Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 11:00

ӘЛЕУМЕТ

Жаңаөзендегі ереуілдеп жатқандарға он күн өткенде Мұхтар Әблязов қана қолдау білдірді

Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының ереуілі жалғасуда. Ереуілшілерге қолдау білдірген хатында қуғындағы Мұхтар Әблязов «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» компаниясының жұмысшылар талабын орындауға толық мүмкіндігі барлығын айтып, кінәні Тимур Құлыбаевқа артады.

Мәтін көлемі - +

ЕРЕУІЛ ЖАЛҒАСУДА

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшылары наразылықтары ары қарай жалғасуда. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының талап арызына орай шығарылған сот шешімінде 21 адам мен басқа барлық «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларының тез арада жұмысқа кірісуі міндеттелгені айтылғанымен, жұмысшылардың тек кейбірі ғана жұмысқа шыққан.

Қолдарына сот шешімін ұстаған жұмысшылардың бірқатары автобекетке жиналғандарға келіп қосылған.

- Сот шешімі барлық жұмысшыларға арналғандықтан олардың ешқайсысы аяқ баспай тұрғанда біз олардан бөлініп қайда барамыз, - дейді «Мұнай-газ өндіру басқармасы-3» кәсіпорнының операторы Естай Қарашаев.

Осылайша автобекетке наурыздың 4-інде жиналған мұнайшылар талаптары орындалмай ешқайда кетпейтіндіктерін мәлімдеп отыр.
Жалақыға қосымша төленетін аймақтық коэффициентті қалдыруды талап етіп ереуілге шыққан «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының жұмысшылары. Жаңаөзен, Маңғыстау облысы. 10 наурыз 2010 жыл. Жеке мұрағаттағы сурет.
Ереуілге қатысушыларың бірі «Мұнай-газ өндіру басқармасы-2» кәсіпорны машинисі Күнсұлу Әйтішева жергілікті биліктің мұнайшылар наразылығын заңсыз деп бағалауына өз қарсылығын білдірді.

- Біз енді неше күн тұратынымыз белгісіз, өйткені талабымыз әлі орындалған жоқ, Күннің суықтығына қарамастан адамдар тарқамай тұр. Талабымызды заңсыз десе, әділ заң қайда? Өзенде соттың әділ шешім шығарғаны күні болды ма? Осыдан он жыл бұрын күйеуімді өлтірген адамды әкеліп беріп тұрғанда дәлел жоқ деп айтқан, - деді ол Азаттық тілшісіне.

Ал «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының қоғамдық байланыстар жөніндегі өкілі Дәулет Жұмаділ наурыздың 11-күні Азаттық тілшісіне берген түсініктемесінде, сәрсенбідегі сот шешімінен соң 115 адамның жұмысқа шыққанын жеткізді.

Дәулет Жұмаділдің айтуынша, жұмысшылардың ереуілі салдарынан «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалындағы мұнай өндіру көлемі, алдын ала бағамдау бойынша, 700 тоннаға дейін кеміген. Ал ереуілдің бастапқы күндері тәуліктік мұнай өндіру көлемі 200-400 тоннаға дейін кеміген.

Бірақ оның «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» кәсіпорнының жылдық көрсеткішіне қалай әсер ететіні филиалдың өндірістік қызметінің қаншалықты жедел қалпына келуіне байланысты дейді ол.

ШЕТЕЛДЕГІ МҰХТАР ӘБІЛЯЗОВТЫҢ ҮНДЕУІ

Жаңаөзендіктер ереуілдетіп жатқан кезде «БТА» банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың интернет арқылы «Өзенмұнайгаз» мұнайшыларына жолдаған үндеуі жарияланды.

Сіздердің барлық талаптарыңызды орындауға «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының ақшасы жеткілікті. Компания басшыларының қаражат жоқ деген шағымдарына сенбеңіздер. Олар еш қиындықсыз-ақ ұжымның еңбек ақысын көтере алады. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының еркін айналымда 640 миллиард теңге қаржысы бар. Ал 2009 жылдың алғашқы үш тоқсанындағы ұлттық валютаны девальвациялау кезінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясы 662 миллион доллар пайда тапты» деп жазған Мұхтар Әбілязов үндеу-хатында.

Сондай-ақ ол барлық саяси партияларды, қоғамдық ұйымдарды, барша қазақстандықтарды «Өзенмұнайгаз» еңбек ұжымының заңды талаптарын қолдауға шақырған.

Алайда ереуілге шыққан жұмысшыларға әзір Мұхтар Әблязовтың хаты жете қоймапты. Олар өздеріне не билік өкілдерінің, не оппозиция белсенділерінің ешбірі әлі күнге дейін төбе көрсетпегенін айтады.

Бұған қоса жұмысшылар өздері талап еткен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдиннен де, Маңғыстау облысы әкімі Қырымбек Көшербаевтан да осы күнге дейін бір ауыз жауап естімегендеріне қынжылады.

