Тыңдау

Қазір әуеде

Кешкі бағдарлама

Келесі бағдарлама




Мультимедиа


 

Қазақтар - әлемде

Лондондағы кіші құрылтайға Сингапурдан да қазақтар келді

29.05.2009
Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

29 мамырда Ұлыбритания астанасында Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы басталды. Оған Еуропаның 12 еліндегі қазақ-мәдени орталықтарымен қатар, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Иордания және Сингапурден арнайы барған қазақтар қатысты.

Жыл сайын Еуропаның бір қаласында қазақтардың басын қосуды дәстүрге айналдырған бұл шараға биыл әлемнің түкпір-түкпірінен жиыны 1200-дей делегат қатысты.

Лондон төріндегі құрылтай жайында Ұлыбританиядағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Исмаил Кесіжі Азаттыққа сұхбат берді.

ҚАЗАҚ ҚҰРЫЛТАЙЫНА АҒЫЛШЫН ЛОРДТАРЫ ДА КЕЛДІ

– Исмаил мырза, Лондонда өтіп жатқан Еуропа қазақтарының құрылтайына кімдер келді?

– Жұма намазынан кейін, қазақ елінің азаттығы жолында құрбан болған шейіттерімізді еске алып, құрбан шалудан кейін құрылтайдың ресми жиыны ашылып, түстен кейін Еуропа қазақ қоғамдары федерациясы өкілдерінің жиыны өтті.

Бір айта кетерлігі, Еуропаның қазақ қоғамдары федерациясы күні бүгінге дейін Еуропа заңы бойынша ресми тіркеуден өтпеген, аты бар заты жоқ қоғам еді. Міне, осы құрылтайдың алдында бұл федерация ресми түрде тіркелді.

Бұған дейін федерацияға Мюнхендегі қазақ қоғамының төрағасы Абдулғайым Кесіжі жетекшілік етіп келген. Ол енді ғана ресми түрде тіркеліп жатқандықтан, төрағалық Мюнхендегі қазақ қоғамында қала беретін болды.

Қазір құрылтайға – Өзбекстанның, Моңғолияның, Ресейдің және Еуропаның 15 елінен қазақтар келді. Тіпті, Сингапур мен Иорданияда жүрген 1-2 қазақ та бұл құрылтай туралы естіп, ат арытып жетіпті.

Сондай-ақ, бұл құрылтайға жергілікті әкімшілік те жеткілікті деңгейде назар аударып отыр. Соның белгісі болар, Лондон қалалық әкімшілік басшылары мен Британ парламентінің лордтар палатасының мүшесі лорд Фрейзер келді.

Әрі Лондондағы түркі республикалары, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінің де елшіліктері ат салысуда.

БАСТЫ МӘСЕЛЕ – ЖАСТАРДЫ ҚАЗАҚИ РУХПЕН ТӘРБИЕЛЕУ

– Биылғы құрылтай қандай мәселеге арналды?

– Құрылтайдың басты мақсаттарының бірі – Еуропада туып өскен, қазақ мәдениетінен жырақта жүрген қазақ жастарының санасын сәулелендіріп, қазақтың салт-санасы мен мәдениетін таныту және түсіндіру, олардың бір-бірімен танысуына мүмкіндік жасау.

Еуропадағы қазақ диаспорасы өте үлкен емес. Ең көп шоғыры Париж қаласында – 200 отбасы тұрады. Кейбір қалаларда 10 отбасы ғана тұрып жатыр. Демек, бір-бірінен жырақ жүрген қазақ жастары қазақ тілін білмейді, салт-сананы ұмытып барады, әрі өзара қарым-қатынасы тым сирек.

Сол себепті де, қазақ жастарының бір-бірімен байланысын күшейтіп, өзара отбасы құруына осы құрылтайлар септігін тигізеді.

– Ал, қазақ тілін үйрету мәселесін қолға алмақ ниеттеріңіз бар ма?

