Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 01:48

МӘДЕНИЕТ

Айтбай мен Маржанның айтысы

Астанада 13 желтоқсан күні «Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен өткен айтыстың екінші жұбы - қарағандылық Айтбай Жұмағұлов пен Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Маржан Есжанованың жыр сайысын тыңдаңыз.

«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына жиналған ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
x
«Тәуелсіздік тағылымы» айтысына жиналған ақындар. Астана, 13 желтоқсан 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қос ақын да Астанаға, Қазақстан президентіне арналған мадақ жырды түйдектетті. Алайда сөз арасында қазіргі қоғамның көп түйткілі де қозғалды. Айтбай Жұмағұлов: «Астарлап әр нәрсені айтам өңдеп» дей келіп:

– Айтайын шындық жайлы бекемдеп жыр,
Ақиқат мақсатына жетем деп жүр.
Қара халық шүкір дейді қара нанға,
Шенеуніктер шіреніп шекер жеп жүр.
Байлар құдай болсам деп армандаса,
Кедейлер кредитін не етем деп жүр.
Қазақтың қазынасын жымқырғандар,
Шетелде ақыл айтып, секеңдеп жүр.
Кей қулар қызметін пайдаланып,
Байысам шетел асып кетем деп жүр.
«Ақшасы бар адамдар сотталмайд ы»,
Дегенді ел айтпайды бекерге құр.
Тауықты ұрлағандар түрмеде отыр,
Халықты тонағандар шетелде жүр, - деді.

Жырдан қоғамның өрнегін салған Айтбай ақынның ойын қарсыласы Маржан Есжанова да іліп әкетті.

– Айттың-ау, ақын болып қасіретті,
Қасірет ақындарды ақын етті.
Біреулер жау көрмеген бабаларын,
Атқа бүгін мінгізіп, батыр етті.
Жақсылар отырғызған ағаштарды,
Жамандар кесіп алып отын етті.
Ол рас, сен айтқандай талай адам,
Айтбай-ау, үкіметті сорып жатыр.
Ақындар қалай тыныш кете алады,
Ағайын, ойланайық ақыретті, – деп жырлады Маржан Есжанова.

Айтбай Жұмағұлов пен Маржан Есжанованың айтысы:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ара Қайдан: алматы
28.12.2010 17:15
+0 / -0
Азаттық радиосы, бұрындары болған айтыстарды қайдан компьютерімізге жүктеуге болады? Мысалы Оразалы Досбосыновтың айтыстарын??
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
28.12.2010 17:25
+0 / -0
Құрметті ара! Өкінішке қарай, біздің мұрағатта Оразалы Досбосыновтың айтыстары жоқ. Басқа айтыскерлерді іздесеңіз, "Айтыс - Азаттықта" деген арнайы бетті көріңіз: http://www.azattyq.org/section/Traditional+Aytys/1171.html

Кімнен: Bokky Қайдан: Qetay Pekyn
28.12.2010 17:53
+0 / -0
Құрметты <Азаттық> !
Ақсақ қой тұстен кейын маңырайды дегізбей,айтыспен бірге кескінінде шығарып отырсаңыздар.көп рақымет

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.12.2010 17:54
+0 / -0
айтыстар қысқартып тасталған емес пе? кей жерлері солай сияқты боп кетеді

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.12.2010 18:24
+0 / -0
Құрметті "Азаттықтың" ұжымы және Едіге Мағауин мырза!

Пікірімізді ескеріп, айтыстың сөзін, таспаға жазылған дауысын бергендеріңізге рахмет!!! Жұмыстарыңыз жалғасын табады деп сенеміз! Кейде аты да, заты да белгісіз адамдардың ақпарат бетінде жөнді-жөнсіз пікір айта бергенінен айтыстың өзін тыңдаған қандай керемет!!!

16 млн. шамасындағы қазақты анау анандай, мынау мынандай дегеннен ештеңе өндірмейміз, "Басқалардан кем болмау үшін біз ақылды, бай һәм күшті болуымыз керек. Ақылды болмаққа - білім керек, бай болмаққа - кәсіп керек, күшті болмаққа бірлік керек. Осы керектің бәрі болуы үшін жұмыс жасау керек" деген Ахмет атамыздың сөзі әркез жадымызда.
Заманымыз тыныш, жаугершілік жоқ қолға қару алар, олай болса Айтыскерлер Одағы қандай болуы керек деген пікірталас өткізсеңіздер, оған ақындар (құрамында өздері қатысатын болғандықтан, негізгі ой-пікір солардан шығуы керек) мен оның ыстығы мен суығына күйіп жүрген азаматтар (қиындығы мен кедергілерін жақсы білетін болғандықтан, өйткені кез келген шараны ұйымдастыру оңай шаруа еместігін білеміз) және жауапты болатын мемлекеттік тұлғалар (айтылған ұсыныстар мен ұйымдастырушылық жұмыстарды жүзеге асыру үшін) қатысып ашық талқыласа.
Пікір алмасу

Кімнен: Адай Қайдан: Маңғыстаудан
29.12.2010 18:36
+0 / -0
Айналайын аты жоқ адам 16 млн. қазақты қайдан таптың

Кімнен: кайратжан Қайдан: астана
29.12.2010 09:07
+0 / -0
Ассалямуалейкум АЗАТТЫК сиздерге коп коп рахмет осылай айтысты берип отыргандарынызга. Бирак осы айтыстарды калай жуктеуге болады екен компютерге
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
21.01.2011 17:36
+0 / -0
Құрметті Қайратжан! «Тәуелсіздік тағылымы» деген атпен үш күн бойы өткен ақындар айтысы сайтымызда толық жарияланып біткен соң ғана үнжазбаны жүктей аласыз.

Кімнен: Ербол Қайдан: Алматы
29.12.2010 17:38
+0 / -0
Жандарбектин айтысы болса Тауелсиздиктеги, соны калай коер аламыз курметти Аззатык???
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
29.12.2010 17:59
+0 / -0
Қымбатты Ербол! Бізідің сайтта осы айтыс ақындардың сахнаға шыққан реті бойынша беріліп жатыр. Сәл кешірек Жандарбектің де айтысы сіздің назарыңызға ұсынылады. Рақмет!

Кімнен: Руслан Қайдан: Алматы
06.01.2011 17:38
+0 / -0
сонына дейн емес кой?