Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:23

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Тізерлеген ардагерлердің суреті ілініп қайта алынғанын әкімшілік жоққа шығарады

Жеңіс мерекесі қарсаңында Шымкентте жол бойында ілінген жарнамада соғыс ардагерлері тізерлеген күйінде бейнеленген. Журналистер назар аударғаннан кейін жоғалған бұл суреттен әкімшілік те, жарнама агенттігі де бойларын аулақ салуға тырысады.

Мәтін көлемі - +

ТІЗЕРЛЕГЕН ЖЕҢІМПАЗДАР

Шымкент – Ленгір тасжолында біраз уақыт бойы ілініп тұрған әлеуметтік билбордта соғыс ардагерлерінің тізерлеп тұрған қалпында бейнеленгені туралы Азаттық тілшісіне сол суретті көрген адамдар хабарлады.

Олар фотосуретке тартып алған әлеуметтік жарнамадан Астананың орталығындағы алаңда кеуделері орден-медальға толы бір топ
Шымкент-Ленгір тасжолы бойындағы билборд. Сәуір, 2010 жыл.
соғыс ардагерінің суретке түскен сәтін көруге болады.

Бұл суретті Азаттық тілшісіне әкеп бергендер өз аты-жөндерін атағысы келмеді, бірақ олар соғыстан жауды жеңіп оралған ақсақалдардың кейбірін тізерлетіп, енді бірін еңкейтіп қоюдың сырын ұқпай, бұл суретті көріп екіұдай сезімде болғандарын айтады.

Жұрттың назарын аударған жарнамадағы әдеттегіден өзгешелеу суреттің сырын тиісті мекемелерден білмек болдық.

– Қалайша? Ардагерлер тізерлеп тұр ма? Мүмкін емес! Қазір анықтайын, – сауалмен барған Азаттық тілшісіне қарсы сұрақ жаудырған Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары Құрманбек Жарқынбек Шымкент – Ленгір тасжолында тұрған суреттің шығу тарихын түгендеуге кірісті.

АГЕНТТІК БАСШЫСЫНЫҢ ЕКІ СӨЗІ

Одан анықтағанымыз, қаладағы барлық әлеуметтік билбордтарды шығарумен осы саладағы тендерді ұтып алған «Эльдорадо» жарнама агенттігі айналысады екен.

Шымкент бойынша ілінген 28 билбордтың барлығы осы мекемеде жасалыпты. Биылғы жылдың бюджетінен әлеуметтік жарнамалар үшін 15 миллион теңге бөлінген екен. Қаражаттың басым бөлігін совет-герман соғысындағы жеңістің 65 жылдығына арналған билбордтарға жұмсау жоспарға енгізіліпті.

Агенттік басшысы Нұрғазы Тілеубердиев алғашында бұл билбордтың өздеріне еш қатысы жоқ екендігін, әлгіндей сурет туралы өзінің
«Эльдорадо» жарнама агенттігінің директоры Нұрғазы Тілеубердиев. Шымкент, 26 сәуір 2010 жыл.
бірінші рет естіп тұрғанын айтып бақты.

«Мүмкін бұл жеке агенттіктердің жұмысы шығар» деген болжам айтты ол. Негізінде, Шымкентте жарнама жасаумен айналысатын 12 мекеме бар екен.

Нұрғазы Тілеубердиев бізді өз кеңсесіне алып барып, жеңіс күні қарсаңында жарық көрген әлеуметтік жарнамалардың барлығымен жете таныстыруды жөн көрді.

Әйткенмен, «Эльдорадо» жарнама агенттігінің директоры өз құжаттарының ішінен таба алмаған әлгі билбордтағы сурет оның көмекшісінің компьютерінен шыға келді.

Сол-ақ екен, соғыс ардагерлерінің Астанада түскен суреті бейнеленген билборд жасағаны Нұрғазы Тілеубердиевтің есіне түсе қалды.

Бірақ ол әлгі суретті түсіруге өзі басқарып отырған мекеменің қатысы жоқ екенін айтумен болды.

– Біз тек дайындап бердік бұл билбордты. Суретті Төле би ауданы әкімшілігінің қызметкерлері әкеп берді. Ардагерлердің көбі мүгедек қой.
Төле би ауданы әкімдігі, Оңтүстік Қазақстан облысы. 26 сәуір, 2010 жыл.
Мүмкін өздері арбамен түскілері келмеген шығар, – дейді жарнама агенттігінің басшысы.

«БИЛБОРД ІЛІНГЕН ЖОҚ»

Бір қызығы, жұрт көлік жолы бойынан байқаған әлгі жарнама тұрған орнында ұшты-күйлі жоқ болып шықты.

Ал Төле би ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Назира Тезекова әлгіндей суреті бар жарнама ілінген жоқ дегенді айтады.

– Бұл сурет ардагерлердің өз қалауы бойынша түсірілген. 28 адам Астанаға барып демалып келді. Сонда түскен суреті бұл. Ол билбордты біз Жеңіс күніне орай дайындадық. Бірақ ілген жоқпыз. Бұл сурет ілінген жоқ, – деп жауап берді Назира Тезекова Азаттық тілшісіне.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы бойынша жеңістің 65 жылдығына орайластырып аудан ішінде бас-аяғы 20 әлеуметтік жарнама орналастыру жоспарланған. Олардың 11-і ілінген, ал 9-ы әлі дайындалып жатыр дейді шенеунік.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Қазақ
28.04.2010 17:58
+0 / -0
ынау деген нағыз масқара ғой! Мына суретте шынымен ардагерлер тізерлеп тұр. Бұл не мазақ па? Байғұс шалдарды тізерлетуге кімнің хақысы барды екен?

Кімнен: Қарлығаш Қайдан: Астана
28.04.2010 18:00
+0 / -0
Құдай сақтасын. Анау әкімдегілер де агенттік басшысы да ақшадан ешнәрсені көзі көрмейтіндер Құдайдан қорықпай ма ең болмаса. Қалайша дәттері барды екен мұндай қылмысқа? Айтарға сөзім жоқ. Адамның қанын қарайтатын нәрсе ғой мынау деген

Кімнен: Керім
28.04.2010 18:06
+0 / -0
не деген сұмдық???? уа халайық, қайда бара жатымыз? ардагерлерімізді жерге аунатып қойған халықтан не күтуге болады?

Кімнен: Азат
28.04.2010 18:22
+0 / -0
Мына суретті көріп анау аталарды сонадй аяп тұрмын. бз фашисттерден асып түстік пе өзі қалай боғаны, ұятын ай

Кімнен: Ұлбосын Қайдан: Шымкент
28.04.2010 18:30
+0 / -0
мұна сұмдықты көргенде менің де шашым тік тұрды. мұндай сорақылық болмас сірә.Бүйткенше билборд ілмей ақ қоймай ма.Фашистің алдында тізерлемеген қарт майдангерлерді тіземен отырғызып не болды сонша.

Кімнен: Динара Қайдан: Атырау
28.04.2010 18:31
+0 / -0
Жарайсың, Мира Мүсілім! Мақалаларыңыз өте ұнайды маған. Еңбекте жеміс тілеймін

Кімнен: әлихан Қайдан: балқаш
28.04.2010 18:34
+0 / -0
Бұл не деген сұмдық!? Назира Тезекованы өтірік айқаны үшін мемлекеттік қызметте бір минутта ұмтамау керек.НұрОтан паритясы қайда қарап отыр? Ардагерлерімізді неге жерге аунатып қойған? Бұдан артық қандай қорлық болады?

Кімнен: Бикелді Қайдан: Алматы
28.04.2010 18:37
+0 / -0
Не деген сұмдық еді. Намыстан ұят күшті, дейтін қазақ едік. Бізде қазір барлығы керісінше боп кетті ғой. Заман өзгерді ме, әлде адам өзгері ме...
Пікір алмасу

Кімнен: Күнімай
28.04.2010 18:50
+0 / -0
Дұрыс, ойңа қосылам Бикелді. Қазірзі адамдар намыстың аттап кете береді. оның не екезіне де білмейді

Кімнен: Халық ағай Қайдан: Қызылорда
28.04.2010 18:43
+0 / -0
Құрғырлар жеңісті алып берген қарттарды жерге отырғызып тізерлетіп қойғаны несі. о заман да бұ заман құдайдан қорықпайтындар. қан кешіп жүріп бейбіт өмірді сыйлаған арыстарымызды төбемізге көтерудің орнына қазіргі заман азаматтарының жасап отырғаны мынау болса ертеңге не үмітпен қараймыз? оларды азамат деуге де болмайтын шығар. олар сол соғыстың не екенін беле ме кен? әрине жоқ. білсе бұлай қорлауға жол бермес еді. бұл нағыз барып тұрған қорлық, қорлау.

Кімнен: Жарас
28.04.2010 18:46
+0 / -0
Дұрыс айтасың Әлихан анау қызметкерді жұмыстан қуу керек әкімімен бірге!

Кімнен: Салтанат Қайдан: Алматы қ.
28.04.2010 18:48
+0 / -0
Масқара, әрине. Мұндай агенттіктерді жауапқа тарту керек. Бұл барып тұрған жұмысқа немқұрайды қарау. Бәлкім, әлеуметтік жоба болған соң, ардагерлерден түсетін пайда жоқ, деп қалай болса, солай қараған шығар. Тәртіп болмаған жерде, ешнәрсе болмайды. Мұндай ұйымдарды, әкімшілігімен қосып жоғарғы жақтан жауапқа тартса. Бірақ, қайдам. Бізде "Тыңдалмаған сөз-жетім" емес пе?

Кімнен: Керей
28.04.2010 18:48
+0 / -0
НұрОтан қайда қарап отырғанын бәріміз білеміз ғой...

Кімнен: Жан Қайдан: Орал
28.04.2010 18:57
+0 / -0
Біздің елде бәртіп болтай түк болмайды! Бұл сұмдық облыс әкімінен бастап үлкен сын! Асқар Мырзахметов қайда қарап отыр? Басқа әкім қаралар не бітіріп отыр осыған жол беріп, масқарасын ай

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2010 19:57
+0 / -0
қатары күн емес, сағат сайын сиреп бара жатқан шалдарды тізерлетіп қойған топастарға не деуге болады, тіпті, айтуға сөз таба алмай отырмын, мал болмайтындар ғой нұр-отаны да, әкімсымақтары да, қартты қадірлеуді білмейтін сендер екі дүниеде оңбассыңдар

Кімнен: Көркем Қайдан: Зайсан
28.04.2010 20:16
+0 / -0
Балық басынан шіриді деген осы шығар...мүмкін алдарына НАН-ның суретін қойып қоыған шығар суретші? Кім білсін басқа кімнің алдында тізе бүктірер бұл елде!

Кімнен: Мәди Қайдан: Қазағымның жері
28.04.2010 20:34
+0 / -0
Не қарайды дейсің. Күнде сол жолмен жүре береді. Оларға бәрібір.

Кімнен: Анахарсис Қайдан: авыф
28.04.2010 21:14
+0 / -0
Шикі ет жейтін қазақ дейтін ел бар көрінеді
Екі күннің алдында қиырдағы ескі ауылымнан, жарқыраған Астана қаласына келіп Қолдан жасалған сәулетті қаламыздың көшелерін айланып, Қазақстанның болашағы туралы тәтті қиялға беріліп келе жатсам, бір көшеге ілінген туырлықтай алып жарнамаға көзім түсті. Жарнама тақырыбы "Қазақстан менің отаным!" деп қос ауыздардың қос тілінде айшықты жазылыпты. Тамаша. Қазақы дәстүрде киінген үш әйелдің суреті берілген. Біреуі қолына домбыра алып, Құрманғазыны шертіп отырғандай болыпты. Тамаша! дегенмен олардың алдына қойылған ас мәзіріне көзім түскенде көңілім құмалақ түсіп кеткен сары майдай бұзылды: Айдың күннің аманында, жиырмабірінші ғасырда қазақ әйелдері алдарына шикі ет қойып қойыпты. Жемесе қайтсін. сонда ет жеуде қасқырдан кейін тұрамыз деп мақтанатын қазақ баласы қасқырмен жарысып шикі ет жеп жүрген болды ма? Қазақ шикі ет жейтін жабайы халық болғаны ғой! егер бір шетелдік көрсе, солай ойламауы мүмкін емес қой! Масқара. Тозған ауылыма қарай қаштым. Мақтан тұтқан қаламызда қазақтар шикі ет жеп жүрген болды ғой! масқара!

Кімнен: Жолаушы
28.04.2010 21:49
+0 / -0
Масқара. Ұят ай. Фотоға түсірген мәңгүрт екен нағыз. Осыны орыстар артын ашып күліп жазып жатыр. Боратты да естеріне түсіргендер бар. Суретке түсірген итті бір сабап алу керек екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Жан Қайдан: Жанбай
29.04.2010 12:13
+0 / -0
Сумдык екен... Маскара... Не үшін соғысты, кім үшін соғысты? Бар болсын мұндай мемлекеттілік пен саясат.

Кімнен: Жолай Қайдан: Алматы қ-сы
28.04.2010 23:26
+0 / -0
Әй аптықпаңдар. Тізерлесе, тізерлесін. Олар соған үйренген. Егер олай болмаса, текті болса, онда біздер бүгінгі мынадай қорлыққа төзбеген болар едік. 3000 тг. сатылып, Нурикті сайлағанда солар, 2005жылы.
Пікір алмасу

Кімнен: Жарам-Сақ
28.04.2010 23:54
+0 / -0
расында, Жолайдың сөзінің жаны бар. Егер тізесін бүккісі келмесе ол шалдарды ешкім қинамас еді, "ойбай, міне Нұрекең отыратын Ақорданың адына келдіңдер, ал тізе бүгіңдер" деп айтпасына, сол кезде шалекеңдер жалп етіп отыра қалмағанына кім кепіл. Бұл жасқа келгенше тізе бүгіп үйренбеген асау мінезді ақсақалдар болмаса, қазіргі заманда өз жақынын бір атым насыбайға сата салатын шалдарға тізерлей салу деген не, тәйірі!!

(...Сезіп отырмын, қазір бәрің абалап маған лап қоятын шығарсыңдар... хотя мен бар болғаны өз ойымдағыны айттым)

Ал Мира қарындасқа (әлде әпкейге?) өтініш - әуелі сол шалдардың өздерінен сұрап біліңізші, оларды тізерлеп суретке түсірткізген қандай құдірет болды екен?

Кімнен: Жолай Қайдан: Алматы қ-сы
28.04.2010 23:44
+0 / -0
Мен қанша пікір жаздым, шықпайды. Бұл не сонда? "Азаттықта" әділдік жоқ болса, онда білмедім...
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі