Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:08

АЙМАҚ ХАБАРЛАРЫ

Сот ереуілді заңсыз деп тапса да, Жаңаөзен жұмысшыларының наразылығы жалғасуда

Жаңаөзен қалалық соты жұмысшылар ереуілін заңсыз деп тауып, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» кәсіпорнына еңбек заңдылығын бұзғаны туралы анықтама шығарды. Жұмысшылар ереуілі жалғасып жатыр.

«Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының ереуілі. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы. 4 наурыз 2010 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.
x
«Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының ереуілі. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы. 4 наурыз 2010 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.
Мәтін көлемі - +
Наурыздың 10-күні Жаңаөзен қалалық соты «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларына қатысты шешім шығарды. Онда жұмысшылар наразылығы заңсыз деп танылып, оларға жалпы сомасы 707 теңге сот шығынын төлеу міндеттелгені хабарланған.

Бұған қоса сот шешімімен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамына да Қазақстан Республикасының еңбек кодексін бұзғаны жөнінде жеке ұйғарым кабылданған. Енді сот шешіміне сәйкес жұмысшылар жұмысқа шығуы тиіс деп хабарлады Азаттық раддиосына
«Өзенмұнайгаздың» бөлімшесі «Жөндеу» серіктестігі кәсіподақ ұйымының төрағасы Ықылас Шаңгереев. Жаңаөзен, тамыз, 2009 жыл.
«Жөндеу» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Ықылас Шаңгереев.

Бұдан бір күн бұрын, наурыздың 9-күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Дәулет Жұмаділ жұмыс беруші кәсіпорын ереуілге шыққан мұнайшылардың әрекетін заңсыз деп бағалауды сұрап сотқа бергенін хабарлаған еді.

– «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұнайшылармен салиқалы диалог жүргізуге тырысуда. Бірақ олар талап қоярдан бұрын өздерінің сенімді өкілдерін сайлап алуы керек еді. Сондықтан біз кіммен келіссөз жүргізуді де білмейміз. Сол себепті де жұмысшылардың әрекетін заңсыз деп бағалап, жұмыс беруші ретінде сотқа беруге құқылымыз, – деген болатын Дәулет Жұмаділ Азаттыққа айтқан түсініктемесінде.

ЕРЕУІЛШЛЕРДІҢ ТАЛАБЫ

Алайда Жаңаөзендегі автобекетке жиналған мұнайшылар әлі тарқамай тұр. Олар сәрсенбі күні шыққан сот шешімімен келіспейтіндіктерін айтып отыр.

– Жұмысшылар тиісті аймақтық коэффициенттің заңдастырылуын сұрап отыр. Себебі, олар экологиялық жағдайға байланысты міндетті
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Астанадағы ғимараты.
өтемақыны тек Жаңаөзен емес, республикадағы өндірістік аймақтардың бәрі алуы керек деп санайды. Филиал басшылығының ауысуын, ереуілге қатысқан белсенділерді қудаламауын талап етуде, – деп хабарлады жұмысшлардың бірі Естай Қарашаев Азаттық тілшісіне.

Жұмысшылар өндірістің тоқтап қалуынан Қазақстан экономикасына келген шығын үшін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы мен филиал басшыларының тікелей кінәсі бар деп отыр.

Ал «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Дәулет Жұмаділ аймақтық коэффициент жөніндегі жұмысшылардың талабын негізсіз деп санайды.

ДАУ ТУҒЫЗҒАН КОЭФФИЦИЕНТ

– Аймақтық коэффициентті заңдастыру еңбек кодексінде жоқ болғандықтан ол жалақыға қосылып отыр. Ал жаңаөзендіктер оны бүкіл Қазақстанға ортақ болсын деп еңбек кодексіне кіргізуді талап етеді. Бұл талаптардың заңды негізі болуы тиіс. Ал мұнайшылардың қойып отырған талаптары негізсіз, – деді Дәулет Жұмаділ.

Оның айтуынша, мұнайшылар ереуілге шыққанымен «Өзенмұнайгаз» мұнай өндіруді тоқтатқан жоқ. Мұнайдың үзіліссіз өндірілуін қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмыс істеп жатыр дейді ол.

Сондай-ақ, Дәулет Жұмаділ «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы активтерін Қытайға сату жөніндегі мәселені
Жалақыға қосымша төленетін аймақтық коэффициентті қалдыруды талап етіп ереуілге шыққан «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы. 4 наурыз 2010 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.
«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы күн тәртібіне еш уақытта шығармағанын айтады. Ол «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының активтері қытайларға сатылады деген алып-қашпа әңгімені кейбір бүлдіргіш күштердің әдейі таратқан ақпараты дегенді айтты.

