Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:26

ӘЛЕУМЕТ / Діни төзімділік

Ақтөбедегі «хиджаб дауы» шешілді

Сақтаған Бәйішев атындағы университетте орамалға орай туындаған дау бір аптаға созылды. Оқытушылар райынан қайтып, 8 студент дүйсенбіден бастап сабақтарына кірісті.

Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Шынар Мантайқызы. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл
Мәтін көлемі - +

Өткен аптада сабаққа қатыса алмаған 8 студент қазір қарыз сабақтарын өтеп жүр. Өйткені қысқы сессия таяп қалды. «Бәріміз үздік оқимыз, сондықтан екі аптаның сабағын қатар алып жүру аса қиын емес» дейді студент қыздар.

«ОРАМАЛ ҚАСИЕТ ПЕ, ҚАСІРЕТ ПЕ?»

Желтоқсанның 5-і мен 10-ы аралығында Сақтаған Бәйішев атындағы университетте күнде жиын болған. Ол жиындарға ортақ тақырып - хиджаб. Студенттердің белсенді тобы ұйымдастырған дөңгелек үстелдегі жиналыстардың бірі «Орамал қасиет пе, әлде қасірет пе?» деп аталыпты.

Студенттерді тәртіпке шақырмақ болған оқытушылар университетке дін істері жөніндегі агенттіктің өкілдерін, тәжірибелі педагогтарды, ата-аналар 
Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәліп Дәуренбеков. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл.
​​мен учаскелік инспекторды да шақырған екен. Сондай жиындардың біріне Ақтөбе облысының бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков те барыпты.

- Біз ортақ мәмілеге келдік. Қыздарымыз оқуларын жалғастыра береді. Ұстаздарымыздың қыздарымызға деген ашу-ызасы басылды. Яғни кек алу дейтін нәрсе болмайды. Мен осы елдің дін мәселесінде түсіністікке, ынтымаққа шақыру үшін қызметке келген адаммын. Бір жақты тыңдамай, ортақ пікірге үгіттеймін. Әрине, дәстүрлі ата-баба дінінің жолыменен шешуге шақырамын, - дейді облыс имамы.

«ИСЛАММЕН ЕМЕС, ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕСУ КЕРЕК»

Хиджаб кигендері үшін университетке кіре алмаған студенттер адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Ақтөбе филиалына шағымданған еді. Ол ұйымның заңгері, өзі де діни көзқарасы үшін қызметінен қуылған экс-судья Ағызбек Төлегенов адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі коалициямен бірлесе әрекет еткендерін айтады.

- Біздің қоғам исламмен емес, экстремизммен күресуі керек. Кейде көзі ашық адамдардың өзі осы екеуінің ара жігін ажырата алмай жатады. 1 апта бойы сабаққа жіберілмеген 8 студент - осындай білместіктің құрбаны. Бұл шындығында шариғатқа да, ел конституциясына да сыймайтын нәрсе, - деді  Ағызбек Төлегенов.

«ДАУДЫҢ БАСЫ - ОРАМАЛДЫҢ ӨЗІ ЕМЕС, ОНЫҢ ТҮСІ»

Бір аптаға созылған хиджаб дауынан соң Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің проректоры Баян Орынбаева Азаттықтың тілшісіне сұхбат беруге келісті. Проректор ханым өткен сейсенбіде «Бұл - біздің ішкі мәселеміз» деп, журналистермен сөйлеспей қойған еді.

Баян Орынбаеваның айтуынша, даудың басы – орамалдың өзі емес, оның түсі екен.

- Дүйсенбі күні қыздардың барлығы бірдей қара орамал тартып келді. Үстерінде ұзын халат. Олары хиджабқа ұқсас. Содан кейін біз комиссия 
Сақтаған Бәйішев атындағы университеттің проректоры Баян Орынбаева. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл.
​​құрдық та, аудиторияларға барып, студенттерге мына түрлерімен сабаққа қатыса алмайтындарын айттық. Киімдерін ауыстырып келуді талап еттік, - дейді проректор.

Ал өткен аптада дәріске қатыса алмаған 8 студенттің бірі Шынар Мантайқызының пікірі проректордың сөзіне кереғар. Студент бұған дейін де жіті бақылауда болғандарын, өздеріне «оқытушылардың үнемі көз аларта қарайтынын» айтты.

- Қазақ «қара жамылма» деген тыйым бар емес пе. Сондықтан біз университетке ешқашан қара киіммен барған емеспіз. Менің ата-анам да қара киім кигенімді құптамайды. Оның үстіне өзім де халықты шошытқым келмейді. Қарадан да басқа неше түрлі түстер бар ғой, - дейді Шынар Мантайқызы.

«ХИДЖАБ ЕМЕС, ОРАМАЛ ТАҒЫП ЖҮРМІЗ»

Хиджаб киген қыздар университет басшыларының «орамалды мойындарыңа жаппай, артқа қарай түре байлап келіңдер» деген талабы «шариғатқа ғана емес, Қазақстан конституциясына да қайшы» деген болатын. Тіпті өздері білім алып жүрген Сақтаған Бәйішев атындағы университетті сотқа да бермек болған. Бір аптадан кейін сабақтарына қайта кіріскен 8 қыздың бірі Перизат Молдашева «мұсылманға кешірімділік жарасады, ең бастысы - оқуымызды жалғастырғанымыз» деп қуанып отыр.

