Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:58

ӘЛЕМ

Әр 14 күнде бір тіл жойылып жатқан жер бетінде ғасыр соңында әлем тілдерінің жартысы жоғалады

21 ақпан ЮНЕСКО аясында халықаралық ана тілі күні атап өтіледі. Бұл көптілділік пен тілдердің сан алуандығын дамытуды қолдайтын күн. Әлемде 6700-ден аса тіл бар болса, соның жартысы жоғалып бара жатыр.

Сібірдегі Суломай деревнясының тұрғыны Валентина Николаевна Тыганова - кет тілінде сөйлейтін санаулы адамның бірі. Ольга Казакевичтің суреті.
x
Сібірдегі Суломай деревнясының тұрғыны Валентина Николаевна Тыганова - кет тілінде сөйлейтін санаулы адамның бірі. Ольга Казакевичтің суреті.
Мәтін көлемі - +

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН ҮН

Әлемде көптеген тілдер жойылып бара жатқаны мәлім. Соның бірі кет тілі туралы сіз не білесіз? Егер естіген болсаңыз, бұл тілдің дыбысы бір қызық, көпшілікке белгісіз дыбыстар. Алайда 200-дей ғана сөйлеушісі бар кет тілі жоғалып бара жатқан тілдер қатарына енген.

Бүгінде кет тілі орталық Сібірдің жоғары Енисей жазығындағы кейбір ауылдарда ғана сақталған. Кет тілінде тек аздаған адам ғана сөйлейді, оның жалғаса қоюы да екіталай.

Бірақ басқа да тілдер сияқты кет тілінің өзіндік ерекшелігі де бар. Оның грамматикасы таңқаларлықтай көп құрылымды, етістіктері түрлі
Сібірдегі Суломай деревнясының тұрғындары кет тілінде сөйлейді. Ольга Казакевичтің суреті.
жолдармен қолданылады. Кет тілінде сөйлейтіндердің өзі оны арғы бабаларының дәстүрімен байланыстырады.

Гарвард университетінің тіл маманы әрі жоғалып бара жатқан тілдер институтының директоры Грегори Андерсон тілдердің жойылу қаупін былай түсіндіреді:

– Егер сіз ата-бабаларыңызға түсіңізде сөйлесеңіз, олар ағылшын тілінде сөйлемейді. Сондықтан сіз оларға қай тілде сөйлейсіз? Мұнда жоғалып бара жатқан тілдердегі адамдардың шынайы тарихымен байланысы үзілуде. Ал ағылшын, испан болмаса орыс тілі сияқты үстемдік құрып тұрған тілдер мұндай проблемаға кезікпей отыр.

Андерсонның атап көрсетуінше, әсіресе мұндай жағдай кет тіліне байланысты болып отыр. Соңғы зерттеулер кет тілі навахо сияқты американдық ана тілдерге жақын тіл болуы мүмкін екенін көрсетті.

Егер солай болса, Азиядан Америкаға дейін ежелгі адамзат көші-қонының теориясын анықтауға көмектесетін екі арадағы байланыстың антропологиялық жаңғырығы болуы мүмкін.

ТІЛІ ЖОҚ ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗІ ДЕ ЖОҒАЛАДЫ

Ресейдің шығыс жағалауынан мыңдаған шақырым жырақта жатқан кет тілі сияқты жоғалып бара жатқан тілдердің қатары күннен-күнге өсіп барады деген лингвистер 14 күнде бір тіл жойылып кететіндігін айтып отыр.

Тіл мамандарының дерегіне қарағанда, 2100 жылға дейін әлемде 3500-дей тіл қолданыстан шығып, жоғалады екен. Бұл деген бүгінгі таңда дүниежүзіндегі бүкіл тілдердің тең жартысы болмақ.

Ол көбіне Жаңа Гвинея, Кавказ елдері мен Сібір аймағындағы түрленген тілі бар азшылық ұлттардың ана тілдері болады. Мамандар
Дәстүрлі ауған ауылынан көрініс. (Көрнекі сурет). Қараша, 2009 жыл.
Ресейдің өзінде жоғалу қаупі төнген 136 тіл бар екенін айтады. Тілдердің жоғалуына қарсы күресіп жүрген мамандардың аздаған тобы өліп бара жатқан тілдерді құжатқа түсіру жағын қолға алған.

Бірақ Кэмбридж университетінің лингвист-антропологы Марк Турин оның өзі өте қиын шаруа екенін айтады:

– Мен айтар болсам, біз әлем бойынша тек 10 пайыздай ғана тілдерді білеміз. Аудио немесе видео таспаға жазылып, нақтыланған, соңғы құжаттары бар тілдер аз ғана. Сондықтан бұл жағдайдың қиындығы тек бес пайыз ғана тілдер жақсы деректелген. Қалған 95 пайызы сақталмады, – дейді Марк Турин.

Деректерге қарағанда, әлемдегі жоғалып бара жатқан тілдердің 28 пайызының 1000-нан сәл асатын сөйлеушісі бар. Мысалы, Ауғанстандағы тирахи тілінде сөйлейтін 100 адам ғана қалған. Арменияда ломаврен тілінің сөйлеушісі тіпті 50-ден аспайды.

Тілдердің қолданыстан шығуына немесе тілдер қауымдастығы не себепті өз ана тілдерінен басқа тілге ауысып кетеді дегенге жауаптар да әртүрлі.

Десе де доктор Андерсон бұл құбылыстың тамыры көбіне бір жағдайда жатыр деп біледі.

– Басым тілдер мен осындай тілде сөйлейтін этникалық топтар негізінен экономикалық жағынан белсенді болып келеді. Оның себебі, әлеуметтік-экономикалық даму әрі әл-ауқатты жақсартуға байланысты. Адамдар экономикалық иерархияға жақындау келеді, сондықтан
Қазақ тілін қолдауға арналған жиын. Республика сарайы, Алматы, 20 қыркүйек 2009 жыл. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының қорындағы сурет.
оған жету жолында тілді ұстанбау керек болса, көп адам сол жолды таңдайды, – дейді Андерсон.

Бұл таңдау саналы түрде болмаса да, кейде әлеуметтік қысымнан болуы ықтимал дейді тіл мамандары.

Бұл тұрғыда Андерсонның айтуынша, азшылық ұлттардың тілдері көбіне іскерлік жағдайда көп қолданылатын тілдерді үйренгенде ұмытыла басталады.

Үстемдік құрушы елдердің тілдері жұмысқа алынған азшылық топтардың тілін қолданыстан ығыстырып шығарады. Бұл, әсіресе, Ресейдің Сібір аймағында кездесіп отыр деген лингвист Андерсон «бұл апатты жағдайдан кем емес» деді.

Ал бұрынғы совет республикалары болған Орталық Азиядағы тәжік, қырғыз және өзбек тілдері ел тәуелсіздіктерінен кейін күшейе түскендерімен, Тәжікстандағы памир тілдері сияқты бұл аймақтағы кішігірім тілдер ұмытыла бастаған.

Мұндай тілдердің жойылып кетпеуіне әрі оны сақтауға кімдер жауапты деген мәселені мақаламыздың екінші бөлімінде әңгіме етпекпіз.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қазақстандық Қайдан: Қазақстан
20.02.2010 08:12
+0 / -0
Менің айтарым, қазақ тілі дәл осы кет тілінің тағдырын кешіп, аға орыс халқы тілі үстемдік құрады. мұнда тұрған ештеңе жоқ. бұл әлемдік көштің заңы. біреулер ғасырлар сынына төзіп, біреулер сырт қалып жойылып джата бермек. сондықтан менің ойымша неғұрлым тезірек орыс тіліне көшсек соғұрлым дұрыс болар.
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ
20.02.2010 17:05
+0 / -0
Не деп отырсың? Тіл жойылса-ел жойылады. Соған басың жетпесе, өкінішті. Сенің сөздеріңнен ештеңе өзгере қоймас, бірақ сондада, ақылың таяз болса, орыс тіліне көшейік демей-ақ, үндемей отырсаң нетті?
Пікір алмасу

Кімнен: Намысты қазақ
20.02.2010 17:36
+0 / -0
Намыссыз қазақ, Қазақстандыққа: Сен өз тіліңді өлтіріп қойыпсың, қандай жүрегі жоқ қазақсың. Сендей қазақтың бар болғаны өкінішті әрине. Өз ана тіліңді өлтіру, өз анаңды өлтірумен тең екенін білмейтін қандай мақұлық едің, қарағым. Ондай ойларыңды қалтаңа салып қой, шырақ. Бірақ шырақтан әділем қал.
Пікір алмасу

Кімнен: Жасұлан
20.02.2010 21:16
+0 / -0
Қазақстандыққа: Өзіңе қазақстандық деген атау беріп, типа американдық сияқты адаммын кең масштабтағы дегің келе, Сендей қазақтар ғой, іштен шірітіп жүрген қоғады. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген. Қойдың құмалағы, қазақ болмай-ақ қой бұдан кейін. Ана тіліңді өлтіруге дайын сенен не күтуге болады.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
20.02.2010 13:26
+0 / -0
Әрине тілің кеткен соң сен де өлікпен тең боларсың.... Бірер адамның өлгенінен ол халық кеміп қалмас, ал сол халық тегістей жер бетінен жойылып кету?....

Әрине халық өзінен-өзі беталды жойылып кетпес.... Бұл да жер бетіндегі жауыздық саясаттың ең оңбаған бір түрі....

Біріншіден сол халықтың жойылып кетер қауіпі, яғни тілінің сол елдің ішінде бас көтерер азаматының нақты болмауы да.... Екіншіден сол жойылар халықты Елбасысының қолынан еш нәрсе келмес, сол орынға кездейсоқ келген біреудің кесірінен де болып жатады.... Себебі дүниеқоңыз жалтақ, өзіне сенбес жандардың соңындай....


Егер де біздерде ақиық ақынымыз Шаханов болмағанда кеттіктер мен ломаврендіктердің жолын құшып қалуымыз әбден кәдікті....
Пікір алмасу

Кімнен: Азамат
21.02.2010 00:43
+0 / -0
Арыс, сен қандай ақылсыз, дарақы, тайыз адамсың? Мен басқалардан емес, осы сен сияқты Құдайдың орнына адамды қоятын ақылсыздардан қорқам! Сен өзіңнің не ойтып отырғаныңа есеп бере алмайды екенсің. "Шаханов болмағанда қазақ тілі құрып кетер еді" деген сандыраққа жетіпсің. Егер ақылың болса, мұндайға ауызың бармас еді.
Неше мың жыл жасап келе жатқан, не бір зұлмат қырғындарды басынан өткерсе де, өсіп-өніп, бүгінде Қазақстандағы саны 10,5 миллионға, әлемдегі саны 15 миллионға жеткен қазақтың ғажап тілінің тағдыры жалғыз Шахановқа қарап қалса, ел болғанымыз, ұлт болғанымыз қайда?!
Керісінше, "№1-ші тіл қорғаушы" деген жалған атақты өзіне монополиялап алған осы бір наданның: "Қазақ тілі құрып бара жатыр, қазақтың 60 пайызы қазақша білмейді!" деген таусылмайтын, ырымға жаман байбалам, айқай-ұйқайы елді әбден дуаланған жағдайға жеткізді. Содан жұрт "қазақ тілінің құрып бара жатқанына" шын сенетін бейшара күйге жетті. Ақылдан да, намыстан да жұрдай сол Шахановтың кесірінен ақыр аяғында Қазақстанды мекендейтін ұсақ диаспораларға (орыс диаспорасын айтпағанда) "өз Отанында тұрып, өз тілін білмейтін халық" ретінде мазақ болып біттік. Солардың ауызына: "Әй қазақ, алдымен өз тіліңді өзің үйреніп ал, бізде шаруаң болмасын!", - деген сөзді салып берген сол Шаханов.
Есіңде болсын, Арыс, қазақ тілі құрып бара жатқан жоқ және ешқашан құрымайды да. Тіпті қазірдің өзінде, бүкіл саясаты қазаққа қарсы НӘН билігінің кедергілеріне қарамастан, дамып келеді. Ал ертең, осы биліктен құтылған соң (Иншалла!), әсте қарыштап дамитын болады. Сондықтан надан Шахановқа еріп, не болса соны көкігенді қою керек.

