Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:14

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Тоба мен Айбектің айтысы

Мамырдың 2-сі күні Алматыда өткен «Төртеу түгел болса» атты айтыстың екінші жұбы - Алматы облысының ақыны Айбек Ережепов пен торғайлық Тоба Өтепбаев. Кіші қажылыққа барып қайтқан екі ақын да дін тақырыбын сөз етті.

Мәтін көлемі - +

Торғайлық Тоба Өтепбаевтың республикалық айтысқа қатысуы – екінші мәрте. Былтыр Астанада өткен «Тәуелсіздік тағылымы» айтысына Айбек Қалиевті қатыстыруға ұйымдастырушылар қарсы болғаннан кейін, айтыскер ақын өзінің шәкірті Тобаны сол айтысқа жіберген еді.

Тоба Өтепбаев бұл айтыста Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагиннің осы күнге дейін бір ауыз қазақша үйрене алмағанын сынады.

- Алаңдап Астанаға үміт арттық,
Ол кісіден көрмедік ізеттілік.
Орысша шүлдірлеген Мәсімовтің
Мұрттарын қырқар ма еді күзеп тұрып.
Әйтеуір қазақ тілінің табанынан,
Қойды ғой солтүстікте сыз өткізіп.
Ормандай орыс пенен шекараны
Қойыппыз Кулагинге күзеттіріп.
Ол кісі де орынын бергісі жоқ.
Алғандай ықтырманы күзек қылып.
Жоғары жаққа мынау Сергей сынды,
Таныта алмаймыз-ау біз ептілік.
Өз басым Кулагинді көке дер ем ,
Қазақ тілін үйренсе ізет қылып, – деді.

Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының тумасы Айбек Ережеповтің
Айтыскер ақын Айбек Ережепов. Алматы, 02 мамыр 2011 жыл.
республикалық айтысқа шыққанына біршама уақыт болды.

Айбек бұл жолы қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді жырына өзек етті.

- Егеменді ел сенімін серік етіп,
Түтін түзу, іргеміз берік еді.
Кей ісіміз оңалып, оңға басса,
Өрісіміз бұдан да кеңір еді.
Жетпіс жыл желкемізге дінсіз мініп,
Қаншама ер «ел-жұртым» деп еңіреді.
86-да жастардың жалынынан,
Рухыма қатқан мұз еріп еді.
Үңгірде ұйықтап оянған жетеу құсап,
Жаратқан бір қуаныш беріп еді.
Өз қолың өз аузыңа жеткен шақта,
Жымысқы келімсектер келіп еді.
Бір бармағы бүгулі миссионерлер,
Аңғал елден мұрт майлап, керіледі.
Секемшіл жапыраққа дәніккендер,
Ағаштың да дінін кеміреді.
Ал енді өз ішіңнен шықса дұшпан,
Отырар бірақ күнде беріледі.
Ұлтты емес, құлқынды ойлар шенділерің,
Тышқандай қапты тескен жеміреді.
Жыландай байлық басқан кей мансапты,
Тіл мен діл, танымыңнан не біледі.
Кен жайлы басы қатқан кең көмейлер,
Ел жайлы ойлауға да ерінеді.
Ел ішінен тазарса сондайларды,
Қоғамдағы кемшілік кемір еді..
Елін сүйген адал ер жұрт несібін,
Жемсауына салуға жерінеді.
Ей, бақыттың бақшасына барар жігіт,
Халықтың батасына семіреді, - дейді Айбек.

Тоба мен Айбектің айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: салихат қайрат Қайдан: батыс қазақстан
11.05.2011 15:22
+0 / -0
2 мамырдағы барлық айтыстың толық нұсқасын қайдан тыңдауга болады?

Кімнен: adilet Қайдан: kazakia
12.05.2011 12:05
+0 / -0
oi pali, kandai tamawa aitis. osindai jastardi nege kotermeidi onwen atagi alataudai akindardi kotere bermei

Кімнен: Аман Қайдан: Атырау
15.05.2011 23:33
+0 / -0
Бекболат Тілеухан өз анасы қайтыс болғанда артынан құран оқытпай, қазақы салттағы өлімді ұзатудың бәрін қысқартып тезден көме салыпты! Қожа Ахмед Иассауидің кесенесін әулие болсаң орныңнан тұрып көр деп тепкен деседі, егер мен қате естімесем. Бірақ Ұлтшыл құсап көрініп жүрген ағамыз өзін ешқашанда уаххабитпін демейді. Таза мұсылманмын дейді. Ол кісінің ұлтшылдығы да тырнақша ішінде. Байқаңыз, арандап қалмаңыз, санасыз қолшоқпар болмаңыз. Қазақтың мың жылдық исламдық тарихы бар, дәстүрі бар, соның бәрін жойып, таза арабтық исламмен жүреміз деу Халифат құруға әзірліктен басқа не?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.05.2011 21:19
+0 / -0
кәзір бір-бірімізбен келісе алмасақ әсіресе бір мұсылман бір мұсылманның қәтелігін айтып қатесін Құран хадистен дәлел келтіріп айтып ақиқатқа шақырса ол адам қәтесін мойындауға нәпсісі жібермей айтатын сөз таба алмаса сен-ВАХАБИСТСІҢ деп бұра салады.Негізі бұндай ағым Исламда жоқ ОЛ терминді Исламның жаулары ойлап шығарған төменде осыларды дәледеп берейін.
.Рас-
Исламда неше түрлі адасқан ағымдар бар екені рас.Оны бәріміз мойындаймыз. Мысалы Қазақстанда тиым салынғандары: сопылық, олардың кәзіргі сопылардың адасқан жері 1-ші өздерін пірге тапсырулары, піріміз Құдайдың жердегі орынбасары ол ұшып Құдаймен кездесіп қайтады оның қолын ұстап тәубе жасасақ о дүниеде бізді қолымыздан ұстап жәннәтқа кіргізіп жібереді деп сандырақтайды.Кезінде ол ағымға Санжар Керімбай сияқты Қазақстан телеарнасының журналистері кіріп елімізді біраз дүрліктірген еді, олар әлі де мұсылмандарды іштен ірітіп жүр олардың ағымынан сақтаныңдар ағайын.

Сол сияқты хизбут-тахрир деген ағым бар.Олардың қисайған жері- мемлекетке төңкеріс жасаумыз керек, қаруланып соғысамыз деген сияқты түсініксіз идеяны таратуда.Осындай сананы улайтын теріс т.б ағымдар бар екенін бәріміз мойындаймыз.Бірақ мынаны есте сақтаңыз!!!.


Бір ескере кететін жағдай 14ғасырдан бері мен уахабимін деген бір адам кездеспепті, өйткені нағыз мұсылман бұл сөздің шын мағынасын біледі.Бірақ кейбір адасқан ағымдар,Исламның жаулары мұсылмандарды әлсірету, діннен бездіру үшін осы сөзді мұсылмандарға жапсыруда.

Кімнен: Абай Қайдан: Жанаузен
16.05.2011 01:17
+0 / -0
бул айтыста Нурлан Мусаев неге шыкпады екен ол акынды келеси айтыста коргимиз келет