Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:03

ӘЛЕУМЕТ

"Мақатавтокөлікбазасындағылар" алдымен жұмыс істеп, сосын аштық жарияласа ғана жалақыға жетеді

Атыраудағы «Мақатавтокөлікбазасы» мекемесінің оннан астам жұмысшысы мерзімі шектеусіз аштық жариялады. Мекеменің жалақы қарызы – 2 миллион теңгеден асады. Аштық акциясы басталған 21 ақпаннан бері жұмысшылардың денсаулығын дәрігер тексермеген. Мақат ауданының әкімі қарызды жабуға тырысып жатқанын айтады.

Мәтін көлемі - +
«Мақатавтокөлікбазасы» КММ жұмысшыларының мәлімдеуінше олар аштық жариялайтындары туралы ақпанның 10-ында Мақат аудандық прокуратурасы мен аудандық әкімшілікті жазбаша түрде құлағдар еткен. Алайда құзырлы орындар арыздарын қабылдап алғанымен он күн бойына ешқандай әрекет жасамаған.
Мақат ауданына кіре берістегі жазулар. Атырау облысы, 21 ақпан 2010 жыл.


Соған қарамастан жұмысшылар аштық жариялау арқылы ғана жалақыға қол жеткізетіндеріне сенімді. Олар өткен жылғы қараша, желтоқсан және осы жылғы қаңтар айлары үшін берілуге тиісті еңбек ақыларын талап етіп отыр. Бұған қоса 2009 жылдан бері қолға тимеген зиянды жұмысқа бөлінген арнайы сүт өнімінің өтелуін сұрайды.

– Біз аштық жариялағанда ғана жалақымызды береді. Жылда солай. Тіпті, түн ішінде тауып әкеледі. Былтыр Наурыз мерекесіне қарамастан ақшамызды әкеліп берген, – деп еске алады оператор Валентина Морозова.

Аштық жариялаушылардың қай-қайсысы да әр отбасының жалғыз асыраушысы. Осы мекемеде бір жарым жылдан бері күзетші болып еңбек етіп келе жатқан Исатай Үкебаевтың отбасындағы 11 адам оның 22 мың теңге жалақысымен күнелтеді екен. Ал оның елге қарызы 25 мың теңгеден асып кетіпті.
Мақатавтокөлікбазасы» мекемесінің күзетшісі Исатай Үкебаев Азаттық тілшісіне хал-жағдайын айтып отыр. Атырау облысы, Мақат ауданы, 21 ақпан 2010 жыл.


– Тамақтан басқа коммуналдық төлемдер тағы бар. Өткенде ақысы төленбеген соң газымды қиып кетті. Енді электрді өшірсе, бала-шағам аштан қататын болар, – деп уайымдайды ол.

«Мақатавтокөлік базасы» – аудандағы 15 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған жалғыз мекеме. Мұнда 25 адам еңбек етеді. Осы уақытқа дейін олардың тек 5-уі толық жалақысын алса, 1 адам айлығының жартысын ғана алған.

Сондықтан халық судан мүлде қағылып қалмауы үшін жұмысшылар наразылық акциясын жұмыстан қол үзбей жалғастырып жатыр. Аштық жариялағандар жұмыстан соң үйлеріне бармай, аядай суық дүңгіршекте қонуда.

–Үйімізге қайтпаймыз. Себебі, қарыны аш сәбиіміздің көзін көргіміз келмейді. «Әже, алма алып бересің бе?» деп сұрайды немерем. Мен оған ақша жоқ деп қалай айтам? – деді Антонина Карфидова.

Әзірге аштық жариялағандардың бірі Вера Канаеваға былтырғы жылдан қалған екі айдың жалақысы берілгені белгілі болды.

Мекеменің басшысы Төлеген Жангереев жалақының төленбеуіне өзінің қатысы жоқ деп санайды. Ол аштық жариялағандар айыпты әкімшілікке артып отыр деп түсіндіреді.

– Мен өзім де жалақымды солардан кейін аламын. Қолымнан не келеді? – деп шарасыздық танытады Төлеген Жангереев.

