Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:35

САЯСАТ

"Қарсылық жиынына" қатысты қамалғандар аштық жариялады

Ақпанның 25-і Алматыдағы Абай ескерткіші маңындағы "Қарсылық жиынына" бірнеше жүз адам жиналды. Сөйлеушілер президент Назарбаевтың атына түрлі сын айтып, пікірлерін өлеңмен жеткізіп жатты. Полиция бірқатар белсенділерді қамауға алды.

«Қарсылық күні» өткен жиын

Мәтін көлемі - +

Бұл жолы полиция күштері Абай ескерткішінің түбімен қоса сол маңдағы алаңқайды да темір шарбақтармен қоршап тастады. Жиын тротуар жиегінде өтті. Жиынның соңына қарай үстеріне оқ өткізбейтін киім киген полиция жасағы жиналғандарды шеңберлене қоршап, жан-жағынан барынша тарылтуға тырысты.

Полиция шеңбер ішіне жиынға жаңадан келген елді кіргізбеуге тырысты. Жиынға келгендердің кейбірі шеңбер сыртында, көшенің қарсы бетінде жиналып тұрды.

ОППОЗИЦИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МИТИНГІГЕ ДЕЙІН-АҚ ҰСТАЛДЫ

Шеру басталардан бір сағат бұрын Азаттық радиосына ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай қамауға алынғаны туралы хабар келіп түсті. Ол бүгін Алматыда Абай ескерткіші түбінде өтетін «Қарсылық жиынына» қатыспақшы болатын.

Бұл турасында Азаттыққа ЖСДП өкілдері хабарлады. Тұяқбайды полиция үйінен келіп ұстап алып кеткен. Азаттық тілшісі хабарласқанда, ол әзірге полиция тарапынан қандай да бір талап қойылмағанын айтқан еді.

"Қарсылық жиыны" тарқағанда полиция қайтуға асықты. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиыны" тарқағанда полиция қайтуға асықты. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
​​
Осы хабардың ізінше «Общественная позиция» газеті бас редакторының орынбасары  Бақытгүл Мәкімбайды да полиция үйінен ұстап әкеткені туралы ақпарат жетті. Азаттық тілшісіне Бақытгүл Мәкімбай да өзінің Медеу аудандық ішкі істер бөлімінде отырғанын, не үшін ұсталғанын түсінбейтінін айтып берді. 

Азаттық тілшілері «Қарсылық жиыны» өтетін жер ретінде хабарланған Алматыдағы Абай және Достық даңғылдарының қиылысындағы Абай ескерткішінің төңірегіне жеткенде жиналған халықтың ұйымдастырушыларды күтіп тұрғанын көрді. Өткен жиында Абай ескерткішінің айналасы темір торлармен қоршалса, бұл жолы жиын өткізуге біршама қолайлы «Қазақстан» қонақ үйінің жаны да темір торлармен қоршалыпты. Достық даңғылы бойындағы тротуар шетінде жағалай сап түзеп тұрған полиция қызметкерлері «қарсылық жиынын» өткізуге ыңғайлы тұстың барлығын жауып тастағаны белгілі болды.  

Жиналған жұртшылық жиынды ұйымдастырушы белсенділерді полиция біртіндеп алып кетіп жатқанын айтып тұрғанда іле-шала қоғамдық белсенділердің бірі Ризада Жақыпбекті бір топ полиция қызметкерлері автобусқа күштеп салып жатқанын көрдік. Жиналғандар жаппай «Позор! Позор!» деп айғалап тұрып алды. Белсендінің ұсталуына наразылық білдірген бір топ адам онымен ілесе кетті. Арада 15-20 минуттан соң босатылған Ризада Жақыпбек жұртшылыққа қайта оралды.  

Жиынды ұйымдастырушы белсенділердің жоқтығына байланысты жиналған жұртшылық тротуар шетінде бос орындарға топтасып тұра бастады. Жұртшылықтың қарасы уақыт өткен сайын көбейе берді. Басқа жиындардағыдай емес бұл жолы микрофон да, мінбер де болмағандықтан олар әр жерден дауыс көтеріп айғайлай бастады.
"Қарсылық жиынына" қатысуға келгендердің бір тобы. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиынына" қатысуға келгендердің бір тобы. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
​​
Арасынан суырылып шыққан кейбіреулері билікке наразылығын білдіріп, микрофонсыз-ақ қатты айғайлап сөйлеуге көшті. «Бұлай өмір сүруге болмайды, өзгеріс керек» деген ұрандарды басқа жұртшылық та іле кетіп, «Өзгеріс! Өзгеріс!» деп дауыс көтерді. 

«ҚҰТҚАРАМЫЗ БА, ЖОҚ ПА?»

Осы кезде Ризада Жақыпбек жұрт назарын аударып, полицияның таңертең ЖСДП жетекшілерін жаппай қамауға алғанын, бірақ жұртттың бәрін қамап тастай алмайтынын жеткізді. Ол Желтоқсан оқиғасынан Жаңаөзен оқиғасына дейін елдегі саяси оқиғалардың бәрін тізе келе, «қашанғы ұйықтай береміз?» деген сауал тастады.

