Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 02:29

ҚАЗАҚСТАН

Гога Ашкенази Назарбаев әулетінің бетіне шіркеу бола ма?

Гога Ашкенази - бизнес империясын Лондоннан қадағалап отыратын халықаралық олигархтармен, Голливуд жұлдыздарымен және еуропалық корольдер әулетімен аралас-құралас болып жүрген іскер әйел. Тараздық қыздың табысының құпиясы жайлы жорамал көп.

Гога Ашкенази (Гауһар Берқалиева). Мәскеу. 23 қазан 2009 жыл.
Мәтін көлемі - +

Бірақ қазақ президентінің бай да құдіретті күйеу баласымен жақын байланысы Гога Ашкеназидің Астанамен байланысына айрықша назар аудартып отыр.

Провинциальдық деңгейдегі қаладан келіп, Британ қоғамының көрнекті мүшесіне дейін тез көтерілген Гауһар Берқалиева - Гога  Тараздағы су инженерінің кенже қызы болатын.

Бойшаң, көрікті, 31 жастағы Ашкенази қазір Оксфорд университетін тәмамдап, Лондонның мәртебелі Голландия бағындағы зәулім үйде тұрады, бірнеше елді қамтитын бизнес империясын қадағалап отырады.

Ресей мен Ұлыбританияда оны пір тұтатындар баршылық. Бірақ Ашкеназидің жетістігін қазақ президенті әулетімен байланыстарындар да бар.

Гогаға қатысты  шетелде әр алуан пікір айтылады. Бірақ ол ақпарат құралдары қатаң мемлекет бақылауындағы Қазақстанда онша танымал болмады. Алайда шетелдік бағдарламалар Ашкенази мен президенттің миллиардер 
Гога Ашкенази (сол жақта) мен Тимур Құлыбаев.

күйеу баласы Тимур Құлыбаев екеуінің араларындағы қарым-қатынасына назар аударғанда жағдай өзгере бастады.

"ХАНШАЙЫМ"

6 шілдеде – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 71-ге келген күнінде – "K-Плюс" телеарнасы Ашкеназиге қатысты деректі фильмнің алғашқы бөлімін көрсетті.

"Ханшайым мен қайыршылар" деп аталатын фильмге Гога мен Тимур Кұлыбаев екеуінің араларындағы жақын байланыс арқау болған.

Тимур Құлыбаев президент Назарбаевтың қызы Динарамен 20 жылдан астам уақыттан бері отасып, одан үш бала сүйген. Ол бертін келе Ашкеназиден де бала көрді.

"Ханшайым мен қайыршылар" фильмінде Ашкеназидің үлде мен бүлдеге оранған тіршілігі және өлместің күнін көріп жүрген қарапайым қазақтардың қиын жағдайы арасындағы қарама-қайшылық көрсетілген.

Бұдан бұрын ресейлік "НТВ" телеарнасы Ашкеназидің қысқы демалысын Швейцариядағы шаңғы курортында қалай өткізетіндігін, Дубайда қалай жұмыс істейтіндігін көрсеткен еді.

Ашкенази "НТВ" телеарнасына берген сұхбатында орыстілді ақпарат құралдары өзін "жағымсыз кейіпте суреттейтінін" айтып, шағынған еді.

Гога Ашкенази осы хикаяға қатысты Азат Еуропа/Азаттық радиосының сұрақтарына жауап бермеді. Бірақ ол бір кездері Тимур Құлыбаевтың ашынасы болғанын, 2007 жылы желтоқсанда дүниеге келген баласы Адамның әкесі Тимур екенін жасырмайды. 
Тимур Құлыбаевтың зайыбы Динара (оң жақта).



ӨЗ ЕЛІНДЕ ЕЛЕУСІЗ

Ұлыбритания ақпарат құралдарының мәліметтеріне сәйкес, Ашкенази мен Құлыбаев алғаш 2005 жылы кездескен. Гога ол кезде калифорниялық қонақүй мұрагері Стефан Ашкеназидің жұбайы еді. Ашкеназилер кейін ажырасып тынды. Ал Гогамен байланыста болған Тимур Құлыбаев Динара Назарбаевамен ерлі-зайыпты күйінде қала берді.

Бірақ бұл хикая Қазақстан қоғамына мәлім болмады.

- Үкіметтің сөзін сөйлейтін ақпарат құралдары мен ресми Астана Ашкенази жайлы тіс жармайды. Себебі бұл - оның (Гога Ашкеназидің) мұнай секторы мен құдіретті мұнай магнаттарына, атап айтқанда Тимур Құлыбаевқа қалай қолы жеткені жайлы көптеген жайсыз сұрақтарға жетелеуі мүмкін ыңғайсыз мәселе, - дейді қазақ кәсіпкері және оппозициялық саясаткер Болат Әбілов.

"Оның Тимур Құлыбаевпен арадағы бейресми қарым-қатынасын біле отырып, Қазақстандағы мемлекеттік және басқа да ақпарат құралдары Ашкенази жайлы ештеңе айтпайды. Ақпарат құралдарына осы мәселені қозғауға тыйым салынған әрі олар қорқады. Себебі бұл - өте тайғанақ тақырып" дейді саясаткер.

КЕРБЕЗДІКТІҢ ТӨРКІНІ

Ашкенази 13 жасында Англиядағы жабық мектеп-интернатқа жіберілді. Одан кейін Оксфорд университетінде тарих және экономика факультетінде оқыды. Тапқырлығына бұрынғы сыныптастары тәнті болған Гога өзінің алғашқы тиімді байланыстарын Оксфордта оқып жүргенде-ақ орнатып үлгерген.

Мұнайлы Қазақстаннан шыққан жаңа байлар Ұлыбританияда дүние-мүлік ала бастағанда, Гога ауқатты іскер ретінде қалыптасып үлгерген еді.

Қазір Гога Ашкенази ішіне еуропалық король әулеттерімен қатар халықаралық олигархтардың бірқатары, Голливуд жұлдыздары енетін Ұлыбритания қоғамының сорпа бетіне шығар тобымен арасында жүр. Бірақ оның табысының көбі Қазақстанннан түсіп жатыр.

Гога Ашкенази Қазақстандағы жекеменшік MunaiGaz Engineering Group компаниясының негізін қалаушы және президенті. Ол сонымен бірге Қазақстандағы инвестициялармен айналысатын MMG Global Consulting Group-тың директоры. Ақпарат құралдарына берген сұхбатында ол енді қазақтың алтын өндіру индустриясын иеленуді көздеп отырғанын айтқан еді.

Кейбір сарапшылар Назарбаевтың мұрагері деп танитын Құлыбаевпен арадағы қарым-қатынасы аяқталды дегенмен, Гога Тимурдың бизнес кәсіпорындарында көмектесіп келе жатқанын мойындайды. Құлыбаевпен қарым-қатынасы газет мақалаларының тақырыбына айналып тұрған кезде Гоганың Қазақстандағы тиімді мұнай секторына қол жеткізетін ерекше амалы жайында жиі айтылады.

- Қазақстанда екіұдай мораль қалыптасқан. Кімнің кіммен жүретінін, кім кімнің көңілдесі екенін, кімнің кімнен бала тапқанын көп адам біледі. Бірақ бұл саясаткерлер мен кәсіпкерлердің абыройына дақ түсірмейді. Бізде мұндай жағдайлар саясаткерлердің не кәсіпкерлердің өсуін анықтайтындай мәдениет жоқ, - дейді сарапшы Айдос Сарым.

Бірақ "халықты қатты ашындыратыны - ұлт байлығының шынымен тоналып жатқаны" дейді ешкімнің атын атамаған Сарым.
Дариға Назарбаева (сол жақта) мен Рахат Әлиев.


ӘУЛЕТТЕГІ АЙҚАЙДЫҢ БАСЫ

Қазақстанның №1 әулетінің абыройына Назарбаевтың шетелдегі бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев тудырған жанжал да біраз нұқсан келтіріп үлгерді.

Рахат Әлиев президенттің үлкен қызы Дариғаға үйленген болатын. Әлиевтің Назарбаевқа деген адалдығына айтарлықтай күмән туған кезде ол президент рақымынан айырылды. Енді, міне, Қазақстан кісі өлтіру мен адам ұрлау кіретін ауыр айыптар бойынша сырттай сотталған Рахат Әлиевті елге алғыза алмай жатыр.

