Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 00:51

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Еркебұлан мен Қайнардың айтысы

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі күні «Қонаевтай ер қайда» деген атпен айтыс өтті. Айтыстың алғашқы күні соңғы жұп болып сахнаға астаналық Еркебұлан Қайназаров пен ақтөбелік Қайнар Алагөзов шықты.

Айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
      
Қайнар Алагөзов сөзін «Әйтпесе біздің айтыс - сайлау емес, Өткізе салатұғын халықсыз-ақ» деп бастап, Қонаевтың 100 жылдығының өз деңгейінде аталмай жатқанын айтты:

 - Астана туған күні жақындаса,
Нұрекең Имекеңе «маяк» берді.
Той-топыр, ұсақ-түйек топалаңға,
Шетелден шақыртпадық қай актерді.
Солардың тасасында Димаш атам,
Ың-шыңсыз 100 жасқа да таяп келді.
...Десе де мерейтойдың иесіне,
Көрініп тұр құрметтің пәс екені.
Біреудің 100 жасына қарағанда,
Біреудің 70 жасы жақсы өтеді.

Ал Еркебұлан Қайназаров Дінмұхаммед Қонаевтың еңбегін Алматының ағаштарымен байланыстырды: 

 - Алматыны көк желек қыламын деп,
Ұйықтамапты-ау күнімен-түніменен.
Үй түгілі дачасы болмаса да,
Өтіпті бұл қаланы сүйіп ерен.
Ал қазіргі дөкейлер сәл байыса,
Шалқайған пәтер салар пұлыменен.
Баудай қырып тастайды бау-бақшаны,
Жылан жалағандай қып тіліменен.
...Қонаев қадірлеген апорттарды
«Аборт қылып» жіберді-ау түбірменен.

Еркебұлан мен Қайнардың айтысы

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ДАКЕ
23.02.2012 17:52
+0 / -0
Айтыс жаксы откен екен!!! Азаттык радиосы мына айтыс жуктелмей турго! Жуктеу прогроммасын озгеркенсидерма
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
23.02.2012 17:55
+0 / -0
Құрметті ДАКЕ,

өзгерткен жоқпыз, тексеріп те көрдік, көлемі 28,6 Мгб файл бізде толық жүктелді. Бәлкім, компьютеріңізде бір ақау болып тұрған шығар, тағы тексеріп байқаңызшы.

Кімнен: Жас Адай Қайдан: Жана Озен
23.02.2012 20:06
+0 / -0
Қайнар; "Хан емессің қасқырсың" деген екен, Жарайсын!!!

Кімнен: Жас_Қазақ
23.02.2012 20:46
+0 / -0
Ассаламағалейкум, азаттықтар !
Барлық айтысты жариялап жүргендеріңіз керемет бастама екен ! Ешқандай телеарна көрсете алмай жүрген айтысты, сіздер "артық жерін күземей", қаз қалпында жариялап жүрсіздер, менің ойымша сіздер осы істеріңіз арқылы айтыстың тұншығып қалмауына, көмек көрсетіп жүрсіздер.
Мысалы, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған астанадағы айтысты сіздер болмасаңыздар, айтыс сүйер қауым қайдан тыңдар еді !? Қонаев атамыздың жүз жылдығына арналған айтыста өткір де өзекті мәселелер көтеріліпті. Әрине, бұл айтысты телеарнадан көрсетпейтіні белгілі. Сондықтан сөз сүйер әлеумет сіздердің келешекте де барлық айтысты жариялап тұрады деген үмітте деп ойлаймын.
Менің сіздерге айтар ұсынысым бар еді:
1. Мүмкін болса айтыстың бейненұсқасын сайттарыңызға қойсаңыздар. (мүмкін болмаса осылай аудионұсқасы да жарайды)
2. Мысалы Бекарыс пен Жандарбек айтысты дейік. Сол ақындардың айтысын сайттарыңыздан жариялайтын күні Бекарыс пен Жандарбекті белгілі бір уақыт аралығында сайтта отырғанын ұйымдастырсаңыздар. Сол күні айтыс сүйер қауым сіздердің сайттарыңыз арқылы оларға лебіздерін, сұрақтарын қойса жақсы болар еді. Және сол екі ақын өз айтыстарынан алған әсерлерін, әттеген ай деген жерлерін айтып отырса....Сонда тыңдарман мен ақындардын арасында байланыс орнар ма еді...
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
23.02.2012 23:36
+0 / -0
Құрметті Жас_Қазақ! Лебізіңіз үшін рақмет! Редакторлар ұсыныстарыңызды мұқият қарап шығады. Болашақта айтыстан веб-трансляция жасау мүмкіндігі мен интернет аудитория үшін ыңғайлы форматта өткізу туралы жоспарларымыз бар. Бірақ, әзірше нақтыланбаған жоба. Өзіңіз сияқты белсенді форум қолданушыларының пікірлері мен ескертпелері біз үшін өте маңызды.

Азаттығыңыз
Пікір алмасу

Кімнен: айтыс жанкуйерi - ара Қайдан: уядан
24.02.2012 10:30
+0 / -0
Курметтi азаттык!!
Казакты осы бiр улы онерiне халыкка таратып жургенiнiз ушiн букiл халык атынан алгысымды айткым келедi.

сiздерге мынандай отiнiшiм бар:
мумкiндiк болса бурынгы айтыскер акындардын айтысын сайттарынызга коя аласыздар ма? ен болмаса аудио нускасын. Мысалы Мухаммеджан Тазабековтын, Оразалы Досбосыновтын ен мыкты айтыстарын осы сайттан тындасак катып кетер едi!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
24.02.2012 11:08
+0 / -0
Құрметті айтыс жанкуйерi - ара,

өкінішке қарай, сіз айтып отырған бұрынғы айтыстар әзірге біздің қорымызда жоқ, іздестіріп жатырмыз, егер қорға түссе оларды да осы жерден тыңдай алатын боласыз.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
24.02.2012 09:44
+0 / -0
'телеарнадан корсетiледi деп хабарлады.Осы айтыс туралы телеарна ''Конаевка арналган айтыс неге Жана озенге арналып кеттi ''деген сауал тастады.Осы 31-телеарнага оте разы болдым.Сонгы кезде ''жумактагы'' \Хабар,Казакстан\телеарналарга караганда батыл айтып жур.Бэйге жакын,омiр берсе оны да коремiз.'Конаевтай ер кайда'' атты айтыс 8 наурыздан бастап 31-телеарнадан корсетiледi деп хабарлады.Осы айтыс туралы телеарна ''Конаевка арналган айтыс неге Жана озенге арналып кеттi ''деген сауал тастады.Осы 31-телеарнага оте разы болдым.Сонгы кезде ''жумактагы'' \Хабар,Казакстан\телеарналарга караганда батыл айтып жур.Бэйге жакын,омiр берсе оны да коремiз.

Кімнен: Сико
27.02.2012 13:24
+0 / -0
Керемет айтыс.Кайнар бауырым нагыз суырып салма акын екенс!н!Талай топты жарып бауге м!нет!н,болашагынан ум!т кутет!н акынсын!