- Біз жалақы мен аймақтық коэффициенттен туындаған наразылығымызды саясатқа айналдырғымыз келмейді. Мұхтар Әблязовтың үндеуін әзір ести қойғамыз жоқ. Ал оны кім қалай қабылдайтындығын айта алмаймын. Өйткені, бұл стихиялық наразылық. Әр жұмысшы өз талабымен келіп отыр. Бірақ жұмысшылармен сөйлесуге ұмтылған басқа ұйымдарды да, облыс әкімін де көрмедік, - деп мәлімдеді Азаттық тілшісіне «Өзенмұнайгаздың» бөлімшесі «Жөндеу» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Ықылас Шаңгереев.

МАҢҒЫСТАУ ӘКІМДІГІ ЖҰМЫС БЕРУШІ КОМПАНИЯНЫ КІНӘЛАЙДЫ

Наурыздың 10-ы күні Маңғыстау облыстық әкімшілігі Жаңаөзендегі жағдай туралы ресми баспасөз мәлімдемесін таратқан болатын. «Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы тарапынан ойланбай жасалған шешімдер салдарынан туындаған» делінген бұл баспасөз мәлімдемесінде.

Облыс әкімшілігінің осы баспасөз ақпарына сүйенсек, ақпанның 23-де «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» кәсіпорнының директорлар кеңесі мен акционерлік қоғам басқармасы сәуірдің 1-інен бастап еңбек ақысын төлеу шарттарына өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдаған. Бұл жайлы облыс әкімшілігіне ешкім хабарламаған.

«2010 жылғы ақпанның 10-ынан бастап еңбек шартына қосымша келісімге қол қою жөніндегі компанияның орталық кеңсесінен алынған хабарлама жұмысшылар арасына жедел таратылған. Онда қол қоюдан бас тартқан жұмысшы осы хабарламаны алғанан бастап бір ай ішінде жұмыстан босатылатыны көрсетілген. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы басшылығының бұл әрекеті жұмысшылардың наразылығын тудырған» деп көрсетілген Маңғыстау облыстық әкімшілігі таратқан баспасөз мәлімдемесінде.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жаңаөзендік жұмысшыларның еңбекақы төлеміне байланысты өзгеріс пен өндіріс филиалы басшыларына деген наразылықтары наурыздың 4-інен басталған еді. Олар бұған қоса аймақтық коэффициентті заңдастыруды, салалық коэффициенттерді төлеуді, филиалға акционерлік қоғам мәртебесін беріп, оны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына тікелей бағындыруды талап етіп отыр.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Адай қызы Қайдан: Алматы
11.03.2010 20:30
+0 / -0
енді не болар екен. Бәрінің бала-шағасы, күйкі тірлігі бар емес пе? Осы тұрғандарына жалақы төленбейді ғой. "Заңсыз" деп кінәлеп отыр. Жалақыларын дұрыс бермей, жұмысшыны қанау заңды болғаны ма? Жаңаөзен халықы тек қана мұнаймен күн көріп отыр. Ел ағалары,өзіміздің дауыс беріп сайлаған депуттарымыз қайда екен? Жұмысшы халықтың қиналып,налығаны құлақтарына жетпей отыр ма екен? Жаңаөзендіктер үшін жүрегім аурып,сыздайды. Қолымнан келер қауқарым,көмегім жоқ. Бірақ күндіз-түні бір құдайдан,Пір Бекеттен тілеулеріңізді тілеймін!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Kanat
11.03.2010 22:14
+0 / -0
Проблема кытайлыктар Казмунайгаздын 25 пайызын сатып алганнан кейін басталган секілді
Пікір алмасу

Кімнен: Kanat
11.03.2010 22:21
+0 / -0
Неге осы шетелдіктерді араластыру керек болды екен
Оз кушімізбен сонау кенес заманынан шыгарып келе жаткан мунайды біз енді кытайдын комегіне неге жугінуміз керек екен?
Шетелдіктер араласкан мекемелерде осындай маселелер орындайды
шахтерлардында басына осындай кун туган

Кімнен: Айгерім
12.03.2010 09:54
+0 / -0
Мен Жаңаөзен мұнайшыларына шыдамдылық пен қажырлық,табандылық тілеймін! Апамыз Гүләйім Дәуітбаеваның "Мәртебелі мұң" атты өлең шумақтарын өздеріңізге арнаймын.
Ей,Маңғыстау!
Сенде тудым-бұл мәңгілік мәртебем,
Меншігімдей көрінеді әр төбең.
Жүрегімнің жыр-қауызын жарғызып,
Дәл өзіңдей туса деп ем Мәрт өлең.

...Сырбаз ойым ыңырсыды сетінеп,
Сенен басқа болсын маған не тірек?
Ақ төсіңнен майлады ұртын өзгелер,
Мен дегенің - Сенен туған жетімек.

Тұла бойда атой салып қан ыстық,
Жасымас түр көрсетемін намыс қып.
Сен суалып, мен қуарып тістене,
Кетіп бара жатқандаймын талықсып;

Ей, Маңғыстау!
Асқақ ұстар Аппақ Туын Киеңнің,
Алла берген ажырамас Иең кім?
Сен қарайсың тұлып сынды тұлғама,
Мен өзіңе тәлтіректеп сүйендім.

