Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:15

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Жандарбек пен Сараның айтысы

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі күні «Қонаевтай ер қайда» деген атпен айтыс өтті.

Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Көрермендер тартқан жеребе бойынша Астана қаласының атынан шығып жүрген Жандарбек Бұлғақов алматылық Сара Тоқтамысовамен сөз қағыстырды.

Айтыстың тақырыбы «Қонаевтай ер қайда!» болғанымен, айтыскерлер Жаңаөзен оқиғасын да жырға қосты.

Жандарбек Бұлғақов Жаңаөзенді айтып:

 - Қайбір жылы Қызылағашты су алып еді,
Топан су қалың елді бөктеріп бір.
Шейіт болған адамның шығындарын,
Шенеуніктер жасырған шектеліп бір.
Ал енді Жаңаөзендегі оқиғадан,
Өзегіміз амалсыз өрт болып тұр.
Кім атты, кім аттырды, неге атылды?
Кеудемізге көп сұрақ кептеліп тұр.
«15 адам өлді» деп жылы жауып,
Дөкейлер «бәрі жақсы» деп келіп тұр.
Байлықты былай қойып адам құны,
Біздің елде мал құрлы жоқ болып тұр.
«Мұнай көп, мұнай көп» деп мақтанамыз,
Есесіне ел-жұртым мерт болып тұр.
Жер астынан шығатын байлығыңнан,
Жер астына кеткендер көп болып тұр, - деді.

Жаңаөзен тақырыбын жалғастырған Сара Тоқтамысова:

 - Бұзақылар бүлік салды деп,
Шулап жатыр біреулер.
Оларды жатыр кім демеп?
Әлде момын халықтың,
Арқасына ер батып,
Жатқандығы болды ма,
Жағдайына шын себеп.
Халықтың ойы бір бөлек,
Биліктің ойы бір бөлек.
Шындықтың түбін іздесең,
Түлкі құйрық бұл заман,
Жасырып ізін үлгереді, - деді.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30 - 20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыздар. 

Жандарбек пен Сараның айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ара Қайдан: уядан
17.02.2012 14:36
+0 / -0
осы Жандарбек али Оразалы, Мухаммеджан, Айбек сиякты акындарды басып озады.
казирдин озинде 10нан астам машина алыпты.
Пікір алмасу

Кімнен: ДАКЕ
17.02.2012 23:30
+0 / -0
Жандарбек бауырым жарйсын!!! Баска да "жумыстарына" жемис, айтыстаында женис тилейм!!!

Кімнен: Abylai Қайдан: Atyrau
17.02.2012 14:38
+0 / -0
Жандарбек нагыз суырып салма ақын

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
17.02.2012 15:32
+0 / -0
Қонаевтың фотосуретін де көрсек еді. жалпы осы жолғы ақындар түгелдей мықты ,халықтың,қазақтың,адамның ,нағыз ақынның сөзің ,ойын айтқан. осылай болғанда ғана ақындар айтысын дүниедегі әр қазақ сүйіп тыңдаайды,қасиет -қадыры олмейді.әлемде өнер ешқашан аз ғана топтың сойылын соғуды мақсат етпеген,онер билік үшін емес халық үшін болған.ал ҚАЗАҚ халқының жалғыз ғана рухын сусындатып жүрген айтыс өнері де кейбір басылымдар мен теле арналары сяқты жүрісінен жаңылып кетпесе игі еді.ақындар немесе басылымдар ашты шындық айтты деп ешкім қорықпауы керек,осы өнер тобы ешқашан қатерлі қимыл жасаған емес,оларға қысым түсіріп аузына сөз салып әуіре болудың керегі шамалы.. әне құрсауланған Түркімендеде РЕП өнері арқылы сотталсада оз сөзін айтқан әншілер шықты, коммунистік партия билеген Қытайдада жазған мақалалары үшін ұсталсада өз ойын айтқан жазушылар шықты. біздеде басқа елдерде пе талай журналисттер мен редакторларды түрмеге тоғытсада олар және өнер майданынан тайған жоқ...сонда солар тоңмойындарма? кешегі желтоқсан көтерілісі совет өкіметіне жау болды ,ал қазақтың ұлыттық мүдесі үшін батырлық саналды. сондағы айтпағым өзің ұстанған халық майданында тұрсаң мәңгі құламайсың. көп қорқытады,терең батырады емеспе!!!

Кімнен: Біржан Қайдан: шымкент
17.02.2012 16:07
+0 / -0
Жарайсын Жандарбек!!! Сен нағыз Казақтын қайсар ұлдарының бірісің!!! Бір гана тілерім жұлдыз ауруына шалдықпа! Тіл көзден аман бол, атасынан асып туган ұл!!!

Кімнен: Руслан Қайдан: Қазалы
17.02.2012 16:14
+0 / -0
Жара бет уақыт өте жазылғанмен, Қара бет ешқашанда жазылмайды... жақсы айтылған.

Кімнен: Елубаев Руслан Қайдан: опорный
17.02.2012 16:57
+0 / -0
Казактын акындары аман болшы
Ел мунын Жырлап шіркін аман журші

Кімнен: Корермен Қайдан: Алматы
17.02.2012 23:34
+0 / -0
Жандарбек пен Саранын арасында айтыс болмапты бул жолы, арнау гой мынау. Буларда суырыпсалмалык жоктын касы десе болады екен
Пікір алмасу

Кімнен: Данка Қайдан: екибас
28.02.2012 18:07
+0 / -0
Акындардын бари жаксы!Сара апкем жараисыз!сиздеи кыздарды туган казактын аналарына мын рахмет!тек бакытты болыныз!

Кімнен: Адай Сарбазы Қайдан: Маңғыстау
18.02.2012 11:30
+0 / -0
Жандарбекті білмейм қандай екен өзі, көп айтысында Нұр Отанды дымын қоймай мақтадығой Ринат пен айтысқан кезінде, Жос Отанның мүшесі ол, жағымпаз, және де халықтың қамын жейді түсінбедім сені Өз айтысыңды тыңда брат
Нұр Отан елімізге тұтқа болып
Нұр иманды болып тұрғой жағдайымыз
«Нұр Отанды» армансыз ғайбаттадың,
Байқаймын, ДВК-ға қосылғансың.
Ринат маған азу батырған-ай,
Суырдай тыныш отыр шақылдамай.

«Нұр Отанның» тізіп ап бар былығын,
Ел алдында басымды қатырған-ай.
Мына менің қолымда не бар дейсің,
«Нұр Отанға қосқанмен атымды оңай.

Бұл сахна ақынның мінбесі ғой,
Нұр-ағаңа жеткізер датыңды оңай.
Айтқыш болсаң патшаның өзіне айт,
Қаршадай балаға кеп, қақылдамай».-деп сөзіңе жауап бере алмай ел басыға айдап салып, түбінде жеңілгенсің!
Енді Нұр Отаның отағасы емеспа сен айтқан халықты атқан Жандарбек!
Пікір алмасу

Кімнен: ДУЛАТ БЕРИКУЛЫ
20.02.2012 11:19
+0 / -0
Адай сарбазы Жандарбек бир рет нуротанды мактады деп киналау орынсыз, ол оны Ринатты жену максатында айтты! Ал сол айтыста президентке Ринат айа алмаган датты айтты
Атаннан калган айтысты
Апарып тыкпа молага
деп, осы созин неге жазбайсын?! Егер Нуротанды мактагангандарды айыптар болсан Жандарбексиз-ак толып жаткан жокпа! Жандарбек айгайлап турып атын жасырмай президентке дат айкан, а сендер отирик атпен коментариди пайдаланып тасадан тас атуга кумарсындар!!! ЖАРАЙСЫН ЖАНДАРБЕК БАУЫРЫМ!!!
Пікір алмасу

Кімнен: қаймана қазақ Қайдан: астана
21.02.2012 12:56
+0 / -0
Сараны жеңді деп айтыпсыңдар оны байқап тұрған жоқпын.мына жерде жазылған шумақты оқысаңыз:
Әлде момын халықтың,
Арқасына ер батып,
Жатқандығы болды ма,
Жағдайына шын себеп.
Халықтың ойы бір бөлек,
Биліктің ойы бір бөлек.
Шындықтың түбін іздесең,
Түлкі құйрық бұл заман,
Жасырып ізін үлгереді.
Сараның сөзінде мағына жоқ, не ұйқас жоқ, не түйін жоқ, екпіндеп халықтың арқасын көтеретін әртістігі болмаса,сөздерінің барлығы осындай ғой.Мүмкін мен түсінбеген шығармын, осы шумақты түсінгендер болса жазыңдар. Жюриде отырғандар не тыңдап отыр өзі халық шуласа болды ғой деймін онды көтере береді.
Пікір алмасу

