Бейсенбі, 20 маусым 2013, Алматы 15:31


ӘЛЕУМЕТ

«Терроршы» деп айыпталған 47 адам түгел сотталды

Бүгін Атыраудағы «терроризмге қатысы бар» деп айыпталған 47 адамға қатысты сот үкімі шықты. Облыстық ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы оларды жалпы және қатаң режимде 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Loading
12:00:00 / -:--:--

«Терроризмге қатысы бар» деген айыппен сотталған 47 адамның туыстары үкімге байланысты наразылықтарын білдірді. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл.

Мультимедиа

Мәтін көлемі - +
Туыстарының айтуынша, сотталғандардың барлығы дерлік - жоғары білімді, 24 пен 34 арасындағы жігіттер. Олардың арасында Сауд Арабиясы, Египет елдерінде білім алғандары да бар. Ядролық физика мамандығын үздік бітірген ҚазҰУ түлегі, бірнеше алтын медаль алған спорт шеберлері де - сотталған 47 адамның арасында.

47 ҮКІМ

Облыстық ауданаралық мамандандырылған сот "2011 жылы қазанның 31-і күні Атырау қаласында болған екі жарылысқа қатысы бар" деп айыпталған 5 адамға қатысты үкім шығарды. Оларға 6 жыл мен 15 жыл арасында бас бостандығынан айыру жазалары кесілді. Бұл бес адам жазаларын жалпы режимде өтейді. Олар "террористік топтың қызметіне қатысты", "заңсыз түрде жарылғыш құралдарды қолдан жасады және тасымалдады", "Атырау облысының әкімдігі мен Сарыарқа ауданындағы тұрғын үйдің қасында теракт жасады" деген айыптар бойынша айыпты деп танылды. Бұл бес адамға қатысты өткен сот үкімі сәуірдің 2-сі шыққанымен, ресми түрде бүгін ғана жария етілді.

Атырау облыстық прокуратурасының тергеу ісін қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Ғалымжан Құлманов. Атырау, 18 сәуір 2012 жылАтырау облыстық прокуратурасының тергеу ісін қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Ғалымжан Құлманов. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл
x
Атырау облыстық прокуратурасының тергеу ісін қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Ғалымжан Құлманов. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл
Атырау облыстық прокуратурасының тергеу ісін қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Ғалымжан Құлманов. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл


Сәуірдің 18-і күні өткен арнайы брифингте Атырау облыстық прокуратурасының тергеу ісін қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Ғалымжан Құлмановтың айтуынша, "сотталғандар сот үстінде кінәларын толық мойындап, жасаған қылмыстары үшін өкінген".

Құлмановтың мәлімдеуінше, бүгін Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған соты дәл осындай - терроризмге қатысты айып тағылған тағы бір іс бойынша 42 адамға қатысты да үкім шығарды. Оларға сот 5 пен 15 жыл арасында бас бостандығынан айыру жазалары кесілді. Сот үкімі бойынша бұл азаматтар "террористік топты құрды, оны қаржыландырды", "террористік актілерді ұйымдастырып, насихаттады", "атыс құралдары мен жарылғыш заттарды сатып алды және жасады" деген айыптар бойынша айыпты деп танылды.

Кейбір сотталғандардың туыстары бүгін, сәуірдің 18-інде Азаттық тілшісіне аппеляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді. Олар бірқатар адвокаттардың бүгінгі сот отырысына келмей қалғанына наразы екендерін айтты.

ЖАБЫҚ СОТ

Наурыздың 26-сы күні басталған сот процесі жабық жағдайда өтті. Атыраудың орталық көшелерімен екі жабық көлікке тиелген, арнаулы жасақ итпен күзеткен айыпталушыларды полиция бір ай бойы сот пен түрменің екі ортасында тасумен болды. Ал ресми органдар жабық сот процесіне сілтеме жасап, қандай да бір мәлімет айтудан бас тартты.
Туыстарының айтуынша, сотталғандардың бір де бірі өздеріне тағылған айыпты мойындамаған.
 
Бірақ сот шешімі шығардың алдында, сәуірдің 15-і күні сотталғандардың бір топ туысы Азаттық тілшісімен аты-жөндерін жарияламауды өтініп, сөйлескен еді. Бұған дейін олардың  ата-аналары да, адвокаттары да  ашық әңгімеден қашқақтап,  балаларының өмірі үшін алаңдайтындарын айтатын. Сотталған азаматтардың туыстарының айтуынша, олардың бәріне "терроризмді  насихаттады және қаржыландырды", "экстремистік топтарға мүше болды" деген айып тағылған.

Адвокаттар 47 адамның сот процесі кезінде дәлелденбеген фактілер бойынша айыпты болып танылғанын айтады. Үкімі шыққандардың бір де бірі өздеріне тағылған айыпты мойындамаған.
"Терроршылар ісі" бойынша сотталғандардың туыстары сот ғимараты маңында жылап тұр. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл."Терроршылар ісі" бойынша сотталғандардың туыстары сот ғимараты маңында жылап тұр. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл.
x
"Терроршылар ісі" бойынша сотталғандардың туыстары сот ғимараты маңында жылап тұр. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл.
"Терроршылар ісі" бойынша сотталғандардың туыстары сот ғимараты маңында жылап тұр. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл.

Жарыссөз өткен күні айыпталушылардың сөзін тыңдап отырып көзіне жас алған  адвокаттар да болған.

Туыстарының айтуынша, бір айыпталушы: «Біз елімізді, отанымызды сүйеміз. Біз өз туған жерімізге еш зиян тигізген жоқпыз деп санаймыз. Егер бізге мұрсат берсеңіздер, біз оған талай пайда тигізген болар едік» деген.

24 жастағы бір сотталушыға "террористік топқа басшылық жасады" деген айып тағылған.

«НАМАЗ ОҚЫСА, ДЕМЕК УАҒЫЗ АЙТАДЫ»

- Менің  туысым  араб еліндегі  белгілі оқу орындарының бірінде оқып жатқан. Алайда үш жыл бұрын «енді саған ол жаққа баруға болмайды» деп, оны оқуына жібермей қалды. Кейін бізге облыс әкімі рұқсатымен ғана шығуға болады деген. Ол жөнінде әкімге барғанымызда «бізге ескерту жасап қойсаңыз жетеді, бірақ барсын немесе бармасын деп  нұсқау бере алмаймын» деді, - дейді жазаға кесілгендердің туыстарының бірі.

Сотталғандардың туыстары олардың қандай да бір орында уағыз айтып жатқаны туралы нақты дәлел болмаса да, оларды айыпты етіп шығарғанын айтады.
Барлығы 2008 жылдан бері басталған әлдебір жасырын нұсқау бойынша жүзеге асырылған науқан.
 
- Бізге қауіпсіздік комитеті қызметкерлері «намаз оқитын болған соң, олар бәрібір кез-келген орында дағуат айтады» деген есеппен айыптап отырмыз деген түсінік береді. Ал менің балам араб тілін әдеби деңгейде білетін болған соң тіл үйрету сабақтарын жүргізген. Оның біліміне қатысты жасалған теологтар сараптамасы да  бар. Қоятын кінәлары – "шетелдегі террористік топты қаржыландырған" дейді. Оны қайдан алған? Балаларымыздың  мұсылман болған соң пітір бергені рас. Ол да күнә ме? Онда не үшін мешіт салады? Имам не үшін отыр ол жерде садақа жинап? - дейді ата-аналардың бірі.
Сотталғандардың туыстарының бірі сот ғимараты маңында тұр. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл.Сотталғандардың туыстарының бірі сот ғимараты маңында тұр. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл.
x
Сотталғандардың туыстарының бірі сот ғимараты маңында тұр. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл.
Сотталғандардың туыстарының бірі сот ғимараты маңында тұр. Атырау, 18 сәуір 2012 жыл.

Туыстары сотталған адамдар "діни ұйымды қаржыландырды" деген айыпты дәлелдейтін құжат, түбіртектің жоғын айтады. Олардың ойынша, мұның бәрі - 2008 жылдан бері басталған, әлдебір жасырын нұсқау бойынша жүзеге асырылған науқан.

- Сотталушылардың көбінің жас балалары, әйелдері бар. Егер олар террорист болса үйленіп, ұрпақ өрбітіп несі бар, - деседі олар.
Бізге бұл – жоғары жақтан келген нұсқау. Оны аппеляцияға берудің қажеті жоқ.
 
«Терроризм» бабы бойынша сотталғандардың туыстары Азаттық тілшісіне кейбір ата-аналардың  аппеляциялық шағым жасамайтындарын, себебі қорқатындарын айтты.

- Бізге «Бұл – жоғары жақтан келген нұсқау. Оны аппеляцияға берудің қажеті жоқ. Себебі сіздің басқа да балаларыңыз бар. Ал мыналар «халық жауы» есебінде қаралады және оларға үкім міндетті түрде шығады. Әрі сендерге не керек: 18 жыл сұрап - 11 жыл, 14 жыл сұрап - 8 жыл беріп жатыр» деп қатаң ескерткен, - дейді туыстарының бірі.

Туыстарының айтуынша, айыпты деп танылған сотталушылар «өздеріне қатысты шығарылған үкімге селт етпей, ерекше төзімділік көрсеткен».

- Оларды қанша айыптағанмен, намаздан бас тартқан жоқ. Әрине заңға сәйкес мемлекеттік мекемде оқуға болмайды. Бірақ олар іштей оқып жатыр, - деді Азаттық тілшісіне жиналғандардың бірі.

"ТЕРРОРИЗМНЕН ҚАУІП ТӨНСЕ, НЕГЕ СОТ АШЫҚ ӨТПЕЙДІ?"

"Демос" құқық қорғау ұйымының төрайымы Тоғдан Қизатова сот поцесі өтіп жатқан кезде айыпталушылардың бір де бір туысы өздерінен жәрдем сұрамағанын айтады. Ол сотталғандардың туыстарына қысым жасалды деп санайды. Қизатованың сөзінше, істі болғандардың бірінің адвокаты қорғауындағы адамға қысым жасалып жатыр деп прокуратураға шағым түсірген. Бірақ айыпталушының өзі көп кешікпей сөзінен айнып қалған.

- Маған өздеріне қысым жасағанын айтты. Баспасөз бен халықаралық ұйымдарға шағымдансаңдар, балаларың көбірек жазаға кесіледі деп ескертілген. Ата-аналары балаларымыз аман-есен шықса да шүкір дейді. Бізді таң қалдыратыны террористік әрекеттерден қоғамға қауіп төнген болса, онда неге сотты ашық өткізбеске, - деді Тоғжан Қизатова.

Былтыр күзде Атырауда оншақты адам қамауға алынған. Оларға Атырау облысы мен басқа да жерлерде теракт жасамақ болды деген айып тағылған еді. Былтырғы қазанның 31-і Атырауда облыс әкімдігі ғимаратның маңы мен Сарыарқа ауданында екі жарылыс болған. Тергеу орындары төтенше оқиға кезінде 23 жасар Бауыржан Сұлтанғазиев жарылғыш затты байқамай іске қосып, опат болды деп хабарлаған. Кейін интернетте "Джунд әл-Халифат" ұйымының мүшелері жарылысты өздері жасағаны туралы мәлімдеме таратқан болатын.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Рақыман
18.04.2012 20:22
+0 / -0
Сонда бұл не заман болды өзі.Ұлдарымыз бен қыздарымызды жазықсыз соттатып жібереміз бе.1986 жылғы желтоқсан оқиғасына "орыстарды" кіналадық емес пе енеді бұған кімді кіналаймыз. Болашаққа айтып есеп берер күн туғанда айтар сөз тапсақ болар еді
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.04.2012 23:51
+0 / -0
Бәрін жасап отырғандар Қазақ ұлті мен дінімізді жек көретін, оған жау жоғарыда отырған қорқау қасқырлар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 02:26
+0 / -0
Kairan KAZAKTAR ote obal bolgan eken. Yuziz jurgen KAZAK.Tyrmede otirgan KAZAK.........
Пікір алмасу

Кімнен: Даке
19.04.2012 17:25
+0 / -0
Ееех Нуреке Нуреке намаз окыганды кунага балап, дин устанганды дубара санап бир кумалак ушин бир карын майды токкениниз калай? Сиздин саясаттын кесиринен намазды окыганды надан санайтын, орамалга огаш карайтын кандастарымызда шыгып жатыр жане жазыксыздар жабылып, кинасыздар атылып жатыр. Жасынызда биразга келди енди осы саясат деген сайкалды койып таубага келип. АЛЛАДАН кеширим сурап жаксылыкка кадам бассаныз етти Онсызда "асире кызыл тез онады" дегендей ел алдында кадырыныз кетип жатыр..... Ойланыныз АЛЛАХ кен, оте жомарт балким кешрер

Кімнен: Шындық
18.04.2012 22:21
+0 / -0
Қырық жетісінің барлығы кінәлі дегенге сену қиын . Дінді алаи дүлеи қылған саясатың қырсығы екенін неге аиытпаймыз , неге кімнен қорқамыз кінәлілерді басқа қырыннан , басқа жағынан неге іздемеиміз осылаи соттаи беру өнеге болыпба , әлде осылаи тобымен соттап жоғарыға ақпар беремізбе . Америкада отырып вахабизмді басқарып отырған Мусиннің баласын неге аиыптамаймыз , баласы анандаи болса Мусин қалаиша басшылық қызметте отыр . Осылаиша соттап кімді қорқытпақшы . Әлде халқын малға теңеп билік бетімен кеткенбе . Жемқорлар билік жүргізген елдің сиқы осылаи болуыда заңды құбылысба , жетіскен екенбіз . Сыртымызды шет елге бүтін қылып көрсетуге талпынсаңда , ішіміз түтүн болып құлдыраудың шеті көрінер емес , бұл бүлінген жүие сүрініп құлап орнынан тұра алмаи жатқандаи .

Кімнен: Асау Барақ! Қайдан: Жайықтан!
18.04.2012 23:38
+0 / -0
Мен қосыламын, оларды одан да көп жылға соттау керек еді. Оқымай тұрып ойлану керек еді олар. Енді келіп біз андаймыз мындаймыз деудің қажеті жоқ. Жастарына жетпей құдайшыл болып, намаз оқып, сасып сақал өсіріп, шіріп орамал жабылып не жетпейді сендерге? Ғылым білім оқысаңдар жаксы болар еді соның орнына! Қазақ болса қазақ болсын. Іштен шыққан жаулар олар! Обалдарың жоқ!
Пікір алмасу

Кімнен: Айболат Қайдан: Атырау
19.04.2012 09:48
+0 / -0
Сіздің жазғаныңызды оқып таң қалдым. Лақап атыңызды жақсы таңдапсыз, бірақ сөздеріңіз сақалды қойғанды-сасытып, орамал таққанды-шірітіпсіз. Аллаһтың бұйрықтары мен Мухаммад пайғамбарымыздың с.ғ.с сүннетін айтпай-ақ қойғанда, өзіңіз лақап ат қылып таңдаған қазақ тарихындағы Асау Барақтың сақалды, сол адамың анасының, жарының басына орамал таққанын білсеңіз етті. Ислам заңдылықтары мен араб тілін меңгеру сіздіңше надандық па?,
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 14:38
+0 / -0
асау барак ай тилинди.саусактарынды тарт
Пікір алмасу

Кімнен: Zhai kazak Қайдан: otany
19.04.2012 14:23
+0 / -0
Asau barak nadan ekeninizdi korsetpenizshi, sizdi adamdar sanatyna zhatkyzuga bolmaidy.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 00:36
+1 / -0
Мен осы сотталған адамдардың тағдырына үкімет пен президент Назарбаев тікелей кінәлі деп санаймын. Себебі, соңғы 15 жыл осы радикалды діннің кеңінен таралуына өздері жағдай жасады. Аравияға барып оқуға ешқандай кедергі болған жоқ. Дін саласын бетімен жіберді. Мына суретте тұрған жастардың бәрінде өздері "ақиқат" деп санайтын догмалық дін мықтап бекіді. Енді олар ол "имандарынан" өлсе айрылмайды. Себебі, оларға солай оқытылып, миларына біреулер сіңіріп тастады. Президент әу баста осы миға құйылатын қауіпті діннің жолын жауып, Исламның гуманистік идеяларды туғызатын тармағына қарай қоғамды икемдеп жіберуге міндетті болатын. Енді міне елден тыныштық, Президенттен бедел, діннен береке кетіп барады. Түсініксіз дінге шатылғандар не иман таппады не тыныш тіршілік қылмады. Олар расында да жихад жасамақшы болған күннің өзінде елге жауапты тұлғалар осы қатердің алдын неге алмады? Сотталып кеткендер түрмеден шыбын өлтірмейтін момын боп шығады деп ойлап отыр ма ана сорлы соттар? Сойқанның көкесі солар түрмеде тамыр жайып, тәжірбие жинаға соң басталады. Елбасына жарымаған сорлы ел болдық.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 07:51
+0 / -0
Дұрыс айттыңыз

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 01:59
+0 / -0
онын барин топырлатып турмеге жиберсе.болашакта зона кормеген дурыс казахты тапаймыз екенго.ана биринши суреттеги басына одеял жапкышты орамал етип таркандар казашкаларма коркынышты.казахстан не болып кеткен а?ар елге еликтей берген болмайды.жогаламыз.

Кімнен: Nurbol Karatai Қайдан: atyrau
19.04.2012 11:41
+0 / -0
бул биликтин кезекти бир ойыны. Ягни биз терроризмге карсы арекет жасап жатырмыз деген, жанеде терроризмнин алдын алдык деген кориниси.

Кімнен: Nurbol Karatai Қайдан: atyrau
19.04.2012 11:51
+0 / -0
бул биликтин кезекти бир ойыны.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 12:17
+0 / -0

Жерінен жалғыз мұнай шығатын арабтар шалқып өмір сүріп жатыр. Ал жерінен мұнай да, газ да, алтын да, күміс те, менделеев кестесіндегі барлық металлдар шығатын қазақтар өзбек пен тәжіктен сәл ғана жақсы өмір сүріп жатыр. Арабтың өмірі қазақтың түсіне де кірмейді. Бұған кешегі кеңес одағында оқытылып, тәрбиеленген үкімет басындағы атеист кәпірлер кінәлі!! Біз жүрміз оларды қызғыштай қорғап, «исламда әмірге қарсы шығуға болмайды, ал бізді басқарып отырғандар мұсылмандардың әмірі» деп, олар жүр, етін өздері жеп, сүйегін бізге лақтырып. Біздегі исламға қарсы, мұсылман әйелдерінің басындағы орамалмен күресіп, намазханаларды жапқан адамдар мұсылмандар әмірі болса, онда пайғамбарымыздың ағасы Абу Талиб та мұсылман ғой? Бірақ оның кәпір болып өлгенін пайғамбарымыздың өзі айтқан жоқ па? Сол Әбу Талиб исламға қарсы болды ма? Керісінге ол мұсылмандарға өлгенше көмектескен жоқ па???

Кімнен: Максат ат-Тарази Қайдан: Тараз
19.04.2012 14:11
+0 / -0
Ассалам уағалайкум, доргие атырауцы!
Братья-атырауцы, чтобы решить эту проблему (терроризма/экстремизма) нужно зреть корень, а корень лежит в социальной несправедливости, тотальной коррупции, недоступности образования. Все это создало благоприятную почву для появления “бородатых”.
Я работал в вашем славном городе в 2006 году и тогда мне был жаль вас- атырауцы. Все рабочие места занимают приезжие, в городе мало спортивных сект, образовательных учреждений, то есть молодежью не было заняться нечем. Мне было жаль молодежь Атырау. То есть молодежь Атырау оставался и остается за бортом “нефтяного пирога”.
Вот этим и восползовались “умники”, а озлобленная молодежь, да еще учитывая, что вы атырауцы воинственный народ, поддались на уловку и начали придерживаться экстремистких взглядов.
Для решения этой проблемы необходимо:
Во-первых на деле проводить “молодежную политику”, а не устраивать клоунаду в стиле а ла Нур-Отан (типа сожжение шин в знак протеста против коррупции). Государстве нужно проводить “идеологическую борьбу”.
Во-вторых, организовать «социальную адаптацию» с тем, чтобы экстремисты вернулись в нормальную жизнь.
Я сам из Тараза, что там произошло вы все прекрасно знаете, так вот – жители восприняли это как реакцию на творящийся беспредел. И ситуация в моем родном городе сходе с вашей- кроме как махать руками для молодежи в Таразе нечем заняться, вот и этот вакуум восполняют “экстремисты”.
Ничто на пустом месте просто так не растет.


Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
19.04.2012 14:32
+0 / -0
Айболат сен неге сакал мен орамалды колдап отырсын.Сакалды корсен олардын коркынышты вахаббистын ози.орамал такканда оитип такпайды бар жерин тумшалап хиджаб киып.мусылман болганда ар елдин мусылман кими ар турли булардын кими арабтардын улттык кими осыны тусининсейши.Бизде казакта орамал тагады ак орамал кыздар кызыл орамал койлегинин женин узын кылып киюге болады гой.Хиджаб кигени неси казакка тан нарсе емес бул кимдер.Буны токтату керек соттау керек обалдары жок.Озбекстанда соитип журип корши камаласын.Озбектердин мусылман динин берик устаган халык хиджаб кип журген адам жок оздеринин кадимги дамабал койлеги бастарында орамалын тастамайды тек кана оз тилинде сойлейди.Ал бизде оз тилин менсинбейди кай динге откиси келсе отеди басына кеткен.Не зат анау хиджаб киып ата бабамыздын салтында жок зат жап жас балдар сакалы желбиреп.Зан шыгарып токтату керек елден ерекше боп. Окы намазынды тарт басына орамалынды.соитып тынышына жур. Кап кара боп хиджаб киып.ата аналар киналы осыган тарбие бермейди балдарына.ИА хиджаб киеди ИА иа ашык шашык кинеди.Соттау керек барин болмаса токтамайды.Сонда биздин болашак урпагымыздын бари сакалы жалбырап хиджаб киып журема.
Пікір алмасу

Кімнен: niza Қайдан: koktau
19.04.2012 16:01
+0 / -0
kindigin ashyp,zhezokshelikpen,nashakorkykpen,maskunemdikpen ainalysyp azyp tozyp zhure bersin solai kurysyn dep otyrsyn ba kazak elin? liza kandai kaidan shykkan mangurt zhansyn ozin.
Пікір алмасу

Кімнен: ashar Қайдан: ahtau
21.04.2012 04:04
+0 / -0
allah tagalai aitadi: (osilaisha [muhammad s.a.s] senen burin bir elge paiganbar jibergen bolsah olardin bedeldileri:[rasinda atalarmdi bir jol ustinde taptik] bizde olardin izine ilesemz) deidi.zuhraf.s 23
allah tagala aitadi:(olar:[ jok atalarimizdi osilai istegen terde taptik] dedi shugara suresi 74
bul bizden buringi allahtin hargisi men azabina uwiragan hauimnin allahtin dinin jetkizgeli kelgen paigambarlar men olardin jolina ileskenderge aitkan sozderi .al kazir bizdin zamanimzda paigambar jok birak onin kaltirip ketken 2 narsesi bar.ol [allahtin kitabi men paigambarimzdin sunneti] ia L I Z A senin bul aitkan sozin buringi hauimdardin aitkan sozderinin koshirmesi goi.ohip bilip oilanip soile allahtin dinine jane paigambarimzdin jolina ileskenderge.buringi hauimga jolikkan pale bizgede jolikpasin ata-babamnin dini joli dep jurgende.ei musilmandar horikpandar allah barilik narsege kush huati jetushi.
allah tagala musilmandar ushin oz kitabinda (olarga [musilmandarga] adamdar [kapirler] :sender ushin el jinaldi sondihtan olardan horhindar: dedi [bul soz musilmandardin] olardin imandarin arttirdi da olar [musilmandar] :bizge allah jetip asadi ol [allah] nendei jahsi ie) dedi. al-gimran 173

Кімнен: Елжан Қайдан: Орал
19.04.2012 14:45
+0 / -0
Мыналар 47, оған өткен жылғы, Ақтөбеде өлген және өлтірілген азаматтарды қосыңыз, шамамен 15, Тараздағысы қылмыскермен қосқандағы 6-ау, Жаңаөзендегі өлген 16. Барлығы- 85 жуық. Барлығы қазақ азаматтары. Оған қоса еліміздің түрмелерінде отырған 500 мыңдай отандастырымыз. Сонда қалай көбейеміз, ұрпақ жалғастыратын азаматтарымыз жазықтысы бар жазықсызы бар құрбан болуда. Бұның салдарын қоғамнан іздеп, бір шарасын ойластыру керек қой. Дін жолында адасқан жастарымызы жолға салатын ұйым ашылса, немесе дін бостандығына өзгерістер енгізсе....

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 16:11
+0 / -0
Бізде діндер съезі болғанда ақ мен ойлағанмын, арты жақсылыққа апармайды деп. Бізде Қазақстанда барлық ұлт тең тұрады деп барлық діндерге жол ашқан президентміз. Бұны бұғып жасыран түрде жүргізген әртүрлі дін, секталар қостап ала жөнелді. Нәтижесі мынау.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 17:30
+0 / -0
дурыс сакалдыларды шетинен устап акелерин тантып кырындыру керек казир баримиз олардан коркатын жагдайдамыз кери кеткен саткындар Отанын саткан деп тусину керек.Кил жап жас кыздарды кор кылды аздырып олар окымайды да.жумыс та жасамайды буркенип алып уилыгады да отырады.Елбасы осы дин маселесин тез арада шешуи керек егер казак жойылмасын десек .Биздин Актобеде де бахалар толып кетиии
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 20:22
+0 / -0
Егер сіз надандықпен сөйлеген болсаңыз, Алла кешірсін! Ал егер әдейі Аллаға қарсы біліп тұрып, сөйлесеңіз Алла сіздің кім екеніңізді танытсын!

Кімнен: Лиза Қайдан: АКТАУ
19.04.2012 16:52
+0 / -0
КОКТАУ дурыстап окы менин жазганымды казакшага тусинбейтин озин мангурт.мен киндигин корсетип журсин деген жокпын.Ата бабамыздын салтын устасын дедим киндигин ашуда хиджаб киюде казакка жат нарсе.Тарихты окы кайсы анамыз хиджаб киыпты не сандалап отырсын.Хиджаб кигеннин бари баска динде жур гой сура оздеринен айтады кайда жургенин.Олсен де мен сакал мен хиджабка карсымын.Кыздар басына кызыл орамалын жени узын койлек кисин де намазын оки берсин дедим сенинше хиджаб кимесе баска динге отпесе мусылман емес пе. Ойланып айт пикиринди.сен кандай максатпен колдап отырсын хиджабты казак кимеген гой хиджабты бул кимнен калган мура КАЗАККА
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.04.2012 17:55
+0 / -0
Лиза дурыс айтады буркенудин астында булик бар .Хиджап атаннан калган мура емес оны жактагандардын бари саткын мангурттер одан да жалкауланбай дурыс гылым билим уйренсин
Пікір алмасу

Кімнен: kasapwi Қайдан: aktau
19.04.2012 18:48
+0 / -0
barinde kop soilei bermen tek bir alla biledi kaisisi dyris kaisisiy byris ekenin! allah jar bolsyn barwa mysilman kauimga
Пікір алмасу

Кімнен: Айболат
19.04.2012 19:31
+0 / -0
Әмииииин! Өте орынды сөз, Аллаһ разы болсын! Орынсыз сөйлегеннен үнсіз отырған жақсы, үнсіз отырғаннан орынды сөйлеген жақсы!

Кімнен: Бек Қайдан: махамбет
20.04.2012 00:40
+0 / -0
Біздің Атырауда 60-70 процент сәләфи бағытын ұстанады .Жалпы дінге көз қарасым түзеу.Бірақ сол дін жолында жүргендердің көбі адасып жүр ,сақал қойып ,хиджап киіп,балақтарын кесіп ерсі болып жүр.Олар өзіміздің дәстүрлі дінімізді Абу ханиба мазхабын ұстанбайды .Олар үшін барі кәпір ештене мойындамайды.Бірдеңе десең өздерінікі дұрыс деп шығады.Менің айтпағым 47-і соталушының бәрі бірдей кінәсіз емес кінәлілер бар ішінде
Пікір алмасу

Кімнен: Ханафи қазақ
20.04.2012 14:36
+0 / -0
Нуғман бин Сәбиттің өзі яғни Имам Ағзам Әбу Ханифаның өзі сақалдарыңды жіберіңдер деп мухаммад с.ғ.с пайғамбардың өсиетін айтқан. Және де тобықтан балақты түсіру үкімі Ханафи мәзһәбы бойынша мәкруһ тәнзихан және мәкруһ тәхриман деп екіге бөлінеді. Мәкруһ-жиіркенішті деген мағыналда. Сондықтан да ұятқа қалмас үшін Ханафи мәзһәбының яғни Әбу Ханифаның кітәптарын оқып барып пікірге қосылғаныңыз құба-құп деп білемін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.04.2012 15:49
+0 / -0
Мұртын қырып сақал қоюмен мұрт сақалды қатар өсіру екеуі екі басқа.мысалы абай да сақал бар дейді, бырақ абай мұртын қырып тастамаған, мұрт сақалын лайығымен қойған жасы келгенде.сондықтан мұрт сақал және қырма мұрт сақал деп айырып қолданған дұрыс .қазақша сөзді дұрыс түсінбей тұрып құран түсінемін деу ақымақтық .құранда ''сақал шықса сауап'' делінген екен.сөзсіз сақал қою дегенді білдірмесе керек.әл хижап тек киімнің быр тұры ғана.балақ жерге тимесін, сүйретіліп жүрмесін, тобықтан балақты тұсыр деген сөздің барлығында балақты кесіп таста деген мағына жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: Болат Қайдан: Орал
21.04.2012 14:56
+0 / -0
Енді мына кыздар беттеріне медициналық маска киетінді шығарыпты ғой. біздің көп қабатты үйде тұратын қара жамылғандардың бәрі маскаларын тастамайды. Әлде бәрі тұмау жұқтырғанба. Осылар бірдеңе шығармаса жүре алмайды.

Кімнен: raaaka Қайдан: asss
22.04.2012 08:38
+0 / -0
Дурыс барын соттаганын.оз жонне журсе менттар тиспеиди го.значит 47 адамнын баринин косягы болып тур

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Туристер, айыппұл мен "жалған құжат жасау"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Қазақстанның қай елге барған туристері туристік компания өзін банкрот деп жариялаған соң отандарына қайта алмай қалды?