Буындырып алқымымнан үн-арым,
Оңашада талай өксіп жыладым,
Тоңып жүрмін күрке таппай Түбектен,
Айналайын, Маңғыстауым, жұмағым!

Ей, Маңғыстау!
Шерлі жүрек- қасиетті Қара шал!
Фәни, бақи - қайсы маған жарасар?
Өле кетсем,
"Тірлігінде жылымады бойы" деп,
Бір-ақ уыс топырағыңмен жаба сал!
Маңғыстауым,Маңғыстау!

Кімнен: Ай Қайдан: Аспан
12.03.2010 10:00
+0 / -0
Тіпті не дерімді де білмеймін ! Кім кінәлі? Қаншама азап пен тозақттын аман өткен ҚАЗАҒЫМ, айдың күннің аманында шулап, шұрқырап азап шеккені қалай??

Кімнен: Әлем
12.03.2010 11:59
+0 / -0
Аблязов мырзаға қуғында болған соң қандастарын алыстан қолдау оңайдың оңайы-ау шамасы... Өзім Маңғыстау облысының тұрғынымын, облысымыздың әкімін құрмет тұтамын, себебі оның жеріне жасап жатқан ерен еңбегі еленіп, қазір Маңғыстау облысы көз алдымызда гүлденіп, ажарланып бара жатыр. Осы өңірде тұратыныма қатты қуанамын!
Пікір алмасу

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
12.03.2010 13:10
+0 / -0
Айналайын "Әлем"!
Біріншіден егер сізді шыныңызды айтып жатыр, басқалай ниеті жоқ деп қабылдасақ, онда менің ойымша өз өміріне риза, қарны тоқ, көйлегі көк, әкімді жақсы көретін, әкімді сыйлайтын, айналасы гүлденіп бара жатқан адамдар сіз сияқты адамдарға жақпайтын ақпарат тарататын "Азаттық" радиосы сияқты сайттарға кіріп, бұндай тақырыптағы мақалаларды оқымайды. Себебі ондай адамдардың бұндай сайттарға кіріп, мақала оқуға 1) уақыты жоқ. 2) қорқады. Сіздер сауналарда, тойларда жүріп немесе әртүрлі экономикалық форумдарда, мән-мағынасы, пайдасы жоқ жиналыстарда, Ұры Отанның "халықтың жағдайын ойлаған" кездесулерінде жүріп қолдарыңыз босамайды ғой. Былайша айтқанда сіздің жағдайыңыздың жақсы екеніне, айналаңыздың гүлденіп бара жатқанына менің күмәнім бар. Сіз керісінше әлдебіреудің тапсырмасын орындап отырған адамға ұқсайсыз. Немесе сіз өзіңіз сияқты адамдармен бірігіп, өздеріңіз жасап алған виртуалды "ӘЛЕМДЕ" өмір сүріп жатырсыздар. "Осы жерже өмір сүретініме қатты қуанам" депсіз. Мен сіз айтып жатқан адамдардың сол өңірде өмір сүріп жатқандарына қапа боп жүр деп ойламаймын. Ал егер мен қателескен болсам онда аты жөніңізді, мекен жайыңызды толық жазыңызшы, кімнен қорқасыз, жағдайыңыздың жақсы болғаны үшін бе, жерлестеріңіз барып көрсін сізді, сіздің жағдайыңызды, мүмкін сонда ойланар, қателесіп, бекерге шуылдап жүргендерін түсінер.

P.S. Ескерте кететін бір жайт, қазіргі күнде обьективті ақпарат тарататын, тәуелсіз пікірі бар ақпарат құралдарының ақпаратын пайдаланушыларды пікірінен адастыру үшін, сол ақпарат құралдарының айналасында (мысалы форумдарда, комменттерде) арнайы адамдар пайда болғаны ешкімге жасырын емес. Себебі олардың уже арты кете бастады, тықыр таянғанын сезе бастады. Тым болмаса тұяқ серпіп қалайық деп жатқандары ғой байғұстардың хе хе...
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: Жаңаөзен
12.03.2010 13:17
+0 / -0
Әлем мырза! Сіз өзіңіз не айтып отырғаныңызды білесіз ба? Облыс әкімін мақтайтын жерді таптыңыз-ау! Жаңаөзенге келіп көрдіңіз ба, сірә?
Ақтау мен Жаңаөзен арасы қандай алыс болса, Жаңаөзеннің қала ұсқыны сондай алыс. Бір сөзбен айтқанда "қала" деп айтуға аузың бармайды. Оған басы ауырып жатқан не облыс әкімі жоқ,не қала әкімі жоқ. Сіз мақтайсыз. Бұның бәрі құрсыншы. Әңгіме мұнайшылардың жалақасы мен құқында емес пе? Ал, Аблязов меніңше халықтың кішкене де болса көзін ашқан сияқты. Тіпті кішкентай-да болса шындығы бар шығар, айтқан сөздерінің.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
13.03.2010 01:17
+0 / -0
ӘЛЕМ!!!
Аблязов мырзаны білмеймізде, бір-ақ сіздің құрмет тұтатын обылыс әкіміңіздің, біздің ЖАҢАӨЗЕНГЕ ешқандай да жаны қиналып жүрген жоқ. Сол сіздің көркейіп-гүлденіп жатырған АҚТАУЫҢЫЗДЫҢ өзі, осындағы кішкентай 5ш/а-ны бар ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ мұнайшылардың еңбегі. ӨЗЕН дәл АҚТАУДАЙ көркейіп жатырған жоқ. ӘР жаңадан келген әкім кішкене өзгерткендей болады, бір-ақ гүлденген ӨЗЕНДІ көрмедік. Бізде сіздей осында туылып-өскенімізге мақтан тұтамыз. Ерең еңбегі еленіп жатыр дегеніңізге қайраң қалам. Ерең еңбегі еленетін болса мұнайшылардың қаласын гүлдендіру керек, содан кейін сол кісілердің мұң- мұқтажын ойлау керек, сонда нағыз әкім деп айтар едік. Мақтап отырған әкімің өткен жылы мұнайшылар аштық жариялағанда да, бүгін 10 күнге өтіп бара жатыр мұнайшылардың тұрғанына, әлі бір ретте ЖАҢАӨЗЕН не болып жатыр деп төбесін де көрсетпеді.Өзінің обылысында жаны ауырмайтын әкімге құрмет тұтқаныңыз қалай? Сол дұрыс па?Соны айтыңызшы халыққа.
Пікір алмасу

Кімнен: aktau Қайдан: aktau
15.03.2010 16:41
+0 / -0
molodec NAZARBAEV JASASYN !!

Кімнен: Наданғали Қайдан: Лохстан
12.03.2010 14:12
+0 / -0
Әлемнің жарығы , Аспанда, Ай бағып жүре берейік....

Кімнен: Акимшилик
12.03.2010 19:56
+0 / -0
Мен Жаңаөзен қаласының баласымын мен барин бес саусагымдай билемин бол жумысшылардын акшасын кобейтин

Кімнен: aktau Қайдан: aktau
13.03.2010 02:21
+0 / -0
myna koterylysty istep otyrgan oralmandar jan jaktan kelgen! osylar tek mangystauda jurgen jery aikai wu,typty bylarga jer beryp azamatty beryp jymys bersende toimaityn kaskyrlar eken! ondawa jymystaryna baryndar mangystauga akwa kerek nagyz kazaktaryna! tak 4to uwyktyrman jagdaidy
Пікір алмасу

Кімнен: Абай Қайдан: Ақтау
13.03.2010 12:48
+0 / -0

Қазақстанға 140 ұлт өкілдері көшіп келгенде, онымен тұрмай қазаққа басынғанда, осы мына "aktau"-ша сөйлейтіндер орыстардың бетіне күлімсірей қарап, соларға жаққысы келіп, отыра берді емеспе? Ал, өз қазағына қандай іші тарлықпен жек көрүшілігі мол, а? Басы жоқ қасқа. Басқа ұлт десе к...тіне кіріп кете жаздап, ал өз қазағына жек көрүшілікпен қарайтындар, міне осылар нағыз сатқындар, осылар басы жоқ ақылсыз адамдар. Қазақты ірітпей отыр, сатқын топас. Ауызы аланы жау алар.
Ал, әділетсіздікпен күресү деген сауатты дегені болып тұрғаны ғой сонда. Дұрыс істейді жаңаөзендіктер, астанадан келген қасқыр КМГ жыртқыш тонаушыларына сен ұқсап бағынып мал болып отырғаннан, өз құқықтарын қорғай білудің өзі қандай керемет. Алға қазағым, шегінбеңдер. Білсін, олардың әділетсіздігі өтетіндей, Манғыстаудың қазағы мал емес оларға.
Пікір алмасу

Кімнен: aktau Қайдан: aktau
14.03.2010 21:00
+0 / -0
ee kazak sen ne waip otsyn?
Пікір алмасу

Кімнен: Әділеттік
15.03.2010 20:36
+0 / -0
aktau деген сорлы, қыртпаңдамай отыр, Назарбаевтың к*т жалаушысы, надан топас, халық тонаушыларының жағымпазы.

Кімнен: Жанайқай Қайдан: Алматы
13.03.2010 10:18
+0 / -0
Мына өмір не болып барады? Кімнен көмек елге, кімге сенеміз?

Кімнен: қажы мұхамбет қара кедей Қайдан: иран.горган
13.03.2010 11:30
+0 / -0
Ақтау кімді ақтамақ болып оралмандарды боқтап отырғаны мәлім емес .
Не де болса мен білетін Жаңаөзендіктер баяғы кеңес одағын тәлтіреткен ең бірінші ерендер еді .Сонда бұлар қимыылдаса кез -
келген келісектердің жетегінде жүре береді деген неме сандырақтай берсін . Жаңаөзіндей мұнайлы аймақтар ертең бұл кеніш қотарылған кейін мына айдаһарлар оны бұдан да бетер қу тақыр қылып тастап кетеді . Ондаша бұл сасыған байлықты жұпарлы болашақтың мәйігі
ретінде пайдалану абзал .

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
13.03.2010 16:31
+0 / -0
Абай мен Қажы Мұхамбет ағаның айтқандарына толықтай қосыламын! Сен АҚТАУ!!!
Қандай адамсың? Біріншіден ешкім көтерліс жасап жатырған жоқ, екіншіден жан-жақтан келгендер деп нені меңзеп отырсың? Қай жақтан келседе қазақ емеспе? Осы сен сияқтылар халыққа ала ауыздық туғызады. Сенің жерің мен сен орналастырған жұмысың сияқты сөйлейсің ғой. Нағыз қазақтар сол кісілер,өздерінің еңбек ақысын сұрап отырғандар.
Сендерге күндерін қалдырмасын, болмаса ЖАҢАӨЗЕНДІ аштан қалдыратын түрлерің бар ғой. Мұнайшылар сендерден сұрамайды жұмысқа бара ма, жоқ па. Оларға жандарың ауырмай-ақ қойсын, АҚТАУЫҢДА отыра бер әуреленбей. Ешкімді-ешкім ушықтырып, үгіттеп жатырған сондықтан қиналмай-ақ қой.
Пікір алмасу

Кімнен: aktau Қайдан: aktau
14.03.2010 05:49
+0 / -0
koro4e sender halykty bylai uwyktyrma!!! ota mai kyip otsyndar! mangystauga tynywty kerek! nagyz janyn awysa kowenyn kak ortasyna wykta televidenieny wakyrda bykyl elge jar salwy korein senyn batyrlygyndy?bir uidyn iwinde otyryp alyp oina kelgendy jaza beresn!korein eldyn kozynwe wykwy kanekei? sender wykpaisndar korkasndar karapaim halykty aidap salp otyrsyndar!sondyktan birlikke tynywtykka sabyrlykka wakyr halykty!JANAOZENDIKTERGE AITARYM SABYR SAKTAP KELISIMGE KELYN BOSYNA AWTYK JARIALAGANMEN PAIDA JOK,OZ DENSAULYGYNDY KYRTASNDAR!
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
14.03.2010 19:00
+0 / -0
АҚТАУЛЫҚ сен не деп оттап отырсың?
Кім халықты ушықтырып,отқа май құйып отыр? Cөйлейтін болсаң дұрыстап сөйле.Халыққа жан ашып отырған сен бе? Саған керек тыныштық, Өзенгеде керек .Мына жакта жүрген апа-ағаларымыз, әйел-күйеулеріміз, іні-сіңлілеріміз, бауырларымыз қалай менің жаным ашымасын. Еңбек ақысын дұрыс төлеуді талап етіп отырған мұнайшылардың шақыруына келмеген телевидение, сенімен мені не қылсын? Маған батырлықтың керегі жоқ, мені тыңдайтын телевидение болса барар едім.Сен үйіңде отырып жазбай, далада жазып отысың ба? Мен сол мұнайшының бірімін.Кандай бассыз адамсын? Коркпасан Озенге кел, корейин сенин кандай батыр екенинди. Мен 8000 мунайшымен биргемин. Олар сенсизде ауыздары бир, тыныштык сактап, сабырлыкпен турган адамдар.Ешкимди-ешким айдап салып жатырган жок. Олармен келисимге келип жатырганда адам жок. Озин емеспе оралмандар, тагы баска деп халыкка алауыздык танытып отырган. Жазады дегенге жаза берме. Коркпайтын болсан ким екенинди жаз. Корейин кадай батыр екенинди. Болмаса сойлеме.
Пікір алмасу

Кімнен: aktau Қайдан: aktau
14.03.2010 20:50
+0 / -0
kop soilemew sandyraktamai ne waip otsyndar? darigeryn aina 30 alad,munaiwyn 100000 tg alad senderge sol azba? negylgan akwaga toimaisyndar? tynywtyk saktap eldyn mazasyn almandarw osy! tauelsyzdygymzge 20 jyl tolad Kudai kalasa,elimyzdy bykyl alemge pozoryn awpan,akwalaryndy kobeited uakytynda mynaidyn bagasy tomendep ketty alemde senderge ukimet akwany kaidan tabad mynai arzan bolsa sondyktan prezidenttyn aitkanyn tyndap tynyw bolndar zansyz koterylyske wykpan!
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
14.03.2010 23:13
+0 / -0
Cен не деген тусинбейтин акымаксын?
Бас десе кулак дейтин. Жазатын болсан созинди жеткизип, тусиникти жаз кате кылмай. Биздин мунай озимизге артыгымен жетеди. Биз баска елге саткызбаймыз ж/е коэфицентти алдырпаймыз деп отырмыз. Саган акша керек болмаса тегин жаса, бизге не дейсин мисыз.Cен не мунайды сатып,не алып отырсын ба? Букил алем бизди кызыктырмайды, озимизди курткызбаймыз.
Пікір алмасу

Кімнен: aktau Қайдан: aktau
15.03.2010 16:37
+0 / -0
ee kyz sen ne kuasynba osy? munaidy sen kimge sataindep otsyn? munaidy ondyrsyn al sosyn ne isteisyn uine aparyp koyasynba dastarhannyn ustyne kelgen adamga korsetyp maktanasyn ba? wetelge munaidy satpasan agan kok tiynda jok bolad sony bilip al! munaidy satu kerek egerde ozbekter kosap kangyp jurgyn kelmese!
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
16.03.2010 02:17
+0 / -0
ЭЙ, ақымақ өзің қуасыңба?
МЕН саған кішкетай қыз емеспін, 40-тан кеткен қатынмын. Мен біреуге сатамын дедім ба? Не қылған мақаусың сөзге түсінбейтін. Халықтың қамын ойлайтын адам керек Өзенге. Мұнайды керек ел өздері сұраныспен алады. Сен не теледидар көрмейсіңбе, мұнайдың бағасы қалай өсіп жатқанын? Өспеседе бүкіл Маңғыстауды асырай алады. Сен маған айтпасаңда мен оны жақсы білем, өйткені менің мамандығым соны есептейтін мамандық. Осы мұнайдың арқасында ғой сенің құтырып отырғаның. Мұнайшының елінде не істеп жүрсің? Ұнамаса басқа жаққа көшіп кет, бізде шаруаң болмасын. Қытайларға жерімізді, мұнайымызды беріп қойғанша далаға төгіп тастағанымыз жақсы емеспе? Cаған билік берсе мұнай мен жерді, оған қоса адамдардыда сататын түрің бар ғой. Сатқын неме. Сендейлерден ҚҰДАЙ сақтасын. Құдайдан қорқпағаннан қорқу керек дейтін атам ҚАЗАҚ. СЕН халықты ойламайтын оңбаған адам екенсің. Біз қай обылыс, қандай адам болсын қазақ үшін жанымыз шығады. Сен қара басты ойлайтын жан екенсің, шырағым. Ұят болар бір облыста тұрып айтысқан. Ертең келші Өзенге көрейін сені қорқпасаң. Бетпе-бет сөйлесейік.

Кімнен: Жақан Қайдан: Семей
13.03.2010 22:54
+0 / -0
Мұқтар әбіләзов қазір қазақтың көзін ашып жүр. Және байлығын кім тонап жатыр, соны айқын құжаттар арқылы дәлелдеп те отыр. Құжат оқи алмайтындар бұл жерге қыстырылмасын. Сол еш дәлелсіз қара судай комменттерін жазып отыра берсін.

Кімнен: Абай Қайдан: Ақтау
14.03.2010 10:16
+0 / -0
Халайық, Наурыз келді, көктем келді! 14-наурыз Амал күні ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Кімнен: ел Қайдан: ақ
14.03.2010 14:30
+0 / -0
Айналайын қазағымай біз өзі қайда өмір сүріп жатырмыз? Оу мына еліміз жылдан жылға өсіп келе жатыр емес пе сол ненің арқасы мұнай мен газдың арқасы емес пе шетелге қашқандар әке шешесінің пенсиясына қашты дейсіңдерме,сол мұнайгазды сатып тонап қашқандар емеспе? Жаңаөзендіктер керемет жан-жақты бай жерде тұру керек емеспе, ау мұнайгаз беріп жатыр емеспе нағыз пейіште тұратын халық болу керек,осыны істеп отырған өкімет оңбайды.Жаңаөзендіктердіңке дұрыс және Әблязов дұрыс айтады ол бұл салада жұмыс істеген азамат.Ал Ақтауға айтарым қазақ болып туылсаң қазаққа жаның ашысын,Әкімді мақтаған кісі,кезінде осы салада істеп, ат-шапан киген біреусіңғой.Сендер ешуақытта қарсы шықпайсыңдар.Өйткені арттарың ашылып қалады деп қорқасыңдар.
Пікір алмасу

Кімнен: aktau Қайдан: aktau
14.03.2010 20:52
+0 / -0
ewkmdy men maktap tyrganm jok,ewkawan artymz awylmaid bizdyn! ewkmnyn akwasn jegen kylygymda jok tek tynyw juryn koterylyske wykpai jymystaryndy istep jyru kerek adamdar! 100000 tg ailyk bolsada kanagat jok
Пікір алмасу

Кімнен: Адай
15.03.2010 12:08
+0 / -0
Ақтауыңда басыңды бұғып, отыра бер, МАЛ!

Кімнен: Ағілен Қайдан: Жылыой
14.03.2010 19:53
+0 / -0
Ояныңдар қазақтар, бірігіңдер!
Арын,Отанын, жерін сатқан жемқор биліктің сазайын тарттыру керек!
Мұхтар Шахановтай ұлтжанды азаматтардың қасынан табылайық!
Жаңаөзендік бауырларға, Аллам жар болсын Сіздерге!

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
14.03.2010 22:51
+0 / -0
КУРМЕТТИ ЖАНАОЗЕННИН мектеп окушылары мен студент жастары!!!!!
МЕН осы ЖАНАОЗЕНДЕ туып-остим, ж/е мунайшы болып жумыс жасаймын. Ертен, ягни 15.03.2010ж. ТАУЕЛСИЗДИК аланында сагат 10-да жиналады деп угиттеу насихаты жургизилип жатыр. Сондыктан сендердин ата-аналарыннын сурауы бойынша, айналайын Жастар ертен аланга бармай-ак койындар. Cендер оздериннин ата-аналарына кедерги жасайсындар. Онын арты жаксы болмайтыны айдан анык. Жогардагыларгада керектери сол, АМОНДАРДЫ не ушин акелип отыр? Ата-аналарын зар кагып калмасын десендер,айналайындар тагыда отинип сураймын угиттеуге ермендер.Озеннин мунайшылары , ягни сендердин ата-аналарын котерлиссиз оздери шешеди.

ЖАНАОЗЕН ТУРГЫНДАРЫ!!!
СЕНДЕРДЕН балдарынызга ие болуынызга, ешкайда жибермеуинизди отинип сураймыз!!!!
Бириншиден зар кагатын оздериниз, екиншиден биз мунайшылар котерлиссиз шешемиз, ушиншиден бизге кедерги жасайды жастар.

КУРМЕТПЕН ЖАНАОЗЕННИН МУНАЙШЫЛАРЫНЫН атыннан.

Кімнен: aktau Қайдан: aktau
15.03.2010 16:43
+0 / -0
NAZARBAEV JASASYN! nur otan alga!! tek kana alga NAZARBAEV! nazarbaev dyrys saysat ustap otyr munaidy satpasa akwany kaidan alamz! janaozendikterge ali osy bastaryna jetpegen siakty!
Пікір алмасу

Кімнен: Адай-Жеменейдің қызы Қайдан: Жаңаөзен
16.03.2010 02:56
+0 / -0
Ей сауатсыз қасқа!!!
Айтарыңды дұрыстап жеткізіп жазып үйренсейші. Жазады дегенге құтыра бермей. Өзің ата-ана көрген адамсыңба?Әлде дым көрмеген тәртіпсіз, тәрбиесіз адамсыңба? Әркімге тиіспей жайыңа отыр.Сен промысылдың жұмысын көрген жоқсың, сосын олардың 20-40 жылдан берігі жұмысы. Қалпақтар оның біреуінде жасай алмайды. Оны үйрету үшінде уақытың кетеді.Саған мұнай шығару оңай шаруа емес, біліп қой. Оңай болса жұмысқа шықпағандарды шығарып, неге басқа адам алмайды? Еріккеннен тұрған жоқ олар, олардыңда сен сияқты ақылдысымақ балалары бар. Солар үшін күні-түні майға батып жұмыс істейді. Соншама күштісің ғой, жұртқа ақыл айтып жөнге салғың келеді.Сенімен менсізде олардың проблемалары жетеді. Жұтпен сайт арқылы ұрсқанша, таңертең сағат 10-да Өзендегі Тәуелсіздік алаңына келші, көрейін қандай батырлығыңды. Болмаса адресіңді айт мен барайын Ақтауға. Бала көп құтырма. Ойнаған бала от басады. От басқың келмесе жайыңа отыр.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.03.2010 03:50
+0 / -0
http://www.youtube.com/watch?v=DeUpFisJjLc&feature=related
Пікір алмасу

Кімнен: Қайрат
16.03.2010 18:43
+0 / -0
Дұрыс айтасың, халық өз алдына биліктен бөлектеніп кеткендей, халықтың басы айналып жүр..

Кімнен: М Қайдан: Жанаозен
15.03.2010 18:56
+0 / -0
aktau бауырым. Сен аузыңа ие бол, сен биздер мұнайды қалай шығаратынымызды билесинба. Тағы да аузыңа ие бол. Проблема керек болмаса
Пікір алмасу

Кімнен: aktau Қайдан: aktau
15.03.2010 22:58
+0 / -0
ee kazak kalai tabatynyndy bilem! kinalsan kalpaktardy akelyp munaidy wygartamz! adam jok deisynba 100000 tengege kalpaktaryn aikai salyp maz bolyp jumyska kired! sen kymsyn sonwama problema bolatyndai magan problemany ozyne taup almai tyrganda jar uinde jumysyna wyk koterylyske barma sosyn! sensyzde jumyswylar kop jumys isteityn
Пікір алмасу

Кімнен: Сайлау
16.03.2010 18:58
+0 / -0
Мына заманда адамдар жұмысты таңдайтын болыпты, сонда қара жұмысты кім жасайды? Мен өзім қара жұмыс жасаймын, жалақым жетіп жатыр, бұл жерде мәселе адамның өзінде. Егер адам еңбегін тиімді пайдаланып білсе, оның өмірінде бәрі жақсы болады. Маған сеніңдер!

Кімнен: ел Қайдан: ақ
16.03.2010 21:46
+0 / -0
Басқа пәле тілден дейді қазақ. Ақтау тілім бар екен деп әрнәрсені айта берме. Бекерден бекер тілңнен айырылып қалма табам деген адам сені тауып алады.Сен білесіңбе сол мұнайшылардың бастықтары қанша айлық алатынын. Ол сенің тапқан 100 мың теңгенің 100 есе артық алады. Ал сен болсаң 100 мыңға қанағат қылмай ма дейсің. Сенің басының бір шаригі жетпейді ау.
Пікір алмасу

Кімнен: кайрат
18.03.2010 03:41
+0 / -0
сизге сонда 1000000 тенге беру керекпе?

Кімнен: Тілектес Қайдан: Жаңаөзен
16.03.2010 22:43
+0 / -0
Актау дегенге боска ауыз ауыртудың қажеті жок,ондай адамдар шеше мен әке тәрбиесін көрмеген адамдар.солардың тапканын далага шашып өміріне мәз болып жүргендер.Надан түк көрмеген. Ал мұнайшылар Жанаөзен халқы барібір жеңеді, себебі халыққа қарсы тұру мүмкін емес.

Кімнен: Мен казак Қайдан: Адай баласы
16.03.2010 23:23
+0 / -0
Ассалаумагалейкум уа рахматуллахи уа баракатуху!!! Кадірменді Жаңаөзен мұнайшылары!!! Бұл наразылық акциясының сәтті аяқталуына Аллахтың жәрдемін тілеймін!!! осы менде болашақ мұнайшы болгандыктан, болашагыма тоніп турган катерге тозімім жетпейтінін айткым келеді!!! өтініш бул істі баспен мимен акылмен істеуініз сураймын!!! сосын айта кететін Актау деген бауырыма: бауырым сен Актау деп козелдардың педальдарын колынмен басып ешетеме кормегендей болып калшы!!! сен тым шектен шыгып барасың!!! бізден корыкпасанда Аллах барго,Сол АЛЛАХтан корыкшы!!! егер аузына ие болмасан Актау каласының браттары аркылы мен сені тауып аламда шет елге асырып жіберуге де абден менін толык жетет ИншАЛЛАХ!!! Ал саттілік!!!
Пікір алмасу

Кімнен: казак Қайдан: казак
17.03.2010 20:58
+0 / -0
сен соншамат кимсин браттарын аркылы адамды тауп шетелге жиберетиндей? ол актауннын ар жагында жаксы кокелери бар сондыктан ол солай сойлеп отыр сенимди болып! абай бол озинди елден куып жибермесин бахабис деп отирик айп тагып
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.03.2010 03:40
+0 / -0
baurym kop soilemew brattaryma aitam dep senyn brattarynnan jogary brat mende bar kerek bolsa! olai korkytpa meny! ozyndy elden kuyp jibermei tyrganda! sen vawe bilesynba koterylystyn zansyz ekenyn/ myna omirdynde zanyna bagynu kerek! ALLADAN KORKAM MNE tagy sagan kaitalain myna omirdynde zanyna bagynu kerek sony bilip jur! prezident bar jagdaidy jasap jatyr elyne,sen kelesynde kaup dep yrwiktirme halykty! jyl sain mynaidyn ailygyn koteryp jatyr! munaidy wetelge satpai ne isteisyn wygaryp alyp dalaga togyp tastaisynba? satyp ony akwa kylu kerek,halyktyn al aukatyn koteru uwyn! ekonomikany dyrystap oky bil sosyn korytyp birdeme ait! ozymyzdyn munaiwylarymzdyn bilimi tomen bolsa kim kinaly! kazirgy jastardy karaw politeh esenov energetikte okityndar dam bosyn jur solardy bolawak mynaiwylar deid! halykka aitarym sabyr saktap aralarynnan bir baswyny sailan sol kisy ykymetpen kelissoz jurgyzsyn 1000 adam ar jaktan soilese ewtene wykpaid birlik bolu kerek
Пікір алмасу

Кімнен: 123
20.03.2010 12:10
+0 / -0
koterylystyn zansyz ekenyn/ myna omirdynde zanyna bagynu kerek
-----------------------------
уха-ха-ха:))))))))))))))))))))
сөздеріңнен жоғарыдағы "aktau" атты адам екенің көрініп тұр. Бала, сен неше жастасың? Мурын боғың ағып жұрген бала екенің көрініп тұр сөздеріңнен.
"Заңсыз" дейсіңба :))? Кім жазды екен ол заңды? Күлкіден өлтірдің-ау, әрең дегенде қойдым, ишім ауырып кетті. Уффф, алла:)))....
Ал енді мынаны ұғып қой, бала. Ондай "заңдарды" жазған құдай емес, Наз-баев деген біреу. Ал ол кім? Дұрыс. Адам,. Сеніңше құдай емес, адам. Өз тонаушылық, алаяқтық истеріне халық ештеңке жасай алмасын деп, сен ұқсаған топастарға жазып қойған "заң"-сымақтары ғой оның. Сен мал болсан сондай оның заң-сымақтарына, әбден құдай жазған заң ұқсатып, бағынып отыра бер. Бірақ басқаларды солай истесін деп ойлап та тұрма, топас неме.
Халық үкіметпен президенттің қызметкері емес, керісінше үкімет пен президент халықтың ҚЫЗМЕТКЕРІ-деп жазыпты мына жерде біреу. Соны біліп қой, надан қасқа.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі