Келесі бағдарлама





Мультимедиа

Аймақ хабарлары

Шымкенттік қарттар зираттың үстінен үй салуды тоқтатуды сұрайды, билік ол жайттан бейхабар

«Сыпырхан ата» зираттар қорымы. Шымкент, 3 ақпан 2010 жыл.

05.02.2010

Шымкентте базардың маңындағы зираттардың қорымы күл-қоқыс ошағына айналып, моланың үстіне әлдекімдердің үй тұрғызып жатқанына наразы бір топ қария қоғамдық ұйымға қайрылды. Ал жергілікті билік бұл оқиғадан хабарсыз.


ЗИРАТ ҚОРЫМЫНДАҒЫ ҚЫЗУ ҚҰРЫЛЫС

«Сыпырхан ата» зираттар қорымында 30 жылдан бері шырақшы болып істейтін Ирисмат Саитхаджаев ақсақал соңғы жылдары зират үстіне баспана тұрғызуға бел буған тұрғындардың көбейіп, олармен әрқайсымен күресіп шаршағанын айтады.

Бір топ ақсақал Шымкент қаласындағы Тельман ауылдық округінің әкімінен осы жағдайға араласуын өтініп, әкім табалдырығын тоздырыпты.

– Ауылға жаңадан келген әкімге зираттардың үй салып жатыр деп айтып шаршадық. Соңғы рет барғанымда ол қашып кетті. Бейттің
«Сыпырхан ата» зираттар қорымының шырақшысы Ирисмат Саитхаджаев. Шымкент, 3 ақпан 2010 жыл.
үстіне үй тұрғызу деген масқара ғой. Бұл шариғатта жоқ нәрсе. Мұсылманшылыққа жат қылық. Оны билік неге түсінбейді? Бәріміздің де барар жеріміз ғой! Мына жерге базарды көшіріп әкелді. Арада енді жол да, жер де жоқ. Зиратқа жерлеуге мәйітті бүкіл базардың алдымен жүріп өтіп әкеледі. Зираттар қоқысқа толды. Дәретхана салып қойды. Айтудан шаршадық, – дейді «Сыпырхан ата» зиратының шырақшысы Ирисмат Саитхаджаев.

Ақсақалдар жалпы көлемі 15 гектар аумақты алып жатқан ескі зираттың талан-таражға түсіп жатқанына алаңдаулы. Олар зираттан жер бөлу доғарылмаса, алдағы уақытта қайтыс болғандарды жерлейтін жер болмай қалады, деп дабыл қағуда.

Қазір зират аумағында үй де тұрғызылып қойған. Наразы қариялар бұған билікті кінәлайды.

– Жерді кім береді? Әкімшілік. Зираттың жерінен әлдекімдерге жер телімдерін берерден бұрын сол әкімдер неге ойланбайтынын түсінбейміз. Мына жерде үй салып қойды. Оның иесін көргеніміз жоқ. Соғып жатқан жігіттер, үйді базардағы саудагерлерге жалға береді
«Сыпырхан ата» зираттар қорымы. Шымкент, 3 ақпан 2010 жыл.
дейді. Заңды құжаттары бар дейді қолдарында. Зираттың шетіндегі 6-7 жас бала көмілген тұстан жер телімін алыпты біреулер. Менің бұл жерге қалайша үй саласың деп таңданғаныма, ешкім құлақ асқан жоқ, – дейді Ирисмат Саитхаджаев.

Зираттың қарауылы әрі көр қазушы Әбдірахым Юлдашевтің айтуынша, зират аумағындағы жерге қожалық етушілер, әсіресе соңғы кездері көбейіп кеткен. Жердің егесіміз деген азаматтар зираттың үстіне тас та төккен екен.

– Бір кісі келіп тас төгіп жатты. Айқай-шумен зорға тоқтаттық. Мұнда адам жатыр ғой, десем, мен үй салып, ағаш, гүл отырғызып қоямын дейді. Естімеген елде көп, деген осы екен. Кейін ол жоқ боп кетті. Бірақ, басқа жерден қолына құжат ұстап тағы біреу келді. Оған да түсіндірдік. Адамның сүйегі жатқан жерде қалай тұрасыз, десем, мен жерді сатып алғам,
«Сыпырхан ата» зиратының қарауылы әрі көр қазушы Әбдірахым Юлдашев. Шымкент, 3 ақпан 2010 жыл.
енді оның ақшасын қалай шығарам, деп қарап тұр, – дейді зираттың қарауылы әрі көр қазушы Әбдірахым Юлдашев.

Қала сыртындағы зират жанына көшірілген жаңа базар мен зираттардың арасында жер жоқ. Оның үстіне, айнала тола қаптаған тойханалар, дейді ақсақалдар.

«Нұр-Мұра» қоғамдық бірлестігіне жүгінген 20 зейнеткер қол қойған арыз-шағымда қариялардың талап-тілектері жазылған. Олар, ең бастысы, әкімшіліктің зираттан жер бөлуін доғартуды сұраған.

– Зираттан жер бөліп, үй салу – ешқандай ақылға сыймайтын тірлік. Нағыз бассыздық. Оны
«Нұр-Мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдұлла Бақадыр. Шымкент, 3 ақпан 2010 жыл.
қадағалайтын билік. Бұл жасалып жатқан тірлік әруақты қорлау ғой. Өлікті сыйламағаннан кейін, малдан қай жеріміз артық болды біздің? Бұл барып тұрған рухани құлдырау, рухани азғындық. Біздің ұйымға шағымданып келген ақсақалдардың арызын «Нұр Отан» партиясына жолдаймыз. Біз бұл сұмдықты аяқсыз қалдырмаймыз, – дейді «Нұр-Мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдұлла Бақадыр.

ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК БЕЙХАБАР

Шымкент қалалық жер бөлімінің бастығының айтуынша, қала басшылығы тарапынан зират қорымның аумағында баспана салуға бірде-бір құжат берілмеген. Осыдан 5 жыл бұрын зираттың аумағы ресми құжттандырылып, қала иелігіне берілген екен. Бірақ ол жерден үй салуға рұқсат жоқ, дейді билік өкілі.

– Мен бұл туралы алғаш рет естіп тұрмын. Бұл Құдайдан безгендердің тірлігі. Міне, қаланың картасы. Мен ресми түрде зираттан ешқандай жер берілмегенін, ол туралы қала әкімінің ешқандай шешімі шықпағанын мәлім етемін. Мүмкін, олар жерді заңдастыру науқаны кезінде заңдастырып алған шығар. Бірақ бұл жерді заңсыз басып алушылық. Оны тексереміз, – деді Шымкент қалалық жер бөлімінің бастығы Серғали Жансейітов.

Ресми мәлімет бойынша, Шымкент қаласының аумағында үлкенді-кішілі 15 зират бар екен. Алайда, олардың бесеуі ғана рәсімделіп, мемлекеттік акт берілген.

Биліктегі басшылардың айтуынша, осы жайт та кейбір тұрғындардың қорым жерін заңсыз басып алуына себеп болуда.

Шымкент қаласы әкімінің шешімімен, өткен жылы қаладағы қорымдар мен ондағы жер көлемін анықтап, заңсыздық әрекеттерді әшкерелейтін арнайы жұмысшы топ құрылған.

– Өткен жылдары да Қайтпас-2 ауданындағы зиратта оншақты адам заңсыз баспана салмақ болған. Содан кейін комиссия құрылды. Негізі, мұндай жайтқа жол берілмейді. Жұмыс комиссиясының қортындысы бойынша, барлық заңсыздықтар бойынша нақты шешім қабылдануы тиіс, – дейді Шымкент қалалық жер бөлімінің бастығы Серғали Жансейітов.

Ал өткен жылы құрылған арнайы комиссияның жұмыс жоспарына «Сыпырхат ата» зират қорымындағы дау-дамайдың кірер-кірмесі әзірге белгісіз. Алайда билік, бұл мәселені қараусыз қалдырмауға уәде беріп отыр.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Ақыл Қайдан: Астана
05.02.2010 20:16
Шымкеттің билігі қайда қарап отыр екен? Моланы қоқысқа айналдыру деген масқара ғой! Онда үй салып қарық болам дегендердің ойының өзі адамның төбе шаын тік тұрғызатын нәрсе ғой сұмдық.

Кімнен: Бауыржан Қайдан: Кокшетау
05.02.2010 20:37
Зират,мола-ол қай халық болмасын "табу" статусы бар қастерлі орын емес пе. Мақалада екі бірдей өзбек туысқандардың есімдері,интервьюі,суреттері беріліпті. Енді олардың қазақ туралы діннен безген қауым ретінде ойлайтыны анық.
Шымкент әкімсымақтары өз -өздерін ғана емес, бүкіл бір халықты жексұрын қып отыр ғой!
Өзім туып өскен солтүстік Қазақ жерінде мұндай сұмдық атымен болған емес, болмайды да.

Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
06.02.2010 08:44
шалдар ғана шыжақтап жүр. ал мұндай істер жастардың ойынада кырмейды.қазыр өзі қытайда да сондай, бір батырдың моласын тауып, соның сұйегі екендыгын тұрақтандырса болды, аршып алады да, <құрбандар қабырлығына> қарай сұйрей жонеледы, ісіламда осыған қатысты иаки мола кошру,моланы жаңалау,моланы баспауға қатысты қандай тиым шариғаттар бар екенын білмеймін, аруаққа құрмет қылмағандар опа таппайды тұбінде !!!

Кімнен: саба Қайдан: астана
06.02.2010 10:05
шимкентің басшылары не қарап отыр бұл мәселені парламентте талқылау керек
шимкенттік ағайындар сабыр сақтаңыздар тақау арада шешіледі

Кімнен: bokky Қайдан: hetay pekyn
06.02.2010 10:16
алдіңһы жілдар бізден кеткен бір кісілердың сол жаққа барғанда қайтыс болған кісысін, жерлеп қойған жерынен, сол жерлік тұрғындар қайтадан қазып алып тастапты. өлген адамның сұйегін осінша қорлаған жағдай бізге екі есе өсекпен қосылып, сұмдық боп жетты біз жаққа. коп кісылер коштерін доғарып салды. артынан ұғыссақ, заңға салса, сол жерлік тұрғындар мен сол жердың алігі мұрдені тексереміз(дезенпексиялау)деген доқтырлардыкы жөн екен де, ал мұсылманшілққа салған да бізден кеткен оралмандардыкы жөн екен.біздың жақта сіздер жақтағыдай, олген адамның денесын дезенпексиялаудан өткізіп бару дегендей жоралғы жоқ.сол тұсінбестіктың кеселінен, біздың көшкелі отырған бір талай отбасылары кошпей, оның салқыны жәнеде коптеген жас отбасыларына тиді. біз олай емес деп коп ұгіттесекте, қарапайым ауылдың ақ коңыл қазағы бір коңілі қалған жерге қайтып басқысы келмеды.
қазақстандағы азаматтардан тілейтінім сіздерге барған оралмандарға сол жердың салтын, заң-ережесын ақырын-ақырын , майдалап жеткізсеңыздер екен,
қайтып келген коштерды корсек, коңіліміз құлазиды. мұсілманшылқтан шығып кеткен іс-арекеттерге коп коңіл бөлсеңіздер, әсіресе оралмандарға

Кімнен: Шапырашты емес
06.02.2010 12:05
Анау үй тұрғызғандар тұры көсін сол жерде. сосын тұрғызып қойған туалетті көбейтсін. бергі бұрышына әкімге асарлатып жабылып үй салып берейік те халайық?

Кімнен: Жайна Қайдан: шымкент
06.02.2010 13:21
Құдайдан қорықпайтындардың бұл тірлігінен шошып отырмын. Зираттың алдында баттитып тұрып жазып қойған, Біз де сіздей болғанбыз, сіз де біздей боларсыз! деген жазуды жетектеп әкеп көрсету керек шығар сол әкім сымақтар мен үйдің ұятсыз иелеріне!

Кімнен: Жеңіс Қайдан: Атырау
06.02.2010 15:06
Қой, өтірік шығар. Қазақ өліп бара жатса да моланың үстіне үй тұрғызбайды. Біздің жақта солай. Ал Шымкент деген нағыз қазақтың тұнған жері емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Арман Қайдан: Алматы
07.02.2010 21:01
Жеңіс, ондай барлық қалада бар. Солтүстік облыстарда молаларды (жалпы археологиялық ескерткіштердің бәрін) күреп тастап, сол жерді жыртып, астық еккен. Сен өзің шын Атыраудансың ба. Мен онда да болғанмын. Өзің де білетін шығарсың. Білмесең үлкендерден сұрап қара. Атыраудағы Авангардттың 4-ші және 2-ші мөлтекаудандары молалардың үстіне салынған. Мыңдаған марқұмдардың молаларын (үлкен қорымды) бульдозермен кұреп тастап, үстіне Авангард мкр-ын салған. Ана өзің көріп жүрген әулиенің бейітін (үлкен зираттардың бір шетіндегі) трактор күрей алмаған, сондықтан тек сол ғана қалып, қазір жалғыз өзі қаланың ортасында жатыр.

Ана Қытайлық баланың айтуы да жөн. Оңтүстіктегі жергілікті қазақтар қаза болған оралмандардың қарттарын өздерінің бейіттеріне жерлеткізбеген. Бізде "мынау бәлен деген рудың", "мынау ана рудың бейіті" деп бөледі ғой. Сондықтан, басқа рудың адамын және тек оралман ғана емес, жалпы басқа жақтың адамын, онда қосып жерлеуге жергілікті ел қарсы болады.

Бұның бәрі сұмдық! Ал шетелдегі Қазақтардың соған бола елге келуден қорқып отырғаны жөн емес.

Кімнен: Жақсылық
08.02.2010 10:35
Арман сенің сөзіңе толық қосылам.

Кімнен: Самат Қайдан: Актау
08.02.2010 20:01
осы сұмдқтың көкесі шымкенттен шыға береді екен!

Кімнен: Жарылқап Қайдан: Атырау
08.02.2010 20:50
Мынауың нағыз бассыздық қой. не деген сұмдық. о заман да бұ заман молаға үйді кім салған? қазақстанда жер құрып қап па? онсыз да ел билегендер қытайға да жер береміз деп неге шулап жатыр, өзіміз моланың үстіне үй тұрғызып жатсақ. сұмдық ай. сол акіидер осыны өтірік көрмей білмей қалады, соқыр болғырлар!

Кімнен: Камал
08.02.2010 20:53
құдай өзі сақтасын! ақырзаман болйын деген шығар. ең болмаса анау жатқан әруақтардан қорықсай шіркіндер

Кімнен: Камал
08.02.2010 20:56
оралман бауырларға айтарым осындай нәрсеге бола елге оралмаймыз дегендеріңіз ұят енді. себеп іздеп жүрген адамдай. отан керек болса келесіздер. қанымыз бір ғой далада қалмайсыздар

Кімнен: Асыл Қайдан: Шымкент
11.02.2010 13:27
Сұмдық ай а не деген сұмдық мынау. әкімдер қайдасыңдар? мырзахметов пен жетпісбай қайда қарап отыр екен? бірақ олардың өлілерден гөрі маңызды шаруалары толып жатыр екен ия ұмытып кеттіппіз

Кімнен: Жексенбай Қайдан: Орал
11.02.2010 14:26
рас айтасыз Асыл, тура солай болып тұр ғой.

Кімнен: Ер Қайдан: Астана
11.02.2010 16:35
Когда народ не имеет реальных возможностей победить каких либо захватчиков или насильников осводиться от их гнета тогда рождается эпос. Тогда народ в своих мечтах,чаяниях,надеждах прибегает к сверхсиле, к абсолютной силе,которая побеждает тех,кого народ хотел бы победить ,но не может. Тогда рождаются богатыри,мечи-кладенцы, коньки -горбунки и так далее... Народ начинает надеяться на сказку,на чудо. А на что надеяться те люди чьи родственники погребены там где сейчас хотят построить рынок. Почему они не идут в администрацию города,области и если надо то к Президенту. А те люди которые дали добро на ЭТО также наряду с этим же хозяином рынка вместе должны ответить прежде всего перед своей совестью и НАРОДОМ!
     
Мәтін көлемі - +