Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:18

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Экстремизмге қарсы жарнамадағы сурет мұсылман қоғамдық ұйымының наразылығын туғызды

Шымкентте көшеге қойылған терроризм және экстремизммен күрес тақырыбындағы суретті жарнама дінге қатысты даудың шығуына себеп болды. Жарнамадағы сурет пен жазу мұсылмандардың наразылығын туғызады деп тапқан қоғамдық ұйымның оны алып тастау туралы талабына жарнамаға тапсырыс берген жергілікті билік келіспейді.

Мәтін көлемі - +
«ЖАРНАМАДАҒЫ СУРЕТ ИСЛАМДЫ ҚҰБЫЖЫҚ ЕТІП КӨРСЕТКЕН»

Шымкент қаласындағы Қонаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында ілінген «Жастар – діни экстремизм мен терроризмге қарсы» деген жазуы бар жарнамадағы сурет ислам діні туралы жағымсыз түсінік туғызады деп тапқан жергілікті мұсылмандар қоғамдық ұйымы осы жарнамаға тапсырыс берген жергілікті биліктен оны алып тастауды талап етуде.

– Олар мұны Хизб ут-Тахрир секілді ресми тыйым салынған экстремистік ұйымдарға қарсы жасадық деп отыр. Ендеше солай деп түсініктеме жазсын. Неге маңдайына «Аллаһ» деп жазылған адамның бетін жауып, қолына қару ұстатып қояды? – деп наразылығын айтады Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі Мұсылман комитеті бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры Ерлан Бектеміров.

Қоғамдық ұйым өкілі жарнамадағы сурет пен жазу қарапайым жұрт арасында исламды тек терроризм және экстремизммен байланыстыратын теріс түсінік қалыптастырып, адамдарға бұл дінді құбыжық кейіпте көрсетеді деп санайды.

– Мен осыны дайындаған жарнамалық агенттіктің басшылығымен сөйлескенімде, олар маған «сіз енді ояндыңыз ба? Бұл – бүкіл әлемнің ойы» деген ауыр сөздер айтты. Мысалы, жарнамадағы суретте тұрған үш баланың ар жағында қолдарын жайып тұрған адамдар бейнеленген. Мүмкін, олар Алладан жаңбыр тілеп тұрған бедуиндер шығар. Ал бұл суретті ондағы жазу мен қаруды қабаттастырып қараған адам мүлдем басқадай түсінікте қалады, – дейді Ерлан Бектеміров.

Бұл сөзге шымкенттік жас жігіт Рүстем Ғарифуллин де қосылады. Ол бұл тақтайшаны көріп, экстремизм – тікелей исламмен байланысты ұғым деп түсінгенін айтады.

– Қорқынышты сурет. Бірақ, ислам мен терроризмнің байланысты екенін анық көрсетіп тұр. Мен мұны көргенде көкейімде қатты реніш пайда болды. Әрине, қолдамаймын. Теріс пікір тудыратын жарнама, – дейді Рүстем Ғарифуллин.

«ЖАРНАМАДАҒЫ СУРЕТТІ ИНТЕРНЕТТЕН АЛДЫМ»


Жарнама тақтасын жасап шығарған Шымкенттегі жарнамалық агенттік дизайнерінің айтуынша, оған тапсырысты Шымкент қаласы әкімінің ішкі саясат бөлімі берген. Тапсырыс берушіге әлеуметтік жарнама тақырыбына жасалған бірнеше жоба ұсынылыпты.

– Мен бұл суретті аспаннан алған жоқпын. Әлемдік ғаламтор арқылы, ондағы басылымдарда шығарылған суреттерді таңдап алдым. Егер олар исламға қарсы болса, неге БАҚ беттерінде басып шығарылған? Мен дайындаған бірнеше жобаның ішінен әкімшілік осыны таңдап алды, – деді жоба дизайнері Зәуре Қайдау Азаттыққа.

ЖАРНАМАҒА ТАПСЫРЫС БЕРГЕНДЕР ОНЫ КӨРМЕГЕН, БІРАҚ СЫНМЕН КЕЛІСПЕЙДІ

Даулы жарнаманы алдырып тастауға ниеттенген қоғамдық мұсылмандар ұйымының өкілі Ерлан Бектеміровтың айтуынша, ол осы жарнамаға тапсырыс берген Шымкент қалалық ішкі саясат бөліміне наразылығын білдіргенде, ондағылар бұл тақтайшаны көрмегенін айтыпты.

