Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:47

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Ташкент метросының станциясы енді генерал Сабыр Рахимовтың есімімен аталмайды

Ташкентте Совет Одағының батыры генерал Сабыр Рахимов атындағы метро станциясының атауы өзгертілді. Өзбекстан билігі совет заманынан қалған мұралардан арылып жатыр.

Генерал Сабыр Рахимов (сол жақ шетте) Солобты нацистерден азат ету операциясы алдында офицерлерге тапсырма беріп тұр. Польша, 1 қараша 1944 жыл.
x
Генерал Сабыр Рахимов (сол жақ шетте) Солобты нацистерден азат ету операциясы алдында офицерлерге тапсырма беріп тұр. Польша, 1 қараша 1944 жыл.
Мәтін көлемі - +

Совет Одағының батыры генерал Сабыр Рахимовтың есімімен аталып келген Өзбекстан астанасындағы метрополитен станциясының атауы биыл қарашаның 5-і күні «Олмазор» (өзбек тілінде – «Алма бағы») болып өзгертілді. Бұл туралы хабар өзбектің «Узметроном» веб-сайтында жарияланды.

Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан совет генералы Сабыр Рахимовтың есімі советтік Өзбекстанда даңқты болатын. Майданда қол басқарған генерал Ленин, Қызыл Ту, ІІ дәрежелі Суворов, ІІ дәрежелі Кутузов, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Өзбекстан совет заманында өзбектен шыққан батыр генерал деп келген Сабыр Рахимовты Қазақстанда этникалық қазақ деп біледі.


АТАУЛАРДАН АРЫЛУ

Қарашаның 8-і күні REGNUM ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған «Вести» деп аталатын өзбектің тағы бір сайты Өзбекстан парламентінде «Ташкент қаласындағы Сабыр Рахимов ауданының атауын өзгерту туралы» заң жобасы қаралғалы жатқандығын
Совет Одағының батыры генерал Сабыр Рахимов атында болып келген Ташкенттегі метро станциясы.
хабарлады.

Биылғы наурыз айында осы веб-сайт екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерлігі үшін 22 жасында Совет Одағының батыры атағына ие болған Ташкент қаласының тумасы Георгий Ивлевтің атындағы көше атауының өзгертілгендігін хабарлаған болатын. Сол жолы қалалық топонимикалық комиссия мүшелерінің бірі «Вести» сайтына сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен қаһармандардың бар «кінәсі» – олар атақ-даңқ пен наградаларға совет заманында ие болған деп мәлімдеген еді.

«Вести» веб-сайты соңғы екі айда осымен екінші рет елдегі маңызды атаулардың өзгертіліп жатқандығын атап өткен. Бұған дейін осы веб-сайт Өзбекстан парламенті сенатының депутаттары тамыздың 29-ы күні жалпы отырыста Ферғана облысындағы Ахунбабаев ауданының атауын Күштепе ауданы етіп өзгерту туралы қаулы қабылдағанын хабарлаған еді.

Юлдаш Ахунбабаев – совет заманында Өзбекстанды басқарған адам. Өзбек үкіметінің саясатын дәріптейтін интернет-парақшалардың бірі «Пресс-Уз.Инфо» сайтында осыған дейін жарияланған бір мақалада кезінде біраз жерді Қырғызстанға беріп жібергені үшін Ахунбабаевтың есімі сынға ұшыраған еді.


ӘРТҮРЛІ САРБАЗДАР

Өзбектің тәуелсіз веб-сайттарының көпшілігі Өзбекстандағы болып жатқан атауларды өзгертудегі түпкі мақсат –совет кезіндегі көрнекті қоғамдық-саяси және әскери қайраткерлердің есімдерін жұрт жадынан біржолата өшіруді көздейді деп отыр.

Қаңтардың 14-і күні атап өтілетін Өзбекстанның Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ташкентте, орнынан алынып тасталған совет жауынгерінің ескерткіші тұрған жерге, өзбек сарбазының ескерткіші қойылғаны туралы бұған дейін Азаттық радиосы хабарлаған
Ташкенттегі совет жауынгерінің ескерткіші 2009 жылы 22 қарашада орнынан алынып тасталды.
болатын. Ал совет жауынгері мен совет заманындағы көсемдер ескерткіштері қоймаға жіберілді.

Өзбекстан қорғаныс министрлігінің өкілдері журналистерге берген түсініктемесінде, совет жауынгерінің ескерткіші ескі заманның идеологиясын дәріптейді, ал ұлттық нақыштағы жаңа ескерткіш өзбекстандықтардың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық сезімін оятады деген уәжді алға тартқан еді.

Кейбір бақылаушылар совет кезіндегі ескерткіштер мен сол заманғы қаһармандардың «идеологиялық қуғын-сүргінге» ұшырауын Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың жүргізіп отырған антисоветтік саясатымен байланыстырады.

Орталық Азия елдерінде совет кезеңіндегі тарихқа деген көзқарас әртүрлі. Мысалы, Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандықтарды құрметпен еске алу шаралары жыл сайын өткізіледі. Сонымен бірге Қазақстанда совет кезіндегі көптеген ескерткіштер әлі тұр, Совет Одағы батырлары есімдерімен аталатын көшелер де бар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Көпкөрген
09.11.2010 14:15
+0 / -0
Әр жылдың Жеңіс күніне өтетің мерекелі шараларда ардагер қазақ ақсақалдарымыз соғыстағы ерліктерін айтып әнгімелегенде әдейлеп орыс тілін көп қосып сөйлейді. Мәселен, "бомбежка, атака, ранен, герой" деген сияқты сөздерді әдет емес әдейлеп айтады, "Мен соғыста болдым, оған дәлел соғыста үйренген сөздер мыналар" дегендей естіледі. Себебі, мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек алу үшін олар қазір көп бюрократиялық асулардан өтуге тура келеді.

Кімнен: бек Қайдан: астана
09.11.2010 14:19
+0 / -0
сабыр рақымовты енді біздер қазақтар көтеруіміз керек
бұрын өзекеңдердің көңіліне қарап келсек, енді өздері де бас тартып жатса, сол керек.

Кімнен: Азкөрген
09.11.2010 14:29
+0 / -0
Орта Азия елдерінде ел ішінде жылдан жылға "Бесінші колонна" үстемдігі күшейіп келеді. Өзбектер қазірден бастап алдын алу шараларын жасап жұмыс жүргізіп отыр, ол дұрыс. Ал біз болсақ "жаға жайлауда" жайбарақат күн өткізуде. Себебі, құлдық санаға етіміз үйреніп кеткен, орысша сөйлегенге мәз боламыз. Ертен, "Бесінші колонна" өкілдері төбемізден тоқ етіп соққанда кеш болады.

Кімнен: Мұнда Қайдан: Осында
09.11.2010 15:18
+0 / -0
Олмазор=алмазар=Аль мазар (араб)

Мазар (араб. — место паломничества, поклонения), место, почитаемое мусульманами как святое; обычно гробница или могила с возведённым над ней сооружением. Например, М. в городах Мазари-Шариф

Рахимов Сабир Умарович (12 (25) января 1902(19020125) — 26 марта 1945) — командир 37-й гвардейской Речицкой дважды Краснозамённой орденов Суворова 2-й степени Кутузова 1-й степени Богдана Хмельницкого 2-й степени стрелковой дивизии 65-й армии 2-го Белорусского фронта, гвардии генерал-майор, Герой Советского Союза.
[править] Биография

Родился 25 января (по другим данным 1 января) 1902 года официально в городе Ташкенте, по сведениям его супруги на территории нынешнего Казыгуртского района Южно-Казахстанкой области. Казах. Жена Куралай Сабирова, приемный сын Идрис Рахимов.

http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B0%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D0%B2,...

Кімнен: Magzhan Satpaev Қайдан: Kyzylzhar
09.11.2010 15:54
+0 / -0
Өзбек акалардын мұнысы несі? Өз ағаларымыз өзектен теуіп жатқанда даладағы амрика мен еуропаға жағымпазданып жүргеніміз қалай екен?
Сабыр ағамыздың есімі қазаққа қана керек-ау осы!

Кімнен: Сайлау Қайдан: Ақтау
09.11.2010 18:52
+0 / -0
Өзбектердікі дұрыс олар Сабырға қарсы емес, кенес одағына ресейге орыстануға мәңгірттенуге қарсы. Бізге де солай істеу керек. кеңес одағынан қалған ескетркіштерді құлатып, қалалардың, жер атауларының, көшелердің атын өзгертуіміз керек! павлодар, петропавлдың аттарын ауыстыра алмай былжырап жүр жігерсіз биліктегілер.

Кімнен: Қазақ
09.11.2010 19:57
+0 / -0
Мынау қуанатын жағдай екен . Өзбектер Сабыр Рахимовтың қазақ екенін мойындағанығой. Енді өзіміз метро станция атын берейік.

Кімнен: марат Қайдан: шығыстан
09.11.2010 20:43
+0 / -0
өзбектердің рахимов,ахунбабаевтар атындағы метро станциясын,аудан аттарынөзгертулері,құрық бойламас қулық.әлі бұдан да зорын көрсетеді орта азиялық барыс,тағысын тағларға жетеміз,боламыз деп қиялданып жүргенімізде,өзекең есегін тайпаңдатып бізді әлі ақ басып озады.үйткені олар өздерін біз сияқты алдап жүрген жоқ,жүйелі түрде қиыншылықпен болсын өз жолдарымен дамып келеді ал н.ә.н нің құлықсыздығы, оған қазақтың келешегі бір тиын.ол өзін ғана ойлап алматыдағы фурманов даңғалына да тиіспей отыр.

Кімнен: Бауыржан
10.11.2010 08:44
+0 / -0
Сабыр Рахимов менің атам Ұлты Қазақ руы Бағыс-Суан

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.11.2010 17:53
+0 / -0
Бұл мақаладан ұққаным, өзбектер өздерінің қанынан емес ірі тұлғалардан арылуы сияқты. Өйткені ертең ұрпағы олардан С.Рахимов кім деп сұраса, ол Совет батыры, ұлты кім деп сұраса - ол қазақ деп айтудан қысылатын сияқты. Немесе өздерінен бір ірі тұлға шықпаған соң, көре алмаушылықта болуы мүмкін. Ол келер ұлтын тек өзбек ұлтының жоғын жоқтайтын азамат етіп тәрбиелеудің бір түрі. Онда Түркістан қаласындағы С.Рахимов атындағы мектептің аты да ауысатын шығар. Өйткені ол тек өзбек ұлтының балалары оқитын мектеп еді. Айналайын өзбектер-ай кезінде С.Рахимовты өзбек етіп жібергілерің келіп еді, қолдарыңнан ештеңе келмеген соң, енді одан өздерің қашайын дедіңдер ме?

Кімнен: Aйкүн
13.11.2010 01:19
+0 / -0
Кеңес заманынан, әсіресе 2-дүниежүзілік соғысынан қалған атаулар мен ескерткіштер - олар тарих беттері деп, сақтай білген үлкен мәдениеттің үлгісі, ал бірақ империалистік күшпен ендірілген атауларды өзгерту ата-баба аруағы мен болашақ ұрпақ алдындағы парыз бен қарыз деп түсіну керек.