Дүйсенбі, 20 мамыр 2013, Алматы 05:25


ӘЛЕУМЕТ / Ереуілдер

Жұмысшылар талаптары орындалғанын хабарлады

Атыраудағы қытайлық Sinopec Engineering компаниясындағы қазақ жұмысшыларының үш күнге созылған ереуілі мамырдың 5-і күні тоқтады. «Евразия Строй Капитал 2007» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) жұмысшылары компания басшысының талаптарын орындауға уәде бергенін айтты.

Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
Sinopec Engineering компаниясының мердігері "Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
- Мамырдың 4-і күні кешке серіктестік директоры Чин мырза талаптарымыздың орындалатыны туралы келісім қағазға қол қойды. Ең бастысы  - жалақымыз қытайлық жұмысшының жалақысымен бірдей, яғни  1000 доллар болады. Біз ол қағазды нотариус арқылы куәлендіріп алып жатырмыз. Жұмысымызға шықтық, - деп хабарлады жұмысшылар бүгін Азаттық тілшісіне.

«ӨЗ ЕЛІМІЗДЕ ҚҰЛ БОЛДЫҚ»

Мамырдың 2-сі күні Атырау мұнай өңдеу заводы қасынан салынып жатқан хош иісті көмірсутектер құрылысына жауапты қытайлық Sinopec Engineering компаниясының 200-ге тарта  жұмысшысы еңбек жағдайын жақсартуды, жалақы төлеудегі алалауды жоюды талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан еді.

Олар бір жыл бойы айлықтарынан зейнетақы, табыс салықтары тәрізді заңды төлемдер ұсталғанымен, осы күнге дейін аударылмай келгеніне шағымданған.

- Зейнетақымызға бір жыл болды ақша түскен жоқ. Кіріс салығын тиісті мөлшерден екі еселеп ұстайды. Демалыс күндері берілмейді. Бір күн демалсақ, екі күннің еңбек ақысын ұстап қалады. Медициналық сақтандыру деген жоқ. Өндірістік 
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл."Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
x
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
жарақат алған жұмысшылар өз күштерімен емделіп жүр. Жатын орынымыз, жуынатын жер - антисанитария. Соның кесірінен 28 адам өкпе ауруына шалдығып кетті, - дейді жұмысшылар.

Ереуілге шыққан жұмысшылардың барлығы дерлік - Қазақстанға Қытайдан қоныс аударған қазақтар.

- Біз жат мемлекетте жүріп мұндай құлдыққа түспеген едік. Ал мұнда құлдан да төмен жағдайдамыз. Мәселен, әр қазақ жұмысшысы каскасына арнаулы нөмірмен белгіленген. Жұмыс уақытында сәл демалсаң, қытайлар келіп, дереу каскадағы әлгі нөмірді жазып алады. Содан соң жалақыдан кеседі. Абақтыға түскендерді де нөмірлегенде маңдайдан емес, кеудесіне жазады ғой, - дейді ереуілшілердің бірі Ермек Мамырбек.

Жұмысшылардың айтуынша, олармен бірге жатақханада күзет қызметінде істейтін жалғыз қытай азамат тұрады.

- Оған жасалған тұрмыстық жағдай ерекше. 200 адам қысы-жазы сырттағы бір әжетханаға барсақ, бұл жатақхана ішіндегі бір бөлмені жалғыз өзі иеленеді, кілтімен ашып-жауып жүреді, - дейді жұмысшылар.

«Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС  - 100 пайыз қытайлық серіктестік. Ол Қазақстан заңының талабы бойынша, химиялық кешен құрылысын жүргізуге байланысты тендерге қатысу құқына ие болу үшін, жергілікті орында тіркелген.

ҚЫТАЙ БАСШЫНЫҢ УӘДЕСІ

Мамырдың 4-і күні «Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС директоры Чин Е ереуілші жұмысшылармен кездесті. Бұл кездесуге фирманың кадр бөлімі және бухгалтерия мамандарымен бірге Sinopec Engineering компаниясының қазақстандағы филиалы бас директорының кеңесшісі Жалғас Дүкенбаев та қатысты. 

Жұмысшылар бұған дейін айтып келе жатқан талаптарын қайта қозғады. Олар 
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл."Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
x
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
жалақы мен келісім шарт туралы әңгіме қозғалса, кадр бөлімі мен бухгалтериядағы қазақ мамандары тарапынан дөрекілікке тап болатынын айтып шағымданды.

- Олар бізге «малсыңдар» дейді. Біздің бар айыбымыз - келісім шартымызды сұрағанымыз. Бізге оны да осы уақытқа дейін берген жоқ, - деді жұмысшылар.

«Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС бухгалтері Әлия Оразова жұмысшылардың зейнетақымыз қайда деген сауалына жауап бере алмады.

- Мен бәрін аудардым, бірақ неге түспегенін білмеймін. Оны  мемлекеттік зейнетақы қорынан сұрау керек, - дейді ол.

Жұмысшылар 30 күн бойы демалыссыз жұмыс істеп, 50-60 мың ғана алатындарын айтады.

- Қазақтар кез-келген қытайлық жұмысшылардан артық істейді. Әрі жұмыстың ең ауырын атқарады. Бірақ қытайлық жұмысшылар 150 мың теңгеден 230 мың теңгеге дейін айлық алады. Ал біздер  қанша тырыссақ та, не разрядымызды көтермейді, не жалақымызды өсірмейді. Неге? - деп сұрады олар.

Sinopec Engineering компаниясының Қазақстандағы филиалы бас директорының кеңесшісі Жалғас Дүкенбаев жұмысшылардың тұрмыстық және әлеуметтік 
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл."Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
x
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
"Евразия строй капитал 2007" жұмысшылары наразылық білдіріп тұр. Атырау, Балықшы ықшам ауданы, 3 мамыр 2012 жыл.
төлемдерге қатысты талаптары орындалатынын айтты. «Егер оны орындамаса, бұл мердігермен келісім шарт бұзылады» дейді ол.

- Бірақ 230 мың жалақы сендерге төленбейді, - деді  Жалғас Дүкенбаев жұмысшыларға. -  Өйткені ондай жалақыны металл құрылымдарды құрастыруға арнайы шақырылған, Қазақстанда жоқ бес-алты қытайлық маман ғана алады.

Алайда жұмысшылар өздерінің серіктестік басшысымен әңгімеде «Қарапайым қытай жұмысшысының ең төменгі жалақысы қанша?» деген сауалға  «Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС директорының «1000 доллар» деп жауап бергенін айтады.

Жұмысшылар ереуіліне байланысты ресми баспасөз мәлімдемесін таратқан Sinopec Engineering  компаниясы қазақстандық жұмысшылардың еңбекақысы  сыйақы мен артық сағаттарын қоса санағанда 90 мың теңгеден 140 мың теңгеге 
Sinopec Engineering компаниясының бас директоры Чжу Хайсин (сол жақта) және Атырау мұнай өңдеу заводының бас директоры Талғат Байтазиев шарт жасасып отыр. Атырау, 29 қазан 2009 жыл.Sinopec Engineering компаниясының бас директоры Чжу Хайсин (сол жақта) және Атырау мұнай өңдеу заводының бас директоры Талғат Байтазиев шарт жасасып отыр. Атырау, 29 қазан 2009 жыл.
x
Sinopec Engineering компаниясының бас директоры Чжу Хайсин (сол жақта) және Атырау мұнай өңдеу заводының бас директоры Талғат Байтазиев шарт жасасып отыр. Атырау, 29 қазан 2009 жыл.
Sinopec Engineering компаниясының бас директоры Чжу Хайсин (сол жақта) және Атырау мұнай өңдеу заводының бас директоры Талғат Байтазиев шарт жасасып отыр. Атырау, 29 қазан 2009 жыл.
дейін деп мәлімдеме жасады. Компанияның ақпаратына сүйенсек, қытай  жұмысшысы сыйақы мен артық жұмыс сағаттарын қоса есептегенде 160 мың теңге алады.

Кешегі жиын соңында «Евразия Строй Капитал 2007» ЖШС директоры жұмысшылар талаптарын орындайтыны туралы қағаз жүзінде келісімге отыруға уәде берген еді.

Атырау мұнай өңдеу заводының хош иісті көмірсутектер шығаратын заводы - «Қазақстан мұнай химия өнеркәсібін өркендету туралы 2008-2013 жылдарға арналған бағдарлама» шеңберінде салынып жатқан кешенді құрылыс. Оның құрылысына жауапты - қытайлық Sinopec Engineering компаниясы. Жобаның жалпы құны - 1 миллиард доллардан астам.

Қазір құрылыс алаңында түрлі мердігер компаниялардың 600-ден астам жұмысшысы жұмыс істеп жүр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ануар Қайдан: атырау
06.05.2012 02:55
+0 / -0
енди ереулди бастаган жигиттерди жумыстан шыгарады гои
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 16:57
+0 / -0
кепілдік беремін

Кімнен: Езілген таптан Қайдан: Феодалдар елінен
06.05.2012 05:09
+0 / -0
- Олар бізге «малсыңдар» дейді. Біздің бар айыбымыз - келісім шартымызды сұрағанымыз. Бізге оны да осы уақытқа дейін берген жоқ, - деді жұмысшылар.
----------------------------------------------
Осы жылдың басында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолында жұмыс істейтін ауыр жүк көлік жүргізушілері көтеріліс жасағанжа Қызылорда облыстық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғамау депортаментінің директоры Н.Жолдасбаев мырза теледидар арқылы: "мен бұл мекеменің кадр бөлімінде барлық жұмысшылардың келісім-шарттары бар екенін көрдім" деді.
Ау, келісім-шарт деген екі данада жасалып, бір данасы жұмысшының қолында болу керек емес пе?
Негізі, Қазақстанның барық дәрежедегі басшылыры жемқорлыққа кеңірдегінен батып кетіп, өз халқына қиянат пен сатқындық жасап отыр. Ондай сатқын мемлекетті мемлекет деп атауға да болмайды.
Негізі, үстемтаптың көзін жойған Ленин мен Сталинді енді ғана түсіне бастадым.


Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
06.05.2012 09:32
+0 / -0
Бар бәленің көксоққан Ұрышайтан тарапынан келіп (болып та) жатқанын бұл қазақ байғұс қашан түсінер екен?..
Тек қана қытайларды ғана емес қалған 129 (диаспора) ұлтты да мойнымызға аттай мінгізіп қойған бұл қақпастың көзі жойылмай қазаққа атар таң, батар күн жоқ екенін барша қазақ қашан сезінер екен?..
Әй, өзімізге де сол керек-ау!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 16:58
+0 / -0
жаса жігіттер

Кімнен: Уяты Бар Казах Қайдан: Казахиядан
06.05.2012 12:36
+0 / -0
ой-бу Біз деген Дамып Келе жатырмыз Го ))

Кімнен: Құлсары жігіті
06.05.2012 18:23
+0 / -0
Инвестиция тартамыз деп өз халқын құл қылып, шет ел компанияларына тізерлетіп алдына жығып беріп отыр.Жердин бәрин шет елге таратып жатыр,экологияны ластап жатса да қиналмайт.Керісінше малдың боғын зиянды химикаттар қатарына жатқызып салық салып ақша жинамақ.Министр боратты мақтап рахмет айтат.Халықты құл қылып отырған басшыларды дүния-мүлкін тәлкілеп халыққа айту керек.Соттау керек.

Кімнен: Шындық
06.05.2012 18:44
+0 / -0
Біз дамып келе жатырған жоқпыз , қаита өшіріліп тапталып келе жатырған жаиымыз бар . Қазаққа жалғандыққа бас иеген жарасбас , билік өз бағытымен халық өз бағытын таңдағанкез , есектің артын жусаңда жұмыс жасадеп көкеміз тегін аиытпаған , мұнаи , баилық жоқдеп аитылғаны тегін емес ол баилықтың бәрі менікі дегені . Аиналдырған 16 милйон халқын алақанына салып аялаи алмаи отырған биліктен не паида . Дамыған ел болсақ неге елімде кедеилермен жұмыссыздар көп . Товар шығаратын өндіріс орындары неге жоқ , тек сату мұра болыппа . Бұл билік алдаиды , арбаиды сол арқылы мәңгілік билігін сақтап қалума . Сол алдағанға көнетін , сенетін адамдардың бары жаныма қатты батады , соншама ез болып кеткенімізбе , көздеріңді ашып аиналаңа қарап , өткеніңмен , болашағыңды бағдарлаи алмасаң кім болғаның . Қазақ екенің рас болса кешегі ата бабалардаи жақсы қасиеттерің қаида , әлде Назарбаевты көп тыңдаимындеп сана уландыма , қазағым қанымыздағы өжеттілікпен , қаисарллықты сырытқа шығарар кез келді , оқ атылдыма атылды , қырдыма қырды енді не керек , енді нені күтіп жүрміз , бір болаиық . Жеңісті бірге тоилайық .

Кімнен: Әділет Қайдан: Өтірікші елінен
06.05.2012 20:14
+0 / -0
Шындықтың айтқаны дұрыс. Қашанға дейін төземіз. Өділетсіздік,ЕБ-тің көргенсіздігіне халықтан қашан жауап болады. Қазақ халқының Ленині қайда.Қашан.қайдан табамыз.Халықты қөрлап, кемітіп,зорлауын қоятын түрі жоқ қой.Ұят қайда опасыз Позорбаев.

Кімнен: Құлемес Қайдан: Рабстан
06.05.2012 22:12
+0 / -0
Бүкіл ҚАЗАҚ МЕМІЛЕКЕТІНІҢ жұмысшылары жасасын, бірігу керек! Атпақ түгелі жерге тығып жіберер болсада, қадалған жерден қан алуды анау Адай ағайындардан үйренуіміз керек, құл емес екенімізді дәлелдей білейік. Сананы оятып, көзді ашып, әділдік жолын қанымен жазып кеткен Жаңаөзендіктерге зор мәрхабат мың тағзым!

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?