Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Саясат

Әблязов Құлыбаевқа қарсы ауқымды шабуылын жалғастыра бермек

Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов.

03.02.2010
Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ

Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов, Азаттық радиосына берген сұқбатында, Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың оны сотқа беруінде пайдалы тұстарының бар екендігін де айтып кетті. Әблязов шабуылын күшейте түспек.


БҰДАН БҰРЫНҒЫ БӨЛІМДЕРДІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Топ-менеджер және Қазақстан президентінің күйеу баласы Тимур Құлыбаев қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязовқа қарсы Алматының сотына талап-арыз беріп, әзірге компромат жайында хабарлаған бірқатар БАҚ өнімдеріне тыйым салуға қол жеткізді. Бұған жауап ретінде Әблязов Тимур Құлыбаевқа қарсы ауқымды ақпараттық шабуыл даярлауда.

Бұл жаңа ақпараттық соғыста алғашқы қадам Мұхтар Әблязовтың тарапынан жасалды. Ол президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші күйеу баласы Тимур Құлыбаевты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғандығы және Қазақстанның мұнай активтерін көрші Қытайға сатып жібергендігі үшін айыптады. Президенттің күйеу баласына қарсы арызын Әблязов бас прокурордың, ҰҚК төрағасының, ішкі істер министрінің және қаржы полициясы төрағасының атына жіберді.

Оның үстіне, Мұхтар Әблязов, Тимур Құлыбаевқа қытай компаниялары топ-менеджерлерінің «пара беру фактісін» тексерулері жөнінде Қытай басшылығына өтініш жасады.

Тимур Құлыбаевтың тарапынан жауап көп күттірген жоқ. Осы аптаның басында, 1 ақпанда, Алматы қаласының Медеу аудандық соты Тимур Құлыбаевтың талап-арызы бойынша істі қарап, Мұхтар Әблязовтың Тимур Құлыбаевты айыптауы бойынша «Республика», «Голос Республики», «Взгляд» және «Курсив» газеттерінде жарияланған материалдарды шындыққа сай келмейді деп таныды.

Сот Тимур Құлыбаевтың ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін деректері бар БАҚ өнімдері мен қағазда және электронды тәсілмен ақпаратты тасушы болып табылатын өзге де өнімдерге тыйым салу, сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген ақпараттар бар, басылған, бірақ сатылмаған өнімдерді тоқтата тұру жөнінде шешім шығарған. Осыған байланысты Азаттық радиосы Мұхтар Әблязовқа түсініктеме беруін сұрап қайрылған еді. (Бұрынғысынша, біз сұқбат мәтінінен Мұхтар Әблязовтың, қандай да бір соттың шешіміне сілтеме жасамай отырып, нақты сыбайлас жемқорлық әрекеттер жасаған деп Тимур Құлыбаевты айыптаған тұстарын алып тастадық).

БІЛЕ ТҰРА БАСТАЛҒАН ТӨБЕЛЕС

– Мұхтар мырза, Тимур Құлыбаевтың тікелей сізге және бірқатар басылымдарға қарсы талап-арызы бойынша Алматыдағы Медеу аудандық сотының шешімімен таныс боларсыз деген үміттемін. Осыған қатысты сіз не айтасыз?

– Сөз жоқ, мен бұл жайдан хабардармын. Мен не айтайын? Тимур Құлыбаевтың арызды Медеу аудандық сотына бергеніне қуанып отырмын. Және мен Жәкішев мырзаның жағдайындағыдай бұл істі «жасай салмайтындығына» үміттімін.

Мен бұның азаматтық талап-арыз екендігін түсінемін және мұндай сотты жабық өткізу мүмкін емес дейді маған. Бірақ, олардың бұл істі ашық сияқты өткізгенімен, шын мәнінде оны жабық қылып өткізе алатындарын жақсы түсінемін.

Егер сот шынында да ашық өтетін болса, онда мен мұндай мүмкіндіктің берілуіне, яғни, өзімдегі барлық материалдарды ұсынып, шындығында не болғандығы жайында айтып беру мүмкіндігі болатындығына қуаныштымын. Ал енді БАҚ-тар жариялаған деректерге келсек, бұлар менің оларға қазір бергенім.

– Мұхтар мырза, сот шешіміне қарағанда, Құлыбаевтың талап-арызы тікелей сізге және сіздің хатыңыз туралы БАҚ-тағы жарияланған материалдарға қатысты екен. Сіз Қазақстан басшылығы мен құқық органдары тарапынан сіздің хатыңызға байланысты сәйкес реакцияны күтесіз бе әлде сіздің үндеу-хатыңыз президент Назарбаевқа жеткен жоқ деп есептейсіз бе? Жалпы алғанда, сіздің үндеуіңізге байланысты Ақорда тарапынан қандай да бір ресми реакция болды ма?

– Менің барлық мәлімдемелерімнің Назарбаевқа жеткеніне және бұларды оның оқығанына сенімдімін. Үкіметте, үкіметке жақын құрылымдарда барынша ұзақ уақыт жұмыс істегенімді ескерсек, бұған күмәнданбаймын. Мен ұлттық мемлекеттік жүйе жайында айтып отырмын. Сондықтан да қандай да бір ақпараттың президентке қалай берілетіндігін, жеткізілетіндігін анық және жақсы елестете аламын. Сондықтан, Назарбаев мырзаның қолында барлық ақпараттың бар екендігіне күмәнданбаймын.

Сәйкес реакциялар жайына келсек... мен оны былай болады деп күтіп отырмын. Онда азаматтар да оны сәйкес реакциялар деп қабылдайтындығына сенімдімін.

Естеріңізде болса, өткен жылы Квятковская ханым бірқатар мәлімдемелер жасады. Ол баспасөз-мәслихатын өткізіп, менің досым Мұхтар Жәкішевке тақпаған айыбы қалмаған кезде оның қолында ешқандай құжаттар болған жоқ, бұл жай ғана жалаң мәлімдемелер мен пікір ғана болатын.

Нәтижесінде, қысқа мерзімнің ішінде бас прокуратура, ҰҚК, салық инспекциясы, яғни, есеп комитетін қоса алағанда барлық тексеруші құрылымдар тарапынан бас тексеру тағайындалды.

Содан соң Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы болды. Және «Қазатомпром» мәселесі қаралған отырысты президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жүргізді. Иә, сөз жоқ, онда, ең болмағанда оның жария бөлімінде қандай да бір ұйымдастыру қорытындылары жасалған жоқ. Бірақ осыған қарамастан қауіпсіздік кеңесінің осындай отырысы болды. Ал содан соң Жәкішевті тұтқындады.

Естеріңізде болса, уран кен орындарын жаппай сатып жібергендігі жайында ашына айыптаулар болған және айыптаудың негізі де осында болатын. Ол тұтқындалды. Бірақ әлгі айыптаулардың барлығы бір жаққа жоғалып кетті.

Ақырында ол кеңсені ұйымдастырды деген айыптау қалды. Яғни, ол 100 миллион теңге шамасындағы қаржыны Венадағы өкілдікті ұстап тұруға және тағы өзгелерге жұмсаған... Оған ұсақ айыптар тағылды. Бірақ бұл айыптаулардың мағынасы не екенін ешкім де түсінбейді. Сол себепті күтпеген жерден сотты жабық қыла салды. Уран мәселесі бұл сотта мүлдем қаралмаса да.

Сондықтан, Жәкішевтің процесімен салыстыра отырып, билік тарапынан мынадай сәйкес реакция болуы керек деп есептеймін. Ел президентінің реакциясы болуы керек. Сонымен бірге Қауіпсіздік кеңесінің отырысы болуы керек. Және құқық органдарының өкілдері баяғыдан-ақ «ҚазМұнайГаз» компаниясында отырып, оларға түскен барлық қағаздарды тексерулері керек: барлығы осылай болған ба, жоқ па деп.

Және осындай сәйкес реакция әзірге бола қойған жоқ. Оның үстіне сотқа Тимур Құлыбаевтың арызы түсті. Сол арызға сәйкес шыққан сот шешімінде мен таратқан ақпаратқа тыйым салынып және ақпараттық басылымдарға осыған байланысты әлденені жазуға тыйым салынды.

Құлыбаев мырза ақпаратты таратуға тыйым салатын шешімге ие болды, бірақ бұл Конституцияға қайшы келеді.

Егер Конституцияны мұқият қарайтын болсаңыз, онда көптеген баптарда ақпарат алу азаматтардың ажырағысыз құқығы деп жазылғанын көресіз. Яғни, олар бұған кедергі жасамауы, тосқауыл қоймаулары керек. Мен сот органдары мен өзге де мемлекеттік органдар жайында айтып отырмын.

Соттың әлгі шешімі арқылы Конституцияның осы бір нормалары дөрекі түрде бұзылуда. Осыдан-ақ реакцияның сәйкес еместігі байқалып тұр. Қазір Қазақстан президенті күрделі жағдайда тұр деп ойлаймын. Өйткені ол оның балалары да Қазақстанның өзге азаматтары сияқты деп үнемі айтатын.

Егер оның балалары да Қазақстанның өзге азаматтары сияқты болатын болса, онда ол үшін осыны дәлелдейтін сәт келіп тұр деп ойлаймын.

Сот әрекетсіз отырмас үшін мен оған тағы бірқатар материалдарды беремін. Сөз жоқ, алдымен мен оларды жарыққа шығарамын. Содан соң менің заңгерлерім оларды жазбаша түрде, конвертке салып, сотқа жібереді.

Міне, мен нені күтіп отырмын. Және бұл соттың қалай өтетіндігі маған да қызықты. Егер оны тағы да жабық қылып өткізсе, егер барлығын жасырып тастаса, егер біздегі сот жүйесі тәуелсіз, әділетті деп қазіргі уақытта Қазақстанның жар салып жүрген стандарттарына сай келмейтін әлдебір шешім шықса, онда біздегі құқық органдары, сот жүйесінің және т.б. шындығында қандай екендігі жайында азаматтардың өздері қорытынды жасайды ғой деп ойлаймын. Бұл бірінші.

Екіншісі. Мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетке өтінішпен қайрылдым. «Нұр Отан» сыбайлас жемқорлықпен күресіп жатырмыз деп үнемі қайталайды. Құлыбаев мырзаның «Нұр Отан» партиясына мүше екендігін де біз білеміз.

Және, менің түсінуімше, ол партияның жеке демеушісі емес. Менің білуімше, ол өзінің жеке қаржысын бұл партияға салмайды. Бірақ
Егер бұған президенттің өзі де селт етпесе, онда оның балалары да Қазақстанның өзге азаматтары сияқты деген оның сөздері, Назарбаевтың пікірінше, президент сайлауында оны қолдайтын электоратқа арналған жай ғана бос сөз екендігі көрініп қалады.
қалай болғанда да, ол бақылап отырған мемлекеттік компаниялардан «Нұр Отан» партиясына үнемі қаржылық қолдау жасалып отырады. Яғни, оны партияның белсенді демеушісі деп айтуға болады.

Және мен «Нұр Отан» партиясының реакциясын көргім келеді. Мінеки, олар сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде арнайы орган құрды. Осы мысалдың негізінде дәл сол сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің қалай жұмыс істейтіндігін байқап көрген өте қызықты болар еді. Егер ол жұмыс істемесе, егер ешқандай реакция болмаса, онда тағы да ел азаматтары бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің «Нұр Отан» партиясын насихаттау үшін құрылған насихат-құрылымы ғана екендігін түсінулері керек деп ойлаймын.

Егер күштік органдар – бас прокуратура, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік комитеті – ешқандай жауап қатпаса, онда ел азаматтары бұл құрылымдардың да кім үшін және не үшін құрылғанын: олардың ел азаматтарының мүддесін қорғау үшін емес, билеуші топтың мүддесін қорғау үшін құрылғанын түсінуі керек деп ойлаймын.

Егер бұған президенттің өзі де селт етпесе, онда оның балалары да Қазақстанның өзге азаматтары сияқты деген оның сөздері, Назарбаевтың пікірінше, президент сайлауында оны қолдайтын электоратқа арналған жай ғана бос сөз екендігі көрініп қалады.

Сәйкес пе, жоқ па, бұған қарамастан биліктің кез-келген реакциясы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, Тимур Құлыбаевтың Медеу аудандық сотына маған қарсы арыз беруін жақсы факт деп есептеймін.

Бұл процесті халықаралық қоғамдастық, партиялар, ел азаматтары бақылап отырады. Осы мысал арқылы біздің қандай мемлекетте өмір сүріп отырғанымызды көрейік!

– Мұхтар мырза, сіздің үндеуіңізге байланысты Қытай басшылығы тарапынан қандай да бір реакция болды ма?

– Қытай билігіне үндеуімді осы аптада жібердім. Сондықтан жауап өте жылдам бола қояды деп ойламаймын.

Бұл үндеу қытай тіліне аударылды. Сондықтан олар бұл үндеуді келесі аптада алады деп ойлаймын. Және қытай билігі тарапынан қандай да бір реакцияның сөзсіз болатындығына үміттімін.

– Мұхтар мырза, бұдан ары қарай не істемек ойыңыз бар?

– Құлыбаев мырза жайындағы ақпараттарды жіберіп тұру үшін мен өзімнің пошта жәшігімнің мекен-жайын жариялағым келеді.

Мәселе мынада, Құлыбаев мырза өзін үнемі «ҚазМұнайГаз» компаниясының, «Самұрық-Қазына» қорының қызметкері ретінде көрсетеді. Бірақ, мен жариялаған материалдардан оның өте көп түрлі активтерді бақылайтындығы байқалады. Атап айтқанда, ол мұнай трэйдингін бақылайды.

Маған бір топ бизнесмендер шығып, өзімде бар материалдарды оларға беруімді өтінді. Олар Қазақстаннан тысқары жерлерде халықаралық талап-арыз даярлауда. Талап-арыздар Құлыбаевқа қарсы жазылмақшы. Сондықтан мен оларға көмектескім келеді. Бұл біріншісі.

Екіншіден мен бұл мекен-жайды әдейі жариялағым келіп отыр. Қазақстандық кәсіпкерлер Тимур Құлыбаевтың қызметі жайындағы барлық ақпаратты осы жәшікке жіберсін. Аты-жөнін көрсетпесе де болады.

Менің заңгерлерім бұл материалдарды тексереді, шынайылығына көз жеткізеді. Содан соң біз Тимур Құлыбаевқа қарсы халықаралық талап-арызды ұйымдастыруға көмектесеміз. Меніңше, Қазақстан бизнесінің Назарбаевтың екінші күйеу баласынан тазаратын кезі келген сияқты.

– Мұхтар мырза, сұқбатыңыз үшін рақмет.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
Кімнен: Respect Қайдан: Resepect
04.02.2010 00:49
Respect!

Muhtar aman bol! Osyndai ashyk aitatyn kez keldi! Men seni kurmetteimin, oitkeni sen baskalary siakty kur sozben emes issingmende korsetesing!

Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
04.02.2010 01:13
тұрт ! сайтан , тұрт ! акша берсе, жайлы қызмет берсе, үні өшіп қалатын жай ғана дұмпу боп қалмаса екен деп тілеймін !

Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
04.02.2010 01:16
Мұқаңдар жоқ,Мұқаңдардың сарқыты,
Мұхтар Әблязов бар мұнда !
дешы сонда, қы қы

Кімнен: Жәбірленуші
04.02.2010 04:56
Енді тоқтама Муха! Бізден "жинап алған" ақшаны шашатын кез келді! Алла өзі бәрінің ретін келтіріп қойған екен ғой.

Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
04.02.2010 07:22
мен осы сайттың орысшасына барып келсем, бұл тақырып қызу боп кетыпты де, ал қазақша жағы тым-тырыс ! қазақтар келседе сол орысша жағына кетып қап, мына қазақ нұсқасының жетымсыреп тұрғанын қарашы. бір сайтта осындай немқұрайлық жатқанда,бір мемлекеттың тіліді қажет еткен барлық текнелогиалық, мадениеттык жақтарында қалайша ақсау,құлдық,масқаралық болмай қалмасын ?!
қазақтар неге бұл жаққа келмейды, неге қазақ тілді сайттарды жебеп-қолдамайды ?!
мен осыған таңмын. бұл жауабымды қысқартпай,шығарып қойуларыңызды тілеймін ! рақымет !

Кімнен: Қызықыстан Қайдан: Орда
04.02.2010 09:26
Біздер осы "пайғамбар күйеуін сыйлапты" деуші еді пәленің бәрін оларға арта салсақ қыздарымыз қыйғылық салмайма

Кімнен: Қас Жолымбет Қайдан: Астана
04.02.2010 09:33
О, масқара! Баытырдан барымташы туар даңғой дейді Абай атамыз. Бір күйеуден бір күйеу сорақы! Бұлар өзі кімнен туды екен?

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
04.02.2010 11:13
Мұхтар Әбіләзов жүйелі және дәйекті күресті бастап, соңына дейін жеткізеді деп күтеміз.

Кімнен: Ұлар Қайдан: Алматы
04.02.2010 11:38
Бұл жолы да барлық мәселе Н:азарбаевқа барып тіреледі. Мына күйеу баласын Рахатынша жазалағысы келсе, бұнысы дереу Швейцариядағы хан сарайына бала-шағасымен барып жатып алып, Рахатынша өзіне қарсы шабуылға шығар деп қорқады. Сондықтан Тимурын қорғайды.Білетіндеріңіз айтыңыздаршы: Қазақстан Халықаралық сот алқасына мүше ел ме, әлде жоқ па? Болмаса, меніңше, әу баста-ақ өздерінің
ел байлығын талау жоспарлары (құпия) болды да, халықтың
Халықаралық сотқа шағымдана алмауын көздеді. НӘНдердің
шет елдерде неше вилла, поместьесі барын құдай білсін, бастарына бұлт төнгені соларына қашып барады да, тұра береді. Жүз жылға жетер доллар, евролары бары даусыз. Сорлайтын - баяғы халық.

Кімнен: halmurat Қайдан: Битөбе
04.02.2010 12:08
Мұхтар да сау сиырдың боғы емес. Біреуді кінәлайтын адам ең алдымен өзі ары таза адам болу керек. Өкінішке орай, Мұхтар да өзі айыптап отырған сияқты көп ұрылардың бірі, және бірегейі. Сосын ана параны (егер шынымен берілсе ғой) қытай билігінің өзі бергізген деуге әбден болады. Енді сол қытайдан қайдағы әділеттілік? Егер, нәтиже десек, сорлы қазақтың құлағы тағы да шулап жатыр, ынсапсыз күйе балаларының арқасында Нұрекеңнің жүйкесі де тозып жатыр. Бұл қазақ үшін еш жаңалық емес, тек осы арқылы біраз шу шығуы ғана жаңалық болмақ. Ал Мұхтардың баяғыдағы "күресемін" дегені осы болса, онда, көп үміт жоқ екен, мүмкін біз білмейтін басқа кландары болмаса.

bokky-ға.
Қазақтың күресінің сиқы осы. Шетелге барып бірін бірі жамандау, не шетелде жатып отанына тас ату. Тілі де сол, осы сайттың орысшасына пікір жазатындар да оқитындар да баяғы өз қазағымыз ғой, сөйте тура біреудің тілінде сөйлеп көпіріп жатады. Бұл кейпімізбен ана өкіметке қазақша сөйлемедіңдер деп сын айтудың өзі артық. Мұны білетін ана Мұрт Сұрттарың орысша сайраудан қайтып жаңылмақ?
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақстан; Хетай емес:
04.02.2010 13:22
Үйде отырып қарсы шыққан қай қазақтың аман қалғанын көрдің? Айтшы. Сау сйырдың боғы емес болса тартсаңшы дәлеліңді көлденең. Қайсын қалай ұрлағанын білсең айтсаңшы, бос салдырлағанша түбі тесік шелек құсамай. Сен қытайдағы әдетіңді таста, өтірік данышпан болмай. Қытайдан ешкім әділет іздеген жоқ. Тек бұл заттың шеті шыққан екен, құлаққағыс ету керек. Қытай не істесе оны істесін. Біздің ауылда айтпақшы, мен оған тіктім де қол қойдым. Маған жаңалық емес, мені тіксе тіге берсін демекші, к...тті қысып шетте отыра берсең тіге береді. Ойбай, ол да сол сйяқты дегендерге обал жоқ. Рахатты қанша жек көрсемде бір т..штырғанына риза болдым. Т...штырғанына емес, т...шқақтағандарына риза болдым. Кейбіреудің жүйкесіне де тігіп қол қойдым. Балаларыңды жүгендей алмасаң обал жоқ. Бірге ұрласаң тағы обал жоқ. Келгендерің кеше ғана. Көсемсімей к...тті қысыңдар. Сендер көрген қасыретке біз ақыл айтпаймыз. Сендер жоқта біз көрген қасыретке билік айтпай тыныш отырыңдар. Бәрі келіп бір күнде орысша сайрай жөнелді деп пе едіңдер?
Пікір алмасу

Кімнен: Фарида Қайдан: Алматы
04.02.2010 13:39
Битөбенің төбетіне ұқсамай әнгіменің байыбына бару керек қой. Біз бен сен сияқты пікір жазып қойып, тыныш отыра беруге де болатын еді Мұхтарға. Ол күрес жолына шықты. Қолдайық, әр бұтаның түбінен шәуілдемей! Сен онымен бірге ұрлыққа барып па едің? Дұрыс, дабыл қағу керек!
Өз қолыңнан түк келмесе, кісімсімей жайыңа отыр!
Пікір алмасу

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
04.02.2010 13:51
Еркексің, Фарида!
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақстан; Хетай емес:
04.02.2010 14:11
Фарида - ЖІГІТ!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: ака
10.02.2010 22:32
Сен қыса ғой.Еркегің жоқ ерккен қатынбысың шаруаңды күйттеп тыныш отыр.Тыныштаналмай жүрсең емін жасауға болады.

Кімнен: bek Қайдан: aktau
04.02.2010 13:45
Әблязов - исламофоб дегені қаншалықты шындық?

Кімнен: Таулық Қайдан: Сұлу төр
04.02.2010 15:03
Мұхтардың нағыз сыналатын кезі келді. Естуімше бұл бір қайтпастың бірі. Саяси детективті шығарма жазамын десеңіз сюжеті дайын.

Кімнен: Мақсат Қайдан: Астана
04.02.2010 16:01
Айналайын, Фарида! Бәрекелді! Дөп тигізгің ғой аямай! Бірақ құр айғайға бармай-ақ ақылмен, әр қадамды ойластырып қимылдау керек. Миллиардтарын қорғау үшін баукеспелер кез келген қылмысқа бара салады. Дұрыс, қарындасым. Істің кезі келді.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
05.02.2010 10:06
Біріңді бірің жеңдер, кезінде елді бірге жегенсіңдер.Жоғарыны осылай тазалау керек. Бәрі де жеп болған шығар, енді елге қызмет жасайтындар билікке келу керек. Мен оппозицияны айтып тұрғаным жоқ.

Кімнен: Зере Қайдан: Онтустіктен
05.02.2010 14:49
Мұхтар жарайсың!!! Ерте ме кешпе НӘН-нің туыстарының құлқынын тию керек!!! Кеше ғана жергілікті телеканалдан Динара Кулбаева Швейцариядан керемет үй сатып алғаны туралы көрдім, не деген тойымсыз шеттерінен, қара халықтың көз жасы ұрсын шетінен! Алған бетіңнен қайтпа,бастаған ісің сәтті аяқталсын! Заманбек,Алтынбектердің әруақтары қолдасын!

Кімнен: Давас
07.02.2010 21:43
Негізінен биліктегі шенеуніктерді бір- бірімен кыркыстырып, өздерін өздері жеп куртатын амал ойлап табу керек.Әйтпесе жай біздер оларды курта алмаймыз.

Кімнен: қолдаушы
09.02.2010 15:52
МҰҚТАРДІКІ ТОЙЫП СЕКІРУ ҒОЙ.ҚАЗАҚСТАНДЫ ТОНАП АЛЫП ЕЛДІ АРАНДАТЫП ЖАТЫР.НӘН ӘКЕ ШЕШЕСІН СЫЙЛАП КЕШІРІМ БЕРІП ЕДІ АҚТАМАДЫ.ӨЛЕТІН БАЛА МОЛАҒА ЖҮГІРЕДІ ДЕМЕЙ МЕ?ЕЛІН ЖАМАНДАҒАН БАТЫР БОЛА АЛМАЙДЫ.Т.ҚҰЛЫБАЕВ ЕЛІНЕ ҚЫЗЫМЕТ ЖАСАУДА .КЕЗІНДЕ НЕГЕ АЙТПАДЫ.ЕЛДЕН ҚАШЫП КЕТІП ҚАТЫНДАРДАЙ ӨСЕК АЙТҚАН МҰҚТАР АТЫҢ ҚҰРЫСЫН.ТИМУРДЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАМЫН.
Пікір алмасу

Кімнен: Сұраушы
10.02.2010 03:54
Қолдаушы, Динараның Швециядағы үйінің, не Гоһа Ашеназидің үйінің еден жуушысы шығарсың?
Сара апамыз үшеуімен ғана тоқтағанына рақмет. Көбірек болса Қазақстанды жер бетінен жоқ қылатын түрлері бар ғой. Онсызда бітірді. Құдай жазасын берсін. Халықтың назасы оңай емес.
Тимур, алға? Жесеңде адал жеген дұрыс. Соңына дейін бар.
Пікір алмасу

Кімнен: қолдаушы
10.02.2010 15:13
Біреудің үйінде нең бар,ішің тар пасықсың-ау шамасы.Еріксең НӘН жақындарынан басқалар бар емес пе?Соларды неге айтпайсың.Еден жуушыны да күндейсің бе сормаңдай қазақ.Керемет Елбасыларың бар бізде болса әлпештеп басымызға көтерер едік.Абайды сабаған қазақ сендерге ем болмас.Өз көрлеріңді өздерің қазып талай боздақты көре алмай өсектеп жер жастандырған бос белбеу жалқау басқа келген бақты кері тепкен боқташақ сорлы не деп шәуілдейсің.Тимур-Динара Алға. сендерді қолдаймыз.Ит үреді керуен көшеді.М -р сияқты қазақша білмейтін сатқын орысша былдырлады деп қысылма себебі сен елің үшін қызымет етіп жатқан нағыз қазақсың.
Пікір алмасу

Кімнен: Адал Қайдан: Ақтобе
25.02.2010 20:35
Тимурды қолда, еліңді сорлат,көзіңді жұм, е...мат! Мұхтар - біз сені қолдаймыз. Ел басқаратын сендей-ақ болар!

Кімнен: Казак Қайдан: Шымкент
10.02.2010 14:39
Мухтар,жеринди жаксылап жедин.Енди бизге рахметин сол озин сиякты жеп отыргандардын бетин ашып берши.Сойтип ол да кашып журип оздериннин катарларындагы каскырдын биреуинин бетин ашсын.Солай-солай жайлап тазаланармыз.Сени халык ушин курескер ретинде кабылдамаймын.Бирак, мумкин,сенин истеп кеткенинди тым асырып отырган шыгар Тимурлар,НАНдар сияктылар.Мумкин 500 млн емес алганын 400 шыгар.Сонын барин айтып бер.ОЛармен бирге тагы кандай урлыктар стегендеринди де айтып берсен жон болар еди.Алде бул ашейин соларды озине бир ынгайлы келисим шартка келтиру ушин жасап жаткан урей тугызу ма?Расында халкым ушин десен,онда осы бастаманды аягына жеткиз.Тимурды да айдайык касиетти жерден

Кімнен: Анар Қайдан: Қостанай
11.02.2010 11:25
792599 Мұхтар, Отанын сатқан опасыз. Әйтпесе, елден неге қашады? Егер адал болса, елден қашпас еді?! НӘН-не басқа басқарушылар келсе, қалған байлықты солар жемейді деп ойлайсыңдар ма, әлде басқалар жесін деп іштерің күіп жүр ме?
Пікір алмасу

Кімнен: Мұхтар Қайдан: Шымкент
22.02.2010 11:55
Тексіздік жайлаған елде осылай болады. Тексіздер тектіні тепкілеймін деп теке болып қалғанын түсіне алмай қалды. Қос Мұхтар /Әблязов Жәкішев/ да тектілердің тұқымы. Билікті олардың ата бабаларының аруағы кешірмейді ау деп ойлаймын.Елді қан қақсатып тонаған қылмыстарына төңрерісемес, аруақ жазасын береді ау...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.02.2010 22:26
Аблай айтқандай бақа-шаян болдық қой, қашан тойынып қояды екен, қайран қазақ... көрші-қолаңға күлкі болдық, өз ішіңнен шыққан жау жаман, Муха баяғыдан қайдан болдың... бәрі де жағымпаз, жалтақ, қорқақ, үй сыртына шығып қана айғайлайсың. Не боламыз
    Келесі 
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
Мәтін көлемі - +