Қазақ депутаттары көп әйел алуға байланысты пікір айтамыз деп сынға ұшырап жүргені белгілі. Сондайда Назарбаевтың екінші күйеу баласының қылығына байланысты шара қабылдауы мүмкін бе?

Тіркелмеген "Алға" партиясының басшысы Владимир Козлов "бұлай бола қоймас" деп болжайды. Оның ойынша, Құлыбаевқа биік моральдық және этикалық стандарттардың қажеті де шамалы болса керек.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: student
22.07.2011 09:06
+0 / -0
timur kulybaev ta v skorom vremeni turli aiyptaularmen elden ketetin bolar. Vo vsem est' predel degen bar. Bul bilikke de katisti.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.07.2011 09:59
+0 / -0
Бәле болды ғо тіпті, бұлар... Ауылда газы , ауыз суы жоқ, ошаққа малдың қиын жағып жүрген қазақты аяймын. Әттең, қолымыздан ештене келмейді.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
22.07.2011 10:24
+0 / -0
Майра Назарбаева деген келін елді бір дүрліктіріп, біраз рэкет жасап еді, енді мынаусы шықты алтындай етіп артын сатып... Сондықтан бұларды биліктің бетіндегі шіркеуі десеңіздер оңбай қателесесіздер, бұлар дегеніңіз Назарбаевтар әулетінің беттерінің шіркеуі емес, айнасы деу дұрыс шығар!

Кімнен: Майбасар Қайдан: Қарағанды
22.07.2011 11:36
+0 / -0
Дүниені булдіретіндер, барлық жаманшылықты жасайтындар некесіз туғандар, деген аят бар.

Кімнен: ishki bulhinis Қайдан: astana
22.07.2011 12:20
+0 / -0
Қазақ халқым абаилаңіздар ,қазақтыің сорпа бетіне шіғарлары түгел аипты болса ертең ел басқарар азаматтар басқа ұлыттан шығатын шығар. ат құлағынан ақсамаиды,мемілекет күшеигенше тырнақ астынан кір іздемеиік. оилаңіздар жақынғы 5 жылда саясат қазақ ұлтына тіиімсіз,назарбаидан артық бір диктатор тұрған жоқпа билік басында?

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
22.07.2011 12:24
+0 / -0
Бетке шіркеулік-ұяты бар жанұяда ғана болады емес пе?... Дегенде Динараның сәл де болса бетінде ұяты бар екен. Болмаса, Тимурдан ажырап кетуді білмей отырған жоқ ол. Ондай болған жағдайда қыздарының бәрі де байсыз қалатынын біліп отыр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.07.2011 09:20
+0 / -0
i like Гога Ашкенази beauty picture in internet

Кімнен: казак кызы Қайдан: мангистау
23.07.2011 17:41
+0 / -0
Гога шет жерде журип "мен баймын", деп жургенде, Казакстандагы ен бай адамдар-мунайшылар (укиметтин айтуынша) кунге какталып кара сумен отыр. Булардын сурап жургени де коп емес, оз енбектеринин жемиси. Укимет соны да аяп отыр. Одан да ашыналар миллион долларлап шашканы артык.

Кімнен: Қайрат Қайдан: Шыңғыстау
23.07.2011 22:37
+0 / -0
Өз отбасын басқара алмай отырған адам қалай ел басқарады.

Кімнен: арыстан Қайдан: алмты
24.07.2011 18:25
+0 / -0
карашыганактай шах кениши бар батыс казакстан облысынын сыкпытын корсе гой булар ширкин. ауылдардын сыкпыты адам шошырлык. не суы жок\, не тегис жоды жок биашара хадык жумыссыз тентиреп жур.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.07.2011 14:15
+0 / -0
Біздің елбасының өмірі тура Брежневтің өмірімен бірдей болып барады.Орыстарда Леонид Ильич бір көзімен СССР-ді,бір көзімен алқаш қызы Галинаны бағумен болды деген сөз бар екен.Алла сана бере гөр,Елді ойлайтын қазақты бере гөр еліме.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.07.2011 22:02
+0 / -0
Гога Ашкенази Назарбаев әулетінің бетіне шіркеу бола ма?
.......................
Жоқ. Себебі - бет жоқ.