Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:08

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Жаңаөзендік жұмыссыздар жұмыс орнына жарияланған конкурсқа қатысу үшін көлікте түнеді

«Өзенмұнайгаз» кәсіпорынына жұмысқа алуға жарияланған конкурс әділ өткен жоқ деп наразылықтарын білдірген Жаңаөзен тұрғындары тым болмағанда бір үйден бір адам жұмысқа алынсын деген талап айтады.

«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру АҚ құрамындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына жұмысқа қабылдайтындығы туралы хабарландыру бойынша келген жұрт. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы. 7 желтоқсан 2009 жыл.
x
«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру АҚ құрамындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына жұмысқа қабылдайтындығы туралы хабарландыру бойынша келген жұрт. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы. 7 желтоқсан 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

100 ОРЫНҒА МЫҢДАҒАН ҮМІТКЕР

Желтоқсанның 7-інде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру АҚ құрамындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының кең ауласына симаған жұрт кеңсенің темір қоршауының сыртына дейін шығып тұрды.

Бұл жерге осыншама көп адамның жиналуына себеп болған – «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы 100 адамды жұмысқа қабылдайтындығы туралы жергілікті баспасөзде осыдан бір ай бұрын жарияланған хабарландыру еді.

Бос орынға конкурс болады дегенді естіген жұрттың кейбірі бұл жерге бірнеше күн бұрын келіп алған, кейбірі тіпті осы жерде көлікте түнеп, желтоқсанның 7-сін кәсіпорынның есігінің алдында күтіп, таңды қарсы алды, дейді Азаттыққа телефон арқылы хабарласқан жұмыссыз тұрғындар.

Олардың айтуынша, конкурсқа қатысуға келгендер арнайы тізім жасап тіркеліп отырған. Тізімге алынғандардың саны үш мыңның маңайына жеткен. Алайда дүйсенбіде өткен конкурс нәтижесінде кәсіпорынға жұмысқа санаулы адам ғана алынған.

«БІР ҮЙДЕН БІР АДАМ ЖҰМЫСҚА АЛЫНСЫН!»

Азаттық радиосына телефон арқылы хабарласқан жергілікті тұрғындар жұмысқа іріктеу әділ болмады деп шағым айтты.

Өзін Жаңаөзен қаласының тұрғынымын деп таныстырған Дәмеш Сарқұлова Азаттық тілшісіне былай деп мәлімдеді:

– Қазір біз, ашуға қарайған халық, «Өзенмұнайгаздың» жиналыс залында отырмыз. Конкурсқа тіркелу үшін алдын ала келіп, 3 күн бойы өндірістің алдында машинаның ішінде жатырмыз. Кеше түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін бір дәптерді толтырып, жиналған адамдар тізімін
«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына жұмысқа қабылдайтын конкурсқа қатысуға тілек білдіргендер күні бұрын тізіммен жазылып, тіркелді. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы. 7 желтоқсан 2009 жыл.
жасадық. Бірақ жарияланған хабарландыру жалған болып шықты. Көз қылып тек 5 адамға жолдама берілді. Олардан басқа 40-50 орынды бастықтардың тума-туғандары иеленіпті деп естідік. Келген комиссия болса компьютерлерін жинап, қашып кетті.

Өз айтуынша, отбасында 4 баласы, мүгедек шешесі бар жұмыссыз Дәмештің күйеуінің де тұрақты жұмысы жоқ екен.

Жұмыссыз тұрғындар бос орындар сырт аймақтардан келгендерге бұйыратындығына да наразы. Бір шаңырақта бірнеше адамы кәсіпсіз отырған отбасылар көптеп кездесетін қаладағы ең басты проблема – жұмыссыздық болып отыр.

– Билік басындағылар қылмыс көбейді, қыздар жеңіл жүріске салынды деген баяндамалар жасайды. Олар басқа не істеулері керек сонда? Қалай жан бағулары тиіс? Үйде балаларымыз аш отыр. Бұл мәселелер туралы 2004 жылдан бері Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаевтың атына, Жаңаөзен қаласының әкімі Ж.Бабахановқа талай хат жазып келеміз. Жауап жоқ. Қалалық әкімшілік құрғақ уәде бергеннен басқа ештеме тындырмайды. Егер жұмыс бермесе мына халық ұйымдасқан түрде митингке шығамыз, аштық жариялаймыз. Өйкені, біз онсыз да ашпыз. Біз тым құрымағанда бір үйден бір адамды жұмысқа алуды талап етеміз! – деді Дәмеш Сарқұлова Азаттық тілшісіне.

Оның сөзіне Жаңаөзен тұрғыны Баян Шерниязова да қосылады.

– Жоғары оқу орынын қызыл дипломмен бітірген екі егіз қызым да жұмыссыз отыр қазір. Талап жәшігіне жұмыс сұрап жазған арыздарымызға бір айдан соң жұмыс жоқ деген жауап келеді, – дейді Баян Шерниязова.

Тұрғындардың айтқан арыз-шағымдары бойынша түсініктеме сұрамақ болып «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының директоры Дауылбай Абылханов мырзаға және оның орынбасарларына бірнеше мәрте телефон шалғанымызбен тұтқаны ешкім көтермеді.

«ТЕРЕЗЕМНЕН КӨРІП ОТЫРМЫН, «ҚАЗМҰНАЙГАЗДЫҢ» АЛДЫНДА ЕШКІМ ЖОҚ!»

Ал Жаңаөзен қаласы әкімі Жалғас Бабаханов мырзаға хабарласқанымызда, ол кісі біз іздеген «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының директоры Дауылбай Абылхановтың да, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының өкілі Қайырғали Ережеповтің де өзімен бірге отырғанын айтты.

Тұрғындардан естіген әлеуметтік проблемалар жайында қала әкімінен сұрағанымызда ол ашулы елдің әңгімесін «бос сөз» деп теріске шығарды.

– Міне мен қазір тереземнен көріп отырмын, дәл қазір «Қазмұнайгаздың» алдында наразылық білдіріп, талап айтып тұрған ешкім жоқ. Ол жерде полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, адамдарды тіркеу бірнеше сағатта аяқталмақ, қазір тек 100-дей адам қалды. Ресми қабылдануы тиіс 100 адам болғанымен келгендердің бәрі тіркеуге алынып жатыр. Ел аман, жұрт тыныш. Ал жалпы жұмыссыздықтың Жаңаөзенде басым екенін жасырмаймын. Бүгінде 5205 адам жұмыс сұрап отыр, – деді Жаңаөзен қаласының әкімі Жалғас Бабаханов Азаттық тілшісіне.

«ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ӨЗ ТАЛАПТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН КҮТУДЕ

«Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру АҚ құрамындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында жыл басынан бері жұмысшылар еңбек құқықтарына байланысты бірнеше рет наразылық акциясын өткізгені туралы Азаттық хабарлаған болатын.

Соңғы рет өткен айда мұнда аштық жариялаған 37 жұмысшылар мен әкімшілік арасында жасалған мәміле бойынша, екі тараптан құрылған бітімгершілік комиссиясы жұмысшылардың талабын орындауға уәде беріп, желтоқсанның 30-на дейін мұрсат сұраған еді.

Жұмысшылар өз талаптары орындалмаса 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаппай ереуілге шығатындарын ескертті.

Жұмысшылардың қойған талаптарының қатарында еңбекақы мәселелерімен бірге кәсіпорын орталығын Ақтауға көшіру және оның жұмысына жұмысшылардың араласуына қол жеткізу, кәсіпорын басшыларын ауыстыру, Жаңаөзен қаласының әкімі мен облыс әкімі орынбасарларын орнынан алу жайлы тармақтар да болды.

Өткен айда Қазақстан преезиденті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімімен бірге Жаңаөзен қаласындағы жұмысшылардың мәселесін талқылағаны хабарланған болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: bokky Қайдан: hetay
08.12.2009 15:20
+0 / -0
өз жерынде өзі сорлы қазақ -ай !

Кімнен: Жұмыссыз Қайдан: Тентіреуден
08.12.2009 17:18
+0 / -0
Кеше ғана елімізде жұмыссыздар саны 6% деп жатыр еді. бұл қалай болғаны, жұмысы жоқ отбасы қалай күн көрмек.

Кімнен: Саламат Алаш Қайдан: Алматы
08.12.2009 18:28
+0 / -0
Сорлы болғанына халықтың өзі ғана кінәлі. Әбден "қазақ қонақжай, ақкөңіл" дегенге құлағы үйреніп алған. Ел иесі бола тұра біреуден бүгудің еш қажеті жоқ. Елімізде бұдан да маңызды, бұдан да сорақты қазақты мазақ қылар әрекеттер жасалуда. Бірігіп, бір толқу жасаса, аузы қисықтардың үні өшеді. Ойланыңдар, қазақтар...

Кімнен: Мұрат Керей Қайдан: Станция Шамалған
08.12.2009 19:31
+0 / -0
"Саламат Алаш" дұрыс айтады,,біресе жоғарғы әкім қаралардың,біресе өтіріктен ақылгөйсей қалатын зиялы сымақтардың алдаұсыраттқана қазақ тойып бітті,шынайы зиялы ұлтына жаны шын ашитын болса еліміз егемендік алғалы 18жыл болды осы кеңес кезеңіндегі тарихымызды да жас ұрпаққа дұрыстап жазып бере алмай қайта-қайта Назарбаевқа жалтақтап қайтсем соған жағамдеп, не керек әйтеүір бір куплет өлең жассада бір қысқа мақала жазсада соны мақтап-мадақтауға дайын тұратын жағымпаз, ынжық зиялардан бізге қазаққа не пайда?Қайсы бір жылы "тікелей эфирде" Қабдеш.ж,Дұлат.и тағы сол сияқты "абыройлы" деген қазақ зиялларының Назарбайевты жер- суға сыйғызбай мақтағанда? Теледидар көріп отырған біз ұялдық. енді келіп өтірік көлгірсійді ақыл айтқан сымақ болып. Меніңше екі ғана таңдаұ бар.Бірі үн-түнсіз басты шұлғып отыра беріп, айдың күнің аманында қазақтық болмысымызды түгелімен жойып, жер шарынан бір жолата қурып жоғалу(онысызда аз ұақыт қалды) екіншісі еліміздегі және шет елдердегі қандастарымызбен тізе қоса отырып, халқымыздың әрең қол жеткізген егемендігін сақтап қалу,бұл өте ауыр да машақатты жол,меніңше оған көп құрбандық беруге тура келеді,егер маған салса ойланбастан соңғысын талдаймын,бірақта жалғыз "сарбаз" бен шеп құруға болмас...
Пікір алмасу

Кімнен: Рауан Қайдан: Шелек ауылы
11.12.2009 16:01
+0 / -0
Саламат Алашқа мен де қосыламын.
Пікір алмасу

Кімнен: Айдар Қайдан: Семейден
11.12.2009 16:04
+0 / -0
Саламат Алаш, дұрыс айтасыз. Ойланып, оянып, шығу керек.