Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 22:27

БАСПАСӨЗ ШОЛУЫ

Инвесторлар Қазақстандағы билік мұрагерінің анықталмағандығына алаңдап отыр

Саяси элита арасындағы президент мұрагеріне байланысты күрестің өршуі мен шетелдік компанияларға қатысты үкіметтің талапты күшейтіп, қатаң саясат ұстануы елдегі шетел инвесторларын алаңдатып отыр. Мұның ақыры немен аяқталары әзірге белгісіз.

«Қазақ елі» сәулет-мүсін кешенінде қолын Конституцияға қойып тұрған президент Нұрсұлтан Назарбаев кескінделген. Астана, 15 желтоқсан 2009 жыл.
x
«Қазақ елі» сәулет-мүсін кешенінде қолын Конституцияға қойып тұрған президент Нұрсұлтан Назарбаев кескінделген. Астана, 15 желтоқсан 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

БИЛІК БАСЫНА ЖАҢА АДАМДАР КЕЛЕРІ СӨЗСІЗ

Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі мұнай экспорттаушы әрі әлемдегі ең ірі уран экспорттаушы ел болып табылады, деп жазады «Рейтер» агенттігі. Осы елдің аумағында соңғы 40 жыл ішінде әлемдегі ең бай мұнай қоры жатыр. 1991 жылы Совет Одағы ыдырағаннан кейін өзінің тарихи тәуелсіздігін қалпына келтіргеннен соң, бүгінге дейін Қазақстан экономикасына 100 миллиард доллардан астам шетел инвестициясы тартылып отыр. Тек 2010 жылдың өзінде ғана қосымша 10 миллиард доллардан астам тіке шетел инвестициясы салынады деп болжам жасалып отыр.

Сонда да, елдің қазіргі қарт басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кеткен соң орнына кім келетіні туралы сауалға әлі күнге дейін жауаптың болмауы шетелдік инвесторлардың басын қатырып жатыр. Он алты миллион тұрғынға ие Қазақстан үкіметінің мұнай мен газ саласындағы өз рөлін арттыруға бағытталған қадамдары бұл елде жұмыс істеп жатқан аталған шетелдік инвесторларды қатты алаңдатады. Төменде бүгінгі күні Қазақстан аумағында орын алып отырған ықтимал қатерлердің тізімі келтіріледі.

БИЛІК МҰРАГЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АМАНАТ 

Биыл жетпіс жасты еңсеретін президент Нұрсұлтан Назарбаев елге жиырма бір жылдан бері басшылық етіп келеді. Оның қазіргі билік ету өкілеттігінің мерзімі 2012 жылы бітеді. Алайда, ел Конституциясына 2007 жылы оның өз партиясы тарабынан енгізілген өзгерістерге сай, президенттікке қанша мәрте қайта сайланамын десе де Назарбаевтың өз еркі. Нұрсұлтан Назарбаев әлі күнге дейін президент тағының мұрагері кім болатынын жарияламай отыр. Сарапшылардың айтуынша, осы мәселе Қазақстандағы ұзақмерзімді ең ірі әлеуетті қатер болып табылады.

Маусымның он бесінші жұлдызында парламент қабылдаған заң бойынша Нұрсұлтан Назарбаев «елбасы» деп жарияланды. Аталған заң баптарына сай, ол өзі биліктен кетсе де, үкіметтің саясатын қалыптастыру құқығына ие болып қала береді әрі оны еш сот қудалай алмайтын болады, деп атап көрсетеді «Рейтер».

Сарапшылар заңның қабылдануын былай бағалайды: бұл Нұрсұлтан Назарбаев биліктен біртіндеп кетуге даярланып, өзінің тілін алатын тақ мұрагеріне билікті табыстап кетуді қамтамасыз ету үшін қолданылған шара болуы мүмкін.

Бұл ретте мынандай мәселеге көңіл аударған жөн:

– Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы. Президент әлі тың тәрізді, ел алдында жиі бой көрсетіп тұрады. Оның ұзақ уақыт бойы көрінбей кетуі не мемлекеттік телеарнада сирегірек көрінуі, мүдделі топтар арасында алаңдау туғызуы әбден мүмкін.

– Сайлау науқаны. Егер Назарбаев келесі сайлау кезінде өз мұрагеріне тағын беріп кетуге шешім қабылдаса, ондай үміткер ресми түрде Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» партиясы тарапынан тағайындалуы тиіс.

Ықтимал үміткер қатарына келесі адамдар енеді: Астана қаласының әкімі – Иманғали Тасмағамбетов; Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы – Тимур Кұлыбаев; премьер-министр – Кәрім Мәсімов;  «Самұрық–Қазына» ұлттық әл-әуқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов.

ЭЛИТАЛАР ТЕКЕ-ТІРЕСІ

Елдің кәрі басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа ықпал жүргізу үшін оның туыстары мен одақтастары жетекшілік ететін бірнеше топ бәсекелесе бақ таластырып жүр. Билеуші топтарға мүше болған кей адамдар Нұрсұлтан Назарбаевпен бет жыртысқан соң  Қазақстаннан кетті. Бұл жайттар үкімет мүшелерінің ауысуы, ел экономикасындағы ірі актив иелерінің өзгеруі мен аздаған уақытқа ғана созылған саяси тұрақсыздыққа алып келіп отырды.

Осындай бір жайт барысында, Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев елден қашып кетіп, президенті билікті заңсыз басып алды деп айыптады. Ал оның өзіне елдегі құқық қорғау орындары тарапынан жергілікті банкирлерді ұрлап кетті және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген айып тағылды.

Тағы бір осындай жайт барысында, «Қазатомөнеркәсіп» мемлекеттік компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев жемқорлыққа жол беріп, ұрлық жасады, активтерді шетелдік компанияларға заңсыз сатты деп айыпталып, биылғы наурыз айында сот үкімі бойынша он төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айрылған болатын. Мұхтар Жәкішев тағылған айыпты мойындамады.

Ол «Қазатомөнеркәсіп» пен бірқатар ірі шетелдік компаниялар арасында серіктестік орнатып, осының нәтижесінде Қазақстандағы уран өнеркәсібін аяғынан тік тұрғызуымен аты әйгілі болған еді. Қазақстан уран кенінің қоры бойынша әлемде Аустралиядан кейін екінші орын алады.

Бұл ретте мынандай жайға көңіл аударған жөн:

– Билік жүйесінде белді қызмет атқарып келген адамдарға жемқорлық жасады деп айып тағып, оларды қудалау жайттары. Сарапшылардың айтуынша, мұндай әдіс ел ішіндегі саяси тартыстың жалпы құралына айналып отыр. Осындай қылмыс жасады деп айып тағу не аталған қылмыс жасады деген айып негізінде сот алдында жауапқа тарту процестері Нұрсұлтан Назарбаевтың маңындағы билеуші топтың ішінде жүргендердің қайсысының басынан бақ тайғанынан хабардар етеді.

– Үкімет мүшелерінің ауысуы белгілі бір элиталық топ тұғырының әлсіреп, ал қалған осындай топтар тұғырының нығайғанының нышаны болып саналады.

РӘСУАНЫ СЫЛТАУ ҚЫЛҒАН ҰЛТШЫЛДЫҚ РЕСУРСЫ 

Қазақстан үкіметі соңғы жылдар ішінде ел экономикасының энергетика секторындағы өз рөлін күшейту үшін бірқатар қадамдар жасады. Бұл үшін үкімет елдегі қазба байлықты өндіру жөніндегі ең ірі жобалардағы өз үлесін арттырды. Аталған жобаларға шетелдік ірі фирмалар басшылық етеді. Ондағы үлестерді иемдену әдетте үкіметтің аталған шетелдік компанияларға экология нормаларын бұзды, салық төлеуден жалтарды немесе өздері қол қойған келісімнің шартын бұзды деген айып тағылған соң іс жүзіне асырылып отырды.

Осындай ең соңғы жайттың бірінде, үкімет Қарашығанақ кенін игеріп жатқан консорциумның он пайыздық үлесін иемденбек ниеті бар екендігін жария етті. Аталған кеніш аумағында елдегі қоры бойынша ең бай табиғи газдың кені жатыр. Онда мұнай да өндіріледі. Үкімет аталған консорциумға салық төлеуден жалтарды деп кінә тақты.

Бұл ретте мынадай жайға көңіл аударған жөн:

– Қарашығанақ дауы қалай шешіледі.

– Заңнамадағы өзгерістер. Кен өндіруші индустрия саласына бақылауды күшейтуді мақсат еткен қадамдар үкіметтің экономиканың басқа да секторларына бақылау жүргізсем деген ынтасының өсіп келе жатқанының нышаны болып есептеледі. Яғни, үкімет стратегиялық мұнай және газ өндіру секторларынан тыс салаларда да өз рөлін арттыруға мүдделі болуы әбден мүмкін.

КӨРШІ ЕЛДЕГІ ЖАНЖАЛДЫҢ САЛДАРЫ

Өзбекстан не Қырғызстан тәрізді көршілес елдегі жанжал Қазақстанның оңтүстік аймағындағы ел тыныштығын бұзуы мүмкін. Қырғызстандағы сәуірдің жетінші жұлдызында болған төңкерістен соң, Қазақстан шекарасын жауып тастады.

Шекараны бұлайша жауып тастау Қазақстан экономикасына соншалықты бір теріс әсер ете алмайды. Себебі, ел экономикасының арқауын Ресей, Батыс елдері мен Қытай нарығына мұнай мен металл экспорттау құрап отыр. Дегенмен, аталған тыйым нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық тұтынатын тауарлардың халықаралық саудасына аздаған мөлшерде зиян келуі ықтимал.

Бұл ретте мынандай жайға көңіл аударған жөн:

– Қырғызстандағы ахуал. Маусымның жиырма жетінші жұлдызында бұрынғы сыртқы істер министрі Роза Отынбаева жетекшілік ететін Уақытша үкімет Қырғызстанда парламенттік демократия қалыптастыруға кепілдік беретін мандат алуға қол жеткізді. Алайда, басқалар тәрізді, Ресей де кедейшілік пен тұрақсыздық жайлаған елді тұрақтандыруда бұның қаншалықты сәтті бола алатынына көзін жеткізе алмай алаңдап отыр.  Ресейдің қорқынышы биліктің әлсіз тұсін радикалды исламшыл топтар пайдаланып кетіп жүрмесін дегенге келіп саяды. Әсіресе, мүдделі шетелдік мемлекеттерді Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан шекарасының түйісетін жерінде жатқан, тынышсыз Ферғана аңғарындағы ахуал қатты алаңдатады.

– Өзбекстандағы оқиғалар. Өзбекстан басшысы Ислам Каримов, Нұрсұлтан Назарбаев тәрізді, 1989 жылдан бері билік басында отыр. Ислам Каримов әлі күнге дейін өзінің мұрагері кім болатынына қатысты шешім қабылдамады. Қазақстандікінен халқы көп болса да, Өзбекстан әлдеқайда кедей және нашар дамыған ел болып саналады. Бұл жайт өзбек қоғамы ішіндегі ахуалды шиеленістіре түседі.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қазақ456 Қайдан: Өскемен
07.07.2010 16:12
+0 / -0
Менің ойымша, Әлихан Бәйменов немесе Иманғали Тасмағанбетовтың біреуі билікке келер....

Кімнен: Адай Қайдан: Актау
07.07.2010 18:17
+0 / -0
+менiн ойымша Жармухан Туякбай болады тан калсанда ,калмасанда солай!бурыннан ойластырып койылган.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.07.2010 23:16
+0 / -0
Келесі президент Иманғали болады. Егер ол болмай, билікке НАН-ның қасында жүрген басқа адамдардың бірі келсе, елді, жерді, тілді сатып жібереді. Елде соғыс болады. Сондықтан да Иманғали билікке келсін деп тілейік, қазақтар!

Кімнен: Жаяу Мұса
08.07.2010 11:42
+0 / -0
Ахау, сиса - көмір-темір-мұнайым...

Шет елдік инвесторларды алаңдататын басты сұрақ "инвестицияның қайтарылымы" жөнінде емес. Қазақстанға қандай басшы келсе де, ол инвестицияның қайтарылымына кедергі келтірмейді. Халықаралық міндеттемелерін орындайды.
Оларды толқытып отырған мәселе басқа: осыған дейін Қазақстан үшін өте тиімсіз, ал "инвестор" үшін ағыл-тегіл, әлемдегі ең арзан, экологиялық талап тұрғысынан әлсіз байлық көзіне жол ашып берген шарттардың тағдырына алаңдайды. Соның ішінде СРП (совместный раздел продукций) деген бар. Ол бойынша Қазақстан қазба байлығы таусыларға шақ қалғанда, немесе шикізіат көзін өндірудің өзіндік құны тым жоғарылап, пайда еселеп азайғанда ғана өнімнен түскен пайдадағы өз үлесін арттыра алады екен. Ал ол уақытты шетелдік инвестициялық компаниялар әдейілеп 30-40-50 жылдарға созып тастаған. Қазір олар Құмкөл сияқты жерлерден өзінен-өзі атқылаған мұнайдың бар қызығын көріп жатыр. Сондықтан олар Қазақстанның жаңа билігі барлық мұнайлы араб елдерінен үлгі алып, өндірілген қазба байлықтың 70 пайызын иемдене ме деп қауіптенеді. Қазақстан қазіргі Президент кезінде-ақ ол шарттардың көпшілігін қайта қарай бастады. Және де, қазір бұрынғыдай емес, шетелдіктердің жоғары лауазымды шенеуніктермен астыртын келісуі арқылы табысты кен орындарына ие болатын заманы да біртіндеп келмеске кетіп барады. Ол да, әрине, қазақстандық бизнестегі коррупциялық элементтерге "бойы үйреніп" қалған шетел инвесторларын алаңдатпай қоймайды. Бірақ, қазба байлықтың егесі мемлекет (халық деп ұғыңыз) болғанына қарамастан, ол байлықтың мемлекетіміздің мүддесіне толық қуатымен жұмыс істеу үшін Қазақстан әлі де талай қыспақтан өтетін болады. Бәрі де кезінде бақылаусыз кеткен тіршіліктің арқасы...

Кімнен: жасұлан Қайдан: шымкент
08.07.2010 13:09
+0 / -0
Timurdan basqa adamdy kormedim

Кімнен: Аңқау, ауылдың қазағы
08.07.2010 13:18
+0 / -0
"Бәрі де кезінде бақылаусыз кеткен тіршіліктің арқасы... "
Жаяу Мұса, меніңше, ешқандай да бақылаусыз кеткен тіршілік болған жоқ. Ең алғаш купон таратылып инвестфондылар құрыла бастағанда мұның көз алдау екенін, бізден бұрын Чехияда ма, әлде Польшада ма қолданылып еш нәтиже бермегенін білетін жігіттер айтып жүрді. Мұны, әрине, билік басындағылар білді. Соған қарамастан осы системаны қолданды. Оның себебі артынан белгілі болды - бүкіл Қазақстанның ірі кәсіпорындарының қожайыны бір семья болып шыға келді. Енді осы байлықты қалай қорғап қалу керек - қазақ халқына жаны ашуға тиіс адамның 20 жыл бойына күндіз күлкісін, түнде ұйқысын қашырып жүрген негізгі ой-арманы осы сияқты. Осы соңғы шыққан заң - сол байлықты еш кедергісіз шетелге асырып жіберуге, сонсоң оны елге қайтармауға арналған заң емес пе екен? Ертеңгі күні шетелдік соттар "Конституцияңда жазылған, қазақ парламенті ресми қабылдаған Заңдарың бар, енді бізге не қыл дейсің, Швейцариядағы вилланы Қазақ үкіметіне қайтара алмаймыз" - десе не бетімізді айтамыз? Өз үйін өзі тонаған, өз анасын сатқан, өз әкесін арбаға байлап қойып сабағанның қасында жүргендердің ертеңгі күні сол көргендерін істемейтіндігіне қандай кепілдік бар? Бір кезде әкесі армандап "Иманбірдеңе" деп қойған екен атын, сол иманнан бірдеңе қалды ма екен бұл күнде? "Темір" деген тәп-тәуір қазақша есімді бұрмалап алғаннан не жақсылық күтуге болады? Каръера үшін ұлтын өзгертіп жазып жүргенге қалай сенуге болады? Азғантай билік үшін бірге жүрген досын сатқанды не дейміз? Жап-жақсы бастап артынан жүн жеп, жабағы тышып кеткеннен не үміт күтеміз?
Пікір алмасу

Кімнен: Жаяу Мұса
11.07.2010 11:58
+0 / -0
Ауылдық қазағым, әрине, ауылды күйрету барлық байлықты талап алу жоспарының аясында өткені белгілі. Сол кезде колхоз-совхозды, зауыттарды 20 жыл басқарған басшыларға акцияның 40 пайызы тиесілі дегендей үкіметтің (Терещенко үкіметінің) қаулысы да шықты. Сөйтіп, 20 жыл емес, 2 жыл басқармаған директорлардың өздері 40 пайызды емес, одан да көп дүниені ұжымдардан тартып алды. Ауыл ұжымдары мен зауыт ұжымдарының құқын қорғайтын органдар да аласапыран кезде халықтың талабын аяқасты етті. Шаруа сыбайластықпен жүзеге асты. Рэкет те сол кезде өршіді. Бұл хаос, әлгі мен айтып отырған "берекетсіз тіршілікті" орнатты. Иә, берекетсіз тіршілік, немесе, хаос билікті басып алғандар үшін ауадай қажет болды. Алдымен хаосты орнатып, артынан үлкен параға қазақ елінің қазба және т.б. байлығын үлестіру басталды. Хаос ауыл қашарын сату үшін емес, сол кен орындарын үлестіруден табатын "көлденең табыс" (ал олар енді миллиондар мен миллиардтар) үшін қажет еді. Ірі шенеуніктер де әрқайсысы өз үлестерін алып қалуға жанталасты. Ұлттық мүдденің болашағы ешкімді ойландырмады. Сол қарқынмен жүріп отырып, енді, байқаса, мемлекеттің бар байлығын үлестіріп алыппыз. Енді, ол - стратегиялық маңызы бар байлықты қалай қайтарудың амалын таба алмай соны өз қолымен жасағандар шырқ айналуда. Ол кезде оны ұға қоймаған халық та енді ол туралы көптеп айта бастады. Әйтсе де, қазіргі билікке халықтың жағдайы емес, сол қателігінің арқасында "өз үйінің қожасы" деген статусынан ажырап қалғаны қатты батуда. Сөзі өтпей қалды ешкімге. ТрансҰлттықКомпаниялардың ықпалы басым болып кетті. Енді солар айтқанына көндіріп, айдауына жүргізе бастады. Олар "берсең - аласың, бермесең - қаласың" дегендей қыспаққа көшті. Ал біздің билікте олардың (мысалы: Машкеевичтің делік) айтқанына көнбестей шама жоқ. Сондықтан осындай тірлікті "өз үстемдігін қолдан беруді алдын ала жоспарланған іс" деуден гөрі, "байлықтың артынан ессіз шабамыз деп өзінің қожайындығынан қалай ажырап қалғанын білмеген берекетсіздік" деп атаса - тура болады. Ал, халық әлі де көп нәрсені ұға алмауда. Себебі, мұның бәрі қазір де жасырын түрде өтуде...

Кімнен: Ерсары Қайдан: Атырау
08.07.2010 13:46
+0 / -0
Имангали, Тимур, Карим, т.б. бос арман ғой. Алайда, олардың ел башылығына келмегендігі жөн еді. Олар келер болса, өздерінің ұстазынан артып, халыққа кандай жақсы шара жасар дейсің. паХАНның тақтан кетуі кету мұмкен емес. Олай болар себебі, оның тәрбие ортасы коммунистер, өз тақтарынан тек бірғана жағдайда, молаға қарай кеткен.
Бұл тұжырымға дәлел, өзінің "сендер мені тақтан, тек аяғыммен алға шығара аласыңыздар" деген сөзі болады. Сондықтан Қазахстанда жақын аралықта өзгеріс болар деген болжам бекер. Шет ел инвесторларының толқуы, оларға қарсы үкімет деңгейінде ұйымдастырылған рейдерства ғой.

Кімнен: Айдос Қайдан: Алматы
08.07.2010 19:49
+0 / -0
"Инвесторлар Қазақстандағы билік мұрагерінің анықталмағандығына алаңдап отыр "
Дұрысы: "Инвесторлар Қазақстандағы билік мұрагерінің анықталмағандықтан, әркімге пара бергіміз келмейді, тек бір адамға беруіміз керек деп алаңдап отыр "

Кімнен: Керей Қайдан: Алматы
13.07.2010 15:42
+0 / -0
Егер ел басына осы айтқандардың бірі келсе,онда "проза рудағы Ақтан өкіштің"мангуртстан"заманы келеді де,екі аяқтарыңды бір етікке тығады.Сондықтан Алладан иманы бар есті адам тілеңдер.