ӨМІРЛЕРІНЕ АЛАҢДАҒАН ОПЕРАТОРЛАР «ӨСИЕТНАМА» ЖАЗҒАН


Бұл «Мақатавтокөлікбазасы» мекемесі операторларының жариялап отырған алғашқы аштығы емес. Бұған дейін де олар еңбек жағдайын жақсартуды, жалақыны уақытылы төлеуді талап етіп бірнеше мәрте наразылық акциясын ұйымдастырған.

Өздерін жергілікті биліктің «қара тізіміне де іліктік» деп санаған олар, жеке бастарының ғана емес, жақындарының да өмірі үшін де алаңдайтынын айтады.
Мақат ауданына кіре берістегі жазу. Атырау облысы, 21 ақпан 2010 жыл.


«Жыл сайын маңдай терімізді төгіп тапқан ақшамызды талап ету мен су төңірегіндегі былықтарды білетініміз бірсыпыра адамдарға жақпайды. Тіпті, бізге келіп «сендерді автоматпен қырып тастау керек» деп қоқан-лоққы жасағандар да болды. Сол себепті қатерге душар болсақ, кімді кінәлайтынымызды көрсетіп, хат жазып, туысқандарымызға тараттық» дейді олар.

Ал аштық жариялаған Антонина Карфидова өзінің хатын Ресей мен Германиядағы туғандарына жолдапты.

ПРОКУРОР МЕН ӘКІМ АШТЫҚ ЖАРИЯЛАҒАНДАРҒА КҮДІКПЕН ҚАРАЙДЫ 

Жергілікті билік өкілдерінің «Мақатавтокөлікбазасы» операторларының жанкештілік әрекеттеріне бойлары әбден үйреніп кеткендей. Сондықтан Азаттық тілшісі хабарласқан құзырлы орган өкілдерінің барлығы да келісіп алғандай «бұл 3-4 жылдан бері қайталанып келе жақан жағдай» десті.

Мақат ауданы прокуроры Халидолла Дауешовтың айтуынша, прокурорлық шара алынып, қаржы полициясына тексеру үшін ұсыныс жасалыпты.

– Бұған дейін «Мақатавтокөлікбазасы» жалақыны уақтылы бермегені үшін 2 рет әкімшілік жауапқа тартылған. Бірнеше мекеменің үстінен суға қарызы үшін қылмыстық іс қаралып жатыр, – деп мәлімдеді прокурор.
Мақат ауданының тұрғындары «Мақатавтокөлікбазасынан» келіп су алып жатыр. Атырау облысы, Мақат ауданы, 21 ақпан 2010 жыл.


Бірақ Х.Дауешов сушылардың шынымен аштық жариялап жатқанына күмәнданатынын да айтып қалды.

– Бір барғанымда олардың су ішіп, темекі тартып жүргендерін көрдім, – дейді ол.

Алайда прокурордың бұл сөзі аштық жариялаушылардың ашу-ызасын туғызып отыр.

– Бізге прокурордың сенген-сенбегені шарт емес. Өйткені, біздің тамақ алатындай бір тиынымыз да жоқ, – дейді мақаттық сушылар.

Ал, Мақат ауданының әкімі Сырым Рысқалиевтың сөзіне сүйенсек, аштық жариялағандар оның орынбасарынан да көп жалақы алады екен. Мәселен, «әкім орынбасары 65 мың теңге алса, оператор 70 мың теңге еңбекақы алады» дейді Сырым Рысқалиев.

Сондағы оператордың бітіретіні, күніне 2-3 сағатқа тетікті басу ғана. Ал мұны табысы жоқ, шығыны көп мекеменің қалтасы көтермейді.

Алайда сумен қамту мекемесінің жұмысы әкім ойлағандай оңай-оспақ емес. Оны барғанда көзіміз көрген. Ол жердегі 400 вольттан астам тетікті басқару қауіпті жұмыс! Оның үстіне жұмыс орнында жағдай да жоқ. Ол әкім орынбасарының жылы кабинетіндей жайлы да емес. Еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы да бөлек әңгіме.Сушылар қыста жылуы жоқ бөлмеде жаураса, жаздың аптабында қайда тығыларларын білмей дал болды.