Сонымен қатар Ризада Жақып пен тағы да басқа шығып сөйлеген жұртшылық өкілдері «қамауға алынған белсенділерді босатсын деп талап қойып, Медеу аудандық ішкі істер бөліміне барайық» деген ұсыныс тастаған еді. Көпшілік бұл ұсынысты қолдап  жатты.
"Қарсылық жиынында" сөйлеп тұрған Ризада Жақыпбек. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиынында" сөйлеп тұрған Ризада Жақыпбек. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
​​
Дәл осы кезде жиналғандар арасына келген «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай сөз алды. Танымал белсенділерден ешкімді көре алмай тұрған жұртшылықтың Рысбек Сәрсенбай келгенде серпіліп қалғаны байқалды.

- Бүгін митингі өтуі керек еді. Сіздер соған жиналдыңыздар. Бірақ митингіні ұйымдастыратын, өткізетін азаматтардың барлығын - Болат Әбілевті, Жармахан Тұяқбайды, Әміржан Қосановты, Әмірбек Тоғысовты, Ермұрат Бапиді, тағы басқаларын ішкі істер бөліміне алып кетті.  Ондағы мақсаттары - митинг өтпесін дегені. Бірақ осы жиналғандарыңыздың өзі митингі! - деді ол.

Рысбек Сәрсенбай сонымен қатар Жаңаөзенге барған қоғамдық комиссия жұмысын айта келе, «билік Жаңаөзендегі қылмысының ашылып қалуынан қорыққандықтан жиын өткізуге рұқсат бермей отыр», «аудандық ішкі істер бөліміне шеру жасап барудың қажеті жоқ, билік оларды онсыз да босатады, бізге Болат Әбілевтердің өзі осылай деп хабарлады» деп тоқтады. Осылайша «Медеу аудандық ішкі істер бөліміне бару, бармау мәселесі» шығып сөйлегендер мен жиналғандарды екіұдай қылып қойды.       

Қайта сөйлеген Ризада Жақыпбек қоғамдық белсенділерді қазір барып алып кетпесек, оларды тағы да қамап тастауы мүмкін деген еді. Ал Рысбек Сәрсенбай болса «егер билік аталған адамдарды тағы да соттап, түрмеге отырғызатын болса онда біз мемлекетке бағынбау жөнінде әрекет жасайтынымызды ескертеміз! Қазір ешқандай заңбұзушылық болмасын, арандап қалмайық!» деген ұран тастады.  
"Қарсылық жиынына" келгендерді бақылап тұрған полиция. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиынына" келгендерді бақылап тұрған полиция. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
​​
Алайда топ арасынан «қашанғы ескерте береміз, ескертіп болдық қой» деген айғайлар естілді.  Ақыры жұртшылық полиция тұтқындалғандарды сағат 2-ге дейін босатсын, әйтпесе осы жерден кетпейміз не болмаса сонда барамыз деп уағдаласты.

Осыдан кейін «Азат» ЖСДП мүшесі Болат Әбішев, «Азат» ЖСДП-ның мүшесі Совет одағының батыры Николай Кремениш, тағы да басқа еріктілер кезекпен сөйлеп, «Шындық біздің жақта, біз жеңеміз» деп жатты.

Бүгінгі жиында жұртшылық арасынан өздігінен ортаға шығып сөйлеушілер көп болды. Қолдарында дауыс күшейткіштері болмаса да, бар дауысымен айғайлап сөйлегендерді ізінше полиция сүйретіп апарып, көліктеріне салып әкетті.

«Назарбаев кет!» деген тағы бір шешенді сөзін аяқтамай-ақ жұрт алдынан СОБР жасағы сүйреп алып кетті.  

«АЙТШЫ, ҚАНЕ, НҰРСҰЛТАН!»

Сөйлеушілер тізімі алдын ала бекітілмеген жиында бұрын көпшілікке аса таныла қоймаған адамдар да бой көрсетті. Әсіресе өзін Оқап Мұқажанұлы деп таныстырған ақынның «Айтшы, қане Нұрсұлтан!» деген өлеңін жұртшылық айрықша ықыласпен тыңдап, қайта қайта қошеметтеп тұрды. 

"Қарсылық жиынындағы" Оқап Мұқажанұлының өлеңін тыңдаңыздар

Жіңішке темір шарбақтың үстіне шығып, жан-жағындағы адамдардың сүйемелдеуімен тұрған Оқап Мұқажанұлы:

Ей, Нұрсұлтан, Нұрсұлтан,
Бар байлығын қазақтың ашып беріп жатырсың,
Үстемесін алам деп шашып беріп жатырсың,
Шетелдердің мусорын тасып беріп жатырсың,
Өлілерді тірілтіп, тірілерді өлтіріп,
Асын беріп жатырсың,
Алашағын қазақтың қайда беріп жатырсың?
Қайыр сұрап қазақ жүр,
Неге көрмей жатырсың?
Төбеде тұрып хан ием,
Төмен жақты білмейсің
Көреген болса көзіңіз
Мұны неғып неге көрмейсіз?
Шығып алып биікке,
Сай саланы білмейсіз!
Байға беріп билікті,
Кедейлерге өл дейсіз!,-деп басталатын өлеңі:

Кетсе кетер жұмыр бас,
Тілімді менің кеспессіз
Арзан адам емессіз,
Арыңа сіздің тимеймін
Айтшы, қане, Нұрсұлтан
Еліме неге күймеймін?
Осындай болса қоғамым,
Сүймеймін-ау, сүймеймін!-деп аяқталғанда жиналғандар ақынға ризашылықтарын білдірді. Оқап Мұқажанұлы мұнан кейін тағы да шығып сөйлеп, Махамбеттің өлеңін оқыды да, Қазақстан президентіне арнаған сыни өлеңін жыр мақамына салып айтты.
"Қарсылық жиынына" қатысушылардың бірі сөйлеп тұр. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиынына" қатысушылардың бірі сөйлеп тұр. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
​​
Ұйымдастырушылары жоқ болса да, тарамай тұрып алған көпшілікті полиция күштері түрлі әдістер қолданып топ-топқа бөліп тастап жатқаны байқалды. Полиция жетекшілері телефон арқылы сөйлегендерді қалай тұтқындау жөнінде нұсқау беріп жатқаны естіліп тұрды.

