Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:08

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстанның кешігіп жарияланған Тәуелсіздігi немесе Назарбаев тағы сегіз күн бойына кімге жалтақтап отырды...

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін бұрынғы Одақ елдері ішінде ең соңғы болып жариялады. Назарбаевтың мұндай қадамға бәрінен кейін баруының себебі неде, өйткені тәуелсіздігін жариялаған кезде Қазақстанның ешкімнен бөлуінуінің де қажеті болмай қалған еді.

Мәтін көлемі - +
Мүмкін, тарихшылар келешекте осы бір айрықша құбылысты, дәлірек айтсақ, феноменді сарабдалдықпен саралап берер: Қазақ жастарының жалаң қолмен Мәскеудің диктатына қарсы бас көтеруінен кейін небары бес жыл өткенде Қазақстанның тұңғыш әрі әзірге «тұрақты» президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған республика басшылығының ұлттық тәуелсіздікті жариялауға асықпағаны неліктен?

"Тәуелсіздік күні - тамыздың жиырма бесі болып қалуы тиіс еді"

Алғашқылардың бірі болып, Азаттықтың сауалнамасына «Қылкөпір» романының ауторы белгілі жазушы, публицист Қабдеш Жұмаділ тартылды. Аталған шығарманың желісі Қазақстанның Жоғарғы кеңесі Тәуелсіздік туралы заң қабылдаған 1991 жылғы Желтоқсанның 16-сынан бастап өрбиді. Қазақстан тәуелсіздігін жақын көршілерінен де кейін жариялағанын өзегі өртене айтқан қаламгер:

«Басқасын айтпағанда, біз тәуелсіздігімізді көршілес қырғыздар мен өзбектерден 3,5 ай кейін жарияладық қой. Қырғыздар тәуелсіздігін тамыздың 31-і күні, өзбектер қыркүйектің 1-інде жария етті. Біз болсақ желтоқсанның 16-сына дейін 3,5 ай бойы омалып отырдық. Бұл аздай, желтоқсанның сегізінде Кеңес Одағы құлады. Ресей, Украина, Белоруссия өз беттерімен кетіп, Ресей империясы түпкілікті күйрегеннен кейін де соның күресінінде асықпай отыра бердік. Сегіз күн бойы!

Мұның тегіннен-тегін еместігін енді біле бастадық. Біріншіден, біз тәуелсіздікке дайын болмаппыз, екіншіден соған ұмтылыс та, ниет те болмапты. Өйткені мемлекет пен үкімет билігінде большевиктер отырды ғой. Олардың Мәскеуден алыстағысы, КСРО-дан бөлінгісі келмеді.

Яғни, Ресей империясының ең сенімді боданы, құлақкестісі біз, қазақтар екенбіз және соңғы сәтке дейін осыдан тайған жоқпыз. Биліктің ұлттық Тәуелсіздікті онша жақтыра да, қажетсіне де қоймағаны оның қазіргі күнгі әрбір шешімі мен ісінен көрінеді. Тегінде бұл оның алғашқы қадамдарынан-ақ көрініп тұрды емес пе? Біз үшін бұл - өзек өртер өкініш».

Белгілі саяси диссидент, тарихшы Кәрішал Асан Ата Қазақстан тәуелсіздігін КСРО күйрегеннен кейін де жариялауға асықпады деп санайды:

«Қазақстан сегіз күн бойы түсініксіз жағдайда, әлемдік картада «де факто» да, «де юре» де өмір сүруден қалған совет империясының құрамында қалды. Жоғарғы Кеңестің тәуелсіздік туралы заңды кешіктіріп қабылдауы толықтай Нұрсұлтан Назарбаевтың кінәсі».

Қазақтың алғашқы ғарышкері, Жоғарғы Кеңестің және Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты, Қазақстанның ұлттық аэроғарыш агенттігінің бұрынғы директоры Тоқтар Әубәкіров болса, Тәуелсіздік күнінің он алтыншы желтоқсанда тойлануына қарсы.

«Иә, Желтоқсан оқиғасы осы айдың он алтысында болды. Бұл оқиғаны басқаша атап өту қажет еді. Ел Тәуелсіздігі жарияланған тамыздың жиырма бесі - Тәуелсіздік күні болып қалуға тиіс болатын. Тамыздың жиырма бесінде Қазақстан өзін еркін, демократиялық мемлекет, Қазақстан аумағындағы барлық дүние Қазақстан Республикасының меншігі деп жариялады. Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың сол күні менің есімде жақсы сақталып қалды».

