Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:10

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Ринат пен Мұхтардың айтысы

Мамырдың 2-сі күні Алматыда «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қайрат Сатыбалдының қаржылай демеуімен «Төртеу түгел болса» атты ақындар айтысы өтті. Айтыстың алғашқы жұбы алматылық Ринат Зайытов пен қызылордалық Мұхтар Ниязов болды.

Мәтін көлемі - +

Айтысты жүргізіп отырған ақын Жүрсін Ерман ә дегеннен:

– Бүгінгі айтыстың тақырыбы да осы төрт сөзге – ізгілік, имандылық, татулық және бірлікке тіреліп тұр, – дей келе, 55 ақынның екі апта бұрын Қайрат Сатыбалдының қаржылай қолдауымен кіші қажылыққа барып келгендігін айтты. – Бірақ бұл айтыс діни тақырыпта болады деген сөз емес, – деді Жүрсін Ерман.

Алайда сахнаға шыққан ақындар дін тақырыбын көбірек сөз етіп отырды. Бұған дейін шындықты тура айтар от тілділігімен танылған Ринат Зайытов бұл жолы жүрісін сәл өзгертіп, Қайрат Сатыпалдыға мақтау айтты:

– Мен де бір кіші қажы, енді болдым,
Мұныма шүкіршілік деп жүрермін.
Қайреке, Алла разы болсын сізге,
Демеушілік жасап, қолды бердің.
Талайлар армандаған қолы жетпей,
Мекке мен Мединедей төрді көрдім.
Жаны қалмай жаратқанға жалбарынған,
Жүзінен нұр төгілген елді көрдім.
Бұрын-соңды шет елге көп барсам да,
Осы бір сапарымды оңды көрдім.
Құнанбайдың мешітін көрмесем де,
Көңілді қуантарлық белді көрдім.
«Қазақтың керегіне жарар» деген,
Сатыпалды сатып алған жерді көрдім, – деді.

Ал қызылордалық Мұхтар Ниязов қазақстанға танымал тұлғалар есімінің арақ атауына айналып бара жатқанын жырға қосты:

– Мықты адамдар аттарын сәбиге емес,
Бұл күнде арақтарға қойып жатыр.
Аттанады қазақтың тостына олар,
Аңқау қазақ алдынан тосып алар
«Бибігүл» деген виноны ішкен кезде,
Әр қазақ әншілігін есіне алар.
Әл-Фараби әйгілі ғалым емес,
Әншейін бөтелкенің босы болар.
«Домбыра» деген арақ көрген кезде,
Аяздай арқаңызды осып алар.
«Асанәлі» деген де ішімдік бар,
Ішкен кезде көңілінің хошы болар.
Асекеңде араққа атын берсе,
«Атаманның ақыры» осы болар.

Ринат Зайытов пен Мұхтар Ниязовтың айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
10.05.2011 16:44
+0 / -0
Бәрі дұрыс қой әрине! Дегенімен де демеушілік көрмеген Қажылық сапарға бармаған, күндерін әрең көріп отырған ауылдық жерлердегі саф алтын ақындардың айтысына "Жүрсінді жақындатпай арластырмай " бөлекше бір жерде өткізіп жіберсе дұрыс-ақ болар еді! Әйтпесе мынау сұйық әрі суық айтыс қой, көрермендердің де көпшілігі вино ішіп қызып отырғандар сияқты! Қара шайын ішіп қара нанын кеміріп жүрген көремендерді кімдер жарылқар екен!

Кімнен: кырттарга
10.05.2011 16:49
+0 / -0
Онкей кырттар шын мусылман кажылыкка озинин адал тапкан акшасымен барады Демеушиликпен барды деген не соз? Карыз алып барды деген соз гой ол! Буйтип кажы болгандарын сендердин онкей кырт
Пікір алмасу

Кімнен: Рүстем Қайдан: Семей, Шыңғыстау
11.05.2011 13:12
+0 / -0
Е, Ринат сені Абай, Шәкәрім, Кокбай аталарының ізін басып келе жатқан шыншыл ақын екен деп жүрсем, "Ақ Сарайдың" тоты құсы, өзің кезінде Жанадарбекке айтпақшы "Қ..... адвокаты" боп шығы кепсің ғой. Саған үлкен сың Семейдің топырығынан. Айтпады деме ертен пәпугәй құсап "кім не істесе, соны істеп" Тазабековтен жұққан аурумен барлығың САҚАЛ қойып алсаңдар таң қалмаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: алматы
16.05.2011 20:50
+0 / -0
Көп көкі ме!
Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын деген сөз бар!

Қайраттан басқа қай елді ақшасына қажылыққа жіберіп жүр??
осы қазаққа еш нәрсе жақпайды..

Кімнен: е Қайдан: қ
10.05.2011 17:03
+0 / -0
иншалла, қабыл болсын қажылығы

Кімнен: orturik Қайдан: kazakia
11.05.2011 16:38
+0 / -0
осынау әене салдырған,
16ның зары еді... ринат жақсы айттың бекболат ағаның әніне де өзіне де пародия жасап

Кімнен: Марат Қайдан: Кызылорда
13.05.2011 19:49
+0 / -0
Кабыл болсын кажылыктары Баралмагандар туз жаласын баргандарга Алла сауаптан жазсын АЙТЫС АЛГА АКЫНДАР ЖАСАСЫН казир булардан баска не коресин ефирдан

Кімнен: жойқын
13.05.2011 23:12
+0 / -0
Билік сауап жасайды төңірекке,
Заңдастырмақ болғанда көп ұрлықты.
Қажыға садақамен барып келген,
Ақынсымақ айтады қай шындықты?!

Кімнен: а
13.05.2011 23:14
+0 / -0
Өмір қызық кейде жомарт қолменен,
Ақымақтың шайына сүт қатады.
Кейде қызық, тұлпар жүрер жолдармен
Есектерде кетіп бара жатады!
------------------------ ШАХАНОВ М.

Кімнен: Арман Қайдан: Атырау
15.05.2011 21:54
+0 / -0
Жуырда Алматыдағы Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында руханиятқа шөліркеген жұртымыз төл өнеріміз – айтыспен қауышты. Бірақ түс мезгілінен кешкі сегізге дейін созылған айтыс діни уағыз бен «көсемдерге» ода сипатында өрбіді. Айтысты ұйымдастырушы «Жас Отан» деген аты ғана, әйтпесе «той иесі» басқалар екені анық көрініп тұрды. Бұл жолғы айтыстың қамқорлары ретінде Қайрат Сатыбалды, Бекболат тілеухан, Мұхамеджан Тазабеков тәрізді «дін көсемдері» төрден орын алды. Ақиқатты тіліп айтуға тиіс айтыскерлер кімнің тарысы піссе, соның тауығы болатын қолбалаға айналғанға ұқсайды. Қажылық парыздарын өтеген ақындар арасындағы төрт масһабтың тұтастығын көксеген «Төртеу түгел болса...» атты тақырыппен өткен айтыстан көзі қарақты жұрттың көңілі қалды. Бұлай дейтін себебіміз – айтыстың бірінші бөлімінде малтасын езіп отырған ақындарға көрермендер арасынан ескерту-хат түскен болатын: «Діннен басқа қазақта мәселе жоқ па?» деген тұрғыда. Бірақ оны елеп-ескерген есті жан бой көрсетпеді. «Асыл арна» теледидары ұстанымындағы діни ағым ақындардың аузын майлап, саналарын байлап алғаны анық байқалды. Қазақтың тағдырынан қажылық пен қаражат қымбат екені әр ақынның сөзі мен жүзінен көрініп тұрды. Әлгі төрде отырған «көсемдерге» кім жақсы жағынып қалса, соның асығы алшысынан түсерін іштері сезеді, бәлем... Өйткені бас жүлдеге екі милллион теңге тігілген. Одан кейінгі орындарға да аз қаражат қарастырылмаған (І орынға 1,5 миллион теңге тігілген). Бұл қайдан келген батпан құйрық екенін бір құдай біледі? Әлде жоғары жақтан уағыз сипатындағы айтыстан қомақты ақша белгілеу жөнінде бұйрық бола ма? Қысқасы, айтысқа қатысушы Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Тоба Өтепбаев, Айбек Ережепов, Сырым Әуесқан, Төреғали Төрәлі, Дидар Қалиев, Еркебұлан Қайназаров, Айбек Қалиев, Жандарбек Бұлғақов, Қуаныш Шарманов, Біржан Байуов, Нұрмат мансұров, Мақсат Аханов,Асылан Ғафуров, Мейіржан Әлібеков, Нұрлан Мұсаев, Былғынбек Имашев – бәрі-бәрі қомақты сый-сияпаттан құр қалмады. Шыншылдықты ту еткен Ринат Зайытовтың ақтық сынға жетпей сүрінгені түсініксіз болды. Әлде «Құнанбайдың мешітін көрмесем де, Меккедегі Қайрекеңнің жерін көрдік», - дегені баз біреулерге ұнамай қалды ма екен (Қайрекең дегені – Қайрат Сатыбалды. – Ред.)? Сақал қою, хиджаб кию, намаз оқу, құдайға серік қосу тәрізді әңгімелер айтыстың өн бойынан көрініс тауып отырды. Әсіресе ата-баба дәстүрін жоққа шығару айрықша белең алды. Айтыскер Дидар Қалиев бірде «Түркістан - шірікстан» деп соқса, келесі бірде аруақтарға тіл тигізіп, өз ата-бабаларына тісін батырып, қарсыласы айтқандай, «ауызға сыймайтын» сөздер айтты. Ақындар құдды туристік агенттіктердегідей қажылықты «жұмаққа жолдама», «жұмаққа кіретін грант» деп асыра мақтап жатты. Кезінде адал маңдай терімен, өз бала-шағасының ғана емес, халқының, рулы елінің жағдайын жасап барып қана қажылыққа баратын қазақтың ғұрпын бұлар ұмытқан тәрізді. Әйтпесе қайдан келгені белгісіз (бәлкім, ұлттың көз жасынан жиналған арам ақша) қаражатпен Меккеге барып келе салып, елдің алдына шығып уағыз айту – санаға сыйымсыз. Ұлттың киімін киіп алып, домбырасын ұстап, төл өнерін алға тарта отырып, қазақтың өзіне шабуыл жасау деп түсінген жөн шығар мұны.

Айтса да, бұл айтыстың қанын сорып, қаңқасын бергендей әсер қалдырды. Бір кездері ашық түрде музыканы харамға балаған Мұхамеджан Тазабеков, Бекболат Тілеухандар неліктен ет жүректері елжіреп, айтыстың маңынан табыла қалды екен? Әлде бұл халықты баурап, өз ағымдарының жетегіне ергізудің бір айласы ма? Қысқасы, бұл айтыс ұлттық өнердің абыройына нұқсан келтіргені анық. Еліміздегі діни ағымдардан хабары жоқ жастардың санасына дұрыс емес көзқарастарды сыналап сіңіруге ұмтылғаны тағы бар. Айтыстың бұл қадамы қазаққа жасалған қастандық сияқты көрінді.

Кімнен: Алматы
16.05.2011 10:37
+0 / -0
Сын жазғыштарға айтарым: Өздерің осындай айтыс ұйымдастырып алыңдаршы сол кезде көрерміз...........

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.05.2011 14:44
+0 / -0
Нурлан Мусаевтын айтысын калай алуга болады