Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:39

МӘДЕНИЕТ

Қарқаралыдан алтын бұйымды адам жерленген қорған табылды

Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданына қарасты Талды кентінің маңынан біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ-Ү ғасырдағы қорған табылды. Қазба жұмыстарынан табылған қорған ішіндегі алтыннан жасалған бұйымдар саны 40 - тан асады. Ғалымдар бұл ескерткіштерді Сақ дәуіріне жатқызып отыр.

Археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қарағанды облысы. Шілде 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +
Ені - бір жарым метр, ұзындығы үш жарым метрге жететін қорғаннан адам сүйегі табылды. Оның жасы 40-45-тер шамасы деп болжанып отыр. Мәйіт тастан қаланған табытпен жерленіпті. Табыттың үсті жабылған ағаш тақтайдың осы заманға дейін шіріп кетпей сақталғанына ғалымдар таңданып отыр.  

Табылған алтын әшекей бұйымдардың көбі ер адамның сауыт сайманына ұқсайды. Археологиялық олжаның арасында қыран құстың басы бейнеленген дулыға іспеттес бұйым және көптеген киімге тағылатын әшекей заттар бар екендігі хабарланып отыр.

- Бас-аяғы алтыннан жасалған 42 ірі бұйым табылды. Қырықтан астам әшекей тағы бар. Қазір біз шамамыз келгенше ала алған заттарымызды көлікпен Қарағанды қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына әкеле жатырмыз. Қорғаннан табылған тарихи жәдігерлердің барлығы мұражайға жеткізілетін болады. Сонымен қатар әлі де зерттеу жұмыстары жүргізілмек,- дейді Азаттық тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында облыстық мәдениет басқармасының архелогия бөлімінің меңгерушісі Түлкібай Төлеуов.

Естеріңізде болса, шілде айында осы ауданның Қасым Аманжолов ауылының маңынан сақ дәуіріне жататын қорған ішінен де осыған ұқсас, бір дәуірге жататын жәдігерлер табылған болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: piltan risgul Қайдан: mangistau-aktau
14.08.2010 21:45
+0 / -0
казір сақ дауіріндегі артурлі муралар коп табылуда!асіресе алматы облысынын жанынан жиі табылады!менін айтарым зерттеушілерге саттілік тілеймін!ойткені мен озім тарих сабьагынан терендетілген сыныпта окитыным!сондыктан ментарихи мағлуматтарга коп кызыгамын!барлык тарихшыларга саттілік тілеймін
Пікір алмасу

Кімнен: tolık Қайдан: masr
15.08.2010 05:21
+0 / -0
eeeeeeeeiii,bauyrym...kiwkene tagy da realistti bolsan edi...sebebi algi tarihi olzhalar bizdin kore bilgenimiz gana goi ,asylynda olardyn sany aasa kop.onyn kobisi urlykwy,karakwylardyn koldarynan asa almagan.onyn ulken mysaaly kone mysyr bailygy....

Кімнен: Даурен Қайдан: Арқа елі
18.08.2010 20:56
+0 / -0
Рас, көптеген мұралар ұрланды, коптеген мұралар зерттелмеді, ашылмады, және де әлі де болса зерттеуді, тынымсыз жұмысты қажет етеді. Елдігімізді тану үшін, таныту үшін тарихи мұраларды зерттеуге көп көңіл бөлуіміз керек. Ол тек қана тарихшыларға ғана қатысты емес, оған барша қазақ баласы ниеттес болуға тиісті. Сондықтан археолог мамандарға, зерттеушілерге шығармашылық табыс, тарихтың жаңа беттерін аша берсін деп тілеймін. Өйткені біз білмейтін ақтаңдақтар әлі көп. Тарихшы ретінде, жай ғана қазақ баласы ретінде мен бұл жағдайға бей-жай қарай алмаймын. Қарақшылардан қалған дүниелер де мағлұмат бере алады.