Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:16

МӘДЕНИЕТ / Айтыс

Жандарбек пен Айбектің айтысы

Мамырдың 2-сі күні Алматыда өткен «Төртеу түгел болса» атты айтыстың бесінші жұбы - Жандарбек Бұлғақов пен Айбек Қалиев. Бұл екі ақын Қазақстандағы түрлі діни ағымдарды көбірек сөз етті.

Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
x
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +


Айтысты бастаған Жандарбек Бұлғақов құмалақшы кемпірге сенетін «қазағым, осыншалық аңқау ме едің» деп бір қайырды:

– Бұ дүниеде Аллаға серік қосып,
Білгің келеді болашақ дерегіңді.
Құмалақшы кемпірге жүгінесің,
Алла алдында түсіріп беделіңді.
Өзіңнен тиын-тебен тілеп отқан,
Ол кемпір қайдан берсін керегіңді.
Қазағым, осыншалық аңқау ме едің,
Көтерген түбі тесік шелегіңді.
Қойдың өзі менсінбей тастап кеткен,
Құмалаққа сыйынып не көрінді.

Айтыста дін тақырыбын көп қаузаған Жандарбек сөз арасында хиджабты да сөз еткен болатын. Қарсыласының сөзін қостаған Айбек Қалиев:

– Хиджабқа қарсы үкімет заң шығармақ,
Апырай, сірә, иман бар ма оларда.
Хиджаб киген қыздарға тиым салу,
Айтыскер ақын Айбек Қалиев. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл.

Ақылдының ісі емес аңдағанға.
Әйелдің киімімен арпалысып,
Билікте басқа жұмыс қалмаған ба? – деді де, бүгінгі биліктегі жастарды да сынап өтті:

– Біздің елде жастардың саясатын,
Орыс тілді жастарға бұрып кетті.
Өткізген жиналыстың бәрі орысша,
Сондықтан болашағың күдікті етті.
«Ұлтым» деп ұлып жүрген біреуі жоқ,
Қолынан жас қазақтың құрық кетті.
Өтешов Нұрлан деген серкелерің,
Қазақшаға ауызын буып кетті.
Жастардың сөзін сөйлер Сыздықоваң,
«Төрт байға тиемін» деп тұрып кетті.
Тәңірім бермей қалғыр Бердіоңғаров,
Аузына келгенді айтып, үріп кетті.
Ел аман, жұрт тынышта жиырма үшінші
Февральмен құттықтап, қуып кетті.
Кешегі жас арыстан Ғанилардың,
Тұқымы тұздай бүгін құрып кетті.
Қайрат пен Ләззаттай ірілердің,
Ізбасары іркіттей іріп кетті.

Жандарбек пен Айбектің айтысы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақстан
16.05.2011 17:51
+1 / -0
Па, шіркін! Қандай сөздер! Тура шындықты жарып айтқан осындай ақындар көбейе берсін. Жас ақындарымыздан небір салиқалы ойлар шыққаны көңілге медет, болашағымызға деген сенім ұялатады.

Кімнен: манар Қайдан: қазақстан.
16.05.2011 18:51
+1 / -0
айбек пен жандарбектің айтысы нағыз айтыс болды.

Кімнен: Рахым Қайдан: Ақтөбе
16.05.2011 23:07
+1 / -0
Айтыс - қазақтың жан дүниесін тербеп-тебірентетін төл өнері. Сол өнерді ұстанып жүрген жігіттерге шабыт тілеймін. Халықтың көкейіндегі ойын дөп басып айтып жүрген Жандарбек, тіл-көзден аман жүр!

Кімнен: Рахым Қайдан: Ақтөбе
16.05.2011 23:28
+1 / -0
Айбек - тереңнен толғайтын ақын. Әрбір сөзінде саф алтындай тазалық, қорғасындай салмақ бар. Жандарбек те ұшқыр ойлы ақын. Бойға біткен таланттың қадір-қасиетін қастерлеп, халық игілігіне жұмсаңыздар, жігіттер!.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.05.2011 12:13
+0 / -0
Керемет айтыс. Жандарбектің телефонын білетіндер бар ма? Хабарласып ризашылығымды білдірсем деймін! Қыр қазағы

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.05.2011 00:03
+0 / -0
видиосы жокпа, керек еді

Кімнен: xxx Қайдан: Aktobe
21.05.2011 01:52
+0 / -0
Aibek pen Zhandarbek azuly akyndar! Kazakhtyn osyndai akyndary zhasai bersin! Kazirgi kogamnyn shuly okyigalaryn zhane din maselesin aitkan shyndyktary oiga konymdy. Kazagym teris dinnen abai bolaiyk, oz tilimiz ben dinimizdi saktai bileik.

Кімнен: АБАЙ Қайдан: ЖАНАУЗЕН
21.05.2011 01:53
+0 / -0
Жандарбек жарайсын осы калпын нан тайма АЛЛА разы болсын саган

Кімнен: Акылхан Қайдан: Актау
22.05.2011 01:48
+0 / -0
Жандарбек алга алга тек кана алга!!!!!!!!!!!!!!!!Керемет шауыпсын актангер бауыр

Кімнен: Әлібек Қайдан: Ақтөбе
23.05.2011 18:50
+0 / -0
Жандарбек керемет сөзім жоқ айтарға қай жерде жүрсеңде Аллах саған жар болсын!

Кімнен: Амантай Қайдан: Астана
28.05.2011 11:32
+0 / -0
Азаттық радиосы!!!Жандарбек пен Торегалидін айтысын берініздерші,отініш???

Кімнен: Асқар Қайдан: askar@mail.kz
02.06.2011 18:14
+0 / -0
Жандарбектің телефонын сұраған жандарға! 8 (702) 555-50-51

Кімнен: Нурлыбек Қайдан: Атырау
02.06.2011 19:58
+0 / -0
Акындарга Алла жар болсын.Жандарбек иним осы шабысыннан танба биз тилеулеспиз озине

Кімнен: Бағдат Қайдан: Алматы
09.06.2011 15:30
+1 / -0
Ақындарға Алла жар болсын,Жандарбек секілді айтыстын жанын кіргізетін айтыскерлер көп болсын,