Кімнен: Qarasai Қайдан: Qaskeleng
20.02.2010 14:48
+0 / -0
Aris shiraq,Shaqanov bolmasa,tauelsizdik te,Nazarbaev ta bolmas edi,tipti qazaq ta bolmas edi,eng keremeti sen siiqti maquluqtar da tumas edi.Zhetisken ekemiz
Пікір алмасу

Кімнен: АЛИЯ
20.02.2010 20:30
+0 / -0
Арыстын айтканы дурыс,саган Шаханов унамайды екен деп,онын енбегин жокка шыгаратын жайымыз жок.Шаханов аман болса али талай ис битеди.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
20.02.2010 16:30
+0 / -0
Шаханов болмағанда түпсіз шыңырауға кететініміз рас қой, несіне бұлданасың???.... Құдай Қаскелеңнен өңшей мақау шығара ма өзі???....

Кімнен: Кім Қайдан: Білмейым
20.02.2010 16:31
+0 / -0
Ол тілдер кұн сайын,жойылып жатса , оған ешкім кіналы емес, Даруинның <табиғи сұрыпталу ілімі> деген осы.трагедия !!!

Кімнен: Томирис Қайдан: қазақ даласы
20.02.2010 20:30
+0 / -0
оыстардын жолы неткен болгыш, қазақтарды шалажансар қылып, өздерімен өздерін айтыстырып, өз тіліне өзін қарсы қылып, міне соның дәлелі қазақстандық сияқты азаматтар пайда болып, өзін өзі жоюға дайын. Бірақ Алланың көзі қазаққа оң болсын, Шаханов ағамыз дегенін аяқсыз қалдырмас, артында ізбасарлары, қаймана қазақ тұрғанда қазақта, қазақ тілі де жоғалмас. Тек қазақстандық сияқты біраз мәңгүрттер аяқтан шалулары мүмкін, бірақ олар бір күні үшін өмір сүріп жүрген бейшаралар ғой....Қаймана қазағым аман болсын!!! Тіліміз, тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын!!!

Кімнен: Asan Қайдан: Almania
21.02.2010 04:11
+0 / -0
Shaqandi Nazarbaiding ornina aparu kerek.Sonda bari op onai tuzeledi,ura,banzai,algha

Кімнен: Мақсұт ОРАЗАЙ Қайдан: Алматы
21.02.2010 07:16
+0 / -0
Әр адам, әр этнос ана тілінде сөйлеп, оны дамытуға хұқы болғанымен, өз тілін басқа адамға, басқа этносқа таңуға хұқы жоқ.

Тілдер өлсе, этностар өлсе, Жер қазынасы, адамзат қасиеті кемиді.
Этностардың, тілдердің көптігі – Жердің, адамзаттың көркі: олардың бәрін Табиғат-ана алаламай жаратқан.

Сондықтан ешбір тілді өлтірмеу үшін гуманистер халықаралық, дәнекер, адамзат тілі – гуман тілін жасауды ұсынады.

Ол этникалық тілдердің бәрінің жақсы жақтарын бойына жиып, кемістіктерінен таза болады: онда ешбір тіл өлмейді, әр адам ана тілі мен гуманды білсе болды – өз елінде ғана емес, басқа ұлт өкілдерімен әлемнің кез келген жерінде тілдесе алады.

Тілмаш керегі жоқ: халықаралық қарым-қатынастар, сауда жасау жеңілдеп, көп күш-қуат, қаражат үнемделеді. Гуман тілін жасау үшін 1-2-ақ жыл жеткілікті. Ең бастысы - ешбір тіл өлмейді.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
21.02.2010 23:20
+0 / -0
азамат, ауызыңды байқап сөйле.... Дарақы деген қай сөзің, өз тілін іздегендерді қайдан көрдің, неге дарақы деп данышпан болып отырсың.... Біле білсең біздің Қазақстанда кім кімді құдайдай көріп отырғанын неге байқамай жүрген адамсың???.... Ау сол құдай деп жүрген халқыңның діні алалап отырған кім???.... Кез-келген обылысқа барып қатынас қағаздарын қарасаңшы, көзіңді сықситпай, көрерсің солардан қай тілде жүріп жатқанын құжаттардың??....
Шахановтың басып кеткен ізінен садаға кеткір???.... Байқап отырсам, ары кетсе дарақы деген сөзді жақын арада бір сөздіктен тапқан адам сияқтысың ғой өзің???....

Кімнен: Altai Қайдан: Altaidan
22.02.2010 21:00
+0 / -0
Keshiringiz,daraqi emes,doraq

Кімнен: Дидар Қайдан: Астана
23.02.2010 16:48
+0 / -0
Бірінші пікір қалдырған "қазақстандық" әдейі айтып отырғанын қалай байқамайсыздар. Сөзінің жаны бар. Дереу әрекет жасамасақ, қазақ тілі құрудың сәл-ақ алдында тұр. Қазақ тілі нан тауып жейтін тілге айналмайынша ол тәуелсіздік ала алмайды. 100 пайыз қазақ тіліне көшуіміз керек. Балтық жағалауы елдері сияқты. Орысыңа да, ұйғырыңа да, ешкімнің көңіліне қарамай, бір-ақ түнде бүкіл радио, ТВ қазақша сөйлеу керек. Орыс тілінде тіпті 1 минут та эфир уақыты берілмеуі қажет. Бүкіл іс-қағаздары бір-ақ түнде Қазақ тіліне көшуі қажет. Өйтпеген жағдайда, осылай жүргеніміз - жүрген.

Кімнен: Қазақ қызы Қайдан: Қазақ елінен
26.02.2010 10:56
+0 / -0
Тілдің дамуы, ұлттың дамуы - әр адамның жеке басынан басталады. Өзіңіз күнделікті тұрмыста, дүкенде немесе автобустарда т.б. қай тілде сөйлейсіз...Ал Шахановты - біртуар азамат деп айтсам қателеспеймін...Қазақ орыс тілінде сөйлеп тұрса, басқа ұлттар неге қазақша сөйлеу керек....Ойланайық ағайын.....

Кімнен: Меней Қайдан: Қазақия
26.02.2010 22:25
+0 / -0
Біріншіден, Шаханов біртуар кісі, мен ойлаймын "Шаханов Ана Тіл" Силығын Жасау керек, сонан кейын, Нобел Силығы сияқты әр Жылда Қазақ тілінің дамуына өз ұлесын қосқан адамдарға силық берып марапаттап тұру керек.
Екіншіден, Дидар Қате айтасың, бір күнде қазақшаластырып жыберсек біз кезіндегі кеңес ұкіметінен не парқымыз?
үшіншіден, "Қазақтар бір-бірімен ҚАЗАҚША Сойлеп" ұйренуы керек.