Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:00

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Қарауылдағы айтыс: Мейірбек пен Бекарыс

Қыркүйектің 15-інде Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауылда «Бабалар тойы – ел тойы» деген атпен Көкбай Жанатайұлы мен Ақылбайдың туғанына 150 жыл, Шәкір Әбеновтің туғанына 110 жыл толуына орай республикалық айтыс өтті.

Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Айтыстың алғашқы жұбы – қызылордалық Мейірбек Солтанхан мен түркістандық Бекарыс Шойбеков.

Шілде айында Астана күніне арналған айтыста көзге түсіп, бірінші орынды алған Мейірбек Солтанхан – Қызылорда облысына қарасты Шиелі ауданының тумасы. Биыл Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің бірінші курс студенті атанды.

Сөз сайысын бастаған Мейірбек:
Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылы. 15 қыркүйек 2011 жыл.
​​

– Ойым жоқ Бекарысқа бөтен менің,
Қалаймын еңбегіңнің өтелгенін.
Патшамыз Түркістанға барып қайтты,
Көктемде ертіп алып нөкерлерін.
Патшаға арнау айтып, көрініпті
Қызметіңді кранмен көтергенің.
Көзі қысық болса да, өзі пысық,
Аман бол көтерілгіш көкем менің.
Екі жылда директор болып алып,
«Еліме қызметті етем» дедің.
Қайта айтыс ашылып аман қапсың,
Бұдан да биіктерге жетер ме едің.
Он жылға айтыс мынау тоқтап қалса,
Облысқа әкім болып кетер ме едің, – деп қарсыласының президент Назарбаевтың алдында мақтау айтқанын тілге тиек етсе, енді бірде:

– Қазағым, айрылмасаң ар-ибаңнан,
Арманың күліп шығар, әрине, алдан.
«А» дегенің ана тіл емес пе еді,
Бірақ оның түрі жоқ дами қалған.
Қасиетті Асан мен Үсен тілі
Қорлық көріп келеді әр Иваннан.
Ағылшынды міндет қып артып қойған,
Қайран билік, айналдым қағидаңнан.
Көкелер «қазақ тілі көркейеді» деп,
Көлгірсіп сөйлегенде бәрі иланған.
Бірақ та жиырма жылда ана тілдің,
Жақсарып жағдайы жоқ, жари қалған.
Кезінде жарылыстың салдарынан,
Екі басты туылған сәби болған.
Екі иыққа екі бас бітіп жатса,
Полигонның зардабы деп сан ұйғарған.
Бір ауызға үш тілді салып берген,
Парламент қиын боп тұр полигоннан, – деп тіл мәселесін сөз етті.

Мейірбек пен Бекарыстың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.10.2011 00:08
+0 / -0
Па, шіркін!

Кімнен: ара Қайдан: уя
11.10.2011 11:03
+0 / -0
сонгы кезде азаттыкта айтыс жогалып кетти. бурындары барлык айтыстын аудио нускасын койып туратын сайтка.
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
11.10.2011 13:35
+0 / -0
Құрметті ара!
Бұған дейін жарияланған айтыстың аудио нұсқаларын "Айтыс - Азаттықта" деген арнайы беттен тыңдай аласыз.
Сілтемесі: http://www.azattyq.org/section/Traditional_Aytys/1171.html

Кімнен: Қыпшақ қызы Қайдан: Астанадан
11.10.2011 11:43
+0 / -0
Айтысты толық тыңдап шықтым. Мейірбек жерлесім керемет айтысқан. Бегарыстың шаршағаны білініп тұр. Мейірбек, тіл-көзден аман бол, бауырым!

Кімнен: akpeil Қайдан: oskemen
12.10.2011 15:00
+0 / -0
zhandarbek barma bul aitysta?

Кімнен: KIELI MANGISTAUDAN
13.10.2011 17:09
+0 / -0
Жандарбек Ақтауда Қашағанның 170 жылдығында болды