Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:12

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Төреғали мен Сырымның айтысы

Алматыда мамыр айының 2-сі күні «Төртеу түгел болса» деген атпен өткен айтыстың үшінші жұбы болып алматылық Төреғали Төрәлі мен астаналық Сырым Әуесхан шықты.

Айтыскер ақын Сырым Әуесхан. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
x
Айтыскер ақын Сырым Әуесхан. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Есімі елге енді танылып жатқан Сырым Әуесхан – оныншы сыныптың оқушысы. Ол биыл Алматы облысы Жамбыл ауданында өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық оқушылар айтысында екінші орынға ие болған.

Өзіне дейін сахнаға шыққан ақындар тәрізді ол да өлеңіне дін мәселесін өзек ете берді.

– Қартаймайын десең де, өмір көнбес,
Иманды адам қарттыққа әрін бермес.
Жаратқаннан шынымен жарлық келсе,
Жан бар ма уақытында жанын бермес.
Білімнің аздығынан шығар пенде,
Ғұмырдың жас кезінде мәнін көрмес.
Пенсияға шыққан соң жығылам деп,
Жас кезде қалып қоймайық тәлімнен кеш.
Өйткені қартайғанда қиын болар.
Қимыл мен қозғалысқа тәнің көнбес.
Басыңды құбылаға бұру түгіл,
Мәсіңді киюге де әлің келмес.
Ертерек қамданайық – бар ақылым.
Жан болып тура жолды табатұғын.
Өйткені сауап деген бірі емес қой,
Ай сайын өзі келер жалақының.
Намаз – билет, ал жұмақ – концерт емес,
Қалаған адам өзі баратұғын.
Ертерек билет алып үлгермесең,
Кірерде сатып ала салатұғын, – деді Сырым Әуесхан.

Сырымның қарсыласы Төреғали Төрәлі де – айтыста жаңа қосылған жастардың бірі. Өткен жылғы Астанада өткен «Тәуелсіздік тағылымы» атты айтыста Айнұр Тұрсынбаевамен сөз сайысы ел есінде қалып қойды.
Айтыскер ақын Төреғали Төрәлі. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
Ақындығы мен қатар әншілік өнері де бар Төреғали Сырым Әуесханның:
«Қытайдағы қазақтар келе алмай тұр,
Ағайын ол бауырлар қайда кетті.
Шекара мәселесі қиын екен,
Квота қол-аяғын байлап отты.
Ал, сен болсаң, қытайға ұқсайсың ғой,
Бұл жағын Сырым біраз ойлап өтті.
Қытайдағы қазақтар келмей жатса,
Қазақстанда қытайлар пайда болыпты» деген қағытпа әзіліне былай жауап қатты:

– Жадырасын жанымыз жаз болғандай,
Көліне көңілімнің қаз қонғандай,
Інімнің еркелігін көтерем ғой,
Айтады әр нәрсені назданғандай.
Қазақ қазақ бола алмай жатқан кезде,
«Қытайсың» деп мінімді қазған қандай.
Тіл мен дінін ұмытты қанша қандас,
Үйірінен адасып қаз қалғандай.
Түріме мына менің күледі ғой,
Өз ойына риза боп, мәз болғандай.
«Қытай» деп құтырдың-ау, қазақтардың
Орыстанып жатқаны аз болғандай.

Айтысты бастаған - Төреғали Төрәлі.

Төреғали мен Сырымның айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Курмет Қайдан: Астана
12.05.2011 16:42
+0 / -0
АЗАТТЫК РАДИОСЫ !РАХМЕТ СИЗДЕРГЕ!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Нағыз Қайдан: Астана
12.05.2011 17:50
+0 / -0
Ақындардың бәрі Қажыға барып келді, бұл жақсы. Сосын біразы Астанадағы "Жастар сарайында" айтысқа түсті, бұл да жақсы. Бірақ, олар өздерінің мұсылман екенін енді ғана сезінгендей, шеттерінен Аллалап кетіпті, уағызды молда емес, ақындардың айтқаны жаман екен. Ақындардың бәрі Молда, молдалардың бәрі Ақын болып кеткенбе деп қаласыз. Күлдім...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.05.2011 19:49
+0 / -0
Айтыстың да сәні мен мәні кетті-ау, ағайын! Қазақтың айтысы құл болса, онда қазақтың да өлгені.... Қош бол, қазақтың дауылпазы-айтысы! Мына тыңдағандарымнан еш рахат алып, жаным жадырамады. Керісінше, өзі де әрең жүрген қалім әлсірей түскендей, бар асылымнан айырылғандай сезімдемін.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
13.05.2011 10:53
+0 / -0
Алла-лайка, балалайка, тря-ла-лайка деп соға беру екен айтыс ақыны болу үшін ең қызығы!
Ал жезтаңдай әнші атану үшін мына өлеңді қақсай беру керек: "Давай закурим товарищ по одной..."
Пікір алмасу

Кімнен: Жәудір Қайдан: Алматы
16.05.2011 19:05
+0 / -0
Айтыс-бұл қазақтың ең ұлылысы, ал айтыскерлер-нақ суырып салма ақындар! Қазақ халқы қалай өзінің тілін,дінін сақтайды, егер де осындай ел ішіндегі берекені кетіретін сөздер айтатын болса.

Кімнен: Торайгыр Қайдан: Алматы
13.05.2011 19:43
+0 / -0
Акындар айтпаганда ким айтады Бар халык соларга карап отыр шакырсын журтты иманга.Имамдар айтса олар сауатсыз деймиз кажыга барган асерин бизге жырмен жеткизди акындар Керемет асер алдым Кезинде Мукагали ишкиш дедик ендиги акындар иманга келип еди тагы жактырмадык казакка не истесенде жакпайсын Арине имам айткан дурыс кой бирак имамды биздин казак акындарды тындагандай тындамайды айтыска жиналгандай мешитке жиналмайды акындар Алланы улыктандар ахиретте сауабы болады Журттын конилинен ешкашан шыкпайсындар бири жактырса бири жактырмайды Аллага жаксандар болды отиниш дауга айналдырмандаршы

Кімнен: Omarhan Қайдан: Tulkibas
14.05.2011 02:06
+0 / -0
Okuwylar arasyndagy aityspa bul?tusinbedim

Кімнен: Асау ТАРПАҢ
14.05.2011 13:31
+0 / -0
Айтыс өлді!!! Оны сатыбалды деген саудагер өлтірді.
Қалай өлді:
бірі: Ақындардың алдында екі жол жатты: бірі қажы болу, қажы атану, енді бірі ақын болу, айтыс ақыны болу, бейшара ақындар ары-ойланып, бері ойланып, соңында біріншісін таңдағандығы себепті айтыс құсадан өліп кетті.
Енді бірі: Айтыс ақындары жиналып алып айтысыпты. Сонда төбелерінде бір көкелері Аллалап айтыңдар, Билікті мадақтап айтыңдар деп әр ақынның басын бір ұра беріпті. Сонда бұл бұйрықты орындағандардан басқасы түгел сақау болып қалыпты! Ал Аллалағандар мен НАНдағанда ғана тауықша қоқылдап, есекше аңырап, итше қыңсылап, шошқаша шыңғырып, қарғаша қарқылдап айтыс тыңдағалы келген жұртты мезі етіп, айтысты өлтіріпті!
Пікір алмасу

Кімнен: Балжан Қайдан: Алматы
16.05.2011 19:01
+0 / -0
Жас Отандықтар керемет, молодцы! Күшті айтыс болды! Жарайсыңдар! "Бар болса бере алмайды, жоқ болса көре алмайды!" Бос сөз айтып мылжыңдағандар дей берсін! Айтыста болғандардың бәрі дән ризалығын білдірді! Рахмет, Сіздерге!

Кімнен: Арман Қайдан: Атырау
15.05.2011 21:55
+0 / -0
Жуырда Алматыдағы Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында руханиятқа шөліркеген жұртымыз төл өнеріміз – айтыспен қауышты. Бірақ түс мезгілінен кешкі сегізге дейін созылған айтыс діни уағыз бен «көсемдерге» ода сипатында өрбіді. Айтысты ұйымдастырушы «Жас Отан» деген аты ғана, әйтпесе «той иесі» басқалар екені анық көрініп тұрды. Бұл жолғы айтыстың қамқорлары ретінде Қайрат Сатыбалды, Бекболат тілеухан, Мұхамеджан Тазабеков тәрізді «дін көсемдері» төрден орын алды. Ақиқатты тіліп айтуға тиіс айтыскерлер кімнің тарысы піссе, соның тауығы болатын қолбалаға айналғанға ұқсайды. Қажылық парыздарын өтеген ақындар арасындағы төрт масһабтың тұтастығын көксеген «Төртеу түгел болса...» атты тақырыппен өткен айтыстан көзі қарақты жұрттың көңілі қалды. Бұлай дейтін себебіміз – айтыстың бірінші бөлімінде малтасын езіп отырған ақындарға көрермендер арасынан ескерту-хат түскен болатын: «Діннен басқа қазақта мәселе жоқ па?» деген тұрғыда. Бірақ оны елеп-ескерген есті жан бой көрсетпеді. «Асыл арна» теледидары ұстанымындағы діни ағым ақындардың аузын майлап, саналарын байлап алғаны анық байқалды. Қазақтың тағдырынан қажылық пен қаражат қымбат екені әр ақынның сөзі мен жүзінен көрініп тұрды. Әлгі төрде отырған «көсемдерге» кім жақсы жағынып қалса, соның асығы алшысынан түсерін іштері сезеді, бәлем... Өйткені бас жүлдеге екі милллион теңге тігілген. Одан кейінгі орындарға да аз қаражат қарастырылмаған (І орынға 1,5 миллион теңге тігілген). Бұл қайдан келген батпан құйрық екенін бір құдай біледі? Әлде жоғары жақтан уағыз сипатындағы айтыстан қомақты ақша белгілеу жөнінде бұйрық бола ма? Қысқасы, айтысқа қатысушы Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Тоба Өтепбаев, Айбек Ережепов, Сырым Әуесқан, Төреғали Төрәлі, Дидар Қалиев, Еркебұлан Қайназаров, Айбек Қалиев, Жандарбек Бұлғақов, Қуаныш Шарманов, Біржан Байуов, Нұрмат мансұров, Мақсат Аханов,Асылан Ғафуров, Мейіржан Әлібеков, Нұрлан Мұсаев, Былғынбек Имашев – бәрі-бәрі қомақты сый-сияпаттан құр қалмады. Шыншылдықты ту еткен Ринат Зайытовтың ақтық сынға жетпей сүрінгені түсініксіз болды. Әлде «Құнанбайдың мешітін көрмесем де, Меккедегі Қайрекеңнің жерін көрдік», - дегені баз біреулерге ұнамай қалды ма екен (Қайрекең дегені – Қайрат Сатыбалды. – Ред.)? Сақал қою, хиджаб кию, намаз оқу, құдайға серік қосу тәрізді әңгімелер айтыстың өн бойынан көрініс тауып отырды. Әсіресе ата-баба дәстүрін жоққа шығару айрықша белең алды. Айтыскер Дидар Қалиев бірде «Түркістан - шірікстан» деп соқса, келесі бірде аруақтарға тіл тигізіп, өз ата-бабаларына тісін батырып, қарсыласы айтқандай, «ауызға сыймайтын» сөздер айтты. Ақындар құдды туристік агенттіктердегідей қажылықты «жұмаққа жолдама», «жұмаққа кіретін грант» деп асыра мақтап жатты. Кезінде адал маңдай терімен, өз бала-шағасының ғана емес, халқының, рулы елінің жағдайын жасап барып қана қажылыққа баратын қазақтың ғұрпын бұлар ұмытқан тәрізді. Әйтпесе қайдан келгені белгісіз (бәлкім, ұлттың көз жасынан жиналған арам ақша) қаражатпен Меккеге барып келе салып, елдің алдына шығып уағыз айту – санаға сыйымсыз. Ұлттың киімін киіп алып, домбырасын ұстап, төл өнерін алға тарта отырып, қазақтың өзіне шабуыл жасау деп түсінген жөн шығар мұны. Айтса да, бұл айтыстың қанын сорып, қаңқасын бергендей әсер қалдырды. Бір кездері ашық түрде музыканы харамға балаған Мұхамеджан Тазабеков, Бекболат Тілеухандар неліктен ет жүректері елжіреп, айтыстың маңынан табыла қалды екен? Әлде бұл халықты баурап, өз ағымдарының жетегіне ергізудің бір айласы ма? Қысқасы, бұл айтыс ұлттық өнердің абыройына нұқсан келтіргені анық. Еліміздегі діни ағымдардан хабары жоқ жастардың санасына дұрыс емес көзқарастарды сыналап сіңіруге ұмтылғаны тағы бар. Айтыстың бұл қадамы қазаққа жасалған қастандық сияқты көрінді.

Кімнен: JURSIN Қайдан: ALMATY
21.05.2011 00:54
+0 / -0
10 klasstyn bok muryny jaksy aitady eken

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.05.2011 12:21
+0 / -0
Сырым молодец жарайсын

Кімнен: Тұран ұлы Қайдан: Астана
26.05.2011 00:57
+0 / -0
Қазақтың болашақ текті ұлын боқмұрын дегендерін жараспай тұр. Көшеде наша шегіп жүрген жастарды көрмей, сахнада ел сөзін сөйлеген жеткіншекті қолдаудың орнына, қорлағандарыңа жол болсын, айтқышсымақтар! тасада отырып тас атпай Сырым құсап сахнаға шықсаңдар қайда қалдыңдар! Алла туралы айтса ол он сегіз мың ғаламды жаратушы. Адаммен алысқандарың қалып енді Алламен алыспақсыңдар ма? Астапыралла! Күналарыңды Алла өзі кешірсін!

Кімнен: Сырым Қайдан: Тараз
26.05.2011 13:21
+0 / -0
bolar bala bogynan degynan dep kazak aitkan goi.jaksy aitady eken dep koldap tur ol kisinide tusininder

Кімнен: kazak Қайдан: alash
06.06.2011 20:10
+0 / -0
kurmetti okyrman kauym!magan myna aitystardyn bilsenizder tolyk nuskasyn kaidan okuga bolady?nemese siltemesin korsetsenizder,aldyn ala rahmet!

Sosyn tagy otinish:Azzatyk radiosy sizdi kop okityn okyrmandarynyzdin birimin,mumkindik bolsa aitysty kimai eldin kulagyna jetkizuinizdi otinemin,rahmet!