Accessibility links

Түркмен президентінің оппозициялық партия құру туралы үндеуін елдегі жалғыз оппозиция жетекшісі құптап қарсы алды


Ел астанасының орталығында Түркменстан президенті Гурбанғұлы Бердімұхаммедовтың (сол жақта) үлкен суреті ілулі тұр. Ашғабад, 11 қараша 2009 жыл.

Ел астанасының орталығында Түркменстан президенті Гурбанғұлы Бердімұхаммедовтың (сол жақта) үлкен суреті ілулі тұр. Ашғабад, 11 қараша 2009 жыл.

Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхаммедов оппозициялық партиялар құруға шақырып, жұртты таңқалдырды. Соңғы 18 жыл бойы тәуелсіздік Түркменстанда бар жалғыз партияны президент басқарып келген.


ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Ақпанның 18-де түркмен халқы елдің «Ту күнін» атап өтіп жатқан кезде Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердімұхаммедов жұрт күтпеген жаңалықты жариялады.

«Біздің үкіметіміз шынайы демократияның қағидаларын дамытып, жақсартатын болады деп айтқым келіп отыр. Осы ұстанымды ескере отырып, егер кімде-кім жаңа саяси партия құру бастамасын қолға алуды қаласа, еліміздің Конституциясына сәйкес, мұндай партия осы
Түркменстан тәуелсіздік алғаннан кейін елде тек бір ғана партия – Түркменстанның демократиялық партиясы болған. Оның негізін алғашқы президент Сапармұрат Ниязов қалап, өмірінің соңына дейін осы партияны өзі басқарды.
жылы тіркелуі мүмкін. Ол аграрлық немесе кез-келген басқа бағыттағы партия болуы мүмкін», – деді Бердімұхаммедов үкімет отырысында.

Президенттің бұл мәлімдемесі елді таңқалдырып отыр. Себебі, осыдан 18 жыл бұрын тәуелсіздік алған Түркменстанда осы кезге дейін тек бір ғана партия – Түркменстанның демократиялық партиясы бар-тұғын. Оның негізін елдің алғашқы президенті Сапармұрат Ниязов қалаған және партияны өле-өлгенше өзі басқарған-ды.

Марқұм Ниязов егер көзі тірі болғанда, биыл 70 жылға толған болар еді. Оның туған күні елдің «Ту күнінде» аталып өтеді. Парламенттік сайлаулар кезінде дауыс берушілер тек қана осы партияның үміткерлерінің арасында немесе бірнеше кәсіпкерлік топтардың кандидаттарының арасында таңдау жасай алатын.

Ал бұл жолы тың жаңалық айтқанымен, президент Гурбангұлы Бердімұхаммедов «оппозициялық» партия құру туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

ЕЛДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ОППОЗИЦИЯ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ПІКІРІ

Бірақ оның мәлімдемесін оппозициялық топтың Түркменстанда тұратын жалғыз ғана жетекшісі Нұрберді Нұрмаммедов жылы қабылдап отыр.

1989 жылы құрылған оппозициялық «Ауызбірлік халықтық қозғалысының» жетекшісі Нұрмаммедов Бердімұхаммедовтың жаңалығы өзін
«Ауызбірлік халықтық қозғалысының» жетекшісі Нұрберді Нұрмаммедов. Ашғабат, желтоқсан, 2007 жыл.
ынталандырғандығын айтты. Бірақ ол бұны саяси плюрализм бағытындағы ұзақ үдерісте жасалатын алғашқы қадам деп атап көрсетті.

– Біріншіден, президенттің мәлімдемесін құптап қарсы алып отырғанымды айтқым келеді. Алайда мұндай мәлімдеме жүзеге асуы үшін бірқатар шаралар қолға алынуы тиіс. Осы іс-шаралар мақұлданады деп үміттенемін, – деді Нұрберді Нұрмаммедов.

Қазіргі таңда Түркменстанда саяси партия құруға заңды негіз жоқ. 1992 жылы әлеуметтік ұйымдар, олардың ішінде саяси партиялар туралы заң қабылданды, бірақ оны үкімет жүзеге асырмады.

2003 жылдың 21 қазанында әлеуметтік ұйымдар мен саяси партиялар туралы заң мақұлданды, бірақ оған сәйкес, саяси, әлеуметтік ұйымдар мен діни топтар және одақтар арнайы заңға негізделіп тіркелуі тиіс делінген.

– Осы уақытқа дейін әлгі арнайы заңды көрген жоқпыз, – дейді Нұрберді Нұрмаммедов.

«Ауызбірлік» 1990 жылы әлеуметтік топ ретінде тіркелді, бірақ үш айдан кейін оның тіркелу құжаттары жойылды. Совет одағы ыдыраған соң және Түркменстан тәуелсіздік алғаннан кейін «Ауызбірлік» саяси партия ретінде тіркелуге тырысты, бірақ оның әрекеттері сәтсіз болды.

Нұрберді Нұрмаммедов өзінің партиясын тағы да тіркеп көретінін айтты.

– Егер елде саяси партияларды құру және тіркеу туралы заң қабылданса, «Ауызбірлік» халықтық қозғалысы Әділет министрлігінде тіркелуге әзір, – деді ол.

КӨРШІЛЕРДЕГІ ЖАҒДАЙ

Нұрберді Нұрмаммедов елде оппозициялық партиялардың құрылуына лайықты жағдай жасалмайынша, әшейін құрылған партиялар «жасанды» болады деп ескертеді. Мәселен, кейбір көршілес елдердегідей, «оппозициялық» деп аталатын партиялар сияқты дейді
Солдан оңға қарай: Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрмаммедов.

Қазақстан мен Тәжікстанда, әсіресе Өзбекстанда оппозициялық делінген бірақ шын мәнінде президентшіл балама саяси партиялар құрылған. Осындай жайт Түркменстанда да болуы мүмкін.

Президент Бердімұхаммедов 2006 жылы Ниязовтың өлімінен кейін президент болып сайланды. Ол елде реформаларды жүзеге асыруға уәде еткен болатын.

Бірақ іс жүзінде Гурбангұлы Бердімұхаммедов баяу әрекет етуде. Ол елде, әсіресе жастар арасында өзін қолдайтын «балама» партия құруды көздеп отырған болуы мүмкін.

Осындай әрекет арқылы 52 жастағы Гурбангұлы Бердімұхаммедов билікте тағы бірнеше жыл қала беруі ықтимал.
XS
SM
MD
LG