Сенбі, 26 мамыр 2012, Алматы 06:19

ҚАЗАҚСТАН

Назарбаев өз Рубиконынан 1986 жылдың ақпанында асты

Қазақстанда жоғары билік басына Нұрсұлтан Назарбаевтың келгеніне тура 20 жыл толды. 1989 жылы маусымның 22-інде ол Қазақстан Компартиясы ОК-нің І хатшысы қызметіне кірісті. Азаттық радиосы осынау атаулы оқиғаға арналған тізбекті мақалаларын жалғастырады.

Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақ шеткі), СОКП ОК бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақ шеткі). Целиноград, 1985 жыл.
x
Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақ шеткі), СОКП ОК бас хатшысы Михаил Горбачев (оң жақ шеткі). Целиноград, 1985 жыл.
Мәтін көлемі - +
Әрбір саясаткердің өмірінде бір рет таңдау жасайтын сәт туады: Рубиконды кешіп өту керек пе, жоқ па? Нұрсұлтан Назарбаев 1986 жылы ақпанда, Қазақстан Компартиясының 16-шы съезінде Қонаевқа қарсы шығып өз таңдауын жасады.

Баршаға белгілі «Рубиконды кесіп өту» терминін римдік қолбасшы Юлий Цезарьдің есімімен байланыстырады. Цезарь біздің дәуірімізге дейінгі 49 жылдың 10 қаңтарында өзінің жалғыз легионымен шағын ғана Рубикон өзеніне келгенімен, оны кешіп өтпей едәуір уақыт кібіртіктейді. Өзенді кесіп өтсе алып Риммен соғыс басталатындықтан болашақ бұлыңғыр боп көрінеді. Ақыр соңында ол жеребе тастайды да өзенді кесіп өтеді. Қанды қырғын шайқаспен Римді жаулап, император болады.

Наполеонның да, Лениннің де өз Рубиконы болғаны мәлім. Әрбір саясаткер өмірінде бір рет күрделі шешім қабылдауға мәжбүр болады: тағдырмен таласу керек пе, әлде ағыспен жүзе берген дұрыс па?

БІРІНШІ ХАТШЫНЫҢ ОРНЫНА ҮШ АДАМ ТАЛАСТЫ

1985 жылы Совет Одағында билік басына Михаил Горбачев келген соң, қазақстандық билікқұмар жоғары мәртебелі шенеуніктер Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхаммед Қонаевтың дәуірі өткенін түсінді. Сол кезде олар осы орынтақты ширек ғасыр иеленген патриархқа қарсы шығып, билікті өз қолдарына алғысы келді.

Мемлекеттік орынтаққа үміткерлердің арасында республикада үш адамның мүмкіндігі жоғары еді. Олар: Қазақстан Компартиясының Орталық комитетінің хатшысы — Зақаш Камалиденов, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы – Еркін Әуелбеков және Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев еді.

1986 жылдың ақпанында өткен Қазақстан компартиясының атышулы 16-шы съезінде осы үш үміткер Дінмұхаммед Қонаевқа қарсы шықты. Алайда, сәттілік тек біреуіне ғана, яғни ең епті адамға бұйыратыны мәлім. Ол адам Нұрсұлтан Назарбаев болып шықты. Қиын күресте өз бақталастарын жеңіп шыққан ол бүгінде өмірлік президент болып, еңбегінің жемісін көруде.

Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) Қазақ ССР делегациясының баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 1981 жыл.
Алайда, сонау 1986 жылы Назарбаев «Рубиконнан өту» өзі үшін немен аяқталатынын білген жоқ.
Ғылым академиясының президенті министрлер кеңесінің мәжілісіне ғана емес, баланстық комиссиялардың отырысына да осы себептерге байланысты келмейтін шығар. Осылайша, ол өз міндеттерінен алшақтап барады. Димаш Ахметұлы, оны тәртіпке шақыратын кез жетті деп ойлаймыз.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сол съезде оқуға тиіс болған «Қазақ ССР-ның 1986-1990 жылдардағы және 2000 жылға дейінгі кезеңдегі экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарының жобасы туралы» атты баяндамасының алғашқы нұсқасын Дінмұхамед Қонаевпен алдын-ала ақылдасып дайындағаны белгілі. Ол баяндамада республика басшысына бағытталған сыни пікірдің иісі де болмаған еді.

Алайда, келесі күні мінберге шыққан Нұрсұлтан Назарбаев мүлде басқа баяндаманы оқып, Дінмұхамед Қонаевтың экономикалық және кадрлық саясатын тікелей сынай бастағанда, Қонаев жүрек талмасына ұшырауға сәл-ақ қалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, сыни сөздерінің арасында, республика басшысының туған інісі – Ғылым Академиясының президенті Асқар Қонаевқа да шүйлікті. Сол жолы ол былай деген еді:

«Бүгінгі съезде республиканың Ғылым Академиясы сынға ұшырамайтын мекемеге айналғанын төтесінен айтуға тиіспіз. Ол ортада жағымпаздық пен жарамсақтыққа жағдай жасалған. Бәлкім, Ғылым академиясының президенті министрлер кеңесінің мәжілісіне ғана емес, баланстық комиссиялардың отырысына да осы себептерге байланысты келмейтін шығар. Осылайша, ол өз міндеттерінен алшақтап барады. Димаш Ахметұлы, оны тәртіпке шақыратын кез жетті деп ойлаймыз».

Бұған дейін өзінің орнына Нұрсұлтан Назарбаевты дайындап жүр делінетін Дінмұхамед Қонаев осы сәттен бастап оны жек көріп қалды. Сондай-ақ оны биліктен алшақтату үшін қолынан келгенінің бәрін жасады, бірақ ештеңе өндіре алмады – патриарх тым кеш қимылдаған болатын.

ҚОНАЕВ ЕСТЕЛІКТЕРІНДЕ ЕСЕ ҚАЙЫРДЫ

Қонаев кейін зейнетке шыққан соң жазған естеліктерінде, өзіне опасыздық жасағандарды оңдырмады. Алматыда 1992 жылы басылып шыққан «О моем времени» [қазақ тілінде – «Өтті дәурен осылай»] атты кітабында Дінмұхамед Қонаев 1986 жылы ақпанда өткен съезде кенеттен өзіне қарсы дүрсе қоя бергендердің сөзін естіп айран-асыр қалғанын жазады. Сол жолы Қонаевтың жұмыс стилін тек Назарбаев қана сынаған жоқ, сонымен бірге Әуелбеков пен Камалиденов те іштей бүгіп жүрген ойларын ақтарып айтып салған болатын.

Дінмұхамед Қонаев, Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысының ресми фотосүреті.
Ғылым академиясының атына, сондай-ақ Алматыдағы қымбат құрылыстарға мол қаржы босқа шашылғаны туралы айтылған көптеген сын-ескертпелердің көбісін Назарбаевтың тікелей өз қызметіне
Бұл кісілер, әрине, елдің бетін қайтсем өзіме қаратамын деп, барын салғандағысы. Анығырақ айтқанда, СОКП Орталық Комитетіндегілердің көзіне түсу, қараңыз, біз қандай жүрек жұтқан батырмыз, жалтақтауды, жалтаруды білмейміз дегендегісі...
бағыштауға болар еді, өйткені ол 1978 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бюро мүшесі, бес жыл бойына Орталық Комитеттің өнеркәсіп жөніндегі хатшысы, ал кейінгі екі жыл – Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы болды. Өзінен өзі: Министрлер кеңесі бұрын қайда қарап отырған деген орынды сұрақ тумай ма, – деп жазады Қонаев.