Кімнен: қаймана қазақ Қайдан: астана
21.02.2012 13:19
+0 / -0
Адай сарбазы қазақтың қазіргі айтыс ақындарының ішінде шындықты шырылдатып айтатын Жандарбек,Айбек,Бауыржан ғана деп айталамын. Қалғандары да айтады бірақ сен секілді атын жасырып айтады. Бүкіл телеарнаның алдында қаншама мың халықтың көзінше айқайлап тұрып шындықты айту ол қазіргі заманда ерлік деп есептеймін.Сен болсаң айқайлап айтпақ түгілі интернетке атыңды жазуға қорқып отырсың Адай деген атыңнан ұялсайшы.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.02.2012 12:53
+0 / -0
Жандарбек осип келе жаткан мыкты акын екенине дауым жок, бирак дал мына Сарамен айтысында бурынгы биигинен коре алмадым.Бул Сараны менсинбеушилик болар! Бул жолы Сара жарады, Жандарбектен алдекайда биик коринди, мойындаймын. Жандарбек Сараны бурынгыдай калпакпен урып алам деп калган болу керек! Басын жаксы бастаганымен айтыстын орта, аяк тусында лагып кетти!

Кімнен: Ерқанат Қайдан: Алматы
19.02.2012 14:42
+0 / -0
Жандарбек қазіргі уақытта мықты ақындардың бірі, осы жолды өз биігінен көрінді. Жарайсың бауырым. Осы бетіңнен тайма

Кімнен: Ақтамберді Қайдан: Алматы
19.02.2012 20:44
+0 / -0
Жүрсін де, ақындар да қазақ тіліне жаны ашып тұрғаны шамалы. Қонаев атамыздын суретінің астына орысша міңгірлеп жазып қойыпты. Не деген сұмдық, ата салтымызға Жүрсіннің орысша жазып қойғаны. Совет өкіметінің адамы екені ап-анық. ҰЯТСЫЗ, ТІЛІН САТҚАН НАДАНДАР

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.02.2012 22:10
+0 / -0
ЖАНДАРБЕК КРАСАВЧИК! ЛЮБОЙН РАЗ НА РАЗ КАДАЙДЫ.

Кімнен: Мара Қайдан: Талгар
19.02.2012 22:41
+0 / -0
Жандарбек Сараны тагы тизе буктирипсин. Ринат Зайытов сухбатында айтты гой Жандарбек Сараны канша рет женседе екеуине тен упай береди деп.Сара 10 упай алатындай Жандарбекти кай созден суриндирипти дал осы айтысында.айдалага лагып отыр.Жандарбек иним жасыма.Ораздан кейн Жетисудагы айтыс тизгини озинде

Кімнен: Әли Қайдан: Алматы
20.02.2012 10:43
+0 / -0
Ия, сахнаға Қонаевтың сөзін қазақшаның астына орысша да жазып қойды. Оны бірінші күні Ақмаралмен айтысқанда Серікзат Дүйсенғазин деген астаналық ақын жақсылап тұрып айтып еді, ешкім пысқырған жоқ. Екінші күні тағы тұрды. Ұят-ай!
Пікір алмасу

Кімнен: Шыңғыс Маман
20.02.2012 12:30
+0 / -0
Балуан шолақ сайысында болған басқа айтыстар қашан бериледі екен
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
20.02.2012 13:03
+0 / -0
Құрметті Шыңғыс,

уәде еткеніміздей, ол айтыстағы барлық жұптардың өнер сайыстарын рет-ретімен береміз, сайтымыздан көз жазбаңыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Мура Қайдан: Бостан
20.02.2012 22:38
+0 / -0
Жарайсын! Жандарбек!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.02.2012 11:48
+0 / -0
Жарайсың, Жандарбек!!!Ғажапсың!!! Шүкір, сендей арлы, ақылды, сөзді орамды ақынымыз болғанына!!! АЛЛА тіл-көзден сақтасын!!!

Кімнен: Адай_кыз Қайдан: Мангыстаудан
24.02.2012 06:30
+0 / -0
Жандарбек айналайын тил-козден аман болшы! Онеринди курметтейтин Адай_кыз.