Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 02:44


АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ / Журналистерді қудалау

Лұқпан Ахмедьяров есін жиды, бірақ жағдайы ауыр

«Уральская неделя» газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа сәуірдің 19-ы түнде үйінің қасында қарулы қастандық жасалды. Оны жедел жәрдем Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға алып келген. Аурухана кезекшісі түс әлетінде «журналист есін жиды, бірақ жағдайы ауыр» деп хабарлады.

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты жедел жәрдем ауруханаға алып келді. Орал, 19 сәуір 2012 жыл.
Журналист Лұқпан Ахмедьяровты жедел жәрдем ауруханаға алып келді. Орал, 19 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
 
Лұқпан Ахмедьяровқа ауруханада операция жасалғанын Азаттық радиосына оның әріптесі Тамара Еслямова хабарлады. 

Лұқпан Ахмедьяровтың басқа да туыстарымен бірге ол да ауруханаға барған.  Дәрігерлер журналистің жағдайы туралы бірден ақпарат бермеген, бірақ жарақаттың ауыр екенін айтқан.

 - Лұқпанға үш сағат бойы операция жасалды. Біз ауруханадан шамамен [түнгі] төрт жарымда шыққан кезде дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп бағалады, - дейді Тамара Еслямова таңертең Азаттық тілшісіне.

Оның айтуынша, қан көп кетпегендіктен Лұқпан Ахмедьяровқа қосымша қан құюдың керегі болмаған. 
«Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямова. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.«Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямова. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.
x
«Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямова. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.
«Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямова. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.

 - Сегіз пышақ жарақаты болған. Қайта құдай сақтап пышақ жүрегіне тимей жанап өткен. Және оның желке тұсына ауыр соққы тиген. Ол жерде ашық жарақат бар. Бұған қоса, дәрігерлер оның денесінде травматикалық қару оғынан да тиген жарақат бар екенін айтты, - дейді Тамара Еслямова. 

Оның айтуынша, «қазір Лұқпан Орал қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың реанимация бөлімінде наркозда жатыр». 

«ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ҚАСТАНДЫҚ»

Әріптестерінің айтуынша, Лұқпан Ахмедьяров сәуірдің 19-ы күні шамамен кешкі сағат он жарымдарда темекі шегу үшін сыртқа шыққанда, подъезд алдында белгісіз біреулер оған шабуыл жасаған. 

Тамара Еслямова «Көршілер оған тиіскен бес адамды көрген» дейді. Оның айтуынша, полиция қылмыс болған жерді түнде шолып, әйелі мен өзінен сұрақ-жауап алып кеткен.

Тамара Еслямова бұл қастандықты журналистің кәсіби қызметімен байланыстырады. Еслямова Лұқпан Ахмедьяровтың әйелінің «Нац Экс» компаниясында жұмыс істейтінін айта келіп, «Маған Лұқпан осыдан екі күн бұрын 
Жаңаөзен оқиғасының жүз күндігіне орай өткен қарсылық митингісін ұйымдастырушы Лұқпан Ахмедmяров. Орал, 24 наурыз 2012 жыл.Жаңаөзен оқиғасының жүз күндігіне орай өткен қарсылық митингісін ұйымдастырушы Лұқпан Ахмедmяров. Орал, 24 наурыз 2012 жыл.
x
Жаңаөзен оқиғасының жүз күндігіне орай өткен қарсылық митингісін ұйымдастырушы Лұқпан Ахмедmяров. Орал, 24 наурыз 2012 жыл.
Жаңаөзен оқиғасының жүз күндігіне орай өткен қарсылық митингісін ұйымдастырушы Лұқпан Ахмедmяров. Орал, 24 наурыз 2012 жыл.
әйелін компания басшысы - Графкин деген адам шақырып алып, «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің адамдары келіп, "сенің компанияңда мемлекет жауының әйелі істейді" деп ескертті. Қарсылық митингілерін ұйымдастыруын қойсын» дегенін айтқан еді» дейді.

Тамара Еслямова Азаттық тілшісіне «бүгін заңгерлермен келісе отырып бұған байланысты мәлімдеме жасайтындарын» айтты. 

Орал қалалық ішкі істер басқармасына хабарласқан Азаттық тілшісіне өзін кадр бөлімі бастығының орынбасарымын деп таныстырған Қуат Дүйсенғалиев:

- Қазір ешнәрсе айта алмаймын. Оқиға болған жерде бастықтың орынбасары Арман Мұхамедияров жүр. Ол жұмысқа түстен кейін келеді. Содан білесіздер. Қазір күдікті екі адам бар. Түстен кейін хабарласыңыздар, - деді. 

Кеше АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан The Committee to Protect Journalists - CPJ (Журналистерді қорғау комитеті) халықаралық ұйымы тәуелсіз «Уральская неделья» апталығының журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандықты айыптап мәлімдеме таратты.

Мәлімдемеде «CPJ Қазақстан билігін қастандықты дереу тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуға шақырады. Ахмедьяров мақалаларында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігін сынап, облыс басшыларын 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде мұнайшылар мен полиция арасындағы қақтығыстарға назар аударуға құлықты емес деп айыптаған болатын» деп жазылған. 
Committee to Protect Journalists халықаралық ұйымы директорының орынбасары Роберт Махони (сол жақтан санағанда бірінші) АҚШ конгресі ұйымдастырған журналистер қауіпсіздігі туралы "Блоггерлер түрмеде" атты халықаралық семинарға қатысып отыр. АҚШ, Колумбия округі, 27 сәуір 2010 жыл.Committee to Protect Journalists халықаралық ұйымы директорының орынбасары Роберт Махони (сол жақтан санағанда бірінші) АҚШ конгресі ұйымдастырған журналистер қауіпсіздігі туралы "Блоггерлер түрмеде" атты халықаралық семинарға қатысып отыр. АҚШ, Колумбия округі, 27 сәуір 2010 жыл.
x
Committee to Protect Journalists халықаралық ұйымы директорының орынбасары Роберт Махони (сол жақтан санағанда бірінші) АҚШ конгресі ұйымдастырған журналистер қауіпсіздігі туралы "Блоггерлер түрмеде" атты халықаралық семинарға қатысып отыр. АҚШ, Колумбия округі, 27 сәуір 2010 жыл.
Committee to Protect Journalists халықаралық ұйымы директорының орынбасары Роберт Махони (сол жақтан санағанда бірінші) АҚШ конгресі ұйымдастырған журналистер қауіпсіздігі туралы "Блоггерлер түрмеде" атты халықаралық семинарға қатысып отыр. АҚШ, Колумбия округі, 27 сәуір 2010 жыл.

Осы мәлімдемеде халықаралық ұйымның өкілі Роберт Махони:

- Жантүршігерлік қастандық Қазақстанда тәуелсіз журналист болудың қандай қиын екенін көрсетеді. Ахмедьяров үкіметті сынаған, енді ауруханада жатыр. Үкімет шұғыл түрде тексеру жүргізіп, жауаптыларды жазалау керек, - дейді.  

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) да Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандықты айыптап мәлімдеме жасады.

"Қазақстан билігін жантүршігерлік шабуылға ерекше назар аударуға шақырамын. Оқиғаны дереу тексеріп, шабуыл оның кәсіби қызметімен байланысы бар-жоғын анықтау керек. Жауаптылар сотқа тартылуы тиіс" деді ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі бойынша өкілі Дуня Миятович.

Жұма, 20 сәуір күні Қазақстанның журналистер қауымы Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасап, құзырлы органдардан оқиғаны дереу тексеріп, бақылауға алуды талап етті.

Қастандықты Ахмедьяровтың кәсіби қызметімен байланыстырған журналистер бұл оқиғаны жай ғана қылмыс емес, саяси астары бар әрекет деп біледі.

"Ішкі істер министрлігінен қастандықты дереу шынайы түрде тергеу, тексеруді, ал бас прокуратурадан Ахмедьяровтың ісін қатаң бақылауға алуды талап етеміз. Соттан қастандыққа тапсырыс беріп, оны орындағандарды әділ түрде жауапқа тартуды да талап етеміз" дейді журналистер.

Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Қанатованың айтуынша, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі бойынша ("қылмыс жасауға оқталу") қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.

ҚАМАУ МЕН АЙЫППҰЛ 

Бұған дейін Азаттық радиосы азаматтық қоғам белсендісі әрі журналист Лұқпан Ахмедьяровты наурыздың 7-сі полицейлер үш рет тоқтатқанын жазған еді.

Лұқпанның өзі сол кезде мұны Орал қаласында наурыздың 24-і күні қарсылық митингісін өткізуге өтініш бергенімен байланыстырған.