Ерлан Бектеміров, Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі Мұсылман комитеті бірлестігінің Оңтүстік Қазақстандағы филиалының директоры. Шымкент, 3 маусым 2009 ж.
– Ілінгеніне бір ай болған жарнаманы мен айтқан соң келіп көрген ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары өткен аптаның аяғына дейін оны алып тастауға уәде еткен еді. Бірақ жарнама әлі сол орнында тұр, – деді Ерлан Бектеміров Азаттық тілшісіне маусымның 3-і күні.

Осы мәселеге байланысты Азаттыққа берген түсініктемесінде Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Сардарбек Молдабеков бұл жарнаманы өз көзімен көрмегенін айтты. Алайда жарнаманың мазмұны мен суреті исламға қатысты қате пікір туғызады деген сынмен келіспейтіндігін білдірді.

– Қандай жарнама? Оны кім жасатыпты? Біз жасатыппыз ба? Ол өткен айдағы «Жастар – діни экстремизм мен терроризмге қарсы» атты шараға байланысты ілінген шығар. Біз ол шараны елде жүрген Хизб ут-Тахрир секілді жат ағымдармен күрес мақсатында өткіздік. Ол биллбордты өзім көрген жоқпын. Бірақ ол исламға қарсы емес. Ислам дініне қайшы әрекетке барушылар туралы, сол мағынада жасалған. Ал ол жарнаманы алып тастаймыз деген бекер әңгіме, – дейді Сардарбек Молдабеков.

Ал жарнамадағы сурет пен жазу мұсылман қауымының наразылығын туғызады деп санайтын Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі мұсылман комитеті бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан филиалы даулы биллбордты алып тастау туралы талаптарынан қайтпай отыр.

Қазақстанда қызметіне сот шешімімен тыйым салынғандардың тізімінде барлығы 14 ұйым бар. Олардың біреуі экстремистік, қалғандары террорлық ұйымдар деп танылған.

Бұл тізімге «Әл-Қаида», «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Күрд халық конгресі», «Өзбекстан ислам қозғалысы», «Асбат-әл-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан» қозғалысы, «Боз Гурд», «Орталық Азия моджахедтері жамағаты», «Лашкар-и-Тайба», «Әлеуметтік реформалар қауымы», «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», «Аум Сенрике» және «Хизб ут-Тахрир-әл-Ислами» ұйымдары енгізілген.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Заңгер Қайдан: Алматы
05.06.2009 12:25
+0 / -0
Мұнысы нағыз оңбағандық. Қазақты, қазақтың дінін қорлау. Кеудеге қол салды жайықты алды, жағаға қол салы Еділді алды, енді іштей сеніп отырған дінімізді алмақ па? Рекламада территоризм деп жазып отырып, құран сөзі жазылған араб жазуларын неге жазып қойған? Терроризм, тең болады исламға деген нағыз қате тұжрымға кім келген? Қазақтар бар болсаңдар, скандал шығаруымыз керек, Шымкен қаласының әкімі мен ішкі істер саясатының бастығын тентіретіп жібермей тынбау керек.

Кімнен: Нұржан Қайдан: ОҚО
05.06.2009 13:17
+0 / -0
Әкімдердің діни сауатсыздығының нәтижесі осы, дін мен терроризмді шатастырған.

Кімнен: Қуандық Қайдан: Алашорда ту тіккен қала!
05.06.2009 14:40
+0 / -0
Шымкенттің қазақтары чукча сияқты мазақ пен қорлыққа көне бермеуі тиіс. Намыс қайда? Осы бильборд әлі де ілініп тұра берер болса расында да мақұлыққа айналып кеткеніміз...
Қорланған дініңді қорғап қала алмасаң бүйткен елдігіңнен не пайда!?