Серікболсын Әбділдин сол жылдың желтоқсанында, Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған тұста республика Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болған. Азаттық радиосына берген сұхбатында саясаткер 1991 жылы тәуелсіздікті Қазақстан емес, Қазақстанның шенеуніктері алды деген пікір білдіре келіп:

«Сөйтіп, Нұрсұлтан Назарбаев пен билік халықтан тәуелсіздік алды. Билік тәуелсіздік ұғымын халықтан абсолютті тәуелсіз жағдайда болу деп түсінеді. Сөйте тұра, президенттің маңайындағы сұрқылтайлары ол болмаса, Қазақстанның күні қараң еді дегеннен жаңылар емес. Бұл - абсурд. Оның тәуелсіздікке сіңірген ешқандай еңбегі жоқ. Біз тәуелсіздік жариялағанда Одақта екі республика - Қазақстан мен Ресей Федерациясы ғана қалған-ды. Ал Ресей тәуелсіздігін сол жылдың жазында жариялап үлгерген болатын.

Сондықтан біз осы бір тарихи сәтті пайдаланып, тәуелсіздік заңын қабылдадық. КСРО келмеске кеткенімен, бұл заңды қабылдау оңай болмады. Өйткені, азаматтық мәселесінен бастап, экономика мен қорғаныс жүйесінің дербестігі аралығындағы аса маңызды өмірлік мәселелер қаралды».

Горбачевтың Назарбаевқа КСРО билігінде жоғары лауазым ұсынуы: аңыз ба, ақиқат па?

«Свобода слова» газетінің бас редакторы Гүлжан Ерғалиева болса, республика басшылығының ұлттық тәуелсіздікті кешіктіріп жариялауына қатысты өзіндік көзқарас танытты. Оның пікірінше, 1986 жылғы оқиға қайталана ма деген қауіп Қазақстан билігінің Мәскеуден толық еркіндік алуға батылын жеткізбеді.

"Менің ойымша, қорқыныш болды да, батылдық болмады. Кездейсоқ келген тәуелсіздіктен біздің басшылық абдырап қалды. Сексен алтыншы жылғы Желтоқсан оқиғасынан зәрезап болған билік тәуелсіздіктен одан сайын үрейлене түсті. Халықтың сол кездегі наразылық қабілеті орасан еді. Осындай жағдайды оның алдында ғана бастан өткерген билік халыққа ие бола алмай қаламыз ба, деп қорықты. Бұрын мұның амалы оңай еді. Мәскеу бұйрық етсе болды, алаңға танктер мен солдаттарды қаптатты да жіберді! Ал тәуелсіздік жағдайында ондай жауапкершілікті өзіңе алуға тура келеді. Сондықтан қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісінен кейін билік абсолютті тәуелсіз болуға қорықты".

Шығармашыл және ғылыми зиялы қауым өкілдері 1991 жылғы желтоқсанның сол бір күндерінде Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жариялауға асықпауын президент М.Горбачевтан биік лауазымға тағайындау күтіп дәмеленгендігімен түсіндіреді. Бұл туралы сол тұста енді ғана қалыптасып келе жатқан тәуелсіз басылымдар жазған болатын. Айта кетейік, сол шақта қазақ баспасөзі бүгінгіге қарағанда әлдеқайда еркіндікте болатын.

Ал «Горбачев қорының» баспасөз қызметі КСРО-ның бірінші әрі соңғы президенті М.Горбачевтың Н.Назарбаевқа КСРО Министрлер Кабинетін басқаруды ұсынғанын растады. Бұл туралы кейіннен М.Горбачевтің өзі естелігінде жазды да. Әзірге Азаттық радиосына М.Горбачевтің өзімен әңгімелесудің сәті түспеді.

Сауалнамаға тартылғандардың басым бөлігі Қазақстан президентіне кезінде осындай ұсыныс жасалғанын және одан оның бас тартуы мүмкін емес екендігін қуаттады. Мысалы, Назарбаевты ең қатты сынап жүрген Кәрішал Асан Ата: "М.Горбачев оған Одақтың басшылығынан өте биік лауазым ұсынды. «Плохой мальчик» кітабында бұл жайында жан-жақты жазылған", - дейді.

