Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Әлеумет

Қарапайым адамдардың айлығы шайлығына жетпейді, ал, шенеуніктердің тұрмыс деңгейі қандай?

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстердің Тобыл өзені жағасындағы үш үйін жергілікті жұрт «Үш батыр» деп атап кеткен. Қостанай, қараша, 2009 жыл.

18.11.2009

Қостанай облысы әкімінің атында тіркелген жеке көлігі де, коттеджі де жоқ, шенеуніктердің көбі тек қызмет көлігімен жүреді. Ал шенеуніктер мен кәсіпкерлердің айлық жалақысы бойынша аймақта ең жоғары жалақы 650 мың теңгені құрайды екен.


Қазақстан президенті Н.Назарбаев осыдан бір жыл бұрын, 2008 жылдың 6 қазаны күні өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған бас қосуда «шенеуніктер қалай тұрып жатырсың, табысың қайдан келді деген сауалдан қорықпауы керек. Ол өзінің виллалары мен иномаркаларының суретін түсіргендерге оларды қайдан алғанын, қалай салғанын айтып беруі керек» деген болатын. Осыған орай біз де біраз зерттеу жүргізіп облыстық әкімшіліктің есеп-қисап бөліміне қайрылдың және жергілікті басылымдарда жарияланған деректерді саралап көруге тырыстық 

ҚЫЗМЕТ КӨЛІГІ БАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖЕҢІЛ КӨЛІГІ ЖОҚ

Мәселен, облыс әкімі Сергей Кулагин үш бөлмелі пәтерде тұрады. Бұл пәтер «Киев» сериясындағы бұрынғы төрт пәтерлі үйдің негізінде қайта жоспарланып, салынған. Ал қызмет бабындағы мінетіні «Тойота» және «Мерседес» маркалы көліктер. Оның атында жеке үй де, коттедж де тіркелмеген.

Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Ғани Сағиевтың еңбекақысы 287 мың теңге болса, облыстық басқармалар бастықтары 100 мыңнан бастап 120 мың теңгеге дейін айлық алады. Ғани Сағиевтың жекеменшік «Jeep» автокөлігі бар.

Қостанай облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің айлық жалақылары туралы деректерді Азаттық радиосының тілшісі облыстық әкімшіліктің есеп-қисап бөлімінен сұрап білген еді.

Қостанайда жарық көретін «Наша газета» апталығында журналист Ольга Лихограй облыстық қаржы басқармасының бастығы Сәуле Аймұхамбетова, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Мейрам Өтешов, қазынашылық департаментінің бастығы Жанат Сапарова, кедендік бақылау департаментінің бастығы Жасұлан Ахметов, салық департаменті бастығы Мұрат Бұлғыновтардың ешқайсысында да жеке автокөлік жоқ екен деп жазыпты.

Олардың көпшілігі мемлекет көлігін мінеді екен. Өз отбасыларында тіркелген автокөліктеріміз бар дегендер бірен-саран. Бірақ, осыған орай сөзге араласқан кейбір тұрғындар біздің бұл сауалымызға жауап болмауы мүмкін екенін алға тартып, «өйткені олардың көпшілігінің үйлері де, көліктері де, басқа мүліктері де жақын адамдарының атына жазылуы әбден ықтимал, сондықтан бұл сауалдарға нақты жауап алу өте қиын» деген уәж айтты.

«Әрине, олар да жаяу жүрген жоқ. Астарында мемлекеттік көлік. «Байдың асын байғұс қызғанадының» кері келмесін. Қызмет істеген соң, мінсін. Бірақ, сол көліктерді олар мемлекет ісіне ғана емес, үй шаруасына да жұмсайды ғой», – дейді қала тұрғыны Байдалы Жексенбаев.

ТОБЫЛДЫҢ БОЙЫНАН ҮШ КОТТЕДЖ САЛЫП АЛҒАН МЕЙСТЕР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Виктор Мейстер төрт бөлмелі коттеджде тұрады. Оның тұруға арналған пайдалы алаңының жалпы көлемі 110 шаршы метр. Әйелінің «Ауди-6» көлігі бар, орынбасардың өзі қызмет бабында берілген «Тойотамен» жүреді. Оның айтуына қарағанда, соңғы үш жыл бойы еңбек демалысына шықпаған.

