Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:17

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Шымкентте қазан айының ортасында жұпаргүл гүлдеді

Оңтүстік өңірде тұрғындар биылғы күз айында табиғаттың тосын құбылысына куә болды. Бұтақтар бүршік жарып, жұпаргүл, жеміс ағаштары гүлдеп жатыр. Мамандардың айтуынша, биылғыдай күзде күннің ысуы соңғы рет 1936 жылы тіркелген екен.

Мәтін көлемі - +

БЕЙМЕЗГІЛ ГҮЛ ЖАРУ

Шымкент қаласының тұрғыны Любовь Диордицаның ауласындағы жұпаргүл гүлдеп тұр. Әдетте өсімдіктің бұл түрі жылына бір рет, мамыр айында ғана гүлдейді. Ал биыл күз мезгілінің ортасында байқалған табиғат құбылысы көпшілікті таң қалдырғанымен, Любовь Диордица бұл үрдісті жақсы ырымға балап отырған жоқ. Ол өсімдіктің мезгілсіз гүлдеуі «қыстың қатты болуының жаршысы» дегенді айтады.

– Соңғы рет жұпаргүл осыдан үш жыл бұрын күзде де гүлдеп еді. Сол жылы қыс қатты болғаны әлі есімде. Әрине, бір жағынан биылғы
Шымкент қаласының тұрғыны Любовь Диордица. Шымкент, 20 қазан, 2010 жыл
күздің жылылығы қуантады. Гүлдеп тұрған ағашты көршілер жақсылыққа жорып, менен сұрап, кесіп әкетіп те жатыр. Бәрі жақсы болғай, – дейді Любовь Диордица.

Оның көршісі Света Пактың ауласында екі апта бойы алма мен алмұрт гүлдеп тұр. Әжей күз айында жеміс ағашының гүлдегенін жақсылықтың нышаны деп біледі.

– Не де болса жақсылыққа балау керек. Ағаштарым көктемде де бұлай гүлдемеп еді. Биыл екі апта жайқалып, көз қуантты. Әрине, жеміс бермейтіні белгілі. Гүлдері тез түсіп қалды. Енді көктемді күтеміз, – дейді Света Пак.

Көпжылдық ағаштардың қара күзде бүршік жарып, гүл ашуы тосын құбылыс дейді ғалымдар.

Жеміс ағаштарының биологиялық сағатынан ауытқып, мезгілсіз бүршік жаруы күн райына байланысты екендігін айтқан мамандар табиғаттың оқыс мінезінің кері әсері де болады деп ескертеді.

– Күннің жылы болуынан бүршік жарып, гүлдеген ағаштар алдағы көктемгі ресурсын қазір беріп қояды. Сосын көктемде жеміс ағаштарының берер өнімі 2-3 есеге дейін азаяры сөзсіз. Мұның кесірін көктемде көреміз, – дейді дендролог маман, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әбутәліп Құламетов.


КҮЗГІ АПТАП

Күз мезгілінде ағаштар гүлдеуінің себебін Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының мамандары биылғы қазан айында ауа-райы әдеттегіден тыс жылы болғанымен түсіндіреді.

Бұл айда Шымкент +30 градусқа дейін ыстық болған. Күз айындағы мұндай жоғары температура соңғы рет 1936 жылы тіркелген екен.

– Облыс аумағындағы орта есеппен алғандағы қазан айындағы ауа температурасы +10, +15 градусты көрсетті. Айтарлықтай жауын-шашын да болған жоқ. Жылы күндер созылып кеткендей. Жалпы, Шымкенттің ауа-райы жылы да жұмсақ екені белгілі, алайда
Беймезгіл гүл жарған жұпаргүл. 20 қазан 2010 жыл.
жылдағымен салыстырғанда биыл 3 градусқа дейін ауытқушылық бар. Ағаштардың гүлдеуіне де осы себеп болса керек, – дейді Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының синоптигі Ольга Виконникова.

Ауа-айын болжаушылар осыдан үш жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысында қыс қатты болып, 45 күнге созылғанын айтады. Ол кезде ауа температурасы 35-40 градусқа дейін төмендеп, қақаған қыс халықты біраз әбігерге салған.

Мамандардың айтуынша, ондай қыс оңтүстік өңірінде соңғы рет 1963 жылы тіркелген екен. Ал өткен жылғы қыс мезгіліндегі ауа райы көктеммен бірдей болған.

Синоптиктер оңтүстік өңірдегі ауа райы алдағы айдың ортасына дейін жылы болады деп болжап отыр. Ал қарашаның ортасында күн күрт суып, қар жаууы ықтимал деп ескертеді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.10.2010 19:56
+0 / -0
Ақыр заманның жақындап келе жатқаны шын шығар.
Арандары ашылған билікке көрінсе нетті...

Кімнен: Айша хажы Қайдан: Астана
21.10.2010 21:12
+0 / -0
Иншалла, бұл көктемнің нышаны - келген жақсылықтың, Алла разылығының жеткенінің белгісі! Қуаныштарыңыз құтты болсын! Астанада Әлемнің дінді, Алланы қастерлеген адамдары жиылды, Астана бір бірімен қырқысқан жандарды табыстырып жатыр, ендеше Рухани Бесігіміз болсын деп тілек тілесті, ал мына жерде өзіміздің қазақтар не сөйлеп жатыр? Қайран Абай, сенің заманыңдағылардан бұлардың не айырмашылығы бар? Аллаһ қателерін кешіріп, Қиясбай емес, Ынтымақбайлардан қылсын! Отбасыларына, жандарына сенім ұяласын! Осы жерде Пакистан Мұсылманының мына бір сөзін айта кетсем: Адамдардың бәрін сүй! Жек көретін адамың болмасын! Жамандық жерге кірсін! Жақсылық аспанға ұшсын! Жүрек қуансын, қасірет тиылсын! Баршаңызға Алланың нұры жауып, қол жетпеген бақытым, жанымның жылуы, Халқымның бағы , маңдайдағы Жұлдызымыз Елбасымыз аман сау болсын! Аллаһ ол кісіге ұзақ ғұмыр берсін! Ал жамандық айтатындарға Алла иман берсн!
Пікір алмасу

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
22.10.2010 14:01
+0 / -0
Тоуһһһ не дид тағы? Қай жақтан келген адамсыз? Шіркін ай көзімнен жас шығып кетті ғой. Неткен өмір мынау біз байқамай жүрген???!!!!...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.10.2010 22:42
+0 / -0
Алла тек жақсылығын аямасын!

Кімнен: Мәрия
21.10.2010 23:39
+0 / -0
Күзде ағаштардың гүлдегенін жақсылыққа жоруға болады. қыста күн суық болса тіптен жақсы, жер жаңарады, ауру азаяды. әр нәрсені тек жақсылыққа жоритын қазақпыз ғой, шымкенттіктер үшін қуанайық
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.10.2010 10:15
+0 / -0
Шымкентті атом бомбасын тастап, жарып жіберу керек. Жұрттар жамандап жатады. Олармен ос уақытқа дейін араласып көрмеппін. Бір күні зиян көріп қалам-ау деп қорқам. Шымкенттен шыққандардың бәрін атып тастау керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
22.10.2010 19:29
+0 / -0
Шымкентке кеп көр, осы сөзің үшін...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.10.2010 14:24
+0 / -0
Тіліңді кесіп тастайтын адам екенсің!!!

Кімнен: марат Қайдан: Орал
22.10.2010 00:10
+0 / -0
Меніңше айтып отырғандарыңыз бозқараған деп айтылатын болар.Қателеспесем, егер сирень болса, ол бозқараған деп аталады.

Кімнен: Қара қазақ Қайдан: Дешті қыпшақ даласы
22.10.2010 09:52
+0 / -0
Жұпаргүл - кейіннен ойлап табылған аударма ғой!
Қазақ сиреньді бозқараған дейді. Кәдімгі Мұқағали ақын сүйген бозқараған.
Пікір алмасу

Кімнен: Азкөрген Қайдан: Төменнен
22.10.2010 11:45
+0 / -0
Біртүүүрлі болып кеттім ғой, айналайын, табиғат Ана!

Кімнен: Көріпкел Қайдан: Жоғарыдан
22.10.2010 11:22
+0 / -0
Осындай Табиғаттың тосынсыйы 2012 жылы қазақты күтіп тұр.

Кімнен: Анар Қайдан: Алматы
25.10.2010 13:56
+0 / -0
Қызық екен, 20 қазанда Шымкентте болған едім, бозқараған гүлдесе гүлдеген шығар. Бірақ, ауа райы тым салқын, суық болған еді. Осы ақпаратты 31-каналдан тыңдап қатты қайран қалдым. Қайдағы 25-30 градус ыстық деп. Мен 19-21 қазан аралығында болдым, кәдімгі күздің қара суығы, тоңып дірдектеп жүрдік, температура он градустан төмен болды-ау деймін.

Кімнен: Шымеенттен
25.10.2010 14:26
+0 / -0
Па шіркін, біз жақта бүгін тіптен керемет, жаз келді!!!