Әкім оларға Атыраудың іргесіндегі Қарабатан елді мекенінде салынып жатқан зауыттан жұмыс тауып беруді де ұсынған екен. Бірақ «Мақатавтокөлікбазасында» жұмыс жасайтындардың басым көбі 30-40 жыл еңбек өтілі бар мамандар болғандықтан олар Қарабатандағы уақытша жұмысқа қызықпайды.

– Ақшасы жоқ жерден жабысып айырылмай отырған адамдарды бірінші рет көріп отырмын. Мүмкін ол жерде табыстың басқа көзі бар шығар, – деп күдіктенеді Сырым Рысқалиев.

Өзінің экономикадан хабары мол, сауатты жігіт екенін ескерткен Сырым Рысқалиевтың мәлімдеуінше, «Мақатавтокөлікбазасын» сақтап қалу үшін ол бірталай жұмыстар атқарған. Өткен жылғы қарыздарын жапқан. Осы жолы да әкім тығырықтан шығудың жолы ретінде жалақыны алты айға төмендете тұруға ақыл беріпті.

Ол су мекемесі қызметкерлерін елден пайдаланған судың ақысын дер кезінде жинап, жұмысты дұрыс ұйымдастырмай жүр деп кінәлайды.

Алайда жұмысшылардың Азаттық тілшісіне баяндағанындай, аудандағы әкімшілік қызметкерлерінің суға төлемеген қарызы да 60 мың теңгеден асады. Ал әкімшілік иелігіндегі жылу қазандығы пайдаланып жатқан су үшін тиын төлемегеніне бәлен жыл болыпты.

Сондай-ақ, жұмысшылардың айтуынша «ауданда жалпы аумағы 1700, 2000 шаршы метрден асатын кафе, ресторандар жеткілікті. Ауруханалар мен бала-бақшалар да күніне қаншама су пайдалануда.
Аштық жариялаған «Мақатавтокөлікбазасы» мекемесі жұмысшыларының Мақат ауданы әкіміне жолдаған арызы. Атырау облысы, Мақат ауданы, 21 ақпан 2010 жыл.


Не себепті екені белгісіз, өзара келісім шартта күніне 6 литр су пайдаланады деп жазылған. Бұны қайта қарап, тексеру ешкімнің ойына келмейді.

Мақат ауданы әкімі қалай болғанда ақша тауып, аштық жариялағандарға көмектесетінін де айтып отыр.

Бірақ Азаттық тілшісіне өзінің ештеңеден қорықпайтын адам екенін де бірнеше қадап айтып, ескертіп қойды.

«АТЫРАУ СУ АРНАСЫ» СУ ОРЫНЫНА НЕГЕ АУА АЙДАЙДЫ...

Су мекемесі қызметкерлері Азаттық тілшісіне өткен жылғы желтоқсанның 23-інде Мақат ауданы әкімдігінде олардың еңбек жағдайына байланысты үлкен жиналыстың болғанын айтып берді.

Оған Мақат аудандық мәслихаты депутаттары, әкімшілік қызметкерлеріне қоса, прокурор көмекшісі де қатысыпты. Сол жолы олар «Мақат автокөлікбазасы» мекемесінің облысты сумен қатамасыз етіп отырған «Атырау су арнасына» 18 миллион қарыз екенін хабарлаған.

Ал қазір 23 миллион теңге қарыз жөнінде әңгіме қозғап отыр. Сонда бар болғаны бір айдың ішінде 6 миллион теңге қарыз үстімізге қайдан жамалды деп таң қалады олар.

– «Атырау су арнасы» КММ директоры А.Ташлыков бізге 2008 жылдың наурыз, сәуір, мамыр, маусым айларының әрқайсысына 57 мың текшк метр су пайдаланғанымыз жайлы қағаз береді. Ал біздің есептегішіміздің көрсеткіші басқа. Мәселен, маусым айында есептегішіміз бойынша 17 мың текшк метр, ал тамызда 20 мың текше метр, қыркүйекте 17 мың текше метр су жұмсадық. Бұл нағыз тонау деп білеміз. Оны прокуратураға жазғанымызбен біздің цифларымыз ешкімнің көзіне түспей отыр, – деп шағымданады жұмысшылар.
Аштық жариялап отырған «Мақатавтокөлікбазасы» мекемесінің операторлары (солдан оңға қарай): В.Морозова, В.Карфидова, Қ.Хасенова арыздарын оқып беріп отыр. Атырау облысы, Мақат ауданы, 21 ақпан 2010 жыл.


