Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 15:06

ӘЛЕМ

Совет сарбаздарының зорлығын көрген әйел Германияда кітап шығарды

80 жастағы неміс азаматшасы Габриэле Кёпп - совет сарбаздарының зорлық-зомбылығын басынан өткергені жайында өз атынан кітап жазған бірінші әйел. «Шпигель» журналы кітап пен оның ауторы жайында әңгіме жариялады.

Мәтін көлемі - +

ТІРІ КУӘГЕРДІҢ ЕСТЕЛІГІ

1945 жылы ол 15 жаста болатын. Габриэле Кёпптің ғұмырында 29200 күнді артқа тастағанын журнал атап өткен. 1945 жылы екі апта бойы жалғасқан оқиға оның бүкіл өміріне қара таңбасын қалдырды.

Өзінің айтуынша, ол осы күнге дейін дұрыс ұйықтай алмайтын көрінеді және кейбір кездері тамақ жей алмайтын күй кешеді екен. Оны екі апта бойына әлденеше рет зорлаған. Оның жасы 15-те болатын және сол уақытқа дейін ол жыныстық қатынастың не екендігін білмейтін де.

Оның жазған кітабы «Неге мен қыз болып тудым екен?» деп аталады. Кітап жас қыз зорлықты басынан өткерген 14 күн жайлы баяндайды. «Шпигель» журналының атап өтуінше, бұл кітап теңдесі жоқ құжат, осындай жайтты басынан өткерген куәгердің сөзімен жазылған алғашқы дерек болып отыр.

Сонау 1950 жылдың өзінде «Берлиндегі әйел» атты кітап басылып шыққан. Оны 2003 жылы қайта басып шығарды. Бірақ, оның ауторы, соғыстың соңына қарай зорлыққа ұшырағанын жазған әйел өзінің шын аты-жөнін ашып жазудан бас тартқан еді. Оның үстіне, оқиға болған кезде ол жасы 30-ға келген сақа әйел болатын. Тек дүниеден өткеннен соң ғана оның лақап атпен жазған неміс журналист әйелі екендігі белгілі болған еді. Бірақ бұл кітапты ол жалғыз өзі жазды ма, әлде өз атын жасыру үшін біреуді қосарлы ауторлыққа алды ма, ол жағы әлі күнге дейін белгісіз.

Ал Габриэле Кёпп жазған кітаптың жағдайы бөлек. Ол өзі жайында жазады. Ол кәсіби жазушы емес, сондықтан өмірде көргенін сол қалпында қағазға түсірген. Сол себепті, «Шпигель» журналының жазуынша, кейбір жағдайларда басынан өткен оқиғаны түсінуге, ой елегінен өткізуге аутордың мүмкіндігі жетпейді.

Габриэле Кёпп өзі көрген зорлықты сипаттап жазуға сөз таба алмайды. Ол «зұлымдық болған жер» және «тозақ жолы» жайында жазады. Ал зорлықшыларды ол «айуандар мен жексұрындар» деп атайды.

Одан өзіне не жасалғаны жайында егжей-тегжейлі неге жазбадың деп сұрағанда ол иығын қушитып: «Мен сол зорлық деген сөзді айта да алмаймын... Мен ол кезде әлі сәби болатынмын», - деп жауап берді.

Айтпақшы, өзінің шын есімін айту оған да оңайға түспеген көрінеді. Бірақ, өзінің айтуынша, оның басқа жолы да қалмаған. «Енді бұны өзге кім істейтін еді?» - деген Габриэле Кёпп.

Шынында да, деп жалғастырады немістің «Шпигель» журналы, соғыстың соңындағы зорлық жайында әйелдердің ашық куәлік берген кездері өте сирек.

СОҒЫС ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ӘЙЕЛДЕР

Мамандар зорлыққа ұшырағандардың жан-дүниесіне екі рет жарақат түседі деп түсіндіреді. Біріншісі - зорлық оқиғасының өзі, екіншісі, оны жасыруға мәжбүр болу. Грайфсвальдтегі университет госпиталінің психиатрия және психотерапия бөлімшесінің басшысы Филипп Куверт өткен жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жыныстық зорлық салдарларын зерттеуді бастады.

Ол осындай зорлықтың құрбаны болған 27 әйелдің тарихын зерттеген. Оның ойынша, бұл дәл осындай бірінші және соңғы зерттеу болған. Өйткені, оның айтуынша, бұндай зорлыққа ұшыраған әйелдердің 95 пайызы қазір бұл дүниеде жоқ.

«Шпигель» журналы соғыс кезінде қанша әйелдің зорлыққа ұшырағандығы жайында нақты дерек жоқ дейді. Түрлі материалдарда екі миллионға дейін әйелдер деп аталады. Бірақ, бұл деректердің де нақты дәлелдері жоқ.

Әйткенмен бұндай қылмыстың құрбаны болған әйелдердің өте көп болғанына неміс журналы күмән келтірмейді. Филипп Куверттің зерттеулері бойынша, зорлыққа ұшырағандардың орташа жасы 17-де болған және олардың әрқайсысын орташа есеппен 12 мәрте зорлаған.

Әйелдердің жартысына жуығының жан-дүниесіне өздері басынан өткерген зорлық жазылмас жара қалдырған. Олардың түсіне небір сұмдықтар еніп, өз-өзіне қол салуға итермелейтін көңіл-күйден арыла алмаған. Зорлыққа ұшыраған әйелдердің 81 пайызында жыныстық қатынасқа деген теріс көзқарас қалыптасқан.

Тарихшы Биргит Бэк-Хеппнердің пікірінше, зорлық жасаған сарбаздар нақты әйелдердің намысын аяққа таптап қана қоймаған. Яғни, бұл ендігі жерде осы ұлттың көсемдері мен армиясы өз халқының қауіпсіздігіне кепіл бола алмайтынын соғыста жеңілген бүкіл халыққа білдірген дұшпандардың жасаған белгісі іспеттес болған. Міне, бұл зорлықтардың көп жағдайда көпшіліктің көз алдында жасалуының бір себебі осында еді.

АНАСЫНЫҢ САТҚЫНДЫҒЫ

«Шпигель» журналы Габриэле Кёпптің басынан өткерген кейбір оқиғалардың егжей-тегжейін сипаттап жазған. Совет әскері қалаға жақындап келе жатқандықтан жас қыз әпкесімен бірге 1945 жылдың 26 қаңтарында үйінен қашып кеткен. Шешелері оларға кейінірек қосылуға уәде берген. Габриэле кейін білгеніндей, дәл сол уақытта бір күннен соң совет әскері Освенцим концлагерін азат еткен еді.

Габриэленің айтуынша, отандастары жасаған қылмыс үшін жас қыздың өз басынан небір азапты өткеруі осылай басталған. Жабайы зорлық оқиғаларынан бөлек, кітапта Габриэле Кёпптің жанын жегідей жейтін тағы бір жайт бар.

Әйелдерді жемтікке айналдырған сол бір жаппай шабуыл кезінде құрбандардың арасында бірін-бірі сатып кету оқиғалары да кездескен. Өзге әйелдер өзін қалай сатып кеткенін Габриэле де басынан өткерген.

Барлығы шешелерінің өз қыздарымен қоштасуынан басталыпты. Бұл олар үйден кетерден бір күн бұрын болатын. Габриэле анасымен сөйлесіп көрмек болғанымен, шешесі онымен сөйлесуден қашқақтаған. Ол тіпті Габриэлеге алда нендей жағдай күтіп тұруы мүмкін екендігін де ескертпеген. Осылайша, Габриэленің жазуынша, анасы оны мылтықтың аузына тура жіберген. Габриэле үшін шешесінің бұл қылығы сатқындық болатын.

Бұдан соң Габриэле өзін сатып кеткен өзге де әйелдерді кездестірді.

ЕКІ АПТАҒА СОЗЫЛҒАН ЗҰЛЫМДЫҚ

Габриэле әпкесімен екеуі тауар пойызына тап болады. Олардың сорына қарай, бұл совет әскері басып алған ауданға бара жатқан пойыз еді.

Пойыз кілт тоқтап, атыс басталған кезде Габриэле вагонның терезесі арқылы шығып үлгерген. Оның әпкесі пойызда қалып қойды. Бұдан соң олар бірін-бірі ешқашан көрген емес. Габриэле жақын маңдағы деревняға барып, наубайхананың ішіне тығылып қалған. Сол жерде оны қолына шам ұстап әйел іздеп аласұрып жүрген совет сарбазы тауып алған. Осылайша жас қыз зорлықтың сұмдығын алғаш рет сол жерде басынан өткерген.

Бұдан соң ол басқа үйге тығылып үлгерген. Бірақ онда қызды өзге бір сарбаз тауып алып, зорлық жасаған. Бұдан көп уақыт өтпей тағы бір сарбаз оны зорлаған. Келесі күні екі сарбаз оны сарайдың ішіне сүйреп апарып, тағы да зорлайды. Түстен кейін ол босқын әйелдер отырған бөлмеге тап болды. Бірақ ол жерден оны алып кетіп алдымен сарбаздар, содан соң бір офицер зорлаған.

Айтпақшы, қызды офицерге Габриэленің өзімен бірге тығылып отырған әйел берген. Габриэле столдың астына тығылып отырған. Бірақ оны сол жерден кемпірлердің бірі: «Біздің кішкентай Габи қайда екен?» деп суырып алған. Өз адамдарының сатқындығы күнделікті әдетке айналды. Осындай жағдай екі аптаға – тура 14 күнге созылды.

Тек он бес ай өткен соң ғана Габриэле Гамбургте туған анасын кездестірді. Шешесі қызымен салқындау амандасып, бетінен сүйгізді де, бірден оған зорлық жайында ешкімге тіс жармауға кеңес берді.

Әйткенмен шешесі оған: «егер қаласаң, барлық көргеніңді күнделігіңе жазуыңа болады» деді. Габриэле бұл кеңеске құлақ асты. Кейінірек, арада бір жыл өткен соң, ол басынан өткерген екі апталық сұмдық жайында естеліктер жаза бастады. Енді соның барлығы кітапқа еніп отыр.

«ОРЫС ДЕРТІ»

«Шпигель» журналының тілшісімен болған әңгімеде Габриэле Кёпп оның етеккірі кілт тоқтап, осылайша жеті жылға созылғанын еске алады. Журналдың атап өтуінше, бұл сол кездері әйелдер арасында кең тараған сырқат болған. Гинекологтар оны «орыс дерті» деп атаған.

Оның кейінгі өмірінде махаббат, жыныстық қатынастар болды ма деген сұраққа Габриэле Кёпп: «Жоқ, ондай жағдай болған емес. Мен үшін тек зорлық қана болды», - деп жауап берген.

Біраз уақыттан бері Габриэле Кёпп сурет сала бастаған. Картиналардың бірінде оның өміріндегі сүреңсіз күндер бейнеленген. Айшықтар мен адамның бас сүйектері көптеп бейнеленген суреттің жоғары жағында «1945 жылдың 26 қаңтары» деген жазу бар. Екінші бір суретте неше түске боялған жүректер салынған.

«Шпигель» журналының атап өтуінше, мұндай суретті әдетте 15 жасқа келген жас қыздар салады екен.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: 321 Қайдан: 123
16.03.2010 10:00
+0 / -0
Жан түршігерлік оқиға екен!

Кімнен: Uisin Ermek
16.03.2010 10:27
+0 / -0
Баягы сол орыс басқыншылары гой!!! қайда барсда әкелері к--тен өлген өнкей!!! Қазақтады да солай қылды емес пе бір кезде, бірақ оны жазатындар табылмай отыр!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Шер Қайдан: осы ауылдан
16.03.2010 14:10
+0 / -0
Мағжанның бір шығармасы бар орыстардың қазақ қыздарына, қазақ ауылдарына көрсететін зорлығы туралы! соны оқығанда не үшін жазған деп ұстаздан сұрадық, кімнің кім екенін білсін деп жазған деді ұстаз ағай

Кімнен: ??
16.03.2010 11:50
+0 / -0
Мал құлағы саңырау. Аллаһ соғыстың бетін ары қылсын.Соғыс құлақ естімеген, көз көрмеген жамандықтарды алып келеді деген осы. Қашанда саясаттың құрбаны болатын сол бейкүнә пенделер....

Кімнен: Kanat
16.03.2010 11:56
+0 / -0
Согыстын кезінде енді барлык зат болады гой. Оз елінін жасаганы ушін берген акысы гой сол. басынан сипап шыгарып салмасы белгілі гой!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.03.2010 12:01
+0 / -0
Зорланып жылаганша зорланбаудын жолын іздеу кереккой
Амеркостар жазып койган екен усыныс зорланып жаткан әйелге
шаманыз келсе зорланбан карсылык корсетіп т.б. дегендей егер зорлап жаткан жагдайда дененізді бос устап рахат алуга тырысын деп ))

Кімнен: Aruana Қайдан: Almaty
16.03.2010 13:15
+0 / -0
Адамдар неге осынша айандыққа барады екен деген уайымға баттым...сірә жауабын табу мүмкін емес болар...Өкінішті...ондай айуандардың бүгіндері де жер басып жүргендерін сезініп өзекті өкініш одан қатты өртейді.

Кімнен: Жолаушы
16.03.2010 14:02
+0 / -0
Кім бәс тігеді? Осы мақала кеңінен тарай бастаса болды, орыс ақпарат құралдары - "Ол өтірік әңгіме екен, ол қыз өзі барып тұрған жезөкше болған" немесе "Оны зорлаған Совет Армиясындағы Украиндар, қазақтар немес тағы басқалары екен" дегенді жазады. Артынан тарихты бұрмалап жатыр осылар деп өздерін айыптайды. Байқасаңыздар осы Мәскеудің өзі тарихты бұрмалап Фашисті жалғыз орыс жеңгендей қылып жатыр. Қазақтың батыр ұл қыздарының есімі кейінгі күндері аталмайтын болды. Ал, біздің елде сол "Ұлы" орысты мақтаймызда жатамыз. Кеше ғана қыздарымызды зорлап ерлерімізді атып қалған түрмеге тыққанын ұмыттық. Дәлірек айтқанда ұмыттарып жатыр. Өйткен оны еске алсақ ол да - "Тарихи бұрмалаушылық" болады....

Модератор мырза код-сандарыңыз нашар көрінеді. Сияңыз бар болса қараға бояп қойсаңыздар екен.

Кімнен: Сәт Қайдан: Алматы
16.03.2010 14:08
+0 / -0
Соғыстың аты соғыс! жеңген ел қаза болған өз жауынгерлерінің төлемі ретінде ойына келгенін жасайды. Зорлық тек зорлықты тудырады! дұрыс, басқыншы немістер сазайын тартты! асқанға тосқан деген осы... бірақ біртүрлі жаның ашиды екен

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.03.2010 14:19
+0 / -0
Согыс зорлык-зомбылыксыз болмайды. 4 жыл бойы балшык кешкен, кар тосенiп, муз жастанган, тек адам олтiрумен айналыскан жауынгерден мейрiмдiлiк куту бекер. Оз басшысын дурыс тандай алмаган улттын коретiнi сол.

Кімнен: Ұлар Қайдан: Алматы
16.03.2010 17:16
+0 / -0
Кітапты жазған кемпірдің ақыл-есі енді кірген екен ғой?! Шын автор - саясат сауған итаршы шығар. Сіздер соған неге сеніп,
ашу шақырып жүрсіздер? Фашистер КСРО жерін басып алғанда
ондай ештеңе істемеген ұяты күшті асылдар болып па екен?

Кімнен: Айболат Қайдан: Атырау
16.03.2010 18:16
+0 / -0
Ол соғыста фашистерден гөрі Құдайсыз,атеист,дінсіз коммунисттер жексұрын,зорлықшыл болғаны қазір ашылып жатыр, Жеке басыма орыс халқының еш қиянаты болмағанмен,қазақ халқыма кесірі көп тиді.Көмегі де болған болар,бірақ мақаладағы жазылғандай зорлықтары өте көп болды. Жайық жағасына қазақтарды жақыдатпай қуып,соққыға жыққан да осылар еді. Аллаһтың арқасында аманбыз әйтеуір. Сібірде,солардың қол астындағы қаншама халық құрып кетті,қаншамасы құру үстінде. Жүректерінде иманы,кеуделерінде намысы жоқ кейбіреулер:"қазақ орыстан еш жамандық көрген жоқ"-дейді. Мұстафа Шоқай атамыз сияқты ер азаматымыз болса ғой шіркін.....

Кімнен: Аққу Қайдан: Астана
16.03.2010 19:17
+0 / -0
Әйел зорлаған соғыс ардагерлеріне пәтер беруді тоқтату керек.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
16.03.2010 19:47
+0 / -0
Гитлер ақымақ емес екен ғой!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.03.2010 20:29
+0 / -0
Кемпiрдiкi алжыгандык дейiк, ал оны басып отырган баспаныкi не? Не болсада бул кiтаптын басылуына мудделi саяси куштер бар сиякты. Арине бiрiншi кезекте Россиянын Европа елдерiмен жакындасуына карсы куштер. Онын зардабы Германияга кыдырып барган бiздiн туристерге де тиюi мумкiн. Ондагы неонацистердi айдап салу деген осы.

Кімнен: мен Қайдан: көкше
17.03.2010 00:23
+0 / -0
Жоғарыда айтылған зорлау туралы әңгіме - Всеволод Ивановтікі. Оны Мағжан аударған. Қазіргі Баян-Өлгий жерінде 1920-21 жылдары ақтар мен қызылдар кезек-кезек қазақтарды қырғындап, қыз-келіншекке топалаңдай тигендігін үлкендер күбір-сыбыр ғып айтатын. Жазушының әңгімесі осы туралы. Қазақтың есесі қашан,кімге кетпеген.

Назарға көп іліккен