– Қазақ тілін үйрету мәселесін Еуропадағы қазақ мәдени орталықтары әркім өз бетінше шешуге дағдыланған. Бұрын Лондонда отырған Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі біздің осы мәселемізді шешуге ат салысып, арнайы қазақ тілін үйрететін мұғалім бөліп берген еді.

Елші ауысып кеткеннен кейін, бұл іс тоқтап қалды. Бүгін Қазақстанның жаңа елшісі Қайрат Әбусейітовпен осы мәселе жайында әңгіме өткіздік. Құрылтайдан кейін қазақ тілін үйрету курсы өз жұмысын жалғастыратын болды.

Ал, Еуропаның көп қалаларында мұндай шаралар жоқтың қасы. Оларда да осындай шаралар қолданса жақсы болар еді. Кейбір қалаларда қоғам тарапынан бір аудиторияларды жалдап алып, сенбі күндері сабақ үйретіп жатқандары да бар.

Алайда, бұл қазақ қоғамдарының қалтасына қиынға түседі. Әрі қазақ мәдениеті мен тілін мүлдем білмейтін балаларға қазақ тілін үйрету де оңайға соқпай отыр. Негізінен оларға көрнекі құрал, теледидар арқылы қазақша үйреткен дұрыс болар еді.

Қазақ телеарналары шеттегі қазақтарға арнап күніне 1-2 сағат қазақ тілін үйрету бағдарламасын берсе деген тілек бар.

ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҰСЫНҒАН ДИСКІЛЕР ЕУРОПА ҚАЗАҚТАРЫНА ЖАРАМСЫЗ

– Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шеттегі қазақтарға арнап қазақ тілін үйрету үшін СD және DVD дискілерін ұсынғандарын хабарлаған еді. Ол қаншалықты тиімді?

– Әрине, бұл дискілер біздің үлкен адамдар үшін танымдық тұрғыдан өте пайдалы. Дегенмен, Еуропа жастарына бұл тым тиімді емес. Өйткені, ол дискілер түрікше-қазақша ұсынылған. Ал, Еуропадағы қазақ жастары өздері тұратын елдерінің тілінде сөйлейді ғой.

Қазіргі әкелгендерін әзірге көрген жоқпын. Жалпы, ол дискілерді жасағанда бұндағы адамдармен ақылдаса отырып, кәсіби деңгейге жеткізу керек шығар.

Бүгінге дейін бізге жеткен дискілердің оқыту методикасы ескі. Жаңа методикаларды ойлап тауып, балаларды қызықтырудың өзге амалдарын қарастырған жөн болар еді.

– Әңгімеңізге рахмет, Исмаил мырза.
Бұл форум жабық
Пікірлерді іріктеу
     
Пікірлер
Кімнен: Нұрлыбек Қайдан: Астана
29.05.2009 22:26
Өзім Қазақ тілі мен Әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Ал жолдасым балабақшада тәрбиеші-музыкант. Мамандығы - домбырашы. Құдайдың берген қос перзенті бар. Отбасылық қажеттіліктерге көмектесетіндер болса, еуропадағы бауырлымызға біз де көмектесуші едік. Әрине, тіл, салт-дәстүрді үйретуден...

Кімнен: айдабол Қайдан: талдықорған
30.05.2009 12:32
Құрылтай құтты болсын! Еуропадағы, бүкіл әлемдегі қазақтар елдегі қазақпен тығыз қарым-қатынасты үзбеуге, ұрпағының ата тегінің салт-дәстүр, тілі мен ділінен ажыратпауды ойлап алаңдаушылық танытып отыр екен. Шеттегі қандастарға: тек үкіметке ғана үміт артпаңыздар, Қазақстандағы ұлттық, мәдени қоғамдық ұйымдармен байланыс-қатынасты күшейтіп, тұрақты көпір орнатуға мүмкіндік іздеңіздер деген тілек айтқым келеді. Өкінішке орай, қазіргі биліктегі отырғандар (әрине, бәрі емес, бірақ басым көпшілігі) қаймана қазақтың мұң-мұқтажын емес, қарақан басы мен қарнының қамын күйттеп, жеп қалу, тартып алу үшін жүргендер. Ащы да болса шындық осы, ағайын.

Кімнен: Зерттеуші Қайдан: Астана
31.05.2009 23:33
Сингапурде қазақтар тұрады дегенді бірінші рет естуім.Олар қашан барған, не істейтін қазақтар,сонда. Меніңше тілшілеріңіз шалыс бірдеме естігендіктен қателесіп жазып отырған сияқты.Бәлкім олар қазақша үйреніп алған қытайлықтар шығар...

Кімнен: askar Қайдан: iran
31.05.2009 23:41
salem koreltay kote bolsen http://kazak.blogfars.com/

Кімнен: Alnur Қайдан: UK
01.06.2009 04:07
Men osy forumda songy kuni boldym. Ozim angliyada bolashak programmasynyn zhuldegerimin.
Mamashev myrza ulken zhymys atkaryp zhatyr, sender adamdardy bostan boska zhamandamandar. Forumga katysyp, oi-pikirtalaska katysyp kana kandaida bir sheshimge kelulerinizge bolady.
Eh, kazakh, kazakh, halkym menin. Oz elderinde tynyshtyk tappai, boten elde azgantai zhyrt bop omir suredi. Oz memleketimizde ozimizge zhane shetelde zhyrgen kandastarymyzga eshkandai zhagdai zhasagan zhokpyz. Ozimnin baikauym boinsha, ulken kisiler kazakh tilinde soileidi, al zhastar tek agylshyn znahe ozderi turgan zherdin (France, Netherlands, China, Turkey, tb.)tilderinde soileidi eken. Olar keleshekte tolyk assymylyatsiyauga yktilmal, biz olardy oz agaiyn retinde zhogalta alamyz. Kasiret!

Кімнен: Bozdala Қайдан: алматы
01.06.2009 16:08
зерттеуші мырза, журналистердің құлағы қақас деп естіп пе едіңіз? Мұны, Мамашев мырза келгенде, анық-қанығын нақтылап жауап жаза салуға болатын шығар.

Кімнен: Мергенбай
01.06.2009 17:48
Ау Лондондағы Қазақстан елшілігі бұл құрылтайға қатыспаған ба сонда. Онда олар қай халықтың мүддесін қорғап отыр ол елде.Бұлай бола берсе және ұлтжандылық болмаған жерде, қазақ халқы болашақта жерімізді қара қытайға беріп, өзіміз жылда бір елде құрылтай жиынын өткізіп көшіп-қонып жүретін шығармыз, оның бетін әрмен қылсын.

Кімнен: Kazakh Қайдан: London
02.06.2009 01:07
Қазақ елшілігі де, қазақ елшісі де құрылтайға қатысқан. Қайрат Әбусейітовті өз көзіммен көрдім. Кішігірім сөз де қазақша және ағылшынша айтты, бірақ қағазбен шығып, сол қағазға үңіліп оқып шықты. Дегенмен, концерт өте жақсы болды. Жиналған жұрт өте ырза болды.

Кімнен: Kazhymukhan Қайдан: France
02.06.2009 01:39
Alnur durys aitady! Men de ogan katystym, baride jaksy otti!

Кімнен: Жаклин Қайдан: Мәскеу
02.06.2009 15:11
Құрылтай құтты болсын!Газет оқитын сауатымыз болғанына шукіршілік!Қауымдастық қандай қазақтармен жұмыс жасайды өзі?Қазақстанда болсын,Басқа елде болсын өтетін құрылтайға делегаттар қалай ,қандай жолмен іріктеледі?Ылғида шетткгі құрылтайға Қазақстандағы шенеуніктермен,Мамашевқа жақын жүргендер соның жұмыстарына көмектесетіндер барады.Ал Қазақстанда өтетін құрылтайға сол Қазақстанда отырғандардың ұсынуымен не шеттегі қалталылар барады.Неге шеттегі қоғамдарға хабарламайды,неге сол қоғамдардың шешімі бойынша ұсынылған жұмыс жасап жүргендер бармайды,неге?Шеттегі қоғамдарменде таңдап жұмыс жасайды.Қауымдастық жеке меншіктері сияқты.Міне тағы құрылтайды газет бетінен оқып отырмыз.Сонда қауымдастықтың жұмысы кімдер үшін?

Кімнен: Ақылшы Қайдан: Астана
03.06.2009 20:41
Жаклин,газет оқи алатын сауатың болғанына қуанудың қажеті шамалы,өзің атыңа затың сай қазақша түк түсінбейтін біреусің ау.Біріншіден бұл кіші құрылтай барша қазақтікі емес,құрылтай еуропада жүрген қазақтар үшін арналған іс шара.Ал сенің тұратын Мәскеуің Европаға жатпайды. Ол Еуразия құрлығына жатады.Географияны аздап болсын оқысаңшы.Қауымдастыққа тиісіп нең бар? Өзіңді жөндеп ал.Орыстың бас қаласында шошқа баққанша елге келіп барлық оралмандар құсап болмаса қой бақсаңшы, ешкім сені сөз демейдә..қойды жақсы бақсаң осындай құрылтайларға сені тастамай ерітіп жүретін болады.

Кімнен: Gulnar Қайдан: US
04.06.2009 07:45
Kyrmetti Again! US -te de biraz elimizdin okilderi bar. Olardin kobisi - Studentter jane Contract boinsha Jumis istep jurgen Kazakhtar. New York, Huston, Dallas jane baska da kalalarda tyradi. New York-ta Aliya Alhan degen kisi (Pianist) Kazakh Madeniet Kogamin Baskaradi. Olar jilda Naurizga barlik Kazakh-US Diasporasin Shakiradi. Kaida jursek te - Aman Bolaik. Al Balalarimizga Kazakh Tilin Ymitpai Yiretuge Teispiz....Ana Tilin Kaida Jursekte Ymitpaimiz......Osi Web sait siyakti Bizderge de Bir Web sait Ote Kajet....Sogan Kazakhstan Okimeti Komektesse Keremet Bolar Edi.......

Кімнен: Жаклин
04.06.2009 17:27
Ақылшы,ақылың көптігінен басың айналып қалыпты.Жағырапияны өте жақсы біледі екенсің.Мамашевтың шашбауын көтеруші екеніңді айқайлап айтпасаңда түсіндік.Қазақша білгенің не керек,сол қазақшаңнан қазаққа пайда келмесе.Сыртта жүрген қазақтың мұңын сен қалай ұғарсың,құрылтайдан-құрылтай қуып жаныңды күтіп,қыдырып жүрсең.Сыртта жүргендердің жұмыс жасап жүргендерін қауымдастық қолдамаса кім қолдайды?Сондай жұмыс жасайтынның орнына сен сияқты жағымпаздар барады ылғи.Қыдырып жүріп Қазақстанда бағатын қой қалмағанында білмей қалыпсың.Маған кімнің қойын баққызбақсың?Мамашевтың жиғанын ба,әлде басқа шенеунік туыстарыңның жинағанын ба,әлде өзіңе қойшы керек болып тұр ма?Қорықпайсың ба,айтшы қанша ұрлағаныңды сырттағы қазақтарға арнап,той жасадым деп жымқырғаныңды?!Құрылтайдың өткенінен не пайда,қазақтың мұңын жоқтамаса?Былтырда өткен,жылда өтеді не шешті?Қауымдастықтың шығарған кітап-журналына да,қолымыз жетпейді.Елдің шашбауын көтергенше өзекті әңгіме айтсаңшы,жағымпазданбай.Келесі құрылтайға баратын болдың уайым жеме!Қойыңды жоғалтып алма ұрлап алған.

Кімнен: uaq Қайдан: semei
05.06.2009 02:50
alista zhatip renzhispender. mamashev qadarinsha zhumis zhasap zhatqanin korip otirmis.odan da koshi-qon departamentin zhonge salu kerek.qazaq ushin emes, qazaqqa qarsi zhumis isteitin mekeme bolip aldi.
     
Мәтін көлемі - +