Өз атына сын айтқан Әуелбековке қатысты Қонаев осының алдындағы съезде және таяуда ғана өткен пленумда оның мүлдем басқаша сөйлегенін еске алады. Еркін Әуелбеков «мені жер-көкке сыйғызбай мақтағаны сонша, өзімді қоярға жер таппай қысылғаным бар... Шын мәнісінде ол өз пікірін жағдайға қарай өзгертіп отырады. Тап күнбағыс секілді, күн қалай ауса, бетін солай беретін», – деп жазады Қонаев.

Ал, «Орталық Комитеттің идеология жөніндегі хатшысы Камалиденов... өзінше «интернационалист» болғысы келіпғ жоғары оқу орындарында қай ұлттан қанша бала оқиды дегеннің есебін шығарып, процентке шақты... Бірақ, мұнысы өзіне таяқ болып тиді. Қазақстан жұртшылығы оның қайнарға лақтырған қара тасын өзіне қарай атты», – деп сөз қайтарды кейіннен зейнеткер Қонаев.

«Есімі аталған кісілер, әрине, елдің бетін қайтсем өзіме қаратамын деп, барын салғандағысы. Анығырақ айтқанда, СОКП Орталық Комитетіндегілердің көзіне түсу, қараңыз, біз қандай жүрек жұтқан батырмыз, жалтақтауды, жалтаруды білмейміз дегендегісі...», – деп Дінмұхамед Қонаев 1986 жылы ақпанда өткен съезге өзінше түйін жасайды.

Мәскеу осылайша Қонаевтың үш жақын серігін – Қазақстанның үлкен үш аймағының өкілдерін – оның өзіне қарсы айтақтап салды. Бірақ, 1986 жылы желтоқсанда республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне Қазақстанға мүлде бөтен адамды – Геннадий Колбинді жіберді. Алайда, әу бастан іс-әрекетімен өз беделін өзі түсірген Колбинді Мәскеу кері шақырып алғанша – 1989 жылғы маусымына дейін Назарбаев шыдам таныта білді. Содан кейін Назарбаев жоғарғы билікке өрлеп, Әуелбеков пен Камалиденов көп ұзамай саяси сахнадан жоғалды.

ӘУЕЛБЕКОВТІ НАЗАРБАЕВ ЖЕҢІП КЕТТІ

Алайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі қарсыластары оның билікке деген асқан құмарлығын айтып қанша айыптағанымен, 1986 жылы елдегі жағдай мүлде басқаша болатын. Билікте өзгеріс болуын аңсаған халық оған жаңа адамдардың келуін күткен еді. Және көп жандар болашаққа деген үміттерін Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырған болатын. Қазірде президент Назарбаевтың мықты қарсыластарының бірі Серікболсын Әбділдин де (ол кісінің сұхбатын төменде береміз) сол кездегі премьер-министрге көп сенім артқанын жасырмайды.

Азаттық радиосының тілшілері сол кезеңнің ахуалын ұғып, түсіну үшін әлгі даулы съездің екі делегатына жолыққан еді.

Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ССРО президенті Михаил Горбачев. Мәскеу, 1990 жыл.
Біз олардан Нұрсұлтан Назарбаевтың Дінмұхамед Қонаевқа жасаған шабуылына қалай қарағанын және Қонаев орынтағын өз еркімен жастарға беруге дайын болған-болмағанын білгіміз келді.

Шындықты айқындау үшін, біз респонденттерді екі лагерьден қатар таңдадық. Біріншісі – Нұрсұлтан Назарбаевтың жақтасы, сол кезде комсомол ұйымының жетекшісі болған Серік Әбдірахманов. Екіншісі – президенттің бүгінгі қарсыласы, сол кездегі Мемлекеттік агроөнеркәсіп министрі Серікболсын Әбділдин.

Бұрынғы Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, бүгінгі президентшіл саясаткер Серік Әбдірахманов Қазақстан компартиясының 16-шы съезінде Дінмұхамед Қонаевтың қандай қорлыққа төзгенін қинала еске алды. Серік Әбдірахманов былай деді:

– Съезде Қонаевтың атына айтылған барлық сын мен үшін күтпеген жайт болды. Не айтатыны бар, республикалық Компартия Орталық Комитетінің жауапты қызметкерлері мені де қарсы сын айтуға шақырған болатын. Бірақ мен сарайдағы шиеленістер мен аппараттық ойындарға елікпеген едім, сондай-ақ олардың менен не күтетінін де дұрыс ұққан жоқпын.