Ал Тоқтар Әубәкіров болса, Н.Назарбаевтың тәуелсіздік жариялауды Горбачевтың ұсынысына бола кешіктіргенін жоққа шығарады:

«Жоқ, олай емес. Мен бұған куә болған адаммын. Назарбаевқа КСРО премьер-министрінің қызметі ұсынылғанда оның «маған мемлекеттің еркіндігі мен тәуелсіздігі премьер болғаннан қымбат» дегенін білем. Иә, солай болды».

С.Әбділдин М.Горбачевтың ұсынысы туралы бұл әңгімені Назарбаевтың өзі ойлап тапқан аңыз деп біледі: «Назарбаев КСРО Министрлер Кабинетінің төрағасы болуы тиіс еді деген әңгіме бос аңыз ғана. Бұл туралы М.Горбачевтың айтып қалғаны бар. Мен Егор Лигачевпен осы кезге дейін жақсы қарым- қатынастамын. Ол - Политбюроның мүшесі болған, кадр мәселесімен айналысқан адам. Ол мұны жоққа шығарады».

Астана мен Назарбаевтың туған күнінің жымдасып кетуінің сыры мен сипаты

Биыл Қазақстанда шілденің алтысында Н.Назарбаевтың туған күні мен Астананың он жылдығы бұрын болмаған аса кең ауқымда тойланды. Оны көргендер бір қаланың тойы, мейлі ол астана болсын, бүкіл бір мемлекеттің Тәуелсіздік мерекесінен асып түскеніне әлі күнге дейін таңданыс білдіреді.

Мұндай парадокстың себебін ғарышкер Т.Әубәкіров былайша түсіндіреді: «Мұның себебі Астана күнінің Президенттің туған күнімен астастырылуында ғана. Ал Астана күнінің өзі Президенттің туған күні болғандықтан ғана тойланып жүр. Астатөк той болатыны да сондықтан».

Президеттің туған күні неге мемлекеттің Тәуелсіздік мерекесінен басым болуы керек деген сұрағымызға, Т.Әубәкіров: «Қазір солай емес пе? Және бұл ешкімге құпия емес қой» деп қысқа ғана жауап берді.

Ал Қазақстан перзидентінің сыншысы Кәрішал Асан Ата: «Н.Назарбаев жаңа астананы салу арқылы Қазақстанға басқаларға қарағанда (хандар, алашордашылар, совет одағындағы басшылардан да) көп еңбек сіңірдім дегісі келеді. Ол тарихта №1 қазақ болып қалмақ", - дейді. Қазақ әдебиетіндегі ақсақалдардың бірі Қабдеш Жұмаділдің пікірінше, Астана күні мен Президенттің туған күнін кең құлашпен тойлау - елдің тәуелсіздігін нығайту үшін емес, оның жетпіс жылдығында астанаға оның атын беруді көздейтін құпия жоспар үшін жасалып жатқан алғышарт.

«Ия, біз тәуелсіздіктің бес жылдығын да, он жылдығын да, он бес жылдығын да өз мәнінде мерекелей алған жақпыз. Тіпті қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісінің жиырма жылдығын да қатардағы оқиға ретінде атап өттік. Астана қаласын мемлекетіміз бен халқымыздың ең үлкен артықшылығы осында ғана тұрғандай, басқа құндылықтарымыз жоқтай, оны басты мақтанышымызға балап жүрміз.

Жаңа Астана қазір әлем жұртшылығына Қазақстан президентінің ешбір баламасы жоқ, жеке дара еңбегінің туындысындай насихатталады. Президентке Астана құрылысы үшін «Қазақстанның еңбек ері» атағын беру туралы ұсыныс та жасалды. Бұл туралы Парламенттің жоғары мінберінен де айтылды. Ал мұның өзі таяу жылдарда қалаға жаңа атау, баршаға мәлім адамның аты беріледі деген сөз. Әлгіндей қарбаластың бәрі соның дайындығы.

Білетін адамдардың айтуынша, қала келешекте президенттің атымен аталатын болады. Болжамға қарағанда, президенттің жетпіс жылдығының құрметіне қала оның атымен аталмақ».