- Әркімнің пікірі әртүрлі шығар? Біздер заң түсінбейтін адамға ұқсап бұғып
Cақтаған Бәйішев атындағы университеттің студенті Перизат Молдашева. Ақтөбе, 12 желтоқсан 2011 жыл.
​​ жүргіміз келген жоқ. Өз құқығымызды толық қорғағымыз келді. Өзіміздің конституциядағы құқықтарымызды анық та айқын да жеткізе алдық. Біздің киіп жүргеніміз - қазіргі қазақ қоғамы түсіне бермейтін хиджаб емес. Біз орамал тағып, әуретті жерлерімізді жауып, шариғатты орындап қана жүрміз, - дейді Перизат Молдашева.

Университет басшылары «ішкі мәселе» деп атаған даудан кейін студент қыздарға хабарласып сын айтқандар да, қолдау білдіргендер де көп болыпты. Перизат Молдашева бәріне де түсіністікпен қарағанын айтады.

«Проблемамызды басқаларға хабарлай алғанымыз үшін Азаттық радиосына және заңгер Ағызбек ағай Төлегеновке алғысымыз шексіз. Осылардың көп көмегі тиді бізге» дейді студент.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ізденуші Қайдан: Атырау
13.12.2011 02:55
+0 / -1
Шариғатқа қарсы келгендерді мұсылман санауға бола ма? Жауап беріңіздерші.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 10:48
+0 / -0
ислам дiнiнде бар кез-келген нарсеге карсы келген немесе жек корген адамнын исламнан шыгып капiр болатынына букiл ислам гуламалары мен имамдары бiрауыздан келiскен.
(бирак исламнын 1 шартын жалкаулыкпен немесе немкурайлылыкпен истемеу ол баска нарсе)

олардын Кураннан мынандай далелдерi бар:

Сондай қарсы келгендерге келсек, олар жанышталсын. Алла олардың амалдарын зая қылды. БҮНЫҢ себебі: Шынында олар Алланың түсірген нәрсесін жек көрді. Сондықтан Алла олардың амалдарын жойды.
Куран, 47:8-9

Пікір алмасу

Кімнен: Кайратжан Қайдан: astana
13.12.2011 11:25
+0 / -0
Мусылман дегенимиз аллахка мойын усыну, ал шаригатка карсы шыгу ол ол аллахка карсы шыгу. ал енди ар жагына акылын жететин шыгар
Пікір алмасу

Кімнен: ДАКЕ
14.12.2011 16:26
+0 / -0
Жарайсындар карындастарым! АЛЛА жолында сынактарга шыдадындар! Сендердин университетке кире алмай киналгандарын ЖАННАТКА кирулерине себепши биолсын иншАЛЛА! АЛ орамалды огаш санайтындарга
Мини юбка заманнын озыгыма?
АЛ орамал дастурдин тозыгыма?
Орамал ол буйрыгы бир АЛЛАНЫН
АЛЛАМЕН дауласудын ози куна!

Кімнен: Адай
13.12.2011 03:42
+0 / -0
ай жарайсыңдар қыздар,осы беттеріңнен танбаңдар,

Кімнен: m Қайдан: almaty
13.12.2011 09:21
+0 / -0
мен қарсымын, зайырлы елде сабаққа діни киіммен келуге болмайды. Ақтөбенің аязы арабтың шөлі емес.
Пікір алмасу

Кімнен: Қара бала Қайдан: Алматы
13.12.2011 13:49
+0 / -0
Сонда аязда қандай киім кию керек?! Зайырлы мемелекетте кім қандай киім киеді оны өзі біледі, біздің елде демократия, Менің группамда 5-6 қыз мини юбкамен қыстыңкүні сабаққа келіп жүр ғой, сонда оларға рұхсат па екен?! Солар сияқты қазақтың қыздары суық тігізіп, ауырып өлсін, туа алмай қалсын деп тілеп отырсың ба?!

Кімнен: Наркескен! Қайдан: Атырау!
13.12.2011 10:08
+0 / -0
Сол орамалды кимей ак осыдан 4-5 жыл бұрын жастар жүрді гой, сабақтарын да өте жаксы оқыды. не болса соған еліктеп, кангыган бадауйдің киімін киюге қыздарымыз неге құштар. Бірдене десен АЛЛА деп шыга келеді. Шариғат деп шыр пыр етеді. Шариғатта қазақ қыздары орамал тақсын деген бар ма? сауатсыз, надансыңдар? Орамал таққандарды оқудан шығару керек. Президент те түсінідіріп айтты гой, хиджап қазақтың киімі емес деп. Білімсіз, топастар.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
13.12.2011 10:36
+0 / -0
Біздегі жалған ұлтшылдардың «дәлелі».

Хиджаб арабтың киімі.

