Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:09

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Ринат пен Айтбайдың айтысы

Ақпанның 12-сі күні Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрында өткен «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыстың үшінші жұбына Ринат Зайытов пен Айтбай Жұмағұлов шықты. Екі ақыннан шаппа-шап айтыс күткен көрерменнің сенімі ақталмады.

Айтыскерлер Айтбай Жұмағұлов (сол жақта) пен Ринат Зайытов. Алматы, 12 ақпан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
Сөз бастаған Айтбай Жұмағұлов алдына-ала дайындап келген жаттанды шумақтарынан аса алмады. Көрерменнің есінде тек оның:

– Құмайы жоқ жерде қанден – бастық,
Иманы жоқ жерде шайтан – бастық, – деген тіркесі ғана қалды.

Қарсыласының бірді айтып-бірге кеткеніне налыған Ринат Зайытов:

– Ақындық арым бар да бүлінбеген,
Қайсарлық танытушы ем тілімменен.
Беке, неге «айтысты тоқтат!» дедің,
Аманжолға ымдаған түріңменен.
Айтыс біраз салбыраса не кінәм бар,
Айтбайдан көрмейсің бе гүрілдеген.
Мен енді бұған ермей дірілдеген,
Халқымды тербетейін жырымменен, – деп, әділқазылар алқасында отырған депутат Бекболат Тілеуханға наз айта келіп, қоғамдағы келеңсіздіктерді өлеңмен өрнектеп шықты.

– Қорқағың болмаған соң тасаңдағы,
Пердесін ақиқаттың ашам-дағы.
Астанам мен Алматым жайнап жатыр,
Сарайлары сәнді болған қашандағы.
Ал енді одан басқа қалалардың
Жағдайлары күннен күнге нашарлады.
Семейдің сергелдеңін білесіздер,
Аяздың қаһарынан қаша алмады.
Жылудың жыры бітпей үш жыл бойы,
Көп болды жанарларға жас алғалы.
Торғайдың түрін көрсе адам шошыр,
Қайран қалам, қабағын бір аша алмады.
Ауыз суға зар болған ауылдардың,
Шөлін жақсы қандырар қашан бәрі.
Апаттан опат болған Қызыл ағаш,
Оған да үкімет үлес қоса алмады.
Салып берген үйлері қайта қирап,
Болып шықты көз бояған осал бәрі.
Ал, енді, мұны айтатын ерлер қайда,
Әй, бірақ, жағымпаз ғой босаң бәрі.
Елді ойлайды деп жүрген ерлеріміз
Референдум деген сөзден аса алмады, – деді.

Осы айтыста Ринаттың кешегі референдум жырын айта келіп:

– Бекболат аға, ол тізімде сіз де барсыз,
Келмейді жағымсынып жекелегім.
«Халықтың алдында ұяттымын» деп,
Орнымнан өз еркімнен кетер едім, – деген сөзіне шамданды ма, депутат-қазы оған өзгелерден ерек тоғыз ұпай берді.

Ринат пен Айтбайдың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: кука
16.02.2011 17:22
+0 / -0
бұл айтыста кім жеңді,Аманжол қатыстыма? қатысса сол кісі жеңген болар.

Кімнен: cake
16.02.2011 18:17
+0 / -0
amanjol katysatyn bikikti maktaityn aitys emes koi bul,rinat jaraisyn

Кімнен: Айтыс коруши
16.02.2011 18:30
+0 / -0
Кашып кетсин Аманжол,
Жандарбек пен Алибек женди, Аманжол енди Журсин болды

Кімнен: Ая бегім
16.02.2011 20:13
+0 / -0
Жақсы, жақсы...бірақ аздаған өз эмоцияңызды қосып қойыпсыз ғой, көрермендердің атынан сөйлеп. Бірақ ештеңе етпес үйреніп кетесіз, көрген, ьілген жұрттар солай дейді ғой........

Кімнен: хасен Қайдан: аягуз
17.02.2011 11:15
+0 / -0
мұндай ерл!кке семейл!ктер ғана бара алады!жарайсың!

Кімнен: талику Қайдан: хиндустон
17.02.2011 11:37
+0 / -0
айтыста көбинесе сонгы кезде ел ишиндеги жагдайлар айтылып баягыша, мысалы неге филипиндиктердин американдыктарга жазган хатын сөз кылмаска, онда мысалы былай делинген гой жерин тартып алып зорлаймыз, корлаймыз кесемиз анау мынау деп содан не керек олардын коптеген азаматтары инфаркт алган давлениеден кулаган.

Кімнен: TIKy Қайдан: монголия
17.02.2011 11:38
+0 / -0
айтыстың толық жазбаша нұсқасын берсеңіздер жақсы болар ед.