Біз ол кезде республиканың басшылығын сынауға дайын емес едік. Және Қонаевқа қарсы шабуыл басталған кезде мен бұл жайды ауырсына қабылдадым. Мен сол кездері Қонаевтың үнемі ізбасар іздеп, кімге тоқтарын білмей жүргенін жақсы білемін. Алайда оны бұндай құқықтан айырып, қартайған шағында қатты ренжітті.

Жалпы алғанда, өз басым саясатта да, өмірде де адам ең әуелі адамгершілік қасиеттерді басшылыққа алу керек деп санаймын. Мен
Жаңадан сайланған президент Нұрсұлтан Назарбаев ант беру салтанатында. Алматы, желтоқсан, 1991 жыл.
әрқашан да Қонаевты қатты сыйлайтынмын, қазір де сыйлаймын. Жеке өз басым мансап үшін ешқашан ол кісіге қарсы шықпас едім.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы биліктен дәмесі бары алғаш рет байқалған сол даулы съездің бірталай тұстары Серікболсын Әбділдиннің әлі есінде. Саясаттың түйін-түйіткілін бір кісідей білетін және сол кезеңнің сахна сыртындағы ойындарынан жақсы хабардар адам ретінде Серікболсын Әбділдин біршама қызық әңгімелерді айтып берді:

– Сол кездегі өз ахуалым әлі күнге дейін есімде. Жағдай біржақты болған жоқ. Қонаев тақтан түсер уақытының таяғанын жақсы түсінді. Өзіне ізбасар ретінде оның кімді көздегенін де көбісі көрді. Әйтеуір, мен оны жақсы білдім. Ол – Қонаев Теміртаудан әкеліп, барынша қамқорлығына алып, сүйемелдеп, жоғарыға сүйрелеген Назарбаев болатын. Сондықтан шәкірттің ұстазға қарсы шығуы күтпеген жайт болды.

Егер адамгершілік тұрғысынан алсақ, бұл Назарбаевтың тарапынан жасалған адамшылыққа жатпайтын әрекет болды. Мен оны құптаған жоқпын. Ал, екінші жағынан алғанда, республикаға жаңа, жас көшбасшылар керек еді. Осы тұрғыдан қарағанда осы орынға Назарбаев қолайлы секілді болған еді. Бізге одан лайықты ізбасар шығатындай көрінді. Және, жасыратыны жоқ, біздің көбіміз оның көтерілгенін қаладық.

Алайда, дәл бүгінгідей есімде, зал Назарбаевтың сөзін қабылдаған жоқ, әр жерден ғана қол шапалақтары естілді. Съез делегаттары Қонаевты бірауыздан дерлік қайта сайлады.

Көп ұзамай, Назарбаевтың Қонаевқа қарсы сөйлегенінің шынайы себептерін де білдім. Мәскеу Қонаевты тезірек зейнетке жібергісі келген және Кремльдегі әртүрлі күштер Назарбаевты, Әуелбековті және өзгелерді қолдай бастаған екен. Бұл туралы маған сәл кейінірек Михаил Горбачевтің көмекшісі Владимир Милосердов айтты.

Егер Мәскеу мақұлдамаса, республиканың бірінші жетекшісіне қарсы сын айтуға Назарбаевтың батылының жете қоюы неғайбыл еді.

Қонаев орнын өз еркімен босатар ма еді? Оған сөз жоқ, өйткені ол ақымақ адам емес еді. Зейнетке шығар кез жеткенін жақсы түсінді. Алайда, ол қызметтен лайықты түрде жөнімен кетуді қалады, бірақ оған ондай мүмкіндік бермеді.

Ал жалпы алғанда, сол кездегі Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Еркін Әуелбеков Мәскеудің және Қонаевтың қолдауына ие болғанда, Қазақстан үшін бұл өте тиімді вариант болар еді. Әуелбеков мығым шаруагер, қарымды ұйымдастырушы және адал адам болатын. Алайда, оның мүмкіндігі аз болды, өйткені ол сұңғыла айлакер емес-тін және мансапқор болған жоқ, сондай-ақ Назарбаев та оған кір келтіруге тырысып бақты.

– Егер сол кезде Дінмұхамед Қонаевқа қарсы сөйлемеген жағдайда, Нұрсұлтан Назарбаевтың уақыт өте келе бәрібір республикадағы бірінші адам болатынына сенуіне болар ма еді?

– Айту қиын. Ол кезде жағдай тез өзгеретін. Жылдың соңында Желтоқсан оқиғасы басталып, билікке Колбин келді және осылардың бәрін Назарбаев тиімді пайдаланды. Ол Қонаевқа қарсы шықпағанда өзінің мүмкіндігін жіберіп алуы да ықтимал еді. Қонаевқа қарсы шығу арқылы ол Кремльдің алдында ұпайын көбейтіп алды.

Жеке басының пайдасы тұрғысынан алғанда Назарбаев дұрыс әрекет етті. Бұл оның қолынан келеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде қандай ұпай жинағаны – келесі әңгімемізге арқау болмақ.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Атырау ұлы Қайдан: Атырау
22.06.2009 08:17
+0 / -0
Әрине тарихты кері жасай алмайсың, бүгінде ең маңызы тарихи тұрғыдан сол кездегі оқиғаға дұрыс баға беру, ол еліміздің болашағына дұрыс жол ашары сөзсіз. сол тарихшыларды да көре алмай жүрміз. әрине сол кездегі студент маған бұл кісіден көп үміт күттік. уақыт өте келе ол үмітіміздің ақталмайтына көзім жетті. елдің қазіргі күйіне бұл кісінің бойындағы жағымсыз істер көп кеселін тигізгені сөзссіз. содан келіп 20 жыл өткеннен кейін де енді кім болады деген сұрақ алдымыздан кесе көлденен тұр. ендігісі осы таңдауды кім жасайды, тағы сол сарай төңірегіндегілердің тартысы шеше ме? Қалай болғанда да бұрынғы партократтардың заманы өтті... Еліміз келесі басшысынан жаңылмаса екенген үмітті арақалаудамын....

Кімнен: Қарапайым қазақ Қайдан: Астана
22.06.2009 11:22
+0 / -0
НАН адамгершіліктен аттамайақ Қонаевтың Москваға өз орнына ұсынуын сұрағаны дұрыс болған болар еді.Әкесіндей жақсылық жасаған адамды қанша миллион адамның алдында масқаралау ол адами қаситтен жұрдай адамдарғана ылайықты қасиет.Ондай адамға бүкіл халықты сеніп тапсыру сол кездегі ел басында отырған азаматтарға сын. Ол ешқандай ұпай жинау емес арсыздық.Ол ақылды болса таққа келудің басқа жолын қарасытыру қажет еді.

Кімнен: Сұңқар Қайдан: астана
22.06.2009 13:46
+0 / -0
істің басында да, қасында да балмаған адам үшін сіздің осы жолғы әңгімеңіз Назарбаевтің жеке басының немесе халықтың қамы үшін деп басқан қадамынан айта қойарлық адамгершіздік нышаны байқалып тұрмағанын аңғартады. Қонаевтанда үлкен адамның барын ескерсек, Назарбаевтің зейнетке шыққалы отырған ұстазының кемшіліктерін көрсете салу қателік емес қайта өлөлгенше орнына отырсын деген жоғары бидік жағымпаздарыныкі жеке басының қамын ойлау болып тұрған жақпа. осындай ойға келе отырып жоғары билікке, мінбеден сын айта алған Назарбаевті сол заманның батыры демей көр! кейінгі 20 жыл ішінде мінбеде тұрып билікке ашық сын айтқан адам болды ма? сын айтушылар көбіне тек орнынан айрылып өкпелегендер болып келеді. бір өкінерлігі Назарбаевтың ұстазының қателіктерін қайталау мүмкіндігінің артып келе жатқандығы. жаста жалынды батыр Назарбаев 20 жылдан соң бінбеден үлкен Назарбаевқа сын айтып шыға аларма!?...

Кімнен: дулат Қайдан: астана
22.06.2009 14:55
+0 / -0
Тағдыр бұл адамға ұлттың тарихында сонау Күлтегіннен бастап, Жәнібек пен Керей, әз-Тәуке, Абылай секілді есімі алтын әріптермен жазылып, мәңгі ардақталатын адам ретінде қалуға тамаша мүмкіндік берді. Амал нешік! Үлкен үмітпен басталған істі аяғына жеткізудің орнына, жеке бастың дүниеқоңыздығы мен билікке деген ашкөзділікке салынып, кім көрінгенге күлкі, мазақ болған бүгінгі кейіпті өзі таңдады. Өткен жылдарда қазақтың небір жақсы-жайсаң жігіттерін тәрбиелеп, ұлттың мүдессіне баптап қосудың орнына жер-көктегі ұры-қарыны маңайына топырлатып жиып алды, ал адалдық жібінен аттауға көнбегендерді маңынан аластап, қуғын-сүргінге салды. Тәуелсіздікті халықтың сан ғасырлық аңсаған арманы деп емес, билікті жеке-дара иемденіп, ешкімге есеп бермей, бәрін бір өзі билеп-төстейтін мүмкіндік деп қабылдады, сол үшін небір лас, жиіркенішті іс-әрекеттерге барды. Өз басым оның жұмысына осылай баға беремін.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
22.06.2009 16:58
+0 / -0
Енді Нұрекең орнынан у-шусыз қарапайым кету жағын пландауы дұрыс болар. Ал Қазақ жеріндегі былық-шылық сонау Қараш*Қараш роман каритинасындағыдай өзінің ішкі заңдылығымен өрби бермек. Тек Картинаның жалғасы сәтті болғай....Бұл заман да барымтаның заманы болып тұр ғой...

Кімнен: Әлімұлы Қайдан: Қызылорда
22.06.2009 19:19
+0 / -0
Қазақтар әлі шыдаңдар, НАН өздігімен тақтан кетпейді.

Кімнен: Әлімұлы Қайдан: Қызылорда
22.06.2009 19:20
+0 / -0
Қазақтар әл шыдаңдар, НАН өздігімен тақтан бас тартпайды

Кімнен: Тілші
22.06.2009 20:45
+0 / -0
НАН - қасиетті сөз, сондықтан Назарбаевтың аббревиатурасын орысша қалыпқа салмай, қазақша НӘН деңдер.

Кімнен: тілші емес
22.06.2009 20:59
+0 / -0
НӘН-көке деу керек, ал негізі, Роза БАғланова апамыз айтпақшы, "Ақ Патсам!" деген жөн

Кімнен: кемел Қайдан: шымкент
22.06.2009 21:52
+0 / -0
жақында оның көзін құрттындарда шығады. Ең жаманы сол. Оған барғызбастан, елді тастап кеткені дұрыс шығар, өз еркімен босатса, оны мәңгілікке соттайды

Кімнен: Басыауырган Қайдан: Масхана
23.06.2009 16:45
+0 / -0
Жасасын ел басы. Жасасын "Нур Отан"

Кімнен: Нұрсұлтан Қайдан: Астана
24.06.2009 11:01
+0 / -0
Мен де мәңгілік емеспін, беремін сендерге тақты, көрермін жетіскендеріңді. Бірақ, тасада тұрып тас атпаңдар, жігіт болсаң жетіп кел! Мен кеткенде бала-шағама тиіспеңдер, олардың не кінәсі бар. Құдай қаласа ТЖА-ға тақты беремін, сонда менімен жылап көрісесіңдер.

Кімнен: Албан Қайдан: Алматы
24.06.2009 19:24
+0 / -0
НӘН қасына өңкей НИ, СИ дегендерді жинап алып қазақты мүлде ойламайтын болды.Ел қамын ойлайтын, басқара алатын адамдардың бәрін құртып бітті.Тек жанында жағымпаз,мансапқұмар өзі сиқты адамдар қалды.Кейін шындықтың бәрі ашылғанда осылар өз ұрпақтарының қалай ұялатынын неге ойламайды екен.

Кімнен: НӘН Қайдан: Астана
25.06.2009 10:18
+0 / -0
Осындай кезде подлиза,қорқақ Нұржолдың үні шықпай қалады!Мені қорғап,жағымпазданып жүр әр қашан!

Кімнен: Айша хажы Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
26.06.2009 22:21
+0 / -0
АҚСАРБАС
18.11.1999

Биссмилляһир раһманир раһим!

Бір Алланың атымен
Бастап сөзді сөйлесем,
Астанада ақ Мешіт,
Аңсадым сені көрмесем...
Қадір түнде ашылған,
Бақ есігі Алланың,
Күміс шашу шашылған,
Мейіріндей Қағбаның!
Лә илаһа илаллаһ,
Мұхаммад Расулаллаһ!

Қадір түннен намаз кілт,
Жүрегімді емдеген,
Сыннан өттім не түрлі,
Түсімде де көрмеген!
Айша деп атым қойылды,
Кесел біткен жойылды,
Мешіттен тауып шипаны,
Түзеттім енді бойымды!
Лә илаһа илаллаһ,
Мұхаммад Расулаллаһ!

Ақсарбасты атадым,
Құдіретті Тәңірге,
Киесі кемел батаның,
Бас идірген әмірге!
Сол аталған ақсарбас,
Шалмақпын жұма Мешітте,
Ризасы Алланың,
Келе гөр Елге, кешікпе!
Лә илаһа илаллаһ,
Мұхаммад Расулаллаһ!

Қызырлы қызыл жолбарыс,
Қызыл «Мазда» машина,
Бабалардың батасы
Берілген адам жаси ма?!
Қалдырып жолда көрмеді,
Зейнетін Алла бергені,
Қызыққа міндім жарқылдап,
Тойларды тойлап елдегі.
Лә илаһа илаллаһ,
Мұхаммад Расулаллаһ!

Ұрласа ұры үш күнде,
Қайтарып кері әкелді,
Жеті рет қалды бұйрықпен,
Азаншы Қазбек ал енді!
Бір қойға басын баладым,
Ақсарбасым ғып шал енді!
Елбасым, Елім аман боп,
Нұрланта берсін әлемді!
Лә илаһа илаллаһ
Мұхаммад Расулаллаһ.

Кімнен: Айша хажы Әбішкеліні Қайдан: Астана. Казақстан.
26.06.2009 22:51
+0 / -0
Биссмиллаһир раһманир раһим!

Қалықтаған алтын қыран көгінде,
Астананың ғажайыбын көрдің бе?!
Елордаға мәңгі ғашық болғаным
Құдіретті Елбасы бар төрінде!

Арайлана дала, қала нұрлары,
Көңілден мұң, жанардан жас құрғады!
Қасірет пен азап кетіп кеудеден,
Сеңді бұзды алау жастық жырлары!

Ертегідей қала күнде өседі,
Мәрмәр тастан гүлзарларын төседі!
Тәтті үміт пен жанға шуақ сыйлаған,
Қара Қазақ тұңғыш туған Көсемі!

Көк күмбезге көк байрақты қадаған,
Әлем оның жолына көп қараған!
Қандай бақыт Қазақ болып туғаным,
Нұрға оранып Елбасыдан тараған!

Жүректерге сенім ұшқын тастаған,
Адамзатты биіктерге бастаған.
Ырыс пен Бақ маңдай термен сомдатып,
Іңкәр еттің мені өзіңе, Астанам!