ЖАУАП:

1. Құранның Аллаһ нұр сүресінде әйел адамға әуретін жауып жүруге бұйырған аятын былай бастаған: «Мүмін әйелдерге де айт». Аллаһ айтпаған: «араб әйелдерге айт» деп. Мүмін әйелдер дегеніміз дуние жүзіндегі БАРЛЫҚ мұсылман әйелдер!!!!! Ал әйел адамның әуреті дегеніміз барлық денесі тек жүзі мен білезігіне дейін қолдары. Яғни осы жерлерін ғана ашық қалдыруға рұқсат.

2. Қазіргі таңда хиджабты тек арабтың әйелдері киіп жүрген жоқ, бүкіл әлемдегі Аллаһқа бой ұсынған әйелдер киінеді: Индонезияның, Түркияның, Малайзияның, Иранның, Пәкістанның, Шешеннің, Ауғанстанның және басқа да мұсылман елдерінде хиджабты мұсылман, Аллаһқа толық бой ұсынған әйелдер киіп жүр. Бірақ солардың ешқайсысы араб боп кеткен жок!


3. "ҚАЗАҚ ЕШҚАШАН ХИДЖАБ КИМЕГЕН, ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ КИМЕШЕК КИГЕН, СОНДЫҚТАН КИМЕШЕК КИСІН!" - ДЕП АЙҒАЛАП ЖАТҚАН АДАМДАРДЫҢ ӨЗДЕРІ ДЕ ЕШҚАШАН КИМЕШЕК КИМЕЙДІ. ЖАЛҒЫЗ ҚАЗАҚ ТҰРМАҚ БАСҚА ҰЛТТАР ДА, СОНЫҢ ІШІНДЕ ОРЫСТАР ДА, КӘРІСТЕР ДЕ, НЕМІСТЕР ДЕ, ШЕШЕНДЕР ДЕ, ӘЗІРБАЙЖАНДАР ДА, ПОЛЯКТАР ДА, ТҮРІКТЕР ДЕ, БАСҚАЛАРЫ ДА КӨШЕГЕ КҮНДЕЛІКТІ КИІМ РЕТІНДЕ ӨЗДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІН ЕШҚАШАНДА КИМЕЙДІ.

4. «Хиджаб біздің ұлттық киімімізге жатпайды» деп айғайлаушы ұлтшылдарға айтарым, жартылай жалаңаш киініп жүру немесе джинсы қазақтың «ұлттық» киімі болып па??? Біреуге андағы киімің қазақтың ұлттық киімі емес деуден бұрын өзің неге сол қазақтың шапаны мен сәукелесін, ұзын бүрме койлегін көше де; жұмысқа немесе сабаққа киіп жүрмейсіңдер???? Біреудің ақыл айтқанда алдырыңа жан салмайсыңдар, өздерің неге сол айтқандарыңмен жүрмейсіңдер???

5. Біз айтамыз дәл қазіргі мұсылмандардың киімі 100 пайыз қазақтың ұлттық киімі болмаса жартылай жалаңаш қазіргі қазақтың кыздарының киімдеріне қарағанда ұлттық киімге әлдеқайда жақын.

6. Егер сендер шын ұлтқа жаны ашыған «ұлтжанды» азамат болсаңдар неге осындай тақырып ашып қойып өздерің сияқты қазақтың ұлттық киімін кимей жүрген жастарына ақыл айтпайсыңдар; андағы киіміңді бұрынғы ата-бабаларымыз кимеген деп?!

7. Сендер хиджабпен күресіп жатқан жоқсыңдар, сендер исламмен күресіп жатырсыңдар! Өздерің қандай болсаңдар, басқа адамдар да сендер сияқты болса екен деп жатырсыңдар. Бұған Құрандағы Алланың сөзі дәлел:
«Егер олар сендерге үстем келсе, өздеріңе жау болып, сендерге жаман ниетпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді. Сендердің кәпір болуларыңды қалайды.»
мүмтахина сүрес, 2аят
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 14:57
+0 / -0
Ара саган буган жауап жазылган сиакты еди гой Тогыз Огыз дан

Кімнен: ТоғызОғыз
10.12.2011 18:27
+0 / -0
Қайталап айтамын:
1. Құранда хиджаб деген сөз жоқ. Тек ұятты жерлерін жапсын делінген. Ұятты жерлердің қандай жерлер екенін білесің, ал хиджаб ұятты саналмайтын жерді де тұмшалайтын құндақ киім!
2. Қазақ ешқашанда хиджаб кимеген. Хиджабтың мағынасы әйел затының сұлулығын жабу, жою, көзге түсірмеу. Ал қазақ әйелдерінің киімі көркемдікке, сұлулықты паш етуге, әдемілікке әдемілік қосуға бағытталған. Сондықтан ұлттық киімдерді хиджабқа теңестірушілер хиджапты білмейтін сауатсыз тобырлар? Хиджабтың мағынасы сұлулықққа қарсылық!
3. Замананың өзгерісін адамдар орындағанымен, оны солай етіп отырған Алланың өзі ғой! Алла бүгінгі заманды бүгінгіше киіндіретін көрініске ие етті. ЕНдеше заманға қарсы шығып, 7 ғасырдағы бәдәуилікке қайтуды дәріптеу ол мәңгүрттік қана емес, Аллаға қарсы, Алла жаратқан ұлы уақытқа, заманға қарсылық.
4. Исламды киім, сақал деп түсінетіндерді қалай ойлаймыз? Олар иманды формадан іздейді, әрекеттен сөзден іздейді, ал іштері қара қазандай, жүректері мұздай, арсыз және жауыз! Ал ислам жүректе ғана болуы керек. Жүрек таза болса мұсылман. Ал жүрегі таза болмаса, сақалы сапсиып, хиджабқа оранып алса да шеттерінен кәпір!
5: сосын Хиджаб киетін қыздарды ойнас ететін уахабилер де әшкереленіп жатыр. Ол сақалдылар алғашында діни үгіт арқылы оларды ойнас етеді де, сосын тастап жүре береді. сондай жылап қалған қыздардың болғаны туралы маса.кз де жазылды. Ендеше хиджаб киуге үгіттеушілердің мақсаты қазақ қыздарын дни жезөкше етудей арсыздықтан туған. Абайлаңыз, қызыңыз хиджаб киген болса, әлде бір сақалдының ойнасы болып жүрмесін!
6. Хиджаб террор жасауға қолайлы киім. Онсыз да көптеген террорлық шабуылды хиджаб киіп жасаған. Ендеше анау қара құндақтың ішінде жарылғыш болуы мүмкін деп ойламадыңдар ма? Бүгін болмаса күндердің бірінде ші?
7: Қазақ үйінде, ойын-тойда, мерекеде ұлттық киімдерін (болған жағыдайда) кигені жақсы. ал жұмыста, қоғамда қазіргі заман талабы бойынша киінгені дұрыс. Жұмыста қалай ұлттық киім киесің. Ал хиджаб киген қыздар жұмыс істей алмайды. Олар адамдармен дұрыс байланыс жасай алмайды, бір шекара сызып алады, қазіргі заманауи тұрмысқа жат, бейшара, сұрықсыз! Ондай жағыдайда "әсіресе қызымет өтеу салаларында " жақсы жұмыс істелмейді.

Әрине хиджаб кимеу керек деген сөз жоқ. кигің келсе ки, арабияға барып, иен далаға барып, немесе үйіңде ғана. Ал қоғамда, әлеуметтік орында, мектеп, универде хиджаб кию деген жезөкше қыздардың емшегін салбыратып, ауын ашып жүруімен тең мағынадағы мағынасыздық, ұят, арсыздық!
ұлық Алла қазақты қайдағы бір парсылардың хиджабынан сақтасын, сол арабтар да парсыдан үйренген ғой, бұл құндақты. Алла хиджаб кимейтін, заманға сай ұятты жерін жауып, адамша еркін, ыңғайлы киінетін қазақ қыздары мен келіндерінің маңдайына нұр төксін.
Хиджабты жындылар мен фанаттар, есі кірмеген ақымақтар, үгітке ұшырап рухы үгітілген мәңгүрттер ғана киеді, бұл күндері!
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
13.12.2011 16:04
+0 / -0
Мүмін әйелдерге де айт: "(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары. Ж.Б.М.К.) Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін.
Куран, 24-31.
P.S АЙЕЛ АДАМНЫН БIЛЕЗIГIНЕ ДЕЙIН КОЛЫ МЕН БЕТI ГАНА УЯТТЫ ЖЕРЛЕРI БОЛМАЙТЫНЫН, АЛ КАЛГАН ЖЕРЛЕРIНIН БАРIНIН УЯТТЫ ЖЕР ЕКЕНДIГIНЕ БУКIЛ ИСЛАМ ГАЛЫМДАРЫ БIРАУЫЗДАН КЕЛIСКЕН. ОНЫ ХИДЖАБ ДЕП АТАЙСЫН БА, КИМЕШЕК ДЕЙСIН БЕ, ЖОК АЛДЕ ОРАМАЛ ДЕЙСIН БЕ БАРIБIР.

Пайғамбарымыз (с.а.у): “Ақыр заман жақындағанда үмметімнен киімі жалаңаш (жұқа) бір топ әйелдер шығады. Бұлардың бастары (яғни басы ашық, шаштарын артына өріп, түйіп қойғаны) түйенің өркеші сияқты болады. Бұларды (көрген жерлеріңізде) қарғыс айтыңыздар, өйткені олар қарғысқа ұшырағандар және олар жәннатқа кіре алмас, мұрындарына тіпті иісі де бармайды” – деген. (Мүслім, Libas, 125) .


ХИДЖАБ ТЕРРОР ЖАСАУГА ЛАЙЫКТЫ КИIМ ДЕГЕН НАГЫЗ АТЕИСТ-КАПIРДIН СОЗI.
европада 77 адамды кырып тастаган Андрес Брейвейк деген террорист джинсы киiп журип-ак террор жасаган.

Ауганстан, Ирак, Ливия сиякты елдерди кырып жойып жаткан АКШ пен НАТОнын аскерлери хиджаб кимей-ак террор жасап жатыр. бир гана иракта сонгы малиметтер бойынша 1 400 000 ирактык каза тапкан 8 жылгы согыстан. бул террор емей немене????
Пікір алмасу

Кімнен: ОнОҚ
13.12.2011 18:49
+0 / -0
@qӘйелдердің құлағы ұятты жер есептеліп, ал ерлердікі ұятты есептелмейтіні қызық екен. Ұят адам баласына бірдей ұялу тудыратын мүшелер жөнінде еді, ал бұл уахабюлерде әйелдер төмен сортты, тұмшаланбаса күнәлі болатын бейшара екен. Құранды бұрмалау, құраннан үзіп алу, құранды ғұламалар өз қалауынша түсіндірудің кесірі ғой. Өртейтін кітап бар, өлтіретін молла бар деп Қазақ Аталарымыз бекер айтпаған! Өзі білмейді, білген тілін алмайды, міне бұл фанаттық жындылықтың белгісі. Оларды тек экстремистік шабуыл жасағанша күтіп отыра беру керек пе? Қашан жарады, қашан атады деп күтумен келеміз, ал бұлардың ой-қиялы түгелімен фанаттық жындылық. Тек іс-әрекетке бара алмай, ішінен тынып жүрген талай Бомба уахабюлер бар.

Хадистерде неге мынадай сөздер жоқ? Заманақыр таяғанда сақалы жайқалған, балағы шолақ, қасында қара құндаққа оранған бір қызы бар әсіре діншілдер қабір бүлдіреді, өрт қояды, мұнай ұрдайды, шетелден оқып келіп әке-шешесін кәпір деп бетіне түкіреді, қолына мылтық алып, кезіккенді атады және соңында өзінде, өзгені де жарады, олар әсем әнге, қобыз-домбыраға қарсы шығады, философияны һарам дейді, ескерткіш, сурет дегенді кәпірлердің жын-ойнағы дейді, Алланың атында адам өлтіреді, өзінің намаз оқитынын мемлекетке бұлдайды, бұлданады, құрып кеткен ескі халифат құрамыз деген құрғақ желікке айтақ болады, өздері ит секілді тіміскілегіш, пәлеқор, қанқызба, саяқ, оқшау болады, тіпті МемӘнҰран шырқалғанда да қолдарын кеудесіне қоймай кекірейіп, өзін мифтік аңыздың бағызы батырындай сезімде өмір сүреді. сүйте жүре дамыған халықтардың к...ін сүртуге де жарамайды, бірақ өзін аспан көріп, жаңағыларды албасты деп есептейді. Шибөрі секілді топтасып алып жортады.....
Осындай аят жоқ па? Егер жоқ болса анау АРА ма, Шыбын ба, біреудің заманақыр таяп қалды деген зарзаман идеясына негіз болған сол бір хадистер өтірік болғаны.
Хадистерді қайта қарау керек, қай қадис бізге керек, дұрыс, қай қадис дұрыс емес, құранға қарсы, ұлтқа қарсы, адамзатқа қарсы, заманға қарсы, адам құқына қарсы, соны қайта қарау керек. Өйткені қадис құран емес, оны кейінгі адамдар жазған. ЕНдеше олардың өтірік айтуы әптен мүмкін және уәжге келтірген деректерінің бәрі бірдей дәлелді емес, ал көбі кезінде болған адамдарды куәге тартады, ал олар солай болды ма, басқаша айттыма, тек бір Тәңірі ғана біледі.
Пікір алмасу

Кімнен: Елші
13.12.2011 19:35
+0 / -0
Пәкістан елдің оңтүстігінде Карачи қаласына жақын жерде мұсылман медресесінде қамауда отырған 45 баланың табылғанын забарлады. Карачи полициясының басшысы Малак Альтаф олардың жас шамалары әртүрлі екендігін айтады.

Бұлардан бөлек діни сабақ жүргізетін бір адам ұсталған, тағы бірнешеуі қашып кеткен. Медресе басшылары балалардың нашақор болып кеткендігін, сол себепті оларды мұсылман етіп тәрбиелемек болғандарын айтады.

Ұсталған медресе оқушыларының кейбіреулері өздерін азаптағанын және медресе басшылығының өздерін жиһад жүргізетін содыр етіп шығармақ болғандарын айтады. Полиция оларға қатысты тергеу бастап кетті.

Пәкістанда кейбір ислам оқу орындарын исламшыл содырлар дайындап шығарады және экстремистік топтарға қолдау көрсетеді деп айыптайды.
--------------------------------------------
Қазақтардың арасындағы сақалды, хиджабты оқымыстылар мен жанкештілер кезінде өзге елдерде осындай тәрбие алып, естері ауып, санасы улап қалған! Бұрын біреудің інісінің араб елдерінен діни оқу оқып келіп жынды болып кеткенін, кейде есі кіргенде өзін медреседе өте қатал тәрбиелегенін, қараңғы үйде намаз оқумен 3 жыл өткізгенін айтады екен. сол рас болды. Ал осындай жындылар әкелген ұлтымызға қарсы дінсымаққа сенуіміз керек пе, миллион жылдық қазақ дәстүріне сену керек пе? таңдау жасаңдар!
Пікір алмасу

Кімнен: Сұлу төр Қайдан: Алматы
13.12.2011 21:13
+0 / -0
Ара бауырым! Алланың керең, соқыр қылып жаратқан пенделерімен сөз таластырудың қажеті жоқ. Олардың күнәларын Алла кешірсін. Бізге тек қарындастарымыздың оқуын жалғастыруына мүмкіндік туғанына қуану керек. Бейшаралардың пікірін тыңдасаң, имансыздардың соншама азғындағанына таң қаласың...!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.12.2011 11:42
+0 / -0
бәрекелді АРА!!!! көңілің түспесін. Ал мынау жазып отырған өңшең кәпір немелер спецзаказбен жазып отыр ғой!!!
Пікір алмасу

Кімнен: ДАКЕ
15.12.2011 16:59
+0 / -0
АРА саганда АЛЛА разы болсын!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Қара бала Қайдан: Алматы
13.12.2011 14:05
+0 / -0
Қаңғыған бадауидің киімі нені меңзеп тұрсың? Ұзын көйлек киіп, басын орамалмен жауып жүрген әйелдердің барлығы бадауилер сияқты киінеді демекпісің! Орыс, жапон, қытай, қазақ, өзбек, ұйғыр, т.б. ұлттардың ұлттық киімдерін, керек десең батыстықтардың 18-19 ғасырдағы киген киімдерін қара. Ұзын киіп жүргендердің бәрі надан болса, ауылдағы апа-әжелерімізге қара бауырым. Хиджап қазақтың киімі емес десеңдер, сонда қазақтың киімі қандай екендігін көрсетіп, қатындарыңа, қарындастарыңа, қыздарыңа кигізіп көшеде жүріңдерші, монитордың алдында саусақтарыңмен сайрай бермей, осы сайрап жатқандардың біреуі кимейді соның. Бұттарына жабыстырып джинсы киіп жүр көшеде, колына қыстырғаны темекі, онда сол шығар біздің ата-бабаларымыз киген ұлттық киіміміз.

Кімнен: Асылжан
13.12.2011 10:11
+0 / -0
МашАллаһ! Иманжүзді, бастарын орамалмен жапқан, ұзынетекті көйлек киіп, әбүйірін жапқан, қазақтың қыздарынан айналдым. Ал, қысқа иубка киіп, бұтын ашқан, шашын шайтанның шашындай жалбыратқан, кім көрінгенге өзінің асылын ұсынған, қазақтың қыздарына ақыл қонсын. Ол үшін әке-шешеелері тәрбие берсін, егер әке-шешелерінің санасы ашылмаған, таяз адам болса, естияр ағалар мен апалар, діни ұстаздар тәрбие берсін. Иманы мықты қазақ қыздары ешқашанда шетелдің астына бармайды. қазақтың қыздары өзге ұлттық болу, өте ұят, масқара нәрсе! Ондай үшін өзге мұсылман ұлтардың алдында қарабет болып жатамын. Мысалы, өзбек, тәжік, дағыстан, шешен, әзербайжан, түркіміен, түріктердің алдында. Олардың қыздарына үйленбек түгілі, олардың жерінде жүрудің өзі - қауіп, қыздарының бетіне қарауды айтпағанда. Ал енді намысы жоқ, ұлжанды емес дүбараларға бәрібір. Оларға таң атып, кеш батып жатса, ішетін тамағы болса болды. Ол да бір, сиыр да бір, жеу мен тышуды ғана білген.

Кімнен: T Қайдан: Atyrau
13.12.2011 10:20
+0 / -0
Кімнен: m Қайдан: almaty- ga:
sonda kiska kiim kiip , omirauin awip jurgen durispa?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 11:56
+0 / -0
кім айтты хижапты шешіп тастап жалаңаш жүріңдер деп..? Хижап кисе жұмаққа барама?

Кімнен: ара Қайдан: уядан
13.12.2011 10:35
+0 / -0
АЗАТТЫК РАДИОСЫ!!

ОСЫЛАЙ МУСЫЛМАН БАУЫРЛАРЫМЫЗДЫН ПРОБЛЕМАСЫН ШЕШУГЕ КОМЕКТЕCКЕНДЕРIНIЗ УШIН СIЗДЕРГЕ АЛЛАХ РАЗЫ БОЛСЫН!!!!

МУХАММАД ПАЙГАМБАРЫМЫЗДЫН МЫНАНДАЙ КЕРЕМЕТ ХАДИСI БАР:

«Кімде-кім мүмин бауырының дүниедегі қиыншылыктарының біреуінен құткарар болса, Алла оның ахиреттегі қиыншылыктарының біреуінен құткарады. Кімде-кім басына іс түскен адамға қол ұшын беріп ісін жеңілдетер болса, Алла ондай құлдың дүние мен ахиреттегі ісін жеңілдетеді. Кімде-кім мұсылман бауырының қателігі мен күнәсің жасырар болса, Алла да оның құлдың дүние мен ахиреттегі қателігін жасырады. Қандай да бір Алланың құлы дін бауырына жәрдем берсе, Алла да оған жәрдем береді».

(Хадисті Әбу Хурайрадан имам Бухари, имам Муслим риуаят етті.)


Кімнен: Наркескен! Қайдан: Атырау!
13.12.2011 10:55
+0 / -0
Иман хиджап таксан гана пайда болады дегенди ким айтты? Иман жүректе болады! Сенің кай ажен, кай анан хиджап киіп еді? Қазақтың салтында жоқ дүниені қайдан шыгарып аласындар. Абайдын анасы Хиджап киді деп айта аласын ба, Айша бибі мен Домалак анамыз хиджап киді деп айта аласын ба? Алде солардын иманы жок дегің келіп отыр ма? Бұтын ашып жүрген де қазақтың қыздары, олар соның зарын тартып жатыр, бала көтере алмай, туа алмай. Сондықтан арабтан келген қазаққа жат дүнеині жақтауды, мақтауды қойыңыздар. Қап қара болып жамылмай ак, бет жұзіңді кұдайдың жарқыраған күніне сүйгізіп, күйдіріп жүргенге не жетсін.!

Кімнен: кайрат Қайдан: астана
13.12.2011 11:06
+0 / -0
осы адамдар қызық қыздары шешініп бөксесін көрсетіп жүрсе ештене демейді, ал енди журектерине иман кіріп уятты жерлерін жауып жүрсе қарсы болады. кім орамалға қарсы болса ол Аллахқа қарсы болғаны олар жазасын алады

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 11:54
+0 / -0
Қысқа да емес, хижап та емес, қазақ болып қалайықшы!

Кімнен: m
13.12.2011 12:35
+0 / -0
омырауын ашып жүрген қызды көрген жоқпын, бәрі шектен шықпай ақ жүр ғой. Сенім жүректе, киім денеде.

Кімнен: Есенғұл.
13.12.2011 14:03
+0 / -0
Мен сыраханаға анда-санда баратынмын, жолдастарға еріп. Көргенім, 2-3-4 қазақ қыздарынң, келіншектерінің иху-шиху болып, алдарына дәу тостағанмен сыра сіміріп отырғанын көргенде, сыра ұрттауды қойып кеттім. Арасында бұрқытып шылым шегіп қоятынын қайтерсің, пәтшағырлардың, еркектерше. Ойладым, мүмкін осы ақылсыз қыздарға сыра ішуді үйретіп жүрген мына мен-ақылсыз қазақтың жігіті болармын деп. Ана қыздардың қылығына көрші үстелде отырған басқа ұлттардан сонда ұялғаным. Осы ойлаймын, қазақтың қыздарына көлік айдаған да үйлеспейді екен. Қыздар бара-бара жігіттерді қорғайтын қорғаушымыз болып кете ме деп. Олар еркектерден қалыспай келе жатыр ғо. Меніңше, бастарына орамал таққан , бойын жалтыратпайтын қыздар- қазақтың болашақ анасы! Өздерің ойлап қараңдаршы, балаңыздың алдында екі қыз тұр, бірі қысқа юбка киген, шашын милирование жасатқан, беті- алау-далау опа жаққан, құдай білсін, кезінде темекі де тартқан шығар, ішімдік те ішкен шығар. Ал екіншісі бетінде , жүрегінде иманы бар, басы жинақы, киімі ашық-шашық емес, сыпайы, сабырлы, көркем мінезді. Ал қане, балдарыңызға келін таңдайық. Қайсысын таңдайсыз? Вооот, мне, мәселе қайда!
Пікір алмасу

Кімнен: өзің өнеге бол
14.12.2011 14:16
+0 / -0
алдымен өзің ішімдіктен бас тарт, сосын ақылгөйсінесіің

Кімнен: Bek Қайдан: Atyrau
13.12.2011 14:26
+0 / -0
Неге мемлекет басындағылар орамал тартудан қоқады кезінде солардың бәрінің аналарының басында болған жоқ па ақ жаулық, аспаннан түсердей бүгінде билік айтады, бір күні халық көтеріліп бір күнде Ақаев құсап безіп кететін боласыңдар
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 16:08
+0 / -0
себеби бизде 70ке келсе де №1 ханым жаланбас жур.
сосын баска адамдар да солай журуi керек.

НАН: "хиджаб биздин ата-бабаларымыздын киiмi емес" деп жаханга жар салганда алдына жан салмайды, бирак ана 70ке келседе жаланбас журген айелине немесе 30-40ка келген кыздарына: "андагы киiмдерiн казактын улттык киiмi емес" деп бир ауыз соз айтуга жарамайды.
сосын озинин киiп журген киiмiнде шаруасы жок!

Кімнен: гость
13.12.2011 16:07
+0 / -0
Ертең біз христиан дініндегі діншілдер,өз дініміздің киімімен барамыз себебі қазақстан Ислам мемлекеті емес,барлық дінге рұқсат берілген.Қазақ қыздарына үлкен алғыстарымызды білдіреміз.Енді құлшылық жасауғада көмектесер деп үміттенеміз,бары жоғы бір бөлме (екі икона және ағаш крестті өзіміз апарамыз)орыс ұлтының да сұранысын қабылдауларыңызды өтінеміз.ИРА.

Кімнен: Наркескен! Қайдан: Атырау!
13.12.2011 19:24
+0 / -0
Кім не десе о десін. Анамыз бен әжеміз хиджап кигенін көргем жоқ. Мен хиджапқа қарсымын. Бейбіт күнде қара жамылған қазақ қыздарын аяймын! Назарбаевтын айтканы дұрыс! Оратылып, шұбатылып, қап қара болып киінген қыздарды көрсем құсқым келеді.! Солар керім салт сақтағыш болса таза қазақша неге сөйлемейді. Орысша сөйлеп, темекі тартып тұрғандарын талай көрдім. мені АЛЛАмен қорқытпандар, менің иманым жүрегімде, АЛЛА ауызымда! Жалбыраған шүберекте емес!
Пікір алмасу

Кімнен: мен Қайдан: көршіден
13.12.2011 20:00
+0 / -0
бас десе құлақ дейсің наркескен, басың кесілмей аузың жабылмайды екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.12.2011 11:50
+0 / -0
Сенің айтуыңа қарағанда көрініп тұр ғой анаң мен әжең кәпір болғаны

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.12.2011 19:26
+0 / -0
хиджап отайййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййййй

Кімнен: Жаяу Мұса
13.12.2011 20:55
+0 / -0
Басындағы қап-қара хиджабын тастап, қазақшалап орамал таққан қыздың өзі де ажарланып кетіпті. Қара жамылғаннан құдай сақтасын....

Кімнен: Актау
14.12.2011 00:27
+0 / -0
Хиджаб киген, сакал осирген студенттерди ни в школу, нив университет , в госслужбу близко подпускать нельзя.Д там ведь все вахабисты.
Пікір алмасу

Кімнен: айнур Қайдан: алматы
29.12.2011 00:19
+0 / -0
қателесесіз

Кімнен: Ақылды қазақ
14.12.2011 10:27
+0 / -0
Қазақтың қыздарына батысқа еліктеудің қажеті жоқ. Қазақтың қыздары шүлдірлеп орысша, ағылшынша өлең айтқанда құсқым келеді. Басына орамал таққан, үстіне ұзын етекті киім киген қыздар ертеңдері көбейеді, оған менің еш күмәнім жоқ. Менің таң қалатыным, өзге мұсылман ұлт өкілдері, осындайды қатты қолдамаса да, бұған қарсы шықпайды. Ал қазақ деген бұл бір жаратылысы бөлек халық болып тұр. Бешбармақ деген ұлттық тағаымының атына да қарсы шығады, ұлттық биі- қаражорғаны да балағаттайды, енді келіп, қыздары ибалы, сыпайы, мұсылманша киініп, ертеңдері жақсы үлгілі ана болуға даярланса, қарсы болады. Мұндай ақылсыз ұлтты бірінші көруім. Ана дағыстан, шешендерден үлгі алайық. Олар қыздарын қымтап киіндіріп қояды. Олардың қыздарына сөз айтудың өзіне ұяласың. ал біздің жалаңгөт қыздырымыз бәріне қолжетімді болып тұр. Соны ойлаңдар, топас, мәңгүрт, аңқау, шорқақ халқым.

Кімнен: aleke Қайдан: kz
15.12.2011 00:46
+0 / -0
kuranda hijab dep aitilmagan bauirima aitarim: svarwiktin bilimimen medicina jaily soilegendei boldin goi. Uialmaisindarma, olar ozderi biledi ne kietinin, al sol hijab kigen kizdar senderden min ese sauatti, sender tek kazak oris tilin mengergensinder ari ketse agilwinin bar tagi al olar Abai atamiz koldangan alippeni jetik biledi, elimizge janin awisa oz karindasindi jonde, texerip kor ar kiwkentai kiz bolsin kuni tuni erkektermen agentte otiradi, kietin tiriskan, boxesinin razmerin korsetetin kiim. men wet elde bilim alamin, munda kazak kizdari abiroisiz mulde, bir bir negir koininda jureedi, al sendei dubara bala ogan karap: tam Marjanka s etim 4ernym dvigaetsia dep tura beredi, namisi jok boinda, al birak menin baikaganim hijab kigen sanauli kizdar mulde ondai emes, tip tiniw, sabagi orninda, jane ewkim olar turali jaman aitpaidi munda.manirap soilei bermei, oz isterinmen ainalisindar, senderdei katigez adamdardin mazaginan korikpai HIJAB kigen kazak kizdari bul kogamdi ulken jetistekterge jeteleidi dep oilaimin.
Пікір алмасу

Кімнен: Гүлекен Қайдан: қазақстан
10.01.2012 00:52
+0 / -0
Проректор ханым өзі ұрғашыға ұқсамайды ғой,еркек қой ей өзінің пошымы.Ей бетбақ қыздар Құран туралы уағыз айту сендердің не теңдерің.Өздерің күнделікті әуреттерінді жуасыңдар ма?Жоқ жумайсыңдар. Енді келіп сауатсыздықтарынды көрсетіп отырсындар.Не шаруаң бар ол қыздарда. Олар сендерден өте жоғары,ата бабамыздан келе жатқан ілімді,дәстүрді,мәдениетті қазіргі заман талабына қарай жалғастырып келеді.Олар Құран тәртібімен жүрген иманы күшті жандар біле білсеңдер. Қай Құранда жазылыпты тек әуретті жерлерің жабық тұрсын деп?Құранда бетіңмен қолыңнан басқа жердерің жабық болу керек делінген. Ал сендер ашық шашық стриптиз шоу көрсетіп,ішіп тышып жүре беріңдер. Болашақта еркектерде сендерден жалығар. осыны ұғындар,ханшайымдар!Алланың жолында жүрген қыздарға тілейтінім жұмақтың төріңде АЛЛА орын берсің сендерге аумин
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі