Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:17

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Сот отырысын қойылымға теңеген кәсіподақ жетекшісі алты тәулікке қамалды

Сарыағаш ауданы бойынша медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ибрагим Жүнісбеков «сотты сыйламағаны» үшін алты тәулікке қамалды. Жемқорлықты әшкерелегісі келетін белсенді биыл үш рет сотқа тартылып, аудандық мәслихат құрамынан шығарылды.

Мәтін көлемі - +

Қазанның 25-і күні Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық соты Ибрагим Жүнісбековті алты тәулікке қамау туралы шешім шығарды. «Сотты сыйламаған» деген айыппен жазаланған аудандық мәслихаттың экс-депутатын сол күні полицейлер Шымкент қаласындағы қабылдау-бөлу бөліміне алып келді. Сарыағаш ауданы бойынша медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы биыл осымен үшінші рет әкімшілік жазаға тартылып отыр.


«ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ӘШКЕРЕЛЕГЕНІМ ҮШІН ҚУҒЫНДАДЫ»

Ибрагим Жүнісбеков қазанның 25-і күні сағат 20.00 шамасында Шымкент қаласындағы қабылдау-бөлу бөліміне жеткізілді. Сол күні Азаттық тілшісіне берген сұқбатында ол Қазақстан президентіне хат жазғандығынан хабардар етті.

– Мен интернет арқылы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдадым. Сарыағаш ауданында болып жатқан сыбайлас жемқорлық пен тұнып қалған заңсыздықты әшкерелеу үшін арнайы комиссия құрып, толықтай тексеру керек. Осыны сұрадым. Сарыағаш ауданын өктемдік пен шетсіз-шексіз былық жайлап алған, – деді Ибрагим Жүнісбеков.

2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатына депутат болып сайланғаннан кейін Ибрагим Жүнісбеков аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіподағын құрған. Өз айтуынша, кәсіподақ осы ауданда медицина саласында еңбек ететін 2500 адамның құқығын қорғайды.

Ибрагим Жүнісбеков аудандағы медицина саласындағы жемқорлықты әшкерелеп, ашық баяндамалар жасап, онымен қарсы күреске шыққаны үшін қуғын көргенін айтады.

Ол жергілікті газеттердің бірінде Көктерек ауылының әкімі Өмірәлі Пазыловты «лауазымын асыра пайдаланған» деп сынағаны үшін биыл наурыз айында Сарыағаш аудандық соты алдында жауапқа тартылды. Әлгі әкімнің «жала жапты» деп берген арызын қараған сот депутатты айыпты деп тауып, Ибрагим Жүнісбековке бір жыл бойы қоғамдық жұмыс атқаруды міндеттеп шешім шығарған.


ДЕПУТАТТЫҚ МАНДАТТАН АЙЫРУ

Ал қыркүйектің 14-і күні Сарыағаш аудандық мәслихатының сессиясы Ибрагим Жүнісбековты депутаттық мандатынан айыру туралы оның сыртынан қаулы қабылдаған.

Осы сессиядан соң мәслихатқа екі тұрғынның атынан түскен хатта өзін «ұяттан жұрдай» кісі деп жазылғаны туралы естіген Ибрагим Жүнісбеков өзінің ар-намысын қорғап әлгі екі адамның үстінен аудандық сотқа шағым түсірген.

Бірақ істі қараған Сарыағаш аудандық сотының судьясы Нұржан Жұмабаев арызданушы сотқа қарсы дөрекілік көрсетті деп тауып, қыркүйектің 21-і күні Ибрагим Жүнісбековты үш тәулікке қамау туралы шешім шығарған. Сол жолы да Ибрагим Жүнісбеков сот жазасын Шымкент қаласындағы қабылдау-бөлу бөлімінде отырып өтеп шыққан болатын.

Сарыағаш аудандық медицина қызметкерлері кәсіподағы төрағасының айтуынша, осы кезеңде ол жергілікті шенеуніктер және аудандық емхана басшылары үшін жеккөрінішті адамға айналыпты.

– Шенеуніктер де, медициналық мекемелердің басшылары да заңсыздық барып отыр. Жемқорлық, мемлекет қазынасына қол сұғу, еңбек туралы кодекстің бұзылуы, науқастар құқығының бұзылуы, т.т. Оның бәріне көз жұму мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлықтың шегіне жеттік. Бір жылдың ішінде біздің ауданда 12 дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сол азаматтар әлі күнге дейін лауазымды орындарында отыр, – дейді Ибрагим Жүнісбеков.

Кәсіподақ басшысы медицина саласы қызметкерлерінің құқығы бұзылып отырғандығына қатысты жинаған дәлел-дәйектерін құқық қорғау органдарына, жемқорлыққа қарсы күрес мекемелеріне бірнеше рет хат жазып жолдағанын айтады.

– Содан кейін медицина мекемелерінің жетекшілері қоластындағы қызметкерлерді мен жетекшілік етіп отырған кәсіподақтан шығаруға кірісті. Олардың бұнысы заңсыз, – деп есептейді Ибрагим Жүнісбеков.


«СПЕКТАКЛЬГЕ ҚАТЫСҚЫМ КЕЛМЕДІ»

Ал бұл жолғы сотқа наурыздың 13-і күні Сарыағаш ауданы Абай ауылында өткен медициналық қызметкерлер кәсіподағының жиыны себеп болған. Ибрагим Жүнісбеков сол жиын туралы кейіннен пайда болған хаттаманы біреулер заңсыз, қолдан жасаған дейді.

– Жалған хаттамада Абай ауылында тұратын бірнеше адамды кәсіподақ мүшелігінен шығару туралы жазылыпты. Мен оны кейін естідім. Сол жиынды толық бейнетаспаға түсіргем. Онда бұл туралы сөз атымен жоқ. Осыдан кейін шыдамым таусылып, әлгі хаттаманы жалған деп тануды сұрап сотқа арыз бердім. Судья маған соңғы сөз берді. Сот шешімі жауапкердің пайдасына шешілетінін түсініп, «бұл спектакльде соңғы сөз айтуымның қажеті жоқ шығар» деп айттым да отырдым, – дейді арызданушы.

Ибрагим Жүнісбековтың бұл сөзін судья «сотты сыйламау» деп таныған.

– Жүнісбеков сотқа қатысты өзінің дөрекілігі мен сотты сыйламайтынын көрсетті. Оны алты тәулікке қамауға алу туралы шығарған шешімімнің себебі осы, басқадай себебі жоқ, – деді Сарыағаш аудандық сотының судьясы Самал Кеңесова Азаттық тілшісіне.

Алайда Ибрагим Жүнісбеков өзінің қамалуына себеп болған жайт бар деп санайды.

– Осы қазан айының 28-і күні дәл сол сотта Абай ауылдық ауруханасының бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қаралады. Мен сол сотқа жәбір көруші, кәсіподақ мүшесі әлі аурухана дәріханасының провизоры Дүрия Таштенованың сенімді өкілі ретінде қатысуым керек еді. Ол бас дәрігердің өзінен 750 мың теңге талап етіп, «әйтпесе жұмыстан қуамын» деп қоқан-лоқы жасағанын айтып, сотқа арыз берген. Тергеу жұмыстарынан кейін бас дәрігер қамалды. Дүрия аурушаң әйел, сосын мені өзінің орнына сотқа қатысуымды өтінген еді. Мен бұл істің де әділ шешілетініне күмәндімін. Сотқа кедергі болмасын деп мені қамап отыр. Сарыағаш соты заңды белшеден басатын былыққа толы, оған менің дәлелім көп, – дейді Ибрагим Жүнісбеков.

Сарыағаш ауданы бойынша медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Ибрагим Жүнісбеков бостандыққа қазанның 31-і күні шығады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Асқар
27.10.2010 08:44
+0 / -0
Алға, Жүнісбеков! Жоғары жаққа тек жағымпазданатын Шымкенттіктердің арасынан бір батыл шыққан екен!
Пікір алмасу

Кімнен: Ара Қайдан: Астана
27.10.2010 13:29
+0 / -0
Асқар жоғары жаққа жағымпазданатын Шымкент деген пікіріңізбен келіспеймін. Айтса сынды қайта осы шымкетнттіктер айтып жатады.

Кімнен: бағыс Қайдан: Астана қаласы
27.10.2010 08:50
+0 / -0
Сарыағаш нағыз былықтың ордасы, онда әділ сот болады дегенге сенгім келмейді, әйтпесе арызданған адамның бір рет болса да, сөзіне сеніп, әділ тексеру жүргізуге болады ғой. Жанына батқан адам шырылдайды, әйтпесе несі бар жатқан жыланның құйрығын басып! Ибраһим мырза! Шындық үшін күресіңізді тоқтатпаңыз! Құдай абырой берсін!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.10.2010 10:45
+0 / -0
ӘДІЛ СОЛ ДЕГЕН ҰҒЫМ ЖАЛҒАН! СОТ-ОРДАЛЫ ЖЫЛАН АПАНЫ!

Кімнен: Мұрат
27.10.2010 11:20
+0 / -0
Жатқан тұрған популизм, жала. Дені сау бас дәрігер аурушаң әйелден 750 мың теңге сұрай ма. Жалпы соңғы жылдары Шымкентте сұмдық арызқойлар көбейіп кетті. Әркім өзінің ой өлшемін қоғамға таңғысы келеді. Енді біреулер үшін арыз жазу әншейін ермекке айналды, тексеріп барса пәленшеден естіп едім жаза салдым дейді ұялмастан. Биыл ОҚО-да мектепке қатысты 6 айда 200-ден көп арыз түскенін оқыдым. Басым бөлігі жала. Екі адам ұрысып қалса да арыз жазады. Жалпы Оңтүстік қазақы өңір ғой, қазақтардың арасында келіспеушілік, дүрдараздық, болмашыға өкпе атам заманнан бар. Оны өзара келісудің орнына сотқа, органға сүйрейді. Қарап отырып түңілесің, тіптен итімді таспен ұрды деп те арыз жазатындар бар. Күлесің бе, жылайсың ба.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.10.2010 11:41
+0 / -0
Осы Шымкент шынында да бір бөлек мемлекет секілді
Пікір алмасу

Кімнен: Ара Қайдан: Астана
27.10.2010 13:27
+0 / -0
Шымкентті бөлек мемлекет деп шатпаңыз.Қалың қазақ жұрты осы өлкеде шоғырланған. Қит етсе Шымкентті бөлектеп тұру деген жаттанды пиғылды қашан өшіреміз санамыздан. Бәріміз бір қазақпыз бөле жарылмайық
Пікір алмасу

Кімнен: Hotahbas Қайдан: Алматы
27.10.2010 13:43
+0 / -0
Adilet degen nursultan patshanin bir tobetine koygan at eken

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
27.10.2010 15:13
+0 / -0
Есі дұрыс адам Назарбаевқа арызданбайды! Президент кеңсесінде қаншама қаралмаған арыздар жатыр десейші! Оныңы үстіне қартайған адамның қағаздарды ақтарып отыруға, құштарлығы да жоқ! Анау Ресейдің шаршмайтын қажымайтын Жолдыбай мен Аю атты басшыларына арызданыңдар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.10.2010 18:57
+0 / -0
Осы елден естімегеннің барлығы осы Шымкенттен шығатыны өтірік емес қой. Кілт етсе, Шымкент шынымен де

Кімнен: Мүгедек қазақ
27.10.2010 18:58
+0 / -0
– Мен интернет арқылы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдадым. Сарыағаш ауданында болып жатқан сыбайлас жемқорлық пен тұнып қалған заңсыздықты әшкерелеу үшін арнайы комиссия құрып, толықтай тексеру керек. Осыны сұрадым. Сарыағаш ауданын өктемдік пен шетсіз-шексіз былық жайлап алған, – деді Ибрагим Жүнісбеков.
--------------------------------------------------------------------------------------------------

Арызданып, әділеттік іздейтін жеріңді тапқан екенсің! Сол хат арнаған адамыңның өзі нағыз жемқордың жемқоры - ол саған қандай әділетті шешім шығармақшы сорлы-ау?!

Кімнен: Жарылқасын Қайдан: СҚО
27.10.2010 18:59
+0 / -0
Анау атын шетелше жазған Алматылық оңбағанға жынымның келіп отырғаны. ар-ұят деген қайда атаңанәлет қазақтың баласы?

Кімнен: Тазша
28.10.2010 09:48
+0 / -0
Вопрос о санкционировании ареста в отношении экс-главы агентства по статистике Анар Мешимбаевой, обвиняемой в хищении средств, выделенных на проведение национальной переписи населения в 2009 году, в суд не поступал. Об этом сообщил сегодня на пресс-конференции в Астане председатель надзорной судебной коллегии по уголовным делам Верховного суда Акылтай Касимов.

Подробнее: http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/politics/4672443/
----------------------------------------------------------------------------------------------

Осы интернетте біреу жазып еді "санақшы ханым қазақтың санын 70 пайызға жеткізе бергенде ақша "ұрлатқызып" ӘДЕЙІ қашырып жіберді билік" деп, сол дұрыс болжам болмағай.................

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
29.10.2010 16:12
+0 / -0
Мына кісіні қайдан тапсам екен?

Кімнен: Асар
29.10.2010 18:49
+0 / -0
Негізі Қзақстанның соты әділ шешім шығарады дегенді ешқашан естімеппін де