"Қазақстан президенті өзін Конституциядан да, халықтан да жоғары қойып отыр"

Журналист Гүлжан Ерғалиеваның айтуынша, Қазақстан президенті Н.Назарбаев өзін заңнан, Конституциядан, ең бастысы - халықтан жоғары қойып отыр.

"1986 жылы алаңға шыққан жастардың отансүйгіштік сезімі керемет болатын. Менің ойымша, қазір ондай сезім жоқ бізде. Сондықтан, әрине, туған күн дегенді оңай түсінуге болады: Кімдікі? – Президенттікі! Ал президенттің өзі кім? – Ол №1адам. Неге?

Өйткені барлық билік соның қолында, барлығы оған тәуелді, өйткені ол біздің туған әкеміз және т.т. Міне, осы бір қарабайыр идеология жұртшылық санасына сіңіріліп жатыр. «Астана күнін» немесе Астананың бәлен жылдығын президенттің туған күнімен орайластыра мерекелеудің астарында осындай есеп бар. Бұл дегеніңіз – нонсенс! Біздің еліміздің ең қорқынышты трагедиясы, - деп қорытындылайды Тәуелсіздік тақырыбын Гүлжан Хамитқызы, - біз өз билік басындағыларынан жеңіліп, жаншылған халықпыз.

Президенттің халықтан тәуелсіз болуының себебін халықтың сол тәуелсіздікті жоғалтып алуымен түсіндіруге болады. Қашан және неліктен бұлай болды? Бұл соншалықты маңызды да емес. Халық өзінің тағдырына басқа президент келген жағдайда да осылайша бейжай қарайтын болса, онда ол президент те халықтан тәуелсіз болмақ.

Қазақстандағы осы бір ахуалдың залалдылығы сондай, бізге ең кіршіксіз, нағыз демократ адам келген күннің өзінде, тіпті Барак Обаманың өзін әкеліп отырғызса да, ол бәрібір Нұрсұлтан Назарбаев болып шыға келеді. Міне, ең қорқыныштысы осы.

Бір адам, мейлі ол Назарбаев болсын, бүкіл елді басып-жаншып билеуге қауқарсыз. Ал, халықтың өзі соған жол беріп отырса, әңгіме басқа. Біздің еліміздің ең басты трагедиясы сол, біз – жеңілген халықпыз. Кімнен дейсіз ғой? – Өзіміздің биліктен!"

1991 жылы 16 желтоқсанда республиканың сол кездегі заң шығарушы органы - Жоғарғы кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп Қазақстан бұрынғы Кеңес одағы елдерінің ішінде ең соңғы болып осындай заңды қабылдады.

1986 жылы 16-17 желтоқсанда қазақ жастары Алматыда Орталық алаңға шығып, Коммунистік партияның басқару тәсілімен келіспейтіндіктерін ашық мәлімдеп, наразылық танытты. Жастардың бейбіт шеруі қатаң жазаланып, басып-жаншылды, қаншама боздақтың құрбан болғаны әлі күнге белгісіз.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына сәйкес, 16-17 желтоқсан мейрам күндері болып белгіленді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: майра Қайдан: ақтөбе
16.12.2008 20:11
+0 / -0
дұрыс біздің қазақстаннын тәуелсіздігін сонау 1917 жылғы алашорданын қазақ автономиясын жариялаудан бастау керек ана балтық,капқаз елдері сияқты басқалардын сөзіне қарамай

Кімнен: Адай Қайдан: Ақтау
16.12.2008 21:15
+0 / -0
Менің ойымша тәуелсіздік күнінің кешіктірілу себебі белгілі.Назарбаев бастаған билік желтоқсан көтерілісінің шындығының ашылуынан құты қаша қорқады,сондықтан оны қолдан жасалған тәуелсіздік күнімен бүркемелеу керек болды.

Кімнен: Адам Қайдан: Алматы
16.12.2008 21:27
+0 / -0
Біздің билік-Хан Тәңірінің басында отырған құдайлар сияқты.Билік пен байлықты бөліп алған. Өздерімен-өздері,жалыққан кезде қызметтерін өз ара ауыстырады. Ажал жетпейді,сөз өтпейді.Не деген тәуелсіздік десеңші!!!Шаршатып жіберді дағдарыс...

Кімнен: Ахат Қайдан: Алматы
17.12.2008 18:21
+0 / -0
Ельцин мырзаға коп рахмет! Тәуелсіздікке сол Боряның арқасында ие болдық. Біздің қорқақ билікті итермелеген сол адам.Тәуелсіздікті ең соң жариалағандықтың себебі сол.

Кімнен: сұңқар Қайдан: сұңғұла
18.12.2008 01:54
+0 / -0
22 жылдық мұндай күрделі өтер деп ешкім ойламаса керек. ертең билік етегін жаппаса жалаңаш қалуы мүмкін. саршағандағы орыс әскерін пйдалану керек болар.

Кімнен: туган кун
18.12.2008 09:31
+0 / -0
тамыздың алтысы емес, ш1лден1н алтысы

Кімнен: көкбөрі Қайдан: қытайдан
18.12.2008 12:29
+0 / -0
ай ессіз қазақ мынау қайзаман президентің көзін шұқғанша жақсысын асырып жаманын жасырып ортақ отан үшін құлшынсаңшы

Кімнен: пр
18.12.2008 14:40
+0 / -0
негізінде Одақтағы бірінші адам біздегі бірінші адамға СССР-дің премьер-министрі боласын деп дамелендіріп койган. Сосын біздегі бірінші адам соган кызыгып оытырп калган

Кімнен: Бауыржан
19.12.2008 09:59
+0 / -0
biz bilikten emes, ozimizden zhenilgen xalykpyz...

Кімнен: Ағатай Қайдан: Ақтөбе
19.12.2008 14:02
+0 / -0
Не де болса заң қабылданды. Халықты биліктен шеттетіп тастады.Басымызды көтеруге мұршамыз жоқ.Күнделікті күнкөріс жағдай әдейі жасап отырған амал сияқты.Хан сайлаған қазақпыз дегендей қазақ жерінің иесі- ҚАЗАҚ екенін ұмытпайық,ағайын!Биліктің қандай болатыны да өзімізге байланысты. Қазақтың мүддесін ойлайтын үкімет,қазақи тәрбие көрген,иманды да,батыл жастарымыздан ғана шығады деп ойлаймын. "...жеңіліп,жаншылған халықпыз." дегенге келіспеймін."Намсты да,дана халықпыз!" Америка мен Европа қызығатындай тарихымыз бар.Мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан Артық болмасақ, ешкімнен кем емеспіз!Аруақ!!!

Кімнен: Бек Қайдан: Алматы
20.12.2008 13:34
+0 / -0
Әй?Қытайдың көкбөрісі! Нағыз құл екенсің.Шамасы ханзулар қорқытып тастаған шығар,бишара сені.

Кімнен: shynar Қайдан: america
20.12.2008 21:09
+0 / -0
Заң қабылданғаннан не пайда көріп отырсыз? Ол заңдардың барлығы Назарбаевтың жеке басының мәселелерін шешу үшін қабылданған заңдар. Қайзаман президент деп өз ұлтын басып жаншып, тонап отырған адамды атауға аузымыз бармайтын уаұыт болды. Өкімет "тыныштық" деп тыныштықты өздері қорғап отырғандай қанша жыл алдап келді. Халықты кедейліктен басын көтере алмайтын жағдайға жеткізді. Өте қиын жағдай. Дегенмен, Бек сияқты тумаларға айтарым, шет жақта жүрген туыстарға тіл тигізбеген абзал. Қазақ қаны бар, шетелде жүріп тілімізді ділімізді өзімізден де артық сақтап, бір ғасыр бойы елім деп аңсаған туыстарға көрсеткен сыйластығымызда белгілі болып қалған жоқ па? Осының бәрі орыстардың жетпіс жылдық бұғауында жүріп, көргендік, имандылықтан айырылып қалғанымыздың нәтижесі.

Кімнен: Еркін Қайдан: Қытай
22.12.2008 18:40
+0 / -0
Қытай саяасат сарапшылары ;"Н.Назарбаев барлық мемілекет жумысында Ресейге жалтақтаумен болады!"деп қарайды,Біз қытайдағы қазақтар осыған намысымез келіп,қытайлармен қызарақтаса жөнелеміз!

Кімнен: Erkin Қайдан: Altay kalasi
29.01.2009 05:24
+0 / -0
Kazir Kazak akeren-akeren kobeyip kele jater, kazakxada akeren-akeren koldaneska kire bastade, osedan artek ne tileysing, Oresxel prezident xeksa kayter eding? xukirxilik, osegan.