Бөлініп кеткен жиын арасында сөйлеушілер сонда да тоқтаған жоқ. Қоғамдық белсенді Инга Иманбай бастаған тағы да бірқатар белсенді жастар шығып, биліктің әрекетіне наразылықтарын білдірді.
 
Жиын соңына қарай жұртшылық ақыры Медеу аудандық ішкі істер бөліміне әкетілгендерді шығарып алу үшін топ болып орнынан қозғалған еді. Бірақ сақадай-сай тұрған полиция күштері оларды ұзаққа жібермей, жолдарына шеп құрап тосқауыл қойды да бастаушыларын полиция көлігіне күштеп салып әкетті.
   
«ЖИЫНДЫ КІМ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ?»


Азаттық радиосының тілшісі осы жиын кезінде «Азат» ЖСДП-ның мүшесі бұрынғы парламент мәжілісінің депутаты Болат Әбішевті сөзге тартқан еді.
"Қарсылық жиынынан" көрініс. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиынынан" көрініс. Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
​​
Болат Әбішев партия жетекшілерінің ішкі істер бөліміне не себептен әкетілгенін түсіне алмай тұрғанын жеткізді. Өйткені бұл жиынды ұйымдастырушы «Азат» партиясы емес, қоғамдық ұйымдар болатын. Егер «Азат» партиясы ұйымдастырса, онда партияны жауып тастауға дейін баруы мүмкін болғадықтан бұл жиынды ұйымдастыруды қоғамдық ұйымдар мойнына алған еді,- дейді ол.   

Жиын аяқталғаннан кейін де Азаттық радиосына «жиында сөйлегендерді жолдан ұстап алып кетіп жатыр» деген хабарлар түсті. Сонымен қатар «Азат» ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбайды да полиция үш жарым сағат ұстап, ескерту беріп босатқаны туралы ақпарат келді.

«Сенбі күні Алматыдағы жиынды өткізуге еркін ойлы азаматтардың өздері мұрындық болды, билік рұқсат етілмеген жиынды ұйымдастырушы деп ЖСДП-ға кінә тақпақшы, біз онымен келіспейміз» деді Жармахан Тұяқбай Азаттық радиосына берген сұқбатында. 
 
Ал Әміржан Қосанов, Болат Әбілев, Бақытжан Төреғожина, Ермұрат Бапи және Бақыткүл Мәкімбайлардың Алматының әкімшілік ауданаралық сотында отырғаны белгілі болды. Осы ақпарат жазылып болған кезде «Азат» ЖСДП баспасөз қызметі Болат Әбілев пен Әміржан Қосановты 15 тәулікке қамауға алу, қалған үшеуіне 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу жөнінде сот шешімі шықққанын хабарлады.

Болат Әбілев пен Әміржан Қосанов сот шешіміне наразылық ретінде аштық жариялағанын және жиын кезінде ұсталған тағы да 30 қаралы адамның үстінен сот процесі жүріп жатқанын хабарлады.

Осымен қарсылық шеруі екінші рет өтіп отыр. Бұған дейін қаңтардың 28-інде өткен митингіге мыңға жуық адам келген еді. Онда жиналғандар сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, Жаңаөзендегі полиция күштерінің оқ атуын айыптаған болатын.

Шеруде сөйлегендер тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловты, «Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявскийді, қоғамдық белсенділер Серік Сапарғали мен Айжангүл Әмірованы, Болат Атабаевты заңсыз қудалауды тоқтатуды талап етті.

"Қарсылық жиынына" қатысушылар сөз сөйлеп тұр, Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
x
"Қарсылық жиынына" қатысушылар сөз сөйлеп тұр, Алматы, 25 ақпан, 2012 жыл.
​​
Алдыңғы шеруде «Кедендік одаққа қарсымыз, авторитарлы Путин мен Лукашенколармен бірге өмір сүргіміз келмейді», «Ел тағдырын бір адам емес халықтың өзі шешсін», «90-шы жылдары жекешелендірілген ірі кәсіпорындар мемлекетке қайтарылсын», «Жаңаөзендегі қарапайым халыққа оқ ату – қылмыстың қылмысы» Қаншама халықты қырғызып қойып қарап отырмайық» деген ұрандар көтерілген еді. Қаңтардың 28-інде өткен алғашқы қарсылық шеруі тыныш аяқталғанымен, оппозицияның кейбір жетекшілері әкімшілік жауапқа тартылды.

Алматыда ақпанның 25-і күні өткен жиынның толық видеосы:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 21:29
+0 / -0
пора измениться
Пікір алмасу

Кімнен: Asem Zh Қайдан: атырау облысы
17.03.2012 23:29
+0 / -0
Казағым не деген шу мынау,еліміз тыныш болсын десек мынадай метингіні доғарыңыздар!Сіздердікі дұрыс емес. Осы уақытқа дейін Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев атамыз арқылы тыныштықта омір сүріп,сол кисинин арқасында адам болдық. Назарбаевты қумаңыздар,қазақтың басшысын қуған оңбас!

Кімнен: есалаңдар елі Қайдан: қырсықстан
25.02.2012 21:38
+0 / -0
Осыдан құдай бар, алда-жалда жолымда жаны қиналып жанталасып бір полицай жатса қашан жантәсілім еткенше бет жүзіне рахаттана қарап тұрар едім.
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: өзен
27.02.2012 13:39
+0 / -0
Алға Алматы қаласы.ОЯНЫНдар.Бірак келесі митингіні неге тағы 1 айға созып жібердініздер.апта сайын жасауға болмайма.Сонда НАНнын к**і туседі ғо.АЛҒА ҚАЗАҚТАР

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
25.02.2012 21:57
+0 / -0
Алматының халқы басқа қалалардың адамдарынан бір төбе жоғары тұрады ғой. Жарайсыңдар! Халық біріксе - үлкен күш болады, БИЛІК соны біліп, қорқып отырған екен ғой! Билік халықтан өлердей қорқады! Бірігейік; ағайын!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 22:10
+0 / -0
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым! Халықты қорлағандардың жазасын халық беретін болады!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
25.02.2012 22:11
+0 / -0


Әй Назарбаев, осы сенің бар ғой Қазақ елінде сіркедей де салмағың қалмады. Еш болмаса шыбындай да ұша алмайсың еркін. Өзің де бүгін бұғынып алып, ана күш құрылымдары бастықтарын әр жарты сағат «отчет» алып отырған боларсың, «не болып жатыр» деп? Олардың бәрі де «тамаша, алаңға адам шықпады еш» дегеннен арыға бармай отырғанын да түсінемін. Бірақ есіңде болсын сенің күнің бітуе жақын. Сол алаңға студент жастар көп келіпті деп есітіп те жатырмын, көрдім де. Сенің шөбереңдей болып келетін бір жап-жас студент «Қазір біздің елде демократия тұрмақ, сөз бостандығын былай алып қарағанда ой бостандығы да болмай отыр» дегені саған қаратылап атылған оқтың басы.

Міне сол жандайшаптарың бүгін қаншама еркін ойлы азаматтарды апарып қамағанмен ертең ана саған «Назарбаев КЕТ» деген идеяның авторы Ермек Нарымбаев сияқты қоғамға қайта оралатыны есіңде болсын! Айтпақшы бүгін де саған қарата айтылған «Назарбаев КЕТ» деген екпінді сөздер аз болған да жоқ!

Сонау 1991 жылдың басында-ақ сенің ойыңды түсінген азат ойлы қазақтар жиылып дар ағашын егіп қойғанын сен мүмкін білерсің, мүмкін білмессің? Бірақ сол дар ағашы қазір кемеліне келіп діңгегін мықтап алған деп те есіттім. Сенен бастап бүкіл жүйені «ұстап» тұрғандардың бәрін де салақтаған бойларыңды тегіс көтеретін жағдайда дейді. Сен ойлама шет ел асып қашамын деп. Сені қазір еш ел билігі жақтырмайды біріншіден. Екіншіден сол шет елде біраз уақыттан бері бой тасаласа да бойларын сонда жүріп үйретіп алған Мұхтар Әблязов болсын, бұрынғы күйеу балаң болсын, мейлі Қажыгелдин болсын сені көп бостандықта жүруіңе кедергі болары сөзссіз!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.02.2012 23:30
+0 / -0
Кплус телеарнасында біраз шындықтар көрсетіліпті. Еліміз халқы енді күн жылынған сайын биліктің маңын шаңдата беретін түрі бар. Мұның соңы Елбасының биліктен ерте қоштасып, Ұлтшыл қазақты билікке шығаруға апаратыны сөзсіз. Енді қазақтың тағдыры қазақтың өз қолында. Енді Қазақстан жолын қазақтың өзі таңдайды.

http://www.youtube.com/user/kplustvkaz#p/u/3/HbRyAt9PkQg
Пікір алмасу

Кімнен: мен де бір арыстың ұрпағы Қайдан: 3 арыс елінен
26.02.2012 00:56
+0 / -0
Арыс көке сіздің комменттеріңізді іздеп оқып отырамыз бұл қарғыс атқыр билікке не істеуге болады 10 жыл болды соттан сот қоймай өз жеке мүлігімді қайтарып ала алмай жүргеніме нәзік әйел заты болсамда ақ моласына дейін бардым шырылдап селт еткен тірі жан болсайшы тек қолымнан келгені ақ ордасына қарап көз жасымды көл қылып е Алла бар болсаң оныңда қыздары мендей болсын жесірлік қамытын кисін деп тіледім көпке ұзаған жоқ.....
Пікір алмасу

Кімнен: тағы да мен ғой
26.02.2012 03:32
+0 / -0
енді жолым түсіп бара қалсам ақ молаға, ақ ордаға қарап енді бір рет бар қазақтың лағнетін сондағыдай қып төгіп төгіп қайтсам шіркін! мүмкін орындалар арман? әйтпесе мына билік ананың зары мен бала көз жасына қарамайды ... мынау емеспе менттерді өз халқына айдап қойғаны? бұларда гестапо құсап дайын тұр...шаршаған тәңірісін қарғайды дейді ғой, менің бұл билікке қарғыстан басқа тілерім жоқ ! ,бұл биліктің ұлы қызы біздей болып зарласынІ оларда соттан да оттанда әділет көрмесінІ барлық аналар атынан әуминІ

Кімнен: АсауТАРПАҢ
25.02.2012 22:48
+0 / -0
Ұлтымыз ояныпты! Есін жиыпты! Енді оны ешкім тоқтата алмайды!

Кімнен: сәмет-әшірбек
25.02.2012 23:05
+0 / -0
Билік осылай соттай берем қамай берем деп қорқытып жұртты ашындырып жатыр, қорқа қорқа қоян да батыр болады деген бар, егер шын сексен адам РОВД да қамалып отырса бұл онда прогресс. Бұрын соңды елімізде бұндай болмаған, әлі де шығады қамалатындар, сотталатындар, бұл әлдененің басы болу керек. Митингке шығып жатқан адамдардың полиция сағын сындырып жатқан жоқ керісінше оларға күш беріп олардан батыр жасап отыр. Жер қарайып күн жылынсын митингтің көкесін сонда көресіңдер. Ол кезге дейін жұрттың бойын штрафқа да, сотқа да, он бес сөтке каталажкаға да үйретіп тастайды өздері ақ.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
26.02.2012 10:29
+0 / -0
Қамалған адамның көбеюі прогресс. 80 адам болса, одан да көп болса,жақсы, түрмелерінде орын жете ме екен, бәрімізге, аш қоймайтын шығар, тамақ тауып бере алатын болар.
Мен бұл биліктің осал жерін таптым. Митингке шыққан бәріміз 15 күнге жатуға тырысуымыз керек, билік сонда қаржылай діңкесі құриды. Ана менттерге айлығын бере алмаса, ол менттер де бұлай жүгірмес еді.
Сосын, бұл халық сайламаған, халыққа оқ атып қырған биліктің сотына бағынбау керек, салған айыппұлдарын мойындамау керек,яғни төлемеу керек. Егер осының бәрін бәріміз бір адамдай қолдап, жасасақ ,билік сәмсірей бастайды.
Біздің күшіміз- біздің олардан анағұрлым көптігіміз. Соны пайдалануымыз керек. Оған күмән келтірмеңіз, Алматыда тек 3000 адам шықты ғой деп, халық қарап отыр, шыққан адамның санының өсіп келе жатырғанын көріп отыр, 10000 болғанда, олардың барлығы шығады, сонда көреміз менттердің түрлерін. Бүгін олар митингіге шыққан адамнан көп болды, сосын батыл қимылдады, ал адам бұдан 2-3 есе көп болғанда ,басқаша болатын еді.
Жалпы, прогресс бар, күн жылынған сайын, халық та көбейеді. Ақылдасып пішкен тон келте болмас деген. Ақылдасып, кеңесіп жасайық.

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
25.02.2012 23:42
+0 / -0
мына сорлы жендедтерай өз елін неше жыл артқа тартып сүиреп тығып жатқанын білмедіғои бүгі күнді оилайды ертең не деп ұрпақтарыңа жауап бересіңдер итке бір сүиек қарыз боп құл боп көздері жәутеңдеп қарағанда көздерінен мөлт мөлт жас тамып өзін ҚАЗАҚ болып туылғанына өкініп қарағанда

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.02.2012 00:37
+0 / -0
Азат ойлы алматылықтарға еш уақытта да оқ ата алмайсыңдар!
Алға, Алматы!
Қазақтың жүрегі мен жаны Сен!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.02.2012 02:40
+0 / -0
қарсылық білдіру үшін кінәлілерден саған қарсылық білдірмекшімін, рұқсат ет деп сұрап алу керек екен! Қазақстан заңдары абсурд.

Кімнен: Ағлен Қайдан: Атырау
26.02.2012 01:12
+0 / -0
Иә, ақсарбас!!! Бас алға, ҚАЗАҚТАР!!! Бер жазасын қалтырап отырған қуыскеуде, мәңгүрт қылмыскер биліктің!!!

Кімнен: Адай Сарбазы Қайдан: Маңғыстау
26.02.2012 11:01
+0 / -0
Дұрыс екен , бірақ ана кісі айғайлар барын салып жатқанда , ешкілер ұстап әкетті соны неге жабылып тұрып құтқарып алмадыңдар алматылықтар! Ұйымшыл болуларың керек! Сондай адамдарды ұстап акете берсе көш бастайтын ереуілші қалмайды, Қызмет сақшылардан қорпаңдар, Қолдау мен Маңғыстау Ақтау Жаңаөзен
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.02.2012 13:55
+0 / -0
Мухтар Шаханов агамыз кайда коринбейди гой

Кімнен: братан Қайдан: қазақ елінен
26.02.2012 12:20
+0 / -0
ВОРсултан ПОЗОРбаев кет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

Кімнен: Тілеген
26.02.2012 13:21
+0 / -0
«Батыс Еуропа Батыс Қытай» автодәлізін салып жатқан қосалқы мердігер «АБД Сервис» серіктестігінің жұмысшылары 5 айдан бері жалақыларын алмаған. Шыдамы таусылған жұмысшылар 2 күннен бері жұмысқа шықпай отыр.
Бес ай бойы төзімді сарқып, шыдамды тауысқан компанияға жұмысшылардың өкпелері қара қазандай.
ЖАНТӨРЕ ЖҰМАҚАНОВ:
- Бес ай болды дұрыс ақша алмағанымызға. Мысалы менің келіншегім екіқабат.
ДАЙРАБАЕЙ ТАҢҚАЕВ, ЖҰМЫСШЫ:
-Үйде жалғыз шешем бар. Пенсионер. Қызым бар.
Тиісті жалақыларын алмағанмен қоса, өздерімен бірге ала келген көрпелерін жерге жая салып, жұмысшылар аядай бөлмеде отызы айқасып жатыр. Кей күндері қара нанға зар болатын кездер көп дейді олар ашынып.
ҚАЙРАТ АЙНАБЕКОВ, ЖҰМЫСШЫ :
- Арызымыздың соңында үш күнге дейін мәселе қаралмасы біз аштық жариялап.
АХМЕДИЯР АСЫЛБЕКОВ, ЖҰМЫСШЫ:
- Менің төрт бала-шағам бар.
ЕРЕЖЕП ОРАЗБАЕВ, ЖҰМЫСШЫ:
- Жұмысқа келгенде талап етеді. 27 тоннадан кем болса 5 мың штраф дейді.
Төзімдері таусылған жұмысшылар амалын тауып біздің телеарнаға шағымдарын айта келген. Түсіру тобымыз мән-жайды білуге барғанда басшалардың бірін де жолықтыра алмады. Олар Алматы асып кетіпті. Орнында қалған жетекші бетін жасырып алып, мардымды жауап беруге де жарамады.
Бес айдан бері теңге көрмегендер облыс орталығындағыларға барып шағымданайын десе жетер қаражаттары жоқ. Тіпті күнделікті тұтынатын заттарын жақын маңдағы дүкеннен төлқұжаттары мен ұялы телефондарын кепілге тастап қарызға алып отыр.
ДҮКЕНШІ:
- Жұмысшылар бізге жиі келеді. Паспортын тастап кетеді. Соды, сабын алып кетеді, носки алып кетеді. Сотка береді, паспорт тастайды Жағдайларын айтады.
Жарты жыл күтіп жол төсеп жатқан жұмысшылар сабырымыз таусылды дейді. Олар 5 айдағы жалақыларын толық беруін талап етуде. Алдамшы мекемеден ақшаларын алған бетте, жұмысты тастап ауылдарына қайтпақ.

Кімнен: 31
26.02.2012 13:22
+0 / -0
Қазақстан Президентінің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Мұхтар Әбләзовті "біздің заманның ең үлкен қаржы алаяқтарының бірі, нағыз аферист әрі мемлекеттік қылмыскер" деп атады. Оның айтуынша, Әбләзов қаржыландырып отырған "Республика", "Взгляд" газеттері мен "К+" және "Стантв" телеарналары ақпараттық терроризм және экстремизммен айналысады. Ертісбаев "Литер" газетіне берген сұхбатында "Әбләзов Жаңаөзен толқулары басталғанда, мұнайшыларға мемлекеттік органдарды басып алыңдар!" деп ұран тастады дейді. Саяси кеңесшінің айтуынша, бұл ұрандарды оның газеттері мен телеарналары іліп әкеткен. Өйткені, олардың мақсаты - Қазақстанның саяси жүйесін түрлі-түсті революциялар арқылы өзгерту, - дейді ол. Ал, Қазақстан оппозициясының серкесі ретінде Ертісбаев Серікболсын Әбілдин мен Жармахан Тұяқбайды атаған.

Кімнен: Жасулан Қайдан: Алматы
26.02.2012 14:25
+0 / -0
Қазақтығымызды митинг жасап жүріп аз да болса баға жетпес байлығымыз халқымызға зиянымызды тигізіп алмайық ағайындар. бұл бір саяси ойын және тұзақ бұлай шулап шағымданғаннан шаңнан басқа ештене шықпас. шет жақ елдер өз пайдасын көреді бұл шудан. бізге бейбітшілік қымбат. әділетсіздер өз жазасын алады.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: Жанаозен
26.02.2012 15:38
+0 / -0
башылыкка окпелi адамдар тып тыныш суттеи уиып отырган елдi оиран кылдындар адаи адай деп ендi болды алматынын кангыбастары билiке барсандар милi бармасандар милi сендерден дым шыкпайды жаксы болды усталгандарын озендегi болган жагдайдын обалы жибермеидi сендердI олiн арандатушы иттер олiн турмеде iштерiеде призиденке лаиыктыларын барма озендi азгырып билiкке келгiлерiн келгенiн бiлдiк келерсiНдер
Пікір алмасу

Кімнен: Бәрібір танымайсың Қайдан: Іздеп тауып ал!
26.02.2012 16:15
+0 / -0
Бауырым, Нағыз қазақты уайымдасаң дәл бұлай айтпас едің, алған 25 мың теңгең неге жетеді. Бұлай қазақтар шуламаса әлі күнге дейін орыстың отарында, ленин біздің бабамыз деп, тәуелсіздігі жоқ, сорлы қазақ болып жүрер едік. Бейбітшілік керек деген сөзің де саяси ойын, оданды жабылып "шалды", қасында жүрген нөкерлерінің барінің орнын ауыстырып, орындарына тек тура сен секілді құдайдан қорқатын намазхан "мен" деген жігіттерді отырғызу керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.02.2012 16:40
+0 / -0
Мына билік артық қылам деп тыртық қылды.
Митингке келетін адамдардың "басын" қырқып тастасақ, халық не істерге білмей, өз өзінен тарап кетеді деп ойлады.
Ол тіпті керісінше болып, басшысыз қалған жұрт ішіндегі улы запыранды құсты!
Ойына келген сөздерді еркін төкті!
Енді болмаса, халық апырып-жапырып көшеге лықсып төгілер еді. Шақ қалды.
Наурызда күн де жылына бастайды...

Кімнен: Бахытжан
26.02.2012 17:49
+0 / -0
НАН сен егерде ақымақтардың Әлем чемпионнаты болатын болса сен екінші орын аласың өиткені сен ақымақсың сондада бірнші орын саған жоқ
Пікір алмасу

Кімнен: Медет Байзақов Қайдан: Торғай
26.02.2012 19:49
+0 / -0
Уа Жаратқан! Тілегін бер қазақтың,
Бұғауланған,астында қап азаптың.
Кінәлілер тартсын,бүгін жазасын,
Басымызға бер Жаратқан азат күн?

Мың өліп те,мың тірілген қазақпын,
Әрине мен сөзім еркін азатпын!
Нұрсұлтандай,биледі елді бір сұлтан,
Бар құқығын таптап жерге Қазақтың?

Әділдік қайда,шындық қайда,заң қайда?
Сұмырайлар кедергісіз самғайма?
Еу Дөңкейлер бізге де бір қараңдар,
Қол ұшыңды соза бермей шалғайға?

Абылай қайда,үш биім қайда кешегі?
Қазақ дауын шешкен әділ нешелі.
Бақа шаян болған баба ұрпағы,
Құлагерлер қалған озып есегі?

Тарқамай тұр,мұз боп қатқан жұртта мұң,
Білмейді ел қайда барып ықтарын?
Ел қырылып жатқан кезде осылай,
Төрде отырып шалқаймақпа мұрттарың?
Елге қарсы шығып жатқан оңбаған,
Милиция деген собр қырттарың.
Жатқанымша сенің қара түрмеңде,
Келеді менің қолыма у ап ұрттағым.
Еу Нұрсылтан неге,неге жауап бер,
Қаламайсың ел шеруге шыққанын?
Халық шықса ашылама артыңыз,
Мен осының,қыр сырын да ұқпадым?
Қандастарым оққа атылып жатқанда,
Қаламаймын елдің бүгіп,бұққанын?

Оян қазақ!Ойлан Қазақ!Алашым?
Сен мен үшін,бәріненде дарасың?
Тізгініңді өзің ұста,ел болып,
Болашаққа Нұрекеңсіз барасың?????????????????
Пікір алмасу

Кімнен: казак азаматы Қайдан: Атыраудан
26.02.2012 20:04
+0 / -0
курметті азаттык. Осы болган митингні соткага жазуга бола ма, болса калай жазамыз,
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
27.02.2012 04:29
+0 / -0
Құрметті казак азаматы,

Азаттық тілшілері түсірген видеоларды интернетте Ютуб сайтындағы біздің парақшамыздан (http://www.youtube.com/user/AzattyqRadio) өзіңіз қалаған форматқа көшіріп алуыңызға болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Канат Қайдан: Алматы
26.02.2012 20:42
+0 / -0
Шымкент каласындада жанадан толку уйымдастырылмак. былетын жане узынкулактардын айтуынша оган астыртын турде жумыс журып жаткан корынеды. Талгат балтабаев деген уйымдастыргалы жатыр екен,
Пікір алмасу

Кімнен: Неге айта береді?
26.02.2012 21:20
+0 / -0
Қойсей, шымкенттің тыңшысы. Өсек айта берме, ұйымдастырса жақсы болыпты, бірақ сен айтып салған соң, тіміскілеген ОМОНдар ол жерде қанды қасап жасаса, күнә саған да жазылады. Астыртын әңгімелерді егер ол дұрыс болса дүрдитпеңдер, іс басталғанда бірақ қызығын көріңдер, болмаса мәні қашады. Қолдасаң айтпа. Қолдамасаң тағы да айтпа. Ал айтсаң біткен, болған істерді айт. Болмаса жазықсыз адамдарды құрбанға шаласың, дұрыс істі бүлдіресің.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.02.2012 20:08
+0 / -0
Негізі халықтың сөзін тыңдаған дұрыс. Менің пайымдауымша, биыл-келер жылы жайсыз жәйттар болатынға ұқсайды. тыныштық болса екен. бірақ, бұл билікке байланысты. халықтың көзі қазір ашық, олар біліп отыр, бюджеттің 20-30 пайызы откаттармен, әртүрлі шапкілермен қолды болып кететінін біліп отыр. Тіпті оңай келген ұрлық ақшаға биік көлік міну, 3 қабат үй салу, ішіну-киіну - қалыпты жағдайға айналды. Қазақтың байлығы тоналуда, тілі құрдымға жайменен кетіп бара жатыр, дінін аяқасты етті.