Виктор Мейстер мемлекеттік қызметке дейін 18 жыл ірі кәсіпорындарда қызмет істеген, соның ішінде 12 жыл бойы бірінші басшы болған. Бірақ, көз көрген көршілері оның Тобыл жағасынан үш бірдей коттедж салып алғанын айтып отыр. Олардың біреуі оның өз атында, енді біреуі ұлының, үшіншісі қызының атында көрінеді деген ұзынқұлақ әңгіме бар.

БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕКЕ КӨЛІГІ ТҮГІЛ КОМПЬЮТЕРІ ДЕ ЖОҚ ЕКЕН

Қостанай облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Мария Щеглованың еңбеакақысы 116 мың теңге болса, ол осыдан бес жыл бұрын қала орталығынан коттедж салып алған. Қызмет бабында мінетін «Субару» көлігі бар. Бұл кісі осыдан біраз
Қостанай облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы Мария Щеглованың Қостанайдың орталығындағы коттеджі. Қараша, 2009 жыл.
бұрын жергілікті газет тілшісіне берген сұхбатында өзінің төрт бөлмелі үйде тұратынын, жеке көлік түгілі дербес компьютері де жоқ екенін айтыпты. 

Дегенмен мына суреттегі коттеджді төрт бөлмелі дегенге сену қиын. Оның үстіне биік дуалдың ар жағында жазғы ас үй, тағы басқа қосалқы құрылыстар бер. Ал баласының «Тойота Прадо» маркалы көлігі бар. Мария Щеглованың  бір жылдық табысы қосымша ақыларды қоса есептегенде 1 617 470 теңгені құраған.

Қостанай қаласының прокуроры Арай Әлімовтың еңбекақысы 127 мың теңге болса, Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысы Евгений Батовтың айлығы 160 мың теңге. Бұл арада оның лауазымы және иығындағы погоны да ескерілген болуы керек.

Әзірше еңбекақы мөлшері жөнінен Қостанай облысы бойынша «Тобыл» корпорациясының президенті Марат Төлебаев бірінші орынға шықты. Оның айлық еңбекақысы 650 мың теңгеден асады.

Әрине, қарапайым адамдардың айлығы шайлығына да жетпейді. Ал басшылардың байлығын халық біледі.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Бәке Қайдан: Шымкент
18.11.2009 16:44
Шіркін менің де айлығым осындай болсағой, 17000 теңгеге мұғалім болып жүрмін...

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
18.11.2009 16:58
Менің ойымша мемлекеттік қызметтегі шенеуініктер, өз бастарын жеке пайдаларын ғана ойлап өмір сүреді. Оларды қарапайым халықтың жағдайы алаңдатпайды. "Елде 1917 жылдағыдай заң шеңберінде өмір сүріп табыс тауып жатқан ұрыларға қарсы тағы бір қозғалыс керек...сияқты" Елде жұмыссыздық жоқшылық өршіп тұрғанын үлкен кісі көрседе көрмеген болып жүр...

Кімнен: Қара бала Қайдан: Қызылорда
18.11.2009 20:20
Басшылардың барлығының көлігін
тартып алып, оларға іссапарға шыққанда мінетін кезекші машина берсе де жетпей ме. Сонда қанша қаржы үнемделер еді. Ал еңбекақысы көп болса, қысқартуға болады ғой. ОЛАРДЫҢ ТАПҚАН ТАБЫСЫНЫҢ БІР БӨЛІГІН ЖҰМЫССЫЗДАРҒА БЕРСЕ ҚАЙТЕДІ.

Кімнен: Қалман Қайдан: Мәнітөбе
18.11.2009 20:30
Осы Тәкеннің сөзі қызық, қандай адам өзі?! Енді, қай шенеунікті көріп едің, халықтың игілігі һәм мүддесі үшін жатпай-тұрмай шапқылап жүрген? Халықтың (қазақтың) билікке деген сенімі өлгелі қаша-а-ан!

Кімнен: Есен
18.11.2009 21:29
Біреуінің машинасы жоқ, басшылар таза бейшара екен ғой, білмеппіз. Халайық, мына бейшараларға пітір жинап көмектесейік құрбан айт келе жатыр ғой. Таза аяп кеттім, өсіресе Кулагинді.

Кімнен: Жолдас Қайдан: Ақтау
18.11.2009 21:58
Ел басының жолдауында 2010 жылы еңбек және әлеуметтік төлемдерін көтеретіндігін айтса, енді бірінші жарты жылдыққа дейін еңбек жалақысы өзгеріссіз қалатындығы айтылып отыр. Сый ақы, іс сапары және тағы да басқа шығындарды азайту тек аудандар көлеміне жүргізіліп, қызметкерлер амалсыздан өз қалталарынан жол жүріп жатса, Министрліктер мен барлық облыс деңгейдегі басқарма қызметкерлері көтеріңкі сый ақы алуда. Сый ақы есебінен бөлім басшыларының орташа айлықтары 200 - 600 мың аралығын құрап отыр. Ар-ұятты қойып, төмендегілердің еңбегін қанау, көз бояушылық барудың шектен шыққанын ешкім батып айта алмайды. Қалада газеттік басылымға жазылу жоқтың қасы. Облыстарда басылымдарға жазылу елді мекендегілерді қорқытып - үркітумен жүргізіліп отыр. Оны басылымдарға жазылу қортындысынан көруге болады. Елдегі елді ақымақ етуге айналған бұл масқараны әшкерелер кім бар? Бүгінде арсыздық етек жайып, жуас елдің басына шығып, жын-шайтанның мазағын жасап отырғандар Министрліктегілер мен облыс әкімдері.

Кімнен: Оқырман Қайдан: Астана
19.11.2009 09:38
Бастықтарға қызметтік көлік, қызметтік пәтер (2 айдың ішінде жеке меншікке өткізіп алады), жоғары жалақы+сыйақы беріледі. ал қарамағындағы қарапайым жұмыскерлер пәтер жалдап тұрады, қоғамдық көлікте жүреді, кішкентай айлықты тісінің суын сорып жүріп осы айдан келесі айға әрең жеткізеді. кеңестік дәуірді аңсаудың қажеті жоқ әрине, алайда сол уақыттағыдай барлығына тең жағдай жасалса ғой. Жұмыссыз, айлықсыз қалмайтыныңа кім кепіл? қазіргідей дағдарыс кезеңінде күнде қорқып өмір сүресің, қысқартуға ұшырап қалмасақ екен деп, осындай сезіммен өмір сүріп жатқандар арамызда көптеп кездеседі, ондай елдің болашағы әлсіз болады емес пе?

Кімнен: Арқа қазағы Қайдан: Астана
21.11.2009 17:53
Мемлекеттік қызметкерлерге жалға берілген пәтерлерді жекеменшігіне өткізіп ала алмайды. Талай департамент директорлары жүр ғой. Ал басқарма бастықтары, сарапшылар пәтер жалдап жүр. Менің құрбы қызым министрлікте істейді. Үш бөлмелі пәтердің бір бөлмесін жалдап тұрады. Облыстартағылар шығар, мұрттары майланып жүрген. Астанадағы мемлекеттік қызметкерлер пәтерден үміттеніп, амалсыздан жүр. Оларда жеке өмір жоқ. Таң атқаннан, күн батқанға шейін, тіпті түнгі 11-12.00-ге дейін жұмыста жүреді. Жоспарлау кезінде түнеп қалатындар да бар көрінеді. Сарапшылардың жалақысы 450000-50 000 бұл бержағы, одан да аз алатын қызметкерлер бар. Ал, Астанада жалға берілетін пәтердің құнын білесіздер. Сонда отбасылы мемлекеттік қызметкерлердің жағдайы айтпаса да түсінікті шығар. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлердің де жетісіп жүргені шамалы. Ал, қаңтардан бастап, жалақыны көтермесе, пәтер әділетсіз берілсе, онда талай жылдан бері төзіп жүрген мықты мемлекеттік қызметкерлердің үміті үзіліп, басқа жұмыс іздейтін шығар. Онсыз да, қазіргі кезде, министрліктерді жаңа бітірген, терең біліп, толыспаған, жастар қаптап кетті. Сонда елдің болашағын кім ойлайды?

Кімнен: Абдрахман Қайдан: россия
28.11.2009 16:04
стыдно.....куда смотрят кустанайцы. Кулагина нужно убрать.

Кімнен: Ақбала Қайдан: Ақмешіт
07.12.2009 18:12
Кулагин Қостанайдан кетсе де, тағы бір биліктің тізгінін ұстайды.Өйткені, Қазақстан басшыларына сондай адамдар,. арамдар қолайына жағады.Олардың іс-әрекетіне қараңыз. Бір колодадағы картаны сапырылыстырып араластырады да, қайсысы көзір болар екен деп, біресе ана облысқа, біресе мына облысқа алып барады.Әбден тойынып болған соң жөніне кетеді. Храпунов та солай жасады емес пе? Кулагин де дәл сол әрекетті жасамайды дегенге кім сенеді?
     
Мәтін көлемі - +