Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:11

МҰРАҒАТ

Балгин Бердіоңғаровтан кешірім сұрап, «енді депутаттарға түкірмеуге» уәде берді

Желтоқсанның 13-і күні Алматының Медеу аудандық сотында «түкірік дауы» бітіммен аяқталды.

Мәтін көлемі - +

Мәжілістің бұрынғы депутаты Тәңірберген Бердіоңғаровтың бетіне түкірген бұрынғы университет оқытушысы Рафаэль Балгин одан кешірім сұрады. Ал экс-депутат «кешіргенін, ешқандай моральдық өтемақы талап етпейтінін» айтты.

«ЭКСПЕРИМЕНТ» ПЕН «ДОСТЫҚ»

– Бердіоңғаров мырзадан өз істегенім үшін ресми түрде кешірім сұраймын. Өз ісімнің дұрыс емес, әдепсіз әрі этикаға жат қылық екендігін мойындаймын, – деді Балгин.

Ол «бұдан былай Бердіоңғаровқа қатысты мұндай журналистік тәжірибені қайталамауға, әрі бұл оқиғаны интернет пен өзге де БАҚ арқылы әрі қарай өрбітпеуге» уәде етті. Рафаэль Балгин өзінің сотқа дейін жеткен ісі «шығармашылық эксперимент» екенін айтады.

– Бұл парламенттегі ең жас әрі танымал депутаттың қатысуымен журналист ретінде менің шығармашылық экспериментім еді, – деді ол соттағы сөзінде.

Экс-депутат Тәңірберген Бердіоңғаров Рафаэль Балгинге кешірім бергенін айтып, «мүмкін, алдағы уақытта дос болып кетерміз» деді.

–  «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» дейді. Биік болу керек, кешіре білу керек. Бұл мәселеде Рафаэль Амурұлын толықтай кешіремін, – деді бұрынғы депутат.

ДАУДЫҢ БАСЫ

Балғин мен Бердоңғаров арасындағы дау биыл шілденің 4-і күні Алматыда болған. Өзін «тәуелсіз журналиспін» деп атаған Рафаэль Балғин көшеде мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердоңғаровты көріп қалып, бетіне түкіріп жіберген.

Кейінірек бұл ісінің себебін түсіндірген  Балғин бұған «Бердоңғаров екеуінің арасындағы сегіз жыл бұрынғы оқиға түрткі болғанын» айтқан.

Балғиннің айтуынша, 2003 жылы Алматыдағы оқу орындарының бірінде оқытушы болып жүргенде бір студент қыз оған «жаман сөз айтып», ол қыздың үстінен оқу орны басшылығына рапорт жазыпты. Студент қызға сол кездегі «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Тәңірберген Бердіоңғаров «қамқорлық» танытып, оқытушы Балгинге қоқан-лоққы көрсеткен.

Бердіоңғаров осы оқиғаға орай «ар-намысыма тиді, депутаттық қызметіме кедергі келтірді» деп, құқық қорғау органдарына шағымданған еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
13.12.2011 20:32
+0 / -0
"Депутаттарға не үшін түкіру керек"?

Кімнен: Наркескен! Қайдан: Атырау!
13.12.2011 20:45
+0 / -0
Осы Бердіоңғаровты жақтырмаймын. Елі үшін не бітірді екен, депутат болып? Қазаққа қай бетімен қарайды, өзінің анасы, ата бабасы сөйлеген тілді білмейді. Қарабет!!! Мұндайларды шахтаға жұмысқа салу керек, ойбайлатып. Жұмысқа икемі болмаса, сол шахтаға көме салу керек, қалсын сонда. Қаны қазақ болса да қазақша сөйлемейтін адамдары иттің етінен жек көремін!

Кімнен: сәмет
14.12.2011 01:10
+0 / -0
Балғинді де түсінуге болады қорқаулармен ілігісемін деп шаршап кеткен ғой, өкінішке орай осындай шата шалалардың заманы жүріп тұр ғой. Кешірім сұрап құтыла салайын деген ғой. Мен қарапайым адам бәрін түсінемін ау бірақ Бердоңғардың Балғинға қазір милиция шақыртып сүйектеріңді сықырлатып сындырамын деп кіжінгенін қалай түсінуге болады? Жепутаттарымыздың жеткен жері осы болғаны ғой. Ертең Еуразиялық одақтың аясында өмір сүретін болсақ күндердің бір күнінде Ресейден нұсқау келсе анау өзі жарымжан тілдерің керек па осы сендерге керек болмаса көзін құртып орыс тіліне көшіңдер бәрібір орысша сөйлеп жүрсіңідер ғой десе осы бердоңғарлар шәпкелерін аспанға атып бірінші мәз болар еді, жақсы болды ғой өзі, бәле болып еді деп

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.12.2011 03:25
+0 / -0
Бұндай сүмелекттер жетіп артылады.

Кімнен: erke
14.12.2011 09:25
+0 / -0
ТАҢІРБЕРГЕН ӨЗІНЕ КЕРЕМЕТ ПИАР ЖАСАП АЛДЫ ИӘ

Кімнен: Жатыпатар Қайдан: Маңғыстау
14.12.2011 11:14
+0 / -0
Бердіоңғаров беріп жақсы қылған екен.

Кімнен: самат Қайдан: ақтау
12.01.2012 00:32
+0 / -0
кешіретінін білгенде, қап! түкіргесін дұрыстап тұрып мұрындағы, өңештегіні қырнап тұрып, қақырып тұрып түкіру керек еді!