Кімнен: Жанат
26.02.2012 21:05
+0 / -0
Байқаймын, рус ағайындар қарасы аз
Пікір алмасу

Кімнен: Телғара
26.02.2012 21:42
+0 / -0
Қарсылық акциясына қатысытын рус жерлестеріміздің қатары көбейіп келеді. мүмкін Мәскеудегі митингілер ықпал еткен шығар. Оларды кеудесінен итермеуіміз кекрек. Әділеттік, бостандық, демократия деген ізгі ұғымдар ұлт таңдамайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.02.2012 21:24
+0 / -0
басқы беттегі "Қарсылық жиынын" бақылап отырған арнайы қызмет өкілінің түріне қараңызшы, автобустан қарап отырған. Қазіргі биліктің кеспірі, үмітсіз, бірақ жауыз, сосын тоғышар, мәңгүрт. Бейшараның түріне қарап, халық деген теңіз, ал билік деген кеме, теңіз билікті көтеріп те тұра алады, аударып, жұтып та жібере алады деген бір сөз есіме келді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
26.02.2012 23:17
+0 / -0
Шеруді түрлі-түсті мазмұнда ұйымдастырсақ; мысалы, бірнеше ит әкеліп, олардың үстіне матаға иттің аузынан шығып тұрғандай сөздерді, м; Нұротан сенен шаршадық! билік кет!- деген сияқты биліктің қадырын кетіретін шараларды қолға алу керек! осындай сөздерді мысық, қой, сияқты жануарлардың аузымен айттырсақ та болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.02.2012 18:04
+0 / -0
Көшеде қаңғып жүрген иттерді ұстап, үстіне НАН кет деген сөзді жапсырып, жақсылап қарнын тойдырып қоя берсеңіз де ол бұралқы ит талай ереуіл жасап қайтады. Алмасы, Астанада, басқа қалаларда да сондай ерікті бұралқы иттерді пайдалану керек. Билік ит атуға кірісіп, ереуілшілерге қолы тимейтін болады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.02.2012 22:56
+0 / -0
"көшеде қаңғып жүрген иттерді ұстап" деген пікірге қосыламын.
Ха-ха-ха!
Полицейлер иттті тырқыратып қуып, тарсылдатып атып бір әуреге түсіп қалар еді.
Осындай идеялар басқа қайдан келеді?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
26.02.2012 23:56
+0 / -0
Дәл айтасыз.
Мен бұған қосар едім: "Иен далада ешкі бағып жүрген, ештеме миына кіріп-шықпайтын, тіпті төбесін бұрғылап тесіп құйсаң да түк қақпастың тап өзі" деп.
Осындайлардың иығына автомат іліп қойған соң не оңсын.
Түрін қарашы маубастың!

Кімнен: Root
26.02.2012 22:23
+0 / -0
Жанаозен подвел некую черту правлению Назарбаева. Уже всем очевидно, что время Назарбаева заканчивается и мало, кто верит, что он будет править до 2016 года.
Это понимают все: власть, всякие кланы, оппозиция и народ. Гипотетический приход любой из этих групп ничего не меняет кардинально. Все останется на своих местах: сырье будет продаваться через оффшоры; непотизм и коррупция будут процветать; народу время от времени будут подкидывать подачки; инакомыслящие будут посажены и др. Все они будут продолжением политики Назарбаева, но без всяких попыток под демократию. Еще один важный фактор: все группировки в случае прихода к власти не устроят ни продвинутую часть гражданского общества, ни средний класс, ни казахов, ни русских. Короче, всех. Главное в том, что для народа ничего не изменится: на смену одним ворам придут другие воры.
На оппозиционном поле сегодня мы имеем двух игроков: радикалов в лице Алги и официальную оппозицию в виде ОСДП. Алга может и имеет поддержку среди простого народа, но она не воспринимается той же продвинутой частью гражданского общества и, особенно, представителями отечественного крупного бизнеса. Большинство из них настроены негативно против Аблязова. Но они очень хорошо понимают последствия прихода к власти этих упомянутых групп и кланов. Им, как раз есть, за что беспокоиться и что терять. Они по моим сведениям, ставят на ОСДП. Я даже знаю, что на прошедшем и на прошлом митинге уже были топ менеджеры крупных частных компаний. Кроме того, ОСДП по-своему составу отражает гражданское общество Казахстана, в том числе и его этническую часть. А это немаловажно для объединения под свои знамена весь народ страны. Грубо говоря, ОСДП как бы зеркальное отражение Нур Отан, но с другой позицией. Для всех упомянутых группировок и кланов враг номер один это ОСДП и поэтому их жестко прессуют. Сейчас у них задача номер один – зачистить поле от общего врага, а потом сами начнут разборки. Поэтому общими усилиями не пустили ОСДП в парламент. Теперь они очень хотят посадить Бутю и его компанию минимум на полгода. Но и в ОСДП тоже сидят не дураки, они прекрасно понимали к чему может привести их активное участие в несанкционированных митингах. Скажем так, у них впервые появился шанс объединить весь протестный электорат и все силы, заинтересованные в реформах страны. Но у власти не выдержали нервы и они их превентивно посадили. Сам этот факт посадки за действия, которые еще не предприняты, является новым ноу хау в правосудии Казахстана.
Теперь еще несколько слов о митинге. Выбив ОСДП и организаторов и закрыв их в прямом и переносном смысле, власть сама открыла дорогу другим радикально настроенным лицам из народа. Если ОСДП в своих выступлениях как-то пыталась придерживаться рамок приличия, то спонтанные ораторы без всяких экивоков сразу стали требовать: Назарбаев кет!. Причем жесткая риторика звучала как из уст простых казахов, так и русских из среднего класса. Таким образом, власть закрыв рот одним, сама же открыла рот другим.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.02.2012 10:53
+0 / -0
37 37 37 37 37 37 37 2012 37 37 2012 37 37
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі