-ге келіп қайтыс болған Аманолла Рамазанов Павлодар облысында совхоз директоры болып тұрған кезінде, Жоғарғы Кеңес төралқасының төрағасы Тәшеновты бірінші рет көрген. Сосын олар көп жылдан кейін тағы да кездескен. Бұл жолы Рамазанов Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы еді, ал Тәшенов облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болатын.

Рамазанов Жұмабек Тәшеновтың адамдық ар-намысын сақтай білгенін, кеше ғана биік қызметте болғанын міндет қылмай, қызметтік этиканы қатаң сақтағанын, ескі таныстықты желеу етпегендігін, басшының алдында тиісті уақытынан бір минут та артық отырмайтын адам болғанын айтады.

НАЗАРБАЕВ БІРЕУДІҢ АТЫН ҰМЫТТЫРУДЫ ҚОНАЕВТАН ҮЙРЕНГЕН

Бір таңғаларлық жайт бар: Дінмұхамед Қонаев бағаламаған Өзбекәлі Жәнібековты келімсек Геннадий Колбин жоғары бағалады. Өзбекәлі Жәнібеков Назарбаевтың алдынан үлкен саясатқа жол ашып бергенімен де белгілі. Ол жас Нұрсұлтанды Теміртауда жүрген кезінде
Дінмұхамед Қонаевтың туған күні оның рухына тағзым етіп ескерткішіне келгендер. Алматы, 12 қаңтар 2009 жыл.
көңіліне түйіп қойған, комсомол-партиялық қызметін жоғарылатқан, оның алғашқы қамқоршысы болған.

Торғай облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы кезінде Жәнібеков меңіреу қалашықтың өркениетті, мәдени облыс орталығына айналуына көп еңбек сіңірді.

Облыстық драма театры, облыстық филармония, педагогикалық институттың ашылуына да себепші болған сол. Олардың бәрі тақыр жерден бой көтерді. Бұл өңірден оны Қазақстан Компартиясы ОК-нің қайта құрылған халықаралық бөліміне меңгеруші етіп ауыстырды.

Бірақ, бірде оны идеология жөніндегі хатшы Саттар Имашев шақырып алып, мәдениет министрінің орынбасары қызметіне баруын ұсынады. Бұл дегеніңіз қызметінің төмендетілуі еді. Өзбекәлі Жәнібеков неден жазып қалғанын сұрайды. Жауап жоқ. Келесі күні, сенбі күні ертемен оны қайтадан ОК-не шақырады. Саттар Имашев екінші хатшы Коркин екеуі одан жаңа қызметке баруға келісімін талап етеді.

Жәнібековтың сұрағына жауап берген Коркин бұл Қонаевтың пәрмені, ол дүйсенбі күні жұмысқа шығады, соған дейін біз оның тапсырмасын орындауымыз керек дейді. Бұдан кейін Жәнібековтің ОК-тің бірінші хатшысының және СОКП ОК саяси бюросы мүшесінің шешімімен дауласуға қауқарсыз екенін айтудан басқа лажы қалмайды.

Біршама уақыт өткеннен кейін Өзбекәлі Жәнібеков Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне барады. Оның сорына қарай облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Марат Меңдібаев болатын. Онымен бірге жұмыс істеу мүмкін емес еді. Сосын Қонаевқа барып Жәнібеков өзін қызметтен босатуын сұрайды. Бірнеше күн өткенде лифтінің ауызында ол Меңдібаевпен ұшырасып қалады, ол бұған: «Жұмыстан кеткің келе ме? Кетіреміз» деп мазақ қылып күледі.

Дінмұхамед Қонаев биліктен кеткеннен кейін оның орнына келген Геннадий Колбин Өзбекәлі Жәнібековты мәдениет министрі қызметіне шақырады. Тағы біраз уақыт өткенде ОК-тің идеология жөніндегі хатшысы етіп тағайындайды. Бірақ, ол өзінің қабілет-қарымын толық жұмсап үлгере алмай қалады, өйткені, көп ұзамай партия тарап кетеді.

Бірақ, сол аралықта да Өзбекәлі Жәнібеков пайдалы іс жасап үлгерді. Желтоқсан оқиғасына байланысты қудалауға түскен біраз педагог кісілердің ақталуына көмектесті. Олардың арасында Қазақ университетінің ректоры Өмірбек Жолдасбеков те бар еді.

Тік мінезді, принципшіл Жәнібеков Дінмұхамед Қонаевқа қалай керек болмаса, Геннадий Колбиннің орнына келген Нұрсұлтан Назарбаевқа да дәл солай керек болмады. Коммунистік партия тараған сәтте Жәнібеков 60 жасқа келген еді, оған ешкім ешқандай қызмет ұсынбады, енді оның өмір бойы жинаған тәжірибесі мен білімі ешкімге керек болмай қалды. Сұраншақтануға оның да намысы жібермеді.

БҮГІНГІ ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚОНАЕВТЫҢ КЕЗІНДЕ БАСТАЛҒАН

Советтік басшы Никита Хрущев Павлодар облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, тың игеру кезінде Қазақстанға келіп қалған Семен Елагинді көзбояушылығы үшін қызметінен босатты. Хрущев биліктен кеткенде әлгінің жұлдызы қайта жарқырады. Семен Елагин биік мансаптарда: облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, сосын төрағасы, ҚКП ОК-нің мүшесі, республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты және төралқасының мүшесі болды.

Кез-келген реті келген сәтте ол Леонид Брежневпен дос екенін ашық айтатын. Бірақ, осы шенеуніктің облыстық атқару комитеті күрделі құрылыс басқармасының бастығы Кошкинмен сөз байласып, пәтер сатумен айналысатыны белгілі болды. Және де өте көп мөлшерде пәтер сату оқиғасы-тұғын.

Сот кезінде екі жүз пәтерді сатқандары анықталады. Бірақ, шын мәнінде сатылған пәтерлердің саны мұнымен де бітпес еді, өйткені, көп адам сатып алған пәтерін қайтаруға тура келе ме деген қорқынышпен жасырып қалған. Пәтердің құжатын рәсімдеу тек облыстық атқару комитетінде жасалады, ол бір өзі әрі қожайын, әрі өкім етуші, үлестіруші болған.

Жеме-жемге келгенде Кошкин сотталып, ату жазасына кесіледі, артынан өлім жазасы 15 жыл түрмеде отыру жазасына ауыстырылады. Ал, Семен Елагиннің мұрты да қисаймайды. Депутат болып қала береді, жайбарақат Мәскеуге кетіп, сол жақта тамаша бір табысты қызметке орналасады.

Осы жанжалды істің тергелуі кезінде Дінмұхамед Қонаев насихатшылардың шағын тобымен әңгіме өткізеді. Ол қаланы кезіп жүрген нешетүрлі қауесеттің жолын бірден кесіп тастау керектігін айтады. «Әлдебір Кошкинді айтып, шулатып жатыр, онда бар-жоғы жиырма пәтер сатылған». Біз, әрине, бұл сөзге таңғалдық, өйткені тіпті, екі пәтер болса да қылмыстың аты қылмыс қой.

Республика заңгерлерінің кеңесінде Кошкиннің ісі ұзаққа созылып кеткендігін айтып, «өсек-аяң, сыпсың сөз тоқтау үшін тезірек аяқтағандарың дұрыс болар еді» деп Қонаев кейістік білдіреді.

Леонид Брежневпен дос болып, отбасыларымен араласқан ерлі-зайыпты Николаевтар Брежневтің артынан Молдавиядан Мәскеуге, ол жақтан Алматыға еріп жүрді. Брежнев мұнда Николаевты Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады. Брежнев Мәскеуге кетіп еді, Николаев та бірге кетті.

Бірақ, ол жақтан Николаевты қылмыскер ретінде қолына кісен салып алып келді. Мемлекеттік жоспарлау органының материалды-техникалық жабдықтау басқармасы бастығының атымен «Познанскийдің ісі» деп аталып кеткен үлкен сот процесі басталды. Бұл істің кейіпкерлерінің бірі Николаев болып шықты. Дінмұхамед Қонаевтың да, Леонид Брежневтің де оның сөзін сөйлеуге дәті бармады, олар Никита Хрущевтан қорықты. Николаев төрт не бес жылға түрмеге кетті.

Оны сот шешімімен мерзімінен бұрын босатуға әрекет жасалды. Қонаев шетелде іссапармен жүргенде оның жиені, облыстық сот төрағасы болып қызмет ететін Тоқтамыс Беделбаев Николаевтың науқастануына байланысты мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарайды. Бостандық ала салысымен Николаев Мәскеуге ұшады.

Іле-шала Мәскеуге Николаевтың мерзімінен бұрын заңсыз босатылғаны туралы жеделхат та жөнелтіледі. Шу шығып, біреулерге зияным тиіп кетер деп ойлаған Николаев қалған жазасын өтеу үшін жылдам кері қайтады. ОК-тің екінші хатшысы Родионов «саған Николаевтың еш қатысы жоқ, ол саған керек емес, шыныңды айт, кімнің өтінішін орындадың» деп Тоқтамыс Беделбаевты қысады.

Бірақ, Тоқтамыс Беделбаев, әрине, кімнің өтініші екенін айтпайды. Сол үшін қызметінен босатылып, партиядан шығарылды. Биліктен Хрущев кете салысымен ол бұрынғы жоғалтқанының барлығын қайтарып алады. Оның соңғы құрметті де беделді қызметі – Алматы облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағалығы болды.

ҚОНАЕВТЫҢ ҚАЙЫН АТАСЫ МЕН БАУЫРЫ

Осындай сәттерде Дінмұхамед Қонаев мінез-құлық талаптарын жіті бақылайтын партиялық тұрғыда сақтықты ұмытып кететін. 1973 жылы Атбасардағы қорымда оның жұбайы Зухра Шарифқызының әке-шешесі жатқан бейіттерге қара және қызғылт мрамордан ескерткіш
Дінмұхамед Қонаев зайыбымен. Алматы, 1982 жыл.
қойылды. Ол тастарға «Қымбатты ата-анамызға балаларынан, 1973 жыл» деп ойып жазылған. Оның ата-анасы несімен белгілі?

«Комсомольская правда» газетінің 1990 жылғы наурыздың үшіндегі санына шыққан «Антипамятник» деген мақаласында В.Комаров былай дейді: «1919 жылы Ақмолада Колчак әкімшілігі қалалық жариялы думаға сайлау өткізді. Көпестерден, белгілі азаматтардан оның құрамына Шариф Ялымов кірген. Ол Советтерді қырған, жаңа билік үшін күрескерлерді жеке өзі қанға бөктірген, ол адам турасында сталиндік зұлматтың құрбаны болған жазушы Сәкен Сейфуллин өзінің «Тар жол, тайғақ кешу» романында жек көріп жазған кәдімгі Шариф Ялымов. Зухраның әкесінің қолынан әдебиетіміздің классигі әрі мақтанышы, Советтік Қазақстан үкіметі басшыларының бірі Сейфуллин де жәбір көрген».

Осындайлық іске барып тұрған Қонаевтың өз бауыры Асқар Қонаевты Ғылым академиясына президент етуі ешкімді таңғалдырмайды. Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Компартиясының атышулы ХVI сиезінде сынға алатын Асқар Қонаев Ғылым академиясының президенті болып үш мерзім жұмыс істеді.

Бізге тек Асқар Қонаевтың ықпалды ғалым-жазушы әрі ғылымның ұйымдастырушысы Евней Букетов секілді бәсекелесі болғанын айту ғана қалады. Ол адам туралы және қалай шеттетілгені туралы «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі В.Могильницкийдің 1991 жылғы 9 тамызда шыққан «Букетов және басқалар туралы» деген мақаласында да айтылды. Евней Букетов халықтың жадында. Бүгіндері оның аты Қарағанды мемлекеттік университетіне берілген. Ал, Асқар Қонаевтан не қалды?

Дінмұхамед Қонаев Алматыда атақты Желтоқсан оқиғасы бұрқ ете қалатын 1986 жылғы желтоқсанда зейнеткерлікке шығарылғаннан кейін тез арада халықтың көңілінен кетіп, ұмытыла бастады. Үш жылдан кейін мәскеулік нәмеңгер Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметіндегі Геннадий Колбиннің орнына Нұрсұлтан Назарбаев келді. Сосын біраз ғана уақыт өткенде тәуелсіз Қазақстанның президенті болды, содан бері мінеки, 20 жылдан астам басқарып келеді. Ол кезде Қонаев көлеңкеде қалды, іс жүзінде үйге қамалды.

Ал, соңғы кездері Қонаевты қайтадан мадақтай бастады, оның атына әртүрлі жетістіктерді таңуда. Тіпті, «Жас Алаш» газеті оның бойында «12 әулиелік қасиет» бар деп шықты.

Айтпақшы, көрші Өзбекстанда да елді ұзақ басқарған соңғы советтік басшы Шараф Рашидовтың төңірегінде де дәл осындай идеологиялық процесс жүруде. Ал кезінде оның сүйеугін Ташкенттің орталығындағы зираттан шығарып тастаған-ды. Осылайша Қазақстан мен Өзбекстанда жаңа тарих бүгінгі буын басқарушыларына тізгінді әлі бермей келе жатқан кешегі коммунистерді ұлықтаумен қайта жазылуда.

(Осы естеліктің ауторы, қарт журналист Мадат Аққозин Алматыда тұрады. Аутор бұл мақаласында өзінің ой-пікірі мен тұжырымын білдірген. Олары Азаттық радиосының ұстанымымен сәйкес келмеуі де мүмкін.)



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Sirym DATOV Қайдан: Almaty
30.11.2009 11:09
+2 / -0
Мадат ақсақал әрине жаман журналист болмаған. Бірақ, Конаевты қазір әшкерелеудің қажеті қанша? Бұл әрекетімен Мадат аға да, "Азаттық" радиосы да Назарбаевтың диірменіне су құяды. Нұрсұлтанмен салыстырғанда, Димаш аға адам еді ғой. Ол отставкаға кеткен соң, үш айдан кейін ақшасы болмай, келініне пальтосын сатқызып, күн көруге мәжбүр болған адам. Ал қазіргі кезде біз Қонаевтың кемшіліктерін санамалайтын болсақ, назарбаевтың құдайы береді. Ол өзінің кереметтігін, өзінен асқан басшы болмағанын дәлелдеумен әлек болып жүрген далбасагер емес пе. Ендеше Қонаевтың аруағын қозғаудың қажеті қанша?! Әрине заман өзгеріп, елде халықтық билік орнаған кезде ел басшыларына баға беретін мүмкіндік туады. Қонаевтың тақырыбын сол кезде ғана көтерген ләзім болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.11.2009 22:32
+0 / -0
жоқ, ақсақал өте дұрыс және дәл керек кезінде айтып отыр. Мәселен, Нұрсұлтанның күні кеше ғана үлкен биліктегі қолдаушы пірі болған Қонаевтың өз басындағы кемшілік-қателіктердің бүгінгі күні неге ұрындырғанын өскелең ұрпақ өзі көріп отыр. Сондықтан, дәл кешегі Қонаевтың дәурені жүріп тұрған кезде билікте басталған рушылдық, жікшілдік, тамыр-таныстық секілді мерезді қоздыртқан Қонаевтың және өзгелердің тірлігін көзімен көрген куә ретінде ұрпаққа соны жеткізіп отырған Мадат ақсақалға үлкен алғыс, ҚАЗАҚТЫҢ АҚСАҚАЛЫ мына елді сақтап қалу үшін сақтандырып отырғаны өте орынды, тағы да рахмет Сізге, Мадат аға!

Кімнен: Дулыға Алаш Қайдан: Астана ақорданың дәл қасы
30.11.2009 11:53
+1 / -0
Ия, Сырым дұрыс айтасың...Әлгі алуы тиіс 340 сомына дейін халық үшін жас ғалымдар үшін жұмсаған адамға қандай кінә артуға болады. Керек емес Қонаевты қаралап....Ал қазіргі биліткі қалай аунатып айтсаңдарда жарасады...біз әлі тәуелсіздік алған жоқпыз ..біщге нағыз Тәуелсіздік назарбаевтың билігі құлағаннан кейін келеді...Алла соған жеткізсін еш апатсыз...

Кімнен: Жауынгер Қайдан: Атырау
30.11.2009 12:02
+1 / -0
Менің ойымша, Қонаев ақсақал қадірлеуге тұратын бірден-бір тұлға. Ал, кемшілік деген кімде болмайды. Аутор мырза ең болмаса, марқұмның аруағынан қорықса қайтеді. Тақтан түскенде Қонаевтың артық дүниесі болмағанын ел біледі ғой. Әйтпесе, әлдебереулер секілді дүние жинаймын десе қолында емес пе еді? Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі биліктегілер ол кісіден үлгі алуға тиіс. Ал, рушылдық жөнінде жазылған нәрсе, құр былшыл. ҚОНАЕВ құдайдың қазаққа берген сыйы еді.
Пікір алмасу

Кімнен: атты
30.11.2009 22:37
+0 / -0
"Дос жылатып, дұшпан күлдіртіп айтады", қашанда әділін айтқан сөзді бағалаған жөн ғой. Әрине, Қонаевтың өз жеке бас байлығын ойламаған, тіпті өзін сынаған Әлжаппар Әбішев сынды адамдарға пәтерін де бергенін автор жасырмай жазып отыр емес пе? Сонымен бірге ол тоқырау кезінде бүкіл қоғамды дендеген келеңсіздіктерді ашып, бүкпесіз жазғаны үшін жазықты ма? Қонаевты мақтаудың жөні осы екен деп, тарихи шындыққа көз жұма қарауға болмайды ғой, азаматтар! Онда біз сыпыра мақтау-мадақтауды білетін көбік ауызды өтірік-суайыттықтан ешқашан арылмаспыз

Кімнен: Ермек Қайдан: Шымкент
30.11.2009 12:30
+0 / -0
Назарбаевты котерген осы емес пе еді,табалаганым емес,оз сазайын козі тірісінде ак тартыпты гой. Екеуінің де бір бірінен асып тургандары шамалы
Осы арада Жумабай Шаяхметовтен артык тулганы коріп турган жокпын

Кімнен: ЖИСУ Қайдан: Актобе
30.11.2009 13:15
+1 / -0
Автор макаласында тек ози билетин жактарын гана жазган. Ал, автордын Динмухамед Конаев омиринен билмейтин де жактары бар! Мысалы, Динмухамед Конаевтын диннен алшак атеист когамда (ози сурген) Туркистандагы Яссауи кесенесине кирип, "ясин" суресин окыганын козимен коргендер бар. Муны билетин, бирак оз билгени ишинде отырган Аллаһтын кулдары бар екенин умытпаныздар.

Кімнен: s Қайдан: Krg
30.11.2009 14:09
+1 / -0
Бұл мақала қазіргі патшасының тапсырысымен жазылған жағымпоз адамның мылжыңы екені көрініп тұр. Әйтпесе оның патшасымен Қонаевтың к..ін сүртуге де жарамайды
Пікір алмасу

Кімнен: Ермек Қайдан: Шымкент
30.11.2009 16:23
+0 / -0
Радио Азаттыққа сенің патшаңның әмірі жүре қоймайды ау деп қорқамын
Азаттыққа мың алғыс,осынау өтірік пен жалгандык жайлаган бул өмірде азды копті шындықты айтатындарыңыз үшін сіздерге көп рахмат

Кімнен: Нағашыбай Есмырзаев Қайдан: Алматы
30.11.2009 14:32
+0 / -0
Нұрсұлтанмен салыстырғанда, Димаш аға адам еді ғой.
--------------------------------------------------------------------------
Жігіттер, әңгіме кімнің адам, кімнің адам еместігінде емес. Ұлттың аты берілген мемлекетті басқарған адам, Ұлттың жағдайын ойлау керек емес пе. Қонаев қазақ ұлтының жағдайын ойлады ма?

Бір ғана нәрсе айтайын. Қазақ теледидарының 50 жылдығына қарсы "Хабар" арнасының "Таразы" бағдарламасы бұрынғы журналистерді іздеген екен. Сөйтсе, сол кезде белді журналист болған бір жігіт (атын ұмытып отырмын) қазір сол маңда күзетші болып жұмыс істейді екен. Сол жігіттен тілшілер сұхбат алып жатып, есіңізде қалған оқиғаны айтыңызшы деді. Ол ойланбастан: Бір күні Қонаевтан сұхбат алуға барғанмын, ол кісі маған: бірінші сұрағыңды қойшы, - деді. Мен: Аға, Рашидов өзбектерді өзбек қылды, біз қашан қазақ боламыз, - дедім. Сол кезде Қонаев: Бала, болды-болды кете бер, мен саған жауап бермеймін, - деп айтыпты. (Өз көзіммен көргенім).

Осы ма Қонаевтарың? Большевиктің шекпенінен шыққандар Ұлтты ойламаған, оларда Ұлт, ұлтшылдық деген түсінік болмаған. Олар қып-қызыл интернационалистер. Сондықтан, большевиктік (коммунистік) идеологиядан түп-тамырымен құтылмай, қазақ көгермейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Не важно
30.11.2009 15:53
+0 / -0
Мен Қонаевты үш себеппен айыптаймын
1 Қазақ рушылдыгын коздырганы ушін
2 70-80 жылдары Москвага жагымпазданып күллі қазақ мектептерін жаптырганы үшін
3 Ен сорақысы : Назарбаевтың билікке келуіне тікелей ықпал жасаганы үшін

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
30.11.2009 17:04
+1 / -0
.Ол кісі билікке кімдер келетінін де күні бұрын болжап кеткен. Болжап қана қоймай тағайындап кеткен. Тағайындағаны қазаққа опа беріп жүрген жоқ. Балық басынан шірісін дегені болар.... Қазақтың жүрген жері ұжмақта да азап! ха ха ха... Себебі қазақтың 90 пайызы сатқын...
Пікір алмасу

Кімнен: Бауыржан Идрис Қайдан: Магриб
01.12.2009 10:23
+0 / -0
Құдай біледі, сатқындардың бастығы өзің боларсың сөзіңе қараганда.
Неге олай деп бар халыққа куйе жағасың Тәкебай? Демек өзің сатуға бейім адамсың. Өзің қандай болсаң журтты да сондай деп ойлайсың. Мен керісінше қазақты ең адал әрі асыл ұлт деп білемін,өйткені мен Қазақпын,оны қаралауга қақым жоқ
Абайдың сөзі гой деймін жаңылмасам: "Заман бұзылды" деуші адамның өзі бұзылган" деп
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ
07.12.2009 09:43
+1 / -0
Әй сірә тап осы сен қазақ емессің-ау, тәкеңсымақ. Қазақ болсаң бүйтіп өз халқыңды ха-ха-халап табаламас едің. Шамасы сен қалмақ болдың. Немесе қазақтан шыққан 0,9 пайыз сатқынның бірісің.

Кімнен: Қаһар Қайдан: Алматы
30.11.2009 19:38
+0 / -0
Құрметті ағайындар!
Бақилық болған кісі туралы мұндай сөздер айту дұрыс болмас.
Осы жасап жатқан амалдарыңызбен сіздер кімдерге үлгі көрсетіп жатырсыздар? Сіздер де бақилық болған кезде сіздер туралы да осындай сөздер айтылсын дейсіздер ме?
Үлкен ұрпақты келесі ұрпақ жамандай, өзіміздің болашағымызға балта шаппақпыз ба, ағайын?
Жақсының жақсылығын асыр, жамандығын жасыр деген емес пе халқымыз!
Мұсылман адамға да жараспайды бұл, ғайбат қой бұл!
Ағайын! Ең бастысы халқымыздың болашағын ойлайық!
Пікір алмасу

Кімнен: Зәһар
30.11.2009 22:45
+0 / -0
айналайын, "жамандығын жасырсаң" онда әлемде жаман емес баролығы жақсы боп шықпай ма, тіпті мынадай сөзіңмен сен кешегі қазақты қынадай қырған Голощекинді де мақтап шығарсың, оның сен айтып отырғандай "жақсылығы" туралы сол кездегі "Социалды Қазақстан" газетінің Алматыдағы ұлттық кітапханадағы тігіндісін парақтап шықсаң көзің жетеді.

Бізге керегі - билеушінің шын бет-бейнесі туралы ақиқат пен шындық. Ол жақсы істер жасасын, жаман істері болсын - бәрі кейінгі ұрпаққа сол қаз-қалпында боямасыз, бұрамалаусыз айтылуымен құнды болмақ. Және де ол бүгінде сүйегі қурап қалған ол адамдар үшін емес, АЛАШ-тың бүгінгі және келер ұрпағы үшін қажет! Болашақта сондай қателікті екінші мәрте жібермес үшін, Қазақстан деген мына киелі елді тәуелсіз ел ретінде сақтап қалу үшін керек, соны түсін, шырағым!

Кімнен: Бауыржан Идрис Қайдан: Магриб
01.12.2009 06:35
+0 / -0
Өлген адамның бәрі "жақсы "...
Осы ұгымды қай кесапат ойлап тапты екен?
Мысалы мен билеуші бола тұрып зұлымдық ,қиянат,азгындық,жемқорлыққа жол берсем,обалына қарамай адамдарды малша қырсам сонда қалай болганы ? Әйтеуір олген сон журт бәрін кешіреді екен деп сонда мен ойыма келгенін жасауыма болады екен гой !?
Жогарыдагы туыскан айткандай, енді қазақты шыбындай қырган Голощекиннің атына да жаманат соз айтуга болмайтын болды гой !?
Неге? Өйткені ол- олген адам. Ал олген адам туралы гайбат сойлеуге болмайды,солай ма? Ех, сорлы қазагым -ай!

Кімнен: Жасарал Қуанышәлин Қайдан: Алматы
01.12.2009 22:12
+1 / -0
Мадат аға, менің өзіңізді сыйлайтынымды сіз жақсы білесіз, бірақ сіздің Қонаевтың (жатқан жері жарық, топырағы торқа, иманы жолдасы, орны ұжмақ болғай!) қыр соңынан қалмай, оны қалай да теріс жағынан көрсетуге тырысатын осы бір әдетіңізді менің түсінбейтінім, қолдамайтыным өз алдына, бұл сізге ешқандай абырой әпермейтін келеңсіз тірлік деп есептеймін. Әсіресе, қазіргі Құрбан айт үстінде жасы үлкен аға, ақсақал ретінде жастарға үлгі болып, марқұмдарға Құран бағыштаудың орнына мынадай әңгіме айтуыңыз, меніңше, еш қалыпқа сыймайды.
Осы жерде өз пікірлерін айтқан "Сырым Датов" тәрізді азаматтардың көзқарасына мен толық қосыламын. Сіздің мақалаңызда, Мәке, Димекең жөнінде келтірілген деректердің көбісі, жұмсарта айтқанда, шындыққа жанаспайды. Әсіресе қазақтарға көп жамандық жасаған және осы тұрғыда Қонаевты да өз қатарына қойғысы келіп, "ол да қазақ емес еді, татар болатын" деген ұйғыр Исмаил Юсуповтың "куәгерлігін" кесе-көлденең тартуыңыз...
Тіпті Қонаев "татар" болды дегеннің өзінде, не себептен мұны оған кінә таққандай етіп айту керек? Қазақстанды кім басқарған жоқ? Орыс та, украин да, грузин де, армян да, саха да, қазақтың жартысынан астамын жасанды аштықпен қырып тынған қандықол жендет - еврей Голощекин де...
Оның үстіне, Қонаев ешқандай да татар емес, қазақ. Бұл - басы ашық ақиқат. Димекеңнің ата-бабалары қазақтың ысты руынан екендігі белгілі. Ал қазақта, жалпы мұсылманда адамның әкесінің ұлты қай ұлт болса, оның өзінің де ұлты - сол ұлт. Демек, қазақ халқы өзінің бүкіл ұзақ тарихындағы ең ардақты, тұлғалы ұлдарының бірі ретінде кәміл мойындаған Қонаевтың ұлты жөніндегі өсек әңгімені доғару керек. Жалпы оның аруағын мұндай келеңсіз әңгімелермен мазалауды тоқтатқан жөн.
Айтатын болсақ, осы қазір қазаққа қарсы саясат жүргізіп, халқымызды табанының астына салып, таптап жатқан Назарбаевты айталық, содан қалай құтылудың амалдарын ойластыралық...

Кімнен: Медет Қайдан: Алматы
01.12.2009 22:45
+0 / -1

Қонаев "кемеңгердің" кезінде қазақтың астанасы Алматыда
1 қазақ мектебі 3-4 ұйғыр мектебі болған . Қазақтың жастары
әркімнің босағасында жүріп, күндері қорлықпен өтті . Мәңгүрт-
тіктің берік негізін қалаған , кешірім өтінемін, осы, ал
оның ісін жалғастырушы қазіргі "кемеңгер" -- Назарбаев .
Өмірге кішкене болса да шынайы көзбен қарасақ екен.
Бірінші басшы ұлтқа не істеді соны сүзгіден өткізу керек .

Қоғам
Пікір алмасу

Кімнен: Кәрім Қайдан: Алматы
02.12.2009 01:03
+2 / -0
Мектеп туралы өтрік әңгіме. Сен өзіңнің мындай блшылыңмен халықты алдай алмайсын. Қонаевты мың жерден жамандасаң да қазақ оны жек көріп кетпейд. Керісінше силаған үстіне силай түсед. күмәнің болмасын. Мен өзім блетіндер араснда ол туралы жаман айтатын ешкмді көргем жок. НӘНді жек көред, ал Қонаевты жақсы көред. Оны жамандайтндар биліктен нан тауып журген бишаралар.

Кімнен: Иман Қазақбай Қайдан: Қазақия
01.12.2009 23:37
+0 / -0
Қонаевтің Қазақстанды татарландыру процесін жүргізгені айдай анық қой. Соның кесірінен әлі Нығматулиндер, Шаекиндер тарізді құтыла алмай келеміз. Татар жүрген жерде қатер бар ғой. Ал, Назарбаев қалмақ деген әңгіме де жалған емес шығар?!
Қайран, қазақ! Күнің не болмақ?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
02.12.2009 05:14
+1 / -0
Автор, соншалык батыл, орак тилди журналист болсаныз, сиз о дуниелик адамнын артын казбаламай, казирги кеменгеринизди неге сынап, аз да болса халкыныздын жогын жоктасаныз онды болар еди. Тауелсиздиктин кок туынын астындагы жасалынып жаткан саткындыкты адам тугил Алла да кешире коймас........................
Димаш Ахметовичтин жаксылыгы мен кемшилиги халык арасында сиз айтпасанызда анызга баягыдан айналып кеткен.
Казах па, татар ма дал казир сонын кереги не? Акеси казах, анасы татар еки улт та кок турки балалары. Аналары еврей азаматтар да казах емес пе? Биздин балаларымыз акесинин ултына жазылмайды ма? Сиздин осы маселени козгаганыныз тек пасыктык, адамгершиликтин ен томенги сатысы.
Казирги халыкка жасалынып жаткан кылмыстардын касында Димекен периште!!!


Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
02.12.2009 08:55
+1 / -0
Аутордан бастап мұндағы біраз ағайындар Димашды татар болған, сондай-бұндай болған деуі енді тіптен артық ғой. Мейлі ол татар болса да бұл кезде қазақтың Димашы ғана болған. Екіншіде, татар деп отырғандарыңыз бар болғаны ноғай шығар, қазаққа ноғай жат па еді сонда? Бұл екеуі бір халық болады-еее білгіштерім-ау. Қазакем татар болсын, башқұрт болсын, нағыз ноғай болсын бәрін сырттай бір ғана ноғай деп атап келген. Содан біздегі кей нағыз ноғайлар азғантай ноғай боламыз деуден арлана ма ол жағын білмедім, өздерін татармыз, башқұртпыз дейтін әдет қалыптасқан (бұлай істеген ноғай-қазақтың талайын көрдім, біресе татармыз дейді, енді бірде ноғаймыз деп отырады, не қазақтың пәленбай руынан, тайпасынанбыз деп отырады). Егер Димашты татар деп отырсандар ол бар болғаны өзіміздің ноғай ғана болуы мүмкін, болмаса өзіміздің нағыз таза қазағымыз болады.
Аутор Мырза Димашты сөз еткіңіз келсе онда Димаштың ататегімен жағаласып неңіз бар, қазіргі Сіздердей атеистерге аруақты сыйлау деген түкке тұрмайтын болуы мүмкін, бірақта өлген адамның артынан албаты сөз айтпау атам қазақтың ең жақсы салттарының бірі екенін естен шығармағайсыз. Жалпы Назарбайды жамандағаныңыз келіп тіліңіз болмай бара жатса бұл жерде Димашты араластырудың қажеті қанша? Бұл Азаттыққа да қатысты. Назарбайды сөз еткен материал болса "бұл біздің ұстанымыз емес" деп шығара саласыздар, Сіздерді азды-көпті оқығанымда байқағаным Назарбайға жанама түрінде қатысты бұндай материалды жариялағыш келесіздер-ау осы.
Айтайын дегенді тура айтқанға не жетсін, біреуді (Нұрекеңді) біреу (Димаш) арқылы жанамалап жамандау, әсіресе өлген адаммен қатыстыра жамандау тіпті орынсыз ғой.
Алайда нені айтам десеңіздерде ерік тек Сіздерде ғой.

Кімнен: assel Қайдан: astana
02.12.2009 12:22
+1 / -0
алтыннын барында кадыры жок... бул омирге пенде болып келгеннен сон сурину кимге де болса мандайына жазылган. Бирак, Димекен болсын, Нурекен болсын ел ушин, халык ушин жасаган енбектерин жадымыздан шыгармайык. Куйе жага салу кимнин болса да колынан келеди, барын бар, жогын жок деп айтуга, кимге, кандай нарсеге болсын объективти карауга тырысайык... Мадат ага, оздериниздей агаларды биз сиякты жас буындар тындайды, айткандарынызды бойына синиреди. сиздердей агаларымызга карап бой тузейди!

Кімнен: Асылтас Қайдан: Астана
02.12.2009 14:30
+1 / -0
Ой, қазақтар-ау? Атам қазақ өлгеннің артынан топырақ шашпа деген. Бұл жаман адамның әрекеті, кеткен адамды жамандау. Екіншіден, Қонаев кім, Аққозин кім? Тіптен салыстыруға келмейтін адамдар ғой, жер мен көктей. Көрер едім, Аққозиндерің сол совет заманында басшы болған болса. Адам деген сөйлей береді екен-ау аузы болған соң. Қонаевтың кім екенін, халықтың жадында қалай сақталғанын қорқаулар бәрібір өшіре алмайды. Босқа әуре болмаңдар, қазақтар сонша қараңғы деп пе едіңдер? Бұл не деген масқара. Бейбастық тіпті.... Сөзім жоқ. Одан да басқа қазбалайтын тақырып қалмады ма өзі.

Кімнен: Дидар Қайдан: Астана
02.12.2009 18:01
+1 / -0
Мақаланы оқып шықтым. Автор мақаласында көбінесе Қонаевтың пенделік тұстарын жазыпты. Қонаевты сынға алған жазушы Әлжаппар Әбішевтің жағдайы туралы оқыдым. Сол кездегі жазушылар, спектакльді қойған Әзірбайжан Мәмбетов қандай батыр болды десеңші! Қазір ондай нәрсені айтсаң, бір-ақ күнде басың кетеді емес пе? Сондай қойылымнан кейін пьесаның авторы Әлжаппар Әбішев қалай аман жүрді десеңші! Қазір болса ғой, бір-ақ секундта жоқ болып кетеді.
Қонаев анандай болды, мынадай болды деп, енді даурыға берудің қажеті жоқ. Дәл қазір ел болуды ойлау керек. Қалай қазақтығымызды, қалай тілімізді сақтап қалу керектігін ойлап, дереу іс-қимылдар жасау керек.

Кімнен: Қалман Қайдан: батыстан
02.12.2009 23:44
+1 / -0
Кететін адам кетті. Жалпы. қазақ халқы өлген адамнын артынан топырақ шашпайды. Мына мақалада Димекеннің пендешілік тұстары айтылған. Ол кісінің еліміздің кейбір аймақтарын сақтап қалудағы еңбегін жоққа шығармауыз керек.

Кімнен: Саламат Алаш Қайдан: Алматы
05.12.2009 00:32
+1 / -0
Мақаланы оқып отырып Қонаев пен автордың арасында бір гәптің барын сезесің. Димаш ағаны даттап жазған табылса, жақтап жазатыны тағы болар. Шындықты жазған кезде бақилық деп немесе қазіргі басшымен салыстырып жазуға да болмас. Себебі құдай бере салған басшы-сымағымыз еш жақсымен салыстыруға келмейтін пенде. Аристотельдің "Платон - менің досым, алайда шындық одан да қымбат" деген сөзі бар. Димекең біреуге жақын, біреудің көңілінен шықпай жатады. Кез-келген жерде жақсы мен жаман қатар жүреді. Ол өмірдің заңы. Менің бір білетінім - кейінгі ұрпақ "Құр-сұлтан" жайында жақсы сөз аузына ала қоймас...
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі