Келесі бағдарлама





Мультимедиа


 

Қазақстан

Сәт Тоқпақбаев «нәпсіқұмарлық дауына» қатысы жоғын тағы қайталады

Сәт Тоқпақбаев, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы.

03.02.2010
Талғат ДҮЙСЕНБЕК

ҰҚК парламент депутаты Сәт Тоқпақбаевтың ар-ожданына нұқсан келтірген бейнежазбаның ауторын таба алмады. Депутат «Голос Республики» газеті өзінен кешірім сұрайтын болды деп мәлімдесе, басылым редакциясы газеттен түсінік қана беретіндерін айтып отыр.


БЕЙНЕЖАЗБА АУТОРЫ ТАБЫЛМАДЫ

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Сәт Тоқпақбаев, сәрсенбі күні палатаның жалпы отырысында, Интернетте жарияланған бейнежазбаға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің зерттеу қортындысын оқып берді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, Қазақстан президенті күзет қызметінің бұрынғы басшысы, қазіргі парламент мүшесі 70 жастағы Тоқпақбаевтың ар-ожданына нұқсан келтіретін жанжалды тергеу ісі былтыр желтоқсанда депутаттың берген өтініші бойынша жүргізілді.

«Голос Республики» газеті, 2009 жылғы желтоқсанның 18-күнгі санында, Интернетте жарияланған әлгі бейнежазбада Сәт Тоқпақбаевқа ұқсайтын кісінің жас әйелмен төсектес болған сәті бейнеленгенін жазған еді.

Алайда қазақстандық арнайы қызмет жанжал туғызған бейнежазбаны әлемдік ғаламторға кім шығарғандығын анықтай алмапты.

«Аталған бейнефайл сайтта 2009 жылы 10-желтоқсанға дейін жарияланған, оның жеке сервері Нидерланды елінде тіркелген. Сайт толықтай жасырын және файлды салушы туралы ешқандай ақпарат берілмейді», – делінген ҰҚК-нің Сәт Тоқпақбаевқа берген жауабында.

Сондай-ақ, арнайы қызмет бейнежазбаны кім және қандай мақсатпен түсіргендігін де анықтай алмады.

«Сараптама бейнежазбаның әуесқой аппаратурамен түсірілгендігін анықтады, арнайы қызмет кәсіби аппаратураны пайдаланады. Бейнежазбаның сапасыздығы оның Қытайда жасалынған техникалық құралдың көмегімен түсірілгенін аңғартады.

Осының барлығы бейнежазба монтаждалған деген тұжырым жасауға негіз береді, бұған ондағы кадрлардың үздік-создық болып көрінетіндігі дәлел болады. Бұл бейнежазбаны кім, қайда және қашан түсіріп, оны кейін ғаламтор желісімен таратқандығын қазіргі күнге дейін анықтау мүмкін емес болып отыр», – деп оқыды Сәт Тоқпақбаев ҰҚК жүргізген зерттеу қорытындысын.

ТОҚПАҚБАЕВТЫҢ АҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ГАЗЕТТІҢ КЕШІРІМІ

ҰҚК-нің жауабымен таныстырып өткеннен соң депутат Сәт Тоқпақбаев парламенттегі әріптестері алдында «ары таза» екендігін мәлімдеді.

«Сіздердің және елімнің алдында менің арым таза екендігін барлық жауапкершілікпен мәлімдеймін. Мен депутаттық ұжымның ар-ожданына кір келтіретіндей ештеме жасаған жоқпын», – деді Сәт Тоқпақбаев.

Бұған қоса, депутат бейнежазбаға қатысты жанжал оның парламенттік қызметі «бәзбіреуге анық ұнамайтындығының көрінісі» деген болжамын айтты.

Бейнежазба Интернет кеңістігінде ҰҚК-нің төрағасы Амангелді Шабдарбаев отставкаға кете салысымен-ақ пайда болды. Соған байланысты бірқатар қаазақстандық басылымдар бұл жағдайды кланаралық тартыс болуы мүмкін деп бағалаған еді.

Былтыр желтоқсанда Сәт Тоқпақбаев «Голос Республики» газетінде жарық көрген «Шабдарбаевцы наносят ответный удар» мақаласы үшін өзінен кешірім сұрамайтын болса, басылымды сотқа беретіндігін жариялаған-ды. Алайда депутаттың арыз-шағымы сотқа жетпеді.

Сәрсенбі күнгі мәжілістің жалпы отырысында Сәт Тоқпақбаев «Голос Республики» газеті 5-ақпандағы кезекті санында өзінен кешірім сұрайтынын мәлімдеді.

Алайда, «Голос Республики» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Татьяна Трубачева, сәрсенбі күні Азаттық радиосына берген сұхбатында, жарияланған сараптамалық материал үшін редакция депутаттан кешірім сұрамайтындығын мәлімдеді.

«Бейнежазба туралы мақала жазғанымыз үшін біз тіпті кешірім сұрамаймыз. Біз газет санында қалыптасқан жағдайға қатысты түсініктеме береміз. «Егер біздің сараптамалық материалымыз оның ар-ожданына нұқсан келтірген болса, онда біз депутат Тоқпақбаевтан шын жүректен кешірім сұраймыз» деп жарияланады», – деді Татьяна Трубачева.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: bokky Қайдан: hetay beijing
03.02.2010 20:41
атыңыды қойған адам қандай дана еді Сәт Тоқпақбаев ! бір мемлекеттың,бір ұлттың ұлі істерін талқылайтын орында тосек қатынасы талқылайтын жер етуыңыз қандай масқара ?! демек, қазақ мемлекетының сенаты мен мәжілісіне жай қарағаныңыз ғой бұл. алде, парламент,сенат деп жұргендер соған да лайық орган ба еды кейде ?!
Пікір алмасу

Кімнен: hasim Қайдан: Almaty
09.02.2010 17:34
ол бейнежазбаны қайдан көруге болады,,, қайсы сайт беттерінде жарияланды екен соны жаолдап жіберсеңіздер ...

Кімнен: Мамыр Қайдан: Алматы
04.02.2010 09:46
Осындай жайттарға қарап отырып, кейде жоғары қызметке өрлеуге ақымақтық та көмектесе ме деп қалам. Ел енді ұмыта бастағанда, тағы да даурығып, сонша байбалам салғаны, "арым таза болып шықты" деп (сөздің өзі дұрыс қолданбаған, ары таза болатындай, қыз емес қой) қайта-қайта ақталғаны қызық болды бұл кісінің... Соған қарағанда, расымен де, "жігіттік" жасап тұратын болуы керек.

Кімнен: Шапырашты емес Қайдан: Астана
04.02.2010 13:44
депутат мырза, мұндай жағдайлар барлығымыздың басымызда болып тұрады. Жалпы айтсақ, әлемде өзінің әйеліне шөп салмаған еркетер аз шығар. Ондайлар бар болса, оларды міндетті түрде Қызыл кітапқа енгізу керек. Сондықтан, сіз ғаламтордағы бейне жазбаға ренжімеңіз. Мақала авторының сөзі рас болса, қазір сіздің жасыңыз жетпіске келіп, бүкіл әлемге өз күшіңіздің сарқылмағандығын дәлелдеуіңіз нағыз ерлік. Сізді Қызыл кітапқа ғана емес, Гинесстің рекордттар кітабына де енгізу қажет ау. Бұл сирек кездесетін оқиға.

Жалпы, мен сізді жақыннан танитын адамдардың бірімін. Сондықтан, парлемнтте тұрып, бұл беине жазбадағы адам мен емес деуіңіз ұят болды. Қалайша сіз емес? Сонда сіз өзіңізді өзіңіз танымай қалдыңыз ба? Әлде осындай қылығыңыздың санынан жаңылыстыңыз ба? Енді өзіңізді өзіңіз алдасаңызда, бүкіл қазақты алдамай ақ қойсаңыз қайтеді. Жалпы мен сіздің өз іс әрекетңізді мойындаудан осыншама қашқаныңызға ренжідім. Мен білетін сәт мұндай адам емес еді ғой.

Сіз емес екенізді дәледеу қиын. Бірақ, бұл бейне жазбадағы адам сізге қатты ұқсайды. Мүмкін біздің елде, түрі сізден ұқсайтын тағы бір адам бар шығар. Бірақ, бір анадан туғандай осыншама ұқсастықтың болуы мүмкін емес ау, Әлде сіз ұйықтап жатқан кезде, арнайы қызметтің адамдары келіп, қаныңызды білдіртпей алып, клондап, Қазақстанға тағы бір сәтті жіберді ме екен елді шатастыру үшін. Бұғанда сену қиын, өзіңіз білесіз біздің елдің ғалымдары әлі адамдарды клондауға дәрежесі жеткен жоқ.

Мысалы үшін айтатын болсам, Қазақстанда Назрбаевқа ұқсайтын адамдар бар. Олар көп емес, ары кетсе бірнешеу. Бірақ, бірінің беті ұқсаса, денесі ұқсамайды, екіншісі арық, ал үшіншісі семіз. Сондықтан, оларды жақыннан ғана емес, алыстан көрген адамдар да, оның Назарбаев емес екенін жақсы біледі. Генерал мырза сізге айтқым келгені, болар іс болды, мойындағаныңыз артық етпейді.

Үшінден айтар болсам, қолдағы билік пен байлықты пайдаланып, жас қыздарға шабуыл жасауды қою керек қой. Өйткені, бұл мұсылмандыққа жат қылық. Егер де сіз жиырма жасар емес, ең құрығында өзіңізден он жас кіші әйелмен болсаңыз, сізді түсінер едік. Алпыстағы әйелмен жетпістегі шал ойнапты, мұның несі күлкілі. Ел айтар еді, бірінің қатыны, бірінің байы жоқ деп. Қайта халық сіздің жағыңызда болып, әлгі түсірген адамдарды кінәлар еді. Десек те, сіздің осы қарқыңныңға қарап таңғалмасқа болмас. Не деген күш!!! Осы күшті халықтың санын көбейтуге жұмсау керек. Менің ойымша, Жетпісбай (немесе Жетпіскүл) деген бала дүниеге келсе. Қандай жарасымды болар еді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.02.2010 04:01
Мына биліктің масқарасы шыға бастады.
     
Мәтін көлемі - +