2011 жылы қаңтардың 6-сы күні Лұқпан Ахмедьяров Қазақстан президенті 
Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзартуға қарсы шыққан Лұқпан Ахмедьяровты (сол жақ шетте) полиция ұстады. Орал, 6 қаңтар 2011 жыл.Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзартуға қарсы шыққан Лұқпан Ахмедьяровты (сол жақ шетте) полиция ұстады. Орал, 6 қаңтар 2011 жыл.
x
Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзартуға қарсы шыққан Лұқпан Ахмедьяровты (сол жақ шетте) полиция ұстады. Орал, 6 қаңтар 2011 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзартуға қарсы шыққан Лұқпан Ахмедьяровты (сол жақ шетте) полиция ұстады. Орал, 6 қаңтар 2011 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы референдум өткізуге қарсылық білдіріп, бір топ адаммен алаңға шыққан. Оларды полиция тұтқындап, ертеңінде Орал қалалық әкімшілік соты Лұқпан Ахмедьяров «бес тәулікке қамалсын» деген үкім шығарған еді.

Лұқпан Ахмедьяров жұмыс істейтін «Уральская неделя» газеті - билікті сынап келе жатқан басылымдардың бірі. 2010 жылы қазан айында бұл газеттің меншік иесінің барлық есеп-шоты бұғауланып, газетке шықпай қалу қаупі төнді. Өйткені сот үкіміне сәйкес «Уральская неделя» газеті мен оның тілшісі Лұқпан Ахмедьяров «ТенгизНефтеСтрой» компаниясына 20 миллион теңге (немесе 136 мың АҚШ доллары) моральдық өтемақы төлеуге тиіс болды.

Компанияның сотқа шағым-арыз түсіруіне себеп болған - 2009 жылы тамыздың 6-сы күні «Уральская неделя» басылымында жарық көрген Лұқпан Ахмедьяровтың «За ширмой тендера» атты мақаласы. Онда журналист компания тендерді ұтып алмай жатып-ақ болашақта газ құбыры салынатын жерде құрылыс жұмыстарын бастап кеткендігін сөз еткен. Жағдайды баяндай келе, журналист «Тенгизнефтестрой» тендерді жеңіп алатындығына сенімді болған деген тұжырым жасаған.

2010 жылы шілдеде «Уральская неделя» газетінің кезекті саны сот шешіміне наразылық белгісі ретінде бос бетпен жарық көрді. «Бірінші беттің бос болуы - баспаханада жіберілген олқылық емес. Бұл осы елде жемқорлыққа және баспасөзге қысым көрсетуге қарсылық білдірудің жалғыз амалы. Біз осылай жасау арқылы сот шешімімен ұстанымды түрде келіспейтінімізді көрсеткіміз келеді. Бос бетке қараңыздар да, еркін баспасөз болмаса, өмір қандай болатыны туралы ойланыңыздар» деп жазған  еді редакция оқырмандарға жазған үндеуінде. 

Youtube-те жедел жәрдемнің Лұқпан Ахмедьяровты ауруханаға алып келгені туралы видео жарияланды:


Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ғалия
20.04.2012 09:36
+1 / -0
Масқара! Өмір сүру қорқынышты боп барады
Пікір алмасу

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
20.04.2012 10:05
+1 / -0
"Республика" газетінде М. Адилов дегеннің мақаласы бар, сонда ақордадағы хабаршысының айтуы бойынша "Папамыздың крышасы әбден кеткен, соңғы уақытта не істеп, не қойып жүргенін білуден қалған" депті деген еді бір танысым, сол шындыққа келетін сияқты. Осы кісі соңғы уақытта жағдайды контроль жасаудан айырылып қалған сияқты, өйткені елде ашықтан-ашық террор басталды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 20:37
+0 / -0
Byl netken symdik .Kazakhstanda omir syru korkinishti. Janaozennin kazaktarin atti,oltirdi,tyrmege japti.

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
20.04.2012 09:51
+1 / -0
Әуелі Лұқпанның тез арада сауығып, аяғынан тік тұрып кетуін бір құдайдың өзінен сұраймыз!
Одан кейін өз халқына оқ атқан, азаматтарын жазықсыз соттап жатқан, азаматтық белсенділік танытқан адамдарды қудалаған, өлімші етіп соққыға жыққан мына істердің артында тек билік өкілдігін шеңгелдеп отырғандар кінәлі екені бүкіл әлемге әйгілі. Құдай жазасын берсін!
Наразылық шерулеріне тайлы-тұяғымыз қалмай бармасақ, осы таз қалпымызға ренжудің еш қажеті жоқ! Бізге әділдікті сырттан ешкім табаққа тартып әкеп бермейді!
Пікір алмасу

Кімнен: Гаухар Қайдан: Атырау
20.04.2012 11:58
+1 / -0
Лұқпан аға, Сізге тек Алла жар болсын! Мына оңбаған билік оңбаған басшысымен қоса құрып кетсін! Адамға көңілім қалса да өмірімде ешкімге қарғыс айтпап едім, елде болып жатқан адам түршілерлік оқиғаларға қатысты айуандарға халықтың ҚАРҒЫСЫ! ЛАҒНЕТ сендерге!
Қазақ халқының ары таза, намысы биік азаматтары! Мынадай сұмдыққа қашанғы көніп отыра бермекпіз?! Шығыңдар бәрің! Қазіргі жауыздар билік басынан кетпей, біз оңбаймыз, соны түсініңдер!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 10:18
+2 / -0
Лұқпанжан аман қалсын деп әрбір қазақтың атынан Аллаһдан өтініп жатырмын. Қазақтың бұл баласы баяғы қазақтың Махамбеті ғой!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
20.04.2012 10:22
+1 / -0
Билік төбесіне тас үгетіп отырса да "ләпбай тақсырлап" қол қусырып отырған қазақ халқы емес, биліктің тап өзі қазақ халқына терроршы болып, қуып жүріп атып, қорлап, зорлап, тонап, ата-бабаларымыздың еншіге қалдырған жерін шет елдіктерге сатып білгендерін істеп бағуда. Ал біз осылай қол қусырып отыра берейік, жер сатылып біткен соң әзер болса шет елдіктерге құлдыққа сатылармыз, онда тұрған не бар бәрі-бәрі сатылып жатыр ғой, иә қазақ?

Кімнен: Қыз бала Қайдан: Қарағандыдан
20.04.2012 10:33
+1 / -0
Шындықты су бетіне шығарамын деген жазғыштарды "жапырып", БАҚ-н "бақыртып" жауып жатқан Қазақстан Республикасында сөз бостандығы жоқ. Бір ауыз сөзін өміріне айырбастап жатқан журналистер жетерлік. Соңғы он жыл ішінде бізде 41 тілші қаза тапқан. Ұрып-соғып кеткендері қаншама. Жоғалып кеткені анау. Қазақстан журналистер Одағы, басқа ұйымдар не қарап отыр? Оларға мықтап тұрып бірігіп, іс-қимыл жасау керек сияқты. Ал, қазақтілді әріптестерін қаралаған Лұқпанға сауығып кетуін тіледік!

Кімнен: МАНГЫСТАУДАН
20.04.2012 10:38
+1 / -0
халкын малга тенеп енди пышакпен бауыздайындегенго кутырган иттер биликтеги!уят нарсего бул,буйтип казак болганымыз курысын!

Кімнен: Н Қайдан: ақорда
20.04.2012 11:53
+0 / -1
Немене шулайсыңдар? Өлік көрген сиыр сияқты мөңірейсіңдер келіп, компьютердің ішінде отырып. Бір адамды пышақтап кетіпті, өлмепті ғой. Кімнің басында болмайды? Күнде өліп жатқан жоқ па? 20 жыл бойы былай да көрдім, олай да көрдім. Басымды тауға да соқтым, тасқа да соқтым. Оятам деп сөздің де неше түрін естіп жатырмын, қарғыстан тұра алар емеспін. Екінші қырыңа аунап түс те ұйықтай бер, ұйықтай бер, тек қорылдамаңдаршы. Сендерді ояту, адам қылу мүмкін емес шығар. Ұйқыларың ұзағынан болсын!
Қазір біреу қарғайды-ау мені, қатын болып. Менен басқа еркек қалмапты бұл елде.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 12:41
+0 / -0
е, наке, шын ояткын келсе оятар един сылтау издемей

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
20.04.2012 12:38
+0 / -0
Құрметті "Азаттықтар" Сіздерге жазған жазбамды көп "жоғалта" бермеуші едім. "Жоғалса" да көп "іздей" бермеуші едім. Бүгін бір жолға "жоқ іздеп" шыққаным... Осы жерге азанда жазғаным бір түпкірде қалып кетті ме екен әлде?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
20.04.2012 13:57
+0 / -0
Құрметті Арыс,

жоғалтып отырған жазбаңыздағы "нағыз терроршылдарға" қатысты "сауап болар еді" деген сөз тіркесі терроршылдықты қолдау сияқты болып естілетіндіктен жарияланған жоқ. Пікірлеріңіздің форум ережесіне қайшы болмауын өзіңіздің қадағалауыңызды өтінеміз.
Пікір алмасу

Кімнен: Болат Қайдан: Орал
20.04.2012 14:33
+0 / -0
масқара масқара. есенгіреп қалдым
Пікір алмасу

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
20.04.2012 15:35
+0 / -0
Өзім де сол жерін "шетке шығарыңқырап" қойып ем, "жақпай жатса" алып тастар деп. Амал жоқ...

Кімнен: Самбай Қайдан: Ақтау
20.04.2012 14:06
+0 / -0
Лұқпанға шабуыл тұтқиылдан болды, Жаңаөзенде де солай болып еді. Жау осал емес. Біріккеннен басқа амал жоқ. Екі жол бар. Біріншісі, көніп, мойынсұну, екіншісі -кеудені керіп ,қарсы тұру. Лұқпан бауырымды Бекет ата қолдасын, бойына нәр құйсын, жүрегіне күш берсін! Естігеннен бері Лұқпанның тілегін тілеудемін.
Мына сот та жүйкемізге әсер етуде. Тұтқындалған жаңаөзендіктер мен шетпеліктердің көрген қорлығы мен жауап берген полицайлардың "паңдығы" ашуға тиіп тұр. Полицайлардың менменсігендігі сонша, кешегі сот отырысында , жауап берген порлицайлар әшкере болып, оларды сұрақтың астына алған адвокаттардың біреуін, конвойр полицей ұрып жіберді. Сот залында төбелес болды.
Содан ауыр әсермен отырғанымда, Лұқпан бауырымызды қарақшылар жаралап кетті деген суық хабар келді. Не боларымды білмедім. Бірінің үстіне бірі. Лұқпанды жүзбе жүз көрмесем де, ісін көріп жүрміз ғой. Тек, жазылып кетсінші!
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
20.04.2012 16:02
+0 / -0
не дейт сонда ол урдыма

Кімнен: Жебе
20.04.2012 14:18
+0 / -0
Тағыда өз дегенін істеп , тағыда қан болып ақтық . Тағыда қаиғы ату , пышақтау жау шауып өткендеи . Білдірген ашық көз қарасы үшүн жасалған қастандық . Әитуір қырылып жатырмыз өмірге келесала өлу , қанға тоимйтын бұл нағылған билік . Тыныштық , тыныштықдеп жүріп қырылып жатырмыз бұдан асқан қатігездік жоқ шығар . Алға Қазақстан алға Нұр Отандеп ұрандатқанда алдымызға жан салмаимыз алға жүрген саиын көретінім қазақтың қаны болса жетіскен екнбіз . Қазақтың маңдаиынан сипайтын біржан жан болса шіркін , осылаи үнтүнсіз жүре берер болсақ құрып бітеміз , үндемеген халықты құрту қашанда оңаи . Қаиран қазақ тарихыңа үңіл болашағыңды сарала . Бізге түлкідеи бұлаңдаған опозицйядан қаиыр жоқ . Жерма жылда асылдарымыздан аз аиырылдықпа , қазақ жоғалған малдыда іздеиді , оның қасында адал жүректі Луқпандаи азаматымыздың сұрауы жоқпа . Мына жерде пікір қалдырған Н . Ақордаға аитарым ыммен , дымға түсінбеитін сендеи жаннан Құдаи сақтасын , өліп жатқан жоқ өлтіріп жатыр .Сені қарғаған аз , сені Құдаи өзі жазалаиды . Сен еркек емес , қатында емес , сен шаитансың себебі сенде жүрек жоқ . Өз өзіңді мақтап қаида барып оңам деисің . Баиқа бала .
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 16:23
+1 / -0
Жакесі, не болды сізге? Ол бала нәнді мысқалдап, қазақтың ұйқысының қаттылығын айтып отыр гой. Ымга түсінбей калдыныз ау дейм. Ашу шайтанннан, ақылдыға сабыр жарасады. Ашумен тобелессен женілесін, ақылмен ойлап кимыл жасасан женесін. Эмоцияга берілменіз. Жылап, жоқтай бергеннен не шыгады, одан да алда мундайі кылмыстар болмас ушін акылдасыпқимыл жасаган абзал. Коп созден пайда жок, іске кошетін уакыт жетті алдекашан!
Пікір алмасу

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
20.04.2012 16:39
+0 / -0
соны калай бастаймыз халкым
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 17:46
+0 / -0
Бауырым! Оны әркім өзінен бастағаны дұрыс. Ештеңеден қорықпай, лидер іздемей, ешкімге ермей, эмоцияга берілмей, салқынқанды түрде алаңға шығу керек. Әркім өз қаласында, құр айқайға еріп емес, жүрегінің қалауымен. Лұқпан сияқты жігіттерді жалғыз қалдырмай, иық тірестіріп тұрсақ жау алмайды. Жолдасын жауға қалдырмайтын, қасқыр сияқты ешкімге бас имейтін халық емеспіз бе? Қорқып-бұқпай митингке шығыңыздар, ойларыңызды айтыңыздар. Бір адам емес бәріміз лидер болуымыз керек. Сонда жаулар басшы кім екенін білмей дал болады. Түгелдей қырып жатырса, оны да көрерміз. Тұяқ серпитін халіміз бар шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 18:12
+0 / -0
17-46 уақытта пікір жазушы дұрыс айтады.
Әркім өзін митингінің Лидері санауы керек. Қара ормандай болып халық жайқалып тұрса, тәртіп бұзбай, арандауға түспей тұрса, билік не істей алады?
Түк те.
Пікір алмасу

Кімнен: Ау-у-у Қайдан: Есіңді жи
20.04.2012 18:41
+0 / -0
Бізге түлкідеи бұлаңдаған опозицйядан қаиыр жоқ .
*************************************
Ау, Жебе, саған біз таңқалып қалдық қой. Оппозиционер Лұқпан Ахмедьяровқа жаның ашып, ол үшін шыр-пыр боласың да, тағыда ол оппозиционерді құйрығын бұлғаңдатқан қу түлкіге теңейсің.
Өзің, айдалада қаңғалақтап жүріп, Н.Ақорданың да "әкесін танытып жібердің".
Сенің қолыңа қару мен шексіз билік беріп қойса, бір ашуланғаныңда бәріміздің шаруамызды бір моментте тындыра салайын деп тұрсың-ау, өзің.
Өзің әлі оң-солыңды ажырата алмай жүрген өте қауіпті адамсың-ау.
Сен сияқты бес-алты адам болса, оппозицияға да, қазаққа да, басқаға да ешқандай жаудың қажеті жоқ-ау. Біз бәріміз сенен қатты қорқып кеттік қой. Өйтіп, қатты қорқытып емес, үкімет сияқты астыртын істеу керек қой.

Кімнен: Шындық .
20.04.2012 14:42
+0 / -0
Таңда тұрсам қан көрем , сөзікөп билік арты бітбеитін дау , ату әитуір өлтіру , соттау оиларына не келеді соны жасап жатыр осыда тәуелсіз елме , еш жері ұқсамаиды . Соғыстың құрбаны болғаннангөрі , тәуелсіздіктің құрбаны болған қандаи ауыр , өз Отаным атады , соттаиды , өлтіреді , болашағымды ақшаға сатады , қинайды , азаптаиды , зорлаиды жаныма бататыны осы . Тыныштықтың құрбаны болғым келмеиді .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 15:48
+0 / -0
Мал сияқты әркім өз қорамызда қамаулы тұрсақ та тыныштық бермей, атып-асып, сойып кетіп қырып барады ғой!
Біз тыныш жатсақ та жатқызар емес түрткілеп!
Не істейміз?
Қайда барамыз?
Қалай далаға шығамыз?
Шықпайық десек те айыр тығып, өлтіріп барады мына сұмырай билік.
"Не істеу керек?" деген заңды сұрақты билік миымызға төбемізді тесіп отырып кіргізіп жатыр!
Кім кінәлі?

Кімнен: Sabalak Қайдан: Богетсай
20.04.2012 15:48
+0 / -0
Е остип енди халыктын каймагын тагы бир сузги басталды казагым бас бирикпей болмайды ЕО тагы бирденени койып шыкпасак болмайды биреудин жогын биреу олен айтып издейд деген бар. Лукпан ага айыгып кетиниз

Кімнен: Сталин Қайдан: Кремльден
20.04.2012 15:53
+0 / -0
Өлтіре алмады, өлтіре алмайды!!!!!

Кімнен: Гаухар Қайдан: Атырау
20.04.2012 18:41
+0 / -0
Құрметті Азаттықтар! Лұқпан ағаның қазіргі кезде жағдайы қалай екен, біліп беріңіздерші. Өте алаңдап отырмыз. сонымен қатар айтайын дегенім, мына биліктен бәрін күтуге болады, сондықтан Лұқпан ағаның жақындары мен әріптестеріне жеткізіңіздерші, оның қасында 24 сағат бойы кезекпен-кезек отырсын, әйтпесе сатқын дәрігерлері немесе полицайларын жіберіп, жүзеге асыра алмай қалған іс-әрекеттерін аяқтаулары мүмкін! Оларға қазір өте сақ болу керек! Алла жар болсын!

Кімнен: марат Қайдан: Орал
20.04.2012 20:38
+0 / -0
Масқара болдық! Лұқпанның ағасын жақсы білуші едім.Ініме жауығып жүргендер көп, ұялы телефоныңды айырма сақ бол, сақ бол, айта беруші едім деп мұңайып еді.Ақыры қапыда қалдырған екен.Не істеу керек!Лұқпанның сауығып кетуіне тілекшіміз.Ал қылмыскерлерді Орал сияқты қаладан табу, егер шындап іздесе қиын емес!
Пікір алмасу

Кімнен: Қайсар Қайдан: Алтай
20.04.2012 22:57
+0 / -0
Сенесіздер ме, сенбейсіздер мн, Т.Әубәкіров жаңа кешке Хабардан сөйлеп ОСДП-дан шығамын деді.Партияға кіру, шығу әркімнің еркі ғой, онда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ біздің Батырымыз қалай шығып отыр дейсіз ғой. Назарбаевтың алдында жалбарынып кешірім сұрағандай,Президентті барынща мақтап,жағымпазданып кетіп отыр. Менің осындай болғаным--тек Елбасының арқасында деп күмілжігенде мен өзім ұялдым. Осы сөйлеп тұрған рас біз білетін Батыр Тоқтар ма деп экранға үңіле қарадым Сол кісіге ұқсас, бірақ түрі қажыған,өңсіз, біреу зорлықпен сөйлетіпп тұрған сияқты. Сонда не болған, халайық. Бұл батырдың бұрынғы билікті сынап, қыр көрсетіп сөйлеген сөздері қайда қалды. Батыр екі сөйлей ме екен. Енді мен Президенттің командасындамын деп қойды. Бір қызметтің құлағы қылтиып көрінді ме. Інісі, сатқын Ә.Бәйменовтың жолына түсті мее. "Сенген сиырым сен болсаң..."

Кімнен: Ағлен Қайдан: Атырау
20.04.2012 21:58
+0 / -0
ЛҰҚПАН бауырым тез жазылып кетуіңді Аллахтан тілеймін!! Халқың үшін шырылдап жүрген азаматсың ғой! Енді халқың ақырып теңдік сұрап Ақорданы дірілдету керек!!! Бұны жасағап отырған сол бір адам-нән! Соның кетуін ел болып талап етіп, нәнге импичмент жариялауымыз керек!! Жетер енді!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 23:48
+0 / -0
Батыс өңірінде әдейілеп арандату әрекеті жүріп жатыр, халықты көтеріп тәртіпсіздік ұйымдастыруға мүдделі топтар бар, Ұлт аралық қақтығысқа дейін жеткізіп ,батыс өңіріне Ресейдің миратворец күшін кіргізу мақсаты тұрғандай,Сонда мұнайлы аймақ Ресейдің бақылауына өтеді, Ақпараттық кеңістікті казірдің өзінде Ресей бақылауда К+каналына бәріміз тәуелдіміз, Енді қаражат көзін бақылауға алу мақсатына кірісіп жатыр, Ол үшін мысалы ,түрлері қазаққа ұқсаған арнайы топпен орыс ұлт өкілдері тұратын елді мекенге шабуыл жасап ,ұрвп соғып мүмкін өлтіуіде, осы сияқты бірдеңелер ұйымдастыруы да мүмкін, Жалпы сақ болған дұрыс, мүмкіндік болса елге ескертіп отырса да болар еді, Бейбіт шерулерді орталық қазақстанға қарай ұйымдастырса! Бұл әдейілеп жасалып жатқан зымияндық әрекет!Арандатуға ұрынып қалуға болмайды,Ақпараттық кеңістіктен айырылдық, Қаржы көзінен айыру мақсатында қарқынды жұмыс жүріп жатыр,Одан кейін толық отар еліне айналамыз,
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 10:56
+0 / -0
Дұрыс айтасын. Арандап қалудан сақ болу керек. Іш қазандай қайнаса да қызбалыққа бармай, сабыр сақтау керек. Баріне шыдап келгенде енді тагы да шыдау керек. Шама келгенше заң шеңберінен шықпаған дұрыс. Бейбіт шеруді тоқтатпау керек. Қазағы, халқы көп Оңтүстік халқы оянса өзгеріс болар еді. Олар қозғалмай ештеңе де болмайды. Басқа аймақтарда ұлтаралық қақтығыстар ұйымдастыруы мүмкін. Бұлардан бәрін күтуге болады. Шымкент, Тараз неге үнсіз? Жігіттері ұйымшыл сияқты еді. Әлде бәрі мент болып кетті ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.04.2012 23:32
+0 / -0
Бұлай көп сөз жазғанша МАЛ бола бер дей салсаңшы, түп ниетің анық болып тұр. Онсызда мал болып жүр ғой, малдар ешқашанда дамыған ел құра алмайды! Малдардың ұрпағы да мал болып маңырайды. Малдар аталардың қарғысына ұшырайды. Барлық мәселені Жекпе-Жек шешеді!
Пікір алмасу

Кімнен: майлан Қайдан: ақтау
21.04.2012 13:50
+0 / -0
Аты-жөні көрсетілмеген, не сандалап отырсың. Қазіргі әңгіме Лұқпанды кім атты, сосын Жаңаөзендегі халықты атуға бұйрық бергендер мен атқандар жазалансын деп жатырмыз. Біз қазір отар елден қай жеріміз артық. Жаңаөзендегі халықты қырғаннан жаман не болуы мүмкін. Соны айтшы.

Кімнен: замана
21.04.2012 01:27
+0 / -0
Бұл жігітті күні-түні үшәріптер аңдып жүргенде, кездейсоқ бұзақылардың шабуыл жасады дегеніне тіпті сену мүмкін емес, бұлардың әдейі итақтаған адамдары екені айдан анық

Кімнен: Беріш Қайдан: Есіңді жиға
22.04.2012 17:53
+0 / -0
Ау жебе біз саған таң қалып қалдық қои . \\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\Ордалы жыландар жерінен коментарыи қалдырғаныңды түсініп отырмын . Біріншіден Лукпан Ахмедиаров оппозицияда жоқ , шындыққты ашып жазатын журналис . Екіншіден халықтың жоғын жоқтар , билікке өткір талап қоиа білетін бізде оппозиция жоқ . Тек билікті аңсаудың аясынан шыға алмаи қалған . Тек оппозицияда жоқтардыңғана аиытқаны болып солардың сөздері өтіп тұр . Жемқор билік сол сенің Ақ Ордаңда орналасып жыландар апанын құрып қанға қолдарын жуып , қара мұнаиды қанға аиырбастағанын білмеитін есуас емеспіз . Өзен қырылып жатқанда өзгешелеу күи кешкен Астанаңды аитып мақтанбаиақ қоиарсың .Мен жебенің жазғанын оқып шықтым бәрі орнымен дұрыс жазылған , ол жерде ату , қыру деген ештеңе жоқ , баибалам салып отырған өзің екен . Бұл жерде жебе көңіліндегі шындығын жазған сол үшүн кінәлау арсыз қылық емеспе , қауіпті деисің қауіпті ештеңесі жоқ , бір құмалақ бір қарын маиды шірітетінін естен шығармағаның жөн .Жоқ жерден жау іздемеиақ қои , жаудың бәрін сол Ақордаңнан ізде . Кеше Жаңаөзенде атып қырып салғанда қорықпаған Астаналық жебенің жазғанынан қалаиша қорқа қалдың . Өтірігіңде басқа жерде жазарсын . Түлкі болып бұлаңдаған билігіңе арыстанша атылатын күнде жақын . Халқымның көз жасына салынған , атуға бұирық берген қалаңды аитып мақтанба , өмірдің шынаиы келбетін көргің келсе Батысқа кел .
Пікір алмасу

Кімнен: 111
23.04.2012 16:23
+0 / -0
Масқара
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?