Кімнен: Майболат Қайдан: Майқапшағай
17.02.2011 12:25
+0 / -0
Ринат Бекболатқа айтқан сөзің дұрыс. Бірақ, олда Мырзатай сияқты халыққа сүйкімі бар жағымпаз. Ал, Назарбаев сен айтқандай ер емес. Оны сен менен жақсы білесің. Бірақ, қорқып айтпадың. Бекболат деген парламенттегі көп Ақ орданың қол балаларының бірі ғана ғой. Сондықтан Әбіштің баласының шын мәнінде кім екенін айтуың керек еді. Ал Аблязовтың кім екенін толық білмей жатып айтпайақ қойғаның жақсы. Ол сені ақшаңды жеді ме? Қай қазақ айта алады мені Аблязов алдады деп. Ол Назарбаевқа нөмір бірінші қарсылас. Керісінше, экс-примьер Терещинко, Ермегияевтын компаниясының артынан еріп жүрген үлескерлер қанша ма?

Кімнен: Ауыл баласы Қайдан: Ауылдан
17.02.2011 12:56
+0 / -0
Желтоқсандағы айтыс сияқты емес, жақсы айтыс болған сияқты. Айтбайды несңн шақырған. Дайын болмаса шықпай-ақ қоймай ма. Жаттанды өзін айтып қоя қойды.
Осы айтыстың видео нұсқасы жоқ па екен? Азаттық радиосына өтініш айтыстардың видео нұсқаларын беріңіздер. Болмаса, келесі болар айтысты видеоға жазып алыңыздаршы...

Кімнен: kuanysh Қайдан: atyrau
17.02.2011 13:17
+0 / -0
Aitys degen kazagymnyn basyna bitken oner goi,durys aitys tyndamasam ozimnin mursham bolmaidy!Azattyk radiosyna aitarym:"Aitysty uzbei-kespei tolygynan bersenizder"rakhmet!

Кімнен: недегенмахабат
17.02.2011 13:41
+0 / -0
бу не деген махаббат
не деген тыныштык
1канал 3-жакта сойлеуди азайтты
коркыту азайды
енди кулдиру майданы басталып кетти ма
ю туб ештене курсетпейд
о заман бу заман
айтыс деген демалып жатыр
Акбота Тергеубекова деген ким?
Неге казакша ан айтады
не баска тил курып калды ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.02.2011 22:47
+0 / -0
Наркоша.))
Баска жер курып калды ма жазатын ?

Кімнен: Хомейни
17.02.2011 18:22
+0 / -0
Халқымды тербетейін жырымменен, – деп, әділқазылар алқасында отырған депутат Бекболат Тілеуханға наз айта келіп
------------------------------------------------------
Соншалықты "наз" айтатындай Ринат қыз ба әлде желегі басынан түспеген келін бе. "Өкпе " ,"кіналасу" деген қазақтың осы жерде орынды айтылар конкретный сөздері бар емес пе. Әр нөрсені орнымен атау керек қой. "Наз "дейді,рахмет біраз күліп алдым.

Кімнен: Домалак Қайдан: Батыс
17.02.2011 18:36
+0 / -0
Жарайсың, Ринат! Бекболаттың іші қайнаған шығар, сірә...

Кімнен: bilim Қайдан: astana
18.02.2011 00:16
+0 / -0
oi osy Rinattyn sozinde batua jok a a a de aikailai beredi.Akyn degen kiystyryp ademi jetkizbeima iwip jatyr jemkorlar iwip alyp ty...yp jatyr dep mende Aita berem

Кімнен: Магжан Қайдан: Астана
18.02.2011 16:04
+0 / -0
Салем Азаттык радиосы!Рахмет жана айтыстар коскандарынызга!Хомейни жане Білім Соншалыкты білгіш болып бара жатсандар оздерін неге айтыска катыспайсындар?Біреудин сыртынан сын атканша!Акымак екендерінді корсетпей!Ринатка жететін акын жок!!!!Жарайсын Ринат
Пікір алмасу

Кімнен: Хомейни
18.02.2011 19:39
+0 / -0
Ринатқа емес, мақала авторына айтылған сын бұл. Мәселенің байыбына барып алсайшы ең әуелі. "Сам ты дурак "-қа бармай - ақ қояйын,бірақ бірдеңені шала- шарпы оқи сала аттандай жөнелетін желөкпе екендігің көрініп тур.

Кімнен: Ерік Қайдан: Алматы
21.02.2011 00:20
+0 / -0
Бекболат сияқты сақалистерге, адасып жүргендерге ештеңе айтып керек емес! Ол нағыз қып -қызыл ВАХХАБИСТ! Елді бүдіруші!

Кімнен: Руслан Қайдан: Алматы
27.02.2011 17:17
+0 / -0
Ринат Журсинге арнап олен айтып еди сол жери жок кой?

Кімнен: Назерке Қайдан: Казакстан
28.02.2011 19:25
+0 / -0
Жарайсың Ринат!Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деуші едің...Осы бетіңнен тайынба!!!

Кімнен: КАППАЗОВА ЖУЛДЫЗ Қайдан: АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ИСАТВАЙ АУД
02.03.2011 21:11
+0 / -0
РИНАТ ТАМАША АЙТЫСКЕР

Кімнен: huandeh Қайдан: zhongguo xinjiang
07.03.2011 14:50
+0 / -0
azattehtahe aytesteng tolehen hay jerden tengdawha bolade???
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
07.03.2011 19:00
+0 / -0
"Айтыс – Азаттықта" деген арнайы парақшамыздан тыңдаңыз.