Кімнен: Сарыарқаның еркесі Қайдан: Арқа жерінен
05.06.2009 15:43
+0 / -0
Алланың өзі сақтасын. Алладан емес, Алладан қорықпағаннан қорық деген осындайда айтылған болар. Мынау Шымкенттің қазағы бірдеңе білетін асылдар-ау деп жүрсек, нағыз оңбаған болып шықты ғой. Мұнысы несі? қандай өзін мұсылманмын деген адам мынадай қорлыққа, азапқа шыдап тұрады. Қазақтардың өзі бүйтіп жатқан соң, өзгелерге тіпті дауа жоқ. Әй, көріңде өкіргір, Сардарбек Молдабеков, ана жарнама сымағыңды бірден алып тастамасаң, саған бұ дүниеде де, о дүниеде де тыныштық жоқ. Қай атаңнан естідің, терроризмді исламға байланыстырады деп. Батыстың жасап келген қорлығын енді сен жалғадың ба? Өз ішіңнен шыққан жау жаман деген осы шығар.Балаққа жармасқан бит құсамай, ана жарнаманы жаның барында жоғалт. Тіпті сен сияқтыларға сөзіміз шіркін жетер ме екен?! Қазақтар жәй қарап жатпаңдар, ғаламтордан аласың ба, әлде қайдан аласың онда гаруамызжоқ, өз ісіңе жауап бер. Біреу өл десе, барып өле қалмайтын шығарсың Сардарбек Молдабеков. Сондықтан біз ештеңе білмейміз анадан алдық, мынадан алдық демей, еліңнің, ұлтыңның ұланы болсайшы. Кім көрінгеннің ит айтағына жүгірмей. Ішкі істер басқармасы мен әкім егер осы жарнаманы алмаса, оларды орындарынан жұлып тастау қажет. Кез келген билік халықтан қорқады. жаным ауырып, айтарға сөз таппай отырмын. мынау деген ең масқаралық шығар. Шымкенттіктер қайдасыңдар? Тез хабар беріңдер.

Кімнен: adam
05.06.2009 15:46
+0 / -0
terrorizm ne ekenin ozderin bilmeisinder.telefizordan aitkandarga senip kazirgi kezde informactionnaya voina.VSEM SoVetyu posmotret dok.film Farangeit9-11

Кімнен: okirman
05.06.2009 15:51
+0 / -0
Terrorizm dep jyrgende Amerika jaylap almasin Kazaxstandi

Кімнен: НӘН Қайдан: Ақордадан
05.06.2009 16:52
+0 / -0
Сардарбек Молдабеков, жаның барында ана жарнаманы алып таста. Әйтпесе, өзім барып, арнайы тапсырма берейін бе? Елге мазақ қылмай, жоғалт. Әкім екеуіңде менен жақсылық күтпеңдер. Сендерге түсінікті шығар деп ойлаймын.

Кімнен: МҮМИН Қайдан: Бейбіт жер
07.06.2009 12:01
+0 / -0
Сардарбек Молдабеков,Зәуре Қайдау дегендер оқымаған,сауатсыз кәпірлер екен кілең!Баяғыда Данияға қарсылық көрсеткен мұсылман бауырларымыздың ерлігін қайталауымыз керек.Қимылдау керек,Шу шығару керек Мұсылман бауырлар.

Кімнен: самат Қайдан: ақтөбе
07.06.2009 14:03
+0 / -0
әй,шымкенттіктер.біз сендерге қарап,қазақ боламыз,дін ислам боламыз деп,балаларымызға оңтүстікті үлгі ретінде ұсынып жүрсек.мынау не қылықтарын.шамасы басшыларыннын ішінде басқа гәп бар ау деймін.

Кімнен: БАҚ Қайдан: Астана
08.06.2009 15:42
+0 / -0
Әй, көріңде өкіргір Сардарбек Молдабеков құрт ана жарнамаңның көзін. Әйтпесе үрім бұтағыңмен екі дүниеде де оңбай өтесің. Ал оңтүстік халқына айтарым мұндай сұмдықты осы уақытқа дейін қалай көрмей келгенсіңдер. Алладан қорсаңдашы!

Кімнен: Ерлан Бектемір Қайдан: Шымкент
08.06.2009 23:59
+0 / -0
Бисмиляхир Рахманир Рахим. Ассаламуалейкум уа Рахматулахи уа Баракатуху.Бірінші АЛЛАның рахымы,екінші сіздердің үлкен қолдауларыныздың арқасында билборд алынып тасталды. Барлықтарыңызға АЛЛАХ разы болсын.

Кімнен: Патриот қазақ Қайдан: астана
12.06.2009 09:52
+0 / -0
Әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің бастығын тез арада орнынан алып,Қала әкімі халықтан кешірім сүрасын