Мақаттың қысы-жазы судан зардап шегетіні белгілі. Мұнда су алтыннан да қымбат. Сағаттап қана берілетін су тасушы машиналар келгендегі таласта тек әлділер ғана ауыз суға қол жеткізе алады.

Бірақ соған қарамастан «Мақатавтокөлікбазасының» су есептегіші 300-400 текше метр құр ауаны айналдырып тұр. Құбырда ауа қайдан пайда болды? Су мамандары құбырға компрессор қосылып тұр деп күдіктенеді.

Тіпті «Атырау су арнасынан» арнайы келген өкілдер де мұның себебін түсіндіре алмапты. Олар шамасы су жинайтын резервуарларыңның астында тесік бар деп уәж айтқан екен. Алайда жұмысшылар онда екі жылдан бері айналамыз көлге айналмай ма деп таң қалады.

– Сумен қамтамасыз етудің заңдылықтарын тым жақсы білеміз. Бар өміріміз осының айналасында өтіп келеді. Суық суда ауа болмайды.Оның үстіне бізге келетін судың жай ғана тамшысы және деңгейі 20-40-см аспайды, – деп ұғындырады тәжірибелі операторлар А.Карфидова мен М.Степнова.

Бұл жайды нақтылай түсу үшін бірнеше мәрте «Атырау су арнасына» телефон шалғанымызбен, жауап ала алмадық. Мекеменің хатшысы Қамажай Өтеулиеваның айтуынша, «Атырау су арнасының» бастығы А.Ташлыковтың бірде қолы тимеді, енді бірде жұмыс орынында болмады.

АШТЫҚ АКЦИЯСЫНДАҒЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ

Әзірге аштық жариялаушылар денсаулықтарының сыр бере қоймағанын айтады. Бірақ аудан әкімшілігі оларға әлі медициналық көмек ұсынбапты.

Қазір аштық жариялағандардың ендігі хал-жағдайымен тіркелмеген «Алға «партиясының өкілдері айналысып жатыр. Алматыдан келген «Алға» партиясының белсендісі Айсұлу Қадырбаева жұмысшылардың жағдайын көзімен көріп қайтты.

Партияның Атыраудағы филиалының төрағасы Ғазиз Сайфолла «Аштық жариялағандарды қолдау» комитетін құрғандарын мәлімдеді. Оның құрамында бірнеше қоғамдық ұйым өкілдері, заңгерлер бар.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2010 22:23
+0 / -0
Әй, сорлы қазақ! Мақаттың мұнайы қайда? Мұнайынан түскен ақша қайда:

Кімнен: Ғазиз Сайфолла Қайдан: Атырау
24.02.2010 00:14
+0 / -0
Мен талайды көрдім. Аштық жариялау - әбден амалы тасылғанда істейтін шара. Бір нәрсені түсінбеймін. Осы аш отырған адамдар көздері қарауытып жүріп, бір құралды сындырып алса, бүкіл Мақат сусыз қалмай ма? Жалпы, стратегиялық мазмұндағы нысанның қызметкерлеріне мұндай жасап отырған жергілікті әкімдіктен бәрін күтуге болады. Ашыққандардың айтуынан түсінгенім, осы су айдайтын жерді біреу су тегінге алып, пайдаға белшесінен батпақшы. Былайша айтқанда, банкрот қылып, арзанға сатып алмақшы. Ал, әкімдіктің Мақат халқына жасап отырған әрекетін "су ішпесең, у іш!" деп отырған сыңайлы деп бағамдауға болады.

Кімнен: Махмуд Қайдан: Карағанды
24.02.2010 00:19
+0 / -0
Несіне жаза бересіңдер. Ұйымдасып, жүйені құртудан басқа жол жоқ. Бәріне түсіндіру керек, мына НАНның билігі құламай жақсылық жоқ. Қасындағыларды жақсылап қадағалаңдар. Ертең құтылып кетпесін. Өмір бойы жұмыс басында қонып істеп жүрген кісілердің түкке тұрмайтын жалақысын қыйғанша, КӨРГЕ КІРІҢДЕР, ӘКІМДЕР МЕН СОЛАРДЫҢ ҚҰЙЫРШЫҚТАРЫ!!!!!!!!

Кімнен: Сәрсен Қайдан: Арқалық
24.02.2010 01:07
+0 / -0
Неге комменттер тез шықпайды. Әлде, жіберетіндер ұйықтап жата ма?

Кімнен: Анахарсис Қайдан: Шәуілдір
24.02.2010 01:15
+0 / -0
Батыр қазақтың тұқымдары енді аштық жариялаудан басқа күресу тәсілін таппағаны ма? Бұл биліктің зұлымдығы туғызған үрейдің кесірі емес пе! Аштық жариялаудың нәтижесі аштан өлу ғой. СОнда өздеріңді өздерің өлтіру арқылы оларды жеңбекшісіңдер ме? Жауларыңмен ашық айқасқа шықсаңдар әлдеқайда ерлік болар еді ғой! Ұрпақтарыңа аштық жариялағымыз деп үлгі қалдырмақсыңдар ма? Бірігу керек, ұйымдасу керек, сосын аштан өлгенше, алысып өлейін деу керек. Бірақ үрей мен бірліктің жоқтығы сендерді осынау ең ақымақ күрес жолын таңдауға мәжбүр еткен екен. Ондай болса аштан өліп көріңдер.

Кімнен: Ғалия Қайдан: Атырау
24.02.2010 17:32
+0 / -0
Бұл неге экранда жоқ, аштық жариялап жатқандарға денсаулықтарыңды дәргерге өздерің көрсетіп тұрыңдар деп айтайын деп едім.

Кімнен: Мәрия Қайдан: Атырау
24.02.2010 23:58
+0 / -0
Бұрындары біреулер аштық жариялады деп еститін едік, енді бізге де келді ме? Онда бұл биліктің шаруасы бітуге жақындады деген сөз!

Кімнен: Рақым Қайдан: Атырау
25.02.2010 23:45
+0 / -0
Азаматтар! Қайда жүрсек те топ құрап жүрейік!!!!!!!!! Аз-аздан топтасып жүрейік. Бұл топтарға күдіктілерді жақындатпаңдар! Асықпаңдар!!!!!! Араларыңда жағдайы жақсы сұмырайлар толып жүр. Солар арандатып кетеді. Қан шықпай, мұрын қанамай, жақсы өмір болмайды. Өйткені, байлықты астына басып алған байлар мен олардың балалары кедейлерді өлердей жек көреді. Олар сендердің қастарыңда жүр. Оларды әке-шешелері оқытып қойған, қасыңдағы балаларды тиын-тебен беріп алдап жүр деп. Сендер солардың итке тастаған сүйектерін кеміріп жүрсіңдер!!!!!!!!!! Бүгінде бір ғана АҚИҚАТ бар, ол - топ құрып, біріге беру!!!!!!!!!!!! Осы топтағы АЗАМАТТАР революция жасаса, болашақ болады. Ал, ұйдегі қатын-қалаштан шыға алмай бұғып қалса, онда тыға береді!

Кімнен: Рақым Қайдан: Атырау
26.02.2010 00:23
+0 / -0
Мына ойымды жарыққа шығарған модераторға Рақымның атынан Рақмет. Үндемей отырып, көп іс тындырдың. Үйткені, сендерді көп адам оқиды, пікір білдіретіні некен-саяқ болғанмен.

Кімнен: Марат Қайдан: Алматы
26.02.2010 23:19
+0 / -0
Мына "АЛҒАЛЫҚ" тардың бет алысы қатты! Осыларға кім қосылады, кім өсек айтып жер шұқып отырады, осыдан білеміз. Патриот, руханият, осдп, Жсдп, жүн жыпыр, тықыр тұқыр , кілең түсініксіз бықы тықы партиялар. ТЕК ҚАНА "Алғамен" болыңдар. Қалғандарында түк жұмыс жоқ. Бір жерде бірдеңе бола қалса, сонда жетіп барады. Жүйелі жұмыстары жоқ. Бірақ, сала құлаш тілдері бар!

Кімнен: Ғазиз Сайфуллин Қайдан: Атырау
27.02.2010 16:48
+0 / -0
Аш топтың бір бастамашысының бірі Карфидоваға телефон шалғанымда ақшаларын әкімшілік бүгін түскі сағат бірден қалдырмай төлеуге уәде бергендерін хабарлап, басқа да аштық жариялаған жұмысшылар атынан рахметін айтты. Бұған дейін "бізді көз жастарыңмен қорқытпаңдар, бізді ащ\штық жариялап қорқыта алмайсыңдар" деген билік кейін шегінді.Бұл - осы жұмысшылардың табандылығы арқасында болып отыр. Бұлар бұдан бұрын да талай проблемаларын осылай шешіп үйренген адамдар. Осылардан үлгі алыңдар, жоқ нәрсені дәметіп, бәрі жақсы болаааааады деп, таңды атырып, күнді батырғанға мәз болғанша! Сосын, "бүйтсек қайтеді, сүйтсек қайтеді, сирақты үйтсек қайтеді" демей, өз құқығыңды қорғау үшін нақты іске көшу керек. Бүгінгі билік егер, СІЗ өз құқығыңызды қорғап, нақты күрес жолына түссеңіз ғана сізбен санасады. Онда да бірден емес, біраз діңкеңді құртып қана. Шаршап, қолыңды сілтеп тайып кетсең, қуанады. Оларға керегі де сол! Және, бүгінгі биліктің бүткіл органдары адамдарды әбден қажытып, (мұны жалпы халық тілімен айтқанда "надоел" болып, деп түсінген жөн) енді қайтіп өз құқықтарын қорғамауға жұмыс істеп отыр. Солай болады да. Бала кезімде туған ауылым Тайсойғанның клубынан бір кино көргенмін. Сол кино мынадай сөздермен басталып еді: Егер де сен, тілесең БАҚЫТ - күреске түс аянбай! Өмір сүрудің, соның ішінде адам атына лайықты өмір сүрудің негізгі заңы - осы. Ал, еш әрекетсіз жатып алып, ӘДІЛДІКТІ тәрелкеге салып әкеліп, алдыңа қоюын күтіп жүрсең, ол тағы өз еркің... Әркімнің өзінше өмір сүру құқы бар. Мұны бізден бұрынғы саясатшылар айтып кеткен, "әр халық өзінің басшысына лайық" деп. Алып қосарымыз жоқ - даусыз әңгіме.

Кімнен: Кайрат Қайдан: Атырау
07.03.2010 12:11
+0 / -0
Макатавтоколикбазасындагыалардын адети осылай, жыл сайын укиметке президентке, облыс жане аудан акимерине, зан орындарына арызданады да журеди. Буны уйымдастыратын Карфидова, Степанова жане Морозовалар. Булар абден еті уйреніп кеткен, олар неге акша бермесе уйлерінде зейнетакысын алып тыныш отырмайды.Олар будан баска да кункорис корип отыр осы су аркылы, ай кемпирлер орындарынды босатындар, жастарга орын беретин уакыт келди

Кімнен: Мәлік Қайдан: Өскемен
13.03.2010 23:04
+0 / -0
Атырауда жарамсақтар жоқ деп естіп едім. өтірік екен. Мына Қайратың тұп тура әкімдердің артына кіріп отыр ғой. Жалақы ала алмаса, оны үкіметтен тартып алып отырғандардвн үйренбейсің бе, сорлы Қайрат-ау..... Кемпірлерді кбасқа бірдеңе сатып отыр деп қатын өсекке барып отырсың. Ол қатындар ол жерде су сатса, ертең ақ соттап жібередлі, билік, Сен сияқты жантықтарын жіберіп. Ал, жастарға орын берсін дегенің қай лаққаның? Ол жердің түкке тұрмайтын тиынына жастар бармай отыр емес пе? Сол жерге неге барып істеп, сол кемпірлердің орнынан неге миллионер болып кетпейсің? Сол кемпірлер ге ұқсап, 4-5 айдың ақшасын бір алсаң мил-р боласың сен бейбақ. Не жазғаныңды білмесең, биліктен сұрап ал. Ал, сен сияқтылардан билік те қорқады. Жалпы, Сенің шақша басыңнан бәрі қорқады