Accessibility links

БҰҰ екі түркімен құқық қорғаушысын түрмеден босатуға шақырады


Түрмеде қаза болған «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы түркімен редакциясының тілшісі Оғылсапар Мұрадова. Сурет 2004 жылы Ашғабатта ұлының үйлену тойында түсірілген.
Түрмеде қаза болған «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы түркімен редакциясының тілшісі Оғылсапар Мұрадова. Сурет 2004 жылы Ашғабатта ұлының үйлену тойында түсірілген.

Біріккен Ұлттар Ұйымы екі түркімен құқық қорғаушысы Аннақұрбан Аманклычев пен Сапардұрды Хаджиевті абақтыда ұстап отырған түркімен үкіметінің ісін айыптады. Олармен бірге қамауға алынған Оғылсапар Мұрадова түрмеде көз жұмған-ды.


2006 жылы құқық қорғаушылардың озбырлықпен қамауға алынып, түрмеге жабылуын БҰҰ жұмыс тобы халықаралық заңдарды бұзу деп санайды. БҰҰ жұмыс тобы өз мәлімдемесінде түркімен үкіметін құқық қорғаушыларды босатуға шақырды.


ТҮРМЕДЕГІ ҚАЗА

Бұл мәлімдеме америкалық «Бостандық қазір» құқық қорғау ұйымының «Хоган Ловеллс» заң корпорациясымен бірлесе отырып жасаған құзырхатына ілесе жарияланды. Болгарияда орналасқан «Түркімен Хельсинки қорының» мүшелері Аннақұрбан Аманклычов пен Сапардұрды Хаджиевты түркімен арнаулы қызметі 2006 жылы маусымда қамауға алған болатын. Олармен бірге «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы түркімен редакциясының тілшісі Оғылсапар Мұрадова да тұтқындалған еді.

Бұл үшеуі Түркіменстандағы құқық қорғау ісінің жай-күйі туралы ақпарат жинап, оны шетелдік ақпарат агенттіктеріне тапсырған болатын. Аннақұрбан Аманклычев пен Сапардұрды Хаджиевті жеті жылға, Оғылсапар Мұрадованы алты жылға соттады. 2006 жылы қыркүйекте Оғылсапар Мұрадова түрмеде қаза болды.

Үшеуі қамалғаннан кейін бір айдан соң Лондонда орналасқан «Халықаралық рақымшылық» ұйымы сол кезде әлі көзі тірі Түркіменстан президенті Сапармұрат Ниязовқа хат жолдаған еді.

Хатта қамауға алынған құқық қорғаушылардың азапталып, оларға түрлі қатыгездік көрсетіліп жатқаны хабарланды. Хат ауторларының
Түркімен құқық қорғаушысы Аннақұрбан Аманклычев.
сөзіне қарағанда, Аннақұрбан Аманклычев пен Оғылсапар Мұрадоваға «бүлдіргіш әрекеттерін» мойындату үшін адам психикасына әсер ететін препараттар берілген».

«Халықаралық рақымшылық» ұйымы осыған орай Түркіменстан «Азаптау және адамның басқа да қадір-қасиетін түсіретін қатігез жазаларды қолдану мен адамшылыққа жат қарым-қатынастарға қарсы Конвенцияға» қатысушы мемлекет болып табылатынын, сондықтан бірде-бір адамның азапталуы мен қатыгездікке ұшырауына жол бермеуге міндетті екенін еске салды.

«Халықаралық рақымшылық» ұйымы сол кездің өзінде тұтқындарға тағылған айыптардың негізсіз және саяси астары бар екенін атап өткен еді.

Түркімен баспасөзі жазғандай, тұтқындалғандарға ресми түрде «халық арасында наразылық туғызу» мақсатында «жала жабу үшін жалған ақпараттар жинады» деген айып тағылды.


ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТҮСІРГЕНІ ҮШІН ЖАЗАЛАУ

«Халықаралық рақымшылық» ұйымы құқық қорғаушылардың шын мәнінде немен шұғылданғанын және оны биліктің қалай қабылдағанын егжей-тегжейлі жазды. Айып тағуға Аннақұрбан Аманклычевтың француздық Galaxie Presse телекомпаниясына Түркіменстан туралы деректі фильм түсіруге жәрдемдескені желеу болған.

Аталған телкомпания оған Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымында жұмыс істейтін дипломат арқылы телекамера берген. Фильмде жеке басқа табыну, денсаулық сақтау мен білім саласындағы ауыр жағдай және адам құқығына байланысты бірнеше тақырыптар сөз болған.

Бұл проблемаларды көрсету үшін Аннақұрбан Аманклычев ауруханалар мен емханаларды және түрме ғимаратының алдын жасырын камерамен түсірген.

Ресми Түркіменстан бұл әрекеттерді бүлдіргі әрекеттер мен тыңшылық істер деп бағалады. Оғылсапар Мұрадова мен Сапардұрды Хаджиевке Аннақұрбан Аманклычевпен ымыраласты деген айып тағылды.

Тұтқындалғандар да, Франция сыртқы істер министрлігі мен ЕҚЫҰ және Galaxie Presse те тағылған айыптарды үзілді-кесілді теріске шығарды.

Алайда үкім алдын-ала белгілі болып қойған еді, ал Оғылсапар Мұрадованың қамауға алынуының соңы қайғылы аяқталды. Көптеген қарсылықтар мен халықаралық ұйымдардың үндеулеріне қарамастан оның өлімінің себебі анықталмады.

Оғылсапар Мұрадованың туыстары мен әріптестері оның зорлықпен өлтірілгеніне сенімді. «Азат Еуропа/Азаттық» радиосының түркімен редакциясы Оғылсапар Мұрадованың ұрып-соғылғанын, мойны көгеріп, маңдайында балтамен ұрғанға ұқсайтын жарақат болғанын хабарлады.

Түрме қабырғасында қаза болған Оғылсапар Мұрадованың балаларына аналарының абақтыдағы мәйітін бұл іске ЕҚЫҰ қызметкерлері мен шетелдік елшіліктер өкілдері араласқан соң ғана берді.


РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

Елде жаңа президент сайланған соң Аннақұрбан Аманклычев пен Сапардұрды Хаджиев 2008 жылы рақымшылық жасау жөнінде билікке өтініші жасады. Президент Құрбанқұлы Бердімұхамедов бұл өтінішті жауапсыз қалдырды.
Оларды қамауда ұстайтындай ешбір негіз жоқ, сондықтан Түркіменстанның тұтқындарды босатуын күтеміз.


АҚШ-тың заң фирмасының өкілі Крейг Люис Азаттық радиосына берген сұқбатында үш құқық қорғаушының үстінен жүргізілген сотта халықаралық құқықтық процедура стандарттары бұзылғанын атап өтті.

«Оларды қамауда ұстайтындай ешбір негіз жоқ, сондықтан Түркіменстанның тұтқындарды босатуын күтеміз. Біздің ұстанымыз осы», – деді Крейг Люис.

Аннақұрбан Аманклычев пен Сапардұрды Хаджиевтің ісі таяуда Варшава мен Венада өткен ЕҚЫҰ саммитінде пікірталас өзегіне айналды.
XS
SM
MD
LG