Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:24

САЯСАТ

Назарбаевтың биліктен кетпеуіне элитааралық күрестің өршуі әсер еткен

Stratfor («Стратфор») барлау және талдау жасау ұйымы 20 жыл бойы бір адам басқарып келе жатқан Қазақстандағы тұрақтылық билікке ұмтылған бірнеше саяси топтың тартысына айналуы мүмкін деген болжамын жариялады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) сайлау штабында. Астана, 4 сәуір 2011 жыл
Мәтін көлемі - +

Қазақстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлау бір қарағанда Назарбаевтың өзін-өзі жұбатуы үшін жасалып жатқан саяси сахналық қойылым сияқты көрінеді деп жазады Stratfor наурыздың 31-і жариялаған «Қазақстандағы саяси мұрагерлік дағдарысы» атты арнайы есебінде. Алайда бұл сайлау президенттің шымылдықтың артында келесі мұрагерді анықтауға байланысты өрбіп жатқан кланаралық қауіпті қақтығыстарды бүркемелеу жолындағы талпыныс дейді Stratfor.

Ұйымның жазуынша, қазір Қазақстанда Кремльдің саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени тұрғыдан ықпалы басым. Мәскеу Қазақстан билігін Совет одағы кезінде Ресей мен Орталық Азияның өзге мемлекеттерін байланыстыратын саяси көпір ретінде пайдаланды. Мәскеудің пайымдауынша, Ресей үшін Орталық Азия мемлекеттерінің көбісімен қоян-қолтық араласудың аса маңызы жоқ. Сол себепті Мәскеу Астананы аймақтағы көптеген ірілі-ұсақты мәселелерді шешуде жиі пайдаланады.
Қазақстанның энергетикалық саясаты мен саясаткерлерін негізінен Мәскеу бақылауында ұстап отырса, Қытай Қазақстанды инвестициямен көміп тастап, өңмеңдей еніп келеді.

Ресей, Қытай және Батыс елдері сияқты алпауыт мемлекеттердің назарын аударған Қазақстанның энергетикалық ландшафты бүгінде алуан түрлі. Қазақстанның энергетикалық саясаты мен саясаткерлерін негізінен Мәскеу бақылауында ұстап отырса, Қытай Қазақстанды инвестициямен көміп тастап, өңмеңдей еніп келеді. Ал батыстық компаниялар да бұрынғыдай елге инвестиция салу мен оның қазба байлықтарын игеру тұрғысынан алда келеді деген тұжырым жасайды Stratfor.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ДИНАСТИЯ

Ресейдің оңтүстіктегі көршісінің аумағында әрекет етіп жатқан өзге күштерге қарсы қимылдамай отырғанының бір себебі – Астананың Мәскеуге алабөтен ойының жоқтығында деп жазады басылым. Мұның себебі Қазақстанның тұрақты және біріккен үкіметі мен бүкіл билік тетігі тек бір ғана тұлға – Нұрсұлтан Назарбаевтың қолына шоғарланған. Ал Назарбаев Ресейге әлімсақтан адалдық танытып келетінін айтады Stratfor.

Бұрынғы ССРО президенті Михаил Горбачевтің Совет одағы әне-міне құлайды деген уақытта Назарбаевты Қазақстан басшылығына қойғандағы мақсаты - республиканы Мәскеуге дұрыс көзқарастағы адамға табыстап кету. Президенттік қызметінің алғашқы жылдарында Назарбаев бұрынғы ССРО-ның кейбір сықпытын сақтап қалу жолында енді ғана тәуелсіздік алған Қазақстанды Ресеймен бірлескен одақ құруға итермелеген. Алайда, сол уақытта Ресей ондай қадамға баруға тым әлсіз болды да, Назарбаев мұның орнына Орталық Азияға тән саяси династия құруға бел байлады.
Назарбаевтың өз отбасы мүшелерін стратегиялық маңызды салаларға басшы етіп тағайындауы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оппозицияның пайда болуына еш мүмкіндік бермеді.

Бұл жолда президент болған алғашқы жылдары Назарбаев өз отбасын мемлекеттің стратегиялық маңызы бар салаларын басқаруға қоюға және қандай да бір оппозициялық күштерді ығыстырып тастауға ұмтылды. Ол өз туыстары мен жақтастарын елдің БАҚ, жастар ұйымдары, саяси партиялар секілді саяси және әлеуметтік құрылымдарына орналастыру арқылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оппозицияның пайда болуына еш мүмкіндік бермеді дегенді айтады Stratfor.

Президенттің жоспары өзі құрған қазақ династиясын одан ары Орталық Азия шеңберіне кеңейту болды. Бұл тұрғыда ол кіші қызы Әлияны Қырғызстанның сол шақтағы президенті Асқар Ақаевтың ұлына үйлендірді. Алайда екі ел арасындағы айырмашылықтар ол некені баянды қыла алмады. Ұйымның дерегі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев династиясын ендігі жерде тек Қазақстанның өзінде кеңейтіп, нығайтуды мақсат тұтты. Ол енді тек отбасы, туған-туысы және өзін қолдайтындарға ғана сенім артуға болатындығын және осы топ қана елдің саясаты, экономикасы мен қоғамдық өмірдің өзге де салаларына ықпал ететінін анық бағамдады.

КҮШЕЙІП КЕЛЕ ЖАТҚАН ДАҒДАРЫС

Халықтың шынайы қолдауына ие бір басшының туған-туысы және оған жақын серіктерінен құралған шағын топ басқаратын мемлекеттегі басты кінәрат ол елдегі бүкіл тұрақтылық, бірлік пен мемлекеттің тыныс-тіршілігі бір ғана адамға тәуелді болады. Назарбаевтың туыстары мен билікке ие топтың мүшелері өзара бір-біріне сенбейді. Олар ең алдымен Назарбаевқа, сосын өз мақсат-мүддесіне қызмет істейтінін жазады Stratfor. Ал бұл Назарбаев кеткеннен кейін не болады деген сұраққа жетелейді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отбасы мүшелерімен бірге. 1992 жыл

О баста Назарбаев Қазақстанда әкеден балаға мұра болып қалатын билік жүйесін орнатпақшы еді. Мәселен, Әзірбайжандағы сиқты. Бірақ Назарбаевтың үш қызынан басқа баласы болмағандықтан, 2000 жылдардың басында өзінің жиен-немерелерінің біріне билікті табыстауға дайындалмақ болды.

Ол уақытта президент жиен-немерелерінің бәрі жас болғандықтан оларды мұрагер ретінде жариялауды кейінге ысырып қойды. Ал 2006 жылы Түркіменстанда советтік кезеңнен билікте келе жатқан алғашқы басшы Сапармұрат Ниязов қайтыс болғанда, Орталық Азияда мұрагерлік мәселесі алдыңғы орынға шықты. Бұл жағдай Нұрсұлтан Назарбаевты мұрагерлік жоспарын нығайтуға қайта итермеледі.

БИЛІККЕ ТАЛАС БАҚЫЛАУДАН ШЫҒЫП БАРАДЫ

Бұрынғы пост-советтік мемлекеттерде билікте кландық және билеуші элиталардың қалыптасуы Назарбаев режиміне де тән болды. Бірақ бұл элиталар Назарбаев өздеріне билікті тегін ұстата қоймайтындықтан, шынайы тақ таласына көп ұмтыла қоймады. Дегенмен Назарбаев қауіпті және бетпе-бет келген қақтығыстарда өз мұрагерінсіз қиын жағдайда қалатынын біліп, билік жолындағы күрестің бақылауынан шығып кететінін түсіне бастады деген болжам жасаған ұйым.
Stratfor-дың жеке дерек көзі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мұрагері бола алатын және мемлекетте бейбітшілікті сақтап қала алатын адамды қолдап-қуаттап отыру үшін 2010 жылы отставкаға кетуге бел байлаған.

Бұл президентті аңдамай, асығыс бірқатар шешімдер қабылдауға мәжбүр еткен. Мысалы, Stratfor-дың жеке дерек көзі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мұрагері бола алатын және мемлекетте бейбітшілікті сақтап қала алатын адамды қолдап-қуаттап отыру үшін 2010 жылы отставкаға кетуге бел байлаған. Бірақ, билік үшін күрес тым күшті және қауіпті сипат алып, ол президенттің жақтастарына Назарбаевқа «Елбасы-Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беруге мәжбүрлеген. Мұндай мәртебе президент қандай жағдайда болмасын, билік тізгініне ие дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, «Ұлт көшбасшысы» Нұрсұлтан Назарбаевқа ең алдымен «қауіпсіздік белбеуін» тағып берді. Саяси сахнаның айналасындағы кейбір деректерге қарағанда, мұрагерлік мәселесі өткен жылы өткір сипат алып, ол биылғы қаңтарда алдағы сәуірге жеделдетіп мерзімінен бұрын сайлау өткізіп жіберуге түрткі болған.

Stratfor-дың жазуынша, 2016 жылға дейін ұзартылатын мерзім (Назарбаев ол уақытқа дейін тірі отырса) ішінде президент шымылдық артындағы топтардың билік үшін күресін бір жөнге салып, ықтимал үш түрлі мұрагерлік жобаның бірін таңдайды. Алайда, дәл қазір бәсекелес топтар өз мүдделерін қорғау үшін Назарбаевтың ұзақ өмір сүруі мүмкін екенін ойға да алып деп отырған жоқ.

«ҮЙ ІШІНЕН ҮЙ ТІККЕН» ЭЛИТАЛАР

Қазақстандағы ықпалы бар билік топтарын Stratfor төрт категорияға жіктейді. Оларға президенттің отбасы (The Family), тісқаққан серіктері (Old Guard), аймақтық жетекшілер (Regional Leaders) және шетелдік фракциялар (Foreign Factions) енеді. Бұл топтардың ешқайсысының басы бірігіп, ұйымдаспаған. Әр топқа кіретін ықпалды тұлғалардың өз мүддесі бар және топ ішінде өзара бір-бірімен үнемі бәсекелесіп жүреді. Дегенмен, тұтастай топқа қауіп төнгенде мақсаты ұқсас болғандықтан олар шұғыл тізе қоса алатынын да айтады ұйым. Мәселен, Нұрсұлтан Назарбаевтың үш қызы бір-бірімен үнемі бәсекелес болса да, отбасылары мен әкелерінің билігіне өзге топтан қатер туған кезде біріге қалады.
Дариға Назарбаева, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші қызы. Алматы, 20 сәуір 2007 жыл

Мемлекеттің экономикалық, саяси, әлеуметтік және қауіпсіздік салаларының ішінде аталған төрт топтың да өз жақтастары бар деп жазады Stratfor ұйымы. Оларды «құрал» деп атауға болады, себебі «құрал» ешқандай билік тетігіне ие емес, тек топтар арасындағы күресте пайдаланылады. Жоғарыда аталған әр топтың немесе олардың ойыншыларының күш-қуаты келесідей үш өлшеммен бағаланады. Бірінші өлшем - әр топтың Назарбаевпен байланысы және оған ықпал ете алуы. Екінші өлшем – президенттен тәуелсіз, дербес саяси шешім қабылдай алу қабілеті. Және соңғы өлшем – мемлекеттің активтеріне, табысы мен маңызды экономикалық тетіктеріне ие болу мүмкіндігі.

Президенттің отбасы

Сонымен Stratfor ұйымының пайымдауынша, елдегі ең іргелі және ықпалды топ Нұрсұлтан Назарбаев әулеті. Отбасы ішінде басты үш ойыншы бар. Олардың алғашқысы – президенттің үлкен қызы Дариға. Әйел болса да Дариға Назарбаева ұзақ уақыт бойына әкесінің ықтимал мұрагері ретінде саналып келді. Рахат Әлиев қазір қуғында жүрсе де, одан ажырасқан Дариға әлі де елдің басты партиялары мен күштік құрылымдарына елеулі ықпал ете алады.
Тимур Құлыбаев, «Kazenergy» қауымдастығының төрағасы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы. Астана, қазан, 2010 жыл.

Дариға үшін де, басқа кез-келген топ үшін де азулы бәсекелес – Тимур Құлыбаев. Жоғарыдағы өлшем бойынша, Құлыбаев мемлекеттің маңызды стратегиялық энергия көздеріне ие және президент отбасымен де тікелей байланысы бар адам. Құлыбаев өз ықпалын сақтауда үнемі орнын ауыстырып отырады. Оның тегеурінінен секем алып, кей жағдайда қайын атасы оның жолын бөгеп те тастайды. Құлыбаев түрлі жергілікті және шетелдік топтармен тығыз байланыста болғандықтан, кейбір саяси, экономикалық және аймақтық мәселелерде солармен тізе қосып жұмыс істей алады. Ол қазір өз тобын премьер-министр Кәрім Мәсімов сияқты ықпалды тұлғаны қатарына тарту арқылы кеңейтіп алды. Президенттен кейінгі ең тегеурінді тұлға болғанымен, оның жаулары да көп екенін айту кету керек.

Әулеттегі есепке алуға тұрарлық келесі тұлға президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалды екенін жеткізеді Stratfor. Президенттің оны саяси партияларда, қауіпсіздік комитетінде, әлеуметтік орталар мен ірі экономикалық компанияларда түрлі қызметке тағайындауы жұрт арасында президенттің мұрагері Қайрат Сатыбалды болуы мүмкін деген пікір тудырған.
Нұртай Әбіқаев, ҰҚК төрағасы. 13 сәуір 2007 жыл

Тісқаққан серіктер

Қазақстандық билік жүйесіндегі келесі топты негізінен советтік кезеңнен қалған, Назарбаев өзінен кейінгі билік тетіктерін ұстатқан жасы келген тісқаққан саяси серіктер құрайды. Бұл топ советтік және пост-советтік кезеңдерде жүріп өткен билік баспалдақтарының арқасында Назарбаевтың өзімен және Мәскеумен тығыз байланыста болғандықтан саяси ықпалға ие. Алайда Stratfor-дың жазуынша бұл топтың өзінің үш мәселесі бар.

Біріншіден, топ ішінде өзара ауызбіршілік жоқ. Топ мүшелері негізінен Назарбаевтың арқасында ғана бас біріктіріп отыр. Екіншіден, тісқаққан серіктер өздерінің ықпалын арттыратын қандай да бір активтерге ие емес. Бұл топ саяси тетіктерді қолында ұстап отырғанымен, қаржы-экономикалық қуаты жағынан әлсіз. Үшінші кілтипаны, топ мүшелері Нұрсұлтан Назарбаевтың жасымен тұстас болғандықтан, билік мұрагерлігіне таласа алмайтындығында. Солай бола тұра бұларда өздеріне ұнамаған мұрагерді ысырып тастауға жетерлік қауқар бар.
Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл

Аймақтық жетекшілер

Аймақтық деңгейдегі және клан басшыларының жарым-жарты ықпалы жергілікті халықтың қолдауымен және белгілі деңгейде өзі басқаратын облыс немесе қаланың өнеркәсіп орындарымен байланыс ұстау арқылы анықталады. Аймақтардағы саяси басшылар – әкімдер президенттің тағайындайтын адамы болғандықтан дербес билік жүргізе алмайды. Дегенмен тағайындалатын әкім жергілікті халық тарапынан оң қабылдануы үшін, оның сол аймақтан шыққаны немесе қандай да бір байланысы болуы шарт. Stratfor Қазақстандағы он алты әкімнің төртеуінің мемлекеттік деңгейде ықпалы бар екенін айтады.

Шетелдік фракциялар

Қазақстанның ішіндегі саяси күрестегі шет елдік топтардың ықпалы күрделі болып келеді. Қазақстандағы бәсекелес алпауыт шет елдік күштер – Мәскеу де, Бейжің де билік топтарын тек қадағалап отырады. Ресей қандай да бір топты немесе тұлғаның өзін жеке қамқорлығына алудан гөрі барлығымен бірдей байланыс ұстауды жөн көреді. Мәскеу Қазақстанды кімнің басқарғанына бас ауыртып жатпайды. Кремльге тек Қазақстанда өзіне ниеттес адамның отырғаны және мемлекетте тұрақтылықтың болғаны ғана қажет. Бірақ, бұл Ресей шымылдықтың артында не болып жатқанын құр тамашалап отырады деген сөз емес. Қалай болғанда да, Мәскеу есебінің түгел болуы үшін барын салады.
Кәрім Мәсімов (сол жақта), Қазақстан премьер-министрі Қытай төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесіп тұр. Шанхай, 30 сәуір 2010 жыл

Бейжің керісінше, Қазақстанда билікті премьер-министр Мәсімовтың қолына өткізу арқылы жаңа жол салды. Өткен жылы, Бейжіңнің Астанадағы ықпал ету тетігі ретіндегі Мәсімовтың позициясы мен билігі біршама тарылып қалды. Тимур Құлыбаевпен күш біріктіру арқылы Кәрім Мәсімов Қытай тарапынан алшақтап, Құлыбаевтың, Назарбаев отбасы мен Мәскеудің ығына қарай жығылды. Дегенмен егер Тимур Құлыбаев мұрагерлік күресінде жеңіске жетер болса, Кәрім Мәсімов Қытайға адалдығынан айнып кетпейді. Себебі ол Қытайдың Қазақстандағы болашағының жарқын екендігіне өте сенімді. Бірақ, екінші жағынан бұл Қытайдың Қазақстандағы саяси күресте өз жақтасын жоғалтып алуына әкеп соғады деп жазады Stratfor.

Қазақстан билігінің арасында саяси күреске ықпал ете алатын ықтимал екі шетелдік топ бар. Олар – кәрістер мен Еуразиялық корпорациясының иегерлері.

Кәріс диаспорасы Қазақстан халқының бір пайызын ғана құрағанымен, үлкен күшке ие. Оның екі себебі бар деп санайды Stratfor. Біріншіден, кәріс диаспорасының жетекшілері – Қазақстанның миллиардтаған доллар қаражаты бар аса бай және қуатты олигархтары. Кәріс диаспорасы Оңтүстік Корея мемлекетінің Қазақстандағы мүддесіне ықпал ету орталығы болып та саналады. 2010 жылы Қазақстанның шет елден тікелей алған 20 миллиард АҚШ доллары шамасындағы инвестициясының 4 миллиарды Оңтүстік Кореядан тартылған.

Владимир Ким, "Қазақмыс" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы. Алматы, 12 қыркүйек 2010 жыл.
Сеул осы жылы Астанаға тартылатын инвестиция көлемін 6 миллиард долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Биліктегі кәріс лоббистері ықпал жүргізу ойынында жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Оның себебі кәрістердің саяси ұпай жинауға емес, экономикалық жағдайын жақсартып алуға ұмтылуында жатыр. Қытайға қарағанда кәрістер Қазақстанға стратегиялық тұрғыдан да қауіп төндірмейді деп санайды Stratfor.

Шет елдік соңғы топ – Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі, энергетика мен қаржы саласындағы стратегиялық маңызды активтерін бақылайтын Еуразия өнеркәсіп ассоциациасының олигархтары. Еуразиялық топ ұзақ уақыттан бері Қазақстан үкіметі мен шет елдік компаниялар арасында дәнекер рөлін атқарып келеді. Олигархтар Израиль азаматы Александр Машкевич, Өзбекстанда туған Бельгия азаматы Патох Шодиев және Қырғызстанда туған өзбек азаматы Алижан Ибрагимов АҚШ-тың «Шеврон» және «ЭксонМобил» корпорацияларының Қазақстанға келіп, табысы мол байланыс орнатуына мұрындық болған.

Бұл топтың Кремльмен де жеке және саяси байланыстары бар. Еуразиялық топ пен Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы байланыс тұрақты емес. Себебі олигархтар шет ел азаматтары болғандықтан оларға сенім артуға болмайды деген пікір бар, әрі бұлар жергілікті халықтың қолдауына да ие емес деген тұжырым айтады Stratfor.

БИЛІК МҰРАГЕРІН АНЫҚТАУДЫҢ ЫҚТИМАЛ НҰСҚАЛАРЫ

Саяси күреске сансыз бәсекелес топтар мен тұлғалар көз тігіп отырғанда Нұрсұлтан Назарбаевқа билікті өзгеге табыстау жоспарын үстірт, біржақты жүзеге асыруға әсте болмайды деп жазады Stratfor. Ол ең бастысы билікті тапсырудың ел тұрақтылығына нұқсан келтірмейтін жолын табуы тиіс. Stratfor-дың деректері бойынша, қазіргі президентте мұның үш түрлі нұсқасы бар болуы мүмкін көрінеді.

Совет одағында Иосиф Сталин қайтыс болғаннан кейін жүзеге асқан жағдай бойынша, билік алдымен әлсіз мұрагерге табысталады. Бірақ мұндай әлжуаз уақытша мұрагер күшті, нақты жетекші табылып, қалыптасқанға дейін әлденеше рет ауысуы мүмкін. Бұл нұсқа қазір егжей-тегжейлі қарастырылып жатыр. Себебі Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін билікті қабылдап алатын лайықты тұлға жоқ. Алайда Назарбаев биліктен кетіп, оның орнын басатын лайықты басшы табылғанғанға дейінгі аралықта мемлекетте, саяси билікте бей-берекетсіздік орнап кету мүмкін болғандықтан, бұл нұсқа қауіпті деп санайды ұйым.
Мұрагер билік басында аяғынан тік тұрып, жетіліп кеткенше оны желеп-жебеп жүру үшін президент Назарбаев ұзағырақ өмір сүруі тиіс.

Екінші нұсқа – Путиннің салған жолымен Назарбаев алдымен мұрагерін таңдап, оны халыққа жариялайды. Ал президенттің мұрагерді парасатпен таңдай алатынына сенетін бәсекелес топтар мен тұлғалар ендігі жерде болашақ басшыны қолдай бастайды. Алайда жаңа басшы билік басында аяғынан тік тұрып, жетіліп кеткенше оны желеп-жебеп жүру үшін президент Назарбаевтың ұзағырақ өмір сүруі тиіс екенін еске салады Stratfor.

Stratfor болжаған үшінші нұсқа Қазақстанда ең көп талас тудырып жүрген парламенттік үлгі болып табылады. Ол бойынша да Назарбаев болашақта орнын басатын адамды өзі таңдайды. Бірақ оған билікті ұстатпас бұрын, өзінің «Нұр-Отан» партиясына парламентте көпшілік орынды алып беру арқылы күшейтуге тура келеді дегенді алға тартады ұйым. Егер ол жүзеге асса, онда Назарбаев биліктен кеткен күннің өзінде бәсекелес топтардың президент таңдаған мұрагерді ауыстыру әрекетінен ешнәрсе өнбейді.
Елдің саяси болашағы тек президенттің денсаулығына тәуелді.

Мұндай жағдайда бір ғана топ елді президент арқылы басқара алмай қалады да, оның орнына саяси партия арқылы билік жүргізетін жүйе орнайды. Дегенмен, парламенттік үлгі саяси мұрагерлік дағдарысын оңай шеше салмайды дейді Stratfor. Себебі мұнда билік өкілеттігі парламенттің қолына өтеді де, онда «аққу, шортан, һәм шаянның» талас-тартысы басталып, нақты шешім қабылданбайтын жағдай орнауы ықтимал.

Президент Назарбаев елдің алдына болашақта өзінен кейін де атқарылатын үлкен жоспарлар шығарды. Бірақ «президент сол жоспарлардың іргетасын қалап кете ала ма, Қазақстан қазіргі басшысынсыз осы тұрақтылығын сақтап қала ала ма» деген сұраққа ешкім жауап бере алмайтындықтан, елдің болашағы тек президенттің денсаулығына тәуелді деп қорытындылайды Stratfor.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
05.04.2011 21:06
+0 / -0
Назарбаевтың биліктен кетпеуіне элитааралық күрестің өршуі әсер еткен
==============================================

Бәсе, бәсе! Тағына арты неғып соншама жабысып қалды десем, ұйымдасқан қылмыстық топтың өзара қырқысы әсер еткен екен-ау, ә.
Тіпті де обал болған екен тексіз жемқорға...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
05.04.2011 21:57
+0 / -0
Қазақстан мұсылмандары одағы президент мұрагерінің сайлауын қалайды
Қазақстан мұсылмандары одағының төрағасы Мұрат Телібеков шұғыл түрде президент ізбасарының сайлауын өткізуді сұрап отыр. Ұйым жетекшісі осындай өтінішпен орталық сайлау комитетіне хат жолдап, Алматыдағы бөліміне арнайы барып үндеуін тапсырды. Қалалық комиссияның төрағасы Әділ Жүнісов ұйым жетекшісін жылы қабылдады. Ол Телібеков хатын ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловқа беруді қызметкерлерге арнайы тапсырды.

Телібековше сайлаудың үміткерлер тізімінде Алматы әкімі Ахметжан Есімов, премьер-министр Кәрім Мәсімов, президент кеңесшісі Ермұхаммед Ертісбаев, "Азат" ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілев, президент немересі Айсұлтан Назарбаев, кәсіпкер Мұхтар Әблязов және басқалар аталды.
Пікір алмасу

Кімнен: мен мен
06.04.2011 10:12
+0 / -0
Кәрім Мәсімов неғып жүр мұнда!?? жоғалт көзін!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.04.2011 00:03
+0 / -0
ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары 3 сәуiр күнi Қазақстанда өткен президенттiк сайлауды “тиiстi деңгейде өткен жоқ” деп бағалады. Олардың айтуынша, заң бұзушылықтар жиi болған: тiзiмдегi сайлаушылардың қолын өзгелердiң қойып жiбе­руi (мұндай оқиға 219 рет кездесiптi), бюллетеньдердi құ­шақ-құшақ етiп урнаға тастап жiберу (28 рет), ешқандай құжаты жоқ адамдардың дауыс беруге жiберiлуi (87 рет) және т.б.

“Сайлаушылардың даусын санау ке­зiнде де өрескел заң бұзушылықтар тiр­келдi” дейдi ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары.
Пікір алмасу

Кімнен: Жаяу Мұса
06.04.2011 07:04
+0 / -0
ЕҚЫҰ бақылаушыларының мұнысы несі? ЕҚЫҰ-ның Саммитін жарқыратып өткізген, күні кеше бүкіл Еуропаға демократияның қандай тауар екенін көрсетіп көзін ашқан, қазір де тең төраға болып отырған елдің сайлауының мәртебесін төмендетіп?... Қайта олар "кандидат Назарбаев неге 4,5 пайыз дауыс кем жинады?" деп дабыл қақпаса болмас па еді?! Сайлауға қатыспай қойған 15 пайыз тұрғындарды Еуропа қауымдастығынан шығарып, Азия не Африка қауымдастықтарына қарай айдап жіберу керек деп айтса да жөн еді ғой... Әй, несін айтасың, сыйдың қадірін білмейтін жетесіздер екен. Соларға ерегіскенде Қазақстан Ислам конфедерациясы Саммитін тура олимпиада деңгейінде өткізеді, көре де тұр... Құдайға шүкір, ақша жетеді!!!

Кімнен: қарапайым азамат
06.04.2011 06:52
+0 / -0
Арты жақсы болсын! Жемқорлар бірін-бірі жеп тауысса игі еді. Қазақтың бір "елім" деген арысы шықса игі еді. Еліміз аман болсын. 4 жылда бір болатын президенттік сайлауға келтірсе, таққа жабыспай, жабысқақ ақылына келіп. Тәуелсіздігіміз берік болса екен, алпауыттарға жем қылмай ашкөздердің тоятын уақыты болды ғой, қаншалықты жарымағын болса да, тойым керек емес пе? Еее, Алла, халқыма қуат бер, жемқорларға нысап бере көр.

Кімнен: МАЙБАС Қайдан: Атыраудан
06.04.2011 09:24
+0 / -0
Сайлауда, назарбаевқа дауыс берген Қазақстан халқына, Халықаралық ұйымның, оған диктатор - деген құрметті атақ берілгуіне байланысты сіздерге жалынды құттықтау жолдаймын. Келесі мәселе, диктатор семьясының шет елдерге шығулары және олардың шет елдегі миллиардтаған қаржылары туралы болмақ.

Кімнен: Magzhan Satpaev Қайдан: Kyzylzhar
06.04.2011 09:44
+0 / -0
неге екенін білмим соғыс болмай мына масқара тыйылмайтын шығар. Қазаққа бір көтеріліс керек. Қазақты өлтіре беретін өлі тыныштықтың керегі не?
Пікір алмасу

Кімнен: Гүлнар Қайдан: Алматы
07.04.2011 17:37
+0 / -0
Сондағы көксегеніңіз соғыс ашып, халықты бір-бірімен қырқыстырып қою ма?! Көшелерде аласапыран, атыс- шабыс болып, елдің арып- тозғанын көргіңіз келе ме. Бірі болмаса бірі өліп, қан төгілгенін қалайсыз ба? Енді енді аяғымыздан тұрып келе жатқан халықтың тағдыры қайтадан дағдарып қалсын дейсіз бе?! осыдан халық жақсылық табады деп ойлайсы ба?!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алмабек
06.04.2011 10:14
+0 / -0
Н.Назарбаев ешқашан халқына жалған уәде берген жоқ, ақиқаттан айныған емес. Оны халқы бағалады. Астананы көшіргенде де халқы қолдады, қазір де қолдап отыр. Сайлау өтіп кетті, ел аман, журт тыныш, басқа сырт көздердің айтып отырғаны ол қазақ елін көреалмаушылық, Еліміздің одан әрі дамып кетуіне қызғанышпен қарайды!

Кімнен: 4545
06.04.2011 11:40
+0 / -0
Қазір жер аяғы кеңіді. Кеше бір қырдың астында отырып, келесі қырдың басына барып келгенін жыл бойы әңгіме қылып айтатын қазақ, бүгінде таңертең үйінде шай ішіп, Парижде түстеніп, кешке қайта оралып жатса бұған ешкім таң қалмайтын болды. Барамын деген жеріне барып жатыр, аламын дегенін алып жатыр, істеймін дегенін істеп жатыр, ойындағысы болып жатыр. Елбасының қадір-қасиетін осы тұрғыдан да бағалауымыз керек.

Кімнен: Азамат Қайдан: Бейбарыс
06.04.2011 11:48
+0 / -0
Ауыс-түйіс болып жатқанда да, кейін де Орталық Назарбаевқа “Халің қалай?” деген жоқ, қолұшын да берген жоқ. “Сен қалайсың?” деген жанашыр болмады. Қып-қызыл өрттің ішінде жалғыз қалды. Жетпейдінің заманы туды. Қамауға түскен барысша арпалысты, барыстық мінез танытты. Нендей қиындық болмады дейсіз. Сонда да қалың елді, қиямет-қайымнан әупірімдеп аман алып шықты. Ішкі-сыртқы қиындықтармен арпалыса жүріп аса маңызды жобаларды жүзеге асырды, сөйтіп Қазақстанды әлемдік қауымдастықтың қатарына қосты.

Кімнен: Молдир
06.04.2011 11:49
+0 / -0
Назарбаев - мудрый и талантливый человек!!! взрослые люди говорят, что сейчас жизнь в Казахстане более, чем хорошая...они делятся тем, через что они проходили...т.е. голод, бедствия и т.д. нашей стране повезло, что есть такой человек как Нурсултан Абишевич!!!

Кімнен: Qazaq balasy Қайдан: Qazaq Eli
06.04.2011 12:35
+0 / -0
Сараптама керемет жасалган. Пiкiрди макалага лайык кылып жазыныздар...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.04.2011 14:22
+0 / -0
(неге екенін білмим соғыс болмай мына масқара тыйылмайтын шығар. Қазаққа бір көтеріліс керек. Қазақты өлтіре беретін өлі тыныштықтың керегі не? ) Осындай сөздерді айтқан адам, соғыс болса алды артына қарамай қаша жөнелетініе 100 пайыз сенімім мол! Бірінші, әскерге бір барып кел,

Кімнен: Иванов Иван Иванович Қайдан: Алматы
06.04.2011 16:05
+0 / -0
Кароче!!! Ауылдагы жаман катындарга уксап осек согып отырганша!!! Жумыстарынмен айласпайсындарма! Биреуге сын такканша! Елимизди осындай дарежеге жеткизген Елбасымыздын аркасы! Биринши кезекте елбасы сиякты ел баскару аркимнин колынан келебермейди! Сондыктан айтарым бирлик болмай тирлик болмайды демекши биригип елимизди оркендеуине оз улесимизди косып, Елбасымызды колдайык!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Жандарбек
06.04.2011 16:56
+0 / -0
Нұрсұлтан Әбішұлы – жаңашыл адам. Жаңашылдық оның мінезінің ең асыл қыры. Үстіміздегі жылдың үлкен сегіздік (G8) пен жиырма алпауыттың (G20) бас қосқан жиынында тағы да тосын жаңашылдығымен көзге түсті. Елден бұрын дағдарыстан шығу кілтін ұсынды. Валютаның аспанға ұшып кетуінің жеті түрлі себеп-салдарын жіліктеп шықты. Тұла бойында жеті түрлі генетикалық сырқаты бар валютаны, ақаулы капиталды – Президентіміз дефектал деп атады. “Жаңа дамуға жаңа белгі, тың атау берілгені жөн. Ертедегі гректер дамудың жоғарғы кезеңін акме деп атаған. Бойында ауру-сырқауы жоқ таза капиталды жаңаша акметал деп белгілейік, ал жаңа әлемнің болашақ сатысын ендігі жерде акметализм деп атаған дұрыс болар” деп көрегендік танытты. Ертеңгі күнге қалай қадам басуды ойласуға шақырды. Әуелі ақаусыз, ауру-сырқаусыз өңірлік жаңа валютаға көшкен жөн деді. Баяғыф жеті залалды, дімкәсті валютаның шаңын қағып, сауықтырып, әлемдік акме-валютаның – жеті ақаусыз жаңа жүйесіне ертерек көшкеніміз дұрыс деп дабыл қақты. Валюталық-есептік бірліктерге арнап өңірлік және континенталдық эмиссиялық орталықтар жүйесін жасаған жөн деп нығыздады. Сөйтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа жүйені – әлгі ақаусыз әлемдік ва­лютаны – баяғы адамзатты топан судан құтқарған Нұх кемесіне теңеді.

Кімнен: Эхби Қайдан: Костанай обл.
06.04.2011 17:00
+0 / -0
Ең бастысы Қазақстанның тыныштығы, кім тақта отырмасын!

Кімнен: Эхби Қайдан: Костанай обл.
06.04.2011 17:02
+0 / -0
Иван Ивановичтин пікірін толығымен қолдаймын!

Кімнен: 8895
06.04.2011 17:13
+0 / -0
“Адамзат әлі біліп болмаған дағдарысты, айрықша үрейлі құбылысты терең зерделеуіміз қажет. Ескі дог­малар мен стереотиптерді сілкіп салып, экономикалық заңдарды қайта қарастыратын кезең келді. Жаңаша батыл көзқарас қажет”, – дегенді алғаш айтқан да Қазақстан Президенті болды.

Кімнен: жанашыр
06.04.2011 17:14
+0 / -0
Президентімізді бұл күнде әлем мойындады. Тақауда Ұлыбританияның саясаткері Джонатан Айткеннің Лондонда, ағылшын тілінде, “Назарбаев және Қазақстанның дүниеге келуі: коммунизмнен – капитализмге” деп аталатын кітабы жарық көрді. Бұрын бұл автордың АҚШ президенті Ричард Никсон туралы кітабы шыққан. “Назарбаев туралы кітап жазуға не себеп болды” деген тілші сауалына кәнігі саясаткер: “Дүниедегі саяси лидерлер маңайына ауа райын жасай біледі. Маңайына жарқыраған шуақ шашсын, я болмаса нөсер әкелсін, әйтеуір өзінше ауа райын туғызған лидерлер тегін болмайды. Олар туралы жазу да, оқу да қызық. Мен айтсам: өзінің саяси өмірін Кеннеди мен Хрущевтан бастап, осы күнгі Обама мен Медведевпен бір бойлықта қажыр-қайрат танытып жүрген жампоздар некен-саяқ. Өмір баспалдағы өнеге баспалдағына айналған адам ретінде Назарбаев оқырманды қатты қызықтырады” – деп жауап береді. Иланбасқа шараңыз жоқ.

Кімнен: Жандос Қайдан: Ерманулы
06.04.2011 17:39
+0 / -0
Он именно тот Президент, которому сегодня нет замены. Он - профессионал, знающий свою республику и свой народ, пользующийся заслуженным авторитетом на мировой арене. С таким лидером республика может уверенно смотреть в будущее

Кімнен: Дударай Қайдан: Шымкент
06.04.2011 17:47
+0 / -0
Пәрменді партия халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды, ол партия "Нур Отан" жане онын кошбасшысы Назарбаев!
Пікір алмасу

Кімнен: Қударай Қайдан: Боратстан
06.04.2011 18:33
+0 / -0
Не оттап отырсың сілімтік? Егер Ұры Атаның шынымен де пәрменді партия болса ұрлықты қойсын десін Ұры басшыларыңа!
Ауылшаруашылығын орнына келтірсін.
Зауыт-фабрикаларды салсын.
Шет елдердегі оффшоркаларындағы қашырып жіберген миллиардтарды қайтарсын елге.
Қазақ ұлтын басқа ұлттарға қорлатқанын, зорлатқанын қойдырсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Балжан Қайдан: Алматы
09.04.2011 13:42
+0 / -0
"Көрмес - түйені де көрмес!"
Пікір алмасу

Кімнен: Айгуль Қайдан: Батыс Қазақстан облысы
07.04.2011 00:04
+0 / -0
Тәуелсіз еліменнен мақтана алам,
Елімде ішкі саяси тұрақтылық бар орнаған.
Ұлтаралық татулықты жыр етеміз,
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Дамудың даңғыл жолына бастаған.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі