Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:02

МӘДЕНИЕТ

Қазақстанда орыс тілінің болашағы бар ма?

Қазақстандағы орыс ұлтының мүддесін көздейтін бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері орыс тілінің болашағына алаңдаулы. Олардың пікірінше, орыс тілі – Қазақстан және Ресей халықтары интеграциясының факторы ретінде қоғамдағы рөлін жоймауы тиіс.

Қазақстандағы мемлекеттік тілді қолдауға арналған митинг. Алматы, 21 қыркүйек 2008 ж.
x
Қазақстандағы мемлекеттік тілді қолдауға арналған митинг. Алматы, 21 қыркүйек 2008 ж.
Мәтін көлемі - +
Қазақстан Республикасында білім мен мәдениетті дамытудың «Светоч» православтық қайырымдылық қоғамының директоры Алексей Лобановтың айтуынша, қазіргі таңда қоғамда орыс тілі ықпалының бәсеңдеу үрдісі байқалады.

- Біз орыс тілінен біртіндеп айрылып барамыз, әсіресе, аймақтарда. Ал енді оның орнын қазақ тілі басып жатыр деп те айта алмас едім. Қазір мектептерде орыс тілін оқыту сабақтары екі есеге қысқартылып, қазақ тіліне бөлінген сағаттар көбейді. Бірақ, осындай жүйе қаншалықты тиімді? Орыс тілінде бітіріп шыққан оқушыларымыздың да таза сөйлеп жүргені шамалы. Орыс тілі зардап шегіп жатыр, - деді Алексей Лобанов.

Оның пікірінше, қоғамда тілдердің де тепе-теңдігі сақталуы тиіс. Орыс тілін құрбандыққа шалу арқылы мемлекеттік тілді дамытуға болмайды, дейді Лобанов. Ал, Қазақстандағы орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев болса орыс тілінің жылдан-жылға шұбарланып бара жатқандығына алаңдаулы. 

- Балалар таза орыс тілін жетік білмейді. Әсіресе, соңғы бес жылдағы мектеп бітірушілер бұл жағынан сауатсыздау деп айтуға болады. Ауызекі тілде сөйлеу бір басқа да, таза сөйлеудің жөні бөлек. Қазір тілдің сұлулығын бұзатын «паразит» сөздер көбейіп кетті. Айта кетерлік жайт, жалпы тіл мамандары ТМД аумағында таза орыс тілі дәл Қазақстанда сақталған деп біледі, - деді Всеволод Лукашев.

Саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов тіл мәселесін саяси ойынға айналдыруға болмайтындығын ескертеді. Оның пікірінше, орыс тілі дамымай жатыр деп Ресейге шағымданудың да жөні жоқ.

- Қазақстандағы орыс тілінің мәселесі Қазақстанда шешілгендігін қалар едім. Ұлтшыл ұрандармен байбалам салып жүретін кейбір кісілерді түсінбеймін. Өйткені, тілді жоғалту арқылы ғасырлар бойы жинаған қазынадан айрылып қалуымыз мүмкін, - деді Нұрлан Ерімбетов.

Саясаттанушы Айдос Сарымның болжамына қарағанда, болашақта Қазақстанда қазақ тілі толық үстемдік құрады. Ал орыс тілі болса қытай және ағылшын тілдеріне еріксіз жол беруі мүмкін.

- Алдағы 40-50 жылдың көлемінде территориясы жағынан әлемдегі тоғызыншы мемлекетте қазақ тілі басымдыққа ие болады. Орыстардың және орыс тілді халықтардың санының кемуі орыс тілінің ғана емес, орыс тілді ақпарат құралдарының, театр мен телеарналардың азаюына әкеп соғады. Бұл жерде ешкімге ренжудің қажеті жоқ. Шынайы демографиялық процестер осыны көрсетіп отыр, - деді Айдос Сарым.

Ресми мәлімет бойынша, қазіргі күні 15 миллионнан астам тұрғыны бар Қазақстанның 80 пайызы орыс тілінде сөйлейді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Musulman Kazakh Қайдан: Otarly Otan
19.12.2008 21:27
+0 / -0
Men ana Алексей Лобанов jane Всеволод Лукашев degen myrzalardyng aityp otyrghan sozine tang kalyp otyrmyn.Jer sharynda Receiden kalsa, orys tilin tobesine koterip otyrghan ekinshi el Kazakhstan bolyp otyr.Kazakh elinde orys tiline sonshama erkindik berilip ,million kazakh oryssha soilep otyr. Abyroi bolghanda orys tilin soileimiz dep kazakhtar oz tilin joighaly otyr.Besiktegi kazakh balasynyng tili oryssha shyghyp otyr.Bukil kazakh "әке-шеше","ата-ана" degen sozdi tastap, onyng ornyna oryssha "папа-мама" kuwana soilep jur.......Kazakhstanda Orys tili ushin "Koi ustinde boztorghai jumyrtkalaityndai"kengshilik berilip otyr. Osynshama shendykty korip otyryp,orys tilining zaryn zarlap otyrghany kalai sonda?! Olar neni oilap otyr ? Kazakh elinde Kazakh tili joghalsyn ba sonda? Bugha berseng,sugha bergisi bar-aw mynalardyng!

Кімнен: Kz Қайдан: Qytai
20.12.2008 00:08
+0 / -0
qazaqstannan kuter umit qalmadyma sonda! qazagymnyng qazyrgy kuyin oilasam zhuregime tiken kirgendei bolady, aita aita zhalygady ekensing, sonda ne istew kerek?

Кімнен: ағатай Қайдан: ақтөбе
20.12.2008 14:32
+0 / -0
Орыс тілінің қазақ жерінде кең таралуы қазақ азаматтарының орыспен қан араластырудан басталды.Әуезов,Жандосов,Серкебаев және басқа да атақты қазақтың жанұялары- қазақ емес! Қазақтан алыстаған өздерінше-өзге ұлт,не орыс емес,не қазақ емес, басқа жұрт қатарына қосылмайды!Қажеті жоқ ешкімге!

Кімнен: ағатай Қайдан: ақтөбе
20.12.2008 14:40
+0 / -0
Қазақ елінде 80пайыз орыс тілінде сөйлейтіні қып-қызыл өтірік! Не үшін жазғанынын біліп отырмын!

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
21.12.2008 10:49
+0 / -0
Айналып келгенде, өзіміздің момындығымыз, ендігі үміт қазіргі жас өрендер мен патриоттар, одан кейін елге қоныстанып жатқан қандастарымыздың қолында, ал "мәңгүрттерден" қайыр жоқ.
Сол үшін, елге сын айтқанша, етегімізді ақырындап жаба жүрейік..

Кімнен: Еркін Қайдан: Қытай
21.12.2008 15:48
+0 / -0
Біз қытайда 1,5милиюн қазақ турамыз,қазақстан ның мына тіл жағдайына қарағанда ,қытай өкіметі біз қытай қазаққа "айналайын қарғам" деп отыр екен, Біз қазақ ежелден елдың шетінде журеміз,1-ші; Елдің нашар әдет қурпын,салтын алдымен қабылдаймыз ,2-ші;Осы тіл жөнінде,Орысты батыста букіл ел деп көзге ілмейді,тіпті көрші Қытайда "Ыгуо Жу"деп көзге ілмейді,Жапония елін одан арғы шығыс елін айтпаяақ қойайық,Қазақстан дунйеге ел болып таныламыз десе,Офисал тілі Ағылшын тілі болған жөн, біз қытай қазағы 1983-жылы бір айда ғана Латын әрібінен Арап әрібіне көшіп өткеміз,Мына көрші Қытай солай істеп отыр,Бәрын айтқанда казакстандағы ұкімет басындағы кейбір тіл жөнін басқаратын ағалар мыйжоқ топас болып отыр,ел қамын ойламайтын,Нурекең ақсақалда казыр не мый қалды дейсіз?Нурекеңнің отбасындағы аурыуы өзіне жетеді!Біз шетте журген қазақтар қазақстанның тіл жағдайын көріп қатты намыстанамыз!Тіл жағын Буйтіп шеше алмай журсеңдер,қайта Ресейге қосылып жұре беріңдер!

Кімнен: Санжар Қайдан: Алматы
22.12.2008 19:10
+0 / -0
Негізі қазіргі жастар ағылшын тіліне жүйрек болып өсіп келеді. Орыс тілін мектеп бағдарламасынан жай

Кімнен: Санжар Қайдан: Алматы
22.12.2008 19:14
+0 / -0
Мектеп бағдарламасынан орыс тілін қысқартып, оның орнына жайлап қытай тілін енгізу керек шығар. Орыс тілін тіпті қысқартып тастаудың да қажеті жоқ. Көп тілді білген артық болмайды. мәселен біздегі ұйғырлар, өзбектер, және кейбір татарлар өз тілдерімен қатар қазақ және орыс тілдерін жетік біледі ғой. Соларға қарап қызығатыным жасырын емес)))

Кімнен: Мұсылман Қазақ Қайдан: Отарлы Отан
22.12.2008 23:48
+0 / -0
Еркін,Нұржол,Ағатай! Менде сіздердің пікірлеріңізге негізінен қосыламын. Әрқашан,кезгелген жерде,қазақ тіліне қауіп төндіруді мақсат еткен сандырақтарды шыққан жеріне қайтадан тығып жіберіп отырайық!
Меніңше қазақтың үш қабат сауыты болғанда ғана жаудың оғына ұшпайды.
Олар мыналар:
1.ИСЛАМ діні
2.Түркшілдік идеясы
3.Қазақ ұлтжандылық идеясы
Осылардың бірде бірі кем болса,Қазақ қазақ емес.Егер осылардың бірде бірі кем болса ,қазақ ол кезде не жылқы емес, не есек емес Қашыр болып қалады.Қашыр болса қалай болатынын көріп жүрсіздер ғой!Арамызда Қашырлар жеткілікті!Есекті емген құлын Қашыр болмай не болсын!?
Мұсылмандану,Түрктену,Осызамандану ___Міне бұл қазақтың бірден бір жолы.
Біздің идеялогиямыз да осы!
Дінсіз Маркс өз кезінде"Бүкіл дүнйе жүзі пролетарлары бірігіңдер!" деп жар салған.Ал мен оны былай өзгертіп тастар едім:"Бүкіл дүнйе жүзі түрктері бірігіңдер!" "Бүкіл дүнйе жүзі қазақтары бірігіңдер!" "Қазақтар ДІН ИСЛАМҒА қайтыңдар" "ҚАСЙЕТТІ ҚҰРАНДЫ сүйіп тұрып, осызамандану даму гүлдену жолынан мәңгі таймаңдар!"


Кімнен: Мақсат Қайдан: Бейжің -kz
28.12.2008 19:22
+0 / -0
Тыл жоғалса ел жоғалады !
үйатты бомаңыз дар басқа елдерден !