Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:43

ӘЛЕУМЕТ

Өзбекстанда шекарадан жүк өткізетін қазақ отбасын өлтіріп кеткен

Ташкент облысы Қыбрай ауданында бір қазақ отбасын – бала-шағамен қоса бес адамды түгел өлтіріп кеткен. Алдын ала болжам бойынша, отағасы қазақ-өзбек шекарасынан контрабандалық тауар өткізумен айналысқан болуы мүмкін.

Мәтін көлемі - +

Ташкент облысы Қыбрай ауданында тұратын қазақ отбасында бес адам, арасында жас балалар да бар, кісі қолынан қаза болғаны туралы суыт хабар қарашаның 22-cі күні белгілі болды. «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы Өзбек редакциясына берген сұқбатында Ташкент облысы Қыбрай ауданының тұрғыны Ғафур ата бұл қылмыстық оқиға Құрбан айт мейрамы күні болғанын айтты.

Оның сөзінше, Ташкент облысы Қыбрай ауданының Октябрь махалласында тұратын қазақ отбасында бес адам болған екен.

«Қыбрай ауданы орталығынан 8 шақырым жерде Чинабад деген ауыл бар. Сол Чинабадқа кіре беріс жолдан оң жаққа қарай Шыршыққа баратын, ал сол жағында Ташкентке кететін жол жатыр. Чинабад ауылында Октябрь махалласы бар. Бұл махалладағы бірінші үй қазақтардыкі болатын. Үй қожайынының есімін ешкім білмейді. Сол үйдегі бес адамды өлтіріп кетті. Отағасын, оның әйелін, екі баланы (олардың біреуінің жасы бір жарымда ғана) және сол күні осы үйде қонақ болып жатқан үй иесінің балдызы қаза болған. Бізге белгілісі, үй-ішімен қоса кісі қолынан өлген бұл жігіт таксист болып жұмыс істеген. Оларды бауыздап кеткенін ешкім білмеген. Бұл қаза туралы тек қайғылы оқиғадан кейін екі-үш күн өткенде ғана бір-ақ белгілі болды. Соншама күн мәйіттер үйде жатқан», – дейді Ғафур ата.

Оның айтуынша, қаза болған үй қожайыны өз автокөлігімен қазақ-өзбек шекарасындағы «Май» бекеті арқылы екі жаққа тауар мен кісі тасыған екен.

Қыбрай аудандық ішкі істер бөлімі бұл қылмыстық оқиғаға байланысты сұрау салған «Азат Еуропа/Азаттық» радиосы Өзбек редакциясына ешқандай ақпарат бермеді. Бірақ өз аты-жөнін атағысы келмеген Қыбрай аудандық әкімшілігінің қызметкері осы ауданда қазақ отбасының кісі қолынан қаза болғанын растады.

«Үй иесінің есімі - Бауыржан деген, әзірге оның фамилиясын білмеймін», – деп қысқа жауап берді Қыбрай аудандық әкімшілігі қызметкері.

Үй-ішімен қоса құрбан болған отағасы қазақ-өзбек шекарасы арқылы контрабандалық тауар өткізумен де айналысқаны туралы әзірге анықталмаған болжам бар.

Ғафур атаның айтуынша, қазіргі уақытта Чинабад ауылын милиция қызметкерлері қоршауға алып, бұл маңнан өткен-кеткен барлық көліктерді мұқият тексеріп жатыр.

«Қазір барлық жерді, Чинабадты да, Шыршықты да торуылдап тұр. Қарашаның 19-ы күні Чинабадқа барған бір таксистті ұстап, таң атқанша қамаудан босатпаған. Сондықтан қазір ол ауданға ешкім бармайды», – деді Ғафур ата.

Бұл қайғылы оқиғаны тергеу ісінің барысы жайлы Азаттық радиосы өз оқырмандарын хабардар ететін болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Раушан
23.11.2010 15:48
+0 / -0
Бұл суық хабар туралы Ташкендегі қазақтар неге айтпай жатыр екен?! Бұл деген сұмдық оқиға ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Нурбол Қайдан: Ташкент
25.11.2010 09:51
+0 / -0
Ай,кандас бауырларым-ай!..Жаткан жерлерин жайлы, топырактарын торкалы болсын.Алла Тагалам кабирлеринди Кураннын нурымен нурландыргай...Ташкенттеги казак бауырларымызды айыптауыныз орынсыз деп ойлаймын. Онсыз да тауелсиз казак елинин бурынгысы мен бугингысинен кол узип, суркия саясаттын солакай кагидарынын кесиринен ауыз аша алмай отырган казактардын конилине медеу боларлык соз айтсаныз етти. Казакстанда озбек агайындардын теарты да, телеарнасы да, каншама мектептери де,айта берсен коп, бар екени акикат. Ал бизде ше?..Биреулердин тукыртып жатканы гой...Арине, бул такырыпты осы орайда каузау орынсыз.Ангиме билдей бир казак отбасынын кастандыкпен кырылуында. Бир жарым жасар баланын нендей кинасы бар еди?..Бул окимет казактар тугил оздеринин озбектерин де аямай жатканда биз не дей алмакпыз? "Ташкенттеги казактары намыссыз,рухсыз екен!" деген ойга бармауларынызды отинем. Казак муддеси ушин басын катерге тигип, "КАЗАК!!!" деп соккан етжурегинин амирине бойсунып талай тер токкен агаларымыз бар, бирак...Унин шыгаруга мумкиндик жок...Букил озбектерди айптауга кукымыз жок. Тоскейде малы, тосекте басы косылып, гасырлар бойы кимас та сылас боп омир сурген бауырлас улттардын арасына сызат тусиру максатында арнайы жоспармен жасалган ис деп ойлаймын. Баримиздин жанымызга батады...Ойткени, биз-мусылманбыз,карга тамырлы казакпыз!!! Биздин жылкы минезди болганымыз кейде жетистик пен жениске жетелеп жатса,ал кей кездерде сан соктырып калатыны да бар гой...
Пікір алмасу

Кімнен: есен Қайдан: астана
13.12.2010 16:45
+0 / -0
өзбекті жамандауды қойсаңшы қазағым

Кімнен: Улан Қайдан: Тараз
23.11.2010 15:57
+0 / -0
Кайран казак бауырым ау жаткан жерин жаилы болсын. бул озбектер кутырды гой абден. Оте кайгылы окига, кайтемиз озбекти сандалып жур деймиз олар сандалып журип бала шагасын асырап жур казак ше,казактар одан да бетер сандалып кайтып келмеске тетип жатыр гой. Ай-ай-ай кайран баурларым ай.....

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.11.2010 16:06
+0 / -0
Масқара! Бір жарым жасар сәби... Қанішерлер!!!

Кімнен: Мамыр Қайдан: Алматы
23.11.2010 16:16
+0 / -0
Ой, Алла-ай! Жас баланы бауыздаған қанішердің жазасын бере гөр! Қалай қолдары барды екен?... Жүрегім ауырып кетті ғой. Осындай хайуандарды жер қалай көтереді екен. Осыдан екі-үш жыл бұрын да осындай жағдай Астанада болды ғой. Жас сәбилердің не жазығы бар еді?!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
23.11.2010 18:49
+0 / -0
Қорғанышы жоқ ұлт - жетім ұлт. Жат ел түгілі, кіндік қанымыз тамған өз жерімізге өгей болып барамыз - жер де, жер байлығы да қазақ ұлтыныкі емес, майшеке-байшекелердікі болып кетті көзден бір-бір ұшып.

Жатқан жерлеріңнің топырағы торқа, жандарың жәнатта болсын бауырларым.
Жазықсыз қандарыңды ішкен қанішерлер жазасын тапсын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.11.2010 21:42
+0 / -0
Өз елінде өгей болған қазақты өзге жұртта аяйды дейсің бе?!
Топырағы торқа болсын, қаймана жетім бауырлардың!
Қанішерлер құдайдан тапсын!

Кімнен: Сұңқар Қайдан: Оқжетпес
23.11.2010 20:29
+0 / -0
Сұмдық! нағыз сұмдық екен. бірақ қазақ-өзбек шекарасынан контрабандалық тауар өткізумен айналысқаны үшін үй ішіменен қосып бауыздап тастауға болады екен деген сөз емес шығар.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
23.11.2010 21:43
+0 / -0
Балық басынан да құйрығынан да шіриді!

Кімнен: Айбалта
23.11.2010 22:16
+0 / -0
Иманды болсын қандастар. Меніңше, енді қазақ пен өзбекті соғыстырғысы келетін үшінші біреу тұрған секілді...сары сақал.
Пікір алмасу

Кімнен: есен Қайдан: астана
13.12.2010 16:42
+0 / -0
пікірініз оте дұрыс өзбекпен қырғызды қырылыстырып тынды бул сары сақалдылар енді біз қазақпен өзбек баурымызды бір біріне қарсы қоймақшы олар қаргыс атқыр орыстар

Кімнен: Қазағым Қайдан: Қазақ жерім
26.11.2010 13:20
+0 / -0
Алла алдарыңды пейіш етсін. Өте қайғылы жағдай екен.
Бұл жағдайға біздің Өзбекстандағы елшілік өкілдері араласа алар ма екен? Елшілік өкілдері араласып қандасымызды өлтірген қылмыскерді тауып, әділ жазасын беру керек. Ай, қайдам әділ жазасын беруге біздің өкілдіктер араласа алмайды-ау. Кісі өліміне әкелген жағдайға - тікелей қатысы барлар ұсталсын деп тілеймін. Бұған шекарадан адам тасу барысындағы таксистер арасындағы таласта болуы мүмкін. Өзбектер оның клиенттері көбейіп кеткенін көре алмай өлтіруі де мүмкін. Немесе өзбектердің крутойлары ақша талап етіп өлтіруі де мүмкін.
1.Егер осы отбасын өлтірген қанышерлер өзбек болса онда ол ешқашан жазаланбайды.2.Өлтірген өзбек болған жағдайда, бір қазақты қанышер қылып көрсете салады. Бұл өзбектердің "өзім" дегенде, ұлтым дегенде шығарға жаны бір бөлек қой. Ал, біздің қазақтың басшылары тіптен басқа пиғылда. Қашан біз өзімізді қадірлеп, қастерлейтін шаққа жетеміз.

Кімнен: вн
26.11.2010 20:14
+0 / -0
Бір қазақтың төгілген қаны үшін өре түрегелуге болады, немесе қазақ жерінде өлермендей болып жүрген өзбектердің өрісін қысқарытқан да дұрыс па екен! Өзбек өз ағам деп мәймөнкелегенді қою керек шығар Қазақ деген де жүрегіне қаны қатқан халық!

Кімнен: Маке Қайдан: Түркістан
27.11.2010 10:50
+0 / -0
Алла алдарыңыздан жарылқасын.
"Өзбек өз ағам" деген мақалды, Өзбектерден шен-шекпен киген бір адам шығарған ғой, немесе "Сарттан жолдасың болғанша, қойныңда ай балтаң болсын" деген атам қазақ. Олар дүние үшін кез-келген нәрсеге барады. Оларды төбемізге шығарып отырған мына билік әлі тартар азабын. Қанышер жазалансын, жазасын тартсын!!! Біздің билік "Ұлт бірлігі" деген сылтаумен оны жылы жауып қоя салады. Олардың аты қазақ болғаны мен қаны таза қазақ емес. Қазағы үшін жаны ашымайды. Еліме сор болды осы "Ұлт бірлігі".

Кімнен: Qazaq Қайдан: Qazaq Eli
19.12.2010 23:18
+0 / -0
Jatqan jeri jaili bolsyn, Qashan Qazaqtar bari oz elinde tyryp birigip baqytty bolamyz! Allah bizge bahyt bersinshi!