Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:23

ӘЛЕУМЕТ

Шымкенттік қарт майдангерге қаладағы Жеңіс мейрамын көру арман боп отыр

Шымкенттік 83 жастағы Игорь Саблин Жеңіс күні қала орталығында өтетін мерекелік шараны тамашалап, өзге ардагер қариялармен жүздескісі келеді. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын оған бар керегі – қоларба. Жергілікті билікке сөзін өткізе алмаған қартқа мектеп оқушылары көмекке келді.

Мәтін көлемі - +

ШЫҒЫС МАЙДАННЫҢ ЖАУЫНГЕРІ

Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Игорь Саблиннің өздігінен жүріп-тұрудан қалғанына екі жылдың жүзі болыпты. Қария қазір үй ішінде дөңгелекті орындыққа отырып қозғалады. Бірақ соңғы кезде оның өзі қарт кісіге ауырлық ететін көрінеді.

Игорь Саблин совет армиясының қатарына 1945 жылдың басында шақырылыпты. Сібірде бірнеше ай әскери жаттығудан соң 18 жастағы жас жігіт сол жылы жаздың соңында Шығыс майданға аттанады.

– Мен соғыс мүгедегі емеспін. Бірақ ардагермін. Манчжурде соғыстым. Жапондар оңайлықпен берілмейтін. Ол кезде мен жаспын, кескілескен майдан ортасына алғаш түстім. Ал бізден жасы үлкендеу жауынгерлер біздің өмірімізді сақтап қалу үшін денесімен жауып
Майданда қаза болғандардың құрметіне жағылған Мәңгілік алау. Алматы, 9 мамыр 2009 жыл.
қалатын. Ол кездегі қайсарлық мінез, өкінішке қарай, қазір құрдымға кеткен сияқты, – деп сұрапыл соғысты еске алды қарт майдангер.

Соғыс аяқталған соң да біраз жыл шығыстағы совет әскерінің қатарында болған Игорь Саблин 1951 жылы елге оралады. Оның майданда алған бірнеше орден-медальдары бар.

МАЙДАНГЕРДІҢ АРМАНЫ

Қарт майдангер өздігінен жүріп-тұрудан қалған соң мереке кезінде оның хал-жағдайын сұрап іздеп келетін де ешкім жоқ деп налиды. Жергілікті билік өкілдері Жеңіс мейрамы күні ақсақалды тек телефон арқылы құттықтайды екен.

Алайда биыл ол мамырдың 9-күні қала орталығында өтетін Жеңіс мерекесін көзімен көріп, өзі тәрізді майдангер қарттармен жүздесуді армандайды.

– Біздің қала керемет қой. Бірақ қазір қандай екенін білмеймін. Түсімде көретін болдым. Әйелім екі жыл бұрын қайтыс болды. Жалғыз қызым бар. Оның өз отбасы бар. Ешкімге ауыртпалығым түспесе екен деп тілеймін, – дейді қария.

Биылғы Жеңіс мерекесіне бару үшін ол тым болмағанда бір күнге қоларба тауып беруді сұрап қала әкімшілігіне телефон шалыпты.

– Ондағылар маған аяқ-қолыңыз істемейтінін арнайы комиссия арқылы анықтату керек деп жауап берді. Мен ашуланып оларға «ендеше
Аяғы сал болып қалғаннан соң қарт майдангер Игорь Саблин үй ішінде дөңгелекті орындықпен қозғалады. Шымкент, 28 сәуір 2010 жыл.
басымды да тексеруді ұмытпаңдар» деп ескерттім, – дейді қарт жауынгер.

Ақсақал мүгедектік алуға да талпынып көріпті. Алайда ол үшін қыруар құжат жинап, талай мекемеге бару керектігін естіп-білген соң қолды бір-ақ сілтепті.

– Мүгедектік алу үшін комиссиядан өтіп, жүгіру керек екен, уақыт та көп кетеді дейді. Ал мен екі аяғымнан жүре алмаймын, ондайға шамам жоқ, – дейді Игорь Саблин.

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖАУАБЫ

Соғыс ардагері Игорь Саблиннің жағдайына байланысты Азаттық тілшісі Шымкенттегі жергілікті тиісті мекемеге хабарласқан еді.

Ондағы шенеуніктер ардагер қарияға медициналық тексеруден өтіп, мүгедектігі анықталғаннан кейін ғана әлгіндей ол сұрап отырған қоларба берілетіндігін жеткізді.

– Белгіленген тәртіп бар. Біз тек қана медициналық құжаттарға сәйкес қоларба бере аламыз. 9 мамырға дейін бірнеше соғыс ардагеріне мүгедектік арба беру жоспарда бар. Ол шара жақын күндері жүзеге асады, – деді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары Мария Барақбайқызы Азаттық тілшісіне.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында 495 соғыс ардагері бар. Олардың үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл қалалық бюджеттен 10 млн теңге бөлініпті.

«МЕЙІРІМНІҢ» МЕЙІРБАН ҰЛАНДАРЫ

Соғыс ардагері Игорь Саблиннің бұйымтайын орындауға Шымкент қаласындағы №43 орта мектептің «Мейірім» тобының мүшелері кірісіпті. Топ мүшелері ай сайын өздері қамқорлыққа алған 8 соғыс ардагерінің шаңырағына барып, үй шаруасында қолғабыс жасап тұрады екен.

Оқушылар әрбір ардагердің өмірбаянын жатқа білетіндерін айтады.

– Біз ардагерлердің үйіне барып, ешқандай оқулықтан таба алмайтын тың деректер мен қызықты оқиғаларды естиміз. Төсек тартып жатқан атайлардың үйін жинап, ыдыстарын жуып береміз, – дейді «Мейірім» тобының белсенді мүшесі Ақтілек Қалабаев.

«Мейірім» тобы өздері қамқорлыққа алған Игорь Саблиннің арманы туралы қарияның өз аузынан осыдан екі ай бұрын естіген екен.
Мектеп оқушыларының «Мейірім» тобын бастап келген тәлімгер Индира Умбарова екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Игорь Саблинмен сөйлесіп отыр. Шымкент, 28 сәуір 2010 жыл.
Содан бергі өткен уақыт ішінде олар бір күнге жалға берілетін мүгедектерге арналған қоларба іздеп біраз жерді шарлапты.

– Қалалық әкімшілікке, неміс мәдени орталығы мен ардагерлер үйіне және қария жұмыс істеген өкпе-құрт аурулары диспансерінен көмек сұрадық. Бірақ нәтиже болмады, – дейді «Мейірім» тобының тәлімгері Индира Умбарова.

Тек Жеңіс мерекесіне санаулы күндер қалғанда ғана мектеп басшылығына қарияның іздегенін табудың сәті түсіпті.

– Бір күнге қоларба табылып отырғанын айтып телефонмен қарияға хабарлағанымызда ол сенер-сенбесін білмей жылап жіберді, – дейді «Мейірім тобының» тәлімгері Индира Умбарова.

Қария өзінің жағдайына қарайласқан оқушылар мен мектеп ұжымына ризашылығын білдірді.

– Мен тек сендерге ғана сенемін. Айтар алғысым шексіз сендерге, – дейді қарт ардагер.

Жағымды хабар жеткен соң Игорь Саблин 9 мамыр күні Шымкенттің орталық алаңында өтетін салтанатты кешті көруге дайындала бастады. Бірақ ол алдымен №43 мектепте өтетін мерекелік шараға қатыспақ.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Алтынбек
04.05.2010 17:17
+0 / -0
Мира қарындасымның мақаласын оқысаң, біресе майдангерлер тізерлеп тұр, енді міне...шындықты тек сіздерден ғана біле аламыз. Ел атынан Мың алғыс!

Кімнен: Қарлығаш Қайдан: Қарағанды
04.05.2010 17:21
+0 / -0
Сонда соғыс отын кешкен ардагерге бір арба тауып беруге жарымай отыр ма Шымкенттік билігі? Мынау нағыз масқара ғой. Ұятын ай! Сонда бұл қарияның соғыстан аман келгені жазығы ғой? Құдай өзі сақтасын. Ұят!

Кімнен: Шапағат Қайдан: Алматы
04.05.2010 17:31
+0 / -0
Ардагердің көз жасына қалып жүрген мұндай билікті қарғыс атсын!

Кімнен: Жақсылық Қайдан: Семей
04.05.2010 17:36
+0 / -0
Мына мақаланы оқып отырып-ақ ұяттан жерге кіріп кете жаздап отырмын. Мұны біле тұра саусағының ұшын қимылдатпаған бұл өңірдің әкімдерінің нерві мықты екен ау шіркін. беттері қалың ау сірә.
Пікір алмасу

Кімнен: Оноқ Қайдан: Тоғыз оғыз
04.05.2010 19:51
+0 / -0
Олардың беті Ресейде Жасалған деген жазуы бар ерекше көнтеріден істелген.

Кімнен: Көкжелкен Қайдан: ШКО
04.05.2010 18:14
+0 / -0
Осындай жеріміз, байлығымыз бар деп мақтанғанын қайтерсің басшылардың, төбеден бастап...НАНды айтам...масқара

Кімнен: Көбейсін Қайдан: Көкшетау
04.05.2010 18:19
+0 / -0
Адамның намысын келтіреді екен. не деген надандық. анау отырған шенеуніктер сонда осы шалдың жүре аламй отырғанын білмей ме? екі жылдан бері дәрігерлер ай қарап жүр ме? мұндайдан кейін, бұл елден безіп кеткің келеді екен. егер ардагерлерге деген қарым қатынас осылай болса, онда біз қартайғанда теуіп кететін шығар

Кімнен: Раха Қайдан: Сами знаете
04.05.2010 18:23
+0 / -0
Бұл Нан-нан бастап тоналған мемлекет! Ардагердің өзін керек болса көрмей кетуге бар. сол басшы сымақтар ардагерлердің үйіне барып, не 9 майда көңілмен гүл берет дейсіңдер ме? әрине жоқ. бәрі показуха! Позр всей стране! Героев унижаете!

Кімнен: Бату
04.05.2010 18:31
+0 / -0
Қарлығаш сізге толыққосылам. бұл бүкіл елге масқара болу

Кімнен: Алтын
04.05.2010 18:43
+0 / -0
Менің ойымша ардагерлерді билікке жалтақтатып қоюдың өзі күнә. олардың көргенін Алла басымызға салмасын. оны қастерлеудің орнына, қорлап отырғанымыз, қазіргі ұрпақ үшін де кейінгі ұрпақ үшін де ұят тірлік. оны папка арқалап бастық сымақ боп жүргендер де президент те ойлау керек.

Кімнен: Ақиқат
05.05.2010 10:28
+0 / -0
Құдайдан қорықпағандарды қалшылдаған қарттан қорқады деп кім айтты? Адамның көзі өлгенде ғана бір уыс топыраққа тояды. Ал әзірге жей беріңдер, тойымсыздар. Жетімді де, жесірді де, соғыс куәгерлерінде, елді жей беріңдер, қанай беріңдер

Кімнен: Роза Қайдан: Алматы
05.05.2010 16:07
+0 / -0
Мира - өте ізденімпаз қыз. Осындай тақырыптарды қопарып жүріп қайдан тауып алатынын... Әйтпесе сол Шымкентің бөркін аспанға атып жатыр ғой, ардагерлерге жасаған жақсылығын тізбектеп. Одан да осындайды көрмей ме? Ұят екен бұлары шынымен де....

Кімнен: Қалтай
05.05.2010 17:34
+0 / -0
Кез-келген телеканалды қоссаң кілең мақтау. кілең тамаша өмір. міне, ащы болса да, өмірдің шындығы осы. Жарайсың Қарт Азаттық!

Кімнен: Жақып Қайдан: ҚР
05.05.2010 18:44
+0 / -0
Осындай тағдырларды көргенде осы елде туып, осы елде өсіп-өніп жатқаныңа қынжыласың. неге екені белгісіз, шынымен барлығы тек көзбояушылық. қандай қиын. қайда қашып құтыламыз мұндай өмірден? баратын да жер жоқ

Кімнен: Aida
06.05.2010 19:15
+0 / -0
Mundai maskaraga zhol berip otyrgan bilikke tan kalamyn