– «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының 37 пайыз акциясы еркін айналымда болғандықтан оның бір бөлігін республикадағы кейбір зейнетақы қорлары иеленді. Ал қалған бөлігін кез-келген елдегі инвесторлар сатып ала алады, – деді Дәулет Жұмаділ Азаттық тілшісіне.

Жаңаөзендегі жұмысшылар ереуілі наурыздың 1-күні басталған. Ал наурыздың 4-нен бастап олар «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының жұмысын тоқтатып, жалақыны кемітетін өзгерістерге қарсылық білдіріп, компания басшылығын ауыстыруды, оны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тікелей бағынатын акционерлік қоғам етуді және аймақтық коэффициентті заңдастыруды талап еткен болатын. Бұған қоса олар компания активтерінің Қытайға сатылуы туралы әңгіменің мән-жайын ашық баяндауды да сұраған еді.

ӨТКЕН ЖЫЛҒЫ НАРАЗЫЛЫҚ

Әлеуметтік және еңбек жағдайына байланысты жұмысшылар наразылығы Жаңаөзенде былтырғы жылы да бірнеше мәрте бас көтерген-ді.

Өткен жылғы наурыз айында «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы құрамындағы «Бұрғылау» серіктестігінің 14 жұмысшысы аштық жариялаған-тұғын. Олар да жалақыларын мерзімінде төлеуді және жұмыс орнын сақтауды талап еткен еді.

Ал былтырғы қарашаның 15-де «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының құрамындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының 30 жұмысшысы жалақы деңгейі мен жұмыс жағдайына байланысты бірнеше талаптар қойып, аштық жариялаған болатын. Олар қойған талаптың ішінде Жаңаөзен қаласының әкімін ауыстыру да бар еді.  Кейін қала әкіміне, сондай-ақ филиалға жаңа басшылар тағайындалған еді.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы 2004 жылы «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамдарын біріктіру нәтижесінде құрылған.

Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 44 мұнай-газ кеніштері осы компанияның активтері болып саналады. Оның акционерлері: «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының иелігінде – 61,4 пайыз, ал Қытай мемлекеттік корпорациясы China Investment Corp (CIC) иелігінде – 11 пайыз акциялар бар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Адай Қайдан: жанаозен
10.03.2010 18:51
+0 / -0
Қазағым ояның еңсе көтер,
Өтпесін аз ғұмырың, текке бекер...
Бабалар бізге берге асыл мұра,
Сақтасаң, жойылмайды олда ертең.

Дәстүрді, біз алмадық өзгелерден,
Аталмас, атағы жоқ тілде бекер...
Қазағым, ойлайық ертеңгіні,
Қане тұрын көп жаттык, осы күнде

Оянып, елді оятың ерте тұрып,
Үлкеннен дәріс сұраң бұрынғының...
Оларда өтіп кетсе, бүгін ертең,
Біздерде кұр қаламыз, соны ескер.

Қазағым, біз ел болдық, тері төгіп,
Тоңсақта, кетті ағалар жанын беріп
Қазақтың қыздарынан көремізбе,
Ақ жаулықты ананын, төккен терін

Ұлдары қайдасыңдар, ояныңдар,
Ар-намыс қазағымның бойында бар
Қашаңғы біз ереміз еліктеумен,
Орыстың сонау салған айдауына.

Жерің бар, кенің бар, кем емеспіз,
Атың бар, ұраның бар соны ескер
Дін дағы орын алмай біреуінен
Қазағым қиналасың әлі ертен!

Тұр қазақ, есіңді жый қара көкке,
Азатпыз, берді Таңір бәрін көптеп...
Қашанғы тығыламыз көлеңкеде,
Болмаса, бізде бірлік, өшермізде

Тіл жағы орнамады, әлі арада,
Казағым жүгіріп жүр екі арада
Жеріне ие болмай қалатындай,
Өзгелер кірді елге, шекарадан.

Қазағым, жақтырмассың, мен айтқанды,
Айтқандар қалды оққа, білем бәрін
Мен дағы өтіп кетсем, есінде ұста
Қазақпын шындық айтқан санақтағы!

Туымыз еңкеймесін бүгін ертең,
Турыңдар, араласың сіз тірлікке
Карың тойып, жатырсың-ау
Кім недесе ересің сен ізінен?

Оян қазақ, тік ұстап, көтер басты,
Жатып ішіп баспассың жердің астын
Ақтарып ақиқаттың төкпелерін,
Шындықтың жарығын жақ, көтер басты

Қазағым барамысың, жайлап кұрып,
Жүрмісің еріншектің атын мініп.
Тұрынңдар, ояныңдар кайран қазақ,
Ерлікті біз ақтайық, қане келін...

Кімнен: адай Қайдан: Алматы
10.03.2010 19:21
+0 / -0
Бәрі осылай болатыны белгілі ғой. Қара халықтың дауысын кім естісін? "Заңсыз" деп тапты дейді. Сонда Жаңаөзендегі тұрған мыңдаған адамдарды "топас" деп ойлай ма? "Жел болмаса шөптің басы қозғалмайды" дейді ғой атам қазақ! Әкім қайда қарап отыр. Халқының арын арлап, дауын дауламай ма? Қайран қазағым!

Кімнен: Алаш Қайдан: Орал
10.03.2010 20:27
+0 / -0
Қазағым ояның еңсе көтер,

ояның .......деген не соз ? Магынасы кандай ?

Кімнен: Алаш Қайдан: Орал
10.03.2010 20:29
+0 / -0
Ерлікті біз ақтайық, қане келін...

келін... магынасы кандай ?

Кімнен: атой Қайдан: око
10.03.2010 22:35
+0 / -0
Ереуілшілерден мәселе -проблемалары толык шешілмегенше таркамауларын қалаймын. Қандай шара қолданбасын , орындалуы тиіс. Әйтпесе қазақы тірлік болып , бастаған істері бір тиын болады.Олар қара халықтың арқасында байлыққа белшесінен батуда.

Кімнен: Басир Қайдан: Атырау
10.03.2010 22:47
+0 / -0
Саған маңызды болып отырған сол сөздер ме? Ояныңдар , келіңдер , бірігіңдер деген сөздер емес пе , әлде жау жағадан алып жатқанда етекке жабысайын дегенің бе?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.03.2010 23:12
+0 / -0
Қазағым ояның еңсе көтер,

ояның .......деген не соз ? Магынасы кандай ?
------------------------------------------------------------------
Неге екенін білмеймін Маңғыстауда тұрың, жүрің -деп сөйлейді. Жергілікті диалект секілді.
Пікір алмасу

Кімнен: A Қайдан: Жанаозен
11.03.2010 08:44
+0 / -0
Мен Жанаозенде дуниеге келдiм.Сондыктан Кытай ОМГ-ды алса,коп кешiкпей туган жерiмдiде басып алуы мумкiн деп мунайшыларды колдауга барганмын.Бiрак жастарга катты конiлiм калды.Себебi елiм жерiм деп журген бiр Жанаозеннiн жастарын кормедiм.Жастар елiн ойламайтын болып турго.Кайран казагым болашагын булынгыр екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
11.03.2010 16:52
+0 / -0
А!!! Сен Жаңаөзенде туылдым деп жазыпсың. Бізде Жаңаөзенде туылған адамбыз, бір-ақ жастарға көңілің неге қалады? Мұнда жастардың кінәсі не? Ереулік жасап жатырған адам жоқ, мұнайшылардың жұмыс берушіге жұмыс орнындағы наразылық акциясы. Оны дұрыс түсініңдер.

Кімнен: Сыр қазағы
10.03.2010 23:50
+0 / -0
Ал теледидардан бұл ереуіл жөнінде мардымды мәлімет жоқ. Сонда билік өз халқына қас па?

Кімнен: Ғазиз Қайдан: Атырау
10.03.2010 23:55
+0 / -0
Шынында мына бала не деп отыр. Қайдағы бір ауыздан шыға қалған сөзге жармасып. Шынында бұл бала емес, үш әріп немесе көтерілген жұмысшылардың құнын түсіріп отырған, солардың басшыларының бірі, болмаса жандайшап құйыршығы. Әйтпесе, дені дұрыс адам жергілікті тілдің бір-екі "ояның", "келің" деген сияқты әркім айтпаса да жалпы қазаққа түсінікті сөзін теріп отырмайды. Бұл - не ауру, не - құйысқанға қыстырылған құйыршық адам!
Пікір алмасу

Кімнен: Ербол Қайдан: Ақтау
11.03.2010 15:52
+0 / -0
+1000. Рас айттың!

Кімнен: Ғазиз Қайдан: Атырау
11.03.2010 01:08
+0 / -0
Мынадай өте көп адамның проблемасы бір жерге шоғырланғанда, өзіміз бара алмасақ та соларға сүйеу болсын деп жазған пікірлерімізді (комменттерімізді) тезірек шығарсаңдар не етеді? Басқадай, тыныш күндері өздерің біліңдер. Оған зорламаймыз...

Кімнен: berik Қайдан: almaty
11.03.2010 05:00
+0 / -0
turyn,oyanin,kelin adayskii dialekt duris aitasin.aitasindar deiin ba alde.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.03.2010 06:19
+0 / -0
Janaozenge jaraisindai ADAILAR jaraisindar aitkandarin orindalgai ozderine kudai komekteskei.

Кімнен: Асем-ай
11.03.2010 10:45
+0 / -0
Мына ереуілдің не қажеті бар, түк түсінсем бұйырмасын. Бар мәселе басшы мен қаржыда болса, үкіметтен көмек сұраудың не қажеті бар.. бүкіл елді әбігерге салғанша, ішінара шешуге болмады ма екен бұл мәселені?..
Пікір алмасу

Кімнен: suleymen Қайдан: aktau
23.03.2010 20:34
+0 / -0
Қазағым жасандар! берилмендер!

Кімнен: Жасақ
11.03.2010 11:43
+0 / -0
Пікірлердің бәрін қарап отырсам, барлығыңыз қазақтар - алға, қазақтар - жасасын деген ұранмен шабуылға дайын отырсыңдар, ал неге сендер бұл мәселенің тереңіне үңілмейсіңдер? Осы мекемені басқарып отырған өзіміздің қазақ емес пе? Оны неге ескермейсіңдер.. Қайдағы бір шетелдік отырса, үндемес едіңдер, көре алмаушылықтарыңыздан өлдім-ау! Жәкішев байғұсқа ұқсап, ертең бәріміз "азаттық" атты темір тозақтың ішінен бір шығамыз, көр де тұрың.

Кімнен: Жанасыл Қайдан: Астана
11.03.2010 12:29
+0 / -0
Алаш ўраны

Дїбјрјніѕ отауы болмау їшін,
Мјѕгїрттердіѕ отаны болмау їшін,
Аждаћаныѕ отары болмау їшін,
Иманыѕ мен ўжданыѕды жоќта, Алашым!

Ананыѕ аќ сїтін аќтау їшін,
Бабаныѕ аманатын жоќтау їшін,
Отанныѕ асќаќтыєын саќтау їшін,
Намысыѕ мен махаббатыѕды сатпа, Алашым!

Ќайрмасы:
Дїбјрјніѕ отауы болма,
Мјѕгїрттердіѕ отаны болма,
Аждаћаныѕ отары болма,
Ананыѕ аќ сїтін аќта,
Бабаныѕ аманатын жоќта,
Иманыѕ мен ўжданыѕды жоќта
Намысыѕ мен махаббатыѕды сатпа
Еліѕ мен жеріѕді сатпа
Ќазаєым, ќалыѕ Алашым!!!

Тарихыѕа таѕба салмау їшін,
Ўрпаєыѕ ўлылыєынан азбау їшін,
Ел-жўртыѕ ќор болып – тозбау їшін,
Ата салтыѕ мен бірлігіѕді саќта, Алашым!

Отауыѕныѕ шаѕыраєы биік болу їшін,
Тјуелсіздіктіѕ тўєыры ныќ болу їшін,
Ўрпаєыныѕ болашаєы тўныќ
болуы їшін,
Ќанаєатсыздыќ пен нјпсіќорлыќќа баспа, , Алашым!

Наєыз Алаштыѕ азаматы болу їшін,
Жїректе тїгі,
Кґкіректе кїні болу їшін,
Істеген ісі мен сґзі бірдей,
Ірі болуы їшін,
Сертіѕді бўзба, сенімсіздік таппа, Алашым!

Ўл мен ќызыѕды басќаєа ќўл ќылмау їшін,
Дарындыѕ мен тјлмдіѕді басќаєа ќор ќылмау їшін,
Алдын ор,
Ішкенін сор ќылмау їшін,
Еліѕ мен жеріѕді сатпа, Алашым!!

Ќайрмасы:
Дїбјрјніѕ отауы болма,
Мјѕгїрттердіѕ отаны болма,
Аждаћаныѕ отары болма,
Ананыѕ аќ сїтін аќта,
Бабаныѕ аманатын жоќта,
Иманыѕ мен ўжданыѕды жоќта
Намысыѕ мен махаббатыѕды сатпа
Еліѕ мен жеріѕді сатпа
Ќазаєым, ќалыѕ Алашым!!!

Кімнен: Айбек Қайдан: Aтырау
11.03.2010 15:34
+0 / -0
Жарайсыңдар Жана -Өзеннің мұнайшылары біздің Ембінің мұнайшылары қойдан жуас
Пікір алмасу

Кімнен: 123
11.03.2010 18:05
+0 / -0
Ембінің жұмысшылары қойдан жуас деп отырсыз. Сіздің ауылдан келген ағамыз (қазіргі Өзенмунайгаздың бастығы)"Ембімұнайгаздың жұмысшылары жаңа еңбекақыға өткізуді өздері сұрап отыр" деп жергілікті теледидардан қоймай айтып отыр ғой. Ал сіздің сөзіңізге қарағанда сол жаңалыққа сондай құлшынып отырмаған сияқтысыңыз. "Ағамыз" өтірік сөйлейтін болып тұрғаны ғой?! Ондай адамнан қандай жақсылық күтуге болады?

Кімнен: Айбек Қайдан: Атырау
11.03.2010 15:42
+0 / -0
Қазақстанда әділетсіздік қашан жойылады?

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
11.03.2010 16:34
+0 / -0
Асем-ай сен қай жердікісің? Промысылда +50гр ыстыққа күйіп, -30гр аяз желмен қоса тоңып жүрген мұнайшылардың еңбек ақысын жеп отырса, оған қоса басқа елге сататын болса не істесін халық? Ішінара келісуге болмайма деп баланың сөзін айтасың. Өздерінің еңбек ақыларын сұрап отыр ғой олар. Ал, Жасақтың айтып отырған қазағы Атыраудан мекемесін ортасына түсіріп , абақтыда отырған кісі. Ол халықты не қылсын? Халықтың қамын ойламайтын қазақтан басқа ұлттың болғаны жақсы есе пе? Біздің Жаңаөзенде көре алмайтындықтан ереулікке шығып жатырған ешкім жоқ, оны біліп сөйлеңдер сөйлейтін болсаңдар. Жазады дегенге бос әуре болып жазудың керегі қанша? Барлықтарыңның пікірлеріңізге рахмет. Сіздің пікірлеріңізге қарап жатқан мұнайшылар жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Жасақ
11.03.2010 16:59
+0 / -0
Жеменей қыз, айтып отырғаным дұрыс емес болса, қане, дәлел айт.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
12.03.2010 21:20
+0 / -0
Менің Жасаққа дәлелім қай сот қандай шешім шығарсада, біздің мұнайшылар өздерінің шарттары орындалғанша қайтпайды. Батыр деп осыны айтарсыз. Бізде әділ сот жоқ, тек кім ақшаны көп берсе сот соның жағынан бола кетеді. Сіз қайдан болсаңызда, менің айтқаныма қосылатын шығарсыз. Бұндай халықтың қамын ойламайтын қазақ бастық болғанша, халықтың қамын ойлайтын басқа ұлт болғаны жақсы емес пе?

Кімнен: Қазақ
11.03.2010 17:04
+0 / -0
Соттың шешіміне қарамастан жұмысшылар әлі де ереуілді жалғастырып жатырса; қазақтың басына қара бұлт төнді деген сөз.

Кімнен: Адай Қайдан: Жаңаөзен
11.03.2010 17:36
+0 / -0
... Астана – албырт жас қала!..
Болдың баспана
Үш арыс елдің көшіне,
Бәлкім басқаға...
Айтөбел жырды төріңе енді баста да,
Дүбірлі Дала дауысын тыңда, Астана!
Жұлдызды көкке шапшыған дақпырт-дабыры
Шаһарлық жұрттың шытынап кеткен сабыры.
Көліктер селі езгілеп күлін АЛЖИР-дің,
Күркіреп тұр-ау қаланың күре тамыры!
Қанжылым Есіл толқынын ұрып жағаға,
Құба жон сағым ішінде сусап бара ма?
Қоламта пікір қоғамдық ойды маздатып,
Өрт шығып кете жаздап тұр ұлттық санада!
Қараөткел жаққа жылыстап жеткен Мәдидің
Ізіне үміт ұяласа да,
Налимын!
Көк бөрі рухым көкке ұлып,
Тілім шырмалды
Аралығында Ақ орда – Кремль – Ақ үйдің!
Астана – албырт жас қала!..
Енді, басқаға
Әйгілеу үшін әлеуетіңді,
Масқара,
«Бәйтерегіңе» басымды іліп тастама!..
Қабағы сұсты, рақымы күшті Астана...
ҚҰДІРЕТІ МОЛ РАХЫМСЫЗ,
МҰНАЙШЫНЫ ЗАРЛАТҚАН,
АШ ИТШЕ ЫРЫЛДАП,
ТАЛАП,ТІСТЕП ТАСТАМА!
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі